Тақырып бойынша 11 материал табылды

Фариза Онгарсынова

Материал туралы қысқаша түсінік
Кеш жас маманға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

37 орта мектеп








«Өлең, мен сені аялап өтем!»


Сыныптан тыс жұмыс




Өткізген: М.А.Убайдуллаева






















Ақтөбе – 2016ж


Тақырыбы: Өлең, мен сені аялап өтем!

Мақсаты:

Атыраудың ару ақыны Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылы туралы толық мәлімет бере отырып, оқушылардың поэзияға , Отанға, тілге, мәдениетке, қазақ халқына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Көрнекілігі: видео материалдар, буклет, шарлар


1-Жүргізуші: Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысы Новобогат ауданының Манаш аулында дүниеге келген. Нарын құмының арасында, асып-тасып жатқан байлығы болмаса да, өзіндік дәулеті бар отбасында дүниеге келген. Әкесі Оңғарсын ескіше сауатты, орысша да білетін, еліне сыйлы, ашық- жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған. Фариза анасы арқылы ертегі, аңыздарды кішкентайынан бастап құлағына құйып өседі. Жалпы ата-ана тақырыбы ақынның бірнеше өлеңдеріне арқау болған. Шын өнер жайшылықта емес, жан дүниенің қайшылығында туады. Жаныңа жайлы адамдардың мейірімі сол нұр иесін қайталанбас тұлға етіп қалыптастырады. Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кенде емес.

2-Жүргізуші: Қазақ поэзиясы биік шыңдарға жалғасып келеді. Мұқағалидың, Жұмекеннің, Төлегеннің, Фаризаның, тағы басқа жүрек сазымен жазылған қазақтың жиырмасыншы ғасырдағы поэзиясы - өлмейтін поэзия.

1-Жүргізуші:Солардың бірі - жүректерді жан жылуымен ерітіп, поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Атыраудың ару ақыны Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары мен «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері, Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған халық жазушысы Фариза Оңғарсынова.

2-Жүргізуші: Ендеше, бүгінгі кешіміздің Поэзия падишасы атанып, ешкімге ұқсамайтын, тек өзіне ғана тән Әлемімен дараланып, сенімі мен серігі болған киелі өлеңді саялап, аялап келе жатқан асау арын, күні кеше ғана арамыздан бақилық өмірге аттанған Фариза Оңғарсынова апамызға арнаймыз.

1-Жүргізуші: Фариза – биік сезімнің ақыны. Фариза өлеңдері өз басының тіршілігімен, өзі арқылы бүкіл туған елінің өмірімен, сол арқылы бүкіл адамзаттың арман- мүддесімен біте қайнасып жатады. Фариза - ақын, халықтың ұғымында үлкен әріппен, алтын әріппен жазылатын ақын.

2-Жүргізуші: Ендеше, Фариза апамыздың өлең шумақтарын оқуға кезек берейік.

6 «а» класс оқушысы Ақтоты «Перзент өлеңі»

7 «а» класс оқушысы Томирис «Анама»

Ән: Ата-ана туралы

1-Жүргізуші:Фариза Оңғарсынова – халық жазушысы. 1961 жылы Атырау педагогикалық институтының филология факультетін бітіріп, 1966 жылдан бастап мұғалім болып, кейін ауылдық мектепте директор қызметін атқарып, 1970 жылдан бастап «Қазақстан пионері» газетінің және «Пионер» журналының бас редакторлары болып жасаған. Оған алғашқы назар аударған адамның бірі қазақтың ұлы ақыны, жастардың қамқоры Әбділда Тәжібаев еді. Ол Фаризаның алғашқы жырларынан-ақ бойындағы талантын танып, оны әкесіндей қолдады және ылғи да қадағалап, қуанып отырды.

«Өлең» өлеңі

«Туған жер» өлеңі

Мені мәңгі тартатын сағындырып. Әр адамның жүрегіне жылу жеткізіп, сезіміне қызу беретін алтын бесігі – қасиетті туған ауылы, туған жері. Жусаны жырлап, қияғы сырнай тартып, сені ыстық жүрегімен әркез ақ толқындай ақтарылып, құшақ жая қарсы алатын жер жұмағы – Туған жер емес пе?

Ән: «Туған жер»

«Оюлар» өлеңі Лұқпанова Әсем

Ақынның шабытпен кең жырлаған тақырыбы – махаббат, сүйіспеншілік. Ақын жырлары алғашқы сезімді, құмартуды, адамның басындағы кейбір сәтсіз сезімдер, біреуі сүйіп, біреуі сүймеген, біреуі адал, екіншісі опасыз сияқты құлап-жығылу сәттерін бейнелейді. Алғашқы махаббаттың алауына өртенген жастардың сезіміне махаббат лирикасы шипа ем, дауа болары анық.

«Өлең жазам өзімше данышпансып» өлеңі

«Фариза, Фариза жан» өлеңі

1-жүргізуші:Тыңдаушының сезімін баурап, аққу арманның үніндей, сағыныштың сазындай естілетін махаббат жайлы әсем де әсерлі өлеңдер, сезім айдынындағы ғашықтардың назды сырына айналды. Фариза апамыз әйел тақырыбын шығармаларына негіз еткен ақындардың бірі.

Қорытынды:

Өлең, мен сені аялап өтем... Иә, ол өмір бойы өлеңді серік етіп, ая­лап өтті.
Фариза туындылары өз халқын ға­на емес, туысқан халықтарды да өлең­нің маздаған шоғымен жылытты. Біз оның өлеңдерінен қазақ халқының кең­дігін, мәрт мінезін таныдық. Ақын­ның өр мінезі, өршіл рухы бізді тәнті етті. Мен кешімді Ақиық ақын Мұқағали ағамыз жырлап өткендей «Қа­зақ­тың жігітінен дос таба алмай, қыз да бол­саң мен саған мұң шағамын...» . Қош, қазақтың талантты ақын қызы!









































Бүгін қазақтың әйгілі ақыны, поэзия падишасы – Фариза Оңғарсынованың дүние салғанына жыл толды. 75 жасқа қараған шағында дүниеден өткен көрнекті ақын қазақ әдебиетін биік деңгейге көтеруге зор үлес қосып, жыр әлемінде өзіндік қолтаңбасын қал­дыр­ды.

Аталған күнге орай ақынның бір топ өлеңдерін назарларыңызға ұсынамыз.

***
Жыр –
менің жалғыз тарланым,
аялап өтер ардағым,
талықсып атар таңдарым,
Айымдай жалқы арман-үн;
қарқылдай берсін қарға мың,
бұрқатсын боран-шаңдарын,
тарттырсын дүлей зардабын –
жанымды жырмен жалғарым,
өзімді соған арнадым.
Жалғаннан зардап шекпегем,
заманға нала-кекті емен,
лапылдап жанып от денем
жылуын шашпай Күн-сараң,
мәңгі мұз жанын құрсаған
жылусыз-жансыз жерлерден
жалын боп өтсем деп келем.
Көз жасын сүйіп жел-керең,
көкірегін мұң-шер кернеген,
аспаны жерге түскендей,
қасіретін қайсар күш жеңбей
күрсінген бедеу бейбақты
жырыммен – ыстық демменен
сәби боп келіп емдер ем...
От сезім – өшпес өртпенен
еміреніп ешкімді өппеген,
махаббат атты бір күштің
ләззаты мұңын шекпеген
жандардың
есін тандырып,
жүрегін оттай жандырып
сезім боп өтсем деп келем.
Шығарған шындық, арды естен,
зұлымдықтарды қан кешкен
Махамбеттен қалған наркескен –
айбалта-жырмен шапсам деп,
шаңын бір сөйтіп қақсам деп,
әділеттің шамын ғаламға,
қарамай құрсау-қамалға,
лаулатып солай жақсам деп
қайсарларды жасқап шегерген
тасқыны тылсым тереңмен
серігім – жырым-жебеммен,
жүрегім – желкен, жел кернеп,
қары ағыстарға, сеңге өрлеп,
қағылез құйттай денеммен
дауылдарды құшып келем мен!..

***
Жұрт мені қатал дейді
найзағайдай мінезі шатырлаған,
біреулері айтады ақыл маған:
өр көкірек, тәкаппар, менменсіген...
ұнатпайды дәл мұндай ақынды адам
(одан сайын мен шіркін қатуланам).

Біреулер қиялдайды:
мұндай адам ешкімді сүйе алмайды:
өтірік өлең жазады талықсыған,
қайдан ғана бал сезім таныс бұған?
(Түсініксіз қалпыммен байғұстарды
ойларымен өздерін алыстырам).

Біреудің жаны ашиды:
ол ақын ғой өзгеше, дара сыйлы:
ал ақындар сезеді барлығын да,
ақылды да болады, данасиды.

Жастар
жара түспеген жанына әлі
түсінгендей жанымды табынады;
менің асқақ әм мұңды жырларымды
іздеуі хақ солардың, сағынары...
Мен кешпеген дүние жоқ екенін
сезеді олар, сезеді бәрі-бәрі.

Мен солай көрінемін,
Жер секілді құбылтқан өмір өңін.
Міз бақпайтын адамдай жүре берем
күйіп-жанып жатса да төңірегім.
Білмейді жұрт (білмесін көңіл емін)
менің барлық бал қылық, нәзіктігім
сенің ғана алдыңда төгілерін!

***
Мен кегімді аламын! Жүрек кегін.
Дала солай өсірген түлектерін.
Қайтарамын азап пен қасіретін
кездерімнің зар шеккен жүдеп менің.

Онда ызадан өртенген тұңғыш денем
(мұны ешкім де ұқпайды мұңды ішпеген).
Ниетіңді білмеген жауыздарға
Жақсылықты жасау да – қылмыс деген.

Қылмыс өшін алуға бекіндім, ұқ.
Жалтақтарды жек көрем жетім қылық.
Өмір бойы дөңбекшіп жүретін қып
мен кетемін, әйтеуір, өкіндіріп.

Сонда осылай тістенгем налып, жүдеп,
Кейбіреудің жаласы жанымды жеп.
Сізге деген бір мөлдір сезім кернеп
Бар ызадан сап болды жалын жүрек.

Бар адамның жанында бақыт тұнып,
Жүрмейтіндей ешкім де сатып, бұғып.
Не құдірет Сіздегі, құдайым-ау,
Мені осынша жіберген бақытты ғып?!

 ***
Көрінбей кетсең,
сені мен
көруге тіпті құштармын.
Жаныма жақын келіп ең -
келмеді бірақ тіс жарғым.

Жүрегім талай алқынды-ақ,
бір саған арнап мұң-әнін.
Жиында жұртқа жарқылдап,
көзге ілмей сені тұрамын.

Құдыққа барсам,
қарадым
ат суаруға келгей деп.
Түңілтіп кетіп қаламын,
түсімнен жылу бермей көп.

Жанымда арман, мақсат көп
екеуіміз ғана ұғысар.
Сонда да саған асқақ боп
көрінуге мен тырысам.

Қыздардан өрлік қалған ба -
құлай сүйсе де шектелген:
сен алғаш сүйіп алғанда,
ашуланған боп кеткем мен...
1967

***
Жүректі тербеп бал сезім,
Қоштастым сонда дірілдеп.
Аузымнан шықпай бір сөзім
Ішімнен тұрдым «Күнім» деп.

Жанарың сенің қадалған,
Жаныма күн боп нұр септі.
Жиналған мынау жараңдар
қарамай бізге тұрса етті...

Кеттің ғой сонда көп күнге,
Қолымды неге қыспадың?
Тіледім самолеттің де
Кешігіп барып ұшқанын.

Несіне тіктің көзіңді
сүйілмей қалған ерінге...
Сарғая күтіп өзіңді,
Сағына түссін дедің бе?

***
Ақ боз атты жолаушы
біздің үйдің сыртына қырындады;
көрмеген боп көрсем де үңілмедім.
Маған қарап жеңешем жымыңдады,
Қызарып күлімдедім.

«Құдық жаққа кетсемші...» -
деген ойды қайталап жиі ішімнен,
Өзің үйге кіргенде опынғам көп.
Көрінуге тырыстым үй ішіне
елемей отырған боп.

Мен бірақ та абдырап,
Қолымдағы кестемнен жаңылдым ба,
қырық үзілді жіп деген құрып кеткір.
Өз-өзімнен тынысым тарылды да,
ақыры шығып кеттім.

Мен сол күні өзгердім.
Әшейінде еркелеу, батылдау да ем...
Сезбеппін де сол күні түс ауғанын.
Дастарқанның шетіне отырғанмен,
шайымды іше алмадым.

Аттандырды жеңешем,
Арпалыстым көңілдің толқынымен,
Қайдам, сонда жан күйін қалай жеңдім.
Неге екенін білмеймін, сол күні мен
Сенің кеткен жағыңа қарай бердім.

***
Өлең көп деп біреулер жазғырар ма
махаббат, сезім жайлы.
Олар, әттең, мендегі жазды ұғар ма
жолдар келіп тұрғанда өзің жайлы.

Өзің жайлы -
өкініш, өсегі мен
құштарлығы тағы мол өмір жайлы:
Құштарлығым қүн сайын өседі де,
Қуаныштан тәттірек со бір қайғы.

Өмір - сенсің, бар жұртты ұмыттырып,
Өзіңді құштыратын.
Ішіп-жеген жанарыңды үміт қылып,
Күттіретін біткенше күш-қуатым.

Сенсіз жырмен жоқ менің тілдеспегім,
Қайтем енді біреулер оны ұқпаса...
Бұл қүнәһар тірлікте жүрмес те едім,
Өзіңмен жолықпасам.

***
Басқа қызды жар еттің. От-жалынмен
мені сүйген жүректі аямай-ақ.
Тікенекті өмірдің соқпағымен
Тартып бердің, әйтеуір, жалаң аяқ.

Саған деген сезімнен есім кетіп,
Өртеніп-ақ жатамын қызғаныштан.
Келе алмадым сонда да шешімге түк,
Шаншу алды жанымды, ызғар ұстап.

Білем, әлі жүректер ұғысарын,
бірақ көрсем - жалынды басып-жаншып,
Асқақ қарап өтуге тырысамын,
Сенен өзге біреуге ғашық жансып.

Тағдыр бізді осылай тұсады да,
Екі айырды. Аңсаушы ек тел өсуді.
Беріп сені біреудің құшағына
серік қылып жүрмін тек елесіңді.

Жұртқа жұмбақ болды да мендегі елес,
Біреулерге бұл күнде мазақ та өзім...
Махаббаттың күйігі - ерлер емес,
Әйел ғана шыдайтын азап-төзім.

***
Келесің дәйім шілденің
от күні болып, ынтығып,
Құшағыңда құрып сүлдерім
шыға алмай қалам бұлқынып.

Кетеді сонда жон аттап
тәкаппар менің өрлігім,
жанарда жүрген қонақтап
қоңырқай күздей сорлы мұң.

Сендегі сезім селінен
еркелей тұрып жасқанам.
Сүйе ала ма екен беріле
біз екеуіміздей басқалар...

Сенімен еріп үйге бір
келеді шуақ жылытып.
Тірліктің күйтің қүйбеңін
кетемін сонда ұмытып.

***
Кеттің. Енді жаныма жанашыр кім?
(Мен сорлы да өрліктен шарасызбын).
Содан бері жанарым мұңға толы,
Содан бері әйтеуір мазасызбын!

Сен кеткелі тау жақтан жел еспеді,
Гүл де солып қалғандай белестегі.
Екеумізді бір арман матастырып,
Екеумізде мұң да бір емес пе еді?!

Түңілгендей өмірдің ақ таңынан,
Жанарымды сен келер жаққа бұрам.
Енді кіммен қосылып ән саламын,
Енді кімге сонда мен ақтарылам?

Қайтсем екен:
Қасіретіңді сенделіп шексем бе екен,
Әлде өзіңе тап қазір жетсем бе екен?
Тұрғызып ап төсектен жеті түнде
Жаныма ертіп бір жаққа кетсем бе екен?..

***
Көгалды алаң. Сүт сәуле қырды басқан,
біз отырмыз жанардан арман ұшып.
Еленбейтін бұрынғы жұлдыз, аспан -
бәріне таңданысып.

Теңесем де өзіңді жасықтармен,
бір батылдық көруді аңсап едім.
Кеткім келген кісі боп асыққанмен
жібермей қалса дедім.

Батылдық па күтпеген, жүрек пе ізгі
сені маған жіберген сүйікті етіп.
Менің балғын денемді дір еткізді
қолдарың тиіп кетіп.

Құшақтадың. Соны аңсап бір тынбап ем
(бір бұлқыныс басталды іште керім)
ашуланған кісі боп бұлқынғанмен
құшақтай түссе дедім.

Адам деген бақыттан тұншығады, ә -
шырын сәтте бойында қан тасыған.
Біздер жаққа қарауға қымсына ма -
ай жатыр шалқасынан.

Қызыққандай біздерге дала мына,
бара жатты құбылып шалғын-кілем.
Сонда сенің тұп-тұнық жанарыңа
тұтқын боп қалдым білем...

***
Менде бір толғаныс бар.
(Кейде өзім де түсінбеймін).
Дауыл күнгі дарияның күшіндей бір.
Сонау біздің қырдағы тұяқ тілген
Бәйге алаңы секілді дүсірлеймін.

Өзім сонда тұтас бір ғасырдаймын:
Жүргендеймін жарқылдап қасында Айдың.
Мынау бейжай дүниені сілкініріп
Бір таң қылмай мен, сірә, басылмаймын.

Бұйығы өмір тілемен ғасырдан мен.
Мейлі, жұртым тентек дер, асыл жан дер.
Бұл тірлікте жарқ еткен жақсылықтың
Барлығын да құшамын ғашық жанмен.

Қыңыр кетсем кешір деп өтінбеймін.
Шақыр, өмір, әділет сотын мейлің!
Мен әйтеуір жалтаңдап, жалбарынып
Өзім қылған ісіме өкінбеймін.

Менде бір тебіреніс бар.
(Кейде өзім де түсінбеймін)
Дәл сендегі құштарлық күшіндей бір.
Сондықтан ба – қыз ғұмыр бұл өмірді
Қуаныш-қайғысымен ішіп-жеймін.
Осы сезім алаулап бойда тұрса
Асылы кешірмеймін.

Әйелдің монологы

Сенің от құшағыңда
дүниені ұмытып талықсыдым.
Жүрегімді өртеді жан ыстығың.
Мынау байтақ әлемде тек екеуміз
жүргендейміз айналып ғарышты мың.
Көзімді ашсам шырын сәт көзден ұшып
кететіндей жанарды тарс жұмдым.

Сен аймалап алқындың,
одан сайын есімді шығардың да,
мен балқыдым көміліп қылаң нұрға.
Жақсы сөздің барлығын саған айттым,
ішімнен бе, әлде үн шығардым ба...

Сен жанымда жүрдің де
жанарымды толтырдың жылылыққа
(жан жылуын балар ем ұлылыққа).
тәттілігін сезіндім бұл өмірдің
әр күніне тоймадым құнығып та.
Қайырымды да боп кеттім. Қатыгез жан
дірілдеген жүрекпен сыр ұғып па?

Бірақ өзің айныдың.
Су тартылып, тартқандай құрақ күлгін,
сен мысқылдап, мен болсам жылап тұрдым.
Өмір деген бұрқанған дарияға
бұрымымнан ұстап ап лақтырдың.
Сонда ғана есейіп, бұл жалғанда
бәрі алдамшы екенін бір-ақ білдім.

Сенің от құшағыңда
ардан аттап, қалдырдым пәктігімді,
ләззатқа батырған ақ түнімді.
Айырдым мен аяусыз енді кимес
ақ көйлекті тігілген сәтті күнгі...
.. .Мен күнәһар емеспін ар алдында,
Құдайың да кешеді тап мұнымды.

Қараңғы түндердің шапағаты

Түндер келеді
құбылмас қараңғылықпен
дүниенің барлық жиіркеніштерін таса ғып,
күндізгі сағымдай көз жауын алмай
көлгір көркімен жасанып;
ақ сезімдердің ақ айдынында тербелер дел-сал
сәт қой бұл
қатыгездіктен қажыған көңілдер жасарып!
Қараңғы түндер,
бұл дүниенің ләззаты жалғыз сендерде ғана
қалған ба!
(Өзгенің бәрі өзгеріп кеткен шеңгелін мезгіл
салғанда).
Түндердің тұнжыр тыныштығы ма екен көңілдерді
көкке көсілтіп,
талпындыратын таңдарға!
Таңдайыңа татып тірліктің шырын шақтары
жанды шалқытқан
түн құшағына алғанда.
Жалғыз-ақ мынау бөлмеде
тыныштықта бей-жай көңіл көрпесі көсілмей,
(қасиетті түндер кешіргей!)
Ақтүтек ойлардың ақпаны сақ-сақ қүледі,
жалғыздығынан құтырып кеткен жесірдей.
Рахатын түннің тұл етіп сонда мен отырамын
шабыттың
сарала сауытын шешінбей.
О, шуақ күндер!
Қыз саусақ шұғыла төккенге балғын бақтарға
менменшілдікпен мақтанба!
Тірліктің қимас күндерін тылсым түндерде ғана
сезбесек
қадірсіз шығар ақ таң да.
Мынау жалғанда жалғыз-ақ өзім құдіреттідей боп отырам
Қараңғы түндер шапағат шашқан шақтарда.

***
Менің сорлы сәттерім –
тасқын жырлардан қалған шақтарым тосылып,
Ол сәтте менде арман деген де – бос үміт.
Күңгірттеу менің келбетімді көріп, іштегі
бұрқаныстарды ұға алмай жүр-ау осы жұрт.
Азапты ойлардан діңкелеп бейуақ кетемін
өзімнен-өзім шошынып.
Мүсіркер еді-ау дұшпандарым да бас шайқап,
Түндерде менің жасымды көрсе жастығымды
жуған жосылып.

Менің сорлы сәттерім –
ақтарар бір жан таппаған кезім, кеудемде тұнып,
сыр бұғып,
Жалтаңдағаным, айта алмағаным көңілдегі назды
құрбылық.
Көзім шалғанда бір байғұстарды қара басының
қамы үшін
жүретін асқақ арман дегенді тұл қылып,
күнкөріс жайын мұң қылып.
Күйбең тірлікпен күн кешкендердің
мәз-мейрамдығын қайтерсің
дүниенің бәрін жүргендей солар тындырып.

Менің сорлы сәттерім –
қызғалдақ дәуренде ару дидарлы Күн келген
қабағы ашылмай күн кешетіндер кірбіңмен.
Дүниеден орнын таба алмай жасып, тірліктен безіп
түңілген
байғұстарды көріп жүрмін мен.
Тірліктің тартыс-арпалыстарына төзе алмағандар
тұнжырап
күн өткізеді екен түсініксіз, мылқау бір мұңмен.
...Осы ғой менің сорлы сәттерім, мұңды сәттерім,
досым-ай!
Әлде бұл менің бақыттылығым ба екен?
Кім білген...

***
Қуанышты мендегі
сенің қайғың улайды.
Ешбір адам жердегі
білмейді бұл мұң жайды.

Сүйсе, бақыт емес пе -
мен біреуге тәттімін.
Түсесің де сен еске
сап болады шаттығым.

Аяз шарпып денені
сүйген болам бекер кеп.
Сені іздегім келеді
қай жерде отыр екен деп.

Сен жайлы ойды жасқадым
қалмасын деп ол біліп.
Құшағында басқаның
сені ойлаймын. Сорлылық.

***
Өзіңді жерлеп келіп,
жапа-жалғыз отырмын. Меңіреумін.
Айналамда қыстыққан еңіреулі үн...
Әлем деген қап-қара бұлтқа оранып,
Жел соғады әйнекті сыртта налып,
есі ауысқан шығар бұл сығыр құдай,
сосын, сосын... денемді бұрынғыдай
аймалаған секілді сенің ернің.

Буынымды босатып
сыбырлаған үздігіп сенің үнің,
сосын менің тек саған жерік үнім...
жанарымыз түк үнсіз ақтарған ой
(тек екеуміз білетін сәттер бар ғой?) -
алақандар тигенде, бұлақ-құмар
дір еткізіп жүректен бір-ақ шығар -
барлық елес таптады мені бүгін.

Жерлеп келіп...
Жоқ, жоқ! Иә, өзіңді жерлеп келіп,
отырдым сен деп семіп,
өмір деген өзіңсіз қараң қалып,
керең болып кеткендей тамам халық...
осы менің бүгінгі есімдегі.
Сені осылай жерлегем. Кешір мені.

***
Кетсе де алдап сағымдай үміт, арман,
мен сені ұмыта алман:
төгілген көз жасым үшін,
жүрегімдегі қорғасын үшін;
саған ессіз сенгенім, сезгенім үшін;
сен үшін достардан безгенім үшін;
сені құшып тұрып пәктікті армандағаным үшін -
арланбағаным үшін;
сен бардағы мұңсыз күндерім үшін,
тілеулестерді күрсіндіргенім үшін;
аймалап-құшқан қылықтарың үшін,
дүниені ұмытқаным үшін;
өкініш қарыған жалын мұңым үшін,
сонау бір сағым күнім үшін
мен сені ұмыта алман.

***
Мен қорқамын:
Екеуімізге арманның да,
Таңдардың да ортағын;
қуаныштың,
жұбаныштың ортағын;
жолдардың да,
ор-жардың да ортағын;
бізге атылған оқтардың да,
достардың да ортағын;
сағынудың, сезінудің ортағын;
аңсап-талып кезігудің ортағын -
көнбей ешбір дәлелге
бәрін айтып қояды-ау деп әлемге
мен өзімнің көздерімнен қорқамын;
сосын, сосын, өлеңдерім,
өздеріңнен қорқамын!

***
Жанарлармен тіл қатып,
Жүректерді жырлатып,
Сезім деген айдынға
Мың бұлқынып, мың батып –
Кездесу де бір бақыт!

Тамған жасты
нұр-жақұт
еріндермен құрғатып,
ләззат пен аңсауға
ой-санаңды ұрлатып,
қиыса алмай амалсыз
қоштасу да бір бақыт!

Елікпей еш жырға түк,
кірпік ілмей түн қатып.
жүрегіңнің дүрсілін
жалғыз жанға тыңдатып,
іңкәрлықтан үздігіп
аңсаған да бір бақыт!

***
Көңілім алабұртып саған аздап,
бір алау келе жатты жаңа маздап.
Әйтеуір, құдай сақтап, қалдым-ау мен
өзіңе ғашық болып қала жаздап.

Басқаны жазғырғанмен кезінде жай,
сезбейсің торға түстің өзің қалай.
Жоқ жерде өрт шыққандай лап ететін
осы бір құрып кеткір сезімдер-ай.

Сені де құшағына ап "кесірлі" үміт,
көзіңмен тұрдың мені шешіндіріп.
Сүйіктім қарап тұрған секілденді -
селк еттім сонда ғана есім кіріп.

Кешкің кеп сол бір сәттің отын бірге,
құмарлық есіңді алып отыр мүлде.
Әйтеуір, аман қалдым. Білмеймін тек
мен бұған қуандым ба, өкіндім бе...

***
Даланы жалғыз жайланып,
шымылдық құрып жатты түн.
Киіз үй. Көгал. Ай жарық.
Бағандай биік ақ түтін

өрлейді көкке жай ғана,
леп жоқ – сирек тыныш шақ.
Ұйқыға бөккен айнала,
табиғат жатыр тыныстап.

Қараңғы құшып жасыл маң,
тентек жел кеткен түңіліп.
Боз жусан – жұпар шашылған,
Көңілде – көктем бір үміт.

Ару Ай кербез, гүл рең,
сүйкімді сұлу жас қылық,
жұлдыздарды да нұрымен
бір сәтке сәуле шаштырып

барады көкте шат түрмен,
аспанды дара басқарып.
Көз ілмей Жерде жаттым мен
жусанды жалғыз жастанып.

***
Шуағын төгіп күн шығып,
қанатын жайды гүл шыбық.
Келеді көктеп
даланың
құрсағын жарған тіршілік.

Үрпіне Жердің сүт толып,
жүзіне мөлдір шық қонып,
тереңнен алған тынысы
қалқиды мақта бұлт болып.

Еркелеп, сүйіп аймалай
құшады қырды, сайды арай.
Жыңғылды сайдың баурайы
жап-жасыл жұмсақ жаймадай.

Тұрмайсың бейжай, таң қалмай
тірлік жоқ жатқан жанданбай,
керемет сезім, кең құшақ
адамнан Жерге ауғандай.

Тіл бітіп тілсіз құмға да,
бусанып, бүрлеп тұр дала.
Бошалап кеткен боз інген
боталап жатыр жылғада.

***
Көздеріңде
ақыл, ой, мұң тұнады,
адамдайсың қанбаған бір құмары.
Жаның жүдеп, дәрменсіз отырасың
маған қарай жүрегің бұлқығалы.

Мен біреуге жарқ етіп қарадым ба -
қызғанасың
жалт ойнап жанарыңда.
Тәкаппарлау түрімнен тұншығасың,
көмілесің амалсыз нала, мұңға.

Мен ғанамын ойларың, таңдарың да,
Қайғы әкелер қол жетпес арман ұлға.
Мен елік боп көзіңе көрінгелі
сүйкімсіз боп кеткендей жан жарың да.
Үміттенер мен жақтан естілмейді үн,
сезбей ме деп ой селін кештің кей күн.
Әйел сезбес сыр бар ма бұл жалғанда -
сезем бәрін. Білемін. Тек сүймеймін.

***
Бәрі менің есімде:
Сені күтіп терезеден қараумен
Минут санап тұрғаным.
Жанымды өртеп бір жалын;
Сөндіре алмай сағыныштың мұңдарын;
Сосын сенің кіріп келер сәттерің,
Тілсіз, үнсіз аймаласқан тәтті ерін...
қос жүректе - ақ сезім мен пәк сенім;
көп ішінде
сыр ақтарып көзбенен
жырақ шығып өзгеден
оңашарақ қалуды ылғи көздеген;
сәтке ынтығып шырын-бал,
қол ұшынан бойға тарар жылулар,
тек екеуіміз түсінетін сыбырлар;
құлақ қоймай еш үнге,
сезім селін ынтығып бір кешуге
аласұрдық. Бақыт па бұл, кесір ме?
Бірақ бәрі есімде.

 Сурет: fariza.kz

Массагет сайтына жарияланған Фариза Оңғарсынова туралы мақалалар

Мақала ұнады ма? Ұнаса, достарыңмен бөліс!

4334 3

Рейтинг: +3

ФОРУМДА ТАЛҚЫЛАУ

Дайындаған:  Шерхан Талап

Қосылған күні: 23 қаңтар 2015, 13:22

Тегтер: Фариза Оңғарсыноваақыншығармашылығы,өміріөлеңдерімахаббат туралыжыл толды.,

Пікірлер

 Ерке Жан

ЖАУАП БЕРУ

+0

23 қаңтар 2015, 16:27

Бүгін Фариза жайлы көп нәрсе оқырмын деп кіріп едім, тек өзін оқыдым...

 Шерхан Талап

ЖАУАП БЕРУ

+0

23 қаңтар 2015, 16:31

ЕркеЖан, Фариза апаның арамызда кеткеніне енді бір жыл болып жатыр. Апамызды ұлықтау алдағы уақыттың еншісінде. Бүгін ескерусіз қалмасын деп ең болмаса өлеңдерін беруге тырыстық. Фаризадай ақын ешқашан ұмыт қалмайды! Мен соған сенемін.

 Сыр қызы

ЖАУАП БЕРУ

+0

25 қаңтар 2015, 13:35

Бір жылдың осынша қысқа, тез болатынын енді ғана байқап отырмын...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Оқи отырыңыз —


1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні


Түс көру. Қандай түс көрдіңіз?


«Абай жолы» - ғасырлық туынды

Реклама

KIOSH 2016: Безопасность и Охрана Труда как фактор экономического развития.


Туған жер туралы шығарма


9 мамыр. Жеңіс күні. Тәрбие сағаты. Сценарий


"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны # 1


Ана туралы шығарма


Музыка туралы ұлылардың айтқаны


Чипсы менен крекерге әуес болма, балақай!


Қысқа шашқа арналған шаш үлгілері


Nextclickқын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнады.
Әйел – Ана тақырыбы.
Әйелдер жан дүниесіне барлау жасауда ақын жетістігі мол. Оны өзі де ашып айтады: Адам деген күрделі жаратылыс қой. Соның ішінде әйел халқының жан - дүниесі өз алдына бір әлем. Менің өз жырларымды сол әйел жанының сан күйін мүмкіндігім жеткенше жеткізгім келеді.
Көңілді, жайлы күнімді,
Азапты қайғы мұңымды
Өзімменен бөліскенің үшін,
Қатем мен жеңістерім үшін,
Менің мынау қиындау тағдырым болып
О, баста көріскенің үшін
Өлең, мен сені аялап өтем! – деп ақын толғағандай, оқушылардың жаттаған өлеңдерін тыңдайык.( 5 - 11 сынып жатқа мәнерлеп айту)
Ф. Оңғарсынованың өлеңдері – Каспийдің алапат толқынындай айбынды, аққуларындай пәк, туған даласындай кең, аруанасындай маңғаз, күніндей ыстық, тауларындай асқақ. Дара күндерімнің, нала түндерімнің, серігі болғанын үшін, біреудің пасықтығынан, біреудің жасып мұңынан, жүрегім сыздаған кезде, өлең, мен сені аялаймын,- дей келе
Жыр жазбасам жабығам,
Онсыз маған дүние жел өтіндей,
Жұрт ұқпайды жүрем мен неге күлмей,
Ал сен болсаң қайрайсың, құлшынтасын,
Содан саған бір пайда келетіндей.
Мен бір қызық адаммын
Қатал тағдыр сілкілеп мың санаған,
Құлап тұрып сонда да тыншымаған,
Жұртқа деген ызадан булыққанда
Сені орынсыз азаптап, ұрсып алам.
Сен – асқақсың, білемін
Маған ғана иіліп кешіресің
Иілуде бүгінде кісіге сын.
Қуаныштың мен үшін не екенін
Бұл жалғанда сен ғана түсінесің.

Тақтадағы слайдқа назар аудару.
Әділқазылар бағасын беру.
Қорытынды сөз:
Шынында да ақынның өлең жолдарында небір әдемі теңеулер, айшықтап суреттелген табиғат көрінісі, ішкі жан – дүниенің пәк сезімі, әйел жанының махаббаты, нәзіктігі көрініс табады. Осындай тапқырлықты тек Фариза ақын ғана таба алатын сияқты. Осылай еркелей жырлау Фаризаға тән секілді. Жыр әлеміне құлаш ұрған ақын жырлары өз оқырмандарын әліде қуанта берері сөзсіз.

Айдарлар бойынша қызықты —



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
506
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі