Фермада. Заттың салмағын анықтаймын.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Фермада. Заттың салмағын анықтаймын.

Материал туралы қысқаша түсінік
Шартты өлшемнің көмегімен заттарды ұзындығы/салмағы бойынша салыстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Фермада. Заттың салмағын анықтаймын.


МЕКТЕП: «Теректі негізгі мектебі»

Күні:

Педагогтің аты-жөні:Ахметова Г.И.

Мектепалды сынып/топ

Қатысушылардың саны: Қатыспағандардың

саны:

Оқыту мақсаттары

0.2.4.3.Шартты өлшемнің көмегімен заттарды ұзындығы/салмағы бойынша салыстыру.

Күтілетін

нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

- заттарды салмағы бойынша салыстырады;

-заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атайды;

-көрнекіліктің негізінде қарапайым мысалдар мен есептерді шешеді.

Көптеген тәрбиеленушілер:

-шартты өлшемнің көмегімен заттарды салмағы бойынша салыстырады.

Кейбір тәрбиеленушілер:

-салмақты анықтау үшін өлшемді таңдайды.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

-шартты өлшемнің көмегімен заттарды салмағы бойынша салыстыру алгоритмін құра алады;

-заттың көлемі мен өмірлік тәжірибенің нәтижесінде салмақ туралы болжамдарын жасай алады.

Пәндік лексика және терминология:

-ауыр, жеңіл.

Пікір алмасуға арналған сұрақтар:

  • Қандай зат ауырырақ екенін қалай білуге болады?

  • Салмақты өлшеу үшін қандай аспап керек?

  • Екі затты салмағы бойынша қалай салыстыруға болады?

  • Егер зат үлкен болса, оны ауыр деп айтуға бола ма?

  • Қандай зат екінші заттан ауырырақ екенін қалай білуге болады?

  • Қандай зат жеңілірек екенін қалай анықтауға болады?

  • Екі затты өлшемнің көмегімен қалай салыстыруға болады?

  • Қалай ойлайсың, өлшемдер бірдей болу керек пе?

Жазу:

-жиектеу, бояу.

Алдыңғы білім

Ауыр - жеңіл.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы 0-5 минут

Ынталандыру.

Педагог суретті көрсетеді. Балалардан сұрайды:

Сүт өнімдері

бейнелеген

суреттер.




  • Бала үшін қандай өнімдер пайдалы?

Балаларға сүт өнімдері мен олардың қалай алынатыны туралы білуді ұсынады.

Өзектендіру.

Екі заттың ұзындығын шартты өлшемдермен өлшеу. Педагог сүт пакеттері мен йогурт стақандарының биіктігін (ұзындығын) өлшеуді немесе сүт бөтелкелерінің қақпақтарымен ірімшіктің ұзындығын өлшеуді ұсынады. Педагог заттардың жұптарын көрсетіп (суреттен көрсетуге болады), ауыр затты анықтауды сұрайды. Әліппе-дәптермен жұмыс.

1- тапсырманы орындауды ұсынады, онда суретке қарап, жеңіл жануарларды V (қанатшамен) белгілеу керек. Сұрақтарға жауап беруді ұсынады.

  • Ең ауыр не?

  • Ең жеңіл не?

  • Жануарларды ең ауырынан бастап сана.

Әліппе-дәптер.

Ортасы

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

Бірдей қораптар

6-15

(Ұ) Екі бірдей қорапты көрсетеді, бірақ олардың бірінде

- 2 дана,


ағаш текшелер жатыр.

олардың бірінде


Балалардан сұрайды:

ағаш текшелер


  • Қай қорап ауырырақ?

  • Бірдей.

Педагог олардың әрқайсысын көтеруді ұсынады. Мәселе туындайды. Көзбен олардың екеуі бірдей, ал қолға алғанда, біреуі ауырырақ.

  • Қай қорап ауыр екенін қалай білуге болады?

Жаңалық ашу.

(Ұ)Педагог диалог жүргізеді:

  • Демек біз көзбен қай қораптың ауырырақ екенін анықтай алмаймыз. Тексеру керек.

жатыр.


- Салмақты қалай өлшеу керек екенін кім біледі?

Иінтіректі


Педагог иінтіректі немесе табақшалы таразыны алып

Немесе


шығады.

Табақшалы


Екі заттың салмағын өлшеу және салыстыру бойынша

таразы.


тәжірибе жүргізеді.

Бірдей ағаш гір


Тәжірибенің нәтижесінде таразының табақшасын басып

тастары немесе


түскен зат ауырырақ деген қорытынды жасайды.

Бірдей


Таразының табақшаларын теңестіруге болады.

Содан кейін педагог салмақты теңестіруге арналған шартты өлшемдерді шығарады, бірдей ағаш гір тастар немесе бірдей текшелер.

Тәжірибені жалғастырады.

(Т) Бір табақшаға балалар затты салады. Оны текшелермен немесе гір тастарымен теңестіреді. Өлшемдердің санын санайды.

Педагог былай дейді: мұндай бірдей заттарды біз өлшем деп атаймыз. Олардың барлығы бірдей.

текшелер.

16-25

Жаңаны қолдану.

Ұзындығы


(Ө) 2-тапсырманы өз бетінше орындауды ұсынады.

Әртүрлі



- Таразы қандай болатынын қараңдар.Салмақты қалай

ленталар,


өлшеу керек екенін үйреніңдер.

Тапсырмалары


Бұрын үйренген материалмен жұмыс.

бар суреттер.


(Т) Жиынтық полотномен жұмыс. Балалар кезекпен

Жиынтық


ұзындығы әртүрлі ленталарды таңдап, оларды ұзындығының артуы немесе кемуі бойынша

полотно.


орналастырады.

Жұмыстың басқа нұсқасы: ұзын және қысқа заттарды бояу үшін тапсырмалары бар суреттерді тарату. Педагог өлшеммен өлшеуді ұсынады. Өлшемді балаларға үлестіріп беру керек. Мысалы: картон жолақ немесе бұршақ.

(Ж) 3-тапсырманы өз беттерінше орындау ұсынылады.

Әліппе-дәптер.

Рефлексия

Рефлексия.

Әліппе-дәптер

26-30

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сәттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса және бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2019
1635
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі