Фигуралардың теңдігі 7 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Фигуралардың теңдігі 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Фигуралардың теңдігі 7 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:

Сабақ 5

Фигуралардың теңдігі

Күні,айы: 26.09.2017

Мұғалімнің аты-жөні: .

7 сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.1.7

тең фигуралардың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Фигуралар теңдігімен танысады. Бірлік кесіндімен және кесінділерді өлшеу аксиомаларымен жұмыс істуге үйренеді

Оқушылардың басым бөлігі:

Топ жұмысына араласуға дағдыланады

Өздігінен білім алып, нәтиже шығаруға үйренеді.

Өзін-өзі реттеу түсініктері қалыптасады.

Кейбір оқушылар:

Фигуралар теңдігін анықтауды үйреніп түрлі амалдарға қолданады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы(2-5 минут)

Атмасфералық жағдайды қалыптастыру.

Миға шабуыл әдісің арқылы өткен тапсырмаг\ны қайталау

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру

Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау


Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК,Ұ) 1

« Жигсо» әдісі бойынша тарау тақырыптарына қатысты өздері талқылап, өздері қайталау масатында қосымша тапсырмалар таратылады

Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылды.Құрылған сарапшы топ берілген тапсырмаларды біріге талқылап орындайды Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз жанұяларында түсінген материалдарын тиянақты түрде жеткізіп, үйрет керек


Анықтама: Сәйкес нүктелері беттесетін екі фигура тең фигуралар деп аталады.

М ысалы, ABCD төртбұрышының A' B'C'D' төртбұрышына тең екенін көрсету үшін ABCD төртбұрышы нүктелері үстіне A' B'C'D' төртбұрышының сәйкес нүктелерін дәл келетіндей беттестіреміз. Егер А нүктесімен А' нүктесі, АВ кесіндісімен А'В' кесіндісі сәйкес келсе, онда берілген екі төртбұрыш тең болып табылады.

Анықтама: Беттестіргенде ұштары дәл келетін кесінділер тең кесінділер деп аталады.

AB және A'B' кесінділері берілсін. Егер АВ кесіндісін A'B' кесіндісінің үстіне А және А' нүктелері дәл келетін етіп қойғанда В және B' ұштары дәл келсе, АВ және A'B' кесінділері тең болады да АВ= A'B' деп жазылады.

Егер АВ кесіндісін А'В' кесіндісінің үстіне А және А' нүктелері сәйкесетін етіп қойғанда В және В' нүктелері дәл келмесе төмендегі екі жағдай болуы мүмкін.


Кесіндінің ұзындығын өлшеу үшін бөлік сызықтары бар сызғышты қолданады. АС кесіндісінің ұзындығы 120 мм-ге тең. Мұнда кесіндінің өлшем бірлігі ретінде 1 мм алынған.

І топ

1. Кез келген кесінді сызыңдар. Циркульдің көмегімен оған тең кесінді өлшеп салыңдар.

2. Қағаздан қиып алынған ABCD шаршысын АС кесіндісі бойымен бөліңдер. Пайда болған үшбұрыштардың теңдігіне көз жеткізіңдер.

3. ABCD квадраты берілген. AB, BC, CD, DA, AC, BD кесінділерінің ішінен; Өзара тең болатын; Ортақ нүктесі болатын; Ортақ нүктелері болмайтын кесінділерді анықтаңдар. Сызбада көрсетіңдер.

4. AB=20м, AC=5м, BD=7,9м кесінділері берілген. Төмендегі жағдайлар үшін

CD кесіндісінің ұзындығын табыңдар:

1.C мен D нүктелері AB кесіндісінде жатады.

2.С мен D нүктелері AB кесіндісіне тиісті емес.

3.C нүктесі ғана AB кесіндісіне тиісті.

4.D нүктесі ғана AB кесіндісіне тиісті.

ІІ топ

1. А, В, С нүктелері бір түзуде жатады, ал А нүктесі В және С нүктелерінің арасында жатады. АВ=x, АC=x+4,3, BC=6,7. AC кесіндісінің ұзындығын табыңдар.

2. Бір түзудің бойынан C, D және М нүктелері алынған. М нүктесі C мен D нүктелерінің арасында жатады. Егер CM=а+1, DM=а+2 болса, онда CD кесіндісінің ұзындығы 3-тен артық бола ма?

ІІІ топ

16 тор көзден тұратын шаршыны өзара тең үш кесінді арқылы екі тең бөліккe бөліңдер

Өзара бағалау ( дескриптор бойынша)

Бағалау СГ 3. Есептердің шығару нәтижелерін көрсету

Оқытудың мақсаты бойынша.

Бағалау кртитериі

Дескриптор

Кез келген есептерді шығару тәсілдерін мен анықтамаларды пайдаланады

Қосымша ақпарат көздерін пайдалана отырып тексереді

Шығарылған есептердің дұрыстығын бақылайды

Тапсырмалардың нәтижесін тексеру

Шығарылған есептердің жақсы үлгілерін көрсетеді



Оқулық


1Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы(

(Қ Топпен есеп шығару, меңгеру

Топтарға жаңа тақырып бойынша сабақты толық меңгерту мақсатында өз пікрлерін сурет арқылы қорғайды, ол үшін конвертке салынған сұрақтар таратылады.Тақырып туралы өз ойларын суретке салады

Топтық жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлініп келесі тапсырманы орындайды.

І топ

1. АВС және DЕF үшбұрыштары тең: DЕ=3 см, ЕF= 4 см, DF= 5 см.

АВС үшбұрышының қабырғаларын табыңдар.

____________________________________________________________________

ІІ топ

1. АВС және МDК үшбұрыштары тең. АВ=3 см, ВС= 4 см, АС= 5 см.

МDК үшбұрыштарының қабырғаларын табыңдар.

____________________________________________________________________



Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1.

2.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
794
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі