Фигураның ауданы туралы түсінік беру.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Фигураның ауданы туралы түсінік беру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: фигураның ауданы туралы түсінік беру; фигуралардың аудандарын салыстыру және өлшеу тәсілдерімен таныстыру; көбейту кестесі туралы білімдерін бекіту. 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру. №5 тапсырма ауызша есептеуге арналған. Математикалық диктант жүргізуге болады: «5 • 3, 36 : 6, 5 • 8, 7 • 4, 45 : 5, 42 : 6, 24 : 6, 6 • 5, 21 • 1, 6 • 0, 7 : 1». Жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау үшін геометриялық материалдар қайталанады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Фигураның ауданы туралы түсінік беру.

Әр түрлі өлшеу құралдарымен фигуралардың-ауданын

өлшеу және салыстыру

Сабақтың мақсаты: фигураның ауданы туралы түсінік беру; фигуралардың аудандарын салыстыру және өлшеу тәсілдерімен таныстыру; көбейту кестесі туралы білімдерін бекіту.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

5 тапсырма ауызша есептеуге арналған. Математикалық диктант жүргізуге болады: «5 • 3, 36 : 6, 5 • 8, 7 • 4, 45 : 5, 42 : 6, 24 : 6, 6 • 5, 21 • 1, 6 • 0, 7 : 1». Жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау үшін геометриялық материалдар қайталанады.

- Өздеріңе таныс геометриялық материалдарды атаңдар. 4 бұрышы бар көпбұрыш қалай аталады? Барлық бұрыштары тік, ал қабырғалары бірдей төртбұрышты атаңдар.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Тақтаға геометриялың фигуралар - дөңгелектер, үшбұрыштар, төртбұрыштар, шаршылар, тіктөртбұрыштар ілінеді. Мұғалім балаларға ең үлкен және ең кіші фигураларды алуды сұрайды: «Фигуралардың көлемі (үлкен, кіші) туралы айтқанда олардың несін салыстырамыз?». Мұғалім фигуралардың көлемі бойынша салыстырғанда, фигуралардың ауданы салыстырылады деген қорытынды жасайды. Содан соң мұғалім көк тік-төртбұрыштың ауданы қызыл тіктөртбұрыштың ауданынан кіші екенін дәлелдеулерін сұрайды. Оқушылар көрнекіліктің көмегімен аудандарын салыстырады және қорытынды жасайды: «Беттестіріп қойғанда көк тіктөртбұрыш қызыл тік-төртбұрыштың ауданының ішіне сыйып кетеді, яғни көк тіктөртбұрыштың ауданы қызыл тіктөртбұрышқа қарағанда кіші, қызыл тіктөртбұрыштың ауданы көк тіктөртбұрышқа қарағанда үлкен». Неғұрлым бірнеше фигуралардың ауданын салыстырған дұрыс. Оқулықпен жұмыс істегенде мұғалім бейнеленген фигуралардың аудандарын салыстыруды ұсынады (№1 тапсырма). Мұнан кейін мұғалім ауданы бар заттарды атауды сұрайды, дәптердің, оқулықтың, партаның аудандарын са-лыстыруды ұсынады. Аталған заттардың қайсысының ауданы ең үлкен және ең кіші екені сұралады, пікірлерін дәлелдейді.

Содан кейін мұғалім тақтадағы фигуралардың ауданын салыстыруды ұсынады.

- Осы фигуралардың ауданын бір фигураны екінші фигурамен беттестіру

арқылы салыстыруға бола ма? Егер беттестіру арқылы салыстыруға болмайтын болса, онда фигуралардың ауданын қалай салыстыруға болады?
Мүмкіндігінше, бөліктердің бірін кішкентай бөліктерге бөліп, кіші фигураларды екінші фигуралардың формасына қойып, салыстырып көруге болады деген шешімге өздері келгені дұрыс. Бұл кезеңде мұғалім фигуралардың бірінің торкөзін ерекшелеп көрсетіп, екі фигураны да бірдей торкөздерге бөліп, әр фигурадағы шаршылардың санын салыстыру керек екеніне көздерін жеткізеді.

- Ал сендер қалай ойлайсыңдар, фигуралардың бірін үлкен шаршыларға, ал екіншісін кіші шаршыларға бөліп, фигураларды салыстыруға бола ма? Мұғалім ұсынылған нұсқаны көрсете алады. Оқушылар барлық фигураларға бірдей өлшем бірлігі болуы тиіс деген тұжырымға келуі тиіс.

- Енді ауданды өлшейтін өлшем бірлікті енгізейік. Қабырғасы 1 см шаршыны квадрат сантиметр дейді. Ауданның өлшем бірлігін сызып көріңдер - 1см².

Геометриялық фигураның ауданын табу - бұл осы фигураның ішіндегі қабырғасы 1см (дм, м) шаршылардың санын есептеу.

4. Бекіту.

Өткен материалды тиянақтау үшін №2 тапсырма орындалады. Содан кейін мұғалім палетканың көмегімеін фигураның ауданын анықтауды үйретеді. (№3)

5. Өткеп тақырыппен жұмыс.
Көбейту кестесін қайталауға арналған №5 тапсырманы оқушылар өздері орындайды (керекті жауап шығу үшін көбейткіш таңдау).

6 тапсырманың орындалуы мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі.

7 (1-ші және 2-баған) тапсырма оқушыларға өз беттерінше орындауға беріледі және соңынан тексеріледі.

6. Сабқты қорытындылау. Үйге тапсырма: №8 және полиэтилен пленкадан палетка жасау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.08.2018
845
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі