2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Инновациялық технологияларды физика пәнін оқытудағы негізгі мәні іріктеу әдісі бөліктерге бөлініп бағаланады. Бастапқыда бұл тәсіл социологияда қолданылды. Педагогикада барлық құбылыстарды танып білу мүмкін болмағандықтан, жиынтықтардың түпнұсқасы кішірейтілген көшірмесі түрінде беріледі. Іріктеу әр түрлі болуы мүмкін: кездейсоқ; жүйелі; біріктірілген; көп сатылы; механикалық. Іріктеудің басты проблемасы – үлгілердің шамасы мен дәлме-дәлдігі. Өз кезегінде үлгілердің шамасы тұтастықтың біртекті деңгейіне; зерттеу нәтижесін бөліп көрсететін кластар мен категориялардың санына тікелей байланысты. Біз екі түрлі себепке байланысты зерттеулерді толық жүргізе алмай келеміз. Алғашқысы біздің өзіміз азбыз да, бірақ алдымызға қоятын мақсатымыз өте үлкен, екіншіден, біз әлі бастапқы кезеңдеміз. Физика пәнін оқыту ісінде педагогикалық жүйені, педагогикалық құбылыстарды тұтастықта, алуан түрлі байланыста зерттеу ғылыми деректерді алуда, өңдеуде, талдау мен жинақтауда көптеген тәсілдерді қолдануды
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Тайгараева Р.Т.- №125 жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі



ХХІ ғасыр мектебі оқушыларды қалай оқу керектігін үйретуге, оларды тәуелсіз, өзін-өзі уәждейтін және ынталы, сыни ойлауы дамыған сенімді тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Сабақ беру және оқыту үдерісіндегі басты тұлға - мұғалімнің өзі. Бүгінгі күндегі білім беру үдерісіндегі өзгерістер еліміздің барлық мектептеріндегі мұғалімдердің алдына бірқатар маңызды міндеттерді белгілеп берді. Біріншіден мұғалім оқыту мен оқу үдерістерін пайдалану, екіншіден оқушы алған білімін тиімді дағдыларда пайдалануды үйреті, үшіншіден «Мәңгілік ел» аясында оқу мен тәрбие саласын ұштастыру жұмыстарын ұйымдастыру. Мұғалім өз білімін жетілдіру және де оқушының пәнге деген қызығушылығын ояту мақсатында сабағына түрлі әдіс – тәсілдерді пайдаланып, оқушыларды топпен және жұппен жұмыс жасауға баулыйды. Сабақ барысында оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында мұғалім жұмысты талқылау, талдау және шешімдерді алдын-ала қарастыру барысында оқушылардың өздерінің оқу процесін жеткілікті деңгейде түсінулеріне, сонымен қатар білімді бағалау, түсіндіру және тануларына көмек көрсету ұсынылады.

Инновациялық технологияларды физика пәнін оқытудағы негізгі мәні іріктеу әдісі бөліктерге бөлініп бағаланады. Бастапқыда бұл тәсіл социологияда қолданылды. Педагогикада барлық құбылыстарды танып білу мүмкін болмағандықтан, жиынтықтардың түпнұсқасы кішірейтілген көшірмесі түрінде беріледі.

Іріктеу әр түрлі болуы мүмкін: кездейсоқ; жүйелі; біріктірілген; көп сатылы; механикалық.

Іріктеудің басты проблемасы – үлгілердің шамасы мен дәлме-дәлдігі. Өз кезегінде үлгілердің шамасы тұтастықтың біртекті деңгейіне; зерттеу нәтижесін бөліп көрсететін кластар мен категориялардың санына тікелей байланысты.

Біз екі түрлі себепке байланысты зерттеулерді толық жүргізе алмай келеміз. Алғашқысы біздің өзіміз азбыз да, бірақ алдымызға қоятын мақсатымыз өте үлкен, екіншіден, біз әлі бастапқы кезеңдеміз. Физика пәнін оқыту ісінде педагогикалық жүйені, педагогикалық құбылыстарды тұтастықта, алуан түрлі байланыста зерттеу ғылыми деректерді алуда, өңдеуде, талдау мен жинақтауда көптеген тәсілдерді қолдануды қажет етеді. Соңғы уақыттарда зерттеу жүйесінің әдіснамасы мен техникасы төңірегіндегі мәселелер маңызға ие бола бастады. Олардың ішінде, зерттеудің жалпы бағытын құрастыру, әдістер мен қағидалар жүйесін анықтау, олардың зерттеудегі тиімділігі мен әрқайсысының орнын белгілеу, жоспарлау мен зерттеуді жүзеге асыру кезінде тәсілдерді дұрыс қолдану ережесін білуді

маңызды деп атаған болар едік.

Қазіргі зерттеулердің әдіснамалық құрылымы операция жүйесін тұтас қамитын тәсілдерді жіктеуді қажет етіп отыр. Бұл көзқарас тұрғысынан алып қарастыратын болсақ, Б.Г.Ананьев ұсынған тәсілдер сәйкес келеді. Ғалым тәсілдерді төрт үлкен топқа бөліп қарастырады: 1) ұйымдастыру; 2) эмприкалық; 3) деректерді өңдеу тәсілдері; 4) интерпретациялық әдістер.

Зерттеудің барлық кезеңдерінде басымдықтар мен бағыттарды ұйымдастыру тәсілдері анықтайды. Оған салыстыру, лонгтюдті және кешенді тәсілдер жатады.

Салыстыру тәсілдері зерттеуді ұйымдастыру тәсілі ретінде педагогикада басым таралған. Ол көбінесе, педагогикалық құбылыстардың ықпалын, тиімділігін анықтауда, түрлі әрекеттерде білім, білік, дағды, кәсіби шеберліктің қалыптасу деңгейін салыстыруда, түрлі топтағы оқушылардың оқу үлгерімін анықтауда қолданылады. Осы тәсіл арқылы оқу мен тәрбиенің түрлі сатысындағы психикалық өзгерістердің сипатын анықтауға болады.

Кері байланыс арқылы жүргізілген үзіктер оқушылардың білімі туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Алайда оқу мен тәрбиеге жеке бағдар жасау үшін ұзақ мерзімде оқушының жеке-дара ерекшеліктерін ашып көрсететін тәсілдің болғаны қажет.

Физика пәнін оқытуда ақпараттық компьютерлік технологияларды қолданудың негізгікөздері. Компьютерлік технологиялар физика пәнін оқытуда негізгі орынға ие. Бүгінгі күні бұл жүйені қолдану пайдалы және тиімділігі жағынан күмән тудырмайды. Қазіргі білім сапасына үздіксіз жаңа ақпараттардың келуі оқыту бағдарламасын шамадан тыс жүктеуге әкеліп соқтыруда. Бұндай жағдайда білім сапасы дұрыс жүйеленген оқыту бағдарламасына және оқытушының біліктілігіне тәуелді. Жаңа мектептердегі жинақталған оқыту әдісі алуан түрлі - дәстүрлі педагогикалық жүйеден қазіргі заманғы компьютерлік технологияға дейін.

Физикалық білім - үздіксіз және жылдамдықты қажет ететін үрдіс. Ал мектептің міндеті оқушыны қызықтыратын білім беруде әр түрлі бағдарламалар құрастыру және оны күнделікті өмірде қолдануға үйрету. Ұстаздың біліктілігі, оқушыны қызықтырып оқытуы бұл жерде маңызды рөл атқарады, соның ішінде компьютерлік технологияларды қолдана отырып білім беру негізгі орында.

Компьютерлік технологияны қолданудың басты міндеті оқушының зияткерлік мүмкіндіктерінің кеңеюі болып табылады. Компьютер гуманитарлық циклдық сабақтарда оқулықтарды қолданумен, теледидармен, видеомагнитафонмен бірге мүлтіксіз ақпараттық жабдық ретінде қолданылады. Компьютер - оқушыны мұғаліммен және басқа оқушылармен байланыстыратын құрал.

Компьютерлік технологияларды енгізу жүйесі барысында компьютерлік қолдауы бар сабақ құрылымының алгаритмі құрылады. Оның келесі кезеңдері бар:


  1. сценарий қалыптастыру (нақты көрсетілген компьютерлік тапсырмалары бар сабақ құрылымы: экран түрі, мұғалім әрекеті, оқушылар әрекеті, нәтиже);

  2. сабақтың әр кезеңіне уақытты есептеу;

  3. сабақтың мақсатын, міндеттерін, жүру барысын, практикалық тапсырмаларды және оларды орындау әдістерін құрастыру:

  4. қажетті бағдарламалық құралдарды анықтау.



Мен өз авторлық жұмысымда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында түрлі ойын түроерін пайдаландым.

«Мәреге жет» ойыны


    1. Shape1 Shape2 М

      Ойланбай тап.

      Мектеп

      L

      Q

      P

      U

      R

      G

      A

      ҮЙ

      S

      J

      ектептен үйге дейін жету үшін латын әріпері арқылы физикалық шамаларды ата:
    2. Жерден айға дейін физикалық шамалардың өлшем бірлікерін дәл ауып көрсет.










Приборларды атап көрсет, қолданылуы, схемасы.



Есеп шығару:

Shape3 1.

Берілгені: Шешуі:

R = 0,1 Ом U =J*R J =10 А




Есептелуі:

Shape4 U = 10 А * 0,1 Ом =





Физикалық білім беру ісінің жаңартылуы бұл ең алдымен барлық деңгей бойынша оқушыға деген көзқарастың өзгертілуі. Өйткені оқушы өзіндік ішкі құрылымы бар тіршілік иесі. Сондықтан біліммнің көп деңгейлік жаңа моделіне оқушылар үшін де, педагогтар мен ата-аналар үшін де даралы ерекшеліктермен ақыл-ой қабілетін дамыту өте қажет. Физика пәні бойынша оқушы дамуының шешуші факторы өмірінің барлық мезгілігінде, барлық кезеңде өзінің белсенділігі болып табылады. Ол оқушының өзін қоршаған ортамен өзара әрекеттеріне кең мүмкіндікті қамтамасыз етеді, өсіп келе жатқан жанды заттың өмірлік талаптарын қанағаттандырудың қажетті жағдайы болып саналды.

Физикалық теория бойынша оқушының дамуына бағытталған оқу іс- әрекетті қолданылатын тәсілдерге байланысты.

Физика пәні бойынша оқушылардың оқу қызыметін ұйымдастыра отырып, мекетептің шешуге тиісті тікелей міндеті адамзат игерген және жегелеген ғылымның мазмұн құратын оқу пәндерін жинақтауға сәйкес келетін таңдап алынған белгілі білім жүйесімен оқушылрды байыту. Білімді меңгеру оқушылардан бір қатар әр түрлі шамадағы күрделілікті, дербестіктің әр қилы дәрежесін, оларды таңдап тиімді түрде қолдануды талап етеді. Ол үшін оқушылар бір қатар ережелерді тәсілдері мен әдістерді меңгеруді талап етеді. Физика мұғалімі оқу қызыметінде оқушыларды білімге деген тұрақты ынтаны және ақыл-ой еңбекін қажетсінуді қалыптастыруға тырысады. Бұл міндеттерді ойдағыдай шешу - физика пәні бойынша оқушылардың ақыл-ойын дамытуда маңызды да ең тиімді жол.


26 Наурыз 2025
52
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі