Материалдар / ФИЗИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ФИЗИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыстың мақсатының бірі оқушылардың бір бөлігінің танымдық қызығушылығын дамыту болып табылса, ал физика және астрономияға қызығушылығы тұрақты, әрі терең оқушылар үшін сыныптан тыс жұмыстың негізгі мақсаты олардың шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
4682
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


















ФИЗИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ


































Мазмұны


Кіріспе…………………………………………………………..……….......3


1-тарау. Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы мен негізгі формалары.....................................................................................................9

1.1 Сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың міндеттері…………....9

1.2 Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру………………...9

1.3 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту……………….11

1.4 Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі формалары………………….....13

1.5 Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру формасы.......................................16


2-тарау. Физика және астрономия пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу әдістері..................................................................24

2.1. Мектептегі физикалық және астрономиялық декада……………..….24

2.2. “Физика және астрономия озаты”- интелектуалдық олимпиада........31

2.3. “Ең үздік физик және астролог”-пәндік сайыс………………………..38

2.4. “Брейн-ринг”- пәндік сайыс……………………………..……………...46

2.5. “Жас физиктер және астрологтар” кеші ..................................................48


Қорытынды……………………………………………………………....52


Пайдаланылған әдебиеттер………………....………………………….53




























Кіріспе


Орта мектеп физикасы және астрономиясы бағдарламасында көрсетілген білімдер мен дағдыларды оқушыларға меңгертумен физиканы оқытудың мақсаттары толық орындалды деп айтуға болмайды. Өйткені, физиканы және астрономияны сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта-ықыласын көтеріп, олардың бұл пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы-физикадан сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Әрине, ол мұғалімнің теориялық, физика-техникалық, эксперименттік дайындығының дәрежесіне және оның әр жақты әдістемелік шеберлігіне байланысты.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдетеді және кеңейтеді, олардың пәнге қызығушылығын арттырады. Егер оқушылардың пәнге қызығушылығы болмаса практикалық өмірмен байланысты қажетті мысалдармен қамтылған өте жоғары ғылыми деңгейдегі материал әдістемелік дұрыс құрылған сабақта өтілгеннің өзінде де күткен нәтижені бермейді.

Танымал кеңес педогогы В.А.Сухомлинский былай деп жазды: «Біздің бар ойлағанымыз, бар іздегеніміз және құрғанымыз, егер оқушының оқуға ынта-ықыласы болмаса көкке ұшады».

Физиканы және астрономияны оқыту процесіне байланысты мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сабақтан басқа уақытта істейтін қосымша жұмыстарын физикалық және астрономиялық сыныптан тыс жұмыстар деп атаймыз. Мұндай сыныптан тыс жұмыстарды жүргізгенде мұғалім негізінен мынадай мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:

  1. Оқушылардың физика-техникалық және астрономиялық білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту, дамыту.

  2. Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыс істеуге ынта-ықыласын, шығармашылық конструкциялық қабілеттерін арттыру.

  3. Жас жеткіншектердің политехникалық дағдыларын қалыптастыру.

  4. Оқушыларды оқулықпен ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

  5. Жастарға саяси-экономикалық, ғылыми-материалистік, патриоттық, интернационалдық, эстетикалық тәрбие беру.

Сыныптан тыс жұмыстың мақсатының бірі оқушылардың бір бөлігінің танымдық қызығушылығын дамыту болып табылса, ал физика және астрономияға қызығушылығы тұрақты, әрі терең оқушылар үшін сыныптан тыс жұмыстың негізгі мақсаты олардың шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады

Физика және астрономиядан сыныптан тыс жұмыстарының тиімділігін арттыратын ерекшелігі сабаққа қарағанда мүмкіндігі жоғары болып табылады. Оқушылармен жұмысты индивидуализациялау әрбір оқушыға өзінің қызығушылығына, талабына және мүмкіндігіне сәйкес жұмыстарды таңдауға мүмкіндік береді.

Мына факті үлкен мәнге ие, бұл іс-әрекеттер қандайда берілген нәтижелерге жетуге міндеттелмеу керек, егер жетекші дұрыс ұйымдастырса ол оқушылар үшін міндетті түрде сәтті болады.

Физика және астрономиядаға танымдық қызығушылықтың дамуы және оның практикалық қосымшасы сыныптан тыс жұмыста қызықты ғылым мен техниканың элементтерімен кеңінен қатыстырумен және ғылыммен қазіргі өндірістің жаңа жетістіктерімен танысумен қамтылады.

Мұғалімнің алдында сыныптан тыс жұмысқа барлық оқушыларды тарту міндеті тұрмайды, бірақ ол физика және астрономияға қызығушылық танытқан оқушыларды байқау және оның жеке ерекшеліктерін қанағаттандыратын сыныптан тыс жұмыстың түрін табу керек.

Кейбір оқушыларға факультатив сабақтарға және физикалық және астрономиялық үйірмелерге қатысып көруге, екіншілеріне техникалық үйірмелерге қатысуға, үшіншілеріне физикадан қызықты кітаптар немесе ғылыми-көпшілік мақалаларды оқып көруге бағыт беруге болады. Көпшілік оқушылар үй жағдайында тәжірбиелерді өз бетінше орындауға бейім болады. Бұл іс-әрекеттерде мұғалім тарапынан жетекшілік етуді талап етеді.

Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен оларды ұйымдастыру формалары барлық уақытта оқушылар үшін қызық болу керек. Сыныптан тыс жұмыстарды өткізу әдістемесі жөнінде әдебиеттер көп, бірақ олар заман талабына сай өзгертуді қажет етеді. Бұл мәселелерді шешу үшін заман талабына сай сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемелерін жасап, оларды қажетті материалдарымен қаматамсыз ету керек.

Сыныптан тыс жұмыстардың әртүрлі формаларын басқару және оқушылардың алуан түрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру бір адам үшін ауырлық қылады.

Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырғанда физика мұғалімінің алдында тұрған мәселенің қиындық дәрежесі туралы толық көрсету үшін өздерінің үйірмесі, өздерінің факультативтері, қабырға газеттері, кештері, олимпиадалары болу керек, сондықтан да мұғалімге мұндай жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі тағы бес есе қиындай түседі. Екіншісі, сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда ғылымға сияқты оқушылардың физикаға қызығушылығын дамытуға бағдарлау мүмкін еместігімен байланысты. Физика мұғалімі қоғамға физик-ғалымға және астролог-ғалымға сұраныс шектеулі екендігін, сондықтан оқушыларды жұмысшы техник және инженер кәсіптерін таңдауға бағдарлау керек екендігін әр уақытта есінде ұстау қажет. Өндіріс сферасындағы көптеген кәсіптерге қызығушылықты физиканың практикамен тығыз байланысына бағдарланған әр түрлі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру кезінде сәтті қалыптастыруға болады.

Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырған кезде жүргізушіде физикаға немесе оның практикалық өмірдегі қосымшаларына қызығатын оқушылардың қызығушылығын және оның қабілеттерінің дамуын қанағаттандыру мүмкіндігін көрсету принципі болу керек. Сыныптан тыс жұмыстың мақсатының бірі оқушылардың бір бөлігінің танымдық қызығушылығын дамыту болып табылса, ал физикаға және астрономияға қызығушылығы тұрақты, әрі терең оқушылар үшін сыныптан тыс жұмыстың негізгі мақсаты олардың шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады [11],[12].

Шығармашылық қабілетті дамыту үшін оқушылар алған білімдерін жаңа жағдайларға қолдануды талап ететін проблемалармен кездесу керек. Яғни, оларға таныс емес заңдар мен заңдылықтарды өз бетінше ашу, жаңа құралдар мен машиналардың конструкциясын ойлап табу. Физика және астрономия сабақтарында мұндай текті тапсырмаларға қажетті уақытты бөлуге мүмкіндік болмайды. Ал, сыныптан тыс сабақтар оқушылардың іс-әрекеттерінің басым көпшілік түрінің негізгі шығармашылық тапсырмалар типінен құралу керек. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын іздеу психология ережелеріне сүйенеді. Яғни, қабілеттілік тек айқындалып қана қоймайды және ол іс-әрекеттерде жасалады, әрі қалыптасады. Сондықтан да шығармашылық сипатқа ие оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыруға айрықша назар аудару керек. Физика және астрономия сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелерін В.Г.Разумовский толық қарастырған. Барлығынан бұрын мына фактіге көңіл аудару керек, яғни шығармашылық ойлау процесі ерекше интуиция мен байланыстылығына интуитивті білімдер тікелей секірмелі түрде алынады. Оның этаптары айқын емес, сондықтан оқушы алынған шешімге қалай келгені туралы бірден айта алмайды. Ол жол белгісіз болып қала береді. Интуитивті тақырыптылықты негіздеу кейінірек келеді. Егер теориялық проблемаларды немесе практикалық мәселелерді белгілі білімді қолданып тізбектелген әрекеттерді орындау жолымен шешу мүмкін болса, онда мұндай жолды қамтамасыз ететін ойлау процесі дискурсивті деп аталады [6].

Білім алудың дискурсивті жолы тізбектелген байланысты талқылаулармен сипатталады. Мұнда, әрбір келесіні жалғастырушы логикалық ой алдынғыдан шығады да, алдынғыға тәуелді болады.

Интуитивті ойлаудың дискурсивтіден айырмашылығы, оның логикалық қадамы оның өрнектелмеген және проблеманың шешімі логикалық негіздеуді талап ететін ойлап табу сияқты табылады.

Мәселені дискурсивті шешу мүмкін болмағанда, интуитивті шешілетін жағдайларда кездеседі. Бірақта көбінесе дискурсивті шешілетін мәселелер ғана интуитивті шешіледі. Олай болса интуитивті ойлауда ең маңыздысы процесс сыртынан қысқа және танылмаған сияқты айқындалады.

Оқушылардың шығармашылық процесін ұйымдастырғанда екі шарт іске асырылуы керек. Біріншіден, қолда бар ақпарат пен мәселелерді шешуге арналған ақпараттың арасында тиімді арақатынас сақталу қажет. Қолда бар оқу ақпараты мәселені шешуге арналған ақпараттан бірнеше кіші болу керек. Бірақта айырмашылық аса үлкен болмау керек, әйтпесе оқушының мәселені шешуге қызығушылығы жоғалады. Екіншіден, сабақтарға эмоциональді бояу беру керек.

Шығармашылық іс-әрекетті басқарудың маңызды проблемаларының бірі- жаңалығы болуы проблемасы.

Жаңалығының субьективтігі шығармашылық іс-әрекеттің сипатты белгісі үшін мүмкіндік береді. Оқушыға жаңа және әлі белгісіз нәрсе мұғалім үшін белгілі болу керек. Осындай жағдайларда мұғалім мектеп пәнінің білімі негізінде шешуге мүмкіндік беретін шығармашылық проблемаларды тудыратын ситуациялар жасауға болады.

Физикалық және астрономиялық идеялардың дамуын, фундаменталдық физикалық теориялардың жасалуын талдау физикадағы ғылыми шығармашылықтың циклдік сипаты туралы ойға алып келеді. Әрбір цикл бақылаулардан алынған фактілер тобын таңдаудан басталады. Әрі қарай олардың жалпылығына қатысты гипотезалар қозғалынады. Бұл гипотезалар эвристикалық қасиетке ие. Олар жалпылау кезінде белгісіз болған басқа фактілерді алдын-ала көруге мүмкіндік береді. Алдын ала көрудің дұрыстығы экспериментпен тексеріледі. Егер бастапқы модель гипотезалардың теориялық салдары эксперимент жүзінде дәлелденсе, онда теорияның негізіне қабылданған абстрактілі модель зерттелетін құбылыстың зерттелетін қасиетін дұрыс бейнелейді. Егер эксперимент күтпеген нәтиже берсе, онда бұл жаңа құбылысты түсіндіру үшін теорияның негізінде жататын абстрактілі модельді айқындауды немесе алмастыруды талап ететін теорияның қолдану шекарасы табылғандығын білдіреді [9].










1 - тарау. Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы мен негізгі формалары


1.1 Физикалық сыныптан тыс жұмыстардың маңызы мен мақсаты


Сыныптан тыс жұмыстардың білімділік және тәрбиелік мәні өте зор. Ол оқушыларды белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, әр түрлі есептерді шығаруда творчестволықпен ойлануға және оларды ұжымдық пен жолдастық сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Педагогика тәжірибесінде физикадан сыныптан тыс сабақ өткізудің әр түрлі формалары жинақталды. Олар негізінен физикалық және физика-техникалық үйірмелер, кештер мен конференциялар, оқушылардың баяндамалары мен рефераттары, сыныптан тыс экскурсияларға шығу болып табылады.

Мектеп физикасы бағдарламасында көрсетілген білімдер мен дағдыларды оқушыларға меңгертумен физиканы оқытудың мақсаттары толық орындалды деп айтуға болмайды. Өйткені, физиканы және астрономияны сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта-ықыласын көтеріп, олардың бұл пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы – физикадан және астрономиядан сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Әрине, ол мұғалімнің теориялық, физика-техникалық, эксперименттік дайындығының дәрежесіне және оның әр жақты әдістемелік шеберлігіне байланысты [5].

Физиканы және астрономияны оқыту процесіне байланысты мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сабақтан басқа уақытта істейтін қосымша жұмыстарын физикалық және астрономиялық сыныптан тыс жұмыстар деп атаймыз. Мұндай сыныптан тыс жұмыстарды жүргізгенде мұғалім негізінен мынадай мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:

  1. Оқушылардың физика-техникалық білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту, дамыту.

  2. Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыс істеуге ынта-ықыласын, шығармашылық конструкциялық қабілеттерін арттыру.

  3. Жас жеткіншектердің политехникалық дағдыларын қалыптастыру.

  4. Оқушыларды оқулықпен ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

  5. Жастарға саяси-экономикалық, ғылыми-материалистік, патриоттық, интернационалдық, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтан тыс уақыт қорының болуы мектеп оқушыларының жан-жақты дамуына тиімді әсер етіп, олардың саяси-идеялық және рухани тәрбиеленуіне, оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымына айналуы да әбден мүмкін. Мектеп оқушыларымен сабақтын тыс жұмыстарды ұйымдатырудың негізгі талаптары – барлық оқушыларды олардың қызығушылығы мен қабілеттілігіне қарай тарту, оқу және оқудан тыс жұмыстардың ұйымдасқан бірлігін, қоғамдық пайдалы бағытын, мектептен тыс сабақтарға қызығушылығын, балалардың рөлін арттыру, балалардың өзін-өзі басқару органдары, мектептердің мектептен тыс мекемелерімен, қоғамдық және мемлекеттік ұйымдармен, ата-аналармен қарым-қатынасының болуы. Физика және астрономия пәні бойынша сабақтан тыс оқу-тәрбиелік тапсырмаларды талдау барысында мектеп оқушыларының сабақтағы және сабақтан тыс жұмыстардың негізгі мақсатын принцип ретінде басшылыққа алу қажет. Жалпы білім беретін мектептерде Физика және астрономия пәнін оқыту барысында мектеп оқушылары физика және астрономия ғылымының негізгі бағыттарын қоғамдық және ғылыми-техникалық дамудың негізгі талаптарына сәйкес терең және жете білуі қажет, оқушылардың өз білімдерін ұштастырсам деген ынта-жігерінің болуы және оны өз бетінше толықтырып, сараманды қолдана білуі керек. Жаңа буынды оқытып, тәрбиелеудің негізгі міндеті жоғары рухани байлығын арттыру, оқушыларды белсенді еңбек және қоғамдық қызметке дайындау, саналы түрде мамандық таңдауға көмектесу. Бұл міндеттердің тек физика және астрономия сабағында шешімін табуы мүмкін емес. Оның көбі сабақ аясына сыймайтын әр үрлі жұмыс формалары мен әдістерін талап етеді. Физика және астрономия сабағында сабақ жоспарымен келетін тақырыптарды үйренуде қатаң бекітілген сабақ уақыты мұғалім мен оқушының ынтасын шектейді. Сондықтан сабақта тақырыптың барлығын қамтып үлгермейтіндіктен сабақтан тыс уақытта оқып-үйрену қажет.


1.2. Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту


Физика және астрономиядан сыныптан тыс жұмыстың маңызды міндеттерінің бірі оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту. Егер оқушылардың қызығушылығы болмаса практикалық өмірмен байланысты қажетті мысалдармен қамтылған өте жоғары ғылыми деңгейдегі материал әдістемелік дұрыс құрылған сабақта берілсе де күткен нәтижені бермейді [6].

Танымал кеңес педогогы В.А.Сухмлинский былай деп жазды: «Біздің бар ойлағанымыз, бар іздегеніміз және құрғанымыз, егер оқушының оқуға ынта-ықыласы болмаса көкке ұшады» [15].

Әрине танымдық қызығушылықты дамыту тек сыныптан тыс жұмыстың ғана міндеті емес. Бұл міндетті мұғалім бірде бір сабақта ұмытпауы керек. Бірақта сыныптан тыс жұмыстар бұл міндетті шешуде елерліктей үлес қосуға мүмкіндік беретін бір қатар ерекшеліктерге ие.

Физика және астрономиядан сыныптан тыс жұмыстарының тиімділігін арттыратын ерекшелігі сабаққа қарағанда мүмкіндігі жоғары болып табылады. Оқушылармен жұмысты индивидуализациялау әрбір оқушыға өзінің қызығушылығына, талабына және мүмкіндігіне сәйкес жұмыстарды таңдауға мүмкіндік береді.

Мына факті үлкен мәнге ие, бұл іс-әрекеттер қандайда берілген нәтижелерге жетуге міндеттелмеу керек, егер жетекші дұрыс ұйымдастырса ол оқушылар үшін міндетті түрде сәтті болады.

Физика және астрономияға танымдық қызығушылықтың дамуы және оның практикалық қосымшасы сыныптан тыс жұмыста қызықты ғылым мен техниканың элементтерімен кеңінен қатыстырумен және ғылыммен қазіргі өндірістің жаңа жетістіктерімен танысумен қамтылады.

Мұғалімнің алдында сыныптан тыс жұмысқа барлық оқушыларды тарту міндеті тұрмайды, бірақ ол физикаға және астрономияға қызығушылық танытқан оқушыларды байқау және оның жеке ерекшеліктерін қанағаттандыратын сыныптан тыс жұмыстың түрін табу керек.

Кейбір оқушыларға факультатив сабақтарға және физикалық және астрономиялық үйірмелерге қатысып көруге, екіншілеріне техникалық үйірмелерге қатысуға, үшіншілеріне физикадан және астрономиядан қызықты кітаптар немесе ғылыми-көпшілік мақалаларды оқып көруге бағыт беруге болады. Көпшілік оқушылар үй жағдайында тәжірбиелерді өз бетінше орындауға бейім болады. Бұл іс-әрекеттерде мұғалім тарапынан жетекшілік етуді талап етеді [9].

Есеп шығаруға қызығатын оқушыларға «Квант» журналындағы байқауға жүйелі түрде қатысуға бағыт беруге болады.

Жеке оқушылардың жеке қызығушылықтары мен бейімдерін ескеріп мұғалім оқушылардың бір бөлігі қатысатын физикадан кез келген сыныптан тыс жұмыс барлық оқушылардың физика сабағына танымдық қызығушылығын дамытуға ықпал ету керектігін есте ұстау қажет.

Бұл бір түрлі көрінуі мүмкін, өйткені физика және астрономия үйірмесінің сабақтарына қатысатын оқушылардың ішінде де физиканы және астрономияны оқып үйренуге танымдық қызығушылығы, әлсіздері де кездеседі. Сондықтан да сыныптан тыс жұмыстың міндетті элементі-мектеп физика курсын терең және жүйелі оқып үйренуге танымдық қызығушылығын дамыту. Ол үшін қызықты тәжірбиелерді және қызықты есептерді шешкенде, машиналардың моделі мен құралдар жасағанда, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерінің мәнін түсінуде мектепте физикадан алған білімдерінің қажет екендігін үнемі жалықтырмастан еске түсіріп отыру керек. Сынып оқушыларының біраз бөлігінде физикаға тұрақты қызығушылықтың дамуы қалған оқушыларда да физика және астрономияға қызығушылықтың пайда болуына және дамуына ықпал жасайтын күшті фактор болып табылады.

Жеке оқушылардың сыныптан тыс сабақтарда алған нәтижелерін физика және астрономия сабақтарында қолдану пәнге деген танымдық қызығушылықтың дамуына ықпал етеді. Ондай нәтижелерге оқушылардың өтілетін сабақтың материалымен байланысты тақырып бойынша дайындаған баяндамаларын, үйірмеде дайындалған демонстранциялық құралдар мен моделдерді жатқызуға болады.

Мысалы, факультатив сабақтарға қатысатындар 8-сыныпта физика сабағында «Жылу машиналары» тақырыбы бойынша бу машиналарының жұмыс істеу принципі мен құрылысы, ойлап табуының тарихы, іштен жану двигательдерінің әр түрлі типтері, бу мен газ турбиналары реактивті двигательдер туралы баяндама дайындап келуіне болады.

Оқушылардың мұндай баяндамалары сыныптағы жолдастарының қызығушылығын арттырады, ал ол баяндамашы оқушы үшін физикамен терең айналасуын одан ары жалғастыруға маңызды стимул болып табылады.


1.3. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Сыныптан тыс жұмыстың мақсатының бірі оқушылардың бір бөлігінің танымдық қызығушылығын дамыту болып табылса, ал физика және астрономияға қызығушылығы тұрақты, әрі терең оқушылар үшін сыныптан тыс жұмыстың негізгі мақсаты олардың шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады [11],[12].

Шығармашылық қабілетті дамыту үшін оқушылар алған білімдерін жаңа жағдайларға қолдануды талап ететін проблемалармен кездесу керек. Яғни, оларға таныс емес заңдар мен заңдылықтарды өз бетінше ашу, жаңа құралдар мен машиналардың конструкциясын ойлап табу. Физика және астрономия сабақтарында мұндай текті тапсырмаларға қажетті уақытты бөлуге мүмкіндік болмайды. Ал, сыныптан тыс сабақтар оқушылардың іс-әрекеттерінің басым көпшілік түрінің негізгі шығармашылық тапсырмалар типінен құралу керек. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын іздеу психология ережелеріне сүйенеді. Яғни, қабілеттілік тек айқындалып қана қоймайды және ол іс-әрекеттерде жасалады, әрі қалыптасады. Сондықтан да шығармашылық сипатқа ие оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыруға айрықша назар аудару керек. Физика және астрономия сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелерін В.Г.Разумовский толық қарастырған. Барлығынан бұрын мына фактіге көңіл аудару керек, яғни шығармашылық ойлау процесі ерекше интуиция мен байланыстылығына интуитивті білімдер тікелей секірмелі түрде алынады. Оның этаптары айқын емес, сондықтан оқушы алынған шешімге қалай келгені туралы бірден айта алмайды. Ол жол белгісіз болып қала береді. Интуитивті тақырыптылықты негіздеу кейінірек келеді. Егер теориялық проблемаларды немесе практикалық мәселелерді белгілі білімді қолданып тізбектелген әрекеттерді орындау жолымен шешу мүмкін болса, онда мұндай жолды қамтамасыз ететін ойлау процесі дискурсивті деп аталады [6].

Білім алудың дискурсивті жолы тізбектелген байланысты талқылаулармен сипатталады. Мұнда, әрбір келесіні жалғастырушы логикалық ой алдынғыдан шығады да, алдынғыға тәуелді болады.

Интуитивті ойлаудың дискурсивтіден айырмашылығы, оның логикалық қадамы оның өрнектелмеген және проблеманың шешімі логикалық негіздеуді талап ететін ойлап табу сияқты табылады.

Мәселені дискурсивті шешу мүмкін болмағанда, интуитивті шешілетін жағдайларда кездеседі. Бірақта көбінесе дискурсивті шешілетін мәселелер ғана интуитивті шешіледі. Олай болса интуитивті ойлауда ең маңыздысы процесс сыртынан қысқа және танылмаған сияқты айқындалады.

Оқушылардың шығармашылық процесін ұйымдастырғанда екі шарт іске асырылуы керек. Біріншіден, қолда бар ақпарат пен мәселелерді шешуге арналған ақпараттың арасында тиімді арақатынас сақталу қажет. Қолда бар оқу ақпараты мәселені шешуге арналған ақпараттан бірнеше кіші болу керек. Бірақта айырмашылық аса үлкен болмау керек, әйтпесе оқушының мәселені шешуге қызығушылығы жоғалады. Екіншіден, сабақтарға эмоциональді бояу беру керек.

Шығармашылық іс-әрекетті басқарудың маңызды проблемаларының бірі- жаңалығы болуы проблемасы.

Жаңалығының субьективтігі шығармашылық іс-әрекеттің сипатты белгісі үшін мүмкіндік береді. Оқушыға жаңа және әлі белгісіз нәрсе мұғалім үшін белгілі болу керек. Осындай жағдайларда мұғалім мектеп пәнінің білімі негізінде шешуге мүмкіндік беретін шығармашылық проблемаларды тудыратын ситуациялар жасауға болады.

Физикалық идеялардың дамуын, фундаменталдық физика және астрономиялық теориялардың жасалуын талдау физикадағы және астрономиядағы ғылыми шығармашылықтың циклдік сипаты туралы ойға алып келеді. Әрбір цикл бақылаулардан алынған фактілер тобын таңдаудан басталады. Әрі қарай олардың жалпылығына қатысты гипотезалар қозғалынады. Бұл гипотезалар эвристикалық қасиетке ие. Олар жалпылау кезінде белгісіз болған басқа фактілерді алдын-ала көруге мүмкіндік береді. Алдын ала көрудің дұрыстығы экспериментпен тексеріледі. Егер бастапқы модель гипотезалардың теориялық салдары эксперимент жүзінде дәлелденсе, онда теорияның негізіне қабылданған абстрактілі модель зерттелетін құбылыстың зерттелетін қасиетін дұрыс бейнелейді. Егер эксперимент күтпеген нәтиже берсе, онда бұл жаңа құбылысты түсіндіру үшін теорияның негізінде жататын абстрактілі модельді айқындауды немесе алмастыруды талап ететін теорияның қолдану шекарасы табылғандығын білдіреді [9].



1-сурет. Жаратылыстану ғылымындағы бастапқы фактінің, абстрактілі модель-гипотезаның, теориялық салдар мен эксперименттің өзара байланысы.


Сонымен, ғылыми шығармашылықтың процесі мынадай бөлшектерден тұратын цикл түрінде беріледі: фактілер-гипотеза-салдар-эксперимент (1-сурет).

Шығармашылық циклдағы ең қиын фаза фактілерден абстрактілі моделдер құруға өту және керісінше өту, теориялық салдардан жаңа фактілерге өту болып табылады.

Физика бойынша шығармашылық есептің екі түрі мүмкін: анық емес құбылысты физикалық теориялардан алынған сәйкес келетін абстрактілі модельдің негізінде түсіндіруді қажет ететін зерттеушілік есептер (неліктен?) және берілген абстрактілі моделге (заңға, формулаға, графикке және т.б.) сәйкес нақты эффектілерді алуды талап ететін конструкторлық есептер (қалай істеу керек?). Мұндай бөлу зерттеу-конструкциялаумен, ал өнертапқыштық-зерттеумен жиі түйіндес болғанымен шартты түрде алынған. Шығармашылық есептердің мазмұнын жасағанда бұл екі тәсілдің түріндегі тапсырмалар өте пайдалы болады.


1.4. Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі формалары


Физика және астрономия бойынша сыныптан тыс жұмыс жекелей, топтық және бұқаралық болуы мүмкін. Сыныптан тыс жұмыстың бұл түрлерінің бөлінуі бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан айтарлықтай мөлшерде шартты екендігін айтып өту керек.

Жеке жұмыс оқушылардың қызығушылығына байланысты әдетте теориялық сұрақтарды терең оқып үйренумен, қиындығы жоғары есептерді шешумен, физикалық эксперименттерді орындаумен, астрономиялық зерттеулермен, конструкциялаумен және модельдеумен байланысты болады.

Топтық сыныптан тыс жұмыстар факультатив сабақтарда, үйірмелерде, оқушылардың ғылыми қоғамының секцияларында жүзеге асырылады.

Сыныптан тыс жұмыстың бұқаралық формасы-физикалық олимпиадалар, КТК, «физика және астрономиялық сайыс», физикалық және астрономиялық декадалар, тақырыптық кештер, лекторлар, ғылыми-практикалық конференция, ғылыми-техникалық шығармашылық көрмесі, ғалымдармен кездесу. Физика және астрономиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың жеке формаларының тізімі 1-кестеде көрсетілген [6].


1-кесте. Оқушылардың физикадан сыныптан тыс жұмыстарының формалары




Жекелей

Кітаптар мен журналдарды оқу

Рефераттар дайындау

Есептер шығару

Мектептің сырттай физикалық тапсырмаларын орындау

Үй жағдайында физикалық эксперименттерді орындау

Модельдер мен құралдар жасау

Зерттеулік типтегі эксперименттік жұмыстарды орындау




Топтық

Факультатив сабақтар

Физикалық үйірме

Физика-техникалық үйірме

Техникалық үйірме

Оқушылардың ғылыми қоғамының секциялары

Экскурсия





Бұқаралық








Физикалық олимпиада

Физика бойынша лектория

Физика декадасы

Физикалық кеш

КТК

Ғылыми-практикалық конференция

Қабырға газеттерін шығару

Ғылыми-техникалық шығармашылықтың

көрмесі

Өндіріс қызметкерлерімен кездесу

Оқушылардың тобымен кез келген сабақты немесе жұмыстың бұқаралық формасын өткізген кезде маңызды этаптардың бірі міндетті түрде жеке оқушылармен жеке жұмыс істеу болып табылады. Бір жағынан жеке оқушылармен жеке сыныптан тыс жұмыс әдетте оның үйірмедегі немесе факультатив сабағының, физика және астрономиядан бұқаралық сыныптан тыс іс-шараға қатысуының жалғасы немесе құрамдас бөлігі болып табылады [9].

Сыныптан тыс жұмыстардың әртүрлі формаларын басқару және оқушылардың алуан түрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру бір адам үшін ауырлық қылады.

Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырғанда физика мұғалімінің алдында тұрған мәселенің қиындық дәрежесі туралы толық көрсету үшін өздерінің үйірмесі, өздерінің факультативтері, қабырға газеттері, кештері, олимпиадалары болу керек, сондықтан да мұғалімге мұндай жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі тағы бес есе қиындай түседі. Екіншісі, сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда ғылымға сияқты оқушылардың физикаға қызығушылығын дамытуға бағдарлау мүмкін еместігімен байланысты. Физика мұғалімі қоғамға физик-ғалымға сұраныс шектеулі екендігін, сондықтан оқушыларды жұмысшы техник және инженер кәсіптерін таңдауға бағдарлау керек екендігін әр уақытта есінде ұстау қажет. Өндіріс сферасындағы көптеген кәсіптерге қызығушылықты физиканың және астрономияның практикамен тығыз байланысына бағдарланған әр түрлі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру кезінде сәтті қалыптастыруға болады.

Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырған кезде жүргізушіде физика және астрономияға немесе оның практикалық өмірдегі қосымшаларына қызығатын оқушылардың қызығушылығын және оның қабілеттерінің дамуын қанағаттандыру мүмкіндігін көрсету принципі болу керек.

Физика және астрономия ғылым ретінде оқушылардың біраз бөлігінің қызығушылығын тудырады, ал одан да көп оқушылар оның практикалық қосымшасына қызығады. Сыныптан тыс жұмыстардың әр түрлі формаларына қатысушылар оқушылардың жалпы санының ¼ бөлігінен аз болмайды.

Бұл жұмыстарды мұғалім қалай игереді екен? Физикадан және астрономиядан мұндай жұмыстардың негізгі мәселелерін шешудің мүмкін жолдары алуан түрлі және мектеп жұмысының нақты жағдайларына байланысты болады. Егер мектеп шағын ғана болса және ол жерде бір ғана физика мұғалімі жұмыс істесе, онда әрбір сынып үшін (7-ден 11-ге дейін) физикадан және астрономиядан үйірмелермен факультативтерді ұйымдастыру іс жүзінде мүмкін емес. Бұл жерде сыныптан тыс жұмыстың орталығы 9-11 сынып оқушыларына арналған физикалық, астрономиялық немесе физика-техникалық үйірме болуы мүмкін. Осы үйірменің мүшелерінен тұратын арнайы топ төменгі және ортаңғы сыныптардағы физикаға және астрономияға икемділік танытқан оқушылармен жұмыс істеуіне ұйымдастыруға болады.

Үлкен мектептерде (3-5 параллель сыныптары бар) сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі әжептеуір жеңілдейді, өйткені жұмыстар бірнеше мұғалімдердің арасында бөлінеді.

Физика және астрономия бойынша сыныптан тыс жұмыстардың барлық жүйесінің ұйымдастырушылық пен координациялық орталығы факультатив сабақтарға немесе үйірмелерге қатысатын оқушылар тобы болады. Осы топтағы оқушылардың қызығушылығы мен бейімділігін оқып үйрену негізінде жеке оқушылармен индивидуальді жұмыстар жүргізуге болады. Ал сыныптан тыс жұмыстардың әрүрлі бұқаралық формаларын (физкалық және астрономиялық олимпиада және конкурстар, физика және астрономия декадасы және тақырыптық кештер және т.б.) ұйымдастыруда физикалық және астрономиялық үйірме мен факультатив ұжымдары жетекші роль атқарады.


1.5 Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру формасы


Сыныптан тыс жұмыстардың білімділік және тәрбиелік мәні өте зор. Ол оқушыларды белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, әр түрлі есептерді шығаруда творчестволықпен ойлануға және оларды ұжымдық пен жолдастық сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Педагогика тәжірибесінде физика және астрономиядан сыныптан тыс сабақ өткізудің әр түрлі формалары жинақталды. Олар негізінен физикалық және астрономиялық үйірмелер, кештер мен конференциялар, оқушылардың баяндамалары мен рефераттары, сыныптан тыс экскурсияларға шығу болып табылады.

Жүйелі түрде жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс оқушылардың қабілетін дамытуға және олардың физиканың немесе астрономияның белгілі бір саласына деген ерекше ықыласын қалыптастыруға әсер етеді. Әрине физикалық және астрономиялық үйірмелерде осындай жұмыстар іске асырылады.[18]

Үйірме сабақтарын ұйымдастыру. Мұғалім алдымен оқушыларды зерттеп, пәнге қызығушылығы бар оқушыларды бөліп алу керек. Мұғалімнің оқушыларды алдын ала жақсы білуі, содан соң үйірме мүшелеріне тапсрмаларды дұрыс бөліп беруін мүмкіндік береді.

Үйірме мүшелерінің саны 12 – 15-тен артық болмауы тиіс.

Үйірме жұмыстарының жоспары мен мазмұнын мектеп оқушыларының ынтасымен, жеке басының ерекшелігі мен жас ерекшелігіне қарай құру керек. Бірақ үйірме жұмысының жалпы бағытын мұғалім алдын ала өзі анықтайды. Оны таңдап алу мұғалімнің көздеген мақсаты мен дайындық дәрежесіне, оқушылардың тілегіне, мектеп талабына, физика және астрономия кабинетінің жабдықталу жағдайына және басқада бірқатар факторларға байланысты.

Үйірме мүшесіне берілетін тапсырма әрі оның шамасы жететіндей әрі жеткілікті дәрежеде күрделі болуы керек. Аса терең ойлану мен творчествоны қажет ететін тапсырманы орындағанда ғана оқушы моральдық қанағаттанушылық алатыны және оған пайдалы болатыны ескерілуі керек.

Сондықтан әр тапсырма олар үшін жаңа, сапа жағынан олардың жұмысының өсу сатысы болуы тиіс.

Үйірме жұмысының жемісті болуы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру, бақылау және есепке алып отыруға да байланысты. Сол себептен әр жұмысты түбегейлі аяқтап, нәтижесін үйірме жұмысында жан – жақты талқылап және арнаулы журналға тіркеп отыру керек. Жылына бір–екі рет істелген жұмыстардың есепті көрмесін өткізіп отырған жөн.[19]

Негізінде теория мен практиканың тығыз байланысы орын алатын үйірмелер оқушыларға үлкен пайда береді. Тек осы жағдайда ғана үйрме жұмысы оқушылардың ынта-ықыласын дамытып, шыңдай алады. Эксперименттік бағыттағы үйірмелер үшін теория мен практиканың байланысын іске асыру шаралары жетекшінің әңгімесі мен лекциясы,үйірме мүшесі жылына кемінде бір хабар немесе шағын баяндама дайындағаны жөн. Үйрме сабағында газет, журналдардан ғылым мен техника жетістіктері туралы қызықты да маңызды мақалалармен үйірме мшелерін таныстырып отыру пайдалы.

Теориялық бағыттағы үйрмелерде теория мен практиканың байланысы баяндамаға қоса көрнекті құралдар демнстрациялау, эксперименттік есептер шығару, экскурсиялар ұйымдастыру арқылы іске асырылады.

Егер оқушылар өз білімін қандай да болмасын бір қоғамдық пайдалы істі шешуге қолдана алса, онда оның физикаға және творчестволық жұмысқа деген қызығушылығы ерекше артады. Осыны ескере отырып, кейбір мұғалімдер үйірме жұмысын өндіріспен тікелей байланыстыра ұйымдастырады. Мектептің өзінде-ақ үйірме мүшелерінің күшімен көп пайдалы істер істеуге болады. Сыныптан тыс жұмыстардың білімділік және тәрбиелік мәні өте зор. Ол оқушыларды белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, әр түрлі есептерді шығаруда творчестволықпен ойлануға және оларды ұжымдық пен жолдастық сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Педагогика тәжірибесінде физикадан сыныптан тыс сабақ өткізудің әр түрлі формалары жинақталды. Олар негізінен физикалық үйірмелер, кештер мен конференциялар, оқушылардың баяндамалары мен рефераттары, сыныптан тыс экскурсияларға шығу болып табылады.

Жүйелі түрде жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс оқушылардың қабілетін дамытуға және олардың физиканың белгілі бір саласына деген ерекше ықыласын қалыптастыруға әсер етеді. Әрине физикалық үйірмелерде осындай жұмыстар іске асырылады.

Егер оқушылар өз білімін қандай да болмасын бір қоғамдық пайдалы істі шешуге қолдана алса, онда оның физикаға және творчестволық жұмысқа деген қызығушылығы ерекше артады. Осыны ескере отырып, кейбір мұғалімдер үйірме жұмысын өндіріспен тікелей байланыстыра ұйымдастырады. Мектептің өзінде-ақ үйірме мүшелерінің күшімен көп пайдалы істер істеуге болады.

Жаңадан қатынасушылар үшін физика үйірмесі. Бұл үйірменің мақсаты – оқушылардың физика және астрономия пәніне деген сүйіспеншілікке баулу, жеке оқушылардың ынтасы мен қабілетін анықтау, барлық үйірме мүшелеріне, физикалық үйірменің алдағы жұмыстарымен игеріп кетуі үшін, ең қажетті икемділік, шеберлік беру.

Тек негізгі практикалық шеберлікке үйреніп қана қоймай, оқушылар эксперименттік үйірмедегі болашақ жұмыстарына қажетті, оларға таныс емес физикалық және астрономиялық құбылыстар мен оның практикалық қолданылуы туралы ұғым алып, жаңа физикалық немесе астрономиялық приборлармен танысып, қызықты есептер шығарады.

Жаңадан қатынасушылар үйірмесі жұмысының қажетті шарты – жұмыс формасының әр түрлілігі, шұғылдану элементін пайдалану, сондай-ақ теория мен практиканың тиімді ұштасуы болып табылады.

Жаңадан қатынасушылар үшін үйірме әдетте физика және астрономиядан сыныптан тыс оқудан тәжірибесі жоқ оқушылардан құрылады. Олар үшін мерзімі бір жылға созылады. Осы уақыттың ішінде оқушылардың ынта-ықыласы, қызығушылығы анықталады да, ал келесі жылы олар арнаулы немесе жалпы физикалық және астрономиялық үйірмелерге өтеді. Бұл үйірменің жұмысы бағдарламадағы негізгі тақырыптарды терең оқып үйрену мақсатында болғаны жөн.

Физикалық приборлар дайындау және конструкциялау үйірмесі. Оқушылардың мұндай жұмысқа деген тұрақты қызығушылығы мен практикалық бағдарының арқасында, бұл үйірме кең қолдау тапты. Алайда, үйірмедегі оқу тек оқушылардың практикалық жұмысымен ғана шектелсе, онда, тәжірибенің көрсетуінше, оқушылардың қызығушылығы тез жоғалады. Бұл үйірмеде оқушылар тек қана практикалық шеберлікке ие болып қоймай, сонымен бірге конструкторлық және теориялық білім алса, сонда ғана үйірме жұмысты жемісті болмақ. Оқушы қандай да бір прибор жасау үстінде, оның атқаратын қызыметін айқын біле тұра, сонымен қатар осы прибордың көмегімен демонстрацияланатын физикалық құбылыстың табиғаты қандай, бұл құбылыс қайдан кездеседі, оның демонстацияның тиімді болуы қандай факторларға байланысты деген сұрақтарға жауап бере алуы тиіс.[18]

Физика және астрономия кеші. Физика және астрономия кеші — физика және астрономиядан көпшілік сыныптан тыс жұмыстың тартымды да пайдалы түрінің бірі. Жақсы ұйымдастырылып өткен кеш көбінесе оқушыларға ұмытылмас әсер қалдырады да, олардың кейбіреулерінің физикаға және астрономияға шынайы еліктеуінің бастамасы болады.

Кештердің түрлері. 7-8 сыныптар үшін сыныптан тыс жұмыстардың тәжірнбесінен үлкен қолдау тапқан кештер — қызықты физика, физикалық және астрономиялық кештер, такырыптық кештерга арналған кештер болды.

Қызыкты физика және астрономия кеші әсіресе 7-8 сынып оқушылары үшін ерекше орын алады. Бұл түсінікті де: 13—14 жастағы мектеп окушыларын олардың қиялын баурап әкететін ғажайып құбылыстар әуестендіреді. Алайда мұғалім кешті тек бір сарынды «ғажайыптармен» ғана ұйымдастырмауы керек. Өйткені кештің негізгі принципі оның мазмұндылығында болуы керек, әйтпесе кеш тек сыңар жақ көріністермен ғана шектеліп, өзінің танымдық маңызын жоғалтуы мүмкін.

Оқушылармен істелген жұмыс формасының әр түрлілігі — қызықты физика және астрономия кешінің табысты болуының қажетті шарты. Дәстүрлі қызықты тәжірибелер, аттракңиондар, викториналардан өзге де жұмыс формалары оқушылардың қызығушылығын тудырады, мысалы, қысқа ғана қызықты физикалық және астрономиялық әңгіме-жұмбақтар; физикалық қатесі бар әңгімелер (оны оқушылар табуы керек); кішігірім қызықты пьесалар; сұрақтармен берілген сурет-жұмбақтар.

Егер залда отырған оқушылар тек көрермен болып қана қоймай, олар да кешке белсенді араласып отырса, онда жұмыстың мұндай формасы әдістемелік жағынан аса құнды болмақ. Бұл тарапта «жетілдіру енгізіңдер!» деген тақырыппен өткізілетін жұмыс формасының пайдасы аса зор. Мұнда оқушыларға қандай да болмасын бір құрылғының, машинаның, прибордың немесе құрылыстың моделі, суреті не схемасы көрсетіледі. Оған сипаттама беріліп, бұл конструкцияның қандай да болмасын бір жетіспеушілігі бары айтылады. Оның жайы түсіндіріледі де, оқушыларға осы құрылғыны жетілдіру тапсырылады. Кейде құрылғының моделі немесе схемасы демонстрациялау үстелінде жиналуы мүмкін. Бұл жағдайда оқушыларға енгізілген жетілдіруді демонстрациялап беру жүктеледі.[12]

Қызықты физика және астрономия кешінде орындалатын қызықты тәжірибелердің орны бөлек. Ол тәжірибелер мүмкіндігінше техникада және тұрмыста кең қолданылатын, сондай-ақ табиғатта жиі байқалатын құбылыстарды көрсететін болуы керек. Тәжірибемен көрсетілген құбылыстың практикалық қолданылуы туралы қысқаша әңгімеленіп тұрса, кештің мазмұны арта түседі. 7-сынып оқушылары үшін қызықты физика кешіне мысалдар келтірейік.

Кештің мақсаты —«Атмосфералық қысым» мен «Архимед күші» деген тақырыптардың мазмұнын оқушылардың терең түсі- нуіне көмек ретінде, физикалық құбылыстар мен заңдар кейде күтпеген жағдайдың өзінде-ақ анықталып, демонстрацияланатыны айтылып, күнделікті өмірдегі кездесетін физикалық құбылыстарды бақылау және әсерлі деген физикалық тәжірибелерді өз бетінше істеуге мүмкіндік беріп отыру арқылы олардың ынта-ықыласын арттыру.


Кештің жоспары


Кешті жүргізушінің кіріспе сөзі (қатынасушыларды кештің программасымен таныстырады).

Атмосфераның Жердегі тіршілік үшін маңызы және атмосфераның құрылысы туралы қысқаша әңгіме.

Атмосфералық кысыммен түсіндірілетін тәжірибелерді демонстрациялау: «графинге сиған жұмыртка», «ауыр газет», «жазаланған әуесқойлык».

Ежелгі гректің көрнекті ғалымы Архимед туралы әңгіме.

«Денелердің жүзу шарты» деген тақырыпқа тәжірибелерді демонстрациялау. Мысалы, су бетіне қалқып шықпайтын парафин (алдымен шыны ыдыстың түбін жұка парафин қабатымен жауып, оған парафинді жазық жағымен салады да, ыдысқа еппен су құйғанда кесек парафин қалқып шықпайды); ыстық ауамен толтырылған қолдан жасалған ауа шарының көтерілуі; суға батып бара жатқан адам не істеуі керек (суда жүзіп жүрген ағаш қуыршақтың қолдарын көтерсек, оның бату тереңдігі артады).[20]

Сурет-жұмбақтар керсету. Мысалы, суретте теңіз қабатының қимасы көрсетілген. Су ішінде теңіз түбіне жетпей «ілулі» тұрған корабль тұр. Сурет бойынша сұрақ: «Бұлай болуы мүмкін бе?» Кешке белсене қатысқан оқушыларға жүлде тапсыру.

Физикалық және астрономиялық кештерді қазіргі техниканың қызықты мәселелеріне, техника тарихына, физика және астрономия саласының даму келешегіне арнайды. Кеште 3-4 оқушы қысқа баяндамалар жасайды. Баяндамалар жақсы көрнекіленуі керек. Көрнекі құралдардан басқа техникалық құрылғылардың жұмыс істейтін моделі, қолдан жасалған приборлар, кинофильмдерден фрагменттер көрсетіледі. Мұндай кештерді физика және астрономия үйірмесінің мүшелері дайындайды. Бұл кешті үйірме мүшелерінің өз жұмыстары туралы өзінше творчестволық есебі деуге болады. Кештің түгел бір бөлігін үйірме жұмысының қорытындысына арнауға болады.

ФИЗИКАЛЫҚ КВН


Мектептерде физика және астрономиядан сыныптан тыс жұмыстардың жаңа формаларын ұйымдастыру орын алды. Солардың неғұрлым қызықты формасының бірі — КВН, зеректер мен тапқырлардың конкурсы. Ол екі топтың жарысы ретінде өткізіледі (параллель сыныптар немесе көрші мектептер арасында). Топтың құрамы капитанымен бірге 6—8 адамнан тұрады. Конкурстан 3—4 апта бұрын топтар мынадай тапсырмалар алады: топтың эмблемасы мен сәлем беруі; қарсыластар топ үшін сурет-жұмбақ немесе ребус дайындау (физикалық мазмұнымен); физика сабақтарындағы эпизодқа арналған 3—4 минуттық шағын пьеса дайындау; «ор- кестр» ұйымдастыру, мысалы, қолдан жасалған музыкалық ас- паптардан сыбызғы, барабан, ксилофон); физикадан қызықты 2—3 тәжірибе дайындау. Топтардың үй тапсырмасын орындау барысында топ шығарып отырған жақтын, барлық оқу- шыларының көмектесуіне болады. Конкурсты КВН-ды жүргізуші (көпшіліктің алдында өзін жақсы ұстайтын, батыл да тапқыр оқушыны тағайындау керек) ашады. Ол конкурстың өту барысына жетекшілік жасайды.Үй тапсырмасынан басқа конкурсқа топтардың, капитандардың және жанкүйерлердің өзара жарысы кіреді. Үй тапсырмасын топтар кезекпен көрсетеді, ал басқа тапсырмаларды топтың өкілдері бір мезгілде орындайды.

Жюри құрамына мұғалім және 2-4 оқушы (мысалы, жоғары сынып оқушылары) кіреді. Әрбір көрініс оның дұрыстығына, толықтығына, тапсырманың орындалу жылдамдығына қарай анықталған баллмен бағаланады. Ең көп балл жинаған топ жеңімпаз атанады. 7 сынып үшін тапсырмаларға мысалдар келтіреміз.[17]


Топтық жарыс


Үстел үстінде су құйылып (бірақ ернеуіне дейін емес), аузы тығындалған сүттің бөтелкесі, сызғыш бар.

Тапсырма: бөтелкені толтыру үшін тағы қанша су қажет екенін анықтау керек.

Үстел үстінде сым шумақтары, таразы, жүкшелер, сызғыш, жұмыр қарындаш бар.

Тапсырма: шумағын жазбай, сымның ұзындығын анықтау ке- рек.

Үстел үстінде су құйылған банка, бетелке, резеңке түтік- шенің қиындысы бар.

Тапсырма: банканы еңкейтпей, ондағы суды бөтелкеге құю керек.

Капитандар жарысы. Тактаға ұлы физиктердің және астрологтардың фамилиясын жазу керек.

Өздеріңе белгілі физикалық приборлардың атауларын жазу керек. Паскаль заңын тұжырымдау керек. Есеп шығару (шарты парақ қағазға жазылып беріледі). Сондай-ақ эксперименттік тапсырмалар да қамтылуы мүмкін. Үстел мен тақтаны сахнаның ортасыиа қояды. Әрбір тапсырманы орындау үшін бір-бір окушы шығады.

Тапсырмалар. 1. Тактада кескінделген кесіндінің ұзындығын көзбен мөлшерлеп анықтау керек. (Кесіндіні жетекші жүргізеді. Жарыска түсушілердің әркайсысы тақтаға өзі ұйғарған ұзындықты жазады; сонан соң жетекші кесіндіні өлшейді де, нәтижені айтады.)

Көз мөлшерімен шырпы қорабының немесе басқа нәрсенің көлемін анықтаңдар. Алақанға салынған дененің салмағын анықтаңдар.

Қоңыраудың қанша уакыт шылдырлағанын анықтаңдар (жетекші секундомер бойынша анықтайды). Жарысқа физикалық аттракциондарды да енгізуге болады.[20]


ТВОРЧЕСТВОЛЫҚ ЖАРЫСТАР


Сыныптан тыс жұмыстың бағалы формасы — жас зерттеушілер мен өнертапқыштар конкурстары. Жарыстық тапсырмалар (шамамен айына бір рет) шығарылатын бюллетеньдерде беріліп отырады. Оларда оқушылардың алдыңғы тапсырмалар бойынша берген ең қызықты шешулері, олардың жақсы жақтары мен кемшіліктерін талдай отырып, беріледі. Бюллетеньмен қатар «Кім жеңді?» деген тақырыппен, конкурстың барысын көрсететін таб- лиңа ілінеді. Жұмыстарды бағалау кезінде ең алдымен оқушылардың идеяларының өзіндік ерекшелігі, сондай-ақ конструкциялардың немесе зерттеулердің мұқияттылығы ескеріледі. Конкурсты оқу жылының соңында қорытындылайды.


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ КӨПШІЛІККЕ АРНАЛҒАН ЖӘНЕ АРНАЙЫ ӘДЕБИЕТТІ ОҚУ


Оқушыларда ғылыми және техникалық кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, оларды кітапты пайдалана білуге үйрету, мұғалімнің сыныптан тыс жұмыста өзінің шәкірттеріне бере алатынының ең бағалысы десек болады. Оқушылардың сыныптан тыс оқуын қалайша ұйымдастыруға болады? Ең алдымен мектеп кітапханасында қажетті әдебиет: ғылыми-көпшілікке арналған, физика мен астрономияға журналдар мен арнайы әдебиет бөлу жағын ойластырған жөн. Кітапхананы осы әдебиетпен жабдықтау мәселесімен мұғалім табанды түрде, үнемі айналысып отыруы керек.

Физика және астрономия кабинетінде 7-сынып оқушыларына (жеке-жеке) ұсынылатын, ең алдымен, мектептік, аудандық және қалалық кітапханаларда бар әдебиеттер тізімі ілінуі тиіс.[18]

Физика және астрономия саласына арналған әдебиеттердің тізімдерін жасаған пайдалы. Егер мұғалім оқу жұмысында үнемі қосымша әдебиетті пай- даланып отырса, сабақтарында жеке бір кітаптар мен журналдардағы материалды пайдаланып, олардан шағын үзінділер келтіріп отырса, оқушылардың кітапқа деген ынтасы артады. Жауап берген кезде басқа кітаптардан материалдар пайдаланыи отырған оқушыларды, қандай түрде болса да, мадақтап отыру керек.

ІІ тарау. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру


2.1. Мектептегі физика және астрономиялық

декадасы

Физика және астрономия декадасын ұйымдастыру


Көптеген мектептерде оқу жылы барысында пән бойынша декадалар ұйымдастыру дәстүрге айналып отыр.

Физика және астрономия, химия, математика және т.б. декадаларын өткізу үшін оқу жылындағы уақытты пәндер арасында тиімді бөлу қажет. Жыл соңында білім мерекесі ұйымдастырылып, ол жереде сыныптар арасындағы жарыстардың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды марапаттайды.

Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлаудың осындай формасы оқушылардың еңбегін мейлінше ғылыми ұйымдастыруды іске асыруға мүмкіндік жасайды: бірнеше уақыт олардың назары белгілі бір пәнге шоғырланады, білімдері тереңдейді және кеңейеді-бұл олардың қызығушылығын дамытады.

Физика және астрономия декадасын өткізу уақытын және оның мазмұнын жылдан, жылға өзгертіп тұру керек, әйтпесе декадаға жылда бірдей бағдарламалық материалдар енеді де бірыңғайлықпен жалықтырады.

Физика және астрономия декадасын өткізу үшін барлық жұмысқа жетекшілік ететін декада штабын сайлау қажет. Штаб мүшесі тек жақсы ұйымдастырушыға ғана емес, сонымен бірге физикаға және астрономияға қызығатын, оны білетін және басқаларды физика және астрономия біліміне тарта білетіндер болу керек [8].

Штаб алғашқы рет физика және астрономия декадасын екі апта қалғанда жиналады. Штаб мүшелерінің отырысында декаданы өткізу жоспары жасалады, әрбір іс-шараға жауаптылар тағайындалады, жеке байқаулардың әділ қазыларының төрағалары сайланады.

Декаданың өткізілуінің басталуын хабарлауға айрықша көңіл аудару керек.

Декаданың ашылу күні штаб мектеп оқушыларын белсенділік танытуға шақыруға көңіл аудару керек, ағын түрткі болатын атақты адамдардың өмірінің ерекше жерлерінен үзінділер келтіріп, мектептің көрінетін жерлеріне іліп қою керек.

Мысалы:

Академик: В.А.Амбарцумян университетті 14 жасында бітірді.

Математик Эварист Галуа 21 жасында дуэль алдындағы түнде маңызды математикалық принциптерді жасады.

Біз 13, 14, 15 жыл жасадық, бірақ әлі ештеңеге үлгерген жоқпыз. Ал біздің алдымызда өрістің бірыңғай теориясын жасау және жұлдыздарға ғарыш кемелерін жіберу, рак құпияларын ашу тұр. Біз әлі білімді қалай алуды және жинауды білмейміз. Біз қалағанымызды барлық уақытта біле бермейміз, ал оқуға амалсыз қажеттіліктен қараймыз.

Тоқтаңдар! Ойланыңдар! Ең жемісті балғын шақты-босқа өткізу қылмыс жасағанмен бірдей. Біздің болашақ мамандығымыз үшін, білім үшін алға!

Декаданың ашылуына мүмкіндігінше мектеп радио торабына және хабарландыру тақтасына арнайы хабар дайындаған дұрыс.

Хабардың жоспары төмендегіше болуы мүмкін:

  1. Мектеп оқушыларын физика және астрономия декадасының ашылуымен құттықтау. Физика және астрономия ғылымының маңызы туралы қысқаша әңгіме.

  2. Декаданы өткізу жоспары.

  3. Оқушыларды физика және астрономия білімінің негіздерін тереңірек меңгеруге шақыру.

Мектептің кірісіне көрінетін жерге «Физика және астрономия декадасы өтуде» деген әдемі плакат іліп қою керек. Бұл плакат тек жоғары сыныптарға назар аудартып қоймай, төменгі сыныптардың да, ата-аналардың да назарын аудару қажет: мектепке кіре берістен «физика және астрономияға ерекше көңіл аударатындай» атмосфера жасау керек.

Физика және астрономия кабинетінің алдында «Физика және астрономия декадасы» атты арнайы стенд орнату қажет. Онда декаданың өткізілу жоспары жеке байқаулардың шарттары, реферат тақырыптары ілінеді.

Мектепті безендіруге үлкен көңіл аудару керек. Қабырға газеттері мен стендтен бөлек, мектепті әр түрлі мазмұнды плакаттармен әдемілеуге болады. Бірнеше мысал келтірейік:

Оқушыларды ғылымға үйренуге шақырушы плакаттар.

Білмегенді сұраудан ешқашан ұялма.

Араб даналығы.

Адам нені білмесе содан қорқады,кез-келген қорқынышты біліммен жеңуге болады.

В.Г.Белинский


Физика және астрономия туралы плакаттар (оның ішінде юмористикалығы бар)

Барлық ғылымдардың ішінен физика маған барлық уақытта ерекшелігімен көрінеді.

Р.Пайерк.

Физика бұл- табиғатты түсіну ғылымы.

Э.Роджерс.

Біздің ерекше жолымыз болды, яғни біз әліде ашылулар жасауға мүмкін бар ғасырда өмір сүреміз.

Р.Фейнмен.

Физиктер және астрономдар плакаттарды басқа оқу кабинеттерінің кіре берісіне де іледі.

Бұл әзілмен құрастырылған плакаттардың мақсаты-«қарсыластарды» ренжітпей, оқушыларды біздің күндердегі физика және астрономияның және басқа ғылымдардың ролі туралы пікір таласқа шақыру.

Физика және астрономия декадасын өткізу


Физика декадасын күндері өткізілетін іс-шаралар, ерекше есте қалатындай болу керек. Оқушылар арасында физика және астрономия білімін насихаттау және мейлінше қабілеттерді айқындау қажет.

Байқаулар.

1. Крассвордтар мен ребустар байқауы. 8-9 сыныптардың үй тапсырмасын орындау формасының бірі крассвордтар, сканвордтар, ребустар құрастыру болуы мүмкін. Мұндай жұмыстардың маңызды қорытындысы оқушылардың физикалық терминдерді, ұғымдарды, атауларды анық түсініп және саналы меңгеру болып табылады. Ойындарды өз бетінше құрастыру күшті оқушылардың өзін оқулыққа бірнеше рет қарауға мәжбүр етеді. Ең маңыздысы оны оқушы өз еркімен істейтіндігінде. Дұрыс құрастырылған кроссвордтар мен ребустарға мұғалім журналға баға қояды, ал ең жақсыларын (10-15) байқауға іріктеп алады.

Осы байқауды өткізуге жауапты штаб мүшесі іріктен алынған материалдарды безендіруін басқарады. Таңдап алынған крассвордтар мен ребустарды құрастырушының аты-жөнін көрсетіп мектеп каридорына іледі. Оқушылардың үзілісте және сабақтан соң шешуге мүмкіндіктері болады. Егер шешу тез өтсе ( 2-3күн) крассвордтар мен ребустарды басқасымен ауыстырып қойса болады.

2. Рефераттар байқауы (9-11 сыныптар үшін). Декаданы өткізуден 7-10 бұрын әдебиеттер тізімі көрсетілген рефераттар тақырыбы мен қабылдау мерзімі декада стендіне ілінеді. Оқушылар тақырыпты қалаулары бойынша таңдайды, бірақ мұғалім сыныптарда оқушының назарын әр бір тақырыптың маңыздылығына аудара отырып, түсіндіру қажет.

Оқушыларға ұсынылған тақырыптардағы сұрақтар кең ауқым қамту керек, яғни тек қана физика және астрономияға емес, тарихты, әдебиетті, биологияны қызықтыратын оқушылардың сұранысына жауап беру керек. Бұл жағдайда оқушылардың физика және астрономияға қызығушылығын өзінде бар басқа пәнге қызығушылығы арқылы тәрбиелеуге мүмкіндік жасалады.

Белгіленген мерзімде байқауға жауапты штаб мүшелері авторлардан безендендірілген рефераттарды қабылдайды. Бір-екі күннен кейін байқау жеңімпаздарын хабарлайды. Мазмұны мен безендендірілу бойынша ең жақсы жұмысты стендке іліп қояды және мектеп кітапханасына тапсырады. Сөйтіп барлық оқушылардың өздерінің жолдастары жазған қызықты жұмыспен танысуларына мүмкіндігі болады. Кітапханадағы рефератпен жұмыс істеу оның мазмұнына және рефераттың авторларын беделіне талап айтарлықтай күшейді.

Рефераттардың мүмкін тақырыптарын келтіреміз:

9 сынып

Ауырлық күшінің әсерінен қозғалыс.

Ньютон заңдарын қолдану шекарасы.

Механикадағы сақталу заңдары.

Ғарыштық ұшулардың физикалық негіздері.

Физика және климаттық өзгерісі.

10 сынып

М.В.Ломоносов-ұлы орыс ғалымы.

Температура ұғымы және температуралық шкалалар.

Термодинамгиканың ІІ бастамасы және Әлемнің жылулық қоспасы.

Қатты денелердің электр өткізгіштігінің зоналық теориясы.

Заттың магниттік қасиеттері.

Биофизика-ХХ ғасыр ғылымы.

11 сынып

Механикалық тербелістерді ғылымда және техникада қолдану.

Радионы ойлап табу тарихы.

Электрондық микроскоп.

Салыстырмалық теориясының парадокстары.

Э.Фермидің өмірі мен шығармашылығы.

Физикадағы жаңа дәуір.


3. Ғылыми жобалардың байқауы (7-10 сыныптар үшін). Бұл байқаулар мақсаты-оқушылардың шығармашылық белсенділігін және өз бетіншелігін дамыту,оларды зерттеушілік жұмыспен таныстыру.

Физика және астрономия декадасы бойында мектепте ОКБ-1 (Оқушылардың конструкциялық бюросы мен мектеп номері) декада штабының, мүшелерінің басшылығымен жұмыс істейді. Физика мұғалім әр бір сыныпта жобалар байқауға қатысатындығы жөнінде. Байқау шарты қандай екендігін түсіндіреді. Оқушылар үйде өз қалауы бойынша ғылымы өнертапқыштықпен айналысады. Ол нақты және фантастикалық жобалар болуы мүмкін. Жобаның эскизі, суреті немесе сызбасын өнертапқыш ОКБ-да үлкен парақты белгіленген мерзімде көрсету қажет. Байқауға тапсырылған жобаларды мектеп оқушылары таныстыру үшін ОКБ-ң арнайы стендінде ілінеді.

Декада соңында ең қызық іс-шаралардың бірі-жобаларды қорғауды өткізуге болады. Қорғау үшін он бірінші сыныптардан әділ қазылар тағайындалады.

Қорғау келесі түрде өтеді:

  1. Жоба авторы өзінің жобасының мәнімен таныстырды.

  2. Жобаның оң және теріс жақтарын көрсететін оппоненттің сөзге шығуы-2 мин (оппонентті өнертапқыштың өзі таңдайды, ал ОКБ-ң басшысы бекітеді)

  3. Жоба авторына сұрақтары және жауаптары-1-2 мин

Іріктелген барлық жобаларды әділ қазылар талқылаған соң жобаны практикалық құндылығына ерекше көңіл аударып олардың әрқайсысын бағалап, жеңімпаздарды марапаттайды.

Ғылыми жобаны құрастыру-шығармашылық және көлемді еңбек сондықтан барлық авторларды марапаттау педагогикалық дұрыс болады (1-ші орын-біреу, 2-ші орын-екеу, 3-ші орын-үшеу, қалғандары-жұбаныш сыйлықтары). Сыйлық ОКБ жобалар байқауы жеңімпаз-автордың есінде қалатындай болу керек.

Мектеп оқушылары орындайтын жобалары мысалы: төмендегіше болады.

Ұшақ-сүңгуір қайық.

Альфа-1 ай станциясы.

Фотонды қозғалтқышты ракета.

Судың электролиз реакциясына негізделген суасты кастюм.

Берілген климатқа арналған мейлінше ыңғайлы ерекше формалы үй.

Егер жобаны қорғау отырысына жоғары оқу орындарына ғалымдар қатыстырылса қорғау оданда қызығыр-ақ өтеді.


Мектеп-оқушыларының ғалым-физиктермен, астрономдармен кездесуі.


Мұндай кездесудің мақсаты әр түрлі болуы мүмкін: мектеп бағдарламасы бойынша лекция; ғылым қазіргі жетістіктері жөніндегі лекция; қонақтардың өздерінің кәсібі туралы, физика заңдарының өндірістегі қолданылуы туралы, астрономия саласының дамуы туралы әңгімелеу.

Әртүрлі кәсіп иелерінің «Дөңгелек столда» кездесуі өте қызық болуы мүмкін. Мұндай кездесуге оқушылар алдын-ала дайындалу керек: қонақтарға сұрақтар ойлап табу керек, солармен бірге көрнекті құралдардың қажеттілігін талдау қажет (плакаттар, кестелер, диафильмдер, құралдар, бір бөлігін шақырылғандар алып келуі мүмкін). Физика және астрономия туралы «еркін» сұхбаттасу мүмкіндігі оқушыларды қызықтырады.

Физика және астрономия бойынша көрме.


Декаданың алғашқы күнінен–ақ мектеп кітапханасында «Физикадан не оқу керек?» немесе «Аспан денелерінен жаңа кітаптар» атты көрмелер ұйымдастырған жөн. Кітапхананың кіреберісіне хабарландыру іліп қою қажет: «Бұл жерде физика және астрономия бойынша көрме ашылды». Егер кітаптар жабық витриналарға орналастырылған болса, онда аннотациялар құрастырып міндетті түрде кітаптардың жанына қойылған дұрыс. Көрмеде кітаптардың мазмұнымен таныс және оқушыларды қызықтыра білетін декада штабының мүшелері кезекшілік ету қажет.


Физика және астрономия кабинеттерінде ашық есік сағаттары.


Оушылардың физикалық және астрономиялық эксперименттерге қызығушылығы өте жақсы екендігі кеңінен белгілі. Физика және астрономия декадасы барысында бұл қызығушылықты физика және астрономия кабинетінде ашық есік сағатын өткізу уақытында дамытуға мүмкіндік туады.

Бұл іс-шараны барлық қалаушы 7-10 сынып оқушылары үшін алдын ала құрылған кестеге сәйкес (декада уақытында 3-4 рет) сабақтан соң өткізген дұрыс.

Алдын-ала тәжірбиелер тізімі жасалады, мүмкіндігінше мектеп физика курсының бір тақырыбына қатыстылары бір серияға біріктіріледі. Сериядағы тәжірбиелер саны 30-40 мин есептелгені жөн.

Табиғаттың шын заңдарын ашатын тәжірбиелердің мәні үлкен болады. Сондықтан қызықты тәжірбиелерге физикалық және астрономиялық құбылыстардың мәнін ашатын тәжірбиелерді де қосу қажет.

Тәжірбиелердің бір сериясына жеке стол қойған жөн. Тәжірбиелерді оқушылар 2-3 адамнан тұратын оқушылар тобы орындауы мүмкін.

«Тәжірбиелер сағатын» 11 сынып оқушылары ұйымдастырады. Олардың міндетіне тек тәжірбиелерді дайындау және физика және астрономия кабинетіне кезекшілік ету кіреді. Әрбір оқушыға тәжірбиелердің бір немесе екі сериясы бекітіледі. Ол төменгі сыныптарға көмектеседі, оларға тәжірбиенің мәні бойынша сұрақтар қояды және кабинеттегі тәртіпке қарайды.

Ашық есік сағатын арналған мүмкін тәжірбиелерден мысал келтірейік:

1-ші серия. Денені қыздырған кезде ұлғаю (металдардың ұлғаю, жылу релесінің жұмысы, судың айрықша қасиетін демонстранциялау).

2-ші серия. Дененің молекулалық құрылысы (дененің бөліктерге бөлінуі, сынаптың шала тотығының жетілуі, броундық қозғалысты бақылау, сұйықтардағы және қатты денелердегі молекула арасындағы тартылыс)

3-ші серия. Атмосфералық қысым (ауаның салмағы, ауа насосының қоңырауымен тәжірбие, магдебург жарты шарларымен тәжірбие, «ауыр газет» тәжірбиесі)

4-ші серия. Қатты және сұйық денелердің қысымы (қысымның тіреуіш ауданына тәуелділігіне демонстрнациялау, Паскаль шарымен тәжірбие).

5-ші серия. Дененің инерциясын иллюстрациялаушы тәжірбиелер.

6-шы серия. Салмақсыздық және асқын салмақ (сумен тотырылған, тесігі бар теннис шаригінің құлауымен тәжірбие; денені диномометрмен көтеру мен түсіру, катушка құлаған кезде жіптің таралуының тоқтауы, құлау уақытында жанудың тоқтауы).

7-ші серия. Денелердің жүзуі (картошканың тұзды суда жүзуі, кері итеруші күштің дененің көлеміне тәуелділігі, Архимед шелегімен тәжірбие).

8-ші серия. Дененің жылу өткізгіштігі (металдар мен диэлектриктердің жылу өткізгіштіктерін салыстыру,судың, шынының ауаның нашар жылуөткізгіштігі, «жанбайтын» қағазбен тәжірбие, судың қағаз ыдыста қайнауы).

9-шы серия. Механикалық және жылулық процестердегі энергияның сақталу заңы (қайнаған судың буымен тығынның ұшып шығуы, соққы кзінде дененің қызуы).

10-шы серия. Денелердің электризациясы (эбонит және шыны таяқшаның, тарақтың, металл және ағаш сызғыштың, сұйықтың электризациясы; электрометрлермен электрленбеген денелердің өзара әсерінің тәжірбиесі).

11-ші серия. Электрофор машинасымен тәжірбиелер (ұшқын разрядты алу, «сұлтандармен» тәжірбие, электростатикалық маятниктің қозғалысы, адамның электризациясы).

12-ші серия. Магниттік құбылыс (тұрақты магнитпен тәжірбие; жасанды тұрақты магнит дайындау).

13-ші серия. Электро және радиоконструкторлармен жұмыс (бірнеше стол).

14-ші серия. Фоторелемен жұмыс (фотоэлементтің әрекеті, фотокедергі, шамды ажыратып қосатын фотореленің жұмысы, деталдардың фотосанағышы, деталдардың сапасын анықтау).


Үй лабораториясын қолдану


6-9 сынып оқушыларына физика және астрономия декадасы басталуына екі апта бұрын тек қана қолда бар құралды қолданып, физика және астрономия курсының кез-келген тақырыбы бойынша үй лабараторияларын ұйымдастыру тапсырылады.

Декада уақытында оқушылардың үйде жасаған лабараторияларын демонстрациялауға және оларды өздері түсіндіруіне бір күн беріледі.

Үйде ең қызық тәжірбие дайындаған оқушы жеңімпаз саналады.

Үй лабараториялары тек сыныптан тыс сабақтар үшін ғана емес, физика сабақтары үшінде пайдалы болып табылады. Оқушылардың тапсырмасын оларға көрнекі құралдар мен приборлар жасауды тапсырып жайлап қиындатуға болады.

Оқу жылының соңында оқушылардың шығармашылығына көрме ұйымдастырған жөн.

Соңғы уақыттарда көрмеге балалар шығармашылығының тек қиын, күрделі моделдерін көрсету керек деп есептеліп жүр. Мұндай ережені дұрыс ден санауға болмайды. Балалардың техникалық шығармашылығын дамыту физика кабинетіне өте қажетті онша қиын емес құралдар мен қондырғыларды жасаудан басталады. Үй лабараторияларының байқауы мұғалімге қабілетті оқушыларға көмектеседі.


Мектеп радиоторабының жұмысы


Физика және астрономия декадасының барысында 2-3 рет ғылыммен техниканың жаңа жетістіктері туралы, физикадан қызықты кітаптар туралы, мектеп физиктерінің жетістіктері туралы радиохабар ұйымдастыруға болады.


Физика және астрономия декадасының қорытынды бөлімі


Физика және астрономия декадасының қорытындысын кез-келген үлкен қызықты физикалық іс-шарада: кеш, КВН, конференция әр түрлі физикалық және астрономиялық сайыстар және т.б. жасауға болады. Бұл іс-шараның бірінші бөлімінде байқаулардың жеңімпаздарын, декадаға белсенді қатысқан сыныпты хабарлап, оларды марапаттау қажет. Егер декаданың аяқталуы жөнінде директордың бұйрығы оқылса жақсы болады. Бұл алғыс айтылған оқушылардың тізімі көрсетілген бұл бұйрықтың көшірмесін үлкен параққа жазып мектептің хабарландыру тақтасына іліп қойған жөн.

2.2. “Физика және астрономия озаты” –интелектуалды олимпиада


Мектептерде ұйымдастырылатын сабақтан тыс пәндiк iс-шаралардың алар маңызы зор. Пәндiк iс-шара оқушылардың физика және астрономия пәнiнен алған бiлiмдерiн тереңдетедi, пәнге деген қызығушылығын және танымдық қызметiнiң белсендiлiгiн арттырады [4]. Төменде “Физика және астрономия озаты” деп аталатын пәндiк iс-шараның жоспарын ұсынып отырмыз. Бұл iс-шара үш кезеңнен тұрады. Бiрiншi кезеңде мектеп көлемiнде жоғарғы сыныптар арасында физика және астрономия пәнi бойынша тест өткiзiледi. Тест тапсырмаларынан жоғары ұпай жинаған бiрнеше оқушы iрiктелiп алынады. Екiншi кезеңде iрiктелiп алынған оқушылар қиындатылған есептерден тұратын тапсырмалар орындайды. Бұл кезеңнен жоғары нәтиже көрсеткен алты оқушы таңдап алынады да, олар қорытынды кезеңге қатысады. үшiншi қорытынды кезеңде таңдап алынған алты оқушыдан екi команда құрылады да, осы командалардың арасында интелектуалдық олимпиада ұйымдастырылады. Интелектуалдық олимпиада үш турдан және капитандар сайысынан тұрады:

1- тур.”Жорға“. Әр командаға 15 сұрақтан қойылады да, оған 200 секунд берiледi. Сұрақтар екi (дұрыс және дұрыс емес ) жауаптан тұратын тест түрiнде дайындалады. Әр сұрақ екi жауабымен оқылады, ал ойыншы екi жауаптың дұрысын таңдайды. Таңдаған жауабы дұрыс болса, ойынды бiрiншi ойыншы жалғастыра бередi. Қателескен жағдайда ойынды келесi ойыншы бiр саты алдынғы сұраққа жауап беру арқылы жалғастырады. Сөйтiп 15 сұрақ аяқталғанша ойын осылай жалғаса бередi. Ойыншылар 15 сұраққа 200 секундтан қаншалықты аз уақыт жұмсаса үнемделген әрбiр секунд ұшiн 10 ұпай береледi.

2-тур. “Ойлан, тап”. Тақтада нөмiрленген 6 конвертке жасырылған сұрақтың бiреуiн 1-тур нәтижесi бойынша көп ұпай жинаған команда бастап таңдайды. Әр сұрақтың дұрыс жауабы ұшiн 500 ұпай берiледi. Қиналған жағдайда екi көмек алуға болады, әрбiр көмек ұшiн 100 ұпай қысқартылады. Көмек қосымша мәлiметтер түрiнде берiледi. Сұраққа жауап 1,5 минут iшiнде берiлуi керек. Көмек алған жағдайда 20 секунд уақыт берiледi. Сұраққа таңдаған команда жауап бере алмаса, сол сұрақты келесi команда жауап беруiне болады. Бұл турдың сұрақтары жауабы анық және қызықты болғаны жөн. Кейбiреуiн қара жәшiк тұрiнде де беруге болады.

3-тур. “Нар тәуекел”. Конвертке 4 сұрақ жасырылады. 2 тур нәтижесi бойынша жоғары ұпай жинаған команда нөмiрленген конверттiң бiрiн таңдайды. Конверт ашылады, онда сұрақта кездесетiн кiлттiк сөздер мен 100, 200, 300, 400, 500 деген ұпайлар жазылған. Бұл ұпайлар сұрақтың деңгейiн бiлдiрмейдi конвертте бiр ғана сұрақ бар. Ойыншылар бастапқыда ұпайды таңдайды. Содан соң сұрақ оқылады. Алайда сұраққа дұрыс жауап берiлмесе команданың жинаған ұпайынан қанша ұпай таңдаса соншасы қысқартылады. Мұндай жағдайда екiншi командаға сұраққа жауап берем десе өз еркi, егер дұрыс жауап бере алмаса бұл командадан да сонша ұпай қысқартылады. Көмек сұрауға болады, бiрақ бұл кезде 2-турдағыдай таңдаған ұпай қысқартылмайды. Бұл турға мүмкiндiгiнше эксперименттiк сұрақтар құрастырған жөн.

Капитандар сайысы: Екi капитанға бiрдей саны шектеулi латын әрiптерi мен символдар берiледi. Капитандар сол әрiптерден 2 минут iшiнде физикалық формулалар құрастыру керек. Әр бiр дұрыс формула ұшiн 100 ұпай саналады.

Сонымен бiрге интелектуалды олимпиаданың арасында көрермендермен ең үздiк тәжiрибе байқауы да өткiзiледi. Онда көрермендердiң үйде дайындаған қызықты физикалық және астрономиялық тәжiрибелерi көрсетiледi. Төменде интелектуалдық олимпиаданың жоспарын ұсынамыз:

1-жүргiзушi: Армысыздар, құрметтi ұстаздар, оқушылар және қонақтар. Көптен күткен дәстүрлi, интеллектуалды шоуымыз “Физика және астрономия озаты” сайсына қош келiпсiздер

2-жүргiзушi: Жеңiстiң 72 жылдығына арналған сайысымызды ашып беру үшiн мектеп директорын (аты-жөнi таныстырылады) ортаға шақырамыз.

1-жүргiзушi: Өздерiңізге белгiлi бүгiнгi интеллектуалды шоу “Физика және астрономия озаты” сайысы үш кезеңнен тұрды. Оның бiрiншi кезеңiнде физика және астрономия курсы бойынша тест, ал екiншi турда қиындатылған есептер шығару болды. Осы турлардан бүгiнгi сайысымызға жоғары нәтиже көрсеткен алты оқушы iрiктелiнiп алынып, ойын ережесi бойынша олар екi топқа бөлiндi. Олар “Термодинамика” және “Аспан денелері” топтары. Бүгiн осы екi топтың бiлiм сайысына куә боласыздар.

2-жүргiзушi: Бiреуiнiң жүрегiнiң түгi бар,

Бiреуiнiң арқалап жүрген қоғамдық жүгi бар.

Бiреуiнiң күмбiрлеген кұйi бар,

Ендi бiреуiнiң қатты iстейтiн миы бар.

Ендiгi кезекте iрiктеу кезеңдерiнен өзiнiң бiлiмдiлiгiмен, алғырлығымен, тапқырлығымен танылған оқушыларды ортаға шақырайық.

Ортамызда Термодинамика және Аспан денелері тобы. Ал ендi топ ойыншыларымен таныс болайық. Танысуды Термодинамика тобынан бастайымыз.

1-жүргiзушi: Бүгiнгi интеллектуалды шоуымызға әдiл төрелiк ететiн әдiлқазылар алқасымен таныстырып өтейiк. (жүргiзушiлер кезектесiп әдiл қазылармен таныстырады)

1-жүргiзушi: Сайыс-толқын айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да , жат дауыс та

Бiреу озып келедi қатарынан

Бiреу кейiн жатқанда аптығыста

2-жүргiзушi: Сайыс - толқын, жатқандай асып,тасып,

Бiреу мығым, бiреулер шалыс басып,

Бұл сайыста байқалар ғұлама ойлар

Жеңсең де, жеңiлсең де қалма жасып.

Сiздермен бiрлесе отырып, интеллектуалды шоу “Физика және астрономия озаты” сайысын бастауға рұқсат етiңiздер.

1-жүргiзушi: Ең қиыны жарыстың жорға келдi,

Мықтылары қалыпты, жеңсiн ендi,

Тез жауап бер, ойланып тұрып қалмай

Осы ойыннан көрейiк ерен ердi.

2-жүргiзушi: Сонымен 1-тур жорға деп аталады (жорғаның шарттарымен таныстырырылады). Олай болса, ойынымызды бастау үшiн капитандарды ортаға шақырамыз. (1-жүргiзушi жеребе тастап, ойынды бастайтын топты анықтайды. Анықталған топ сұрақтың нұсқасын таңдайды.)

2-жүргiзушi: (Таңдаған сұрақтарды оқиды) 1-тур

1-нұсқа

1. Үдеу қандай шама?

А. Векторлық В. Скаляр

2. Изобаралық процесте не тұрақты?

А. Қысым В Көлем

3. Жақыннан көргiштiктi жою үшiн қандай линза тағу керек?

А. Жинағыш В. Шашыратқыш

4.Лоренц қай елдiң физигi?

А.Немiс В.Голландия

5. 1 мегаватта қанша ватт бар?

А.10-ң 9 дәрежесi В. 10-ң 6 дәрежесi

6.Салыстырмалы ылғалдылықты өлшейтiн құрал?

А.Манометр В.Психрометр

7. Бiрiншi ғарыштық жылдамдық неге тең?

А. 7,9км/с В. 11,2км/с

8. Магнит ағынының өлшем бiрлiгi.

А. Тесла В.Вебер

9. Призмадан ақ жарық өткенде ең аз ауытқитын түс?

А.Күлгін В.Қызыл

10. Магнит өтiмдiлiгi бiрден кіші заттар қалай аталады?

А.Диамагнеттиктер В.Парамагнеттиктер


2-нұсқа

1.Жол қандай шама?

А.Векторлық В.Скаляр

2. Изохоралық процесте не тұрақты?

А.Қысым В.Көлем

3. Магнит өтiмдiлiгi бiрден үлкен заттар қалай аталады?

А.Диамагнеттиктер В.Парамагнеттиктер

  1. Резерфорд қай елдiң физигi?

А. Ағылшын В. Американ

5. 36 км/секундта неше метр/сек бар?

А. 10м/с В.36000 м/с

6. Екiншi ғарыштық жылдамдық неге тең?

А.11,2км/с В.16,7км/с

  1. Алыстан көргiштiктi жою үшiн қандай линза тағу керек?

А. Жинағыш В. Шашыратқыш

  1. Призмадан ақ жарық өткенде ең көп ауытқитын түс?

А.Сары В.Күлгін

  1. Кiмдi Максвелл Электрдiң Ньютоны деп атаған?

А.Ампер В. Ом

  1. - бөлшек дегенiмiз..

А. Элекрон В.Гелий ядросы

1-жүргiзушi: Кешiмiз жалғасады тағаттасақ,

Шыңымыз биiк болар, бiлiм қусақ

Өмiр деген өнермен ұйлеспей ме?

Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ .

2-жүргiзушi: Әдiлқазылар алқасы 1-турдың нәтижесiн дайындап болғанша ән тыңдаңыздар (әннiң аты мен оны орындаушыны хабарлайды).

1-жүргiзушi: 1-тур нәтижесiн бiлу үшiн сөз әдiлқазылар алқасына берiледi.

2-жүргiзушi: Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған қос командаға сәт сапар тiлей отырып “Ойлан да, тап” турын бастаймыз (2-турдың шартымен таныстырады). Ойын шарты түсiнiктi болса, ойынымызды ұпай саны жоғары топтан бастайық. Ұпайы жоғары топ сұрақ таңдайды.

2-тур

1.Темір өзекшесi бар катушка қалта фонарының шамымен айнымалы ток көзiне тiзбектей қосылған. Егер катушканың темiр өзекшесін алып тастаса шамның қызуы артады.

Сұрақ: Неліктен артады ?

1-көмек: Катушканың индуктивтiгi магнит өтiмдiлiгiне байланысты.

2-көмек: Шамның қызуы тiзбектегi ток күшiне тәуелдi.

Жауабы: Өйткенi өзекше алынған кезде индуктивтiк кедергi азаяды да тiзбектегi ток күшi артады, ал шамның қызуы ток күшiнiң квадратына пропорционал.

  1. Көзi дұрыс көретiн адамның ең жақсы көру қашықтығы 25 см.

Сұрақ: Адам өзiнiң кескiнiн анықтап көру үшiн жазық айнаны қандай қашықтықта ұстауы керек?

1-көмек: Адам мен оның кескiнi айнаға қатысты симметриялы орналасады.

2-көмек: Кескiн мен нәрсенiң қашықтығы ең жақсы көру қашықтығына тең.

Жауабы: 12,5 см

3. Параметрлерi бiрдей екi маятниктiң бiрi көп қабатты үйдiң бiрiншi қабатында, ал екiншiсi 20-шы қабатында тербеледi. Бiрiншi қабаттағы маятниктiң тербелiс периоды аз. (Ауаның кедергiсi ескерiлмесiн.)

Сұрақ:Неліктен олай болады?

1-көмек: Тербелiс периоды еркiн түсу үдеуiне кері пропорционал.

2-көмек: Еркiн түсу үдеуi биiктiкке тәуелдi болады.

Жауабы: Өйткенi еркiн түсу үдеуi биiктiк артқан сайын азаяды, ал тербелiс периоды түбiр асты үдеуге керi пропорционал.

4. Электр плитасын жөндегенде оның спиральi алғашқы ұзындығынан қысқарған.

Сұрақ: Плитаның қуаты қалай өзгередi?

1-көмек: өткiзгiштiң кедергiсi ұзындыққа тәуелдi болады.

2-көмек: қуат кедергіге кері прапорционал

Жауабы: Артады, өйткенi кедергi ұзындық қысқарған кезде азаяды.

5. 1821 жылы Майкл Фарадей өзінің күнделігіне “Магнетизмді электрге айналдыру керек” деп жазды. 10 жыл өткен соң бұл мәселені шешті.

Сұрақ: Бұл құбылыс қалай аталады?

1-көмек: Сол уақытта бұл жаңалықтың ашылуына швейцария ғалымы

Колладаның тәжірибесі кедергі болды.

2-көмек: Анымалы магнит өрісінде орналасқан өткізгіш контурда электр

тогының пайда болуы.

Жауабы: Электромагниттік индукция

6. Мына конвертте ұлы физик ғалымның портретi жасырынған.

Ол 1879 жылы Германияда дүниеге келiп 1955 жылы өмiрден өткен, үкiмет билiгiн Гитлер ұстағаннан кейiн Америкаға қоныс аударған. 1945 жылы Америка президентi Рузвелтке атом бомбасының ауыр зардаптары туралы хат жазған ХХ ғасырдың Ұлы физигi.

1-көмек: Израиль халқы оған өз елiнiң президентi болуға ұсыныс жасаған.

2-көмек: Бұл ғалым фотоэффектi құбылысының теориясын жасаған.

Жауабы: Эйнштейн

1-жүргiзушi: Әдiлқазылар алқасы 2-турдың нәтижесiн есептеп болғанша ән тыңдаңыздар (әннiң аты мен оны орындаушыны хабарлайды).

2-жүргiзушi: Физика едi өмiрдiң,

Асыл бiр ұлкен саласы.

Жаңарды сол физикамен

Ғылым мен техника саласы .

1-жүргiзушi: Физика патшалығы өмiр сұрген

Заңдары салыныпты дана тiлмен

Патшалыққа саяхат жасай жұрiп,

Әр адам табиғаттың сырын бiлген.

2-жүргiзушi: Физик, ғалым, астрономдар өтiптi,

Қиялмен көкке самғап жетiптi.

Табиғаттың саясында тербелiп,

Заңдарын мұра етiп кетiптi.

1-жүргiзушi: Ортаға мектебiмiздiң өнертапқыштарын шақырайық.

Ең үздiк тәжiрибе” сайысы. (көрермендер үйде дайындаған тәжiрибелерiмен ортаға шығып, орындайды).

2-жүргiзушi: “Ән – көңiлдiң ажары” демекшi, келесi кезекте тамаша бiр ән (әннiң аты мен оны орындаушыны хабарлайды).

1-жүргiзушi: Көрермен жиналған бұл тамашаға

Құр қарап, тыныш отыру жараса ма?

Cыныптас, туыс, досқа, танысқа емес,

Соқ қолыңды бiлiмдi жас талапқа.

2-жүргiзушi: Олай болса келесi турымыз “Нар, тәуекел” деп аталады.

Ойыншыларымызға кiлттiк сөздердi мұқият оқып, ұпайды тиiмдi таңдай бiлуiне кеңес беремiз. Өйткенi бұл турда жинаған ұпайларыңды азайтып алуларың мүмкiн (3-турдың шартымен таныстырады). Олай болса, iске сәт

Ұпайды көп жинаған топ ойынды бастайды.

3 – тур

  1. Кiлт сөздер: Ағаш бiлеуше, мензурка, динамомтер .

100 200 300 400 500

Сұйықпен толтырылған мензурка мен ағаш бiлеуше, динамометр, жiп берiлген.

Сұрақ: Сұйықтың тығыздығын табыңдар.

1-көмек: Архимед күшi батпайтын денелердiң салмағына тең.

2-көмек: Ағаш бiлеушенiң салмағы ығыстырылған сұйықтың салмағына тең.

Жауабы:

көлем жүзiп жүрген ағаш ығыстырған сұйықтың көлемi арқылы табылады. Р ығыстырылған сұйықтың салмағы. Ол ағаштың салмағына тең. Ағаштың салмағы динамометрмен анықталады.

2. Кiлт сөздер: Эбонит таяқша, заряд, жүн.

100 200 300 400 500

Эбонит таяқша, жүн берiлген. Эбонит таяқшаны жүнге үйкеген.

Сұрақ: Таяқшаның массасы өзгередi ме?

1-көмек: Таяқша зарядталады

2-көмек: Таяқша терiс зарядталады.

Жауабы: Аздап артады.

3. Кiлт сөздер: Шамдар, энергия, өткізгіштер.

100 200 300 400 500

Ток көзі, екі шам, кілт, өткізгіштер берілген. Шамдарды бір-біріне параллель қосып, ток көзіне кілт арқылы жалғаңдар.

Сұрақ: Егер шамның біреуін өшірсе, онда электр тізбегіндегі энергия шығыны қалай өзгередi?

1-көмек: Электр шамдардағы кернеуi өзгермейдi.

2-көмек: Тiзбектiң кедергiсi артады.

Жауабы: Энергия шығыны азаяды

4. Кiлт сөздер: Гальванометр, өткiзгiш, тербелiс .

100 200 300 400 500

Екi гальванометр клеммаларын өткiзгiшпен қосып, құралдардың бiреуiн шайқап, тiлiн тербелiске келтiредi. Сол кезде екiншi құралдың да тiлi тербеле бастайды.

Сұрақ: Екiншi гальванометрдiң тiлшесiнiң тербелу себебiн түсiндiрiңдер.

1-көмек: Галванометр тiлшесi магнит өрiсiнде орналасқан өткiзгiш рамаға жалғанған.

2-көмек: Раманы қиып өтетiн магнит ағыны өзгередi.

Жауабы: Индукциялық ток пайда болады.

1-жүргiзушi: Әдiлқазылар алқасы 3-турдың нәтижесiн есептеп болғанша ән тыңдаңыздар (әннiң аты мен оны орындаушыны хабарлайды).

2-жүргiзушi: Бiлiм деген биiк шың,

Бақытқа сенi жеткiзер

Бiлiм деген ақылшың,

Қиындықтан өткiзер

1-жүргiзушi: Жастықтың отты қайдасың,

Жүректi түртiп қозғамай.

Ғылымның бiлiп пайдасын

Дүниенiң көркiн болжамай

-деген Ұлы Абай атамыздың өлең жолдары сайыстың ең соңғы туры “Капитандар сайысына” жiгер бергендей. Ал онда бiз, команда капитандарын:

Қандай сынақ болсадағы берiспе,

Әрқашан да үмiткер бол жеңiске

- деп ортаға шақырайық.

2-жүргiзушi: Капитандар сайысының ережесiн таныстыра кетейiк (ережемен таныстырады). Капитандар 2 минут iшiнде өздерiнiң алдындағы магниттiк тақтаға формулалар құрастырады.

1-жүргiзушi: Әдiлқазылар алқасы сайыс қорытындысын есептеп болғанша ән тыңдаңыздар (әннiң аты мен оны орындаушыны хабарлайды).

2-жүргiзушi: Бүгiн көрiп, тамашалаған интеллектуалды олимпиада, дәстүрлi “Физика және астрономия озаты” сайысы өз мәресiне жеттi. Қорытынды жасау үшiн, яғни жеңген команданы, “ең үздiк тәжiрибе” сайысының жеңiмпазын және “ең үздiк ойыншыны” анықтау үшiн сөз әдiлқазылар алқасына берiледi.

2.3. Ең үздік физик – пәндік сайыс.


«Ең үздік физик» – атты пәндік сайысын физика және астрономия декадасының аяқ жағында өткізген жөн. Бұл сайысқада іріктеуді жоғарыдағы тақырыпта айтып өткендей етіп жасаған дұрыс. Сайысты Х-ХІ сынып оқушылар арасында ұйымдастырылады.

1-жүргiзушi: Қош келіпсіздер құрметті қонақтар, ұстаздар және жанкүйерлер мен мектеп оқушылары «Ең үздік физик» атты кешімізге қош келіпсіздер!

Бүгінгі кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргiзушi: Армысыздар қадірменді көрермен, құрметті қонақтар, жанкүйерлер! Бүгін кезекті «Ең үздік физик» байқауын өткізіп отырмыз. Сайыстың бастапқы кезеңіне 60 оқушы қатысып, 20 оқушы іріктеліп шықты. Солардың арасынан үздік шыққан 5 оқушы бүгінгі сайысқа жолдама алған болатын. Бүгін сіздердің алдарыңызда жеңімпаздар анықталуы керек. Барлықтарыңызды бүгінгі сайыстың жанкүйері болуға шақырамыз.

1-жүргiзушi: Бүгінгі кешіміздің ашылу сөзін мектеп директорына береміз.

2-жүргiзушi: Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй

- демекші, қазіргі орындалатын ән:

1-жүргiзушi: Бүгінгі дәстүрлі мерекеміздің құрметіне физика және астрономия декадасының қорытындысы жөнінде сөзді мектебіміздің физика және астрономия пәнінен әдістемелік бірлестіктің жетекшісіне береміз.

2-жүргiзушi: Физика және астрономия бірлестігінің бүгінгі күнгі жеткен жетістіктері мен жасалып жатқан жұмыстары туралы қысқаша бейнеклипті тамашалаңыздар!

1-жүргiзушi: Кешіміз жалғасады тағаттасақ,

Шыңымыз биік болар білім қусақ.

Өмір деген өнермен үйлеспей ме?

Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ

- дей отырып келесі кезекті әнге береміз. Ән “Балалық шаққа саяхат”

2-жүргiзушi: Мектеп оқушыларының қатысуымен қысқаша сахналық қалжыңымызды тамашалаңыздар.

1-жүргiзушi: Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер

деп бүгінгі сайыскерлерімізді сахна төріне шақырамыз.

2-жүргiзушi: Ал енді сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Жорғаға түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жана ма?

Білім мен өнер жарыспай

Тәрбие, тәлім табар ма?

Бұл жорға ойдың жорғасы

Кім жүйрік ойға, сол алда,- демекші, жорға сайысының шартымен таныстырып өтейік. Бұл сайыста алғырлық, шапшаңдық талап етіледі. Мұнда әр сайыскерімізге сұрақтар қойылады 1 мин ішінде мүмкіндігінше көп сұраққа жауап беру керек. Аз ұпай жинаған екі ойыншы ойыннан шығарылады. Ал енді сайысымызды қандай ретпен бастау керектігін анықтап алайық. Ол үшін жеребе өткіземіз.

1-жүргiзушi: сұрақтар:

І нұсқа

1. Күштің өлшем бірлігі.

(Ньютон)

2. Массаның жылдамдыққа көбейтіндісі.

(импульс)

3. Өткізгіштің ұзындығын арттырса кедергісі қалай өзгереді?

(артады)

4. Протонның зарядының таңбасы.

(теріс)

5. Электромагниттік индукцияны кім ашты?

(Фарадей)

6. Массасы 1кг заттың салмағы.

(10 Н)

7. Ньютон қай елдің физигі?

(ағылшын)

8. Магнит ағынының өлшем бірлігі

(Вебер)

9. Электронды кім ашты?

(Томсон)

10. Бір бөлінген период қандай шама?

(жиілік)

11. Таудың басында қайнау температурасы қалай өзгереді?

(азаяды)

12. Ток күшінің кедергіге көбейтіндісі

(кернеу)

13. Зарядтың қанша тегі бар?

(2)

14. Металдарда токты не тасиды?

(электрон)

15. Жарықтың вакуумдағы жылдамдығы

(300 000км/с н/е 3*108м/с)

16. Электр тогының айналасында қандай өріс болады?

(магнит)

17. Ток күшінің өлшем бірлігі

(Ампер)

18. Катушкадағы ток күшін арттырса индуктивтігі қалай өзгереді?

(өзгермейді)

ІІ нұсқа

  1. Жұмыстың өлшем бірлігі

(Джоуль)

  1. Күштің уақытқа көбейтіндісі

(Күш импульсі)

  1. Өткізгіштің ұзындығын қысқартса кедергі қалай өзгереді?

(азаяды)

  1. Нейтронның зарядының таңбасы

(жоқ)

  1. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын кім ашты?

(Ньютон)

  1. Салмағы 100Н дененің массасы

(10кг)

  1. Резерфорд қай елдің физигі?

(ағылшын)

  1. Магнит индукциясының өлшем бірлігі

(Тесла)

  1. Атомның планетарлық ядролық моделін кім ұсынды?

(Резерфорд)

  1. Бір бөлінген период қандай шама?

(жиілік)

  1. Шахтада судың қайнау температурасы қалай өзгереді?

(артады)

  1. Кернеудің кедергіге қатынасы

(Ток күші)

  1. Ядроның құрылысы

(протон, нейтрон)

  1. Газдарда токты не тасиды?

(электрон, оң ион)

  1. Ауадағы дыбыс толқыны қума ма, көлденең бе?

(қума)

  1. Зарядтың айналасында қандай өріс пайда болады?

(электр өрісі)

  1. Кернеудің өлшем бірлігі

(Вольт)

  1. Катушкадағы ток күшін азайтса индуктивтігі қалай өзгереді?

(өзгермейді)

ІІІ нұсқа

  1. Кинетикалық энергияның бірлігі

(Джоуль)

  1. Массаның үдеуге көбейтіндісі

(Күш)

  1. Протон зарядының таңбасы

(Оң)

  1. Радиоактивтікті кім ашты?

(Беккерель)

  1. Бу конденсацияланғанда жылу бөлінеді ме, жұтыла ма?

(бөлінеді)

  1. Герц қай елдің физигі?

(неміс)

  1. Массасы 3кг дененің салмағы

(30Н)

  1. Электр өрісі потенциалының өлшем бірлігі

(Вольт)

  1. Зарядтардың өзара әсерін кім ашты?

(Кулон)

  1. Тербелістегі шаманың ең үлкен мәні

(Амплитуда)

  1. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдіктегі бу

(Қаныққан бу)

  1. Кернеуді арттырса тізбек бөлігіндегі ток күші қалай өзгереді?

(артады)

  1. Сутегі атомында қанша электрон бар?

(1)

14. Электролитте токты не тасиды?

(Оң ион мен теріс ион)

15. Су бетіндегі толқын қума ма, көлденең бе?

(көлденең)

16. Тұрақты магниттің қанша полюсі бар?

(2)

17. Кедергінің өлшем бірлігі

(Ом)

  1. Катушкадағы кернеуді арттырса индуктивтігі қалай өзгереді?

(өзгермейді)

ІV нұсқа

  1. Потенциалдық энергияның өлшем бірлігі

(Джоуль)

  1. Күштің ауданға қатынасы

(Қысым)

  1. Өткізгіштерді тізбектей жалғаса жалпы кедергі қалай өзгереді?

(артады)

  1. Бір электроны жетпейтін атом зарядының таңбасы

(Оң)

  1. Электролиз заңдарын кім тағайындады?

(Фарадей)

  1. Салмағы 30Н дененің массасы

(3кг)

  1. Бор қай елдің ғалымы?

(Дания)

  1. Қысымның өлшем бірлігі

(Па)

  1. Фотоэффектіні кім ашты?

(Герц)

  1. Жіптің ұзындығын арттырса математикалық маятниктің периоды қалай өзгереді?

(артады)

  1. Мұз ерісе жылу бөлінеді ме, жұтылады ма?

(бөлінеді)

  1. Ток күшінің кернеуге көбейтіндісі

(Қуат)

  1. Сутегі атомында қанша протон бар?

(1)

  1. Жартылай өткізгіштерде токты не тасиды?

(электрондар мен кемтіктер)

  1. Электромагниттік толқын көлденең бе, қума ма?

(көлденең)

  1. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері қандай күш?

(Лоренц)

  1. Қуаттың өлшем бірлігі

(Ватт)

  1. Индуктивті арттырса катушкадағы магнит өрісі қалай өзгереді?

(артады)

V нұсқа

  1. Массаның өлшем бірлігі

(килограмм)

  1. Массаның мольдік массаға қатынасы

(зат мөлшері)

  1. Өткізгіштерді параллель жалғаса кедергі қалай өзгереді?

(азаяды)

  1. Бір электроны артық атом зарядының таңбасы

(теріс)

  1. Радионы кім ашты?

(Попов)

  1. Максвелл қай елдің ғалымы?

(ағылшын)

  1. Кулонның есімі кім?

(Шарль)

  1. Электр қозғаушы күінің өлшем бірлігі

(Вольт)

  1. Фотоэффект заңдарын тағайындаған ғалым

(Столетов)

10. Бірлік уақытта істелінген жұмыс

(Қуат)

11. Судың қайнау температурасы

(1000С)

12. Ток күші квадратының кедергі мен уақытқа көбейтіндісі қай заң?

(Джоуль-Ленц)

13. α – бөлшекте қанша протон бар?

(2)

  1. Қысым тұрақты кездегі изопроцесс

(изобара)

  1. Радиотолқын қума ма, көлденең бе?

(көлденең)

  1. Магнит өрісінің электр тогына әсері қандай күш?

(Ампер)

  1. Жылдамдықтың өлшем бірлігі

(м/с)

  1. Индуктивтікті азайтса катушкадағы магнит өрісінің энергиясы қалай өзгереді?

(азаяды)


2-жүргiзушi: Олар жайлы төреші

Көрермендер өздерің

Ақ–қарасын айырып,

Куә болды көздерің

- деп сөзді әділ қазыларға беріледі.

1-жүргiзушi: Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

Қалған топты қалайық

Қол соғып қарсы алайық ,

- деп үш ойыншыны шақырамыз.

2 тур

2-жүргiзушi: Физика патшалығы өмір сүрген

Заңдары салыныпты дана тілмен.

Патшалыққа саяхат жасай жүріп,

Әр адам табиғаттың сырын білді.

Бұл сайыс кім тапқыр деп аталады. Ойынның шарты: алдымен түсті таңдау керек , ал таңдаңыздар

Қызыл көк сары

Сайыскерлерді сөзге тартайық. Сізді қандай тақырып қызықтырады?

Сіз таңдаған түстерде сіздің тақырыбыңызға сәйкес сұрақтар жазылады.

Ал түстер ұяшықтары нөмірленген кестеге орналастырылған. Кестеге қарауға 20 сек уақыт беріледі. Әр кім өзі таңдаған түстердің орналасқан жерін есте сақтап алыңыздар. Одан соң кестедегі түстер нөмірленген ақ түспен алмасырылады. Ең ұпайы жоғары сайыскер алғаш болып сұрақты таңдайды. Егер таңдаған сұрағы өзінің таңдаған түсіне сәйкес болса 2 балл, қарсыласының үсіне сәйкес болса 3 балл, ал жалпы сұрақ қойылса 1 балл беріледі.Сұрақ тыңдалып болған соң 7 сек уақыт беріледі Осы уақыт ішінде жауаптың бірнеше нұсқасы айтуға рұқсат беріледі. Сайыстың бұл турынан соң ең аз балл жинаған бір ойыншы ойыннан шығады. Ал, енді іске сәт.

ІІ тур

Электромагниттік индукция заңы.

  1. Электромагниттік индукция құбылысы 1831 жылы қай айда ашылды?

(тамыз)

  1. Магнит индукция векторының өлшем бірлігі?

(Тесла)

  1. Магнетизмді электрге айналдыру керек”деп қай ғалым күнделігіне жазды?

(Фарадей)

  1. Дыбыс зорайтқышта катушканы және онымен байланысқан диафрагменті тербелтетін қандай күш?

(Ампер күші)

  1. Индуктивтік механикалық қай шамаға ұқсас?

(Массаға)

  1. Индуктивтің ток күшіне көбейтіндісі

(магнит ағыны)

Ньютон заңдары.

  1. Дененің инерттілігін өлшеуші қандай шама?

(масса)

  1. Барлық инерциялық санақ жзүйелері үшін механикалық қозғалыс заңдары бірдей. Бұл принцип қалай аталады?

(Галилейдің салыстырмалылығының принципі)

  1. Күшті қандай құралмен өлшшейді?

(динамометр)

  1. Ньютон қай ғасырда туылған?

(17 ғасыр)

  1. Денелердің өзара тартылыс күшінің ара қашықтық тәуелділігі қандай?

(ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал)

  1. Ауырлық күші тудыратын үдеу қалай аталады?

(еркін түсу үдеуі)

Газ заңдары.

  1. Мариотт қай елдің ғалымы?

(француз)

  1. Газ қоспасының қысымы қандай заңмен анықталады?

(Дальтон заңы)

  1. Шарль заңы қай ғасырда ашылды?

(18 ғасыр)

4. Температуралары мен қысымдары бірдей кез келген газдың бір молінің көлемдері бірдей болады. Кімнің заңы?

(Авогадро заңы)

  1. Температураны тұрақты болған кездегі изопроцесс.

(изотерма)

  1. Изобаралық процесті сипаттайтын заң?

(Гей-Люссан заңы)

Тұрақты ток заңдары.

  1. Ток күшінің тізбек ұштарындағы кернеуге тәуелділігі қандай заңмен анықталады?

(Ом заңы)

  1. Омның аты кім?

(Георг)

  1. Меншікті кедергінің өлшем бірлігі

(Ом*м)

  1. Тогы бар өткізгіштің қоршаған ортаға бөліп шығаратын жылуының мөлшерін анықтайтын заң.

(Джоуль – Ленц заңы)

  1. Кернеудің квадратының кедергіге қатынасы қандай шама?

(қуат)

  1. Зарядталған бөлшектерге әсер ететін, шығу тегі электростатикалықтан басқа, кез келген күштер қалай аталады?

(Бөгде күштер)

1-жүргiзушi: Достықпенен бірлікті етіп тұлға,

Жеңіске жеткен едік талай сында.

Қарақылды қақ жарып әділқазым

Еңбегің тапқырлығының әділ сыны

деп сайысты кімдер жеңді,кімдер шет қалғанын әділқазылар алқасынан тыңдасақ.

2-жүргiзушi: Сұйығы да қатты да,

Затсызы да затты да,

Галилей мен Паскалдар

Ғылымның нәрін тапты да.

Айтпақ қиын таң қылып,

Тәрбиелейік ән қылып.

18 мың ғаламда

Мұнда көп қой заңдылық


Соңғы сайысымызға қатысушылар:

1...................................................

2...................................................

Бұл сайысымыз «Өрнектер сөйлейді» деп аталады. Мұнда сайыскерлер үстелдегі әріптерден 2 мин ішінде формула құрастыруы қажет. Ойыншылар дайын болса, сайсымызды бастаймыз.

1-жүргiзушi: Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды. Ал қазір әділқазы сөз алады. Кешіміздің жеңімпаздарын анықтап, мақтау қағаздары мен сыйлықтарын тапсырады. Жеңімпаздарға: 1- ші дәрежелі диплом, 2- ші дәрежелі диплом 3- дәрежелі диплом. 4,5 орынға белсенділік танытқаны үшін мақтау қағазы беріледі.


Қорытынды


Қазіргі таңдағы метептердегі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың қазiргi күйiне талдау жасалып, олардың мазмұны мен ұйымдастыру формалары оқушылар үшін қызық болу үшін ұйымдастыруды заман талабына сай жасау қажеттілігі көрсетілді.

Сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың танымдық қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпалы айқындалды.

Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі формалары анықталды. Физика және астрономия бойынша сыныптан тыс жұмыс жекелей, топтық және жаппайлық болады.

1) Жеке жұмыс оқушылардың қызығушылығына байланысты әдетте теориялық сұрақтарды терең оқып үйренумен, қиындығы жоғары есептерді шешумен, физикалық эксперименттерді орындаумен, конструкциялаумен және модельдеумен байланысты болады.

2) Топтық сыныптан тыс жұмыстар факультатив сабақтарда, үйірмелерде, оқушылардың ғылыми қоғамының секцияларында жүзеге асырылады.

3) Сыныптан тыс жұмыстың жаппайлық формасы-физикалық олимпиадалар, КТК, «физикалық ұрыс», физикалық декадалар, тақырыптық кештер, лекторлар, ғылыми-практикалық конференция, ғылыми-техникалық шығармашылық көрмесі, ғалымдармен кездесу.

Физика және астрономия декадасын өткізудің әдістемесі жасалды. Физика және астрономия декадасы күндері өткізілетін іс-шаралар, ерекше есте қалатындай болу керек. Оқушылар арасында физика және астрономия білімін насихаттау және мейлінше қабілеттерді айқындау қажет. Физика және астрономия декадасы келесі бөлімдерден тұрады:

1) Байқаулар:

1. Крассвордтар мен ребустар байқауы.

2. Рефераттар байқауы (9-11 сыныптар үшін).

3. Ғылыми жобалардың байқауы (7-10 сыныптар үшін).

2)Мектеп-оқушыларының ғалым-физиктермен, астрономдармен кездесуі.

3) Физика және астрономия бойынша көрме.

4)Физика және астронмия кабинеттерінде ашық есік сағаттары.

5)Үй лабараториясын қолдану.

6)Мектеп радиоторабының жұмысы.

Физика озаты” атты интелектуалды олимпиаданы, “Ең үздік физик”, “Брейн-ринг”атты пәндік сайыстарды өткізу әдістемелері жасалды.


Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Башарұлы Р., Тоқбергенова У., Қазақбаева Д. Физика және астраномия: 7- сынып оқулығы. Алматы: Атамұра-2004

  1. Башарұлы Р., Тоқбергенова У., Қазақбаева Д., Бекбасар Н. Физика және астраномия: 9-сынып оқулығы. Алматы: Мектеп-2005

  2. Божович Л.И. Познавательные интересы и пути их изучения // Известия АПН РСФСР.-1955, вып. 73.-с.50-55.

  3. Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе: Теорет. основы.-М.: Просвещение, 1981.

  4. Құдайқұлов М., Жаңабергенов Қ. Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы.: Рауан, 1998.

  5. Внеурочная работа по физике-М.Просвещение, 1983

  6. Знаменский П.А. Орта мектепте физиканы оқыту методикасы.

  7. Ланина И.Я., “Не уроком единым- М.Просвещение, 1991

  8. Ланина И.Я. Внеклассная работа по физике.-М.: Просвещение, 1977.

  9. Лукашик В.И. Физическая олимпиада в VI-VII классах.-М.:Просвещение, 1976

  10. Орта мектепттің 6-7-кластарында физиканы оқыту методикасы./ ред. басқарған В.П. Орехов пен А.В. Усова.-Алматы: Мектеп, 1978.

  11. Орта мектептің 6-7-кластарында физиканы оқыту./ ред. басқарған А.В.Перышкин.-Алматы: Мектеп, 1981.

  12. Перышкин А.В., Чемакин В.П. Факультативный курс физики-М. : Просвещение, 1975.

  13. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Мектеп-1998

  14. Сухомлинский В.А. О воспитании.-М.: Политздат, 1975, с.78.

  15. Щукина Г.И. Проблема познавательного интереса в педагогике.-М.: Педагогика, 1971.

  16. Горев Л. А. Внеклассная рэбота по физике. М., Учпедгиз, 1960.

  17. Д е р ж а в и »«з М. С. Вечера физики и техники в средней школе. М., Учпедгиз, 1960.

  18. М а л а ф е е в Р. И. Вечера занимательной физики. Челябинск, Юж.чо- Уральское кн. изд-во, 1970.

  19. Вечера по физике в средней школе. М„ «Просвещение», 1969.

37


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!