Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Физиология тақырыптары
1-тақырып. Кіріспе. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары
-
Кіріспе
-
Оқушылардың физиологиялық дамуының зерттеу әдістері
-
Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары
-
Адам жасының кезеңдері
Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы ғылымның екі саласын қамтиды: физиология және гигиена. Жас ерекшеліктер физиологиясы адам организмінің, жеке мүшелерінің, мүшелер жүйесінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастырады. Гигиена денсаулық сақтау шараларын қарастырып, түрлі ұсыныстар жасайды.
Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы физиология және биология ғылымдарының көптеген саласымен байланысты. Мысалы: цитология, гистология, анатомия, биофизика және биохимия және т.б.
Оқушылардың физиологиялық дамуының зерттеу әдістері:
1. Бақылау әдісі – сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме. Бұл әдістеме барлық ғылым салаларында кеңінен пайдаланылады.
2. Тәжірибе әдісі екіге бөлінеді: табиғи және зертханалық. Табиғи тәжірибе қалыпты жағдайда жүргізіледі. Айталық, баланың көру қабілетінің өзгеруін тексеру үшін, оның көру қызметін мектептегі оқуға дейін және оқуын аяқтаған кезде анықтайды, яғни оқу барысында табиғи жағдайда зерттейді. Зертханалық тәжірибе арнайы жасалған жағдайда жүргізіледі.
3. Функционалдық жүктеме немесе сынау әдісі. Бұл әдісте бала организмінің мүшелерінің қызметін, оған мөлшерленген жүктеме беру арқылы, оның әсерінің ұзақтығын немесе әсер ету қарқынын өзгерте отырып, түрлі жағдайларда анықтайды. Мысалы, зерттеуші баланың тыныштықтағы қалыпты жағдайында жүректің соғу жиілігін анықтайды, содан кейін бала 100 м қашықтықты жүгіріп өткен соң оның жүрегінің соғу жиілігін тағы да анықтайды.
4. Антропометриялық әдісі (дененің физикалық көрсеткіштерін өлшеу әдісі) – балалар мен жасөспірімдердің өсуін анықтайды. Бұл әдісте баланың бойын, кеуде шеңберін үш жағдайда (дем алғанда, дем шығарғанда, тыныштық күйінде), бас шеңберін және дене салмағын анықтайды. Дене салмағын таңертең аш қарынға, бала бойын жеңілдеткеннен кейін анықтайды.
Оқушылардың физиологиялық дамуының дамуы. ХІХ ғасырда еңбек еткен ғалымдар балалр анатомиясы мен физиологиясының педагогика мен тәрбие жұмыстарын дамытудағы маңызын алғаш рет дәріптей бастады. К.Д.Ушинский балалардың дене құрылысы мен мүшелер қызметін білмей тәлім-тәрбие жұмыстарын, балаларға білім беруді бағытталған дұрыс жолға қою мүмкін еместігін айтқан.
Атақты ғалым физиолог И.П.Павлов «Балаларды тәрбиелеу мен оларды дамыту физиологияға негізделуі керек,» - дейді. 1923 жылы И.П.Павловтың «Жануарлардың жоғары жүйке әрекеттерін объективті зерттеудің жиырма жылдық тәжірибесі» атты кітабы жарыққа шықты. Осы тұста А.А.Ухтомскийдің «Доминанта жүйке орталығының жұмысшы принципі» тақырыбында мақаласы шықты. Онда нейрофизиология мен жоғары жүйке әрекетінің физиологиясының дамуының маңызы туралы айтылған.
Алғаш рет 1939 жылы А.Н.Северцев тұжырымдаған, кейіннен П.К. Анохин дамытқан системогенез туралы ілімнің мүшелер мен мүшелер жүйелерінің гетерохронды түрде болу негізінің жасқа байланысты физиологияның дамуына ықпалы күшті болды.
А.А.Маркосян 1969 жылы биологиялық жүйелердің бірліктігі тірі организмдердің қасиеттеріне негізделген жекеленіп дамудың жалпы заңдылығы екенін тапқан. Биологиялық жүйелердің бірінің қызметін екіншісі жартылай болса да орындай алуы, қайталауы, мүмкінділігінің қажеттіліктен артық болуы, оның жеке бөлімдерінің тұрақты қалпына тез келуін қамтамасыз етеді.
Жеке басының дамуы кезіндегі мүшелер қызметінің қалыптасу заңдылықтарына орыс ғалымдары И.П.Павлов, В.М.Бехтерев, И.А.Аршавский, А.Г.Хрипкова, т.б. ат салысқан. Олардың еңбектерінің арқасында баланың жасына лайық шартты рефлекстердің қалыптасуы, бағдарлау реакциясының дамуы, сөйлеу қабілетінің қалыптасып дамуы, түрлі эмоциялық жағдайлардың байланысы, өзгермелі сыртқы ортаның жағдайларына бейімделу заңдылықтары анықталды.
Жасқа байланысты адам денесінің құрылысы мен қызметін зерттеудің пәрменді дамыған мерзімі 1960-1980 жылдар. Бұл кезде балалардың денесіндегі зат алмасу, энергия алмасуы, тыныс алу, газ алмасу, асқорыту, зәр шығару ерекшеліктері, жүрек-қантамырлары жүйесінің өсіп дамуы толығымен зерттелді.
Мектеп гигиенасы ғылымының қалыптасуы мен дәуірлеуі ХІХ ғасырдың ортасында бастауыш және орта мектептерде жүргізілген бақылаулар мен эксперименттік зерттеулердің материалдарын жинап жүйеге келтірумен байланысты.
Мектеп гигиенасының нағыз дамыған мерзімі ХХ ғасырдың 70-90 жылдары.
Балалар мен жастардың өсіп дамуына, денсаулығына, мүшелер жүйелерінің қызметіне оқыту барысындағы сабақ кестесі, еңбек мөлшері, күн кестесі, тәрбие жұмыстары зор ықпал етеді.
Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары
Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерін өсу деп атайды. Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар: бойы, салмағы және кеуде шеңбері.
Даму – сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы дегеніміз ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуі, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуы, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюы. Организмнің дамуы екі түрлі болады: физикалық және функциялық.
Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы.
Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минутық көлемін өлшейді.
Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше заңдылықтары бар:
1. Өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды. Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланады. Тіпті бір жылдың ішінде бойдың өсуі бірдей емес: бала жазда тез, қыста нашар немесе түнде бойы көбірек, күндіз аз өседі.
Өсу қарқыны адам өмірінде үш рет күшейеді: 1) туғаннан 3 жасқа дейін; 2) 3-7 жас аралығы; 3) жыныстық жетілу кезеңінде.
2. Мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі. Баланың алғашқы жылында миы тез өседі, 7 жасқа жеткенше оның миы ересек адамның миының 80-90% шамасында болады. Ал лимфа ұлпаларының өсіп дамуы 10-12 жаста күшейеді, жыныс мүшелерінің өсіп жетілуі 12 жастан әрі қарай болады.
3. Өсу мен даму баланың жынысына байланысты. Жыныстық жетілу қыздарда 9-10 жаста, ұлдарда 10-11 жаста басталады да жынысына сай бойжеткендерде 16-18 және жігіттерде 18-20 жаста толық жетіледі. Жыныстық жетілгенге дейін ер баланың антропометрлік көрсеткіштері қыздардан жоғары болса, жыныстық жетілу басталған кезде, керісінше қыздардың салмағы, бойы, кеуде шеңбері анағұрлым жоғары болады. 15 жастан әрі қарай ер балалар тез өсіп жетіледі де олардың көрсеткіштері қайтадан қыздардан жоғары болады.
4. Функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немес мықты болуы.
Көпшілік қызметтер бірнеше мүшелерде қосарланып орындалады. Мсалы, зәр шығару өкпе, бүйрек, тері, асқорыту жолы арқылы қосарланады; баланың өсуіне қажетті жыныс гормондары жыныс безі мен бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабатында түзіледі. Мұндай ұйымдасу организмге қауырт жағдайларда тірлігін сақтап қалу үшін қажет. Дегенмен балалар мен жасөспірімдердің оқуын, дене еңбегін, спортпен шұғылдануын шектеп отыру қажет. Өйтпесе бала организмі жан-жақты дамымайды. Баланың өсуі мен дамуының сыртқы белгісіне оның дене пропорциясының өзгеруі жатады. Дене пропорциясы деп адамның басытң, тұлға мен аяқтарының ұзындығына қатынасын айтады. Ересек адаммен салыстырғанда жаңа туған сәбидің аяқтары қысқа, тұлғасы мен басы үлкен болады да, олардың дене пропорциясы: басының ұзындығы 1:4, тұлғасы – 2:4, аяқтары – 1:4 болады. Мұндай пропорция 1 жасқа дейін сақталады. 2 жаста дене пропорциясы 1:5, 2:5, 2:5; 6 жаста – 1:6, 2:6, 3:6; 7 жаста – 1:7, 3:7, 3:7; 12 жаста ересек адамдардікіндей 1:8, 3:8, 4:8 қатынасындай болады.
5. Өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі. Организмнің өсу және даму қарқыны, жыныстық деморфизм және жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің жетілуі тұқым қуалау қасиеттеріне байланысты. Дегенмен олар сыртқы ортаның жағдайына байланысты ауытқуы мүмкін.
6. Өсу мен дамудың акселерациясы. Акселерация дегеніміз өсу мен дамудың қарқынды жүруі. Яғни, қазіргі балалар мен жастардың белгілі бір мерзімінде олардың ата-аналарының сол жасындағы денесінен ірі болып, ерте жетілуін айтады.
Өсу мен дамудың акселерациясының бірнеше белгілері бар:
- жаңа туған нәрестелердің ірі болуы;
- белгілі бір жас мерзімінде балалар мен жастардың денесінің ірі болуы;
-ерте жыныстық жетілу;
-баланың сүйегінің ерте қатаюы;
-бойдың өсуінің ерте тоқтауы.
Адам жасының кезеңдері
Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырғанда балалардың жасын белгілі бір топқа бөлуге тура келеді. Ол топтардағы балалардың жасын белгілі бір мөлшермен шектеу қажет. Осыған байланысты адам өмірін бірнеше жас кезеңдеріне бөледі. Жас кезеңдері деп өсу мен дамуы ұқсас физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегін айтады. 1965 жылы Мәскеу қаласында адам организмін зерттейтін түрлі ғалымдар өкілінің қатысуымен болған дүниежүзілік жас кезеңдерінің жиналысында адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген:
-
Нәресте- алғашқы 10 күн;
-
Емшектегі сәби -10 күн-1 жас аралығы;
-
Алғашқы балалық шақ - 1-3 жас аралығы;
-
Бірінші балалық шақ - 4-7 жас аралығы;
-
Екінші балалық шақ - 8-11жас (қыз бала), 8-12 жас (ұл бала);
-
Жасөспірім шақ - 12-15 (қыз бала), 13-16 (ұл бала);
-
Кәмелеттік немесе бозбала, бойжеткен - 16-20 (қыз бала), 17-21 (ұл бала);
-
Кемел жас (ересектіктің 1- кезеңі) - 21-35 (әйелдер), 22-35 (ерлер);
-
Ересектіктің 2- кезеңі - 36-55 (әйелдер) , 36-60 (ерлер);
-
Егде жас - 56-74 (әйелдер), 61-74 (ерлер);
-
Қарттық жас - 75-90 (әйелдер, ерлер);
-
Ұзақ жасаушылар - 90 жастан жоғары.
2-тақырып. Қозу физиологиясы
-
Физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік
-
Сыртқы және ішкі орталардың әсері - тітіркендіргіштер
-
Қозғыштықтың кезеңдері және өлшемдері
Физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік
Адам организмі екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік.
Физиологиялық тыныштық деп адам көзін жұмып, тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу жатқан қалпын айтады. Осындай қалыпта жатқанда сыртқы ортаның қандай да болмасын бір жағдайлары әсер етсе, организм физиологиялық тыныштықтан физиологиялық белсенділікке ауысады. Организмнің қандай да болмасын жеке мүшесі немесе мүшелер жүйесі, тіпті бүкіл организмнің қызмет атқаратын жағдайын физиологиялық белсенділік дейді. Физиологиялық белсенділік кезінде зат алмасу артады, бірнеше мүшелер, мүшелер жүйесі қызметін күшейтеді. Мысалы, тамақ ішкеннен кейін ас қорыту мүшелері қызмет атқаруына байланысты оларға қоса жүрек-қантамырлар, тыныс алу, зәр шығару жүйелерінің қызметі күшейеді. Мұндай жағдайда сыртқы ортаның әсері денедегі ұлпаларды, жасушаларды тітіркендіреді.
Сыртқы және ішкі орталардың әсері - тітіркендіргіштер
Адам денесіндегі көпшілік тірі клеткалардың тітіркену қасиеті болады. Тітіркену деп сыртқы және ішкі орталардың түрлі әсерлеріне жауап беру қабілетін айтады. Сыртқы және ішкі орталардың әсерін тітіркендіргіштер деп атайды. Тітіркендіргіштерді төртке бөледі: физикалық, химиялық, физико-химиялық, биологиялық.
Физикалық тітіркендіргіштер деп түрлі механикалық (соққы, шаншу, қысым, температура) және электірлік әсерлерді айтады.
Химиялық тітіркендіргіштерге тамақтың құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттар, дәрілер, улы заттар, қышқылдар, сілтілер тәрізді заттардың әсері жатады.
Физико-химиялық тітіркендіргіштерге ерітінділердегі заттардың парциалды қысымы, осмостық қысымы, иондардың және түрлі заттардың концентрациясы жатады.
Биологиялық тітіркендіргіштерге макро және микроорганизмдердің әсері жатады.
Тітіркендіргіштердің әсерінен тітіркене алатын ұлпаларды тітіркенгіш ұлпалар деп атайды. Оларға жүйке, бұлшықет, без ұлпалары жатады. Олар тітіркендіргіштердің әсеріне қозумен жауап береді. Қозу аталған ұлпалардың жұмыс қабілеті. Қозу кезінде бұл ұлпалардың электрлік және биохимиялық қасиеттері өзгереді, ұлпалар қызмет атқарады, олардың қызметі күшейеді.
Сыртқы ортаның кейбір тітіркендіргіштері әсер еткенде қозғыш ұлпалардың қозуы бәсеңдейді немесе мүлде тоқтап қалады. Мұны тежелу деп атайды. Тежелу де қозу тәрізді тірі ұлпалардың белсенді қызмет атқару күйі. Бірақ тежелу кезінде жеке мүшелерде немесе организмде бұрын басталған қызмет баяулайды, я болмаса мүлде тоқталады.
Тірі ұлпалардың электрлік қасиетін биоэлектрлік құбылыс дейді. Көп клеткалы организмдерде сыртқы және ішкі орталардың мәліметтерін қабылдап, сақтап, талдап, бір жерден екінші жерге жеткізу, қажетіне қарай қайтадан жаңғырту тарихи даму барысында қалыптасқан электр сигналдары арқылы іске асады.
Электр күшін тудыратын энергия клетка мембранасының ішкі және сыртқы жағында орналасқан оң (+) зарядты натрий, калий, кальцийдің катиондары мен түрлі теріс зарядты (-) аниондарға байланысты.Олардың бір-біріне градиенттік қатынасы (мембрананың иондық тартқыш) деп аталатын арнайы молекулалық құрлымының қызметіне негізделген. Энергия көзі саналатын иондық тартқыш-аденозинүшфосфор қышқылы (АТФ) ферменттердің әсерінен ыдырау кезінде пайда болатын энергияны жұмсайды.
Қозғыштықтың кезеңдері және өлшемдері
Қозғыштық дәрежесін анықтау үшін бірнеше параметр қолданылады. Қозу табалдырығы, әсердің пайдалы уақыты, хролаксия, лабилділік, аккомодация жылдамдығы. Көбінесе қолданылатын өлшем-қозу табалдырығы. Қозу табалдырығы деп қозу процесін тудыратын тітіркендіргіш күшінің ең аз өлшемін айтады. Әсердің пайдалы уақыты тітіркендіргіштің әсері оның күшіне ғана байланысты емес, әсердің ұзақтығына да байланысты болады. Хролаксия деп тінді қоздыратын екі реобазаға тек күш әсерінің ең қысқа уақытын (ОҒ) айтады.
Аккомодация жылдамдығы (аккомодация бейімделу). Аккомодация жылдамдығы тінді қоздыратын тітіркендіргіштің үдеу қарқынының ең аз (минимум) уақытымен өлшенеді.
Лабильділік (тұрақсыздық ) белгілі тіннің қозғыштық дәрежесін көрсетеді. Қозу барысында мембрананың потенциалы әрекет потенциалына айналады. Тірі организмде көптеген потенциалдар кездеседі (электр тоғы).
Мембраналық потенциал дегеніміз – протоплазма потенциалымен жасушаның сыртқы бетіндегі потенциалдар арасындағы айырмашылық. Тірі жасушаның қайсысында болсын мембраналық потенциал болады. Жасушаның тіршілігі жойылған сәтте мембраналық потенциал жойылады.
Қозу процесі пайда болған сәтте туатын потенциал - әрекет потенциалы (ӘП). Қозуды өлшем мембрананың қызметі жүйкеге ұзақ уақыт күшті химиялық тітіркендіргіштер әсер етсе оның қозғыштық қасиеті, лабилділігі төмендейді. Оны парабиоз деп атайды. Парабиоз грек сөзі (рага - жуық, жақын, bіоs - өмір, тіршілік) Өмір мен өлім арасындағы жағдай деген мағынаны білдіреді.
6
3-тақырып. Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі
мен дамуы
-
Жүйке жүйесінің маңызы
-
Жүйкелер мен жүйке талшықтары
-
Орталық және шеткі жүйке жүйелерінің құрылысы, қызметі және дамуы.
-
Ми сыңарларының қызметі
-
Вегетативтік жүйке жүйесі
Жүйке жүйесінің маңызы:
- мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің біртұтастығын іске асырады;
- денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттейді;
- организмді сыртқы ортамен байланыстырады;
- сыртқы ортаның өзгермелі жағдайына организмді бейімдейді;
- денедегі барлық жасушалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.
Нейронның құрылысы. Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі – жүйке жасушасы. Жүйке жасушасын нейрон деп атайды. Нейронның денесін сома деп атайды. Оның денесі әртүрлі сопақша, ұршық тәрізді. Миелин-ақ май тәрізді липидтен тұрады. Нейронның көптеген ұсақ өсінділерін - дендриттер, ал ұзын бір ғана өсіндісін – аксон (нейрит) деп атайды.Аксонның саны көбіне біреу-ақ болады, кейде екі аксон кездеседі. Олар ұзын болады 1-1,5м дейін жетеді. Аксонның сыртын миелин қабығы қаптап тұрады. Ол әрбір 1,5-2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады. Аксон арқылы нерв клеткасының денесінен басқа нейрондарға жұмысшы мүшеге нерв импульстары тасылады. Дендриттер- нейронның көптеген ұсақ өсінділері. Олардың ұштары сәл жуандап бұдырланады. Дентриттер көп болады. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар – глиялар қоршаған. Нейрондар мен глиялар жүйке ұлпасын құрайды. Глиялар жүйке клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы қызметін атқарады. Жаңа туған нәрестенің нейрондарының саны глиялардан анағұрлым көп болады, жасы ұлғайған сайын нейрондардың саны азайып, глиялар саны көбейеді.
Нейрондар бір-бірімен өсінділер арқылы байланысып, синапстарды (грекше “synapsis” - байланыс) түзеді. Синапста бір нейронның аксоны екінші нейронның дендритімен байланысады. Синапс екі бөлімнен тұрады: пресинапстық және постсинапстық. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар, ол аксонның жуандаған ұшы – синапс түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады. Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялық заттан тұрады. Қозуды қабылдайтын дендриттің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасында синапс аралығы болады. Ол – клектааралық сұйыққа толы кеңістік.
Әр нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін. Ал, әрбір талшық 10 мыңға дейін синапс түзеді. Синапстардың екі түрі бар: қоздырушы және тежеуші. Жүйке талшығы арқылы келген қозу синапстық көбіктегі медиатордың пресинапстық мемранасынан өтіп синапс аралығына құйылады. Медиатор синапс аралығына тарап, постсинпстық мембрананы тітіркендіреді. Пост.синапстық мемб. қозуға айналады.
Адамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан жаңа туған нәрестелерде синапстар аз болып, ержеткен сайын көбейе түсіп, ересек адамдарда көп болады.
Жүйкелер мен жүйке талшықтары. Сырты қабықпен қапталған жүйке жасушаларының өсінділерін жүйке талшықтары деп атайды. Жүйке талшықтары 2 түрлі болады: миелинді және миелинсіз. Миелинді жүйке талшықтарының сыртын миелин қабығы қоршаған, миелинсіз жүйке талшықтарының сыртын эндотели қабығы қоршаған.
Миелинсіз жүйке талшықтарының бойымен қозу үздіксіз жүріп отырады, ал миелинді жүйке талшықтарының бойымен бір Ранвье белдеуінен екіншісіне секіріп өтіп, қозудың қозғалысы жылдамдайды. Жүйке талшығы арқылы қозудың өтуі жүйке талшықтарының диаметріне де байланысты. Жүйке талшықтарын диаментріне байланысты 3 топқа бөледі: А, В, С талшықтары.
А тобының талшықтарының диаметрі 22 мк, миелин қабығы болады, қозудың жүру жылдамдығы секундына 120 м.
В тобының талшықтарының диаметрі 3 мк-ға дейін, миелин қабығы болады, қозудың жүру жылдамдығы секундына 5 м.
С тобының талшықтарының диаметрі 1 мк-ға дейін, миелин қабығы болмайды, қозудың жүру жылдамдығы секундына 2 м.
Балалрдың денесінде С тобының талшықтары көбірек болады. Бірақ бала өскен сайын жүйке талшықтары жуандап орталық жүйке жүйесінде де және шеткі жүйке жүйесінде де қозуды өткізу жылдамдығы артады.
Жүйке талшықтары организмде топтасып дәнекер ұлпадан тұратын қабықпен қапталып жүйкелерге айналады. Бір жүйкенің құрамында қозуды орталыққа жеткізетін (афференттік) және қозуды орталықтан жұмысшы мүшеге әкелетін (эфференттік) талшықтар болады.
Орталық және шеткі жүйке жүйелерінің құрылысы, қызметі және дамуы.
Адамның жүйке жүйесі орталық және шеткі жүйке жүйесі болып бөлінеді.
Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамдарда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. Жұлынның жоғарғы ұшы сопақша мимен жалғасады да, төменгі ұшы шашақтанып І және ІІ бел омыртқа тұсында бітеді.
Адамның жұлыны 31-33 сегменттен тұрады: 8 мойын, 12 арқа, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құймшақ бөлімдері. Әр сегменттен қос-қостан шыққан жүйке түйіндері екі жұлын жүйкелеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы жүйкелер). Жалпы жұлыннан 31 жұп жүйке тарайды. Жұлын жүйкелері жұлын өзегінен шығып (І жұптан басқасы) дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының бұлшықеттерін жүйкелендіреді. Әрбір бөлім өзіне тән жерлерін жүйкелендіреді.
Жұлын екі түрлі қызмет атқарады: өткізгіштік және рефлекторлық (тізе рефлексі, зәр шығару эякуляция, жыныс мүшесінің эрекциясы).Оның бойымен дененің барлық бөлімдерінен миға импульстар тасылады, ал мидан жүйке импульстары мүшелерге барып, олардың қызметңін реттейді. Жұлында адамның қарапайым рефлекстерінің орталықтары орналасқан.Адамның өмірі үшін маңызды рефлекстер (зәр шығару, жыныс мүшесінің эрекциясы, шәухат шығару рефлекстер) және тізе рефлекстер жұлынның қатысуымен жүреді
Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы қарқынды жүреді де, 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын қалады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жасқа жуықтағанда аяқталады.
Адамның миы орталық жүйке жүйесінің ең маңызды бөлігі
Ми. Ми ми сауытында орналасқан. Мидан 12 жұп нерв тарайды: Миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келетін мәліметтерді жеткізеді І-иіс, ІІ-көру, ІІІ- көз қимылдатқыш, ІҮ- шығыршық, Ү-үшкіл (үш тарамды), ҮІ- бет бұру, ҮІІ- бет, ҮІІІ-дыбыс, ІХ-тілжұтқыншақ, Х- кезеген, ХІ-қосымша, ХІІ-тіласты жүйкелері.
Жаңа туған сәбидің миының салмағы орта есеппен 360-390г, ересек адамдарда 1400-1450г. Мидың толық жетілуі 17-20 жаста байқалады. Жаңа туған ер баланың миының салмағы қыздардың миынан салмақтылау болады. Алғашқы жылы мидың салмағы екі есе, 3 жаста үш есе ұлғайады. Адамның ақыл-ойы миының салмағымымен тікелей байланысты емес. Дегенмен мидың физиологиялық қалыпты қызмет атқару қабілеті оның салмағы 900 грамнан төмендегенде және 2100 грамнан асқанда бұзылады.
Мидың бөлімдері: сопақша ми, Вароли көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми, үлкен ми сыңарлары.
Сопақша ми - жұлынның үстіңгі жағында орналасқан.Оның ұзындығы 2,5-3см, салмағы 7г. Ол екі түрлі қызмет атқарады: өткізгіштік және рефлекторлық. Сопақша мида тыныс алу, қанайналыс, сору, шайнау, жұтыну, жөтел, түшкіру, сілекей шығару, қарын және қарынасты безінің сөлдерін бөлу орталығы және ІХ-ХІІ жұп нервтерінің ядролары орналасқан.
Вароли көпірі – сопақша мидың үстінде орналасқан. Оның ұзындығы 2,5см Ол үстіңгі жағында ортаңғы мимен, бүйір жақтары мишықпен шектеседі. Көпірден Ү, ҮІ жұп нервтері және көпір мен сопқша мидың арасынан ҮІІ- ҮІІІ жұп нерв тармақтары шығады.Сопақша ми мен вароли көпірін артқы ми деп атайды. Жаңа туған нәрестенің арқы миының жалмаңы салмағы 8г.Артқы мидың дамуы 7 жасқа келгенде аяқталады.
Мишық сопақша мидың артқы жағында орналсақан. Мишық 3 бөлімнен тұрады. Мишықтың құрты және мишықтың жарты шарлары. Мишықтың сыртқы қабаты сұр заттан тұрады, оның қалыңдығы 1-2,5мм. Мишықтың қыртысы 3 қабат болып орналасқан нерв клеткаларынан құралған 1-сыртқы молекулярлық, 2- ортаңғы ганглиялық 3- ішкі түйіршік қабаттары.Ересек адамның миының салмағы 150г. Мишықта дененің қимыл-әрекеттерін, тепе-теңдікті сақтау мен бұлшықеттердің тонусын реттейтін орталықтар орналасқан. Мишықтың толық дамып жетілуі 7-8 жаста аяқталады.
Ортаңғы ми вароли көпірінің үстінде орналасқан. Мұнда сұр заттар 4 төбешік түрінде шоғырланған: көзді қозғаушы және шығыршық жүйкелерінің, қызыл және қара субстанцияларының ядролары бар. 4 төбешіктің алдыңғыларында алғашқы көру орталықтары, артқы төбешіктерінде алғашқы есту орталықтары орналасқан. Қызыл ядро бұлшықет тонусын реттейді. Қара субстанция жұтыну, шайнау, саусақтардың нәзік қимылдарын реттеуге қатысады.
Аралық ми ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында орналасқан. Ол 2 төмпешіктен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Төмпешіктерді таламус, төмпешік асты аймағын гипоталамус деп атайды. Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары өтеді. Гипоталамуста зат алмасуын, дененің температурасын, аштық және шөл сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу орталықтары бар. Гипоталамуста барлық ішкі секреция бездерінің қызметін реттуге қатысатын орталықтар бар.Бұңан қоса, ол адамның ұйқысын және сергектігіне қатысады.
Аралық мидың дамуы 13-15 жаста аяқталады.
Үлкен ми сыңарлары (ми жарты шаралары). Мидың барлық салмағының 80%-ын үлкен ми сыңарлары алып жатыр. Мидың ең маңызды бөлімі. Онда 17 млрд жүйке жасушалары бар.Ми сыңарларын жоғарғы жүйке ірекетініне жатқызады.Ол ОЖЖ барлық бөлімдерінің қызметін реттейді.
Құрылысы жағынан ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене арқылы жалғасқан екі жарты шардан тұрады. Әрбір жарты шар 5 бөлімнен тұрады: маңдай, орталық, төбе, шүйде және самай.
Үлкен ми сыңарларының сұр заты сыртында орналасқан. Ол ми қыртысы деп аталады, оның қалыңдығы 2-4 мм.
Ми жарты шарының жалпы көлемі 1700-1800см3
Қыртысты қабаттың астыңғы жағындағы ақ затты сырты миелин қабығымен қапталған нейрондардың аксондары құрайды. Олар ассоциативті, коммисуральді және проекционды талшықтар деп бөлінеді.
Ассоциативті талшықтар әр жарты шардың жеке бөліктерін байланыстырады. Комиссуральды талшықтар екі жарты шардың симметриялы бөліктерін байланыстырады. Проекционды талшықтар жарты шардан тыс шығып кетеді.
Ми жарты шарының қыртысы 7 қабат нейрондардан тұрады:
1. Молекулярлық қабат – ең үстіңгі қабат, ол ұсақ нейрондардан тұрады.
2. Сыртқы түйіршікті қабат. Нейрондардың пішіні дән тәрізді.
3. Сыртқы пирамидалы қабат. Нейрондардың пішіні пирамида тәрізді, мөлшері әртүрлі.
4. Ішкі түйіршікті қабат.
5. Ганглиозды қабат. Ірі пирамдалы Бец жасушаларынан тұрады.
6. Полиморфты (көп пішінді) қабат. Нейрондардың пішіні әртүрлі.
7. Бұл қабат жіп тәрізді өте ұзын нейрондардан тұрады.
Ми жарты шарлары екі үлкен қызмет атқарады:
1. Организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді, яғни адамның мінез-құлқы, ойлау қабілеті, санасы, ақыл-ойы – бұлардың бәрі жоғары жүйке әрекеттері;
2. Организмнің қызметін бір-бірімен байланыстыру, ішкі мүшеледрің қызметтерін қажетті жағдайға қалыптастыру. Бұлар төменгі дәрежелі жүйке әрекеттері.
Бұдан бір ғасырдай бұрын ми жарты шарларының қызметі бірдей еместігі анықталған. Мидың сол жағындағы сөйлеу орталығы зақымданса, адам сөйлей алмай қалатынын Брок дәлелдеген.
Ми сыңарларының қызметі
Сол жақ жарты шар |
Оң жақ жарты шар |
Сөйлеу, түсіну, ойлау, тану, уақытты аңғару, ұқсастықты байқау, болжау, бағдарлау, тұжырымдау, жоспарлау |
Есту, сөзсіз іс-қимыл, кеңістікті қабылдау, заттарды тұтас түрінде қабылдау, олардың функциялық ұқсастықтарын байқау, заттардың алыс-жақындығын байқау. |
Ми қыртысындағы қозуды әрекет потенциалы ретінде жазып алуға болады. Оны жазып алатын аспапты электроэнцефалограф дейді, ал жазылып алынған биопотенциалдың қисық сызығын электроэнцефалограмма (ЭЭГ) деп атайды.
ЭЭГ-ның негізгі бес түрлі ырғағын бөледі: альфа, бета, гамма, дельта және тета ырғақтары.
Альфа ырғағы – тыныштық ырғақ, жиілігі секундына 8-13 рет. Бұл ырғақ адам жатқанда, тыныш отырғанда (көзін жұмып) байқалады. Ол ми қыртысының желке және төбе тұстарынан жақсы жазылынып алынады.
Бета ырғағы - әрекет ырғағы, жиілігі секундына 14-30 рет. Бұл ырғақ адам ой ойлағанда (мысалы, есеп шығарғанда) ми қыртысының маңдай және төбе бөлімдерінен жақсы жазылады.
Гамма ырғағы қатты қозу кезінде (мысалы, қуаныш, реніш, қатты ойланғанда) пайда болатын ең жиі ырғақ (орта есеппен 40гЦ.
Дельта ырғағы ең баяу, ұйықтағанда пайда болады, жиілігі орта шамамен 25 гЦ).
Тета ырғағы – жиілігі секундына 4-8 рет шала ұйқыда жатқанда жазылатын потенциал ырғағы (5 гЦ).
Ми сыңарларының дамуы. 1 жастағы баланың маңдай бөлімі нашар дамыған, оның сайлары мен қатпарлары ұсақ, таяз. Ми қыртысының қызметі нашар, қыртыс асты бөлімін бақылауы төмен дәрежеде, жұлынға ықпалы аз болғандықтан баланың ретсіз қимылдары көп болады.
4-6 жас аралығында баланың сезім және қозғалыс аймақтары қалыптасады. Функциялық жетілуі төмендеу болғандықтан жүйке орталықтарының тежелуі – нашар, қозуы – тез жайылады, бала тез қозады, әсіресе ойнағанда жаман ұйықтайды, ұйықтап жатқанда мазасызданады.
7-13 жаста ми қыртысының үшінші қабатындағы пирамида тәрізді клеткалары қалыптаспаған, байланыс бөлімдерінің нейрондары миелинденіп болмағандықтан ойлау қабілеті, санасы әлі толық жетілмеген. Қозуы тежелуден басымырақ. Сондықтан баланың зейіні 7-8 жаста 15-20 мин, 8-10 жаста 20-25 минуттай ғана. Бастауыш сынып оқушылары тез қозады, үзіліс кезінде түрлі ойындардан кейін ұзаққа дейін тыныштала алмайды.
13-18 жас арасында ми қыртысының үшінші қабаты толық қалыптасып үлгереді. Баланың белсенді зейіні 30-40 минөттей болады. 17-18 жаста баланың ми қыртысының құрылымдық дамуы аяқталады, бірақ қызметінің дамуы одан әрі қарай жалғасады.
Шеткі жүйке жүйесі. Шеткі жүйке жүйесі ми мен жұлыннан шығып бүкіл мүшелерге, олардың ұлпаларына, жасушаларына тараған нейрондар мен жүйке талшықтарынан тұрады. Шеткі жүйке жүйесі соматикалық және вегетативтік жүйке жүйелеріне бөлінеді.
Соматикалық жүйке жүйесі организмнің сыртқы мүшелерін және қаңқа бұлшықеттерін жүйкелендіреді.Соматикалық жж қозғаушы және сезгіш нерв талшықтарынан тұрады. Соматикалық жүйке жүйесінің орталықтары жұлынның барлық сегментерінде, мидың барлық бөлімдерінде (аралық мидан басқасында) орналасқан.
Вегетативтік жүйке жүйесі барлық ішкі мүшелерді, қантамырларды, жүректі жүйкелендіреді. Вегетативтік жүйке жүйесінің орталықтары ми бағанасында, жұлынның көкірек, бел және сегізкөз бөлімдерінде орналасқан. ВЖЖ жүрек пен ішкі мүшелерді және қан тамырларын жүйкелендіреді. Вегетативтік жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелерінен тұрады. Бұл екеуінің қызметі бір –біріне қарама-қарсы егер сим.ж.ж мүшенің қызметін күшейтсе, парасим.ж.ж оның қызметін керісінше төмендетеді.Сөйтіп организмнің функциялық тұрақтылығын сақтайды.
Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелері орталық және шеткі (перифериялық) бөлімдерден тұрады.
Симпатикалық жүйке жүйесінің орталықтары жұлынның І-көкірек омыртқасымен ІІІ-бел омыртқасының арасында орналасқан. Перифериялық бөлімі симпатикалық шекара бағанасы мен түйіндерінен, жүйкелер мен жүйке өрімдерінен тұрады.
Симпатикалық шекара бағанасы мойын, көкірек, бел және сегізкөз бөліктеріне бөлінеді.
Мойын бөлігі 3 түйіннен тұрады: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Ең жоғарғы түйінінен ми сауытының ішіне қан тамырлары мен көздің қарашығын қозғайтын еттерді жүйкелендіретін күре тамыры жүйкесі кетеді. Мойын бөлігінің түйіндерінің үшеуінен де жүрек жүйкелері тарайды.
Көкірек бөлігі 10-12 түйіннен тұрады. Бұл бөліктердің жүйкелері көкірек қуысындағы мүшелер мен қан тамырларды жүйкелендіреді, мұнда үлкен және кіші құрсақ жүйкелері басталады. Олар диафрагмадан құрсақ қуысына өтіп, құрсақ қуысындағы мүшелер мен қан тамырларды жүйкелендіреді.
Сегізкөз бөлігі 4-5 түйіннен тұрады. Олар жамбас қуысындағы мүшелер мен қан тамырларды жүйкелендіреді.
Парасимпатикалық бөлімнің орталығы сопақша мида, ми көпірінде және жұлынның сегізкөз бөлімінде орналасқан. Ми бөлімдерінен басталатын бұл бөлімнің жүйке талшықтары көзді қозғаушы, бет, тіл-жұтқыншақ және кезеген жүйкелердің құрамынан шығып өздері таралатын мүшелердің маңында немесе тікелей мүшелердің ішінде ганглиялар түзеді.
Вегетативтік жүйке жүйесінің екі бөлімінің мүшелерге әсер етуі көбіне бір-біріне қарама-қарсы өзгерістер арқылы байқалады.
Симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдердің
ішкі мүшелерге әсері
№ |
Мүшелер |
Симпатикалық бөлімнің әсері |
Парасимпатикалық бөлімнің әсері |
1 |
Көз қарашығы |
Ұлғаяды |
Кішірейеді |
2 |
Артерия қантамырлары |
Тарылады |
Әсер етпейді |
3 |
Жүрек |
Соғуы жиілейді |
Соғуы баяулайды |
4 |
Бронхылар |
Кеңейеді |
Тарылады |
5 |
Ішек |
Жиырылуы баяулайды |
Жиырылуы жиілейді |
6 |
Сілекей бездері |
Сөл бөліну азаяды |
Сөл бөліну көбейеді |
7 |
Тер бездері |
Тер бөліну күшейеді |
Әсер етпейді |
8 |
Бауыр |
Өт бөліну азаяды |
Өт бөліну көбейеді |
9 |
Қандағы қант мөлшері |
Көбейеді |
Азаяды |
Жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу. Қозу мен тежелу екеуі де нейрондардың белсенді қызмет қабілеті. Қозу мен тежелудің пайда болуы нейрондарда жүріп жатқан зат алмасуының өзгеруіне байланысты.
1862 жылы И.М.Сеченов орталық жүйке жүйесіндегі тежелуді зерттей келе, оның 2 түрлі болатынын тапқан: пресинапстық және постсинапстық тежелу.
Пресинапстық тежелу кезінде қозу импульстерін өткізетін аксонның тармағына басқа нейронның аксонының арнайы тежегіш синапстық ұшы келеді де нерв импульстерін жібермейтін медиатор бөледі.
Постсинапстық тежелу орталық жүйке жүйесінде арнайы тежегіш нейрондардың болуына байланысты. Тежегіш нейрондардың синапстық ұшындағы тежеуші медиатордың әсеріне байланысты постсинапстық мембранада әрекет потенциалының пайда болуына кедергі жасалады да, тежелу туады.
Орталық жүйке жүйесіндегі жүйке орталықтарының қызметі. Орталық жүйке жүйесі синапстар арқылы бір-бірімен байланысқан жүйке жасушаларының жинағынан құралған. Мұндай нейрондар жинағынан белгілі бір мүшелердің қызметін реттеуге бейімделген нейрондар тобын байқауға болады. Ондай нейрондар тобын жүйке орталықтары деп атайды.
Жүйке орталықтарының бірнеше қасиеті бар: жүйке орталықтары өзінің қызметін жағдайға байланысты өзгерте алады., орталық жүйке жүйесінің синапстарына сәйкес жүйке орталықтарында қозу бір бағытта ғана қозғалады, қозу тежеледі, мүшелердің қызметі үйлестіріледі.
Көптеген мүшелердің қызметін біріктіріп, байланыстырып, сыртқы ортаның әсеріне бейімделуін орталық жүйке жүйесінде организмнің қызметін үйлестіру немесе координациялауы дейді. Орталық жүйке жүйесінің рефлекторлы реакцияларды үйлестіру қозу мен тежелудің бір-бірімен байланысына және олардың қасиеттеріне негізделген иррадация, индукция, доминанта, концентрациялау және конвергенцияның қатысуымен іске асады.
Орталық жүйке жүйесіндегі бір жүйке орталығында пайда болған қозу мен тежелудің көрші орталықтарға таралуын иррадациялану дейді. Қозу мен тежелудің жайылуы жүйке талшықтарының миелин қабығының қалыңдығына байланысты. Жаңа туған нәрестелерде миелин қабығы өте жұқа, тіпті болмайды. Сондықтан қозу мен тежелу өте тез тарйды. Жүйке талшықтарының миелинденуі 5-10 жасқа дейін созылады. Қозу мен тежелудің таралуы тітіркендіргіштің күшіне да байланысты. Қозу мен тежелудің жайылуы балаларда күштірек. Мысалы, қызық ойыншық көргенде баланың аузы ашылып қалады, қуанып секіре бастайды, мәз болып күледі, яғни бірнеше орталықтардың қызметі пайда болады.
Жүйке орталықтарында қозу тежелуге және керісінше тежелу қозуға жылдам ауысады. Сонымен қатар, бір жүйке орталығының қозуына байланысты екінші қозу орталығы тежеледі немесе керісінше тежелгенде екінші қозу орталығы күшейеді. Мұны қозу мен тежелудің индукциясы деп атайды.
Бірнеше жүйке орталығындағы қозу мен тежелу бір орталыққа жинақталады. Мұны қозу мен тежелудің жинақталуы дейді. Жинақталу таралуға қарама-қарсы құбылыс. Балаларда ол нашар болады.
Жүйке орталықтарының негізгі қасиеттерінің бірі – доминанта. Оның негізін ең алғаш А.А.Ухтомский ұсынған. Оның қозу мен тежелудің доминантасы (лат. доминанта - басым) туралы ілімі бойынша жүйке жүйесінің қызметінде бір жүйке орталығының қозуы басқаларынан басымырақ болады да, басқа орталықтардың қызметін өзіне бағындырады. Мысалы, “2” алып жылап отырған баланы жұбатса, оның жылауы үдей түседі. Балаларда басымдылық оңай және жеңіл пайда болады. Сондықтан баланың зейіні тұрақсыз болады. Егер бала жұмыстың бір түрімен ұзақ шұғылданса, оның басым орталығы шаршап белсенді зейіні төмендейді. Сондықтан мұғалімдер балалардың сабаққа зейініне көңіл бөліп, еңбектің түрін ауыстырып отыру керек.
Жүйкелік орталық байланыстың молдылығынан бір жүйке жасушасына жүйке жүйесінің бірнеше жерінен нерв импульстері келуі мүмкін. Әртүрлі талшықтар арқылы келген қозулардың ұшырасуын конвергенция деп атайды. Мысалы, дыбыс, көру, тері рецепторларынан келген қозулар бір нейронда түйісуі мүмкін.
Жүйке жүйесінің үйлестіру қабілеті 18-20 жаста толық қалыптасады.
4-тақырып. Жоғары жүйке әрекеті, жүйке
жүйесінің гигиенасы
-
Ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі
-
Рефлекс және оның түрлері
-
Шартты және шартсыз рефлекстер
-
Ми қыртысының талдау және талқылау қызметтері
-
Жоғары жүйке әрекетінің топтары
-
1-ші және 2-ші сигнал жүйелері мен олардың дамуы
-
Жоғары жүйке әрекетінің топтарының балаларда қалыптасуы
-
Эмоция және оның себептері
-
Ұйқы, оның физиологиялық негіздері мен жас ерекшеліктері
-
Ес. Бала есінің дамуы
Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, көңіл-күй, ұйқы, түс көру, гипноз
Адамның мінез-құлқы мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон, Гиппократ секілді алдыңғы қатарлы ғалымдар болжап айтқан болатын. Ал, психикалық әрекеттердің рефлекторлы табиғатына орыстың ғалымы физиолог И.М.Сеченов «Ми рефлекстері» (1863 ж.) деген еңбегінде ғылыми түрде түсінік берген. Осы еңбегінде ол психикалық әрекеттердің рефлекторлы табиғатын алғаш рет дәлелдеген.Еш әрекет өзінен өзі пайда болмайды , тітіркендіргіштердің әсерінен туады.Қобалжу сезім адамның ойы белгілі бір жауапты тудырады, мұның барлығы бұлшық еттердің қызметімен аяқталады. И.М.Сеченовтың бұл ілімін экспериментальды түрде дәлелдеген және дамытқан орыс ғалымы И.П.Павлов. Ол жоғары жүйке әрекетін шартты рефлекстер тудыру арқылы зерттеп, адам мен жануарлардың психологиясының заңдылықтарын алғаш рет түсіндірген.
Рефлекс және оның түрлері. Жүйке жүйесінің негізгі қызметі –рефлекс. Рефлекс деп сыртқы ортаның тітіркендіргіштерінің әсеріне жүйке жүйесінің қатысуымен берген жауабын айтады. Рефлекс пайда болуына қажетті уақытты рефлекс уақыты немесе рефлекстің латентті кезеңі деп атайды. Барлық рефлекстер тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады. Рефлекс аймағында сезгіш рецепторлар болады. Рефлекс болмысына байланысты рефлекстер қорғаныс, тамақтану, зәр шығару, жыныс, тыныс, жүрек қан тамырлары рефлекстері болып бөлінеді. Рефлекс кезінде қозудың жүретін жолын рефлекторлық доға деп атайды. Қатысатын нейрондардың санына қарай рефлекторлық доға қос нейронды, үш нейронды,көп нейронды болып бөлінеді. Рефлекторлық доға бірнеше бөлімдерден тұрады:
1. Сезгіш бөлім. Мұнда орналасқан сезгіш рецепторлар тітіркендіргіштің әсерін қабылдауынан қозу туады.
2. Афференттік жол рецепторларда пайда болған қозуды орталық жүйке жүйесіне тасиды.
3. Жүйке орталығы. Орталық жүйке жүйесінде орналасқан, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген нейрондар тобы орталыққа келген қозуды талдап орталық жүйке жүйесінің жауабын тудырады.
4. Эфференттік жол орталық жүйке жүйесінде пайда болған жауап қозуды эффекторға (жұмысшы мүшеге) әкеледі.
5. Эффектор орталықтан келген қозуға байланысты қызмет атқарады.
6. Эффектордың рецепторлық құрылымы. Жұмысшы мүше қызмет атқарғанда ол мүшенің биохимиялық және электрлік өзгерістері пайда болады. Осы өзгерістерді мүшеде орналасқан рецепторлар қабылдап, мүшенің жағдайына байланысты оларда қозу пайда болады.
7. Эффектордың эфференттік жолы. Эффектордың рецепторында пайда болған қозуды сол мүшенің афференттік жүйке талшығы қайтадан орталық жүйке жүйесіне апарады. Мұндағы жүйке орталығы келген қозуды талдап, жұмысшы мүшенің қызметін тоқтатып немесе қажеттігіне қарай жалғастыратын жауап қозу пайда болады.
Рефлекс пайда болу үшін рефлекторлық доғаның барлық бөлімдері қызмет атқаруы тиіс,егер бөлімдерінің біреуі бұзылса рефлекс пайда болмайды.
Рефлекторлық доғаның қозу жүретін жолдарын екіге бөледі: тура және кері байланыс жолы деп. Рефлекторлық доғадағы сезім мүшесінде пайда болған қозу орталыққа барып, одан жауап келген жол тура байланыс жолы деп аталады. Ал жұмысшы мүшенің сезгіш рецепторында пайда болған қозудың қайтадан орталыққа барған жолын кері байланыс жолы деп атайды. Рефлекторлық доғада бір нейроннан екінші нейронға қозу синапс арқылы ауысады.Орталық ЖЖ синапстар өте көп.ОЖЖ қозу бір бағытта ғана жүреді, пресинапстық бөлімнен постсинапстық бөлімге қарай.
И.П.Павлов барлық рефлекстерді шартты және шартсыз рефлекстер деп екіге бөлді.
Шартты және шартсыз рефлекстердің айырмашылығы
Шартсыз рефлекс |
Шартты рефлекс |
1 Туа пайда болған |
1. Жүре пайда болған |
2. Тұқым қуалайды |
2. Тұқым қуаламайды |
3. Рефлекторлық доғасы жүйке жүйесінің төменгі дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері арқылы қалыптасады |
3. Рефлекторлық доғасы ми сыңарларының қыртысында қалыптасады. |
4. Шартсыз рефлекс қалыптасу үшін қосымша жағдайлар қажет емес |
4. Қажет |
Шартсыз релекстер ұрық кезеңінде де, бала туылғаннан кейін қалыптаса береді. Айталық, қорғаныс рефлексі,сору тамақтану туғаннан ақ болады, ал жыныс рефлекстері жыныстық жетілу кезінде пайда болады.Шартты рефлекстер тұқым қуаламайды тек өмір тәжірбиесінің негізінде, сыртқы ортамен байланыстың арқасында пайда болып отырады.Шартты рефлестер организмді сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына бейімдейді. Балалардың шартты реф. бақылау арқылы олардың миының даму дәрежесін, ақыл ойының дамуын бақылуға болады.
Барлық шартты рефлекстердің қалыптасуы үшін сыртқы ортаның қажетті жағдайларын тудыру керек:
- әсер етуші шартты және шартсыз тітіркендіргіштер қажет;
- шартты тітіркендіргіштердің әсері шартсыз тітіркендіргіштердің әсерінен сәл бұрын басталып (15-20 сек), олар біраз уақыт әсер ету керек;
- тітіркендіргіштер тұрақты ретпен әсер ету керек;
- аталған жағдайлар ұзақ уақыт қайталану қажет;
-шартты тітіркендіргіштердің шартсыз тітіркендіргіштен әлсіздеу болуы;
- ми қыртысының қызметі дұрыс болу керек.
Балаларда шартты рефлекстерді тудыру үшін 3 жасқа дейін шартты әсер ретінде баланың жақсы көретін тамағын немесе ойыншығын қолданады. Мысалы баланы жүргізіп үйреткенде кәмпит немесе ойыншықты көрсетіп шақырады да бала тәй-тәй басып келгенде бере қояды. Кейіннен кәмпитті алуға ұмтылған бала аяғын тезірек басуға ұмтылады.
Сөз әсеріне шартты рефлекс тудыру үшін 3 жасқа дейінгі балаларда негізінен 3 жағдайды сақтау керек. Сонда бала тез, уақытында сөйлеп үйренеді:
1. Үйретіп отырған сөздің мағынасына байланысты бейненің болуы. Мысалы, «әке» деген сөзді үйрету үшін «әке» деп айтып отырып, әкесін көрсету керек.
2. Сөзді айтушы болу керек және алғаш кезде ол тұрақты кісі, айталық шешесі болуы тиіс. Сөзді айтушы болмаса , бала сөйлеп үйренбейді. Мыс; сақау адамдардың баласы сөйлеу қабілеті бола тұра, сөйлеп үйренбеуі мүмкін
3. Бала сөздің мағынасына байланысты затты дұрыс көріп тұру керек.
Мұндай жағдай 3 жасқа дейін ғана. Кейін баланың сөз қоры көбейіп, маңызы төмендеп, біртіндеп жойылады.3 жастан кейін сөзді айтушының бейенің тұрақты болуы шарт емес мысалы кішкетай баланы бөтен адам сөйлетсе, ол тұрып қалады, болмаса жылап жібереді.Өсе келе ол кітап оқып, мұғалімдердің айтуымен, теледидардан жаңа сөздер үйренеді.
Баланың алғашқы аптаның өмірінен шартты рефлекстер пайда болады.5-10-шы күндері тамақтануға байланысты шартты рефлекстер қалыптасады.
3-4 айлық кезінде баланың ажырату шартты рефлекстері пайда болады. Көп дыбыстардың ішінен анасының дауысын айыруы
4-ші айда баланың дыбыс шыққын жаққа қарай басын бұрып қолын созыпгу-гулей бастайды,содан кейін жарыққа деген шартты рефлекстер қалыптасады.3-4
Айда сыртқыортаны бағдарлау рефлексі қалыптасады.
5-7ж қозу мен тежелу күшейе түседі.Ішкі тежелу жақсарады,ми қыртысының жұмысы артады. Бала 15-20мин. бір нәрсеге зейін тоқтата алады.Баланың сөзге байланысты санасы 5-7жаста жақсы дамиды.
Шартты рефлекстердің түрлері. Шартты рефлекстер рецепторлардың тітіркенуіне және пайда болатын қызметіне байланысты, қозу мен тежелуге байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Тітіркенетін рецепторларына байланысты төмендегідей бөлінеді:
1. Экстрорецепті шартты рефлекстер шартты тітіркендіргіштер сыртқы сезім мүшелеріне әсер еткенде пайда болады: көзге, құлаққа, иіс және дәм сезу мүшелеріне, тері рецепторына.
2. Проприорецепті шартты рефлекстер қаңқа бұлшықеттерін тітіркендіргенде пайда болады.Сонымен қатар, теңдік рефлекстер жатады.
3. Интерорецепті шартты рефлекстер ішкі мүшелерді тітіркендіргенде пайда болады. Қанға химиялық заттарды жібергенде туатын автоматты шартты рефлекстер жатады.Ондай жағдайда ішкі рецепторлар тітіркеніп,ОЖЖ тікелей әсер етеді.
Туатын қызметтің түріне қарай шартты рефлексті екіге бөледі: қимыл-қозғалыс және вегетативтік шартты рефлекстер.
Рефлексті тудыратын қозу мен тежелудің кезеңдеріне қарай шартты рефлекстерді оң және теріс немесе жағымды және жағымсыз деп бөледі.шартты оң рефлекстер кезінде мүшелердің қызметі пайда болады немесе күшейеді. Шартты теріс рефлекстерде мүшелердің қызметі нашарлайды немесе мүлдем тоқтайды.
Уақытша нервтік байланыс. Шартты тітіркендіргіш әсер еткенде ми қыртысының тітіркендіргішке сәйкес орталығында қозу пайда болады. Мысалы, көзге әсер етсе – көру орталығы, дыбыс әсер етсе - есту орталығы. Шартсыз тітіркендіргіштің әсерінен оған сәйкес орталықта екінші қозу ошағы пайда болады. Организм үшін маңызды әсерді шартсыз тітіркендіргіш ретінде алғандықтан екінші орталықтағы қозу ошағы біріншіге қарағанда күштірек болады. Сондықтан бірінші қозу ошағындағы нерв импульстері екінші орталыққа тартылады да екеуінің арасында байланыс пайда болады. Шартсыз тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса, соғұрлым екінші орталықтың қозуы күшті болып шартты рефлекс тез туады. Шартты рефлекстің пайда болуының негізі – ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында уақытша нервтік байланыстың пайда болуы. Мыс адам лимонды көргенде ми қыртысының көру аймағында қозу пайда болады, лимонды кесіп қойсақ ауыз куысының рецепторлары тітіркенеді сопақша мидың слекей шығару орталығында және ми қыртысының ас қорыту орталығында қозу пайда болады. Ми қыртысының екі қозу ошақтарының арасында уақытша нервтік байланыс түзіледі.
Шартты рефлекстердің тежелуі. Тежелу 2 түрлі болады: сыртқы немесе шартсыз және ішкі немесе шартты тежелу.
Сыртқы тежелу туа пайда болады. Ол шартты рефлекторлы түрде пайда болған кезде сыртқы ортаның күшті немесе ұзақ әсер ететін басқа тітіркендіргішіне байланысты байқалады. Мысалы, мұғалімнің айтқанын ұқыпты тыңдап отырған бала, кенеттен даладан шыққан қатты дауысты естісімен мұғалімді тыңдамай, дереу терезеге қарайды. Сыртқы тежелу 3-4 жаста жеңіл пайда болады.Оны жағымы әсерлермен оп-оңай бөліп жіберуге болады. Мыс жылап отырған балаға қызық ойыншықты көрсетсе,ол жылауын тоқтата қояды. Мұнда ми қыртысында пайда болған жаңа қозу ошағы шартты рефлекторлы түрде болған қозу ошағын тежейді. Яғни сыртқы тежелу сәбилерді тәрбиелеуде маңызды орын алады.
Шартты немесе ішкі тежелу пайда болған шартты рефлекстердің жағдайы өзгергенде туады.Мысалы күнде сағат1 кезінде тамақішіп жүрген баланың уақыты жақындағанда қарны ашып, аузында слекей көп бөлінеді. Егер тамақ ішу уақытын 2ге ауыстырса, алғаш кезде сағат 1 де баланың қарны аша бастайды. Біраз күннен кейін бұл жойылып баланың қарны сағат 2ге жақындағанда ашатын болады. Мұнда алғашқы шартты рефлекс жойылып тежеліп. Жаңа шартты ркфлекс пайда болады.Қажетсіз ақпараттар осындай ішкі тежелудің нәтижесінді жойылып отырады.Кейін мәлімет қажет болғанда, қайта опөоңай тез пайда болады.Балалардың шартты рефлекстері ересек адаммен салыстырғанда күшті жіне берік болады.Сондықтан оның жойылуына ұзақ мерзім қажет(Бала кезінде жатталған тақпақ қартайғанның өзінде есте жүреді).
6-7 жаста ішкі тежелудің маңызы зор. Бұл кезде баланы қстамдылыққа шыдамдылыққа үйрету үшін оның ішкі телуін пайдаланса дұрыс тәрбиеленеді.Тәртіпке үйретуге болады.Мидағы қозу мен тежелу ми қыртысында тітіркендергіштердің әсерін талдау және талқылау қабілеттерінің негізі болып табылады.
Ми қыртысының талдау және талқылау қызметтері. Динамикалы стереотип. Сыртқы және ішкі ортаның көптеген тітіркендіргіштерінің әсерінен биологиялық маңыздыларын таңдап алу үшін олар мида талданады.
Талдау арқылы организм өзіне қажетті, тиімді әсерлерді бөліп алып, ажыратады. Ми қыртысы әсер ететін тітіркендіргіштерді жіктеп талдайды. Таңдалған әсерлерге дұрыс жауап қайтару үшін ми қыртысында олар қайта жинақталып қорытылады, талқыланады. Мұны ми қыртысындағы талқылау дейді.
Өте күрделі талдау мен талқылаудың үлгісі ретінде динамикалы стереотипті алуға болады.Балаларда белгілі қажетті дағдыларды тудыруы үшін динамикалық стереотиптің маңызы зор. Мысалы таңертең турғаннан кейін баланың төсегін жинау, жуыну, тамақтану дағдыларын динам. стереот. айналдыру арқылы тәртіпке үйрету. Динамикалы стереотип деп адам мен жануарлардың ми қыртысында ұзақ мерзім тұрақты ретпен әсер еткен топты тітіркендіргіштердің біртұтас шартты рефлекторлы әрекетті тудыратын қабілетін айтады.
Жоғары жүйке әрекетінің топтары
Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым қуалаған жеке қасиеттері мен өмірден алған тәжірибесін, сыртқы ортадан алған мағлұматын, мінез-құлықтарын жүйке әрекетінің топтары деп жинақтайды.
И.П.Павлов жануарлардың жоғары жүйке әрекетінің топтарын ми қыртысындағы қозу мен тежелудің негізгі 3 қасиетіне байланысты 4 топқа бөледі. Ол қасиеттер: қозу мен тежелудің күші, теңдігі, алмасуы.
Қозу мен тежелудің күші деп ми қыртысындағы олардың өту дәрежесін айтады. Кейбір адамдардың миындағы нейрондардың жұмыс қабілеті жоғары болып кейбірлерінде төмен болады.Соған байланысты қозу мен тежелудің күшін палов күшті және әлсіз деп екі топқа бөлді. Қозу мен тежелудің теңдігі деп олардың бір-біріне қатынасын айтады.Кей адамдарда бірдей дамыған, ал енді біреулерде не қозуы не тежелуі басымырақ болады. Қозу мен тежелудің алмасуы деп олардың бір-біріне алмасу жылдамдығын айтады. Олардың алмасуы ширақ немесе баяу болуы мүмкін.
Қозу мен тежелудің осы қасиеттеріне қарай И.П.Павлов жануарларда жоғары жүйке әрекетінің 4 тобын ажыратады:
1. Күшті, ұстамсыз, қозуы тежелуден басым топ.
2. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы жылдам топ.
3. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ.
4. Әлсіз топ. Ми қыртысының нерв клеткаларының қызмет қабілеті төмен, қозуы нашар дамыған, тежелуі басым.
Гиппократ денедегі 4 түрлі сұйықтықтың өзара қатынасына байланысты адамның темпераментін 4 топқа бөлген. Олар холерик (грек. холе- сары өт), сангвиник (сангвине - қан), флегматик (флегма – кілегей, шырын), меланхолик (мелайне холе – қара өт).
И.П.Павлов өзінің ашқан жоғары жүйке әрекеттерінің 4 тобын дәрігер грек ғалымы Гиппократтың айтқан 4 темпераментіне сәйкес деп есептеген:
1. Күшті, ұстамсыз, қозуы тежелуден басым топ – холерик.
2. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы жылдам топ – сангвиник.
3. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ – флегматик.
4. Әлсіз топ – меланхолик.
Аталған 4 топтың аралас түрлері жиі кездеседі.
-
ші және 2-ші сигнал жүйелері мен олардың дамуы.
Адам баласының ми қыртысының жануарлардың ми қыртысынан айырмашылығы бар. Жануарлар мен адамдар үшін нақтылы әсерді және көз, құлақ т.б. организмнің сезгіш рецепторлары арқылы келетін сыртқы ортаның көріністерін талдау мен талқылау екеуінде де бар ортақ қасиет. И.П. Павлов сыртқы ортаның табиғи әсерін «сигналдар» деп атады. Сол сигналдарды қабылдайтын мүшелер жүйесін 1-ші сигнал жүйесі деп атады.Жануарларда тек 1-ші сигнал жүйе ғана бар. Ал сол сигналдардың сөзбен белгісін «сигналдың сигналы» деп атады. «»Сигналдың сигналын қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесін және сөйлеуге, сөзге байланысты ойлау қабілеттерін 2-ші сигнал жүйесі деп атады. 2-ші сигнал жүйесі адамдарға ғана тән.
1-ші сигнал жүйесі жаңа туған нәрестеде бірнеше күннен кейін қалыптасады. 7-10 күндері алғашқы шартты рефлекстері қалыптаса бастайды. Ал 2-ші сигнал жүйесінің даму белгілері 6 айдан пайда бола бастайды.Сөздің мағынасын нәресте ерте түсіне бастайды сондықтан да оны дамыту үшін нәрестемен сөйлесу қажет.Жаңа туған баланы емізгенде,кимін ауыстырғанда қасына келгенде, алғашқы күндерінен бастап сөйлесуге болады.Бұл 2-ші сигнал жүйесінің қозғаушы күші. 1-ші сигнал жүйесі мен 2-ші сигнал жүйе бір-бірімен тығыз байланысты.Адам баласында барлық түсініктер мен көріністер құбылыстар мен сезімдер сөзбен беріледі.Бұл 1-ші сигнал жүйесінің қозуы 2-ші сигнал жүйесіне ауысатынын білдіреді.
И.П.Павлов адамның жоғары жүйке әрекетінің типтерін ұсынды.ойлы ,көркемсуретті және аралас
И.П.Павлов сигнал жүйесіне байланысты адамдардың жоғары жүйке әрекетін 3 топқа бөлді:
1. Көркем суретті топқа жататын адамдарда 1-ші сигнал жүйесі 2-ші сигнал жүйесінен басым. Сыртқы дүниенің көрінісіне әсерлене таңырқап қарайтын, заттардың ажарла бояларына назар аударатын адамдар жатады.
2. Ойлы немесе саналы топтағы адамдардың 2-ші сигнал жүйесі 1-ші сигнал жүйесінен басым. Абстракты ойларңа бейім саналы адамдар жатады.Ақын жазушылар мен суретшілер.
3. Орташа немесе аралас топтағы адамдарда екі сигнал жүйесі де бірдей шамада дамыған.
Екі сиганл жүйесінің арасындағы мәліметтердің берілуі бойынша И.П.Павлов адамдардың 4 тобын ажыратты:
1. Мәлімет 1-ші сигнал жүйеден 2-ге, 2-ші сигнал жүйесінен 1-ге жеңіл өтеді.
2. Мәлімет 1-ші сигнал жүйеден 2-ге, 2-ші сигнал жүйесінен 1-ге қиын өтеді.
3. 1-ші сигнал жүйеден 2-ге мәлімет бөгеліп өтеді.
4. 2-ші сигнал жүйеден 1-ге мәлімет бөгеліп өтеді.
Жоғары жүйке әрекетінің топтарының балаларда қалыптасуы. Баланың мінез құлқының қалыптасуына екі сигнал жүйесінің даму дәрежесі, жоғары жүйке әрекетінің топтары әсер етеді.
Баланың темпераменті мен мінез-құлықтарының қалыптасуы екі түрлі әсерге байланысты:
1. Ата-анасынан тұқым қуалап ауысатын қозу мен тежелудің ми қыртысындағы генотиптік қасиеті.
2. Сыртқы ортаның әсерінен (үйдегі тәрбиесі, дос-жолдастарының ықпалы, әлеуметтік қоғам орындарының ықпалы) болатын фентоиптік қасиеттер.
Н.Н.Красногорский балалардың ми қыртысындағы қозуы мен тежелуін зерттей келе, олардың жоғары жүйке әрекетін 4 топқа бөлді:
1. Қозуы мен тежелуі күшті, тең, алмасуы жылдам топтың шартты рефлекстері тез пайда болып оңай тежеледі, пайда болған рефлекстері ұзақ, жақсы сақталады. Бұл топтағы балалардың тілі жатық, сөз қоры мол, мінезі ұстамды.
2. Қозуы мен тежелуі күшті, тең, алмасуы баяу топтың шартты рефлекстері бірнеше рет қайталағанда пайда болады, бірақ пайда болған рефлекстері ұзақ, жақсы сақталады. Бұл топтағы балалар ерте бірақ баяу сөйлейді. Мінезі - өте шыдамды.
3. Күшті қозғыш ұстамсыз топтағы балалардың шартты рефлекстері өте жылдам пайда болғанымен тез жойылып отырады. Мінезі - ұстамсыз, шыдамсыз.
4. Әлсіз топтағы балалардың шартты рефлекстері ұзақ көп қайталағаннан кейін өте баяу туады. Ондай балалар жаңа жағдайға ұзақ бейімделеді. Мінезі жасқаншақтау, тез шаршағыш келеді.
Бала тілінің дамуы
Бала тілінің дамуы дыбыс аппаратының бұлшық еттерінің күрделі шартты және шарытсыз қозғалысына сәйкес қалыптасады .Тілдің дамуы үшін басқа адамдармен болатын қарым-қатынастың маңызы зор. 12-16 жасқа дейін адамдармен араласпай өскен балалардың адамға лайықты сөйлеу қабілеті болмайды. Олар тек жануарлар іспетті жеке сөздерді айтып біраз, сөздердің мағынасын түсінгенімен, яғни аздап сөйлеп үйренгенімен, ол екінші сигналдық дәрежеде қалыптаспайды. Бұған дәлел маймылдар тәрбиелеген адамның балалары. Сәби кезінен бастап жануарлардың тәрбиесінде болып, адамдармен қарым – қатынасы кеш басталған балалардың ересек адамдардай сөйлеу қабілеті болмайда, оларда адам кейпіне келт іріп тәрбиелеуде, сөйлеп үйретуі де қиын, кейде мүлдем мүмкін болмайды. Ал ертерек, кішкентай кезінде табылған балаларды адам кейпінде нашар болса да сөйлетуге болады. Жаңа туған бала дыбыс аппаратының шартсыз қимыл рефлекстеріне байланысты мағынасыз үн шығра алады. 2 – айдан бастап дауыстай алады. Ересек адамға еліктеп кейбір дауысты дыбыстарды қайталай бастайды.
Дені сау, жақсы дамыпкеле жатқан баланың 1жасыннда 6-10, 2ж 250-300, 3ж 1500,4ж 4000,5-6ж 4-5000 сөз қоры жиналады.Баланың жасы ұлғаякеле абстракты ойлау жақсы бастайды.
Эмоция және оның себептері
Эмоция немесе көңіл-күй латын тілінде эмовере – қобалжу, қозу деген мағынаны білдіреді.
Эмоция дегеніміз адамның сыртқы ортаның жағдайына деген сезімін білдіріп, белгілі бір тітіркендіргіштің әсеріне берген жауабы. Эмоция адамның бетінің әлпетін ,денесінің қалпын, мимикасын дауыс ырғағын өзгертуі арқылы көрінеді.
Эмоцияның 3 құрамы бар:
-
Ішкі сезім.
-
Сыртқы көрінісі.
-
Соңғы нәтиже.
Эмоцияны жағымды немесе жағымсыз деп екіге бөледі.
Жаңа туған сәбидің эмоция жағдайы ыңғайсыз болғанда жылау, терісінің қызаруы арқылы білінеді. 2-4ж арасында жағымсыз эмоция белгілері туады. Балалардың эмоциясы тұрақсыз келеді. 7-11 жастағы балалар психикалық эмоцияның барлық түрлерінің белгілерін көрсете бастайды. Әсіресе қуаныш, реніш, қарсыласу эмоциялардың түрлері дамиды. 12-16 жаста эмоцияның барлық түрлері толық қалыптасады.
Ұйқы, оның физиологиялық негіздері мен жас ерекшеліктері
Ұйқы адам организмінің қалыпты қызмет атқаруы мен тірлігін сақтауға қажетті жағдай. Ұйқы кезінде сыртқы ортамен байланыс нашарлайды, денедегі зат алмасу, бұлшықеттердің тонусы, асқорыту, жүрек-қантамырлар мен тынысалу жүйелерінің қызметі төмендейді.Таламус пен гипаталамуста ұйқы оралықтары бар, ал торлы құрылымда сергектік орталық бар.
Ұзақ уақыт ұйқы кемігенде адамның еңбек қабілеті, есте сақтау қабілеті, ойлау қабілеттері төмендеп, нашарлап кетеді. Адам тәуліктің 1/3 ұйқыға жібереді.
Ұйқыны азайтуға, әсіресе балаларда болмайды. Жаңа туған сәби алғашқы күндері тәулігіне 21 сағаттай ұйықтайды. 1 жаста – 14 сағ., 4 жаста – 12 сағ, 7-жаста 10,5-11, 10 жаста – 10-10,5 сағ, 11-13 жаста – 9-9,5 сағ, 14-17 жаста – 8-9 сағ, ересек адамдар 7-8 сағ ұйықтайды.
Бала мезгілінде дұрыс ұйықтау үшін жатар алдында ауыр тамақ ішпеуі тиіс. Ауыр тамақты жатардан 2-3 сағат бұрын қабылдап, жатарда жеңіл тамақ ішу керек. Баланың төсегі жайлы, бөлмесінің ауасы таза, температурасы 20-220С болғанда ұйқысы дұрыс болады.
Ес. Бала есінің дамуы
Ес физиологиялық тұрғыдан қарағанда 3 бөліктен тұрады: ақпаратты қабылдау, оны сақтау және мезгілінде қайтадан жаңғыртуСыртқы ортаның мәліметтері адам миына жан жақты келеді; көру, есту, сөз, тері, иіс, дәм сезімдері.Олардың бәрі талданып, қабылданып, талқыланып,қажетісі ғана есте сақталады. Еске сақтау әдістеріне қарай ес: механикалық және саналы, ерікті және еріксіз деп бөлінеді.
Мәліметті сақтау мерзіміне қарай ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді ес деп бөлінеді.
Қысқа мерзімді ес жүйке импульстарының нейрондар тізбегі бойымен өтіп,
ұзақ мерзімді еске айналады, яғни мәлімет сақталып нығаяды.
Ұзақ мерзімді ес РНК мен ДНКда программаланады.
Қысқа мерзімді ес балада 3-4 айдан кейін іске қосылады. Баланың жасы ұлғайған сайын еске сақтау мерзімі артады: 2 жаста бірнеше айға, 4 жаста бір жылдан аса, 5 жаста өмір бойына еске сақтай алады.
7 жасқа дейін еріксіз еске сақтау қабілеті, одан әрі қарай ерікті еске айналады. Ер балалардың есі 10 жастан бастап, ал қыз балаларда 11-14 жаста жақсы дамиды Адамның есі 20-25 жасқа дейін қалыптасып дамиды. Оны дұрыс дамыту үшін жаттықтырудың маңызы зор.Неғұрлым көп оқып, білуге ынталанған баланың есте сақтау қабілеті жоғары болады
Түс көру
Түс көру – қиял процесінің ұйқы кезіндегі енжар бейнесі. Түс көруді физиологиялық тұрғыда түсіндірген академик И.П.Павловтың пікірі бойынша ұйқы кезінде ми клеткаларының қызметі толық тежелмейді, кейбір бөлімдері ояу қалпындағыдай жұмыс істей береді. Ми қыртысының осындай бөліктерін “күзетші пункт” деп атайды. Күзетші пункттерде адамның бұрынғы көрген, естіген, дәмін татқан нәрселердің бейнелері (бейнелі ойдың ісін басқаратын оң жақ ми сыңарында) қайта “тіріледі”. Түсте ақылға сыймайтын бейнелердің туындауын мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыстың әлсіреп, бірінші сигнал жүйесінің іске қосылып, екінші сөздік сигналдардың толық тежелуімен түсіндіріледі. Осы түстерде алған әсерлердің болып көрмеген қиысулары ретінде түсіндірген И.М. Сеченов адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалардың есепсіз көп фактілері себеп болады деп білді. Адамның дене мүшелеріндегі жайсыздық та әр түрлі түс көруге себеп болады.
5-тақырып. Сенсорлық жүйелер. Сезім мүшелерінің гигиенасы. Анализаторлардың маңызы, жалпы құрылысы, ортақ қасиеттері
-
Сезім мүшелерінің құрылымы, қызметі, жіктелуі
-
Талдағыштардың ортақ қасиеттері
-
Көру талдағышы
-
Жарықты қабылдау
-
Көру талдағышының жас ерекшелігі
-
Көру гигиенасы
-
Дыбыс талдағышы
-
Дыбыс талдағышының жас ерекшелігі
-
Есту гигиенасы
-
Дәм сезу, иіс сезу және тері анализаторлары. Олардың жас ерекшеліктері
Әр түрлі сыртқы және ішкі тітіркенгіштерді қабылдайтын және оларды талдап жауап қайтаратын сезгіш жүйкелер жүйесін – сенсорлық жүйе немесе анализаторлар (талдағыштар) деп атайды. Организмде жеті түрлі талдағыштар бар: көру, есту, иіс, тері, дәм, және висцеральды.
Әрбір анализатордың 3 бөлімін ажыратады:
-
Рецепторлық бөлім – сезгіш рецепторлардан тұрады. Олар тітіркендіргіштің әсерін қабылдап, қозуға айналдырады.
2. Өткізгіш бөлім рецепторда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен шығып, ми қыртыстарына таситын сезгіш жүйкелерден тұрады.
3. Талдағыштың қыртыс бөлімін ми сыңарларының қыртысында орналасқан сезім орталықтары құрады.
Талдағыштардың ортақ қасиеттері:
1. Талдағыштардың рецепторлары өзіне ғана тән тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды. Ондай тітіркендіргіштерді адекватты тітіркендіргіш деп атайды. Көру талдағышы үшін жарық сәулелері, есту талдағышына дыбыс толқындары, иіс талдағышына жеңіл химиялық заттардың иісі сай келеді. Дәм талдағышы еритін химиялық заттар адекватты тітіркендіргіштер.
2. Талдағыштардың рецепторлары тітіркендіргіштердің күші өзгергенде тітіркендіргіштердің жаңа күшіне тез бейімделеді. Мысалы, жарық жерден қараңғы бөлмеге кіріп келгенде, алғашқы кезде ештеңе көрінбегенімен, біраздан кейін заттар көріне бастайды немесе, тұзды тамақ алғаш кезде ащы болып сезілгенімен, кейіннен ол сезім жойылады, астың тұзы дұрыс секілді болады. Ал содан кейін тұзы дұрыс асты жей бастаса, алғашында оның тұзы аз сияқты болып, кейіннен сезім қайтадан қалпына келеді. Осы сияқты, бөлмеге кіріп келгенде әтірдің иісі сезілгенімен, біраздан соң сезілмей кетеді. Бұл мысалдардың бәрі талдағыштардың рецепторлары тітіркендіргіштің күшіне тез бейімделетінін дәлелдейді.
3. Талдағыштар бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Сондықтан бірінің қызметі күшейгенде, екіншісінің қызметі төмендейді және керісінше. Мысалы, бар зейінімен сабаққа дайындалып, кітап оқып отырған оқушы маңайындағы бөгде дыбыстарды естігенімен мағынасын түсінбейді.
4. Бір талдағыштың қызметі бұзылғанда қалғандары оның қызметін бөліседі. Мысалы, соқыр адам жерге тиген таяқтың ұшының дыбысынан қай жерде келе жатқанын аңғарады немесе қолымен сипалап затты, дауысынан адамды таниды т.б. Мұндай жағдайда ауру талдағышпен сау талдағыштардың ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында тұрақты нервтік байланыстар (шартты рефлекстердің байланысы іспетті) пайда болады. Біздің мысалымызда соқыр кісінің көру орталығы мен дыбыс, иіс, тері сезімдері орталықтарының арасында жүйкелік байланыс пайда болады...
5. Талдағыштардың рецепторларының сезімталдығын жаттықтыру арқылы не күшейтіп, не төмендетуге болады. Мысалы, ұшқыштар тепе-теңдік (вестибулярлық аппаратын) мүшесін жаттықтыру арқылы оның сезімталдығын төмендеткендіктен ұшып келе жатқан ұшақтың ішінде еркін қозғалып ұзақ жүре алады. Ал жай жолаушы ұшып келе жатқан ұшақтың ішінде ұзақ уақыт түрегеліп жүрсе, жүрегі айнып, басы айналып, құсуы мүмкін. Я болмаса ғарышкерлер зымыранда ұзақ болған кезде өте күшті жылдамдыққа төзу үшін, тепе-тендік сақтау мүшесін ұзақ жаттықтырады. Сол сияқты, әткеншекті көп тепкен бала көлікте ұзақ жол жүре алады, яғни оның вестибулярлық аппараты жаттығып, өзінің сезімталдығын төмендеткендіктен шайқалысты қозғалуды сезу қабілеті төмендейді.
Талдағыштар әр түрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдауына байланысты оларды екі топқа бөледі: дистантты, яғни сезім мүшесінен белгілі бір қашықтықта орналасқан заттардың әсерін сезу (көру, есту, иіс сезу талдағыштары) және контакты, яғни сезім мүшесіне жанасқан затты сезетін (дәм сезу, тері талдағыштары) талдағыштар.
Дистантты талдағыштарға көру, есту, иіс талдағыштары жатады, ал дәм, тері, висцеральдық, қозғалыс контактты талдағыштарға жатады. Дистантты талдағыштар қысқа мерзімнің ішінде әжептеуір қашықтықта орналасқан заттар туралы көп мәлімет бере алады. Бұл жағынан көру және есту талдағыштарының маңызы зор.
Көру талдағышы
Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі. Оның дүниетануда, оқуда, сыртқы ортамен байланыс жасауда маңызы зор.
Құрылысы бойынша көру талдағышының сезгіш бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге болады: көздің қосымша құрылымдары, жарық өткізгіш жөне жарық сындырғыш құрылымдары, жарық қабылдағыш құрылымдар.
Көз алмасы шар пішінді. Оның алдыңғы және артқы полюстерін ажыратады. Көз алмасының орталық бөлігін - ядро деп атайды, оның сыртын 3 түрлі қабық қаптап тұрады.
Көз аламасының сыртқы қабығын - фиброзды қабық деп атайды. Оның алдыңғы дөңестеліп келген бөлігі – қасаң қабық, артқы көп бөлігі – склера деп аталады. Бұл қабықта қантамырлар болмайды. Көз алмасының ортаңғы қабығы – қантамырлар қабығы деп аталады. Оның алдыңғы бөлігі – нұрлы қабық, ортаңғы бөлігі - кірпікті дене, ал артқы бөлігі – нағыз тамырлы қабық деп аталады. Нұрлы қабықтың ортасындағы тесік көз қарашығы деп аталады.
Көз алмасының ішкі қабығы – торлы қабық деп аталады. Онда колба тәрізді және таяқша пішінді жарық сезгіш клеткалар орналасқан. Таяқша пішінді клеткалар қараңғылықты сезеді, ал колба тәрізді клеткалар күндізгі жарықты сезіп, заттың түсін ажыратады.
Көз алмасының нұрлы қабығының артқы жағында қос дөңесті линза пішінді көз бұршағы (хрусталик) орналасқан. Оның артқы жағын толығымен шыны тәрізді дене толтырып жатады.
Көздің қасаң қабығы мен нұрлы қабығының арасын - көздің алдыңғы қуысы, нұрлы қабық пен көз бұршағының арасын -көздің артқы қуысы деп атайды. Бұл қуыстарда аздаған сұйықтық болады.
Қ о с ы м ш а құрылымдарға қас, кірпік, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттері жатады. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады. Қас, кірпік, кірпік еттері нәзік көз алмасын сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен (соққы, түрлі химиялық заттар, су, шаң-тозаң т.б.) қорғайды. Көз жасының безі мөлдір сұйық – көз жасын түзейді. Көз жасы өте мөлдір арнайы сұйық. Ол көз жасы безінде түзіледі. Оның 97,8 % су, 4,4% органикалық заттар, 0,8% түрлі тұздар. Ол көз алмасын суландыру арқылы, көз алмасының қозғалысына байланысты туатын үйкелістен көзді тозудан сақтайды. Оны жуып-шайып, тазартып отырады жөне сыртқы ауадан келген микроорганизмдерді өлтіріп, олардың жағымсыз әсерінен қорғап қалады, яғни дезинфекциялық (фран. дез- – құрту) Қабақ пен кірпіктер қорғаныс қызметін атқарады. Көзге қауіп төнгенде рефлекторлы түрде көз жұмылып, қабақ пен кірпік нәзік көз алмасын сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайды.
Көру талдағышының сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан. Оларға торлы қабықтағы таяқша және сауытша пішінді фоторецепторлар жатады. Өткізгіш бөліміне к ө р у жүйкесі жатады. Ол көз алмасынан шығьп, сопақша миға барып бағытын өзгертеді, содан соң оң көзден шыққан нерв сол жақ ми қыртысының шүйде тұсындағы көру аймағына, ал сол кезден шыққан көру нерві оң жақ ми қыртысьндағы көру аймағына қозуды тасиды. Көру талдағышының қыртыс бөліміне ми қыртысының желке тұсында орналасқан оң және сол жақ көру орталықтары жатады.
Көздің қасаң қабығы, бұршағы және шыны тәрізді денесі негізгі жарық сындырушы оптикалық жүйе. Олар жарық сәулелерін жинақтап, жарық толқындарын сыңдыру қызметтерін атқарады. Жарық сындыру қабілеті диоптрия деп аталатын сәулелердің ауытқу мөлшерін анықтайтын өлшеммен есептеледі. 1 диоптрия фокустық нүктесі 1 м қашықтықта орналасқан линзаның жарық сәулелерін сындыру күшіне тең. Жарық сындыру күші артқан сайын фокустық қашықтық азаяды.
Әрбір жарық сындырғыш аппараттың қабілеті, құрылысы әртүрлі екенін ескерсек, бұл жүйенің күрделілігін түсінуге болады. Көздің қарашығы арқылы жарық сәулелері көздің қасаң қабығы, бұршағы, шыны тәрізді денесі арқылы өтіп фокустық нүктеде жинақталып заттың нақтылы, бірақ кішірейген бейнесін торлы қабыққа түсіреді.
Әртүрлі қашықтықта орналасқан заттың бейнесін торлы қабыққа түсіру үшін көз бұршағы аккомодациялық қызмет атқарады. Аккомодация деп көзден әртүрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдау қабілетін айтады.
Көздің шыны тәрізді денесі жарық сындырғыш құрылымдарының ішіндегі ең күштісі. Мұнда жеткен жарық сәулелері сынып, торлы қабықтың үстінде фокустық нүктеде жиналады. Егер шыны тәрізді дененің жарық сындыру қабілеті тым күшейсе, сәулелер торлы қабықтың үстінде фокустық нүктеде жиналады. Егер шыны тәрізді дененің жарық сындыру қабілеті тым күшейсе, сәулелер торлы қабыққа жетпей фокусталып, ал нашарласа одан асып жиналады. Мұндай жағдайларда заттың бейнесі бұлдырланып, анық көрінбейді. Шыны тәрізді денеде сәулелердің сынуына байланысты заттардың бейнесі аударылып көрінеді.
Жарықты қабылдау
Таяқша және сауытша тәрізді клеткаларда фокустық нүктелерде жинақталған сәулелердің әсерінен олардың ішіндегі арнайы заттар фотохимиялық реакцияға түсіп, ыдырай бастайды. Таяқша тәрізді клеткаларда родопсин, сауытша тәрізді клеткаларда иодопсин болады. Жарық сәулелерінің әсерінен родопсин ретинен мен опсинге ыдырап, қозу пайда болады. Ретинен А витаминінің туындысы, сондықтан бұл витамин жеткіліксіз болғанда адамның қараңғыда көру қабілеті төмендейді. Мұндай кемшілікті соқыр тауық немесе гемералопия дейді. Таяқша клеткалар өте әлсіз – 0,01 люкстен кем жарық сәулелерін сезеді.
Люкс – жарық сәулелері 1 м қашықтықтан 1 м2 тегістікке тік түскенде пайда болатын жарықталуының дүниежүзілік өлшемі. 30 люкстен астам жарықты сауытша клеткалар сезеді. Сауытшалардағы иодопсин сәулелердің әсерінен иодинен мен опсинге ыдырайды. Фотохимиялық реакцияның негізінде пайда болған қозу таяқша және сауытша клеткаларымен байланысқан көру нервінің орталыққа тебетін афференттік ұштары арқылы ортаңғы мидағы көру төмпешіктеріне жетіп, одан әрі ми сыңарларының қыртыстарының шүйде тұсында орналасқан көру орталығына барады. Онда талқыланып, жинақталып, заттың бейнесі туралы сезім туады. Фотохимиялық реакцияның пайда болуына байланысты көздің қозғыштығы төмендейді. Мұны жарыққа бейімделу немесе жарық адаптациясы дейді.
Көздің заттың түсіне бейімделу қабілетінің де маңызы бар. Заттың түсі, бояуы туралы сезім көру талдағышына ұзындығы әртүрлі жарық толқындары әсер еткенде туады. Көздің жарық толқындарын қабылдау қабілеті 390-760 нм шамасында. Олардың әр толқыны ұзындығына байланысты бір түсті сезім тудырады. Мысалы, көк түсті сезім 450-480 нм, күлгін түсті 390-450 нм, қызыл түсті 620-760 нм.
Түсті жарықты қабылдау ілімінің негізін алғаш рет М.В.Ломоносов 1756 ж. қалаған.
Кейбір адамдар заттың түсін мүлде анықтай алмайды. Мұндай кемшілікті осы аурумен ауырған ағылшын ғалымы химик Дальтонның атымен дальтонизм деп атайды.
Көру талдағышының жас ерекшелігі.
Жаңа туған нәрестенің көз алмасының салмағы 2-4 г, ересек адамдікі - 6-8 г.
Көз жасының безі жаңа туған нәрестеде толық жетілген, бірақ оған келетін жүйке талшығы әлі жетілмегендіктен алғашқы 3-5 айға дейін жылағанда көз жасы шықпайды. Нәрестенің көзінің қозғалысы екі көзінде бірдей емес. Көзін жыпылықтату қабілеті өте нашар.
Жаңа туған нәрестенің қарашығы өте жіңішке.
Баланың көзінің қозғалысы тек 1 айға толғанда ғана дұрыс бағыттала бастайды. Затқа көзін тігіп қарау қабілеті алғашқы 3-5 айға дейін қалыптасады. Бұл мезгілде затқа қарау ұзақтығы 1-1,5 минөт, 3 айда 7-10 мин, тек 3-7 жастың арасында толық жетіледі.
Сәбидің сауытша клеткалары жетілмеген. Сондықтан бала 1 жасқа дейін заттың түсін анық көре алмайды. Түсті ажырату балаларда 3 жаста басталады.
Көру гигиенасы.
Көру гигиенасының талаптары:
-кітапты оқығанда, жазғанда баланың көзі мен қағаз аралығы 35-40 см болу керек;
-жарық мөлшері 150-300 люкс болуы тиіс және жарық сол жақтан түсу қажет;
-үстелде, партада бала дұрыс отыру керек;
-жүріп келе жатқан көлікте кітап оқуға болмайды;
- теледидар көргенде 2,5-3 м қашықтықта отырған дұрыс;
-баланың жасына лайық кітап оқу ұзақтығын сақтау жөн:
6-7 жаста – 10 мин,
7-10 жаста – 15 мин,
10-12 жаста – 20 мин,
12-15 жаста – 25 мин,
15-18 жаста 30 мин.
-көздің тазалығын сақтау керек.
Дыбыс талдағышы
Құлақ күрделі құрылысты мүше.С ы р т қ ы қ ұ л а қ қалқаны мен сыртқы құлақ түтігінен тұрады. Құлақ қалқаны дыбыс толқындарын жинап, сыртқы дыбыс түтігі арқылы дабыл жарғағына жібереді. Дыбыс толқындары екі құлаққа әртүрлі мерзімде жетуіне байланысты құлақ қалқандары дыбыстың бағытын, шыққан орнын анықтайды.
Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады. Ол ішіне қарай ойыңқы құрылысты. Оның қалыңдығы ересек адамда 0,1 мм, кеңістікте 45 градусқа көлбеу орналасқан. Ортаңғы құлақ самай сүйегінің қуысында орналасқан дабыл қуысынан тұрады. Сол қуыста 3 дыбыс сүйектері бар: балғаша, төсше, үзеңгіше. Ортаңғы құлақтың қуысын мұрын-жұтқыншақ қуысымен байланыстыратын Эвстахи түтігі бар. Бұл түтік ауыз,мұрын қуысынан келген ауаны ортаңғы құлақ қуысына өткізіп, дабыл жарғағының екі жағындағы ауаның қысымын теңестіріп тұрады. Балғашаның сабы дабыл жарғағымен ұштасқан. Балғаша төсшемен, ол үзеңгімен буындасқан. Үзеңгішенің табаны ішкі құлақтың сопақша тесігін жауып тұрады. Сопақша тесіктің беті жұқа жарғақпен жабылған.
Дабыл жарғағының ауданы 70 мм2, ал үзеңгішенің ауданы 3,2 мм2, яғни 22 есе кем, сондықтан табиғи физикалық заң бойынша дабыл жарғағынан үзеңгішеге өткенше тербеліс амплитудасының 2,5 есе төмендеуі арқылы сопақша тесікке қысымды сонша есе күшейтеді. Осыған байланысты ортаңғы құлақтан өткенше тербеліс 50-60 есе күшейеді.
Ішкі құлақта екі талдағыштың шеткі бөлімдері орналасқан: біріншісі, вестибулярлық аппарат бір-біріне перпеңдикуляр орналасқан жартылай айналмалы 3 каналдар мен олардың табалдырығынан тұрады; екіншісі, ұлу сүйегі – есту мүшесі.
Ұлу сүйегі тәрізді құрылым екі жарым есе айналым жасайтын спиральды сүйек түтігі. Оның ішінде екі жарғақ бар: вестибулярлық және негізгі. Бұл жарғақтар ұлу сүйегінің каналын үшке бөледі: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Жоғарғы және төменгі қуыстар перилимфа сұйықтығына толы болып, ұлу сүйегінің үстіңгі жағында кішкентай тесік арқылы бір-бірімен жалғасады. Сол тесік арқылы перилимфа араласып тұрады. Үзеңгіше сопақша тесіктің жарғағын итергенде жоғарғы қуыстағы перилимфа төменгі қуысқа құйылып, ішкі құлақтың дөңгелек тесігінің мембранасы ортаңғы құлаққа қарай ығысады
Есту анализаторы - үш бөлімнен (сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан) тұрады.
Сыртқы құлаққа– эластикалық шеміршектен тұратын құлақ қалқаны мен сыртқы дыбыс жолы жатады. Сыртқы дыбыс жолының ұзындығы 2,5 см-ге жуық. Ол самай сүйегінің пирамида бөлігінде орналасады. Сыртқы дыбыс жолының ішкі жағында түрі өзгерген тер бездерінен сарғыш түсті құлық бөлінеді. Олар дабыл жарғағын сыртқы ортаның түрлі қолайсыз жағдайларынан қорғап тұрады.
Ортаңғы құлақ – дабыл қуысынан, есту сүйекшелерінен (балғашық, төс, үзеңгі) және есту түтікшесінен (евстахиев түтігі) тұрады. Ортаңғы құлақтың артқы жағында 2 тесік (кіреберіс және ұлулы дене) бар. Бұл тесіктер ортаңғы құлақ пен ішкі құлақты бір-бірімен байланыстырып тұрады. Ортаңғы құлақтағы үш сүйек (төс, балғашық, үзеңгі) бір-бірімен буын арқылы байланысқан және олар дабыл жарғағын ішкі құлақпен байланыстырып тұрады. Ортаңғы құлақтағы дыбыс түтігінің ұзындығы 3,5 см және ол жұтқыншақпен байланысып жатады. Сондықтан да, ортаңғы құлақ қуысында үнемі атмосфералық ауа болады.
Ішкі құлақтың немесе шытырманның (лабиринт) құрылысы күрделі болып келеді. Оның ішкі жағында орналасқан жарғақты түтікшелердің ішінде эндолимфа сұйықтығы болады, оны кейде жарғақты шытырман деп те атайды. Оның сыртын сүйекті шытырман қоршап тұрады. Жарғақты шытырман мен сүйекті шытырманның арасын перилимфа сұйықтығы толтырып жатады.
Сүйекті шытырман үш бөліктен (кіреберіс, ұлулы дене және үш жарты иірім өзекшелер) тұрады.
Кіреберіс бөлік екі тесік арқылы ортаңғы құлақтағы дабыл қуысымен байланысып тұрады. Ондағы жоғарғы сопақша тесікті үзеңгі сүйегі жауып тұрады. Ал, төменгі дөңгелек тесікті жұқа жарғақ керіп тұрады. Ішкі құлақтағы үш жарты иірім өзекшелер де кіреберіс бөлікке келіп ашылады. Ішкі құлақтағы сүйекті ұлулы дененің пішіні конус тәрізді. Ондағы орамды өзекше 2,5 иірім жасап орналасқан. Кіреберіс пен үш жарты иірім өзекшелерді қосып вестибулярлық аппарат деп те атайды. Вестибулярлық аппарат пен ұлулы дене бір-бірімен өте тығыз байланысты. Бұлармен мидан тарайтын VIII жұп есту жүйкесі байланысады. Есту анализаторының орталығы ми қыртысының самай бөлігінде орналасқан. Вестибулярлық және негізгі мембраналардың арасында ортаңғы немесе жарғақты канал болады. Оның ішкі қуысы тұйық. Іші эндолимфа сұйығына толы. Құрамы жағынан эндолимфаның перилимфадан айырмашылығы бар эндолимфадағы калий ионы перилимфадағыдан 30 есе артық, ал натрий ионы 20 есе кем.
Негізгі мембрана бір-біріне көлденең орналасқан, әлсіз байланысқан 24 мың дәнекер талшықтардан тұрады. Ұлу сүйегінің түп жағындағы талшықтар қысқа, ұзындығы 0,4 мм, ал жоғарғы жағында ұзындау – 0,5 мм болады. Негізгі мембранада корти мүшесі орналасқан. Ол – дыбыс қабылдаушы негізгі мүше.
Корти мүшесі түкті клеткалардан тұрады. Әрбір түкті клетканың жоғарғы жағыңда ұзындығы 4 микрон 60-70 түктері болады. Негізгі мембрана шайқалғанда оның түктері жабық мембранаға тиіп, тітіркенеді. Рецепторлық клеткалармен жалғасқан дыбыс нерві арқылы қозу қыртыс бөліміндегі дыбыс ор
-
Дыбыс талдағышының шеткі бөлімі – ішкі құлақта орналасқан. К о р т и м ү ш е с і, өткізгіш бөліміне – д ы б ы с н е р в і, қыртыс бөліміне самай тұсында орналасқан дыбыс есту орталығы жатады. Дыбыс талдағьшыньң ең шеткі бөлімі құлақ үшке бөлінеді: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ болып.
Дыбыс нервтері сопақша мида бір-бірімен түйісіп, бағытын ауыстырады: оң жақ құлақтан келген дыбыс жүйкесі сол жақ самайға, ал сол жақ құлақтан келген нерв қозуды оң жақ самайға өткізеді. Дыбыс талдағышының қыртыс бөлімі ми қыртысының самай тұсында жатқан сенсорлық (41 аймақ) және ассоциативтік (22, 42 аймақтар) зоналардан тұрады. Сенсорлық зона бұзылғанда толық керең, ал ассоциативтік зонаның 22-аймағы бұзылғанда музыкалық керең, 42-аймақ бұзылғанда сөз кереңдігі пайда болад
Дыбыс толқыңдары дабыл жарғағы мен дыбыс сүйектерінен өтіп, сопақша тесіктің жарғағы арқылы перилимфа сұйығын шайқайды. Перилимфаның шайқалу жиілігіне байланысты негізгі мембрананың белгілі бір дәнекер талшықтары қозғалады. Жоғары дыбыстың әсерінен ұлу сүйегінің түбінде орналасқан дәнекер талшықтар, ал төмен дыбыстың әсерінен ұлу сүйегінің жоғары жағындағы фиброздық талшықтар қозғалады. Дыбыс неғүрлым күшті болса, перилимфаның және фиброзды талшықтардың қозғалысының амплитудасы соғұрлым биік болады, яғни жабын мембранаға тиген талшықтар көбірек иіледі. Дыбыс тембрі негізгі дыбысқа қосылатын қосымша дыбыстардың әсерінен қозғалатын фиброз талшықтарының мөлшеріне байланысты. Сонымен, корти мүшесі дыбыс жиілігін, оның күшін және тербелістерін сезеді.
Дыбыс талдағышының жас ерекшелігі. Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар, оның терісінде түктер көп болады. 1 жасқа дейін құлақ түтігі өсіп, ұзарып кеңейеді. Сәбидің ортаңғы құлағы сұйыққа толы болады да, біртіндеп барып ауаға толады. 1 жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу болады.
Жаңа туған сәбидің дыбыс нерві әлі миелинденіп болмаған, төрт төмпешіктің және басқа аймақтарының нейрондары дифференцияланбаған. 1 жаста дыбыс жүйкесі жылдам дамып жетіледі де, 4-6 жаста ересек кісінің дыбыс жүйкесімен бірдей болады.
Баланың дыбыс есту қабілеті алғашқы жылдың ішінде тез жетіліп, қарапайым дыбыстарды есту қабілеті болады. Тіпті 1 жастан аса музыкалық қарапайым әуенді аздап ажырата алады. Дегенмен ми қыртысындағы дыбыс орталығы алғашқы жылы нашар жетіледі.
Ересек адамның құлағы 16 герцтен 20 мың герцке дейінгі дыбыс ырғақтарын қабылдайды, әсіресе 1000 герцтен — 3000 герц жиілігіңдегі дыбысты жақсы қабылдайды.
Қалыпты жағдайда ересек адам 5м қашықтан сыбырлаған дауысты естісе, есту қабілеті қанағаттанарлық деп есептеледі. Есту қабілетін аудиометр деп аталатын аспаппен анықтайды.
Дыбыс талдағышының жас ерекшелігі. Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар, оның терісінде түктер көп болады. 1 жасқа дейін құлақ түтігі өсіп, ұзарып, кеңейеді. Дабыл жарғағы жаңа туған нәрестеде ересек адамға қарағанда анағұрлым көлбеу орналасқан (ересек кісіде 45 градус, балада 15 градус). Жарғақтың екі жағындағы эпидермисі қалың болғандықтан қозғалысы нашар. Сәбидің ортаңғы құлағы сұйыққа толы болады да, біртіндеп барып ауаға толады. 1 жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу болады. Ішкі құлақ 1 жылдың ішіңде ересек адамның құлағымен теңеседі.
2-3 жаста сыртқы құлақ түтігі сәл иіледі де, 4-6 жаста ересек адамның түтігіндей болады. Дабыл жарғағы 2-3 жаста-ақ ересек адамның жарғағына жақындайды, бірақ орналасуы 30-35 градус болып, тек 4-6 жаста 45 градусқа теңеледі. Ортаңғы құлақтың көлемі 2-3 жаста ересек адамның құлағынан кішірек келеді. Ол 4-6 жаста ересек кісінің ортаңғы құлағының көлеміне жетеді. Евстахи түтігі 2-3 жаста ұзарып 6 жастан асқанда ғана ересек адамдай болады. Ішкі құлақ 2-3 жастың арасында ақ ересек адамның құлағымен теңеседі.
Жаңа туған сәбидің дыбыс нерві әлі миелинденіп болмаған, төрт төмпешіктің және басқа аймақтарын нейрондары дифференцияланбаған. 1 жаста дыбыс нерві жылдам дамып жетіледі де, 4-6 жаста ересек кісінің дыбыс нервімен бірдей болады. Есту талдағышының қыртыс бөлімінің сенсорлық (сезгіш) зонасы алдымен дамып, ассоциативтік зонасы кейінірек жетіледі. 1 жастан аса 41-ші сезгіш аймақ, 6 жаста 42-ші ассоциативтік, 7 жаста 22-ші ассоциативтік аймақтар жетіледі.
Баланың дыбыс есту қабілеті алғашқы жылдың ішінде тез жетіліп, қарапайым дыбыстарды есту қабілеті болады. Тіпті 1 жастан аса музыкалық қарапайым әуенді аздап ажырата алады. Дегенмен ми қыртысындағы дыбыс орталығы алғашқы жылы нашар жетіледі. 4 жастан аса 41-ші сенсорлық аймақтың дамуы, ал 6 жаста 42-ші ассоциативтік аймақтың дамуы, 7 жаста 22-ші аймақтың дамуы аяқталады. 6 жастан аса дыбыс орталығы ересек адамның дыбыс орталығындай болып, талдау және талқылау қабілеттері жоғарылайды. 6 жаста дыбыс есту шегі 22000 герц болады, яғни ересек адамнан анағұрлым жоғары. 7-13 жаста баланың дыбыс талдағышының барлық бөлімдері ересек кісінің дыбыс талдағышындай, бірақ есту қабілеті анағүрлым жоғары болады. Ми қыртысының таңдау және талқылау қасиеттері одан әрі дами түседі.
Баланың вестибулярлық рефлекстері 6-7 жаста жылдам пайда болады. Олардың рефлексінің пайда болуына әсер ету ұзақтығы жасына байланысты: 6-7 жаста 7,3 м/сек, 10-15 жаста 11 м/сек, 15-20 жаста 16 м/сек.
Баланың жасы осе келе, вестибулярлық аппараттың сезімталдығы төмендейді. Оған қоса, жаттықтыру арқылы оның сезгіштігін азайтуға болады.
Есту гигиенасы. Айқай-шу есту талдағышына 2 түрлі әсер етеді: құлақтың дыбыс өткізушісі мүшелерінің қызметін бұзады және орталық жүйке жүйесіндегі есту орталықтарының қызметін нашарлатады. 90 децибел шамасындағы қатты айқай есту қабілетіне ғана әсер етіп қоймай, асқорыту, қан-тамырлар жүйелерінің қызметін бұзады. 4-5 жыл бойы 120 децибел шуда еңбек еткен адамның жүйке жүйесінде кемшіліктер пайда болады: ұйқысы бұзылады, басы ауырады, зат алмасуы әлсірейді.
Есту кемшіліктерінің адын алу үшін дыбыс гигиенасының талаптарын орындау қажет. Әсіресе мктепте гигиеналық талаптарды сақтаудың маңызы зор. Мектептегі шуды азайту үшін оның ауласының көше жағын қорғаныс аймағына айналдырып, оған ағаштар мен бұталар отырғызады.
Есту қабілеті төмен оқушыларды алдыңғы қатардағы партаға отырғызған жөн. Мектеп үйінің шулы бөлмелерін (спорт залы, шеберханалар) негізгі оқу бөлмелерінен бөлек алыс орналастырылады. Балалар жұмыс істеп жатқан шеберханаларда, шулы жерлерде әр 30-50 минөт сайын 10-15 минөтке созылатын үзіліс жасау керек.
6-7 жаста мектепке барар алдында емханаларда баланың есту қабілетін тексереді, балалар бақшасына баратын балаларды мектеп алдындағы тексеру кезінде балалар бақшасының комиссиясы тексереді.
Қатты дауысты музыканы тыңдау мөлшері 7-10 жаста 30 мин, 11-16 жаста 1-1,5 сағ, 17-20 жаста 1,5-2 сағ.
Дәм сезу, иіс сезу және тері анализаторлары.
Олардың жас ерекшеліктері
Дәм және иіс сезу анализаторлары тағамдық заттар мен қоршаған ортаның химиялық құрамын сезетіндіктен оларды кейде хемосенсорлы жүйелер деп те атайды.
Дәм сезу анализаторының рецепторлық бөлімі ауыз қуы-сындағы мүшелердің дәм сезу клеткаларымен тығыз байланысты. Ондай клеткалар негізінен тілде орналасқан саңырауқұлақ, жапырақ және науа тәрізді дәм сезу бүртіктерімен байланысады. Жекеленген дәм сезу бүртіктері жұмсақ таңдайда, кейбір бадамша бездерде, жұтқыншақ пен көмекей қақпағының сілемейлі қабықтарында да орналасқан.
Тәтті заттың әсері тілдің ұшындағы және жан-жағындағы бүршіктері арқылы сезеді. Ащы – тілдің түбіндегі бүршіктерімен, қышқыл – тілдің шетімен және көмеймен сезіледі.
Иіс сезу анализаторларының рецепторлық клеткалары мұрын қуысының жоғары бөлігіндегі сілемейлі қабығында орналасқан. Одан иіс сезу жүйкесі арқылы ми қыртысының маңдай бөлігімен байланысады.
Тері анализаторы дегеніміз температураны , ауырсынуды және тактильді (жанасқанды сезетін) сезімдерді қабылдайтын рецепторлар жиынтығы.
Температура рецепторлары екеку, олар суықты және жылуды қабылдайды. Суықты қабылдайтын рецептор терінің жоғары бетіне жақын орналасқан, олардың саны көбірек.
Тері, дәм және иіс сезімдері туралы жалпы түсініктеме. Дене сезімі бірнеше сезімнің жиынтығы, оның ішкі жене сыртқы мүшелері қабылдаған мәліметтер әртүрлі сезім тудырады, бірақ дененің қалыпты жағдайын немесе оның өзгерісін білдіретін тікелей мәліметтер әуелі терідегі рецепторлар арқылы қабылданады. Бұлар сыртқы ортаның денеге тікелей әсерін білдіреді. Тері рецепторларының жалпы аумағы өте үлкен: 1,5-2 м2. Мүңда жанасу, қысым, ыстық-суықты сезу жене ауырсыну рецепторлары бар. Олар терінің әртүрлі қабатында және әр жерінде орналасқан. Көбі саусақтың ұшында, алақанда, табанда, ерінде, бетте, қол-аяқтарда, жыныс мүшелерінің терісінде болады.
Құрамы жағынан рецепторлар әртүрлі: үлкенді-кішілі, жалпақ, сауытша терізді, жіпше, түкті болып келеді. Негізгі түрлері – ұсақ жіңішке жүйке талшықтарының жалаңқай ұшы.Бұл нерв ұштары тері түктерінің әсерімен жанасуы сәтінде қозады да, мәліметті қабылдап, орталық жүйке жүйесіне жіберіп тұрады.
Тері рецепторларының сан мөлшері де әртурлі: жанасу рецепторлары 500000, жылуды сезу рецепторлары 30000, суықты сезу — 250 000 шамасында, ауырсыну (ауру сезу) бәрінен де көп және дененің барлық жерінде болатын әртүрлі рецепторларца тітіркендіргіштің күшті әсерінен ауырсыну сезімі туа береді.
6-тақырып. Ішкі секреция бездері мен гормондар. Жасқа сай ерекшеліктері.
-
Ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы туралы жалпы түсініктеме.
-
Ішкі секрециялық бездердің гормондары, олардың қызметі.
-
Гипофиз және оның гормондарының бала организміне әсері.
-
Эпифиз безінің жас ерекшелігі мен гормондары.
-
Қалқанша безі мен оның гормондарының бала организміне әсері.
-
Бүйрек үсті бездері және оның гормондары.
7.Қос секрециялы бездердің қызметі мен жас ерекшеліктері
8.Жыныс бездері және жыныстық жетілу
Организмде бездер көп, барлық бездер деп екі топқа бөледі.: экзогендік (сыртқы секрециялық) және эндокриндік (ішкі серкециялық) бездер деп.
Экзогендік (лат. секреция – сөл, грек.экзо - сыртқа) бездердің өзегі болады, Сыртқы секрециялық бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері қуыс мүшелерге құйылады (мысалы, ауыз қуысына сілекей безінің өнімі -сілекей ) немесе дененің сыртына шығады (мысалы, тер безінің өнімі – тер дененің сыртына шығады). Сондықтан оларды сыртқы секрециялық бездер деп атайды. Бұларға сілекей, қарын, май, тер, ішек және қарын асты бездері, бүйрек, бауыр т.б. жатады.
Эндокриндік
бездердің өзегі болмайды, өнімдері
тікелей қанға құйылады да бүкіл денеге тарап мүшелердің қызметіне
әсер етеді. Ішкі секрециялық бездер зат
алмасу процесіне қатысады, сөйтіп адам организмінің бүкіл тірлігіне
өз ықпалын тигізеді.
Ішкі секрециялық бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік, айырлы (тимус),
бүйрек үсті, ұйқы (қарын асты)
безінің Лангерганс
аралшықтары, жартылай жыныс бездері жатады. Ұйқы безі мен жыныс бездері аралас бездерге жатады, себебі
олар әрі сыртқы, әрі ішкі секрециялық қызмет
атқарады. Баланың эмбриондық дамуы
кезінде кейбір ішкі секрециялық бездер қызмет атқара бастайды да
жатырдағы баланың дамып, жетілуіне әсер етеді. Бала туғаннан кейін
ол бездердің қызметінің басталуы әр безде әртүрлі болады. Түрлі
эндокриндік бездердің қызмет дәрежесі баланың өсуі мен дамуы
барысында оның жасына, жынысына, ауа райының жағдайына және басқа
мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызмет қабілетіне байланысты
болады.
Ішкі секреция бездерінің қызметін өз тарапында орталық жүйке жүйесі
реттеп отырады.
Ішкі секрециялық
бездердің гормондары, олардың қызметі.
Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін
гормон деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің
өсуін, дамуын, организмнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге,
зат және энергияның алмасуына, мүшелердің қызметін реттеуге
қатысады. Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар бары белгілі гормон
– өте белсенді химиялық зат. Ол ішкі секрециялық безде түзіліп
қанға немесе лимфаға сіңіп, мүшелер мен мүшелер жүйесіне, тіпті
бүкіл организмге әсер етеді.
Осыған байланысты ішкі
секрециялық бездер қан тамырларына бай
келеді.
Гормондардың
қасиеттері:
а) олар өте белсенді, тым азғантай мөлшерде (микрограмм, нанограмм, пикограмм) әсер ете алады;
ә) әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде екінші бездің гормоны немесе басқа бір белсенді химиялық зат оның қызметін атқара алмайды;
б) ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дистантты,
яғни қашық түрып, алыстан әсер етеді.
Химиялық құрамына
қарай олар белок, полипептид,
липидтер немесе стероидтарға жатады. Гормондар ішкі секрециялық
бездерде, ас қорыту жолының мүшелерінде, бүйректе, бауырда да
түзіледі. Барлық гормондар денедегі зат алмасуына әсер етеді. Олар
алдымен қанға сіңгенімен, тек қана клетканың мембранасымен
қабысқанда ғана белсенді болады.
Гормондардың биосинтезі адамның тұқым қуалайтын аппараттарында
жобаланған, сондықтан әрбір ішкі секрециялық бездер тек қана
нақтылы гормондарды өндіреді.
Адам организміндегі гормондардың ішінде гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездері гормондарының маңызы өте зор. Олар өздері жеке жүйе ретінде қарастырылады. Бұл жүйе организмнің біртұтастығын сақтауға қатысатын физиологиялық қызметтердің негізгі, әрі маңызды реттеушісі. Бұл жағдайда мидың гипоталамус бөлігі жоғары дәрежедегі қыртыс асты ішкі секрецияның реттеушісі болып есептеледі. Оның бұл қызметі гипофиз безінің жұмысына дем беруші химиялық өнімдер -нейросекреттерді (грек. нейрон - нерв клеткасы + секрет) өндіру және шығару арқылы орындалады. Гипоталамуста пайда болған нейросекрет гипофизге құйылып, оның басқа бездерге әсерін тудырады. Аралық мида орналасқап гипоталамус барлық ішкі мүшелердің және ішкі секрециялық бездердің қызметін реттейді. Сондықтан ол мидың барлық бөлімдерімен және гипофиз безінің артқы бөлімімен тікелей байланысып жатыр.
Мида көптеген гормондар бар екені табылды. Олар
жүйке импульстерін синапстар арқылы өткізуді өзгертеді.
Гормондар ұлпаларға немесе мүшелерге тікелей әсер етіп, олардың
қызметін күшейтеді немесе тежейді, я болмаса жүйке жүйесі арқылы
жанама әсер етеді. Кейбір гормондар (бүйрек үсті бездерінің
стероидты гормондары, қалқанша безінің гормондары) клеткалық
мембранадан өтеді де, клетка ішіндегі ферменттер жүйелерімен
әрекеттесіп, ондағы зат алмасуына ықпалын тигізеді. Ірі молекулалы
пептидтік гормондар клеткалық мембранадан өте алмайды да,
клеткадағы зат алмасуына клеткалық мембрананың сыртында орналасатын
арнайы рецепторлар арқылы әсер етеді. Бір сәтте клеткаларға
көптеген гормондар әсер етеді, бірақ клеткадағы заттар мен
энергияның алмасуына ең нәтижелісінің әсері ғана
қабылданады..
Гормондардың жанама
әсерін тұжырымдай келгенде, ол да клеткадағы зат пен энергияның
алмасуына әсер ететіні белгілі болды.
Бірақ
бұл әсер жүйке жүйесінің қатысуымен орындалады. Соңғы жылдары
гормондардың клетканың ішіндегі РНК мен белоктың синтезделуіне
қатысатыны анықталып отыр.
Ішкі секрециялық бездердің қызметі өзара тығыз байланысты. Олар
бір-бірінің қызметіне белсенді түрде тікелей де, жүйке жүйесі
арқылы жанама да әсер етеді. Мұндай озара байланыстың нәтижесінде
олардың қызметі жүйке жүйссі арқылы к е р і байланыс жолымен
реттеліп отырады да, денедегі гормондардың мөлшері тұрақты мөлшер
қалпында сақталады. Егер Бұл байланыс бұзылса, организмде түрлі зат
алмасуға байланысты аурулар пайда болады. Жүйке жүйесінің ішкі
секрециялық қызметті реттеуі өткен ғасырдың 50-ші жылдары
анықталды. Қазіргі түсініктеме бойынша, нейрондар оздерінің негізгі
қызметіне қоса, физиологиялық белсенді заттар –
нейросекреттерді
түзейді. Нейросекреттердің түзілуінде
гипоталамустың нейрондары маңызды орын алады, ол құрылысы бойынша
гипофиз безімен тікелей байланысты. Оның нейросекреттері гипофиз
безінің, ал ол арқылы басқа да ішкі секрециялық бездердің қызметін
өзгертеді.
Гипофиз және оның гормондарының бала организміне әсері.
Гипофиз немесе төменгі ми қосалқысы бас сүйегінің «түрік ері» деп аталатын сүйегінде орналасқан. Ол ортаңғы мимен көрші орналасады және онымен екі жақты көптеген байланысы бар. Соңғы жылдардағы мәлімет бойынша гипофиз бен аралық мидың гипоталамус бөлігінің арасында 100 мыңға дейін байланыс жүйке талшықтары бар. Жаңа туған нәрестенің гипофизінің салмағы 10-15 мг, бірақ 10 жасқа дейін 30 мг-ға дейін өседі де, жас өспірімдерде ересек адамның мөлшеріндей болады. Ол ересек адамда 50-65 мг, пішіні сопақшалау болады. Гипофиздің көлемі баланың жасына лайық ұлғаяды, әрі «түрік ері» сүйегінің өсуіне байланысты өзгереді. Жаңа туған сәбидің бұл сүйегі 2,5 х 3 мм, 1 жасқа жеткенде 4×5 мм, ал 16-18 жасқа дейін 9 х 11 мм болады. 18 жастан кейін әр адамның организмінің ерекшеліктеріне сай өзгереді. Құрылысы жагынан гипофиз 3 бөліктен тұрады : алдыңгы, ортаңгы және артқы бөліктер. Алдыңғы және ортаңғы бөліктерін аденогипофиз деп, артқы бөлігін нейрогипофиз деп атайды. Гипофиздің бар салмағының 75% алдыңғы, 1-2 % ортаңғы, 18-23 % артқы бөлікке жатады.. Жалпы алғанда гипофиздің ортаңғы бөлімі адамда нашар дамыған және оның қызметі әлі күнге дейін толық айқындалған жоқ деуге болады.
Гипофиздің гормондары
Аденогипофиз |
Нейрогипофиз |
|
Алдыңғы бөлігі |
Ортаңғы бөлігі |
Артқы бөлігі |
1. Соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ); 2. Тиреотропин (ТТГ); 3. Адренокортикотропин (АКТГ) 4. Гонадотропиндер (лютейіндеуші, лютеотроптық, фоликулстимулдеуші горомондар) |
1. Меланотропин (МТГ) |
1. Вазопрессин; 2. Окситоцин |
Аденогипофизде 22 гормон түзіліп қанға құйылады. Бұлар химиялық құрылысы бойынша троптық гормондар, аса маңыздылары: соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ), тиреотропин (ТТГ), адренокортикотропин (АКТГ) және үш түрлі гонадотропиндер (ТТГ) – лютеиндеуші (ЛТГ), лютеотроптық (ЛСГ), фолликулстимулдеуші (ФСГ) және ортаңғы бөлімінде түзілетін меланотропин (МТГ).
СТГ,
яғни өсу гормоны, белоктың
алмасуын және ұлпалардың өсуін реттейді, май мен көмірсутегінің
алмасуына әсер етеді. Өсу гормоны балалардың бойының өсуіне әсер етіп, ересек
адамдарда майдың алмасуына ықпал ету арқылы энергияның пайда
болуына мүмкіндік тудырады. Соңғы зерттеулерге қарағанда СТГ денедегі майды ыдыратып,
организм оны энергия ретінде пайдаланады да, глюкоза қантын жүйке
жүйесінің қорегі ретінде сақтайды.
Өсу гормоны ұлпаларға тікелей
әсер етпей, делдал (келістіруші) заттар арқылы немесе медиаторлар
арқылы әсер етеді. Бұл гормондардың медиаторының қызметін
соматомединдер – бауырда түзілетін полипептидтер атқарады.
Өсу гормонының мөлшері жаңа туған сәбиде өте көп (60 ммкг/ мл), 3
айда біраз төмендеп (16 ммкг/мл), ересек балаларда 10,8 ммкг/мл
болады да, ержеткенде не бары 0,55 ммкг/мл ғана болады. Бұл
гормонды 1945 ж Еванс пен Ли және Симпсон тек қана малдың безінен
тапқан, ал 1948 ж жануарлардың 1956-1968 жылдары адамның безінен
кристалл түрінде бөліп алынды.. СТГ-ның гиперсекрециясы адамның бойын тез өсіріп
жібереді, алыптық пайда болады. Бойы 2 метрден
асқан адамды а л ы п деп атайды. Бойы нашар өскен балаларды бұл
гормонмен емдесе, олардың бойы 6 айдың ішінде 5-6 см өседі.
Организмде байқалатын СТГ-ның гипосекрециясында баланың бойы
өспей е р г е ж е й л і
болады
Өсу гормоны көбейген жағдайда көбіне а к р о м е г а л и я (грек. акрон – соңғы, ақырғы, мегас - үлкен) байқалады , яғни адамның бет, қол-аяқ, жақ сүйектері күшті өсіп, ұзарады. Бұл гормон шеміршек клеткаларын өсіріп, сүйектің өсуіне әсер етеді, жаңа қан капиллярларының пайда болуына ықпалын тигізеді.
Адренокортикотропин
АКТГ бүйрек үсті
бездерінің қыртыс қабатының гормондары глюкокортикоидтар мен
андрогендердің өнуіне әсер етеді және көмірсутегінің алмасуын
реттейді. Жалпы алғанда АТКГ-ның бүйрек үсті бездеріне әсері
жан-жақты. Мұның гиперсекрециясы бүйрекүсті бездерінің қызметін
күшейтіп, заттың алмасуын бұзады, қанда қанттың мөлшерін көбейтеді,
қанның қысымын арттырады, сүйектің құрамын өзгертіп,
борпылдақтандырады, сүйек тез сынғыш болады, Иценко-Кушинг ауруы
пайда болады, адамның денесі толады, беті дөңгелектеніп, шабының,
қолтығының терілері жарылады.
Тиреотропин ТТГ қалқанша безінің қызметіне әсер етеді: иод элементінің без
клеткасында жиналуына, тотығуына әсер етіп, қалқанша безінің
гормондарының түзілуін реттейді. Ол қалқанша
безінің клеткаларының өсуіне, қызмет атқаруына ықпалын тигізеді.
Бұған қоса, қалқансерік бездеріне де сондай әсер етіп, қанда
кальций тұзын көбейтеді.
Гонадотроптық гормондар
(ЛТГ, ЛСГ, ФСГ) балалық кезде
өте аз мөлшерде түзіледі, сондықтан физиологиялық мәні онша бола
қоймайды. Тек жыныстық жетілу басталған мерзімнен
кейін оның организм үшін маңызы арта бастайды. Жалпы алғанда, бұл
гормондар ерлерде сперматогенезді күшейтеді, әйелдің етеккірін
мезгілінде келтіріп, жыныс гормондарының түзілуін, бала емізетін
әйелдің сүтінің пайда болуын реттейді, жыныс бездерінде
гормондардың пайда болып, организмге әсер етуін бақылайды.
Меланотропин МСГ адам терісінің
түсін жөнге келтіреді. Оның мөлшері көбейсе, дене терісінде сүттей
ақ, ал азайса -қоңыр дақтар пайда болады. Егер ол мүлде түзілмесе,
адамның барлық денесінің терісі сүттей аппақ болып, күн шалмайды
(күнге күймейді). Бұған қоса, меланотропиндер көздің жарық
қабылдағыш аппараттарының қызметін күшейтіп, қараңғылыққа
бейімделуге және естің қалыптасуына
қатысады.
Нейрогипофизде вазопрессин мен
окситоцин деп аталатын нейросекреттер белсенді
қалыпқа келтіріледі. Нейрогипофиз бұл гормондарды қор етіп етіп
сақтайтын орын. Бұл жерде олар белсенді қалыпқа келіп, қанға
құйылады және қан арқылы бүкіл денеге тасылады. Вазопрессинді
антидиурездік гормон (АДГ) деп те атайды. Ол бүйрек каналшаларында
судың қанға қайта сіңуіне әсер етеді. Нейрогипофиздегі Бұл
гормонның гиперсекрециясында қантсыз диабет
ауруы пайда болып, тәулігіне бірнеше литр несеп
бөлінеді. Оның ықпалынан тегіс мускулатураның және ішектің
артерияларының қызметі күшейеді, қанның артериялық қысымы
артады.
Окситоцин жатырдың жиырылуын
қамтамасыз етіп, әйел босанып жатқанда баланың сыртқа шығуына
көмектеседі. Сонымен қатар, окситоцин сүт бездерінің
альвеолаларының эпителий клеткаларын жиырып, сүттің сүт жолына,
одан баланы емізгенде емшектен сүттің шығуын реттейді. Окситоциннің
қанға шығуына бала сорғанда емшектің ұшын тітіркендіруі арнайы
қоздырушы рөлін атқарады.
Гипофиз безінің аурулары басқа аурулармен салыстырғанда мектеп
жасына дейінгі балалар өмірінде онша маңызды орын ала қоймайды.
Дегенмен, келесі ауруларды мысал ретінде келтіруге болады. Айталық,
кішкентай балаларда кездесетін жартылай (парциалды) гигантизм
немесе жартылай алыптық. Бұл ауруды көп емдеген В. И. Молчанов оны
туа пайда болған кемшілікке жатқызады. Жартылай алыптың бүкіл
денесі емес, тек қана кейбір мүшелері (саусақтары, бір аяғы, бір
қолы) тез өсіп, басқа денесінен ерекшеленеді. Қантсыз диабет
ауруында бала шөлдей береді, суды өте көп 10-15 литрге дейін ішеді,
жиі дәретке отырады, жүдейді.
Бастауыш сынып оқушыларында гипофиз безінің қызметі ересек адамның
безінің қызметіне жуық деуге болады
Эпифиз безінің жас ерекшелігі мен гормондары.
Эпифиз немесе домалақ бездің
пішіні домалақ, бірақ жалпайған. Ол ортаңғы мидың жоғарғы
бөліктерінің арасында орналасқан. Жаңа туған нәрестеде оның
ұзындығы 3 мм, ені 2,5 мм, қалындығы 2 мм. 4 жасқа дейін эпифиз
өсіп, оның көлемі артады. 4 жаста ұзындығы 9 мм, ені 6 мм,
қалыңдығы 3 мм болады. Ересек адамда осы көрсеткіштер онша өзгере
қоймайды, бірақ салмағы аздап қосылады. Эпифиз 4 жасқа дейін ғана
дамығанымен, одан әрі қарай оның клеткалары кішірейіп,
қарапайымдалады, ал одан әрі қарай дәнекер ткандері көбейеді. 8
жастан кейін без тығыздалады. Дегенмен, жасөспірімдер мен
жігіттерде/бойжеткендерде без клеткаларының қызметінің
белсенділігінің барлық белгілері орын алып, протоплазмасындағы
түйіршіктер дамиды және ядролары бөлінеді. Ересек адамдарда бұл
бездің клеткаларының тіршілігі тұрақталады, цитоплазмадағы
түйіршіктерінің саны аздап кемиді. Кейбір ғалым-мамандар мұны без
ұлпаларының белсенді секреторлық қызмет атқаруының белгісі
санайды.
Эпифиздің ішкі қабаты жалпақ эпителий клеткаларымен
көмкерілген.
Соңғы жылдардығы ғылыми мәліметтер бойынша эпифизде 3 гормон
— меланин,
гломерулокортикотропин және
контргипоталамус-гипофизарлық гормондар өндіріледі.
Гипофиздің меланоцитотропин гормоны терінің пигменттік қасиетін
реттесе, меланин теріні түссіздендіреді, демек екеуінің арасында
қарама-қайшылық бар.
Контргипоталамус-гипофиз гормоны гипофиздің қызметін тежейді, сөйтіп
гипофиздегі гонадоптропин гормонының өндірілуін азайтады.
Эпифиздің ертінді тұнбасын денеге еккенде бүйрекүсті безінің аумағы
кішірейіп, ондағы аскорбин қышқылы (витамин С) және майлы заттардың
мөлшері азаяды, өйткені гломерулокортикотропин гормоны бүйрекүсті
безінің қызметін тежейді. Ал бүйрекүсті безінің қызметі күшейгенде
эпифиздің қызметі, керісінше, төмендейді. Олай болса, осы екі
бездің арасында кері қарым-қатынас бар.
Қалқанша безі мен
оның гормондарының бала организміне
әсері.
Адамның қалқанша безі сыңар мүше. Оның аты
1956 жылдан бастап әйгілі болғанымен, организмдегі ішкі секрециялық
қызметі жайлы алғашқы болжамдар 1838 ж тәжірибелер негізінде
көрсетілген. Бұл без көмейдің алдында орналасқан екі бөліктен және
оларды қосып тұрған без сабынан тұрады. Безді қоршаған дәнекер
ұлпасы ішіне қарай өтіп, оны бірнеше бөлшекке бөледі. Бөлшектер
адамның жасы ұлғайған сайын өсіп, көбейеді. Жаңа туған нәрестенің
қалқанша безінің салмағы 1г, 6 айда 2г. Алғашқы жылғы баланың
өмірінде без ұлпасы айтарлықтай өсе қоймайды да, салмағы 1 жаста 3
г ғана болады. 3-4 жаста 7 г, 5-6 жаста 10 г болып, 12-15 жаста без
клеткалары жылдам өсіп жетіліп, 16-20 жаста 25 г болады. Ал ересек
адамда бездің салмағы 35-37 г. Жыныстық жетілу кезінде, негізінен,
бойжеткендердің қалқанша безінің уақытша болады көлемі ұлғаяды,
себебі қыздардың жыныс гормондары іске қосылады және аналық
бездердің гормондарының циклды өзгерістері туады. Без клеткаларының
қанға толуына байланысты мөлшері өзгермелі келеді. Бұл без пішіні
мен көлемі жағынан әртүрлі түйық көпіршіктерден, яғни фолликулдан
тұрады. Фолликулдар дөңгелек, сопақша немесе көп қырлы болуы
мүмкін. Фолликулдар бір-бірінен дәнекер ұлпаларымен болінген, олар
қан тамырлары мен нервтерге бай келеді. Бездің қызметі баланың ұрық
кезінде басталады. Қалқанша безінде 3 гормон түзіледі: тироксин,
трийодтиронин және кальцитонин. Бұл гормондар зат алмасуын үдетіп,
биохимиялық реакцияларды тездетеді. Олар барлық мүшелерге, әсіресе
орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Тироксин жүйке жүйесінің қалпын
сақтауға күшті әсер еткендіктен оның қандағы мөлшері өзгергенде ең
алдымен жүйке жүйесінің қызметі нашарлайды. Жекелеп алғанда
тироксин судың алмасуын реттейді, бүйректе судың қанға қайта
сіңуіне ықпалын тигізеді, белоктың, майдың, көмірсутегінің
алмасуына, организмдегі негізгі зат алмасуына, қан клеткаларының
пайда болуына әсер етеді. Тіпті жүректің қызметіне де күшті өсері
бар. Бұл гормонның ұрықтың дамуында маңызы тіпті зор. Оның
ұлпаларының өсуі мен қызмет атқаруға бейімделуін күшейтеді.
Қалқанша бездің гормондары организмдегі иммундық қасиеттерге әсер
етіп, аллергиялық жағдайдың және инфекцияның дамуына ықпалын
тигізеді.
Қалқанша безінің тиреоидты гормондары ұрықтың өсіп дамуына күшті
әсер етеді. Әсіресе оның маңызы Ұрықтың жүке жүйесінің дамуына
әсері аса маңызды. Бұл гормондардың жеткіліксіз болуы кретинизмге
ұшыратады.
Жаңа туған сәбидің тироксиндік белсенділігі күшті болады, яғни
физиологиялық гипертиреоз байқалады. Мұндай қалып 2 аптаға дейін
сақталып, содан соң біртіндеп азая бастайды да, 6 жастан соң ересек
адамның қалқанша безінің белсенділігіндей болады. Бұл организмнің
қажеттілігін және күшті өсуін қамтамасыз етеді. Алғашқы жылдардағы
стероидтық гормондардың секрециясы жоғары болғандықтан, балалардың
қалқанша безінің мөлшері де үлкен болады. Қалқанша безінің
гормондарының құрамында йод бар. Мысалы, тироксиннің 65% йод.
Сондықтан организмге йод жетіспегенде бездің гипосекрециясы
байқалады. Ал пайда болған ауруды эндемиялы зоб деп атайды (грек.
эндемос – жергілікті). Эндемия деп атау себебі ауру белгілі бір
жердің маңайында, топырағында йод жеткіліксіз жерлерде пайда
болады. Мұндай жердегі түрғындардың қалқанша безі үлкейіп, оның
қызметі төмендейді. Қуатты тағамдармен тамақтанатын балаларда бұл
ауру кездеспейді. Йодтың жеткілікті болуына астың құрамындағы
витаминдердің, түрмыс жағдайларының, тазалықтың маңызы зор. Бұған
қоса, сыртқы ортадағы фтор, кобальт микроэлементтерінің маңызы да
бар екені анықталды. Қалқанша безінің кальцитонин гормоны қанның
құрамындағы кальцийдің мөлшерін азайтады.. Соңғы кездерде
кальцитонин көптеген ас қорыту бездері мен ішкі секрециялық
бездердің өндіру қызметін тежейтіні анықталып отыр.
Қалқанша безінің гиперсекрециясында Базед немесе тиреотоксикөз
ауруы байқалады. Науқастың көзі шарасынан шыға үлкейіп, бадырақ көз
болады, қалқанша безі өседі, зат алмасуы күшейіп тез жүдейді,
иульсы шапшаңдайды, тез шаршайды, Ұйқысы
бұзылады, бала жылауық,
ашуланшақ болады.
Қалқанша безінің
гипосекрециясында микседема, яғни шырышты ісік пайда
болады. Науқас баланың асқа тәбеті болмай, температурасы төмендеп,
немқүрайлы, сылбыр болады, психикасы бұзыл ады, еске сақтау
қабілеті төмендеп, ақылы кем болады. Егер бала ауруға кішкентай
кезінде ұшыраса кретинизмге айналады: жыныс мүшелері жетілмейді,
ақылы кем болып, дене пропорциясы бұзылады, жүрегінің қызметі күрт
өзгереді (жүрек тахикардиясы). Қалқан серік
бездері қалқанша безінің артқы
қабырғасында орналасқан кішкентай түйме тәрізді 4 (2 жоғарғы және 2
төменгі), кей адамда 6 без болады. Жалпы салмағы 0,1-0,3 г,
ұзындығы 6-7 мм, ені 3-4 мм, қалындығы 1,5-2 мм. Жасөспірім
балалардың қалқансерік безі сәл қызғылттау болады, кейіннен сарғыш
тартады да, қартая келе қоңыр түсті болады. Олардың сыртын қоршаған
жақсы капсуласы бар және қалқанша безінен сол қапшығымен
бөлектенеді. Бездің пішіні, саны мен қалқанша безінің үстінде
орналасуы түрақсыз, әртүрлі болады. Олардың пішіні дөңгелекше,
сопақша, үзынша, бүршақ іспеттес болады. Без ұлпалары әртүрлі
клеткалардан тұрады : гликогені бар негізгі
клеткалар мен эозинофилдері бар оксифильді
клеткалар. Балалардың қалқансерік бездері
негізгі клеткалардан тұрады. Жасы ұлғая келе оксифильді клеткалар
көбейіп, жыныстық жетілу кезінде олардың мөлшері негізгі
клеткалардан басым болады. Қалқансерік безінде
паратгормон немесе паратиреокрин
деп
аталатын гормон өнеді. Оның маңызы 1925 ж Коллиптің зерттеулері
арқылы анықталған. Паратиреокрин кальцийдің алмасуына әсер етіп,
оның қандағы мөлшерін реттейді. Кальцийдің негізгі қоры сүйек
болғандықтап Бұл гормон организмдегі фосфордың алмасуына да әсерін
тигізеді. Мұны қанның құрамындағы кальцийдің мөлшері көбейгенде
фосфордың мөлшерінің азаюы арқылы байқайды. Паратгормон сүйек
ұлпасының ыдырап, кальцийдің қанға шығуына мүмкіндік жасайды. Бұл
гормонның жеткіліксіз болуы қандағы кальцийдің мөлшері
кемігендіктен, сіңірдің тартылуын тудырады. Қалқанша
безінің кальцитонин гормонымен және Д витаминімен
бірге бала организмдегі кальцийдің алмасуының дұрыстығын
қадағалайды. Паратиреоидтік гормонның гиперсекрециясында сүйектің
құрамындағы фосфаттар несеп арқылы сыртқа шығып, босаған кальций
қанда көптеп жиналады да, гиперкальциемия байқалады.
Паратиреокриннің гипосекрециясы көбінесе қалқанша безіне
операция жасағанда, оған қоса қалқансерік бездерін байқамай алып
тастағанда, кей кезде инфекцияға байланысты пайда болады. Балаларда
туа пайда болған гипофункция без ұлпаларының болмауынан немесе
еркін дамығандықтан кездеседі. Кейбір жаңа туған сәбиде ұрықтық
мезгілінде анасының паратгормонының гиперсекрециясына байланысты
қалқансерік бездерінің қызметі нашарлайды. Мұндай гипосекреция
туғаннан кейін де сақталады. Қандай болмасын гапопаратиреоз
жағдайында баланың қанындағы кальцийдің мөлшері азайып,
организмдегі калий-натрий тепе-теңдігі бұзыл ады да,
гипопаратиреоздың белгісі — бұлшық еттердің тетанусы (лат. тетанус-
сіреспе) пайда болады, кейін тісі бүлінеді, шаштары мен
тырнақтарында кемшіліктер пайда болады. Бүйрек үсті бездері және оның гормондары. Бүйрек үсті – қос мүше. Олар
оң және сол жақ бүйректердің жоғарғы жағында орналасқан, салмақтары
6-12 г., әрқайсысы қыртысты
және милы
қабаттан тұратын қос бездер. Қыртысты
қабатының салмағы 4,5-10 г, милы қабаты 1,2-2,4 г шамасында болады
(яғни қыртыс қабаты 2/3 бөлікке тең. Ауру 10
жастан кейін өзінен-өзі басылып кетеді. Ұйқы (қарын асты) безі немесе
Лангерганс аралшалары көмірсудың алмасуын реттейтін гормондарды
өндіреді. Аралшаларда төрт түрлі клеткалар болады: альфа,
бета, гамма және дельта. Альфа және бета клеткалары
и н с у л и н
және глюкагон гормондарын өндіреді. Қарын асты безі
өзінің атына сәйкес қарынның астыңғы жағында шарпы майымен аралас
төселіп жатыр. Аралшалардың пішіні көбінесе дөңгелектеу болады,
саны мен мөлшері адамның жасына қарай және физиологиялық жағдайына
қарай өзгеріп тұрады. Альфа клеткалары дөңгелектеу немесе бұрышты
болып келеді де, бета клеткалары дөңгелек призма тәрізді болады.
Альфа клеткалардың саны бета клеткалардан гөрі 4 еседей артық. Тек
жаңа туған сәбилерде 2 есе аз. Олардың альфа клеткаларының саны
ересек адамдардікіне қарағанда 4 есе көп болады да, алғашқы 1
жылдың ішінде тез азаяды. 4-5 жаста азаюы бәсендегенмен жалпы саны
әлі де болса ересек адамдікінен көбірек болып, 12 жаста теңеседі.
25 жастан әрі қарай аралшалардың саны біртіндеп кеми береді. Альфа
клеткаларда глюкагон гормоны, бета клеткаларда инсулин гормоны
өнеді. Инсулин фосфордың алмасуын
күшейтіп, калийдің клеткаға ауысуына, сөйтіп оның сарысудағы
мөлшерін азайтып, организмдегі суды бір қалыпта ұстайды. Жыныс бездері және жыныстық жетілу. Жыныс бездері аралас бездерге жатады. Сыртқы секрециялық без ретінде жұмыртқа клетка мен сперматазойд бөлінеді де, ішкі секрециялық без ретінде гормондар бөледі. Аталық жыныс бездері ұмада орналасқан, андрогендер тобына жататын (тестостерон, андростерон) гормондар бөледі. Аталық бездің гормондары ер адамның қосымша жыныс белгілерінің пайда болуына, ер балалардың сыртқы жыныс мүшелерінің өсіп жетілуіне, сақал-мұрттың, денедегі түктің, дыбыстың өзгеруіне әсер етеді. Зат алмасуына қатысып, белоктың синтезделуін реттейді. Жыныс бездерінің гормонактивті ісіктері балаларда аз кездеседі. Көбінесе 6 жастағы ер балаларда кездеседі, аталық безі үлкейеді, бала тез өсе батайды, баланың бойында ересек адамның дене сипаты қалыптасады. Операция жасап, сылып алып тастағаннан кейін жазылады. Гипофункция кезінде жасөспірімдер мен ересек ерлерде әтектік байқалады. Ондай жастар жыныстық жетілмейді, даусы жіңішке болады, сыртқы жыныс мүшесі өспейді, әйел пішінді болады. Мектеп жасына дейінгі балаларда бұл ауруды анықтау қиын. Тек 10-12 жаста жыныстық жетілу кешіккенде ғана білінеді. Әйелдердің жыныс безі жатырдың оң және сол жағында орналасқан, эстроген және прогестерон гормондарын бөледі. Эстрогендер қынаптың эпителиін қатайтып, жатырдың бұлшықеттеріне әсер етеді, әйел жыныс мүшелерін өсіріп, қосымша жыныс белгілерін тудырады, қыздардың бойын өсіреді, зат алмасуына әсер етеді. Прогестерон сары дененің гормоны. Ол жатырдың эндометриясына әсер етеді. Прогестерон жұмыртқа клетканың ұрық жолынан өтуіне және оның сыртқы қабығының пайда болуына әсер етеді. Жатырда прогестеронның секреторлық без клеткаларына әсер етіп, ұрықты қоректендіруге дайындайды, жатырдың жиырылуына кедергі жасайды. Жыныстық жетілуЭмбрионның үшінші аптасында жыныстық жетілу басталады. 4-5 айдағы ұрықта жыныстық белгілер айқындалады. Бұл кезден бастап 1 жасқа дейін аталық без біркелкі дамиды. 1 жастан жыныстық жетілуге дейін баяу дамиды. Аналық жыныс безі 7-9 айында және 1 жасқа дейін күшті болады. Сосын 7-9 жасқа дейін күрт төмендейді. Жыныстық жетілу ер балаларда 10-11 жаста, қыз балаларда 9-10 жаста басталады. Осы уақыттан бастап ер балалардың жыныс мүшесі өсе бастайды. Жыныс бездері жетіледі. 12 жастан аса көмекейі өсіп, дауысы өзгереді. 13-14 жаста ер адамға лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады. 15 жастан бастап қолтығында түктер өседі, сақал-мұрт шыға бастайды, сперматогенез басталады, ұйықтап жатқанда шәуһет бөліне бастайды. 18 жаста жігіттің жыныстық жетілуі аяқталады. Қыз балаларда 8 жастан-ақ әйел пішіндес қаңқа ерекшеліктері пайда болады, жамбас сүйектері өседі. 10 жасқа жақындағанда емшегі өсе бастайды. 13-15 жаста бойы жылдам өсіп, қолтығына түктер шығады, етеккірі келеді. 16-18 жаста қыздар толық жыныстық жетіледі. Жыныстық жетілу мерзімі тұқым қуалау қасиеттеріне, жейтін тамағына, тұрмыс жағдайына, тәрбиесіне, тұратын жерінің ауарайына, сыртқы орта жағдайларына байланысты. |
|
Бүйрек үсті бездері – қос мүше. Оң және сол бүйректердің жоғары жағында
7-тақырып. Тірек-қимыл жүйесі, оның жас ерекшеліктері
-
Тірек қимыл жүйесіне жалпы сипаттама
-
Қаңқаның құрылысы
-
Омыртқалардың ерекшеліктері
-
Көкірек қуысы сүйектері
-
Бұлшықеттердің құрылысы мен қызметі
Тірек қимыл жүйесіне адамның қаңқасы мен бұлшықттері жатады.
Адамның қаңқасы 200-ден астам сүйектен тұрады. Олар бір-бірімен буын арқылы жалғасып қозғалмалы келеді. Қаңқаға бұлшқеттер бекітілген. Әрбір сүйекке екі немесе одан да көп бұлшықеттер ұштасады.
Бұлшықеттердің негізгі қызметі - сүйектерді қозғау.
Сүйектің құрылысы. Сүйек остеон деп аталатын пластинкадан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады. Остеондардың орналасуына қарай 2 түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік заттардан.
Тығыз заттар кемік сүйектердің сыртында орналасқан. Оның қалыңдығы әр сүйекте әртүрлі. Кемік сүйекте остеондар айқыш-ұйқыш орналасқан. Олар қысқа, жазық сүйектерде, ұзын сүйектердің екі ұшында көп болады. Жілік сүйегінің каналдарындағы майының түсі сары, ал кемігіндегі майыың түсі қызыл болады. Себебі сүйектің қызыл кемігінде эритроцит, лейкоцит, трмбоцит өсіп дамиды.
Сүйек қабы екі қабықтан тұрады: сыртқы және ішкі. Сыртқы қабығы тығыз, ішкісі жұмсақ борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады. Ішкі қабығында остеобластар болады. Олар сүйектің өсуін қамтамасыз етеді. Сүйек қабының қантамырлары мен нервтері бар. Сүйектің 1/3 бөлігі органикалық және 2/3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады.
Сүйекті күйдіргенде оссейн жанады да, бейорганикалық заттар қалады. Ондай сүйектер тез сынады. Ал сүйекті тұз немесе азот қышқылына салса бейорганикалық заттары еріп, тек органикалық заттары қалады. Ондай сүйекті оңай майстыруға болады.
Жас балалардң сүйегінде органикалық, ересек адамның сүйегінде минералдық заттар көп болады.
Қаңқаның құрылысы. Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен тұрады.
І. Бас сүйектері – ми сауытынан және бет сүйектерінен тұрады.
Ми сауыты – маңдай, жұптасқан төбе, шүйде, екі самай, негізгі және көз торы сүйектерінен тұрады. Ми сауыты сүйектері бір-бірімен жіктесе байланысқан.
Бет сүйектері – жоғарғы және төменгі жақ сүйектері, бет, таңдай сүйектері, кеңсірік, мұрын сүйегі, көз қуысы сүйектерінен тұрады.
Бас сүйектерінде бір ғана қозғалмалы сүйек (төменгі жақ сүйегі) болады.
Кішкентай балалардың ми сауыты бет сүйектерінен ертерек дамиды. Бет сүйектері 1 жаста, жыныстық жетілу кезінде жақсы дамиды. Ми сауытының көлемі бет сүйегінің көлемінен (нәрестеде) 8 есе, ересектерде 2-2,5 есе артық.
Жаңа туған сәбидің ми сауытының сүйектері бір-бірімен жұмсақ дәнекер ұлпадан тұратын қабықшамен жалғасады. Бұл қабықша бірнеше сүйектерден қосылатын жерінде үлкен болады. Оны баланың еңбегі деп атайды. Оның саны төртеу. Маңдай еңбегі 1 жаста, қалғандары 2-3 айда бітеді.
Нәрестенің жақ сүйектерінде тістері болмайды. Ең алғаш сүт тістері 5-6 айда шыға бастайды. 6 жасқа жақындағанда сүт тістері түсіп, тұрақты тістері шыға бастайды.
ІІ. Тұлға сүйектері - омыртқа жотасы, көкірек қуысы сүйектерінен (12 жұп қабырға, төс сүйегі) тұрады.
Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады: 7 мойын омыртқасы, 12 арқа омыртқасы, 5 бел омыртқасы, 5 сегізкөз омыртқасы, 4-5 құймышақ омытқасы. Сегізкөз және құймышақ омыртқалары бір-бірімен бірігіп кеткен.
Әр омыртқаның денесі, доғалары болады. Омыртқаның тығыз жері денесі. Омыртқа денесі мен доғасы омыртқа каналын құрайды. Доғасынан 7 өсінді шығады: 1 артқа қараған, 2 жоғары қараған, 2 төмен қараған, 2 бүйір (горизонтальды).
Омыртқалардың өзіндік ерекшеліктері болады:
- І-ші мойын омыртқасы тікелей бассүйегімен жалғасып кеткен, денесі және өсінділері болмайды және омыртқа тесігі басқа омыртқалардан кеңірек. І-ші мойын омыртқасын атлант немесе ауыз омыртқа деп атайды.
- ІІ-ші мойын омыртқасының денесінен жоғары қарай бағытталған тісшесі болады. Тісшедегі бетімен ауыз омыртқамен жалғасады.
- ҮІІ-ші мойын омытқаның арқа өсіндісі ұзын болады.
- Көкірек омыртқаларының алдыңғы бүйір бетінде және көлденең өсінділерінде қабырға ойыстары деп аталатын буын беттері болады.
-Ауыртпалық көп түсетіндіктен бел омыртқаларының денесі жақсы жетілген және ірі болады.
-Сегізкөз омырқалары бірігіп кеткен. Оның алдыңғы және артқы бетінде жүйкелер мен тамырлар өтетін тесіктері болады.
Омытқа жотасының өсуі алғашқы 1 жасында жедел жүреді. Омыртқа арасындағы буындардың шеміршектері қалың және серпімді келеді. Сондықтан балалардың омыртқа жотасы ересектерге қарағанда жеңіл қимылдайды. Жаңа туған сәбидің омыртқа жотасында физиологиялық иілімдер болмайды. 2-3 айда мойны бекігеннен кейін мойын лордозы (лат. алға иілу), 6 айдан кейін отыра бастағанда арқа және сегізкөз кифозы (лат. артқа иілу), 1 жасқа жақындап, жүре бастағанда бел лордозы пайда болады. 2-3 жаста омыртқа сүйектене бастайды. Омыртқа жотасының физиологиялық қалыпты иілімдері күшейе түскенімен, әлі де тұрақсыз болады. Баланың бойын таңертең өлшегенде 5-6 см (ересектер 2-3 см) ұзын болса, кешке соншалықты қысқа болады. 4-5 жсқа дейін омыртқалар тез өсіп, иілімдері толық қалыптасады. Осы жастан бастап балалар мен ересек адамдардың омыртқа жотасында 2 лордозы (мойын, бел) және 2 кифозы (арқа, сегізкөз) түзіледі.
5-6 жастағы балалардың омыртқа жотасы тез қисаяды. Омыртқааралық шеміршектегі заттардың алмасуы күшті болады. Сондықтан түрлі жағдайлардың әсерінен омыртқа жотасында патологиялық лордоз, кифоз, сколиоз (омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай иілуі) және т.б. өзгерістер пайда болады.
Жалпы омыртқа жотасының қимыл мүмкіндігі мол. Ол 1600-қа дейін еңкейіп, 1450-қа дейін шалқаяды, оңға-солға 1650-қа, ал, өз осінде 1200-қа дейін қозғалады.
Көкірек қуысы сүйектері - 12 жұп қабырға, төс сүйегі.
Адам денесінде 12 жұп қабырға бар. Қабырғаның басы, мойны және денесі болады. Омыртқамен жалғасқан жерін басы, жіңішке жерін мойны, төс сүйегімен жалғасқан жерін денесі деп атайды.
Әр қабырғаның пішіні мен құрылысында өзіне тән ерекшеліктері бар. Жоғарғы ҮІІ жұп қабырғаны шын қабырға деп атайды. Олар тікелей шеміршек арқылы төс сүйегіне бекиді. ҮІІІ-Х жұп қабырғлар ұзын шеміршек арқылы алдыңғыларымен жалғасады. Оларды жалған қабрғалар деп атйды. ХІ-ХІІ жұп қабырғалардың алдыңғы ұшы бос қалады. Оларды бос қабырғалар деп атайды.
Қабырғалардың сүйектенуі баланың 2 айлығында ҮІ-ҮІІ қабырғаларда басталады, 3-4 жасқа келгенде қабырғааралық ортасы мен бұрышында тығыз сүйектері болады.
Төс сүйегі – жалпақ сыңар сүйек. Төс сүйегінің денесі, тұтқасы, семсершесі болады. Төс сүйегінің бөлімдерінің арасындағы шеміршек 30 жасқа дейін болады. Төстің төменгі жағындағы шеміршектері 15-16 жаста, жоғарғы жағының шеміршектері 21-25 жаста сүйекке айналып, төс сүйегінің арасы бітіп кетеді, ал семсершесінің сүйектенуі 30 жасқа дейін созылады.
Көкірек қуысының пішіні жұмыртқа тәрізді болады. 1 жастағы баланың көкірек қуысы конус тәрізді. 12-13 жаста ересек адамдардыкіндей болады. Көкірек қуысы жүрек, қолқа және үлкен өкпе артериясын, өкпені қорғайды.
Партада дұрыс отырмаса баланың көкірек қуысы тарылады да, өкпе мен жүректің дамуы нашарлайды.
Аяқ-қол сүйектері – адам денесінің екі белдеуін құрайды: иық және жамбас белдеулері.
Иық белдеуін жауырын және бұғана сүйектері құрайды. Жауырынның сыртқы бұрыштары иықбасы сүйктері арқылы қол сүйектерімен жалғасады. Алдыңғы жағында бұғана сүйегімен жалғасады. Жауырын – жалпақ қос сүйек, ол омыртқа және қабырға сүйектерімен бұлшықет арқылы жалғасқан. Жауырын сүйектері жігіттерде 19-20, қыздарды 18 жаста қатаяды.
Бұғана латынның S әрпі тәрізді иілген сүйек. Бала туар алдында оның төс жақ ұшынан басқа жері сүйекке айналып үлгереді. Ал төс жақ ұшының сүйектенуі жігіттерде 24, қыздарда 23 жаста аяқталады.
Қол сүйектері – тоқпан жілік, білек (шынтақ пен шыбық сүйектен құралған), қол басы (білезік, алақан, саусақ) сүйектерінен тұрады.
Тоқпан жілік 20-25 жаста қатайып, екі басында тек шеміршектері қалады. Бұл жіліктің ұзарып өсуі оның басындағы өсу нүктелеріне байланысты болғандықтан, 22 жасқа дейін жілік басын кесуге болмайды. Кессе, жілік өспей қысқа болып қалады.
Кәрі жіліктің қатуы 20-25 жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады.
Білезік сүйектерінің қатуы 14-16 жаста аяқталады.
Саусақ сүйектері 16-18 жаста қатып аяқталады.
Жамбас белдеуінің сүйектерін – сегізкөз, жамбас сүйектері (мықын, шат, шонданай) құрайды.
Аяқ сүйектерін - ортан жілік, асықты жілік пен шыбығы, табан сүйектері құрайды.
Ортан жілік адам денесіндегі ең ірі сүйек. Оның жілік басы, мойны, денесі болады. Бала туғаннан кейін алғашқы 5 жылда ортан жілік тез өсе бастайды да, 5-9 жас арасында қыздардың ортан жілігі жылдан жылға баяулап, ер баланың жілігі бір қалыпты баяу өседі. Ортан жілік 18-20 жаста өсуін тоқтатады.
Асықты жілік пен шыбығы қыздарда 16-17, жігіттерде 19-20 жасқа дейін өседі.
Табан сүйектері өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының сүйектерінен құралған. Табан сүйектері бір-бірімен буын арқылы күмбезденіп қосылған. Табан күмбезі баланың аяғын басу барысында толық қалыптасады. Табан күмбезінің дұрыс қалыптасуына тар аяқ киім, ауыр жүк тасу, ұзақ уақыт табанға күш түсіріп, кішкентай баланың түрегеліп тұруы кері әсер етеді. Мұндайда жалпақ табан пайда болады. Табан күмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан бойжеткендерге 17-18 жасқа дейін биік өкшелі аяқ киім киюге болмайды. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің өкшесі 1,5-2 см болу керек.
Бұлшықеттердің құрылысы мен қызметі. Жаңа туған сәбидің бұлшықеттері толық қалыптаспағанымен, дене салмағының 20-22%-дай ғана (ересек адамда 40-45%) болады. Адам денесінде 600-ден астам бұлшықеттер бар. Бұлшықеттердің екі түрі бар: көлденең жолақты және бірыңғай салалы бұлшықет. Қаңқа бұлшықеттері көлденең жолақты бұлшық ет. Бұлшықеттердің сүйекке бекитін сіңір бастары, денесі болады. Бұлшықеттердің пішіні әртүрлі болып, өзінің атқаратын қызметіне байланысты қалыптасады. Бұлшықеттің екі басы болса қарапайым, үш немесе одан да көп болса күрделі бұлшықет деп атайды. Қозғалтатын буындардың санына байланысты бір буынды, қос буынды, көп буынды деп бөлуге болады. Орналасуына қарай бас, мойын, арқа, кеуде, құрсақ, қол-аяқ еттеріне жіктеледі. Қызметіне қарай бүгілдіргіш, жазылдырғыш, айналдырғыш т.б. болып бөлінеді. Жалпы, адам денесінде 327 жұп және 2 сыңар бұлшықет бар.
Бұлшықеттердің қызметі – жиырылу. Бұлшықеттің жиырылуы нерв импульстерінің орталық жүйке жүйесінің әр жерінен келіп бұлшықетті қоздыруынан болады. Бұлшықеттің қызметі оның лобильділігіне де байланысты. Ұлпаның лобильділігі деп оның қозуды өткізу жылдамдығы мен қозу уақытын айтады. Бұлшықеттер жиырылғанда көп күш жұмсалады. Жиырылу күші еттің талшықтарының санына және қалыңдығына байланысты. Еттің күші деп оның ширау қабілетін айтады. Бұлшықеттің күші оның құрылысына да байланысты. Бұлшықеттер көп ядролы жуандығы 0,1 мм, ұзындығы 2 мм – 12 см ет талшықтарынан тұрады. Олардың сыртын фасция деп аталатын ет қабығы жабады.
Бұлшықеттерде көптеген нерв ұштары – рецепторлар орналасқан. Олар еттің қозуына байланысты жиырылу және созылу дәрежелерін сезеді.
Бұлшықеттердің өсіп жетілуі әртүрлі. Ең алдымен құрсақ еттері дамиды, кейіннен шайнау еттері жетіледі. Еңбектеу мен жүруге байланысты аяқ-қол, арқа еттері дамиды. Бұлшықеттердің дамуы 25-30 жасқа дейін байқалады.
Нәрестенің етінің жиырылу қабілеті ересек адамның шаршаған етінің қабілетіндей ғана болады. Жиырылу қабілетін хронаксия деп аталатын еттің тыныштық қалпынан қозуға ауысуына қажетті уақыты арқылы анықтайды. Оны арнайы хронаксиметр деп аталатын аспаппен сигма, яғни секундтың 1/1000 бөлігі мөлшерінде өлшейді.
8-тақырып. Қанның қызметі, құрамы. Оқу мен дене еңбегінің қанға әсері.
Қан топтары. Иммунитет.
-
Қан ағзаның ішкі ортасы
-
Қанның пішінді элементтері
-
Қанның ұюы.
-
Оқу мен дене еңбегінің қанға әсері
-
Қан топтары және иммунитет
-
Иммунитет және оның түрлері
-
Иммунитеттің жас ерекшеліктері
Адамның денесіндегі қан — организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа туған нәрестеде ол 10-20 %, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8 % болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Бүл мүшелердегі қан қоры адам жараланып, қансырағанда қан айналымына шығып, тіршілікті сақтап қалады, ал денедегі қанның 50-60% жоғалса, адам өліп қалады.
Қанның қызметі: 1. Тасымалдау (клеткаларға аса кажетті қоректік заттар мен оттегін тасымалдайды және организмдегі зат алмасудан пайда болатын кажетсіз улы заттардың шығуына қатысады);
2. Дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады;
3. Организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді;
4. Мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады.
Қанның құрамы. Қан пішінді элементтер, яғни қан жасушаларынан (эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер) және сүйық плазмадан тұрады. Қан жасушалары күллі қанның 55-60%-ын, ал плазма 40-45%-ын кұрайды. Қан плазмасының кұрамы күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар.
Қанның физикалық және химиялық қасиеттері:
1. Плазманың осмостық қысымы деп оның кұрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың ерітінділерін тудыратын қысымын айтады. Плазманың осмостық қысымы ондағы минерал затгарының мөлшеріне байланысты: неғұрлым олардың плазмадағы концентрациясы көп болса, соғұрлым осмостық қысым да көп болады. Қан клеткалары мен денедегі ұлпалардьщ тірлігі үшін, плазманың осмостық қысымының тұрақтылығының маңызы зор.
2. Қанның белсенді реакциясы оның құрамындағы сутегінің иондарының концентрациясына байланысты және оны рН реакциясы (сутегінің көрсеткіші) деп белгілейді. Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығы денедегі күллі ферменттердің қатысуымен болатын реакциялар үшін маңызды, Қалыпты жағдайда қанның рН ~ 7,36 тен, бұл әлсіз сілтінің реакциясы.
Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығына қанның буферлік жүйесінің үлкен маңызы бар. Кейбір бейорганикалық қосындылар, белок заттары қанға келетін зат алмасуының нәтижесінде қышқыл немесе сілтілік қасиеттері бар заттармен қосылыстар жасайды. Мысалы, дене еңбегімен шұғылданғанда қанға зат алмасуынан пайда болған кышқыл заттар келеді. Қанның буферлік қасиеті гемоглобин, карбонаттар, плазманың белоктарының буферлік жүйелеріне байланысты. Бұлардың ішіндегі аса маңыздылары гемоглобиндік және карбонаттық буферлік жүйелер.
3. Қанның т ұ т қ ы р л ы ғ ы. Қанның тұтқырлығын судың тұтқырлығымен салыстырады. Судың тұтқырлығы 1 -ге тең деп алынса, жаңа туған сәбидің қанының тұтқырлығы алғашқы күндері 10,0-14,8 болады. 1-ші айдың соңында ол 4,8 дейін төмендеп шамамен тұрақты болып, осы күйінде сақталады. Оның ауытқуы онша көп емес, алғашқы 1 жаста орта есеппен 4,6; 1-3 жасқа дейін 4,57; 3-15 жас арасында 4,61 шамасында болады. Дегенмен 8-11 жас арасында ғана қанның тұтқырлығы айтарлықтай 2,9-дан 5,5-ке дейін (орта шамамен 3,9) ауытқиды деген мәліметтер кездеседі. Қанның тұтқырлық шамасы жынысқа байланысты емес, орта есеппен алғанда ер балаларда 4,6, ал қыз балаларда 4,58-ге тең болады.
Қан плазмасының тұтқырлығы оның жалпы тұтқырлығына қарағанда аз, не бары 1,88.
Сонымен, қанның құрамы, оның мөлшері, физикалық және химиялық қасиеттері шамамен алғанда тұрақты болуы тиіс. Бұл тұрақтылықты жүйке жүйесі мен гуморальдық жүйелер реттейді.
Адамның қанының температурасы тұрақты болады. Бір тәуліктің ішінде баланың денесінің температурасы 36,6-37°С шамасында ғана өзгереді. Температураның аз мөлшерде көбейгені - денедегі аурудың белгісі. Ал температура төмендесе адамның "әлі құриды", яғни әлсіздік байқалады. Қан бауырда және бұлшық еттерде жылытылып, теріде салқындатылады.
Қанның пішінді элементтері
Эритроциттер. Олардың саны адамның жынысына байланысты: ер адамда 1 мкл қанда 4,5-5 млн., әйелде 4-4,5 млн. Қанның ядросыз қызыл клеткалары, диаметрі 7-8 мкм, ал қалыңдығы 2 мкм. Эритроциттердің пішіні екі жағы ойыңқы келетін линза іспетті болады. Эритроциттердің қызметі - . Бұл қызметті эритроциттердің кұрамындағы күрделі белок гемоглобин атқарады. Ол г е м деп аталатын, құрамында екі валентті темірі бар заттан және г л о б и н белогынан тұрады. Гемоглобин өкпе куысында оттегімен оңай қосылып, оксигемоглобинге айналады. Оксигемоглобин организмнің ұлпаларына қанмен тасылады да, ұлпаларға келгенде оңай ыдырайды, нәтижесінде глобин мен О2 пайда болады. Босаған оттегі ұлпалардың клеткаларының тотығуына қатысады, ал глобин белогы ұлпаларда зат алмасуынан пайда болған көмірқышқылын қосып алып карбоксигемоглобинге айналады. Бұл да жеңіл ыдырайтын қосынды, қанмен өкпеге барып, көмірқышыл газын босатады, глобинге қайтадан оттегі қосылады. Сойтіп гемоглобин өкпеден ұлпаларға оттегін, ұлпалардан өкпе қуысына көмір қышқыл газын тасиды. Көмір қышқыл газы деммен бірге сыртқа шығады. Оттегі мен көмірсутегін қосып алу екі валентті темірдің қасиетіне байланысты. Кейбір жағдайда (жыланның уымен немесе "иіс газымен" уланғанда) гемоглобиннің қүрамындағы екі валентті темір үш валентті темірге айналып, ол СО2 карбоглоб и н деп аталатын берік қосылысқа айналады, содан барып уланған адамның денесіндегі тотығуға оттегі жетіспей, гемоглобиннің көп мөлшері карбоглобинге айналғанда бала өліп қалады. Мұндай жағдайда уланған адамды жылдам оттегі мол жерге шығару қажет, сонда гемоглобин екі валентті темірі бар дұрыс қалпына келіп, адам тірі қалады.
Эритроциттер қан плазмасының осмостық, қысымының өзгерісіне аса сезімтал болады. Осмостық кысымның төмендеуі эритроциттерді бұзып, оның құрамындағы гемоглобин қан плазмасына шығады. Соның нәтижесінде эритроциттер өзінің басты міндеті — оттегін тасымалдау қабілетінен айырылады. Гемоглобиннің қан плазмасына шығуын г е м о л и з деп атайды. Гемолиздің әсерінен қанның тұтқырлығы айтарлықтай күшейеді де, қан жүрісін қиындатады.
Егер қанды алып, пробирканың ішіне біраз уакыт қойса, оның құрамындағы эритроциттер тұна бастайды да, бетіне қанның сарысуы шығады. Эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ; емханада орысша РОЭ немесе СОЭ дейді) қалыпты жағдайда ер адамда 3-9 мм/сағ, әйелде 7-12 мм/сағ шамасында болады. Эритроциттердің тұну жылдамдығы аурудың диагностикасында аса маңызды көрсеткіш.
Жаңа туған сәбидің қанында 2 түрлі эритроциттер бар: а)ұрықтық эритроциттер; б) қалыпты эритроциттер. Бала туар алдында оның қанына көп мөлшерде қалыпты эритроциттер қосылады. Сондықтан жаңа туған сәбидің алғашқы сағатында 1мм3 қанында 6,5 - 7,2 млн эритроциттер болады. Өмірге жаңадан келген баланың қанына біраз шамада жаңа эритроциттер қосылады да алғашқы 5-6 сағатында 1 мм3 6,62-7,5 млн эритроциттер болады. Бірақ алғашқы күннен бастап, ұрықтық эритроциттер ыдырап, орнына жаңа эритроциттер қосылады, сондықтан олардың саны бірінші тәуліктен бастап азая бастайды. 24 сағаттан кейін 1 мм3 қанда 6,11-7,06 эритроциттер болса, 1 аптадан кейін 5,54-6,21 млң, 10 күннен соң 4,80-5,70 млн шамасына дейін азаяды. Бұл сәбидің ұрықтық эритроциттерінің бауырда ыдырауына байланысты жағдай. Алғашқы 1-2 жаста эритроциттердің саны баланың тұрмыс жағдайына, ауа райына т.б. сыртқы және ішкі әсерлерге байланысты өзгермелі келеді. Мүндай күшті өзгерістер 5 пен 7 жас, 12 мен 14 жас арасында да байқалады. Жалпы алғанда балалардың қанындағы эритроциттердің саны құбылмалы келеді. Оның мөлшеріне баланың ұйқысы, тамағының құрамы, күн кестесінің бұзылуы да әсер етеді. Мысалы, бала жасына лайық мөлшерден аз ұйықтаса, сол күні оның қанындағы эритроциттердің саны 0,7-1,2 млн-ға дейін азаяды.
Эритроциттердің құрамындағы гемоглобиннің мөлшері нәрестеде ересек адамнан жоғары болады. Егер ересек адамның эритроциттеріндегі гемоглобинді 100% деп алсақ, жаңа туған сәбидің қанындағы гемоглобин 140-145% болады, яғни 100 мл қанында 17-25 г гемоглобин бар. Сонымен бірге сәбидің гемоглобиндерінің оттегін қосып алу қабілеті де аздап жоғары: ересек адамда 1 г гемоглобин 1,34 мл оттегін, ал сәбиде 1,40 мл оттегін қосып алады. Сондықтан жаңа туған сәбидің оттектік сыйымдылығы 35 мл (ересек адамда 18-21 мл) болып, зат алмасуының қаркынды өтуіне мүмкіндік береді.
2-3 жастың арасында эритроциттердің саны 5-5,5 млн/мкл. Бұл кезде эритроциттердің диаметрі аздап кішірейеді, ал гемоглобиннің мөлшері 2 жаста 80-90 %, 3 жаста қайтадан 100 % дейін көбейеді, яғни ересек адамдардағыдай болады, ал оттектік сыйымдылығы ересектерден әлі де болса жоғары. Тек 4-6 жаста эритроциттердің саны, пішіні, мөлшері және гемоглобинінің қасиеті, оттектік сыйымдылығы ересек адамдардағыдай болады.
Эиртроциттердің тұну жылдамдығы жаңа туған нәрестеде 0,5 мм/сағ, туғаннан кейін біртіндеп ол артады: 1 жаста 2 мм/сағ, 2-3 жаста 3 мм/сағ, 5-6 жаста 4-5 мм/сағ, қыздарда 7-11 жаста, ер балаларда 7-13 жаста 3-9 мм/сағ болып, ересек адамдардың эритроциттерінің тұну жылдамдығына (7-12 мм/сағ) жақындайды.
Адам денесіндегі эритроциттердің өмір ұзақтығы 90-120 күндей, бірақ олар үнемі жаңарып отырады: ескілері бауырда және басқа мүшелерде ыдырап, жаңа жас эритроциттер сүйек кемігінде өндіріліп, қан айналымына қосылады. Алғашқы аптадағы эритроциттер ыдырағанда босайтын темір иондары сәбидің терісінде қор ретінде жиналады да, тотығып баланың терісі сарғыш тартады. Мұны сәбидің "сары ауруы" деп атайды, бірақ ол жұқпалы Боткиннің сары ауруына байланысты емес, қордағы темірдің тотығуынан болған. Кейіннен терідегі темір иондары жаңа қан клеткаларын түзуге пайдаланылады да, терінің түсі дұрыс қалпына келеді.
Лейкоциттер - ядросы бар қан клеткалары. Ересек адамның 1 мкл қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру, қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттер бала организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Қан клеткаларының бұл маңызды қызметін Нобель сыйлығының лауреаты орыс ғалымы И.И. Мечников ашқан. Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар: а)дәнді лейкоциттер немесе гранулоциттер; ә) дәнсіз лейкоциттер, яғни агранулоциттер; б) моноциттер. Гранулоциттердін 3 түрі бар: нейтрофилдер, эозинофилдер және базофилдер. Ал агранулоциттерге лимфоциттер жатады. Қанның құрамындағы лейкоциттердің түрлері адамның жасына лайықты мөлшерде шамамен тұрақты болады Бұл тұрақтылықты лейкоцитарлық формула деп атайды.
Лейкоциттердің саны мен бір-біріне қатынасы, яғни лейкоцитарлық формула түрлі әсерлерге (ауру, ауыр дене жүмысы, ас қабылдау, ұйқы т.с.с.) байланысты өзгеріп отырады. Лейкоциттердің саны да сыртқы және ішкі әсерлердің ықпалынан үнемі өзгеріп тұрады. Сондықтан оның саны мен лейкоцитарлық формуласы тек шамамен айтылып, жазылады. Мысалы, егер баланың бір түнгі ұйқысы бұзылса, дереу лейкоциттердің жалпы саны мен лейкоцитарлық формуласы өзгереді. Ұйқысы жөнделгеннен кейін шамамен қалыпты мөлшеріне жетеді. Сондада болса лейкоцитарлық формуланың өзгерісі арқылы кейбір ауруларды анықтауға болады. Мысалы, баланың ас корыту жүйесінде ішек құрттары пайда болса, эозинофилдердің пайыздық мөлшері күрт көбейеді. Сондықтан дәрігерлер баланың ауруын лейкоцитарлык, формула арқылы шамамен анықтап алып, кейін оны тереңірек зерттеп, емдейді.
Лейкоциттердің жалпы саны жаңа туған нәрестеде 10-20 мың шамасында болғанмен, өмірінің алғашқы сағаттарында оның саны күрт көбейеді. Айталық, туған сәтте 19500 болса, 6 сағатта 22000, 24 сағатта 28000 дейін көбейеді де екінші тәулікте азая бастайды: 48 сағатта 19500 болады. Ал 5-ші тәулікте баланың лейкоциттері күрт төмендейді де, 7-ші тәулікте 8000-11000 шегіне жетіп, шамамен ересек адамның жоғары деңгейіне шамалас болады.
Мезгілінен ерте туған сәбилердің лейкоциттерінің саны 3600-36000 шамасында өзгереді. Қыздардың қанындағы 10-12 жаста лейкоциттердің саны 6000-8000, яғни ересек адамдай болады.
Тромбоциттер. Олар сопақша немесе диаметрі 2-5 мкм дөңгелектеу пішінді келеді. Тромбоциттердің ең күшті өзгеретін тұрақсыз мезгілі 1 жасқа дейін. Бұл кезде оның жас, әлі толық жетілмеген түрі қанда көп болады. Бұл емшектегі балаларда тромбоциттер көп өндірілетінін білдіреді. Баланың жасы ұлғая келе тромбоциттердін өндірілуі төмедейді, ал қартая келе қан пластинкаларында кері даму күшейеді.
Қанның ұюы.
Тромбоциттердің басты қызметі — қанның ұюына катысуы. Қан тамырлары жарақаттанғанда әдетте жараның бетін
т р о м б деп аталатын қан түйіршігі тез жабады. Біраздан соң ол тығыздалып, жараны бекітеді. Егер қанның мұндай қасиеті болмаса, кішкентай жарадан тоқтаусыз қан ағып, адам әлсіреп, тіпті өліп те кетер еді. Қанның ұюы күрделі ферментативті қүбылыс. Оны шамамен 3 кезеңге бөлуге болады: 1 - қанда және ұлпада тромбопластиннің пайда болуы; 2 - тромбопластиннің тромбинге айналуы; 3 - тромбиннің әсерінен плазмадағы фибриноген белогының ерімейтін ф и б р и н жіпшелеріне айналып, жараның бетінде тор құруы. Осы торға эритроциттер мен лейкоциттер тұрып калады да т р о м б пайда болады. Тромб сығылып, сарысудан арылады. Жараның беті қабыршақтанып қатып, жараланған тамыр бүтінделеді. Кейіннен қатқан қан кабыршағы түсіп калады. Қанның ұюына эритроциттердің құрамындағы және қан плазмасындағы бірнеше ферменттер мен кальций иондары, бауырда түзілетін К витамині қатысады.
Жаңа туған сәбидің қанының ұюы өмірінің алғашқы күндері, әсіресе 2-ші күні баяу болады, ал 3-ші күннен бастап 7-ші күнге дейін жылдамданып, ересек адамдардың қанының ұю уақытына жақындайды. Дегенмен қанның ұю уақытында баланың жеке басының қасиеттеріне байланысты аздаған айырмашылық болады. 5,5-6 жаста қанның ұюы 1-2 минөттен кейін басталып, 3-4 минөтте аяқталады. Сонымен қатар, алғашқы күндері мөлшері аз тромбопластин 3 аптада ересектердегідей болады, ал жалпы саны 1 мкл 300 мыңнан 400 мыңға дейін. Тромбоциттер сүйек кемігінде пайда болады. Олардың өсіп жетілу мерзімі 7-8 күн, ал қан айналымында 5-11 күндей болады. Тромбоциттердің саны тамақ ішкеннен кейін, ауыр дене жұмысымен шүғылданғанда, әйел екіқабат болғанда көбейеді. Оның мөлшерінің тәуліктік өзгерісі де бар: күндіз көбірек, түнде азырақ болады.
Тромбоциттердің қызметі көп. Оларда ферменттер де өндіріледі, фагоцитарлық қабілеті де бар, ұсақ қан тамырларының өткізгіштік қасиетіне де әсер етеді. Жалпы алғанда тромбоциттердің қызметтері оның арнайы жан-жақты қасиеттеріне байланысты.
Тромбоциттердің саны баланың жасына карай өте көп ауытқиды; 1 мкл қанда 150 мыңнан 600 мыңға дейін. Жаңа туған сәбидін қанында орта есеппен 150-350 мыңға жуық тромбоциттер болса, 1 жасқа дейінгі балаларда 15 мыңнан 424 мыңға дейін (орта есеппен 250000) жетеді. Дегенмен жеке бір баланың өзіндегі тромбоциттердің саны салыстырмалы түрде алғанда тұрақты келеді. 1 жастан 16 жасқа дейін 1 мкл қандағы орта саны қанының плазмасындағы фибриногені анасының қанындағы мөлшерден біршама аз болады. 1 жастан 12-14 жасқа дейін қанның ұюына қатысатын факторлар шамамен дұрыс қалыпта болады, бірак, өзгермелі келеді. Қанның ұю қасиетіне ықпалы бар эндокриндік жүйе мен жасөспірімдердің, организміндегі функциялық басқа өзгерістер аяқталған соң, қанның ұюы 50-60 жасқа дейін тұрақталады.
Оқу мен дене еңбегінің қанға әсері. Қанның құрамы шамамен тұрақты болғанымен, баланың еңбегіне мөлшерден тыс талап қойылғаңда бұл тұрақтылык өзгереді. Мектеп жасындағы баланың жұмысы кебінесе - оқу, ми еңбегі. Оқу ми еңбегі ретінде қан жүйесіне де әсер етеді. Оқушы баланың оқу бағдарламасы жасына сәйкес болмағанда, 12 жасқа дейінгі балаларда лейкоцитоз, яғни лейкоциттердің көбеюі, орын алады. Баланың қанында, әсіресе нейтрофилдер мен лимфоциттер көбейеді. Бастауыш сынып оқушыларында (7-11 жас) оқудың әсерінен эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ) аздап өзгереді, бірақ ол мұның сабаққа дейінгі қалпына байланысты болады. Айталық, сабаққа дейін ЭТЖ жоғары болса, сабақтың соңына таман ол баяулайды.
Қаннын тұтқырлығы да ЭТЖ іспетті сабақтың алдындағы деңгейіне байланысты. Сабаққа дейін ЭТЖ орта шамамен 3,7 болса, сабақтың соңында 5,0, ал сабақ алдында 4,4 болған оқушыларда сабақтың соңында 3,4 дейін төмендегені туралы мәліметтер бар.
Жалпы алғанда қаннын құрамына оқудың әсері олардың қалыпты жағдайындағы мөлшеріне тікелей байланысты.
Дене еңбегі организмнің физиологиялық жүйелерінің қызметін, әсіресе қанның құрамын өзгертеді. Дене еңбегінен кейін балалар мен жастарда ересек адамдардағыдай миогендік лейкоцитоз байқалады. Бала жүгіргенде, қозғалысты ойын сияқты жеңіл-желпі дене еңбегінде лимфоциттері аздап көбейеді, ал велосипед тебу, сол сияқты қара күшті қажет ететін еңбекте нейтрофилдер көбейеді. 16-18 жастағы бойжеткендер мен жігіттерде жүгіру, суда жүзу сияқты спорт түрлерімен шүғылданғанда лейкоциттердін барлык түрлері көбейеді. Бірақ, сонда да лимфодиттердің көбеюі басым болады. Ал қыздар мен жігіттердің арасында жыныстык айырмашылықтар жоқ деп батыл айтуға болады. Жалпы алғанда миогендік лейкоцитоз бұлшық еттердің жүмысының ұзақтығына байланысты болады, ал жасқа байланысты ерекшеліктер байқалмайды. Мұндай кысқа мерзімді дене еңбектерінің эритроциттердің санына әсері онша күшті емес. Жүгіру, суда жүзу сияқты спорт ойындары кезінде олардың саны орта есеппен жарты миллиондай ғана артады. Ал 1,5-2 сағат велосипед айдағанда эритроциттер айтарлықтай көбейіп, тек бір тәуліктен кейін ғана калпына келеді. Бұлшық еттердің қызметі тромбоциттерге күшті әсер етеді. Миогендік тромбоцитоз еңбектің ұзақтығына байланысты. Ұзақ уақыт спорт ойындарымен шұғылданғанда қанның құрамында жас қан пластинкалары көп болады. 16-18 жастағы бойжеткендер мен жігіттерде ғана жас ерекшеліктері байқалады. Жас жігіт велосипедпен 50 шақырымды жүріп өткенде миогендік тромбоцитоз кезінде қанда жас тромбоциттер көп болады, ал сондай қимыл жасаған 23-27 жастағы ересек адамдарда миогендік тромбоцитоз болғанымен, жас пластинкалар болмайды деген мәліметтер бар (А. А. Маркосян, 1960).
Осы сияқты 16-18 жастағы бойжеткендер мен жігіттерде ЭТЖ, қанның тұтқырлығы, қанның ұюы сияқты қанның физикалық және химиялық көрсеткіштерінде де байқалады.
Қан топтары және иммунитет
Қан кұюдың қажеттілігі және қан топтарының негізі. Адам жараланып, денесінен қанның жартысына жуығы аққанда әлсіреп, тірлігінен айырылады. Мұндай жағдайда бір кісінің қанын екінші адамға құйып, жарақаттанған адамды аман алып қалуға болады. Бірақ адамдардың канының құрамы бір-біріне сәйкес келмесе, қан құйылған кісі өліп те кетуі мүмкін. Сондықтан донордың (қан беруші адам) қанын реципиентке (қан құйылатын кісі) құяр кезде алдымен олардың қандарының сәйкестігін тексереді.
Қанның құрамындағы эритроциттерде екі түрлі а г г л ю т и н о г е н деп аталған зат бар: А және В. Қанның плазмасында бұлармен кездескенде канды ұйытып тастайтын à және ß агглютининдер болады. Егер агглютиноген А агглютинин альфамен (а) немесе агглютиноген В агглютинин бетамен ß кездессе, қанның эритроциттері бір-біріне жабысып, бұзылып, қан ұйып қалады да, оттегін денеге таситын эритроциттер қызметін атқара алмай, адам өліп кету қаупінде болады. Бұл заттардың бір-бірімен қосылыс жасау мүмкіндігі 4 түрлі, соған байланысты адамдардың қанын 4 топқа бөліп АВО жүйесі деп атаған:
-
Эритроциттерінде агглютиногендер жоқ, бірақ плазмасында екі агглютининдері (а, ß) де бар кісілер. Мұндай адамдар 40%, олар І-топқа жатады;
-
Қанының эритроциттерінде агглютиноген А, плазмасында агглютинин ß бар адамдар 39%, олар ІІ-топқа жатады;
-
Эритроциттерінде агглютиноген В, плазмасында агглютинин а бар кісілер 15%, олар ІІІ-топқа жатады;
-
Эритроциттерінде агглютиноген А және В бар, плазмасында агглютининдер жоқ кісілер 6%, олар IV-топқа жатады.
Осы агглютиногендер мен агглютининдердің бір-бірімен кездеспеуін көздеп донор мен реципиенттің қандарын тексереді.
АВО жүйесінен басқа түрлі адамдар топтарында кездесетін қанның корғаныс жүйелері бар екені анықталды. Соның ішінде алғаш рет макака-резус маймылдарының қанынан табылған резус-фактор деп аталған заттың маңызы күшті. Бұл зат адамдардың 85%-ында бар, ал 15%-ында жоқ. Резус-факторы бар адамдарды он-резусты (RҺ+), жоқ адамдарды сол-резусты (Rһ-) деп атайды. Егер RҺ+ кісіге RҺ- адамның қанын құйса, ол реципиентте сол факторға қарсы антидене пайда болады. Ал екінші рет сондай кан құйылса, бұрын пайда болған арнайы агглютиногендер эритроциттерді бір-біріне жабыстырып, қызметін тоқтатады да, адамның өміріне қауіп төнеді. Осы резус-факторға байланысты RҺ+ жүкті әйелдердің ұрығына RҺ- әкесінің факторы тұқым куалап ауысқанда жүкті әйелдің қанында ұрықтың факторына қарсы антидене пайда болып, түсік түседі. Сондыктан жүкті әйелдердін қанында бұл фактор болмаса, оның күйеуінің канының факторын тексереді де, ол RҺ+ болса, түсік болмаудың қамын ойлап, арнайы емдейді.
Сонымен, қанды кұю үшін реципиентің қанының АВО және RҺ-факторын міндетті түрде тексеру қажет.
Иммунитет және оның түрлері. Иммунитет (лат. иммунитас — бірдеңеден бос болу) адамның жұқпалы ауруларға карсы тұру қабілеті. Бул - адам организмінің өте күрделі, көптеген морфологиялық және физиологиялык касиеттерге байланысты қалпы. Ертеректе кейбір аурулармен ауырған адамға сол аурудың жұқпайтыны белгілі болған (мысалы, кызылша, шешек, сүзек т.б.). Бұл тұжырымды ғылыми тұрғыдан ХҮШ-ХІХ ғасырлардағы ғалымдар Э. Дженнер, Л. Пастер, И. М. Мечников, т.б. ашқан.
Қанның құрамында қорғану қызметін атқаратын лейкоциттерден де басқа маңызды заттар бар. Бұларға антиденелер мен антитоксиндер жатады. Антиденелер қанда болатын белок заттары - иммундық глобулиндер денеге кірген басқа бөтен заттардың әсерінен пайда болады. Ол заттарға бактериялар, вирустар, басқа текті белокты заттар жатады. Оларды антигендер деп атайды (грек. анти-қарсы + генос-тек). Антитоксиндер — уланған кезде организмде пайда болатын усыздандырушы заттар (грек. анти + лат, токсинум - у, улы зат). Антиденелер, антитоксиндер мен антигендер - өте өзгеше үйлесімді заттар, яғни әр антигеннің немесе токсиннің өзіне ғана үйлесетін антиденелері мен антитоксиндері болады. Олар бір-біріне кілттің құлыпқа сай келетіні іспетті. Антиденелер ауру тудыратын микроорганизмдерді бір-біріне жабыстырып, енді біреулерін ерітіп жібереді. Денеге бөтен заттар, айталық шешек вирустары енісімен организм сол вирустарға қарсы антидене түзеді. Олар вирустармен күресіп, организмді аурудан сақтап қалады.
Иммунитет т а б и ғ и және ж а с а н д ы болып бөлінеді. Табиғи иммунитет адам ауырғанда пайда болады да, сол аурумен екінші рет ауырмайды. Табиғи иммунитеттің ұзақтығы әртүрлі. Кей ауруларға (мысалы, шешек) иммунитет өмір бойы сақталады, ал кейбіреуінің иммунитеті кысқа мерзімдік болады (мысалы, грипп). Жасанды иммунитет ауырған адамның немесе жануардың қанынан алынған дайын антиденелерді немесе әлсіздендірілген антигендерді егу арқылы жасалынады. Осылай кейбір аурулардың алдын алуға болады.
Иммунитеттің т у а және ж ү р е пайда болған түрлері де бар. Мысалы, кейбір жануарлардың аурулары адамға жұқпайды, себебі адам организмінде тұқым қуалаған сол ауруларға қарсы тұру қабілеті болады. Иттің немесе шошқаның обасы адамға жүқпайды. Бұл - туа болатын иммунитет. Ал жүре болатын иммунитетке адам ауырғаннан кейін немесе түрлі екпеден кейін пайда болған жасанды қабілет жатады.
Иммунитетті ж а л п ы және ж е р г і л і к т і деп те бөледі. Бүкіл организмнің ауруға карсы тұру қабілеті жалпы иммунитетке, ал жеке бір ұлпалардың немесе мүшелердің қабілеті жергілікті иммунитетке жатады.
Қорыта келгенде, иммунитет екі тетікке байланысты: денедегі кейбір клеткалардың фагоцитарлық қабілеті мен антиденелердің өндірілуі. Дегенмен, иммунитет өте күрделі, бүкіл организм жүйелері қатысатын және бір-бірімен байланысты болатын қабілет.
Иммунитеттің жас ерекшеліктері. Қазіргі кезде ана құрсағындағы ұрыктың қанында антигендер болмайтыны анықталды. Ұрық плацентасының корғаныс қабілетіне байланысты оның денесінде ешқандай антиденелер өндірілмейді, бірақ анасының канындағы антигендерді плацента ұрыққа өткізбейді. Ал бала туған сәттен бастап сыртқы ортадағы көптеген микроорганизмдерге қарсы тұру кабілеті дами бастайды. Бірақ алғашқы 3 айдың ішінде бала организмі анасынан алған антиденелердің әсерінен ауруға төзімді болады. Алғашкы кезде сәбидің денесінде антиденелер аз өндіріледі, өйткені ондай антиденелер ана сүтінде болады. Баланың иммундық қабілеттері күшті дамитын кез 1 жастан 10 жасқа дейін, онан әрі 20 жасқа дейін иммундық қорғанысы біршама төмендейді де 20 жастан 40 жасқа дейін тұрақталады, ал 40 жастан аса біртіндеп нашарлай бастайды. Әсіресе жыныс мүшелерінің қызметі әлсіреген кезде иммуңдық қабілет те төмен болады.
9-тақырып. Тыныс алу жүйесі, оның жас ерекшеліктері. Тыныс алу гигиенасы
-
Тыныс алу жүйесінің амаңызы
-
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС)
-
Тыныс алудың нервтік және гуморальдық реттелуі
-
Тыныс алу мүшелерінің қызметіне сыртқы ортаның әсері
-
Тыныс алу гигиенасы
Тыныс алу жүйесінің маңызы.
Тыныс алу жүйесінің маңызы. Адам организмі өзін қоршаған сыртқы ортамен қатты, сұйық және газ түріндегі заттармен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Адам организмінде қоректік заттардың қоры болады, сондықтан 25-30 тәулік аштықты өлместен көтере алады. Сусыз адам бірнеше апта өмір сүре алады, ал оттегісіз бірнеше минуттің ішінде өліп қалады. Олай болса, оттегі адам өмірі үшін аса маңызды. Организмде оттегінің қоры жоқтың қасы – не бары бірнеше минөттік қана. Сондықтан тіршіліктің сақталуы үшін оттегі үнемі денеге жеткізілуі тиіс. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардың ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Дем алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады. Бұл оттегінің үнемі денеге кіріп және көмір қышқыл газының денеден сыртқа айдалып тұруын қамтамасыз етеді. Бұл қызметті кеуде қуысында орналасқан өкпе орындайды.
Оттегінің қысымының ең көбі біз дем алғанда жұтатын сыртқы ауада, өкпе альвеолаларында төмендейді, қан тамырларында мүлде азаяды. Сондықтан ауадағы оттегі организмге қарай диффузды түрде қозғалады, бірақ бұл өте әлсіз қозғалыс. Бұл қозғалысты тыныс мүшелері күшейтеді.
Тыныс алу мүшелері оттегі мен көмір қышқыл газын таситын негізгі міндеттерінен басқа да қызмет атқарады.
Дем алу мен дем шығарудың ырғақты түрде ауысуы біздің денеміздегі барлық ішкі мүшелерге әсер етеді. Көк еттің (диафрагманың) дем алып, дем шығарғанда көтеріліп жене төмен түсуі ас қорыту мүшелеріне қысымдық әсер етіп, ішек-қарындарға уқалау (массаж) іспетті әсер етеді. Егер адам терең дем алса, бұл әсер күштірек болады. Кеуде қуысындағы өкпе сығылып және босау арқылы жүрекке, қолқа, өкпе артериялары, жоғарғы және төменгі қуыс веналарына да, жүрекке де қанды сорып алуға көмектеседі.
Мұнымен қатар, дем алу ырғағы жүйке жүйесі арқылы да организмге әсер етеді. Нәрестелерде тыныс аритмиясы деген ерекшелік болады: дем алғанда пульс жиілеп, дем шығарғанда және пауза кезінде азаяды. Тыныс аритмиясы, әсіресе жыныстық жетілу кезінде жақсы байқалады. Ересек адамдарда мұндай әсер болғанымен балалардағыдай айырмашылық онша көп емес.
Тыныс ырғағының аз да болса, қанның қысымына, капиллярлық қан айналысына да ықпалы бар. Өз еркімен тәжірибеге қатысқан студенттерде дем шығарғанда қолдың бұлшық еттерінің күші аздап көбейгені байқалған. Тыныс ырғағы көздің жарық сезімталдығына да аздап әсер етеді.
Тыныс ырғағы адамның миының қызметіне де, әсер ететінін білу педагогтер үшін аса маңызды. Кейбір күнделікті бақылауда орын алатын жағдайларды естеріңізге алыңыз: адам аса зор ықыласпен тың тындағанда дем алу сәл уақытқа кідіреді. Дем шығарғанда ынта күшейеді, ал дем алған сәтте төмендейді. Тыныс алу жиілігі жоғары болғанда, айталық, ашуланғанда адам көңіл қойып, бар ынтасымен ойлана алмай қалады. Мұндай жағдайда ол өзін-өзі басып, тыныштандыруы тиіс. Тыныш отырып, қалыпты ырғақпен демалғанда адамның ойлау қабілеті жоғары болады. Сондықтан сабақ оқып жатқанда, оның алдында баланың көңілін өзгертетін әсерлер болмауы тиіс. Осыған байланысты гигиеналық талаптар бойынша мектепте қиын пәндердің алдына дене шынықтыру сабағын қоюға болмайды. Кей кезде баланың сабағының нашар болуы оның мұрын қуысында пайда болып өсіп кеткен аденоидтарға (мұрын қуысындағы бездердің өсуі) байланысты болады. Аденоидтарды алып тастағаннан кейін басының ауырғаны, кейбір балалардың түнде төсекке дәретке отыруы, т. б. басылады, ұйқысы жөнделеді, сөздері анық болып, сөйлеу қабілеті дұрыс дамиды.
Тыныс мүшелері мұрыннан басталады. Тыныс жолдары екіге бөлінеді:
а) дем алғанда және дем шығарғанда ауаның жылжитын қуыстары;
ә) ауа мен қанның арасында газдардың алмасатын орыны – өкпе альвеолалары (лат. альвеолус — ойма қуыс, науа).
Тыныс алуды шартты түрде 3 процеске бөлуге болады:
1) сыртқы орта мен өкпе арасындағы газ алмасу (сыртқы тыныс алу);
2) өкпедегі альвеолярлық ауа мен қан арасындағы газ алмасу;
3) қан мен ұлпааралық сұйықтық арасындағы газ алмасу (ұлпалық тыныс алу).
Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесін құрады. Бұл жүйенің мүшелерін екіге бөледі: тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі – өкпе.
Ауа сырттан өкпеге және өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар – тыныс жолдарына мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, және бронхылар жатады. Дегенмен, тыныс жолдарының қызметі ауаны өткізу ғана емес. Мұрын қуысында, көмейде, кеңірдекте және бронхыларда дем алғанда ішке кіретін ауа шаңнан, микробтардан тазартылып, тыныс жолдары мен өкпе қуысының шырышты қабаты кеуіп қалмау үшін ылғалдандырылып, өкпені суық ауаның әсерімен сақтау үшін жылытылады. Ауа танay арқылы мұрын қуысына кіреді.
Мұрын қуысы- кеңсірік шеміршегі арқылы оң және сол жақ бөліктерге бөлініп, жұптанау тесіктері арқылы сыртқа ашылады да ішкі жағы хоан тесігі арқылы жұтқыншақпен қосылады. Мұрын қуысы шырышты қабатпен қапталған. Мұнда ауаның құрамындағы шаң-тозаңдарды, микроорганизмдерді ұстап, өлтіріп, сыртқа шығарылуын қамтамасыз ететін эпителий клеткаларының түктері бар және ол өкпеге баратын ауаны жылытып, ылғалдайтын қан тамырларына бай. Мұрын қуысы арқылы дем алу ауызбен дем алғаннан гөрі организмге ауаны 25%-ға көбірек өткізетін көрінеді. Бұл оның қабырғасындағы өкпенің жұмысын қоздыратын жүйке талшықтарының болуына байланысты. Қазіргі кезде ауру тудыратын микроорганизмдердің “қақпасы” – тыныс жолдары екені толық дәлелденген. Сондықтан тыныс жолдарының дұрыс қызмет етуі организмге қажетті қорғаныш қасиеттерін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мұрын қуысында иіс рецепторлары орналасқан, жұтқыншақ – ас қорыту жүйесінің мүшесі.
Көмей ІҮ-ҮІ мойын омыртқасының тұсында мойынның алдыңғы жағында орналасқан. Оны алдыңғы жағынан бұлшықеттер жауып тұрады, екі жағында қалқанша бездің бөліктері орналасқан, ал артқы жағында жұтқыншақ жатады. Көмей тыныс алуға және дыбыс шығаруға қатысады.
-
Көмейдің жалғасы кеңірдек- жартылай сақина пішінді іші қуысты мүше, кеңірдектің ұзындығы 10 – 11 см. Жартылай шеміршекті сақиналардың саны 16-20.
-
Көмей мен бронхыларды жалғастыратын кеңірдектің ұзындығы балаларда - 4см, 10 жаста – 7 см, ересек адамдарда - 10-12 см.
-
ІҮ-Ү арқа омыртқаларының тұсында кеңірдек екі бұтаққа сол және оң бронхыларға бөлінеді.
Тыныс алу орны өкпеге енген бронхылар тармақталып, майда ұсақ альвеолалар (ауатамырлар) түзеді.
Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған, бірақ қантамырларына бай болады. Алғашқы 3 айлығында және жыныстық жетілу кезінде өкпе қарқынды дамиды.
Тыныс алу жиілігі 1 минутта: 1 ж – 44, 5 ж – 26, 15-20 ж – 20, 20-25 ж – 18, 25-30 ж – 16 рет.
Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі – өкпе. Бұл бронхылардың ұсақ тармақтарының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен серпімді дәнекер ұлпалардан тұратын жұп мүше. Альвеолалар немесе өкпе қуыстары өте ұсақ, шар тәрізді домалақ, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады. Олардың қабырғалары жұқа, көптеген қан тамырларының капиллярларымен қоршалған. Өкпе альвеолаларының жалпы ауданы 200 м2. Мұндай құрылыс альвеолалардағы ауаның және қанның құрамындағы газдардың тез алмасуын қамтамасыз етеді.
Өкпенің дәнекер ұлпасы өте серпімді және өкпенің жиырылу күшін қамтамасыз етеді. Ішкі күш деп аталатын өкпенің жиырылу күші дем алу мен дем шығаруда аса маңызды.
Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына және жеке басының ерекшелігіне байланысты.
Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған, бірақ қан тамырларына өте бай болады. Алғашқы 3 айлық өмірінде және жыныстық жетілу шағында өкпе қарқынды өседі. Өмірінің алғашқы кезінде барлық нәрестелер ішпен дем алады (еркекке тән дем алу), бірақ жүре бастағанда баланың кеудесі төмен түседі де, диафрагмалық-кеуделік дем алу пайда болады. 3-7 жаста ғана кеудемен дем алу басым болады. Дем алудың минуттік мөлшері дене салмағымен салыстырғанда бала өсе келе азаяды: жаңа туған сәбиде – 220 см3, 6 жаста 168 см3, 14 жасқа таман 128 см3, ал ересек адамда 96 см3, дем алу көлемі жаңа туған сәбиде – 25 см3, 1 жаста – 80 см-ге дейіи артады, 2 жаста – 140 см3, ересек адамда – 400 см1. Өкпесінің мөлшері жаңа туған сәбиде – 50 см3, 1 жаста – 210 см3, 13 жаста – 707 см3, 20-25 жаста – 1680 см3, ал 30-40 жаста орта шмамамен 1788 см3.
Өкпе альвеолаларының диаметрі ересек адамда 0,2 мм, ал жаңа туған сәбиде – 0,07 мм. Олай болса өкпенің жалпы көлемі жаңа туған балада – 1,617 см3, ал ересек адамда -67,7 см3. Осы көрсеткіштерді пайдаланып ғалымдар өкпенің шар тәрізді альвеолаларының әрқайсының көлемі жаңа туған нәрестеде 4,10s тең болатынын есептеп шығарған. Олай болса, өкпе қуыстарының жалпы ауданы жаңа туған сәбиде – 6 м2, ересек адамда – 50 м2, яғни 8 есе артық.
Көмейдің жалғасы кеңірдектің ұзындығы балаларда – 4 см, 10 жаста — 7 см, ересек адамда – 10-12 см.
Кеуде қуысының пішіні адамның жасына және жынысына байланысты өзгереді. Туған кезде баланың кеуде қуысы конус тәрізді болады, себебі ұрық кезінде өкпе нашар дамыған, ал бауыры қарқынды өсіп, дамиды. Баланың кеуде қуысы көтеріңкі болып, қабырға сүйектері ересек адамдардағыдай төмен түспейді. Сондықтан бала терең дем алып, дем шығара алмайды да, қажетті мөлшердегі ауа мен оттегін тынысының жиілігі арқылы қамтамасыз етеді. Қабырға сүйектерінің қиғашталуы күшейе бастағаннан кейін терең дем алатын мүмкіндік туғаннан соң дем алу жиілігі азаяды. Қартайғанда қабырға аралық еттердің әлсіздігіне байланысты қабырғалардың қиғашталуы артады. Әйел адамның кеуде қуысы ерлермен салыстырғанда қысқарақ келеді.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС). Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, яғни өкпеге кіретін және шығатын ауаның мөлшері адамның жасына сай өзгереді. Адам қалыпты жай дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді. Мұны дем алу ауасы деп атайды. Қалыпты жағдайда жай ғана дем алғаннан соң, демін шығармай тұрып, тағы да 1,5-2 литрдей ауаны сіміруге болады. Мұны қ о с ы м ш а а у а деп атайды. Қалыпты дем шығарудан кейін дем алмай тұрып, тағы да күшпен дем шығарып 1 -1,5 литрдей ауаны сыртқа айдауға болады. Бұл – қ о р д а ғ ы ауа . Егер дем алу, қосымша және қордағы ауаны қосса, өкпенің тіршілік сыйымдылығы шығады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6-7 және 15-16 жастарда дереу және айтарлықтай көбейеді. 16-17 жаста өкпенің тіршілік сыйымдылығы ересек адамдармен бірдей болады. Балалардың өкпе алвеоласындағы газ бен дем шығарғандағы газдың құрамында айырмашылық бар. Балалардың альвеолалық газының құрамында оттегі көбірек болып, көмірқышқыл газы азырақ болады. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым бұл айырмашылық көп болады.
Балалар мен жас өспірімдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылығы
1-кесте
Бала |
Жасы |
|||||
|
6 |
7 |
10 |
12 |
15 |
17 |
Ер бала |
1200 |
1400 |
1630 |
1975 |
2600 |
3520 |
Қыз бала |
1100 |
1200 |
1460 |
1905 |
2530 |
2760 |
Баланың дем алуды реттеу қабілеті де нашар, бұл баланың сөйлеу қабілетімен бірге жетіледі де, 11-12 жаста ересек адамдармен бірдей болады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы мен қалдық мөлшері өкпенің жалпы сыйымд ылығын құрады.
Тыныс алу жиілігі де баланың жасына лайық өзгереді.
Тыныс алу жиілігінің адамның жасына сай өзгеруі
2-кесте
Жасы |
1 минуттағы тыныс алу жиілігі, рет |
1 5 15-20 20-25 25-30 30-35 |
44 26 20 18 16 18 |
Газдың алмасуы. Адам мен жануарлардың өмірі үшін ауадағы газдардың ішіндегі оттегінің маңызы зор. Адам дем алғанда ішке кіретін ауаның құрамы, дем шығарғандағы сыртқа айдалатын ауадан өзгеше.
Тыныс ауасының құрамы
|
Газдардың мөлшері, % |
|
Газдар |
Сыртқы ауада |
Дем шығарған ауада |
Азот Оттегі Көмір қышқылы |
78 20,92 0,033 |
78,8 16-17 3-4,5 |
2-ші кестеде көрсетілген газдардан басқа дем алғанда ішке кіретін ауаның құрамында судың буы, аргон, криптон, ксенон, неон, гелий және сутегі болады. Дем шығарған ауаның температурасы сыртқы ауадан жоғары болады, сондықтан сыртқа айдалатын ауадағы азоттың пайыздық мөлшері сәл көбірек, бұл жылытылғаннан кейін азот молекулаларының кеңеюіне байланысты. Ауадағы азот пен басқа газдардың организм үшін маңызы әлі толық анықталған жоқ. Олар пайдаланылмай сыртқа қайта айдалады. Бұрын бұл газдар адам организмі үшін маңызы жоқ дейтін еді. Ал қазір ұшақ, тік ұшақ, зымырандарды пайдаланып ғарыш кеңістігінің жоғарғы қабаттарына шыққандар үшін қажет екендігі анықталды. Сондықтан ұшқыш пен ғарышкерлердің, суға сүңгушілердің дем алатын ауасының құрамында азот, гелий бар. 3-ші кестедегі көрсеткіштерден дем алатын ауаның құрамындағы оттегінің азайып, керісінше, көмір қышқыл газының көбейетіні анық көрінеді.
Ересек адам 1 минөтте өкпесінсн 6-7 л ауаны өткізеді. Алмасатын ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты. Адамның бойы неғұрлым биік және салмақты болса, соғұрлым оның өкпесі арқылы ауа көп өтеді. Мысалы, ұзын бойлы адамда бұл мөлшер 1 минутте 8 л болса, аласа бойлы кісіде 4,5 л.
Бірақ бұл заңдылықты балаға аударуға болмайды, ауа балаға ересек адамнан көбірек қажет. Тіпті 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л, кейде 7 л ауа өтеді. Мұндай ұзақ мерзімді гипервентиляция (лат. гипер+вентиляция –желдету) баланың дем алуының ерекшелігіне жатады. Осыған байланысты балалардың организмінен бу ретінде судың көптеп шығуы, бүйрек, тері арқылы көмір қышқылыпыцң сыртқа айдалуы байқалады.
Ереск кісіде тыныштық кезінде 3-4 % көмір қышқыл газы айдалатын болса, балаларда пайыздық мөлшері соғұрлым аз, мысалы, 5 жастағы балада – 1,7%. Дененің көрсеткіштері кеміген сайын сыртқа айдалатын көмір қышқыл газының мөлшері төмендейді. Бұл балалардағы гипервентиляцияға байланысты. Ал денеден айдалатын көмір қышқыл газының жалпы мөлшері, дененің 1 кг салмағына шаққанда, балаларда ересек адамға қарағанда көп болады.
Тыныс алудың нервтік және гуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуі әр дәрежедегі реттеу жолдарымен іске асады.
Төменгі дәрежелі тыныс орталығы сопақша мида орналасқан. Ол бір-бірімен тығыз байланыстағы дем алу мен дем шығаруға жауапты екі бөлімнен тұрады.
Тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы көмір қышқыл газының концентрациясына байланысты, яғни гуморальдық реттеу жолы. Оның қандағы концентрациясы артқанда тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы күшейеді де, тыныс мүшелерінің қызметіне қозғау салады. Көмір қышқыл газының тыныс орталығына әсері екі түрлі жолмен іске асады:
а) нейрондарды қоректендіретін қанның құрамының тікелей әсері;
б) рефлекторлы жолмен көмірқышқыл газының арнайы хеморецепторларға әсері.
Бұлардан басқа да рефлекторлы түрде болатын тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуінің де маңызы үлкен. Айталық, дем алғанда өкпе керіледі де, оның қабырғасындағы және қабырға аралық еттер мен диафрагмада орналасқан арнайы барорецепторлар тітіркенеді. Оларда пайда болған импульстер орталыққа тепкіш жол арқылы сопақша миға барып, оның нейрондарының қызметін тежейді де, дем алу тоқтап, дем шығару басталады. Өкпенің керіліп созылуы тоқтасымен тыныс алу орталығына баратын импульстер тоқталады, нейрондардың қозғыштығы артады да, қайтадан дем алу басталады. Тыныс орталығы бұзылса, дем алу тоқталып, тіршілік те жойылады.
Дем алу мен дем шығаруды реттеуге ми жарты шарларының қыртыстары да қатысады. Адам жаттығу арқылы өз еркімен дем алуды тоқтата алады. Бірақ бұл организмнің жаттығу дәрежесіне байланысты. Мысалы, әдейі жаттыққан индиялық иогтар ұзақ уақыт тынысын тоқтата алады.
Спортпен шұғылданатын адамдардың тыныс алуының минөттік көлемі 200 литрге дейін болатыны мәлім, ал спортпен айналыспайтын адамда ол не бары 70-80 л ғана болады. Ми қыртыстарының тынысты реттеуге қатысуының дәлеліне спортшылардың жарыс алдында, студенттердің емтиханға кірерде тынысы жиіленетіні мысал бола алады.
Тыныс алу мүшелерінің қызметіне сыртқы ортаның әсері және гигиеналық талаптар. Оттегінің жетіспеуіне байланысты өзгерістер. Адам дем алатын ауадағы оттегі аз болганда, организмде физиологиялық біраз өзгерістер пайда болады. Ал егер тым аз болса, онда ол өзгерітеp ауруға айналады. Тауға шыққанда адам оттегісі аз ауамен дем алады. 2,5-3 км биіктікте кейбір кісілср өзін нашар сезінеді, бастары ауырып, “жүректері айныйды”, бұлшық еттерінің әлсіздігі пайда болады. Денесі шынықан спортпен шұғылданатын мықты кісілердің өзінде 5-6 км биіктікте жоғарыда айтылған белгілер байқалады. Әлі құрығаны сонша, тіпті қолын да қозғалта алмай қалады. Мұндай өзгерістің алдымен адамда өте күшті қозғыштық – “эфория”, яғни жоғары дәрежеде көңіл шаттануы байқалады да, содан соң ол парықсыздык, немқұрайлыққа айналады. Эйфория кезінде адам себепсіз қатты күліп, шаттанып, айғайлап, әндетеді, бірақ өз қьлығындағы өзгерістерді аңғармайды. Мысалы, ересек адам өзінің фамилиясын жазудың орнына бірқатар таяқшаларды сызады, ұшқыш не істеп жатқанын түсінбей, бір кадрға бірнеше суретті түсіре береді. Оттегінің қысымы азайған кезде адам өз ісін бақылай алмайды. Сондықтан ұшақтардың ішіндегі қысым жердегі ауа қысымына тең етіп жасалынған. Содан барып жолаушылар арнайы жаттығудан өтпесе де ұшақтарда ұзақ уақыт ұша алады.
Организмге оттегінің мөлшерінің әсерін байқау үшін арнайы барокамералар жасайды. Ішіндегі ауаны copy арқылы оттегінің мөлшерін қажетінше азайтады. Мұндай жағдайда дегенмен шыққан ауаның, қанның, несептің, тіпті жұлын сұйығының құрамын да өлшеп білуге болады. Айта кететін жағдай, белгілі шамадағы таза оттегі адамды тез дұрыс қалпына келтіреді.
Ұрық анасының жатырында оттегімен плацента арқылы қаматамасыз етіледі, оның жүйке жүйесіндегі тыныс орталығы 7 айлығында толық жетілгенімен қызмет атқармайды. Бала туыларда оның анасымен байланысы тоқталады, сондықтан егер әйел ұзақ босанатын болса, ұрықтың қанында көмір қышқыл газы көбейеді де, баланың дем алуы басының жатырдан шығуынан бұрын басталады. Мұндай жағдайда баланың тыныс жолдарына ұрық сұйықтығы кіреді де, бала тұншығады, шетінеп те кетуі мүмкін.
Тұншығу (асфиксия) бала туғаннан кейін де болатын жағдайлар байқалады. Бала тірі, жүрегі соғып тұрады, бірақ дем алып, дем шығаруы не өте әлсіз, не дұрыс емес. Туа болған асфиксия тыныс жодарының бекітіліп қалуына немсе жүйке жүйесіндегі тыныс орталығы қызмет атқармағандықтан организмге оттегінің аз жеткізілуіне байлапысты. Асфиксияның жеңіл түрлері туа болуы мүмкін және жүре келе жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамырларының, тыныс жүйесінің ауруларына, далаға шықпай, үнемі үйде отыра беруіне байланысты болуы мүмкін.
Таза немесе 50 % оттегімен дем алу жүрек, туберкулез ауруларында жағымды әсер етеді. Дегенмен оттегінің мөлшері жеткіліксіз болса да, тым көп болса да адам өміріне қатер туғызады. Яғни адам өмірі “тіршілік газының” мөлшеріне байланысты. 3 атмосферадан жоғары қысыммен таза оттегімен дем алғанда ұстама, өкпенің қабынуы сияқты аурулар пайда болып, тіпті өліп кетуі де мүмкін. Қалыпты жағдайда азот оттегін сұйлтатын заттың рөлінде болады. Ал 4 атмосфералық қысым кезінде азот есірткі іспетті есер етеді. Адамда мастану, орынсыз көп сөйлеу, күлкішіл, ақылының нашарлауы, тіпті бұзлуы, бұшық еттердің қызметінің дұыс бағытталмауы, ұытшақтық пайда болады. Сонымен қатар, ауаның құамындағы аз кездесетін газдар (гелий, аргон, ксенон, неон және криптон)да қысым күшейгенде әер етеді.
Адамның дем алатын оттегісі белсенді емес, ол белсенді болып, белок, көмірсутегі мен майлар мен қосылуы үшін химиялық жолмен өзгеруі тиіс. Бұған белсенді химиялық органикалық заттар – ферменттер қатысады. Қоректік заттардың клеткаларда тез тотығуына оксидаза ферменті қатысады.
Оттегінің қаннан альвеола қуысына, ал көмірқышқыл газының альвеола қуысына ғана өтіуі газдардың парциалдық қысымына байланысты. Парциалды қысым газдардың қосындысындағы белгілі бір газдың үлесіне тиетін қысымның мөлшері, ягии ол газдардың жиынтығындағы әрбір жеке газдын пайыздық мөлшері. Өкпе қуысындағы отгегінің парциалды қысымы веналық қандағы оның қысымынан 2 есе көп болады, ал көмірқышқыл газы – біраз кемдеу. Осыған байланысты оттегі альвеолярлық қуыстан қанға, ал көмір қышқыл газы қаннан альвеолярлық қуыстарға диффузды жолмен ауысады. Мұның нәтижесінде оттегінің мөлшері 16 %-ға дейін кемиді де, көмір қышқыл газы 4 %-ға дейін көбейеді. Ал ұлпалардағы оттсгі мен көмірқышқыл газдары бұған керісінше болады да, қанмен клеткааралық сұйықтарда газдар алмасады. 16-18 жастағы жігіттер оттегінің аздығына сезімтал болады.
Тыныс алудың дамуына дене еңбегінің әсері және гигиеналық талаптар. Тыныс алу мүшелерінің бәрінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Мысалы: Өкпенің тіршілік сыйымдылығы: штангистерде – 4 л, футболистсрде – 4,2 л, боксерлерде -4,8л, қайықшыларда – 5,5 л. Тыныс алу жиілігі: спортсмендерде миөтіне – 6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда -14-20 рет. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады, бұл организмнің үнемді қызмет етуінің белгісі. Мысалы, терең дем шығарғанда олардың сыртқа айдалған ауасының құрамындағы көмір қышқыл газы 2 есе кем болады. Мұндай терең дем алу жүрекке “массаж” жасайды да, оның қоректенуін және физиологиялық қалпын жақсартады. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Олай болса, дене шынықтыру мен спорт денсаулықты сақтауға қажетті жағдайлардың бірі.
Баланың дұрыс отыра білуі де маңызды. Бүкірейіп, кеудесін үстелдің немесе партаның шетіне тақап отырғанда кеудеге қысым жасалып, тыныс алу мүшелерінің қызметін төмендетеді, жүрек қан-тамырлардың өсуіне кедергі болу арқылы баланың бойының өсуіне бөгет жасайды. Салқын тию, тыныс мүшелерінің аурулары бала организмінің барлық мүшелерінің өсіп дамуына, қызмет етуіне жағымсыз әсср ететінін естен шығармаған жөн.
Оку-тәрбие жұмысын ұйымдастырғанда есте сақтайтын тағы да бір жағдай — дене еңбегі мен дене шынықтыру және ой еңбегі кезінде балалар тынысын тарылтады, сондықтан оның дұрыс болуын қадағалау қажет. Балаларға дұрыс демалуды жастайынан үйрету керек. Сонымен қатар, ой еңбегі мен дене еңбегін кезектестіру аса маңызды. Сондыктан мектеп жұмысында сабақ кестесін жасағанда бұл ерекшеліктерді есте сақтау керек. Сынып бөлмелерін, еңбек сабағының бөлмелерін жиі желдетіп отыру керек. Жоғарғы сынып оқушылары далада таза ауада тәулігіне 3 сағаттан, ал бастауыш сынып оқушылары 4 сағаттан кем болмауы тиіс. Әсіресе ауасы таза бөлмеде ұйықтау аса маңызды, сондықтан балаларды форточкалары ашық бөлмеде ұйықтауға әдеттендіру керек. Баланың киімі де дұрыс дем алу мен дем шығаруға әсер етеді. Сондықтан олардың киімі жеңіл, денесін қыспайтын, қимыл-қозғалысына бөгет етпейтін болғаны жөн.
Осы жазылғандарды қорыта келе, балалардың сабақ оқитын, еңбек ететін үйдегі бөлмелері мен мектептегі сынып бөлмелерінің, балалар бақшасындағы топтардың бөлмелерінің ауасын жиі-жиі желпіндіріп, тазартып отыру аса маңызды екенін айта кеткіміз келеді. Сонымен қатар, баланың далада, таза ауада көбірек ойнауы маңызды.
Ырғақты тыныс гимнастикасы баланың ақылының артуына жағымды есер етеді. Бастауыш сынып оқушыларына сабақ кезінде 1-2 минуттік демалыс беріп, тыныс гимнастикасын ұйымдастыру қажет: оқушы партада отырып, екі қолын бүйіріне таянып терең дем алып және дем шығарады. Мұндай гимнастика баланың сабаққа ынтасын арттырады.
Тыныс алу мүшелерінің қызметіне сыртқы ортаның әсері. Құрсақтық кезеңде ұрық оттегімен плацента арқылы қамтамасыз етіледі, оның жүйке жүйесіндегі тыныс орталығы 7 айлығында толық жетілгенімен қызмет атқармайды. Жаңа туылған нәрестенің алғаш дем алу механизмі қанда еріген көмірқышқыл газының концентрациясының тынысалу орталығындағы жүйке жасушаларына әсер етуімен байланысты. Бала туыларда плаценталық қанайналу бұзылып, қандағы жиналып қалған көмірқышқыл газының концентрациясы артып, тынысалу орталығының жүйке жасушаларына әсер етеді. Соның нәтижесінде тынысалу орталығы белсендіріліп, тынысалу механизмі іске қосылады да бала алғаш дем алады. Егер әйел ұзақ босанатын болса, ұрықтың қанында көмірқышқыл газы көбейіп, баланың тыныс алуы басының жатырдан шығуынан бұрын басталады. Мұндай жағдайда баланың тыныс жолдарына ұрық сұйықтығы кіреді де, бала тұншығады, шетінеп кетуі де мүмкін.
Тұншығу (асфиксия) бала туғаннан кейін де болатын жағдайлар байқалады. Бала тірі, жүрегі соғып тұрады, бірақ дем алып, дем шығаруы өте әлсіз. Туа болған асфиксия тыныс жолдарының бекітіліп қалуына немесе жүйке жүйесіндегі тыныс орталығы дұрыс қызмет атқармағандықтан организмге оттегінің аз жеткізілуіне байланысты. Асфиксияның жеңіл түрлері туа және жүре келе жүйке жүйесінің, жүрек-қантамырларының, тыныс жүйесінің ауруларына, далаға шықпай, үнемі үйде отыра беруіне байланысты болуы мүмкін.
Оттегінің мөлшері аз болса да, тым көп болса да адам ға әсер етеді.
Мысалы, тауға шыққанда оттегінің аздығынан адамның «жүрегі айныйды», бұлшық еттері әлсірейді.
Ал егер 3 атмосферадан жоғары таза оттегімен дем алғанда ұстама, өкпенің қабынуы сияқты аурулар пайда болады, тіпті адам өліп кетуі мүмкін.
Тынысалу гигиенасы. Тыныс алу мүшелерінің бәрінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Мысалы, штангистерде ӨТС - 4 л, футболистерде – 4,2 л, қайықшыларды - 5,5 л. Тынысалу жиілігі спортсмендерде минөтіне – 6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда 14-20 рет.
Тыныс алу жүйесінің мүшелері балаларда дұрыс дамып жетілу үшін төмендегі талаптарды сақтау керек:
-бала үстелде (партада) дұрыс отыра білу керек;
-ой еңбегі мен дене еңбегін дұрыс ұйымдастыру қажет;
-сынып бөлмелері, еңбек бөлмелері, балалардың ұйықтайтын, сабақ оқитын бөлмелері жиі желдетіліп отыру керек;
- жоғарғы сынып оқушылары тәулігіне далада таза ауада 3 сағаттан, ал бастауыш сынып оқушылары 4 сағаттан кем болмау керек;
- баланың киімі денесін қыспайтын, жеңіл болу керек;
-бастауыш сынып оқушыларына сабақ кезінде 1-2 минөттік демалыс беріп, тыныс гимнастикасын ұйымдастыру қажет.
10-тақырып. Ас қорыту жүйесі, оның жас ерекшеліктері
-
Ас қорыту жүйесінің құрылысы, маңызы
-
Ауыздағы асқорыту және оның жас ерекшеліктері
-
Жұтқыншақ
-
Өңеш
-
Қарындағы астың қорытылуы және оның жас ерекшеліктері
-
Ішектегі асқорыту
-
Ішек-қарынның моторикасы
-
Ас қорытудың реттелуі
Ас қорыту жүйесінің құрылысы, маңызы. Астың ағзаға сіңуіне ыңғайлы болу үшін физикалық және химиялық өзгерістерге ұшырап, қарапайым заттарға ыдырау процесін асқорыту деп атайды. Органикалық заттардың ыдырауы ферменттер арқылы іске асады. Әрбір фермент тек өзіне тән жұмысты ғана орындайды. Астың қорытылуы асқорыту жүйесінде іске асады. Асқорыту жүйесіне: ауыз қуысы, үш жұп сілекей бездері, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ұлтабар (он екі елі ішек), ащы ішек, тоқ ішек, бауыр мен ұйқы жатады.
Асты қорыту «конвейер негізінде» жүреді: ас қорыту жолдарының әр бөлігінде жеген тамақтың біразы ғана қорытылады.
Ауыздағы асқорыту және оның жас ерекшеліктері. Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытылады. Сұйық тамақ бірден жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақталады, сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы кезеңі. Кейбір мәліметтерге қарағанда шала шайналған астың 35-40% қорытылып үлгермей, организмнен сыртқа айдалады.
Тамақты шайнап, ұстау – ауыз қуысының негізгі қызметі. Шайнауға қозғалмалы орналасқан төменгі жақ сүйегі мен қозғалмайтын үстіңгі жақ сүйегінде орналасқан тістер, тіл және ұрт қатысады.
Нәрестеде тіс болмайды. 4-6 айда баланың уақытша (сүт тістер) тістері шыға бастайды да 3 жаста 20 сүт тісі толық шығып бітеді. 5 жастан аса баланың сүт тістері біртіндеп түсіп, орнына тұрақты тістер шыға бастайды. Тұрақты тістердің саны – 32, 28 тіс 15-16 жаста, ең соңғы 4 ақыл тіс 20-25 жаста шығады, кей адамдарда одан да кеш шығуы мүмкін.
Ауыз қуысында үш жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады: шықшыт, жақ асты, тіл асты. Бұлардан басқа ауыз қуысының кілегей қабатында ұсақ бездер болады. Олар муцинге бай сілекей бөліп шығарады. Ересек адамда тәулігіне 1-1,5 л сілекей бөлінеді. Бұл сілекейдің құрамында амилаза, муцин, лизоцим деген ферменттер болады. Амилаза крахмал мен гликогенді ыдыратады. Муцин астың жұтқыншаққа, өңешке одан қарынға жылжуына ыңғайлы етеді. Лизоцим аспен бірге енген микроорганизмдерді жояды.
Сәби туғаннан бастап сілекей бездері жұмыс істейді, бірақ сілекейдің мөлшері өте аз болады. Мектепке дейінгі балалардың сілекейінің жалпы тәуліктік мөлшері 850-1000 мл шамасында болады.
Жаңа туған сәбидің шықшыт безінің салмағы 1,5-2 г, жақ асты безі 0,72-1,00 г, тіласты безі 0,2-0,6 г. Бұл бездер 3 айлық балада 2 есе, 6 айда 3 есе, 1 жаста 3-4 есе, 2 жаста 5 есе өседі. 5 жастағы баланың сілекей бездерінің құрылысы ересектерге ұқсайды бірақ оларың өсуі 13-15 жасқа дейін жалғасады.
Жұтқыншақ. Жұту кезінде арнайы тетіктер ас қоймалжыңының тыныс жолдарына бармай, өңешке өтуін қамтамасыз етеді. Жұтқыншақ пен өңеште ас қорытылмайды. Жұтқыншақтың өңешке кіре берісінде сфинктер болады. Сондықтан өңешке өткен ас кері шықпайды.
Өңеш. Өңеш ұзындығы 22-27 см шамасындағы ұзын түтік. Нәрестелердің өңешінің кілегей қабаты нәзік болады, сондықтан ірі ас түйіршіктері оңай жаралайды. Жаңа туған сәбидің өңешінің ұзындығы 10 см, 5 жаста – 16 см, 15 жаста – 19 см.
Қарындағы астың қорытылуы және оның жас ерекшеліктері. Қарынға түскен ас қоймалжыңына қарын сөлі әсер етіп, ас қорытыла бастайды. Қарын сөлінің құрамында 98% су, 0,3%-0,5% тұз қышқылы және әртүрлі тұздар мен органикалық заттар болады. Қарын сөлінің рН реакциясы – қышқыл.
Органикалық заттарға ферменттер мен азотты қосылыстар жатады.
Сөл құрамында белокты ыдырататын пепсин, сүт казейнін ыдырататын химозин, майды қорытатын липаза ферменттері болады.
Пепсин рН реакция 1,5-2,5, яғни қышқыл ортада ғана белсенді қызмет атқарады. Қарында барлық белоктар қорытылады, сонымен бірге тұз қышқылының әсерінен тамақпен түскен бактериялар да қорытыла бастайды, яғни қарын сөлі қорғаныс қызметін де атқарады.
Қарын сөлінің құрамындағы липаза ұсақ молекулалы (жұмытрқаның сары уызындағы, ана сүтінің құрамындағы) майды ғана қорытады. Ол майды глицерин мен май қышқылына дейін ыдыратады.
Бұл ферменттің әсер етуі үшін тұз қышқылы астың құрамындағы майды ұсақ май тамшыларына ыдыратады.
Қарында ас 3-4 сағаттан 10-11 сағатқа дейін болады.
1 жасқа дейінгі балалардың қарын сөлінде тұз қышқылы мен ферменттердің күші төмен болады. Оның есесіне химозин белсенді болады. Емшектегі баланың сөлінің рН реакциясы жоғары болады: 1 айда 5,84; 3-7 айда 4,94; 7-9 айда -4,48; 9 айдан асқан соң 3,76 тең болады. Сондықтан сөлдің құрамындағы рН 2,0 болғанда белсенді болатын пепсиннің асты қорытуда рөлі төмен болады. Сондықтан емшектегі балаға сиыр сүтін немесе басқа жасанды сүт бергенде диатез – бет терісінде қызғылт қышыма қабыршақтар пайда болады.
Жаңа туған сәбидің қарны көлденеңдеу, ересек адамдарда тік орналасқан. Қарынның пішіні әртүрлі: 1,5 жасқа дейін дөңгелектеу, 2-3 жаста алмұрт тәрізді, 7 жаста ересек адамның қарнындай болады. Сиымдылығы да әртүрлі: жаңа туған сәбиде – 30-35 мл, 1жаста 300-350 мл, 10-12 жаста - 1,5 л, ересек адамдарда 1,5-2 л.
Ішектегі асқорыту. Қарын қуысындағы ас қоймалжыңы химус деп аталады. Химус қарыннан 12 елі ішекке (ұлтабарға) өтеді. Оның ұзындығы 25-30 см. Ұлтабарға бауырдың өті мен ұйқы безінің өзегі ашылады. Өт майды эмульсияға, яғни ұсақ май тамшыларына ыдыратады. Ал ұйқы безінің сөлінің құрамында ферменттер болады. Олар: трипсиноген, липаза, амилаза және дисахаридтерді моносахаридтерге ыдырататын ферменттер. Трипсиноген ферменті ішекте белсенді түрі трипсинге айналып, белокты амин қышқылдарына дейін ыдыратады. Липаза майды ыдыратады. Амилаза крахмалды дисахаридтерге, ал мальтаза, лактаза, сахараза т.с.с. дисахараидтерді моносахаридтерге ыдыратады.
Ұлтабардан ас қоймалжыңы ащы ішекке өтеді. Ащы ішектің ұзындығы 3 м. Ішектің кілегейлі қабатында либеркюн бездерінде ферменттер өндіріледі. Ішек сөлінің құрамында энтерокиназа, аминопептидаза, нуклеаза, фосфатаза, карбогидраза және т.б ферменттер болады.
Ішектің қабырғасының кілегейлі қабатында биіктігі 1-2 мкм цилиндр тәрізді микробүрлер болады. Олардың саны өте көп – 1 мм² ішектің қабырғасында 50 мыңнан 200 миллионға дейін микробүрлер болады. Микробүрлердің бетінде астың қорытылуынан пайда болған заттар қанға және лимфаға өтеді. Мұны мембраналық асқорыту дейді.
Асты қорыту тоқ ішекте аяқталады. Тоқ ішекте су қанға сіңеді және тоқ ішектегі бактериялардың әсерінен көмірсу, белоктар шіриді. Белоктардың шіруінен пайда болған заттар (индол, скатол, фенол және т.б.) қанға сіңеді. Ішектен шыққан қантамырлары бауырға барып, улы заттар усыздандырылады.
Ішек-қарынның моторикасы (қозғалысы). Ішек-қарын үш қабаттан тұрады: сыртқы – сілемейлі, ортаңғы – бұлшықетті, ішкі – шырышты. Асқорыту мүшелерінде ас бұлшықетті қабаттың жиырылуы нәтижесінде жылжиды. Бұлшықетті қабат екі түрлі жиырылады: 1) маятник тәрізді; 2) перистальтикалық.
Маятник тәрізді жиырылғанда ас қоймалжыңы сөлмен араласады, ал перистальтикалық жиырылғанда ас қоймалжыңы бір бөлімнен екінші бөлімге өтеді.
Ас қорытудың реттелуі
Сілекей бездерінің қызметінің реттелуі. Ас ауызға түскеннен кейін бірнеше секундтан соң, сілекей шығару күшейе бастайды. Сілекейдің бөлінуі рефлекторлы түрде жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді. Шайнау барысында ас ауыз қуысындағы тілде, ұртта, еріннің ішкі жағында орналасқан рецепторларды тітіркендіреді. Соның нәтижесінде пайда болған қозу тіл-жұтқыншақ пен бет жүйкелерінің афференттік талшықтары арқылы сопақша мидағы сілекей шығару орталығына келеді. Бұл жерге келген қозу талданып, талқыланып жауап қозу туады. Ол эфференттік жүйкелер арқылы сілекей бездеріне барады да, сілекей шығару рефлексі іске қосылады.
Сілекей тамақты көргенде, оның исін сезгенде, астың атын айтып әңгімелегенде де бөлінеді. Бұл И.П.Павлов анықтағандай сілекейдің шартты түрде бөлінуі. Бұл рефлекс бұрын көрген, жеген, исін сезген тамақты пайдаланғанда пайда болады.
Қарын бездерінің қызметінің реттелуі. Қарын сөлінің өндірілуінде 3 кезең байқалады: 1) күрделі рефлекторлы; 2) қарындық; 3) ішектік. Бірінші кезең ас қарынға түсер алдындағы шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің нәтижесінде пайда болады. Екінші кезең ас қоймалжыңының түйірлері мен қорытылудан пайда болған заттардың қарын қабырғасын тітіркендіруіне байланысты туады.
Қарын бездерінің қызметін қарын қабырғасында түзілетін гастрин мен гастрон гормондары реттейді. Гастрин қанға сіңіп гуморальды жолмен қарын бездерін қоздырады. Гастрин пайда болғанда тұз қышқылының өндірілуі тежеледі. Ал гастрон қарын бездерінің қызметін тежейді.
3 кезең (ішектік) қанға қоздырғыш гормон энтерогастриннің сіңуінен бесталады, ал энтреогастрон оны тежейді.
Ішектегі астың қорытылуын реттейтін ең жоғары орталық – мидың гипоталамус бөлігі. Оның хеморецепторларын «аш» қан тітіркендіреді. Бұл орталықтың қызметінің бұзылуы тойымсыздықты тудырады.
Ас қорытудың ең жоғарғы реттеуші орны – ми қыртысындағы ас қорыту орталығы. Ас қорыту жолдарының бәрінен осы орталыққа қозу импулсьтері келіп отырады.
11-тақырып. Денедегі заттар мен энергия алмасуы, жас ерекшеліктері. Тамақтану гигиенасы
-
Зат және қуат алмасуының өзара байланысы
-
Белоктың алмасуы
-
Май мен көмірсудың алмасуы
-
Су мен тұздардың алмасуы
-
Витаминдер
-
Тамақтану гигиенасы
Зат алмасу мен энергия алмасу тірі табиғаттың ерекше маңызды және организмнің негізгі қызметі.
Зат алмасу екі процестен тұрады: ассимляция (синтез) және диссимляция (ыдырау). Ассимляция мен диссимляцияның нәтижесінде организмге қажетті заттар түзіліп, ескірген ыдыраудан пайда болған қажетсіз заттар сыртқа шығарылады. Балалр мен жөсөспірімдер организмінде ассимляция диссимляциядан басым болады, ересек адамдарда тең болса, қартайғанда диссимляция басым болады.
Адам организмінде клеткалардың құрамында көптеген химиялық заттар бар. Олар органикалық және бейорганикалық болып екі топқа бөлінеді. Органикалық заттарға: белок, май, гормондар мен ферменттер, ал бейорганикалық заттарға: су, түрлі минералды тұздар жатады. Денсаулығы жақсы 70 кг салмағы бар ересек адамның организмінде шамамен 40-45 л су, 15-17 кг белок, 7-10 кг май, 2,5-3 кг тұздар, 0,5-0,8 кг көмірсу болады.
Белоктың алмасуы
Дене салмағының 25% белок құрайды. Белок екіге бөлінеді: қарапайым және күрделі белок деп. Белок мономерлі амин қышқылдарынан тұрады (20 амин қышқылдары бар). Оларды орны толатын (таптыратын) және орны толмайтын (таптырмайтын) амин қышқылдары деп ажыратады. Орны толмайтын амин қышқылдары (10 аминқышқылы) организмде өндірілмейді, организмге олар тамақпен бірге түседі. Бұларға аргинин, триптофан, лейцин, изолейцин, валин, треонин, лизин, метионин, фенилаланин, гистидин жатады.
Белоктың қызметі: - биологиялық катлизатор – ферменттердің негізі болып саналады;
- транспорттық қызмет (гемоглобин оттегі мен көміртегіні тасымалдайды);
-жиырылу қызметі (бұлшық еттің құрамындағы актин және миозин белоктары);
-құрылыс материалы (клеткалар құрамының негізі).
Адамның тіршілігіне қажетті белок мөлшерін белоктік минимум дейді. Ол жасқа байланысты өзгереді.
Белоктың қажет мөлшері
Баланың жасы |
Белоктың тәуліктік мөлшері, г/кг |
2-3 айдан бір жасқа дейін |
4,0-5,0 |
2-3 жас |
3,5-4,0 |
12-15 |
2,5-3,5 |
15-17 |
2,0-3,0 |
17-21 |
1,5-2,0 |
21-50 |
1,0-1,3 |
Май мен көмірсудың алмасуы
Май мен көмірсудің құрамында үш химиялық элемент бар: көміртегі, оттегі, сутегі. Бұл екеуінің құрылысының бірдей болуы организмге бірі жеткіліксіз болғанда оның орнына екіншісін пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет болғанда майдан көмірсу, ал көмірсудан май оңай түзіледі. Денедегі майдың мөлшері орта есеппен 10-20%, ал көмірсудің мөлшері 1% шамасында. Май қуат қоры болып табылады. 1 г май денеде тотыққанда 39кДж, ал 1 г көмірсу мен белоктар тотыққанда 17 кДж шамасында қуат бөлінеді.
Дені сау ересек адамның тамағында 30%-дай май болуы тиіс. Демек күніне 80-100 г май жейді. Тамақ құрамында жануар және өсімдік майы да болуы тиіс. Олардың ара қатынасы 2:1 болу керек. Организмде май глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдырап, лимфаға сіңгеннен кейін май ұлпалары мен жасушаларда жиналады.
Көмірсулар ағзада моносахаридтерге (глюкоза, фруктоза, галактоза, лактоза және т.б.) ыдырап қанға сіңеді. Глюкозаның мөлшері адам қанында шамамен тұрақты 0,1%. Глюкозаның қандағы мөлшері 0,11-0,12 %-ға дейін көбейгенде ол қаннан бауырға және бұлшықетерге тасылады да, гликогенге айналады. Егер 0,12 %-дан асып кетсе, артық қантты денеден шығаруға бүйрек кіріседі. Мұны глюкозурия деп атайды. Бұл ауру инсулин гормоны жетіспегенде байқалады.
Май мен көмірсуының тәуліктік қажет мөлшері,
г/тәулігіне
Адамның жасы |
Май |
Көмірсу |
|
Барлығы |
Оның ішінде өсімдік майы |
||
6 ай – 1 жас |
25 |
- |
113 |
1 – 1,5 жас |
48 |
- |
160 |
1,5 – 2 |
53 |
5 |
192 |
3 – 4 |
63 |
8 |
233 |
5 – 6 |
72 |
11 |
252 |
7 – 10 |
80 |
15 |
324 |
11 – 13 |
96 |
18 |
382 |
14 – 17 жігіттер |
106 |
20 |
422 |
14 – 17 қыздар |
93 |
20 |
367 |
Су мен тұздардың алмасуы
Денедегі судың маңызы. Су адам тіршілігі үшін өте маңызды рөл атқарады. Тамақсыз тек сумен 60 күндей өмір сүруге болады, ал сусыз 8-10 күн ғана өмір сүруге болады. Бала ағзасында судың мөлшері жоғары болады – 75-80%, ал ересек адамда 65 %.
Физиологиялық тұрғыдан судың екі түрін айырады: ішкі және сыртқы. Ішкі суға дененің ұлпаларының құррамындағы су жатады. Ал сыртқы суға адамның ішетін шайы, сұйық тамағының құрамындағы түрлі сусындар жатады. 1 жастағы бала тәулігіне 800 мл, 2-4 ж – 950 мл, 5-6 ж – 1200 мл, 11-14 ж – 1500 мл, ал ересек адам тәулігіне 2,0-2,5 л сыртқы су қабылдауы тиіс.
Судың қызметі: ферменттердің қоректік заттарды ыдыратуына қатысады, қан мен лимфаға қоректік заттардың сіңуіне, газ алмасу және зат алмасуы қалдықтарын тазалап сыртқа шығаруға, дене жылуының тұрақтылығын сақтауға қатысады.
Несеп арқылы тәулігіне 1,2-1,5 л, тер арқылы 0,5-0,8 л, үлкен дәрет арқылы 0,1-0, л, дем шығару арқылы 0,4 л су денеден шығарылады.
Тұздардың организмдегі маңызы мен мөлшері, жас ерекшеліктері. Организмнің қалыпты тіршілігі үшін тұздардың да маңызы үлкен. Организмдегі тұздардың проценттік қатынасына байланысты макро және микро элементтер деп екі топқа бөледі.
Макро және микроэлементтердің рөлі әртүрлі. Мысалы, кальций және фосфор сүйектің, ал фосфор мен күкірт мидағы белоктың құрамына кіреді. Натрий мен калий жүйке жүйесінің қозғыштық қабілетіне әсер етеді.
Микроэлементтер: йод – қалқанша безінің, темір – гемоглобиннің, фтор тіс ұлпасының, цинк – жыныс бездерінің құрамында, хром, марганец, бром – гипофизде, мыс - бауырда болады.
1 жасқа дейінгі балалар үшін кальций көп мөлшерде қажет. Кальций мен фосфор тұздарының ара қатынасы мектеп жасына дейінгі балаларда 1:1, 8-10 жаста 1:1,5, жасөспірімдер мен жоғары сынып оқушыларында 1:2. Мұндай арақатынаста қаңқа дұрыс өсіп жетіледі. Кальций мен фосфордың ара қатынасы сүттің құрамында өте жақсы теңестірілген, сондықтан балалардың тамақ мәзіріне сүтті міндетті түрде енгізу қажет.
Нәрестенің дене массасының 2,55%, ал ересек адамның 5% тұздар.
Витаминдер
Витаминдер (лат. вита - өмір + аминдер – құрамында азоты бар химиялық заттар) ағзамызға аз мөлшерде қажет, бірақ олар тіршілікке өте қажетті.
Егер ұзақ жеген тамақтың құрамында витаминдер болмаса – авитаминоз, мөлшері өте аз болса – гиповитаминоз, көп болса гипервитаминоз деп аталатын сырқаттар пайда болады.
Витаминдерді екі топқа бөледі: майда еритіндер, суда еритіндер. Майда еритін витаминдер: А, Д, Е.
Көптеген витаминдер адам денесінде өндірілмейді. Олар ішкен-жеген тамақтың құрамында провитамин (витамин алды) түрінде болады. Провитаминдер адам организмінде белсендіріледі.
А витамині (аксерофтол) – сырт көрінісі сары май түсті. А витамині жетіспегенде “соқыр тауық” деп аталатын, яғни іңірде көрмеушілік пайда болады. А витамині балық майында, сәбізде, жұмыртқада кездеседі.
В1 витамині (тиамин). Ол белок, май, көмірсу алмасуына қатысатын ферменттердің құрамына кіреді. Бұл витамин жеткіліксіз болғанда “бери-бери” (аяғын сүйретіп басу) немесе полинефрит деген сырқатқа ұшырайды. Бидайдың қабығында, қабығы аршылмаған күріште, бауыр, бүйрек, жүрек еттерінде болады.
В2 витамині (рибофлавин) – сары түсті кристалл зат. Авитаминоз кезінде адамның көзі ауырып, катаракта, анемия, өкпе сырқаты, әлсіздік байқалады. Рибофлавин жануартекті тамақта көп болады. Тәуліктік қажет мөлшері 2-3 мг.
В6 витамині (пиридоксин) тотықтырғыш ферменттердің құрамында болады да зат алмасуға қатысады. Пиридоксин бауырда, етте, балықта, бидайда, картопта, капустада, күріште, сәбізде көп болады. Тәуліктік қажет мөлшері 1,5 мг.
В12 витамині (цианкоболамин) – антианемиялық витамин деп те атайды. Себебі В12 витаминінің жетіспеуінен қаназдық пайда болады. Бұл витамин қызылшада, анарда бауырда көп кездеседі. Тәуліктік қажет мөлшері 10-20 мкг.
С витамині (аскорбин қышқылы). Бұл витамин жетіспесе қырқұлақ (цинга) ауруы пайда болады. Қантамырларының серпімділігі төмендегендігінен қырқұлақпен ауырған адам қансырайды, қызыл иегі қанағыш келеді, иммунитет төмендейді. Аскорбин қышқылы көкөністерде көп болады. Тәуліктік қажет мөлшері 50 мг.
Д витамині (кальциферол) организмде жетіспеуінен мешел немесе рахит ауруы пайда болады. Мешелмен ауырған балаларда кальцийдің және фосфордың алмасуы бұзылады, сондықтан сүйектері дұрыс өсіп жетілмейді. Сүйектері жұмсарып борпылдақ болады, дене салмағын көтере алмай аяқ сүйектері қисаяды.
Д витамині ультракүлгін сәлесінің әсерінен провитаминнен теріде өндіріледі. Күннің ультракүлгін сәулесі терезенің шынысынан өтпейді, бірақ киімнен өтеді. Сондықтан балаларды қыстың күні болса да дала шығару керек.
Д витамині сары майда, жұмыртқаның сары уызында, бауырда көп болады.
Тәуліктік қажет мөлшері 50 мг.
Е витамині (токоферол). Жыныс мүшелерінің өсіп, дамуы үшін қажет. Ер азаматтарда мөлшері азайса сперматогенез (ерлердің ұрық клеткаларының өндірілуі) тежеледі, сыртқы жыныс белгілері пайда болмайды. Егер әйелде авитаминоз болса, ол бала көтеру қабілетінен айырылады. Жүкті әйелдің Е авитаминозы пайда болса бала табуы мүмкін, бірақ сүті болмайды және аналық мейірімі дамымайды.
Токоферол жануар және өсімдік текті тағамдарда болады.
Е витамині денеде қор болып жиналады. Ол гипофизде, плацентада, бауырда, бұлшықетте көп жиналады. Е авитаминозы сирек кездеседі.
Тәуліктік қажет мөлшері 1-1,5 мг.
К витаминінің екі түрі бар: филлохинон және фарнохинон. Екеуі де қанның ұюына қатысады.
К витамині ішек қуысында бактериялардың әрекетімен түзіледі және азық-түліктің барлығында болады.
Р витамині (флавин, цитрин) қан тамырының беріктігін сақтайды. Авитаминоз кезінде қанайналысы бұзылады. Бұл витамин эвкалипт ағашының, қышаның, шайдың жапырақтарында көп болады.
Антивитаминдер – витаминге қарсы заттар. Әр витаминнің өзіне бейімделген қарсы заттары болады. Олар витаминдердің белсенділігін төмендетеді.
Тамақтану гигиенасы
Балалар мен жасөспірімдер үшін тамақтың құрамының маңызы зор. Себебі дұрыс өсіп даму үшін балалардың организміне жеткілікті мөлшерде белок, май, көмірсу, минералды тұздар, су және витаминдер қажет. Олардың қатынас мөлшерін ескеру керек. Бастауыш сынып оқушылары үшін органикалық заттардың қатынас мөлшері мынадай: белок – 1, май - 1, көмірсу – 6 есе.
Адамның тамақтануы белгілі бір уақытта болу керек. Мектепке дейінгі балалар 5 рет, мектеп жасындағы балалар 4 рет тамақтанғаны дұрыс. Ересек адамдар жұмыс жағдайына қарай 3 мезгіл тамақтанса жеткілікті, ал одан аз болса асқорыту мүшелерінің қызметі бұзылады.
Күндіз тамақ ішу арасы 4-5 сағат болуы тиіс. Түнде тамақ ішпей, асқорыту мүшелерінің демалуы 8-10 сағат болу керек. Балалар бақшасында тамақтану тәртібі әрбір 3-3,5 сағаттан кейін, мектеп жасындағыларда 3,5-4 сағатта болады.
Төрт мезгіл тамақтанғанда таңғы ас 20-25%, 2 сағаттан кейін жеңіл тамақ 10-15%, түскі ас 40-45% және кешкі ас 20-25% болу керек. Ал 3 мезгіл тамақтанғанда таңғы ас 25-30%, түскі 45-50%, ал кешкі 20-25% болады.
Ас қабылдау ұзақтығы 15-20 минуттан 20-30 минөтке дейін.
12-тақырып. Сыртқа шығару жүйесі. Балалардағы энурез
-
Сыртқа шығару мүшелері және олардың қызметтері
-
Бүйректің құрылысы және қызметі
-
Несептің түзілуі
-
Бүйректің құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері
-
Қуықтың құрылысы мен қызметі
-
Энурез
Организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауда сыртқа шығару мүшелері маңызды рөл атқарады. Сыртқа шығару мүшелері арқылы қажет емес сулар, тұздар, улы заттар ағзадан шығарылады. Бұл заттар ағзадан өкпе, ішек, бүйрек, тері арқылы шығарылады. Тіршілік үшін, денсаулық үшін сыртқа шығару мүшелерінің қызметі зор.
Бүйректің құрылысы және қызметі. Бүйрек жұп мүше, бел омыртқаларының екі бүйірінде орналасқан. Оң жақтағы бүйрек сол жақ бүйректен сәл жоғары орналасқан. Әр бүйректің массасы 120-150 г. Бүйрек екі қабаттан тұрады: сыртқы қызғылт қоңыр түсті қыртысты және ішкі ақшыл милы қабат. Бүйректің сырты дөңес, ішкі жиегі ойыстау болады. Осы ойыс жиегінен бүйрекке қантамырлары, нервтері және несепағар кіреді. Бүйректің ойыс жағында бүйрек түбегі болады, ол бүйрек тостағаншаларына жалғасады. Бүйректің тостағаншаға жалғасқан ұшында бүртіктері болады.
Бүйректің қыртысты қабаты нефрондардан, яғни бүйрек денешіктерінен тұрады. Бір бүйректегі нефрон саны 1-1,2 млн. Олардың әрқайсысының сырты Боумен капсуласымен қоршалған. Нефронның ішінде Мальпиги шумақтары (қантамырлар шумағы) бар. Капсуланың өзі екі қабаттан тұрады. Ішкі қабаты Мальпиги шумағын қоршап жатады, ал сыртқы қабаты капсула өзегіне айналады. Қыртыс қабатының бойындағы өзектер алғашқы иірім каналына айналады. Олар бүйректің милы қабатына еніп, иірімдері жазылып Генле иініне айналады да, қайтадан қыртыс қабатына өтіп, екінші деңгейлі иірім каналға айналып несеп жинағыш түтікке жалғасады. Екінші деңгейдегі нефрон иірімдері артерия тамырлар шумағымен жанасып, екеуі құрамындағы заттармен алмасады. Мұны юкстагломерулалық комплекс деп атайды.
Бүйрек ұлпасында ренин және эритропоэтин ферменттері өндіріледі. Ренин артерия қан қысымын және қантамырлардағы қанның мөлшерін реттеуге қатысады. Ал эритропоэтин эритроцитердің өндірілуіне әсер етеді.
Несептің түзілуі. Несеп нефронда түзіледі. Ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде алғашқы, екінші кезеңде соңғы несеп түзіледі. Нефрон капсуласындағы қантамырлардың қысымы жоғары болғандықтан сұйық бөлігі капсула ішіне сүзіледі. Мұның нәтижесінде алғашқы несеп түзіледі.
Екінші кезеңде алғашқы несептің құрамындағы су, глюкоза, амин қышқылдары, натрий, калий иондары т.б. организмге қажетті заттар қантамырына кері сүзіледі. Ал мочевина, несеп қышқылы, сульфаттар сияқты қажет емес заттар нағыз несептің құрамына кіреді. Соңғы несеп нефронның жинағыш жолдарымен ағып, бүйректің бүртіктеріне, одан тостағаншасына, одан бүйрек түбегіне, содан соң ұзындығы 30 см-дей несепағар арқылы қуыққа барады.
Тәулік бойы бүйректен 2000 л қан айналады, одан 150-180 л алғашқы несеп өндіріледі, бірақ соңғы несептің мөлшері 1,5 л ғана. Соңғы несеп сарғыш түсті сұйықтық. Меншікті салмағы 1,010-1,025, реакциясы сәл қышқылдау. Құрамының негізі – су (98-99%), қалған 1-2%-ы көптеген химиялық заттар. Несептің тәуліктік мөлшері 1300-1500 мл.
Бүйректің құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері. Нәрестенің бүйрегінің салмағы – 11-12 г, 1 жаста 36-37 г, 5 жаста 55-56 г.
Бүйрек ұлпаларының өсу қарқыны алғашқы 3 жылда, жыныстық жетілу кезінде және 20-30 жаста жоғары болады.
Нәрестенің бүйрегінің сыртқы беті бөлектеніп тұрады. 2 жасқа қарай тегістеле бастайды, 5 жаста түгел тегіс болады. Нәрестеде бүйректің қыртысты қабатының қалыңдығы – 2 мм, ал милы қабатының қалыңдығы 8 мм.
Нәрестенің алғашқы 3-4 күнінде несеп өте аз шығады, 1 аптадан кейін көбейеді, 6 айда 2 есе артады. 9 айда несептің құрамы тұрақтала бастайды, бірақ мочевина аз болады. Себебі нәресте тек ана сүтімен тамақтанады.
Несептің мөлшері 1 жаста 700 мл, 4-5 жаста 1000 мл, 10 жаста ересектердікіндей (1300-1400 л).
Қуықтың құрылысы мен қызметі. Қуық – қуыс мүше. Сыйымдылығы 300-800 мл. Қуықтың несеп шығатын жерінде сақина тәрізді бұлшықеттері - күшті сфинктер (гр. – қысып ұстаймын) бар. Бұл еттер жиырылып қуықты аштырмай несепті ұстап тұрады.
Сфинктердің ашылуы еріксіз рефлекторлы түрде болады. Нәрестенің қуығында несеп жиналып, оның қысымы су бағанымен 12-15 см-ге дейін көтерілгенде қуықтың қабырғасындағы рецепторлар тітіркенеді. Пайда болған қозу импульстері жұлындағы және мидағы орталықтарға барады (афферентті жол). Одан (ОЖЖ) тепкіш нервтері (эфференттік жол) арқылы қозу қуыққа келеді де қуық еттері жиырылып сфинктер босайды, қуық ашылады.
Ересек балаларда несептің сыртқа шығуы ерікті рефлекс тәртібімен жүреді.
Энурез. Емшектегі балалар несепті рефлекторлы еріксіз түрде шығарады. Ал ересек балалар өз еркімен несеп шығаруды тоқтата алады. 2 жастан аса баланың несеп шығаруды реттеу тетіктері толық жетіледі. Бірақ сәбилердің 5-10%-да 13-14 жасқа дейін түнде еріксіз несеп шығаруы байқалады, яғни энурез (грек. ен -шығамын+ур – несеп) байқалады. Ол ерте балалық шақта көп кездеседі, кейбіреулері ем қолданбайды, кейбіреулері жыныстық жетілу кезінде тоқталады. Бұл сырқаттың себебі әртүрлі болуы мүмкін:
-
қуықтың қабыну аурулары;
-
бүйректің немесе нейрогендік психикалық кемшіліктерге байланысты болуы мүмкін.
Энурезі бар балаларды 4 топқа бөледі:
1. Емделмейтін, тәрбиесі дұрыс болмаған ақылы кем балалар. Баланың ұйқысының жөнсіз қатты болуынан.
2. Ұзақ сырқаттылар, дұрыс тәрбиелеп, емдесе басылып кетеді.
3. Үнемі емес, кейде мезгіл-мезгіл энурез байқалатын балалар.
4. Өте аз, анда-санда ғана энурез байқалатын балалар. Бұл ауру кейде басқа аурулардың (тері ауруларының, ішек құрттарының болуына байланысты) салдарынан да болады.
Кейде жыныс мүшесінің гигиенасы дұрыс болмауына да байланысты пайда болады.
Энурез жиі байқалатын балаларға түске дейін қалыпты тамақ жеп-ішіп, түстен кейін тұзы аз тамақ ұсынылады немесе керісінше ұйықтар алдында тұздалған тамақ беріледі, кейде жатарда тұзды су беруге болады.
13-тақырып. Тері, оның құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері
-
Терінің құрылысы мен қызметі
-
Тер және терлеу тетігі, оның жас ерекшеліктері
Адам терісі 3 қабаттан тұрады: сыртқы- эпидермис, ортаңғы – дерма, ішкі – гиподерма. Ең қалың қабаты сыртқы қабаты, қалыңдығы 1-2,5 мм. Бұл қабатта меланин пигменті өндіріледі. Сондықтан терінің түсі пигментке байланысты, егер аз өндірілсе тері ақшыл, көбірек болса – қоңырлау, тым көп болса – қара қоңыр болады.
Дерма қабатының клеткалары тығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Онда қантамырларының капиллярлары және нерв ұштары бар. Дерманың бүршікті қабатында тер өндіріледі. Терінің гиподерма қабаты қорғаныс қызметін атқарады.
Тері асты клетчаткада тер бездері орналасқан. Олардың өзегі терінің сыртына жіңішке саңлау түрінде ашылады. Тер бездері алақан, маңдай, қолтық, мойын, арқа және шап арасында көбірек болады.
Теріде май өндіретін май бездері бар. Олар алақан, табан терісінен басқа жердің бәрінде бар. Май бездерінің өзектері тері түгінің қапшығына ашылады. Олардың өнімдері терінің түгін және эпидермис қабатын майлап, құрғап қалудан сақтайды. Май бездері тәулігіне 20 г тері майын шығарады. Майланған теріден су, микроорганизмдер өтпейді және микробтарды өлтіретін заттары теріні тазартып отырады.
Тер және терлеу тетігі, оның жас ерекшеліктері. Тер бездері арқылы денеден 500-900 мл су шығады. Термен бірге мочевина, несеп қышқылы, креатинин, хлорлы Na, К және фосфаттар мен сульфаттар шығарылады. Терлеу тәулік бойы үнемі жүріп отырады, бірақ сыртқы ортаның температурасы жоғарылағанда, ауыр еңбекпен шұғылданағанда, шынықтыру жаттығуларында көп шығады. Бұл кезде дененің жылуды өндіруі тежеледі, бүйрек капиллярындағы қысым төмендейді де, несеп өндіру азаяды.
Тер бездерінің реттелуі симпатикалық жүйке жүйесімен қамтамасыз етіледі. Симпатикалық жүйке талшықтарының теріге келетін холинергиялық ұштарынан екі түрлі медиатор бөлінеді: ацетилхолин және адреналин. Егер ацетилхолин бөлінсе жылы тер, ал адреналин бөлінсе салқын тер шығады. Салқын тер жағымсыз эмоция кезінде, адам қиналып-қобалжығанда шығады.
Ересек адамның терісінен бала терісінің айырмашылығы бар. Бала терісінің сыртқы эпидермис қабаты өте жұқа, қантмырлары көрініп тұрады. Терісі тегіс, қыртыссыз болады. Жаңа туған сәбидің терісінің қалыңдығы 1,1 мм, 1 жасқа дейін тер бездері жылдам дамиды.
Бала терісінде май көбірек болады.
Терінің температурасы нәрестеде жоғары және тұрақсыз. Ыстық пен суықтың әсеріне сәйкес тері температурасының бейімделу өзгерісі 3-5 жастан бастап қалыптаса бастайды. Бала 4 жасқа дейін аз терлейді. Себебі тер бездерінің қызметін реттеуші жүйке орталығы әлі жетілмеген, 5-6 жаста толық жетіледі.
14-тақырып. Мектеп гигиенасы
-
Мектеп кешеніне қойылатын талаптар
-
Мектеп жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар
-
Мектептегі оқу-тәрбие жұмысына қойлатын талаптар
-
Мектеп оқу-құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар
Мектеп кешеніне қойылатын талаптар. Мектеп кешенінің құрылысы, жері қаланың және аулдың әкімшілік үкімімен бекітіледі. Мектеп кешені оқушылар тұратын үйден қалада 1-2 км, ауылда – 3 км-ден аспау керек.
Мектеп жерінің 15% мектеп ғимаратына, 50% өсімдіктер егу үшін, қалған жерін спорт, демалыс, шаруашылық, тәжірибе алаңдарына пайдаланылады.
Мектеп ауласы бірнеше аймаққа бөлінеді: қорғаныс, демалыс, оқу-тәжірибе, спорт және шаруашылық.
Қорғаныс аймағы (0,1-1,0 га) мектеп кешенінің көше жағында орналасқан. Ол мектепті транспорт шуынан, газынан, көше шаңынан қорғайды. Бұл аймақта ағаштар, бұталар егіліп гүлмен безендіріледі. Көлік жолынан арақашықтық 25 м-ден кем болмау керек. Мектеп терезелері мен биік ағаштар арасы 10 м, бұталар арасы 5 м болу қажет.
Демалыс аймағы (0,2-0,3 га) мектеп ауласының жазда көлеңке, қыста желден сақтайтын, бұтақты ағаштар егілген тегіс таза жағында орналасады. Онда демалып отыратын орындықтар қойылады.
Оқу-тәжірибе аймағы (0,2-0,4 га) биология, география пәндеріне қажетті тәжірибе алаңдары орналасқан.
Спорт аймағы (0,1-1,07 га) денешынықтыру пәнінен және спорт ойындарына қажетті алаңдар орналасқан. Спорт аймағы оқушылар санына лайық болу керек.
Шаруашылық аймағы (500м2) мектеп ауласының алыс түкпірінде, балалардың жүретін жолынан, демалыс орнынан қашық жерде орналасады.
Мұнда түрлі қоймалар, мектеп гаражы, қосымша дәретхана, өрт қауіпсіздігінің бұрыштары т.б. заттар болады. Дәретхана мен қоқыс жәшіктері мектеп кешенінен кемінде 25 м қашықтықта орналасуы керек.
Мектеп ғимаратын салғанда оқу бөлмелерінің терезелерін оңтүстік не оңтүстік батысқа, ал қосымша бөлмелердің терезелерін терістікке қаратып салады.
Мектептің барлық бөлмелерін оқу және қосымша бөлмелер деп екіге бөледі. Оқу бөлмелеріне: сабақ жүретін кабинеттер, сынып бөлмелері, спорт залы, шеберхана, физика және химия пәндерінің зертханалары жатады.
Қосымша бөлмелер: әкімшілік, алғашқы медициналық жәрдем көрсету бөлмесі, әдістемелік бөлме, асхана, буфет, кітапхана, мектеп музейі, оқушылар мен мұғалімдердің демалыс орындары.
Мектеп ғимаратындағы сынып бөлмелері мен кабинеттер кең коридор арқылы бір-бірімен байланысады. Бастауыш сыныптар бөлмелері мектептің жеке қанатында 1-ші, 2-ші қабатта орналасқаны жөн.
Сынып бөлмелерінің ауданы 50-60 м2, яғни әр оқушыға 1,25-1,50 м2. Бөлме ұзындығы 8-8,2 м, ені 5,6-6,2 м аспау керек. Егер бөлме ұзын болса артқы партадағы балаларға естілмейді, ені кең болса, терезеден түскен табиғи жарық жеткіліксіз болады.
Сынып қабырғаларын жылына 1 рет ақ ізбеспен немесе эмульсиямен ақтау қажет. Бөлме ауасының температурасы 17-210 С, ылғалдылығы 40-65%, ауа жылдамдығы 0,15-0,25 м/сек.
Терезе кең болу керек және терезе алдына ұзын сабақты үй өсімдігін қоюға болмайды. Терезенің төменгі жақтауы еденнен 60-70 см, жоғары жақтауы төбемен арасы 15-30 см болу керек.
Терезеден далаға көз салғанда әйнектің 1/3 бөлігінен аспан көрініп тұрса, табиғи жарықтың мөлшері дұрыс болады.
Табиғи жарық 150 люкстен кем болмай, әр партаға электр жарығы 150 люкстен кем түспеу керек, ал люминисцентті шамның жарығы 300 люкс болады.
Мектеп зертханаларының мөлшері 66-70 м2, яғни әрбір оқушыға 1,5-1,75 м2 болады.
Мектеп шеберханалары 2 түрлі болады: қыздарға және ұлдарға арналған. Ұлдар шеберханасының ауданы 50-60 м2 (әр оқушыға 3,3 м2) және шеберханадағы станоктар мен оқушылардың көз деңгейінің арасы 45 см болу керек.
Балаларға ауыр жүк көтеруге болмайды. 5-8 жаста - 4 кг, 9-10 ж – 6 кг, 10-12 ж – 10 кг, 13-15 ж – 14 кг, 16-17 ж – 24 кг жүк көтеруге болады.
Бастауыш сынып оқушылары шеберханада шаршамау үшін әрбір 15 минут сайын 2-3 минуттай, ал жоғары сынып оқушылары 40-45 минуттан соң 10-15 минуттай үзіліс жасау қажет.
Ашық ауада еңбек ету үшін жаз айларында таңғы 7-11 сағ, кешкі 17-20 сағат аралығы қолайлы.
Ауыл шаруашылық жұмысында 5-6 сынып оқушылары 2 сағат, 7-8 сынып оқушылары 4 сағат, 9-11 сныптағылар 6 сағат еңбек етсе жеткілікті.
Спорт залының ауданы мектеп оқушыларының санына сәйкес болу керек. Әрбір оқушыға 4 см2 болады.
Спорт залы оқу бөлмелерінен оңаша орналасқан мектеп кешенінің жеке бір қанатының бірінші қабатында орналасады. Оның есігі дәліз арқылы немесе киім шешетін бөлме арқылы өтеді.
Спорт залының температурасы 15-170С, киім шешінетін бөлмеде 19-220С болу керек.
Мәжіліс залының ауданы 12 м2.
Асхананың ауданы әр орынға 0,65-0,70 м2 есебінен бөлінеді. Асханада ас дайындау бөлмесі, ас қоймасы, ыдыс жуатын орын, буфет болады.
Киім ілгіш гардероб екі бөлмеден тұрады: шешінетін жер – фойе және киім ілгіш гардероб.
Жуынатын бөлме және дәретхана мектеп кешенінің әр қанатында орналасады.
Баспалдақтардың ені 30 см, биіктігі 16 см болады және онда жарық көзі болу керек.
Мектеп жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар
Жиһаздар, жабдықтар оқушылардың жасына сәйкес болу керек.
Парта қазіргі талап бойынша бала бойының ұзындығына сәйкес 5 топқа бөлінеді:
А тобы бойы 130 см-ге дейінгі балаларға арналған;
Б тобы – 130-145 см;
В тобы – 145-160 см;
Г тобы - 160-175 см;
Д тобы – 175-190 см арналған.
Әр топқа түстер бекітілген: А – сары, Б – қызыл, В – көкшіл, Г – жасыл, Д – ақ түсті.
Әр мұғалім сынып бөлмесіне парта таңдағанда балалардың медициналық картасындағы бойының ұзындықтарына сәйкес таңдайды.
Парталарды орналастыру. Бастауыш сыныптарда 3 қатардан, әр қатарға 6-7 партадан, жоғары сыныптарда көбінесе екі қатардан орналастырады. Шеткі парта мен қабырға арасы 50-65 см, қатар аралығы 70-75 см, алдыңғы парта мен тақта арасы 2,4-3 м, соңғы парта мен тақта арлығы 8 м болу керек.
Партада отыру ережесі: аласа бойлы балалар, нашар еститін, нашар көретін балалар алдыңғы қатарға отырғызылады.
Оқушы дұрыс отырғанда бел омыртқасы мен сегізкөз сүйектері, жауырынның төменгі ұштары орындық арқалығына тиіп тұрады және ұршық, тізе буындары тік бұрыш жасап бүгіліп табаны еденге немесе партаның аяқ қойғышына еркін тіреледі. Білектері үстелдің үстінде еркін орналасады. Партада дұрыс отырып үйренгенде ғана оқушылар сабақ кезінде шарашмай еркін отырады. Дұрыс отырмаса тез шарашап, сабаққа зейіні төмендейді.
Сынып тақтасы – алдыңғы қабырғаның дәл ортасында, бастауыш сыныптарда еденнен 75 см, 5-7 сыныпта 95 см, жоғары сыныпта 100 см бйіктікте ілінеді. Ұзындығы 3 м, ені 1,2 м беті тегіс, бірақ жылтыр емес, түсі қоңыр немесе қою жасыл болады. Сурет, сызу сабағы өтетін сыныптарда қара түсті болады.
Тақтаның төменгі шетіне бор ұнтақтарын жинайтын жіңішке астауша болады.
Сыныпта көрнекі құралдар мен оқулықтар сақтайтын шкафтар болады. Олар ықшам болу керек және бөлменің артқы қабырғасына орналастырылады.
Мұғалімнің үстелі мен орындығы отырып тұруға ыңғайлы болғаны дұрыс.
Оқушы партасы мен мұғалім үстелінің арасы кемінде 15-20 см болу керек.
Оқу-техника құралдары (теледидар, магнитофон, кодоскоп т.б.) бөлмені тарылтпайтын, шаң-тозаңды жинамайтын жағдайды қарастырған жөн. Оларды пайдаланбаған кезде арнайы бөлмеде сақтау керек.
Диафильмдерді 7-15 минут, кинофильмдерді және телекөрсетулерді 15-20 минуттан артық көрсетуге болмайды.
Зертханада 1 не 2 кісілік үстелдар мен орындықтар, шкафтар, тәжірибе көрсету үстелі болады. Бір оқушыға 65-70 см кеңістік қажет.
Зертханалық үстелдің ұзындығы 130-140 см, ені 60 см, биіктігі 75 см және тартпасы болады. Зертханалық үстелді орнықты бекітіп, оған су және электр сымы өткізіледі.
Үстелдің беті қышқыл-сілтілерге төзімді заттардан жасалады.
Демонстрациялық үстелдің ұзындығы 3 м, ені 80 см, биіктігі 80 см болады.
Түрлі аспаптарға, ерітінділерге арналған шкафтарды препараторлық бөлмеде орналастырады. Шкафтың ішінде улы заттар, күшті сілтілер мен қышқылдарды сақтауға болмайды. Оларды арнайы орындарда сақтайды.
Мектепте, зертханаларда қауіпсіздік ережелері, алғашқы дәрігерлік көмек ережелері мен дәрі-дәрмек жинағы, өрт қауіпсіздігіне қажетті құм, өрт сөндіргіш саймандар болу керек.
Мектептегі оқу-тәрбие жұмысына қойлатын талаптар
Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан жылға күрделеніп отырады. Жазғы демалыстан соң балалар еңбекке біртіндеп үйрене бастайды. Сондықтан оқу жылының басында өткенді қайталап, жаңа тақырып өте бастайды. Оқу жылының барысында барлық пәндерден мектеп бағдарламасы біртіндеп қиындап, жыл аяғында қайтадан жеңілдене бастайды.
Сабақ кестелері апталық, айлық, тоқсандық және оқу жылындағы еңбек қабілетіне сай жасалады. Аптаның дүйсенбі-сәрсенбі күндері жоғары болады да, бейсенбі күннің аяғында шарашау байқалады, жұма, сенбі күндері қабілеті төмендейді. Демалыстан кейін дүйсенбі күні зейіні төмен болады. Сондықтан сейсенбі-бейсенбі күндері қиын пәндерді қою керек. Жұма-сенбі күндері сабақ санын және қиын пәндердің мөлшерін азайту қажет.
Қиын сабақтың алдында денешынықтыру пәнін қоюға болмайды. Қиын пәндерге: физика, грамматика, математика, химия пәндері жатады.
Күнделікті сабақ саны төмендегідей болғаны дұрыс:
-
1-4 сыныптарда күніне 4 сабақтан;
-
5-7 сыныптарда 6 сабақтан;
-
жоғары сынптарда 6-7 сабақтан аспау керек.
Мектеп оқу-құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар.
Мектеп оқулықтары тез тозбайтын ақ немесе сарғыш түсті тегіс қағаздан жасалады. Кітаптың мұқабасы мықты, ұзақ пайдалануға болатын, салмағы жеңіл және оңай дезинфекцияланатын болу керек.
1-ші сынып оқушыларына арналған оқулықтардың әріптері мен цифрларының биіктігі 2,8 мм, әліппелерде – 4,5 – 3,5 мм; 2-4 сыныптар үшін – 2,1 – 1,75 мм; 5-11 сыныптар үшін – 1,75 – 1,50 мм.
Әріптердің жолының ұзындығы 100-110 мм.
Көрнекі құралдар ақ қағазға жасалады, әріптерінің биіктігі кемінде – 3 см.
Қалам-қарындаштардың жуандығы – 7-8 мм, ұзындығы – 140-170 мм.
15-тақырып. Балалар ауруы туралы түсінік.
Оларды болдырмау шаралары
-
Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік
-
Қызамық
-
Күл
-
Жұлынның қабынуы (полиомелит)
-
Желшешек
-
Қызылша (корь)
-
Ұшпа (краснуха)
-
Шірінше, шықшыт безінің қабынуы (паротит)
-
Көкжөтел
-
Ревматизм
-
Балалр мен жасөспірімдердің жұқпалы ауруларының алдын алу екпелері
-
Тері аурулары
Жұқпалы аурулар дегеніміз патогенді микробтар немесе вирустар қоздыруымен пайда болатын аурулар.
Әрбір жұқпалы аурулардың өз қоздырғышы болады. Балалар жұқпалы ауруларына: қызылша (корь), ұшпа (краснуха), шірінше (паротит), қызамық (скарлатина), күл (дифтерия), жұлынның қабынуы (полиомелит), желшешек (ветряная оспа), көкжөтел (коклюш) жатады.
Қызамық – қоздырғышы стрептококтар. Сондықтан ауруды тек қызамықпен ауырған адамнан ғана емес, стрептококты баспамен ауыратындардан да жұқтырады.
Егер ауру асқынбаса, стрептококтың бөлінуі 7-10 күнде тоқталады. Ауру асқынса жұқпалы кезең ұзарады. Балаға ауру науқас адаммен қарым-қатынас кезінде ойыншық, кітап, сүлгі арқылы жұғады.
Аурудың белгілері: кенеттен қызу көтеріледі, бірнеше сағаттан кейін немесе келесі күні баланың денесінде қызарған ұсақ бөртпелер пайда болады. Мұрын-еріннен басқа жерге түгел шығады. Жамбас-кіндіктен төмен жерге, шап, қолтыққа қалың шығады.
Бөртпелер 3-5 күндей тұрады. Ең тұрақты белгісі – баспа. Бүкіл жұтқыншақ ашық қызыл түсті болады. Алғашқы күні тілді қою сары-сұр түсті зат басады.
Аурудың алғашқы 5-6 күні бала жатуға тиіс. Балалр бақшасына, мектепке ауыра бастағаннан 22 күн өткенше баруға болмайды.
Антибиотикпен емдейді.
Күл - қоздырғышы уландырғыш күл таяқшасы, оның күшті у бөліп шығаратын қасиеті бар.
Аурудың таралу көзі – ауырған адам немесе ауру таяқшасын таратушы сау адам бола алады. Жасырын кезеңі 2-10 күн.
Күлмен ауырған жұтқыншаққа тән белгі сұрғылт, бүкіл жұтқыншақты жауып тұратын маржандай жылтыраған немесе ойық-ойық болып тұратын сірі қабық. Мұны анықтау үшін бактериологиялық анализ жасау керек.
Жұтқыншақтағы күл өте ауыр өтеді. Қызуы 40º жетеді, жұтқыншақ қызарып ісінеді, мойны ісініп, бала әлсізденеді. Бұл ауруға дер кезінде шара қолданбаса бала өміріне қауіп төнеді. Ең басты күл ауруына қолданатын дәрі – қан сарысуы. Күлмен ауырған баланы тез ауруханаға жеткізу қажет.
Қазір күл ауруына қарсы алдын ала егуге байланысты сирек кездеседі. Уақытында егілмей қалған балалар ауруы мүмкін.
Жұлынның қабынуы (полиомелит) – қоздырғышы вирус. Күл ауруы сияқты алдына ала егудің нәтижесінде сирек кездеседі. Бірақ егілмеген балалар үшін өте қауіпті.
Ауруды таратушы – ауырған адам немесе оның вирусын тасушы.
Бұл ауру екі жолмен жұғады: 1) ауру адаммен қарым-қатынаста ауа арқылы;
2) жуылмаған көкөніс-жеміс арқылы ішке түседі.
Жасырын кезеңі 3-35 күн. Полиомелит ауруы жүйке жүйесін зақымдап, сал ауруына соқтырады. Кейде жеңіл өтеді.
Белгілері әртүрлі: қызуы көтеріледі, құсады, іші ауырады, кеңірдектің шырышты қабаты қабынып, тамағы қызарады. Аурудың салға айналу кезеңі 2-5 күнге созылады. 4-5 күнде қызуы төмендейді. Осы жақсару жағдайында күтпеген жерде сал бола бастайды. Аяғының еттері жиі салданады, қол, мойын, кеуде бұлшықеттері сирек салданады. Ауруханаға жылдам жеткізу керек.
Кейбір балаларда, әсіресе бұрын егілген балаларда полиомелит тез, ешбір белгісіз өтеді. Егер баланың бұлшықеті босаса, аздап ақсайтыны байқалса дереу дәрігерге көрсету қажет.
Желшешек – қоздырғышы вирус.
Белгілері: денеге шырышты қабыққа ұқсас күлдіреуіктер шығады, оның ішінде сары су болады.
Ауру ауа арқылы сырқат адамнан, оның вирусы жасырын кезде және қабыршақтанып түсу кезінде жұғады. Желшешек ауруын жұқтыру қаупі өте жоғары. Жасырын кезеңі 14-21 күн орташа – 14 күн.
Ауру жедел басталады, ыстығы көтерліліп, бірден алғашқы күндері күлдіреуіктер пайда болады. Бұл ауру онша ауыр болмайтындықтан дәрімен емдеудің қажеті жоқ, бірақ балаға гигиеналық ұқыпты күтім керек.
Күлдіреуіктерге бриллиант көгінің 1% -дық ерітіндісін жағады.
Қызылша (корь) – қоздырғышы вирус. Ауруды таратушы – ауру адам. Ауру ауа арқылы жұғады. Жасырын кезеңі 8-10 күн, кейде 17 күнге дейін созылады.
Белгілері: дене қызуы 38,5-39º-қа көтерліеді, тұмау, құрғақ жөтел, жұтқыншақтың шырышты қабығы қызарады. Бала мазасызданып, жылауық келеді.
Осы кзде баланың екі жақ шырышты қабығынан азу тістері айналасынан, еріннің шырышты қабығынан, тіс қызыл еттерінен дәннің көлеміндей ашық-қоңыр нүктелерді көруге болады. 4-5 күндері жаппай бөртпелер шығады. Бөртпелер ұсақ қызғылт нүкте түрінде құлақ сыртына, мұрын үстіне шығады. Бір тәулік ішінде ол бетке, мойынға, кеудеге, арқаға жайылып, келесі күні бүкіл денені, қолды, ал 3-ші күні аяқты қамтиды. Бөртпе шыққан кезде баланың қызуы жоғары болады. Сосын қызуы түсіп, бөртпелер бозғылттанады. Бала 2-3 күн тұрмай жату керек.
Қызылшаға 3 айлық жасқа дейінгі сәбилер төзе алмайды. Себебі, оның организмне анасымен берілген иммунитет әлсіз.
Қызылша басқа да аурулар тәрізді әртүрлі болып, кейде жеңіл өтеді.
Бала жатқан бөлмені таза ұстап, жиі-жиі желдетіп тұру қажет. Бөлмені дымқыл шүберекпен тазалаған дұрыс.
Ұшпа (краснуха) – қоздырғышы вирус. Ауруды таратушы – ауру адам. Жасырын кезеңі 15-24 күн, орташа 16-18 күн.
Ұшпа ауруы білінгеннен бірнеше күн бұрын жұтқыншақта оның вирусы табылуы ықтимал. Аурудың бірінші күнінен бөртпелер пайда болғаннан кейінгі 5 күн ішінде ауруды жұқтырады.
Белгілері: ұшпа баланың бетіне қызғылт теңбілді бөртпе түрінде шығудан басталып, бірнеше сағаттың ішінде барлық денеге, әсіресе буындардың айналасында, арқаға, жамбасқа, қолға және аяққа жайылады. Сонымен бірге, балада жеңіл-желпі тұмау, жөтел пайда болады.
Ұшпаға тән тағы бір белгі – лимфа түйіндерінің, әсіресе желке және жауырын түйіндерінің үлкеюі. Қызуы 38º-қа дейін көтеріледі. Бөртпелер 2-3 күннен кейін кетіп қалады да, орындарында ешқандай із қабыршақтану болмайды.
Ересек балалар мен ересек кісілер бұл ауруды ауыр көтереді: бастары қатты ауырып, ыстығы жоғарылайды, лимфа түйіндері едәуір үлкейеді. Бұл ауру аяғы ауыр әйелдерге алғашқы үш айында өте қауіпті. Себебі, ұшпаның вирусы оның эмбриональды ұлпасын зақымдауға қабілетті және ол іштегі перзенттің қалыптасып келе жатқан ағзаларын да зақымдап, оның дамып-жетілуінде ауыр кінәраттайды.
Ана жүктіліктің алғашқы айларында ұшпамен ауырса, онда оны алдырып тастағаны дұрыс.
Шірінше, шықшыт безінің қабынуы (паротит) немесе шошқа мойын деп те атайды.
Қоздырғышы – вирус.
Ауру – сау адам мен ауру адам бір үйде болған кезде ауа арқылы жұғады.
Шірінше вирусы мұрын, ауыз, жұтқыншақтың шырышты қабығы арқылы организмге еніп, көбінесе жүйке жүйесін, бездерді – соның ішінде сілекей, қарын бездерін, балаларда аталық ұрық безін зақымдайды.
Жасырын кезеңі 11-12 күн, кейде 26 күнге жетеді. Сондықтан балалар мекемелерінде 21 күн карантин белгіленеді.
Белгілері: бас ауырып, қызу 38-39º дейін көтеріледі. Егер ауру құлақ айналасындағы сілекей бездеріне жайылса, онда бала аузындағы тамағын шайнағанда және жұтынғанда ауыратынына шағымданады. Құлағының алдыңғы жағынан сырғалықтан және құлағының артынан ісік пайда болады. Бұл әуелі бір жағынан сосын 1-2 күннен соң 2-ші жағынан шығады.
Жасөспірім ер балаларда шірінше ауруы олардың аталық ұрық безін қабындырады (орхит). Алғашқы аптаның соңына қарай төмен түскен қызуы тағы да көтеріледі: басы, ұмасы, шабының маңы сыздап ауырады, ені ісіп үлкейеді. Жасөспірім балалар мұндай жағдайда қатты мазасызданып, үрейленеді. Сондықтан оларға 5-7 күндер ішінде басылатынын айтып түсіндіру керек. Алайда орхит ауруы өтсе кейін бала болмай қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда бала дәрігері мен хирургтің кеңесі өте қажет.
Шіріншеде асқазан безі ауруының қабат жүруі тән, оның негізгі белгілері – іштің бүріп ауруы, жүрегі айну, құсу, тамаққа тәбеттің болмауы.
Шіріншемен ауырғанда серозды менингит (ми қабығы) ауруына да шалдықтырады. Бұл аурудың 3-6 күндері қызудың қайтадан көтеріліп, бастың ауыруы мен құсудан білінеді. Бала денесі болбырап, манаурайды, есінен тану пайда болады. Шіріншемен ауырған балаларды әдетте үйде емдейді. Ісінген сілекей бездеріне 3-4 сағ. құрғақ қыздыратын компрес жасайды. Ал орхит кезінде керісінше қабынған аталық ұрық ұмасына суық суға малынған салфетка салады да, ол жылынғанда оны алмастырып отырады. Егер орхит өте ауыр өтсе, баланы ауруханаға жатқызады.
Менингит кезінде де ауруханаға жатқызған дұрыс. Бұл кезде диагноз қою және емдеу үшін жұлын пункциясын жасайды.
Көкжөтел. Қоздырғышы - өте ұсақ, таяқша тәрізді бактериялар. Жасырын уақыты 5-8 күн, кейде 21 күнге ұзарады. Балаларда қызылшадан кейін екінші орында тұр. Көкжөтел адамның тыныс жолын зақымдайтын жұқпалы ауру. Микробтар ауа арқылы таралады.
Негізінен көкжөтелге 1-7 жас арасындағы балалар шалдығады. Көкжөтелдің балаға зияны көп. Ол әсіресе нәрестенің орталық жүйке жүйесін қатты зақымдайды. Соның салдарынан балалардың өсуі тежеледі. Егер көкжөтелге қызылша мен тұмау қосылса бала өміріне қауіп төнеді. Көкжөтелмен 1 айға жуық ауырады. Көкжөтелден кейін бала организмінде оған қарсы иммунитет пайда болады.
Көкжөтел таяқшасы тыныс жолдарының сілекей қабығына орналасып алып, ұзақ уақыт бойы көбейе береді, айналасындағы жасушалар мен ұлпаларды зақымдайтын улы зат бөледі. Сілекейлі қабықтағы жүйке талшықтары көкжөтел бөліп шығаратын улы заттардың әсерінен үнемі тітіркеніп отырады. Содан бала үздіксіз жөтеледі. Жөтелі ұзаққа созылса, ауа жетпегендіктен баланың беті аз уақытта көгеріп кетуі мүмкін. Жөтел кезінде ауру баланың бет-аузы қимылдайды, тілі аузынан шығып кетеді. Астыңғы күрек тістерге үйкеле бергендіктен тілінің астыңғы жағында жара пайда болады. Бұл да көкжөтелдің айқын белгісі. Түнде көбірек жөтеледі.
Ревматизм – созылмалы жұқпалы-аллергиялық ауру. Көбіне кішкентай және жасөспірім кезінде басталады.
Аурудың дамуы стрептококк жұқпалы ауруымен байланысты. Көбінесе баспа, жоғары тыныс жолдарының қабынуы салдарынан пайда болады. Ревматизм ауруы бар балаларда созылмалы тонзилит, тіс жегі байқалады.
Бұл ауруда дәнекер ұлпасы зақымданады. Әсіресе жүрек және тамыр дәнекер ұлпалары. Клиникалық белгілері баспамен ауырғаннан кейін 7-15 күннен кейін білінеді.
Аурудың басталуы әртүрлі болуы мүмкін: жедел, баяу, жасырын. Жедел басталғанда қызу көтеріледі, буындары ауырады, ересек балалар жүрегінің тұсы ауыратынын сезеді.
Ревматизм ауруында жүрек-тамыр жүйесі зақымданады.
Балалардың ревматизмінде жүректің екінші және жиі үшінші қабаты зақымданады. Ең алдымен миокард, сосын эндокард және эпикард зақымданады. Ревматизм жүрек порогының пайда болуының негізгі себебі болып табылады.
Ревматизмнің тағы бір формасы (жүректен тыс) буындардың зақымдануы – полиартрит. Буындары ауырып, ісініп кетеді, терісі қызарады.
Ревматизмге диагноз қоюға зертханалық зерттеулердің маңызы зор: қанда нейтрофилдер, лейкоциттер, ЭТЖ жоғарылайды.
Ревматизммен ауырған балаларды ұзақ емдейді. Жедел түрінде ауруханада емдеу керек.
Аурудың алдын алу үшін бала организмін шынықтырып, дұрыс тамақтандырып, баспа, тонзилит, тіс жегін дер кезінде емдеу қажет.
Балалар мен жасөспірімдердің жұқпалы ауруларының алдын алу екпелері:
1. Туберкулезге қарсы – 1-ші екпе 5-7 күндері жасалады; 7, 12, 17 жаста қайталанады.
2. Полиомелитке қарсы – 2 айда жасалады; 1, 2, 3, 7, 15-16 жаста қайталанады.
3. Күл (дифтерия), көкжөтел (коклюш) және тырысқаққа (АКДС) қарсы 1-ші екпе 5-6 айда, 2-3 және 6 жаста қайталанады.
4. Шешекке (натуральная оспа) қарсы 1-ші екпе 1-1,5 жаста, 8 және 15 жаста қайталанады.
5. Қызылшаға (корь) қарсы 10 айдан бастап 1 жасқа дейін 1 рет егіледі
6. Шірінше ауруының алдын алу үшін 14 айға дейін егу жасайды.
Тері аурулары
Тері аурулары төмендегідей факторлардың әсерінен болуы мүмкін:
-
Сыртқы факторлар – химиялық, физикалық тітіркендіргіштердің әсерінен тері қабынуы болуы мүмкін. Олар: күйік, үсік, дерматиттер.
-
Биологиялық факторлар : а) микроскопиялық ауру қоздырғыш саңырауқұлақтар әсерінен микоз, кандидамикоз ауруына шалдығады;
б) паразиттер – қотыр;
в) вирус – ұшық.
Ішкі мүшелердің ауруының әсерінен әртүрлі аллергиялық аурулар туады (экзема).
Тері ауруының көбі витаминдердің жетіспеуінен, белок, май, көмірсу алмасуы бұзылғаннан, жүйке-жүйесінің, ішкі секреция жүйесінің қызметтерінен болуы мүмкін.

