Заман талабы –оқушылардың функцияналдық
сауаттылығын қалыптастыру.
PISA – халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15 жастағы оқушылардың математика, жаратылыстану және оқу сауаттылығынан (тіл мен әдебиет білім салаларынан) игерген білім жетістіктерін анықтауды, оқу барысында меңгерген білімдері мен біліктерін өмірлік жағдайларда қолдана білу дағдыларын бағалауды көздейді.
Заман талабы- болашақ ұрпақтың ,күнделікті жан-жақты дамуға ,өзгермелі заманда өмір сүруге бейімделіп, өмірден өз орнын адаспай табатын тұлға болуы.Осындай ұрпақ тәрбиелеу, бұл үдерісті жүзеге асыратын ,ата-ана мен педагогтың біріккен жұмысының нәтижесінде қалыптасады.Функцияналдық сауаттылық қалыптасу үшін, бастауыш сыныптан бастап , пәнаралық байланысқа көңіл бөлінгенде , нәтижелі болады . Функцияналдық сауатты болу үшін ,жан-жақты білімді болу, білімін әр қадамында тиімді қолдану,бүгінгі ұлт құндылығының басты мәселесі. Соңғы жылдардағы зерттеулерде оқу адамның білім алудағы нақты мүмкіндіктерін пайдалану сипатын қалыптастыратын жиынтық, яғни бастан кешен тәжірибе, әлеуметтік қарым- қатынастар , құндылықтар, амал-тәсілдер мен көзқарастар, бейімділіктің кешенді үйлесімі ретінде анықталған. Функцианалдық сауаттылығы жоғары тұлға тәрбиелеу үшін , сын тұрғысынан ойлауға үйрету.Жаңаша білім беру осы бағытта тұлғаны қалыптастыруды қажет етеді.Мұғалім баланы оқыта отырып, сын тұрғысынан ойлауға, ойдың проблеманы шешу үдерісіне бағытталғанына назар аударып отырады. Жаңаша мұғалім ,өзекті мәселені шешуде,оқушыны сынтұрғысынан ойлау, ой жүгірту, тұжырым жасау,қандай нәрсеге сенуге болады, не істеу керек,нәтиже қандай болады деген рефлексивтік тәсілмен шешеуге ұмтылатын тұлға тәрбиелейді. Немқұрайлылық педагогқа жат нәрсе, өзгенің баласын, өзіңнің балаңдай көрмесең бәрі бекер деймін.Шығармашылдығымның шыңынан шырқап шығатын бұл менің ұраным.Оқушы өз бетімен шешім қабылдай алатын, алдына мақсат қоя алатын, белсенді болса, алған білімінің нәтижесі деп ойлаймын.Әр оқушыға сеніммен қараймын, ойын үнемі қолдап, дұрыс бағыт беріп отырамын. Сыныпта үнемі бір оқушыны мақтай беру- басқа оқушыны жалықтырады.Мадақтау сыныпта барлық оқушыны өсіретіндей, жағымды болу керек. Кері байланыс әрқашан тиімді, оқушыға дұрыс бағытталған, басқаның ашуын келтірмейтін, оқушылардың барлығына ой салатын болса, бұл әдіс-білімді нақты қабылдаудың бір тәсілі.Оқушының кезкелген пәнді дұрыс қабылдауының басты функциясы.Бастауыш сынып «ойлау туралы ойланудың » ғылыми қадамы десем болады.Барлық оқушыны бақылай, зерттей отырып, сабақ барысында байқалатын үдеріс,әр оқушыны мұқият тыңдай отырсам, қандайда бір жаңаша ой, жаңаша термин сөздерді ортаға тастап белсенділігін байқатып отырады.Міне сол жерде функцианалдық сауаттылығын аңғарып, дер кезінде кері байланыс беремін.Бұл мен үшін – оқушының болашаққа үлкен қадам басуына түрткі болады.Пән аралық байланыс , сабақ барысында жүйелі болса,сын тұрғысынан ойлауға баулиды. Жан-жақты білімді ұрпақ осыдан қалыптасады.Әр сабақта, пәнаралық байланыстағы деректерге интерпретациялау (түсініктеме беру), бағалау оқушының функцияналдық сауаттылығын терең қалыптастырады.Мысалы, бастауыш сыныпта, жаратылыстану пәні , ғылыми болғандықтан ,оқушы жалықпас үшін, функцияналдық сауаттылығын қалыптастыруда , қызықты жеңіл мәтінді оқытып, оқушының төрт дағдысын дамытуда ,оқушыға сын тұрғысынан ойлауға, пәнаралық байланысты зерттеуде, әрі жеңіл,әрі қызық болу үшін, тапсырмаларды түрлендіріп отырамын.. Мысалы:«Дыбыстың сипаттамалары» деген тақырыпта, осы мәтінді , оқып ,талдап, әнші Әміренің даусының тембрін, өнерін біле,түсіне отырып,физикалық құбылысты да түсінді,талдау жасады,оқушының функцияналдық сауаттылығыда қалыптасты.Себебі, бастауыш сыныбында ,жаратылыстану түсіну үшін оқу сауаттылығы жақсы қалыптасқан болу керек. Ол үшін әдеби шығармашылығы даму керек.Пәнаралық байланысты кіріктіре отырып , оқу сауаттылығын дамытуға қадам жасаймын. Жаратылыстану пәнін меңгеру үшін, теорияны практикамен ұштастыру керек.Теорияны оқып, жалықпас үшін,кітап оқу дағдысын қалыптастыруға көңіл бөлемін, оқу сауаттылығын дамыту үшін ,осындай тәсілді қолдану мен үшін тиімді.Өнерді бағалау, білімді бағалау үшін Пиза тапсырмасы бойынша осы мәтінді ұсындым.
ӘМІРҚАН
Әмірқан шығысымен шапалақ шартылдады. Өзге шығушылардан Әмірқанның киімі де, түрі де, жүріс-тұрысы да жат еді: қазақтың еркіндігін еске түсіруші еді. Домбырасын күйлеп, екпіндетіп бір-екі сарындатып алды да, айқайға басты. Зал тым-тырыс болды... Топ көрген де Әмірқан аруақтанып, көтеріліп кетеді екен. Бұрынғы дауысы астар болмай қалды. Зал жаңғырып, күңіреніп кетті. Жұрт төмен қарап, әркім жүрегімен сырласқандай, әншінің бітіргенін де сезбей қалды. Кенет тым- тырыс бола қалады да, шапалақ қайта соғылды. Қалғып кетіп оянған, қызықты тәтті түс көрген, қайтарам деп талпынған кісідей, жанға жаққан тәтті үннің кеткеніне өкініп,өршелене соғады.
Әмірқан тымағын қыңырайта киіп тағы барды. Тағы соқты. Тағы да ескектете, желпіндіре, желіктіре, ышқындыра, құлшындыра соғып, тындаушының айызын әбден қандырды.
Әмірқандай әнді ешкім сала алмайды. Жай жүргенде Әмірқанды ешкім де елемейді. Әмірқан ән салса, сонда кім екенін білесің. Ән салса, ол өзін-өзі ұмытады, әннің әуеніне төңкеріледі, оның даусы көмейінен шықпайды, … шығады. Ол әннің әр нақышын ұғады, әнді ғана сүйеді. Ол-тәтті үнге, топқа бола жаралған адам. Ән салса рахаттанып, гүл-гүл жайнайды. Көзі де, аузы да, денесі де, қолы да бірге салады. Әмірқан кісі емес, әнге айналады. Оның ән салғандағы түріне қарап отырсаң, тоясың.Бірақ Әмірқан үнемі олай айта бермейді. Әмірқан қымызы, тойы, ойын- сауығы, қыз-келіншегі бар жерде өзін-өзі ұмытып айтады. Әнін ұғушы, тыңдаушы болса, шабыттанып айтады. Тыңдамай, жыбырлап сөйлесе бастаса, Әмірқан тұрып кетеді, айтпайды. Сұрақ.
-
Мәтін ішінен түйінді сөздерді теріп жазу.
-
Мәтін бойынша сызба түрінде конспект жасау.
-
Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
-
Мәтіннің ішінен негізгі идеясын бейнелейтін сөйлемдерді теріп жаз
Әмірқан ән салғанда тыңдаушылар қандай әсерде болды?
-
ешкім қол соқпады
-
тыңдаушылар әсер алмады
-
зал тып-тыныш болып, әркім өз жүрегімен сырласқандай әсерде болды
-
тыңдаушылар мүлде тыңдамады
-
ән орындаушы жеткізе білмеді
Дұрыс жауабы: С
Сұрақ
Әнші Әмірқан қандай жерден кетіп қалатын?
-
Тойдан
-
Жиынан
-
Жиналыстан
-
өнерін бағаламай, сөйлеп отырған жерден
-
ат жарысынан
Дұрыс жауабы: D
Қарапайым мәтінмен жұмыс істеу арқылы ойын тереңдетіп, оқушының функцианалдық сауатттылығын арттырамын.Оқушы алған білімін өмірде қолдана білу керек.Өз кәсібін адаспай тапса, дұрыс бағытқа бағыттау, менің алдыма қойған мақсатым.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
функционалды сауаттылы0ты дамыту

шағым қалдыра аласыз