400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

"Функционалдық сауаттылық білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын,біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Функционалдық сауаттылық білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары»

Тараз қаласы,

57 орта мектебі

химия-биология пәнінің мұғалімі

Едигенова Гульназ Темирхановна


«Біз әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беруге қол жеткізуіміз керек» Н.Ә.Назарбаев. Қазіргі тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

    Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының      мақсаттылығын, біртұтастығы  мен жүйелілігін қамтамасыз етуге   арналған.

            PISA -  әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы. PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулері  дегеніміз не және оның маңыздылығына тоқтала кетсек. РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде, сондай-ақ контексті факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының және т.б. әлеуметтік мәртебесі) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негіз болады.

PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуінің әрбір кезеңіне халықаралық контексте саралау жұмысы жүргізіледі. Бұл әрбір қатысушы елге білім беру жүйесінің стратегиялық мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқу  сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық. Зерттеу айналым бойынша (үш жылда бір рет) жүргізіледі. Әрбір айналымда функциялық сауаттылықтың қандай да бір түріне ерекше назар аударылады. PISA зерттеуінде ғылыми жаратылыстану сауаттылығы ретінде ғылыми жаратылыстану білімдерін қолдана білу, қоршаған әлемді және оған адамның іс-әрекетінен қосылатын өзгерістерді түсінуге және сәйкесінше шешімдер қабылдауға қажетті мәселелерді анықтап, негіздемелі қорытындылар жасай білу қабілеттерімен түсіндіріледі. Енді өзім сабақ беретін пәніме қатысты сауаттылық бойынша зерттеу ерекшеліктеріне тоқтала кетсек.

Жаратылыстану бағытындағы   ғылыми сауаттылықтың ерекшеліктері:

- жаратылыстанудың негізгі ерекшеліктерін адами таным мен зерттеу формасы ретінде түсіну қабілеттілігі;

- жаратылыстану ғылымдары мен технологияның материалдық, интеллектуалдық және мәдени салаға әсер ететіндігі туралы білімді көрсету;

- мектепте алған білімді түрлі өмірлік жағдайларда қолдана алу қабілеттігі, қойылған мәселелерді ғылыми әдістермен шешу, ақпараттың түрлі көздерімен жұмыс жасай және оны сыни тұрғыдан бағалай алу;

- эксперименттік тәжірибелер жасау, болжамдар келтіру және қолдайтын немесе жоққа шығаратын зерттеулер өткізу,  айтылған көзқарасқа қарсы шығу немесе оны негіздеу;

    Ғылыми- жаратылыстану сауаттылық – бұл ғылыми- жаратылыстану саласында әр түрлі өмірлік жағдаяттарды шешудегі жеке дәлелдемелерінің таңдауында адамның өз білімдерін пайдалану қабілеттілігі.

Ғылыми- жаратылыстану сауаттылығының компоненттері-  құбылысты ғылыми тұрғыдан негіздеп түсіндіріп, ғылыми зерттеуді талдау және жобалау, берген көрсеткіштерді ғылыми жорамалдауы. Оқушылар  бойындағы  бейімділік  пен  талантын,  танымдық, ізденушілік қабілеттерін зерттеу негізінде қазіргі заман талабына сай шығармашыл тұлға  қалыптастыру.

Мысалы, 1 - тапсырма

Азот — тіршілік үшін маңызы өте зор элемент, ол жетіспеген жағдайда өсімдіктің жапырағы бозғылт жасыл болып, бойы өспей, жапырағы жұқа және шырыны аз, гүлі майда болады. Өсімдіктегі азот жетіспеушілігін жою үшін: карбамид (CO(NH2)2), чили селитрасы (NaNО3) т.с.с тыңайтқыштар қолданылады. Қандай тыңайтқыш құрамында қоректік зат - азоттың массалық үлесі көп?

Жауабыңызды есептеп көрсетіңіз.

2 – тапсырма

Қасиеттері ұқсас қосылыстар


Қосылыстар

Ерекше белгілері мен қасиеттері

NH3, HCl, SO2


CO2, SO2


BaSO4


Алюминий немесе мырыш никельмен

құймасы



Қорытындылай келе, оқушыладың функционалық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді, іскерлігі мен дағдыларын адами іс- әрекеттердің әртүрлі салаларында пайдалануды қамтамасыз етеді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
12.06.2024
253
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі