Материалдар / Футбол ойынының тарихы және денсаулыққа пайдасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Футбол ойынының тарихы және денсаулыққа пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Спорт-денсаулық кепілі
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті





«Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті» кафедрасы







ӨЗІНДІК ЖҰМЫС





Тақырыбы:Футбол ойынының тарихы және денсаулыққа пайдасы











Орындаған: «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Досжан.А.А

Жетекші: PhD қауымдастырылған профессор Мендигалиева А.С













Орал,2023



Жоспар:

1.Кіріспе

2.Футбол ойынының даму тарихы

3. Қазақстанда футболдың даму тарихы

4.Қазақстан Ұлттық футбол құрама командасы

5.Футбол ойынының денсаулыққа пайдасы

6. Қорытынды











































1.Кіріспе

Футбол ХХІ ғасырда өзіне барлық әлеуметтік спектрді қоса келе,педагогикалық және психологиялық қарым-қатынас мәселелерін,өзара ықпалдар,топтардағы жетекшіліктер,ұжымды және командаларды басқаруларды ұйымдастыра отырып,толық негізбен ұжымдық қызмет ретінде қарала алады. Бұған спортшылардың педагогикалық және психологиялық дайындығын қамтамасыз ету,футболшылардың және олардың жаттықтырушыларының оқу-жаттығу процесінде және ойын кезінде алдын ала бірлесіп,ұйымдастыру қызметі де кіреді.Футбол-дене шынықтыру және спорт саласында үгіт-насихаттың қуатты құралы. Ымырасыз және шын жекпе-жек,ойынның жоғары шеберлікте орындалуы дене жетілуін терең қанағаттандыруға ғана емес,рахатқа шақырады,миллиондаған жанкүйерлердің қуанышы,осыдан олар футбол алаңына және спорт алаңдарына қызығушылықпен келеді. Көптеген белгілі спортшылар өз спорттық өмірбаяндарын футболмен әуестеніп бастаған.[1]



1-сурет.Футбол алаңындағы жаттығу барысы

.

2.Футбол ойынының даму тарихы

Футбол тарихы ХЫЫ ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, «Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді. 1313 жылы белгілі феодал Эдуард ЫЫ қала ішінде футбол ойнауға шектеу қойған. Тіпті, 1314 жылдың 13 ақпанында король Лондон қаласында футболға қарсы шаралар қолданған деседі. 1389 жылы Ричард патша сарайы маңында доп тепкендерді өлім жазасына кескен. Патшаға бірнеше мәрте рұқсат сұрап барған футбол жанкүйерлері әрдайым жағымсыз жауап алып отырған. Футболға тыйым салған патшалар тізімі төмендегідей: Генрих 1399-1401, Генрих 1413 — 1433 ж, Генрих 1449-1451 ж, Эдуард 1471 ж, Генрих 1491 ж, ал Генрих 17 ойыншыларға шектеу қойып қана қоймай, алаң иелеріне тыйым салып, салық салған. Бұдай қатаң қағидаларға мойымаған халық футбол ойнаудан бас тартқан жоқ. Тек 1908 жылы футбол олимпиадалық ойындар тізімінен орын алды. Ал, 1863 жылы Лондонда футболдың жаңа шарттары белгіленді. Жобаға енгізілген ережелерді арнайы комиссия жіті қараған. 1872 жылдан бастап футболдан халықаралық кездесулер өткізілді. Доданы Англия мен Шотландия футболшылар ашты. Ойынды бар ынтасымен тамашалаған жанкүйерлер үшін ойын сәтсіз аяқталды. Өйткені, алғашқы кездесуде есеп ашылған жоқ. 1884 жылы Ұлыбританияда алғашқы ресми кездесу өтті. Жарысқа Англия, Шотландия, Уэльс және Ирландия командалары қатысып, бақ сынасты. Ойын жеңімпазы -шотландықтар болды. 1920 жылы еуропалық футбол бәсекесінде Белгия мен Чехословакия кездесті. Онда чех футболшыларын ойсырата жеңген бельгиялықтар олимпиада чемпионы танылды. Ал,1924 жылы Оңтүстік Америкада ашылған олимпиадада алтынды Уругуай құрамасы ұтты. Олар Югославия, американ, франсуз, голланд пен Швейцария ойыншыларын қапы қалдырды. Ағылшындардан футболды үйренген Уругуай футболшылары әлдеқайда ширақ еді. Италия мен Испания, Мажарстан, Аустрия, Чехословакия да футболдың қыр-сырларын тең меңгере білді. Бұны 1934-38 жылдары Италия құрамасының екі рет әлем чемпионаты атанғаны дәлелдейді. Ежелгі Шығыс елдерінде (антикалық дәуірде Мысыр, Қытай,) (Грекия, Рим), тіпті Франция, Италия, Англияда футболға ұқсас ойын болған. Ежелгі Мысырдағы футбол тектес ойын біздің эрамызға дейін 1900 жылы танылған. 19 ғасырдың аяғында футбол Еуропа мен Латын Америкада қарқынды дамыды. 1904 жылы Белгия, Дания, Нидерланд мен Швейцария елдері футбол қауымдастығынан халықаралық федерацияның (ФИФА) құрылуына мұрындық болды. 1923 жылы Ресей құрамасы Скандинавия турнирінде Швеция мен Норвегия командаларын қапы қалдырды. Одан кейін бірнеше мәрте Түркия ойыншыларын сан соқтырды. 1946-48 жылдары Оңтүстік Америка үш рет қатарынан аргентиналықтардан басым түсті. 1950-60 жылдары футболдан үздік мектептер саналғандар мыналар еді: Лев Яшин мен Игорь Нетто, Альфреде ди Стефано мен Франсиско Хенто, Раймон Копа мен Жюст Фонтэн, Полеи Диди, Гарринча және Жильмар, Драгослав Шекуларац пен Драган Джаич, Иозеф Масопуст пен Ян Поплухар, Бобби Мур мен Бобби Чарльстон, Герд Мюллер, Уве Зеелер мен Франц Беккенбауэр, Ференц Вене мен Флориан Альберт, Джачинто Факкеттии Джанни Ривера, Жаирзиньо және Карлос Альберте. 1956 жылы Кеңес Одағының футболшылары алғаш рет олимпиада чемпионы атанды. Төрт жылдан кейін олар Еуропа кубогының жеңімпазы танылды. Әлем чемпионатында жеңіске жеткендер Бразилия құрамасы — Бес рет: 1958, 1962, 1970, 1994 және 2002 жылдарындағы чемпионаттарды жеңді. Италия құрамасы — төрт рет: 1934, 1938, 1982 және 2006. Германия құрамасы — үш рет: 1954, 1974, және 1990. Аргентина құрамасы — екі рет: 1978 және 1986. Уругуай құрамасы — екі рет: 1930 және 1950. Англия құрамасы — бір рет: 1966. Испания құрамасы — бір рет: 2010. 1977 жылы Тунисте алғаш рет жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті. Жасы 19-ға дейінгі жас футболшылар 16 ұлттық құрамадан алынды. Жастар арасындағы чемпионат тізімінің тұсауын КСРО футболшылары кесті. [2]



3. Қазақстанда футболдың даму тарихы

Қазақ жерінде де футбол ойыны қарқынды талқылаулардың басты тақырыптардың біріне айналды. Бірақ, бұл спорттың еліміздегі даму тарихын көптеген адамдар біле бермейді. Сондықтан, біз бүгін қазақ спортының даму тарихы жөнінде әңгіме өрбітеміз.1913-16 жылдар аралығында Семей қаласында “Ласточка”, “Ярыш”,“Орлята” мен “Олимп” атты футбол командалары құрылады. Кейбір деректерге сүйенетін болсақ, футболды қазақ жеріне ағылшын саудагері әкелген. Мұхтар Әуезов “Ярыш” командасының құрамында өнер көрсеткен деген деректер де бар. “Ярыштың” құрамында Әуезовпен бірге Кәрімов, Мұхаммедов, Хисматуллин, Рыспаев, Сайдашев, Нигматуллин, Сыздықов, Ғаббасов, Құрманов, Ямбушев пен Ахмедшин сынды қазақ футболының негізін қалаушылар доп теуіп, бұл спорт түрінің елімізде дамуына өз үлестерін қосқан.Қазақ футболы халықаралық деңгейге шыққан кез 1957 жылға тап келген. Осы жылы алматылық «Қайрат» командасы Финлядияның «Вааса» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, нәтижесінде қарсыласын 4:0 есебімен тізе бүктірген. Екі жылдан кейін Қазақ КСР футбол федерациясы өз жұмысына кірісе бастады. 1968 жылы қазақ футбол тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі орын алды.Сол жылы Кеңес үкіметі КСРО футбол федерациясына қарасты «Б» санаттағы қазақ аймағын құрып, алғашқы жарысқа 21 клуб қатысқан. Осы 21клуб ішінен жезғазғандық «Еңбек» жүзден жүйрік атанған. Дәл сол жылы кәсіби клубтар арасындағы тұңғыш Қазақстан Кубогінің жарысы ұйымдастырылып, ақтық сында бас жүлдеге целиноградтық «Динамо» қол жеткізген. Бірте-бірте қазақ футболшылардың есімдері бүкіл Кеңес Одағына таралып, үздіктер қатарынан біздің саңлақтарымыз да көріне бастады. Осылайша, 1971 жылы “Смена” жастар апталығы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, КСРО чемпионатының жоғарғы дивизиондағы «Үздік жаңа есім» атағына “Қайрат” командасының қорғаушысы Сейілдә Байшақов қол жеткізген. Сол жылы ұйымдастырылған Бүкілодақтық “Переправа” атты турнирінің жеңімпазы болып Қазақстанның жастар құрамасы танылды. Қазақ футболшыларылары Еуропа елдерінің жасыл алаңдарында да өнер көрсетіп, 1976 жылы алматылық шабуылшы Александр Хапсалис пен оның павлодарлық аттасы Кадейкин Еуропада өткен жасөспірімдер чемпионатында жеңіске жеткен. Бұдан кейін де қазақстандық футболшылар Олимпиада ойындарында үздік нәтижелерге қол жеткізіп, қазақтың атын бүкіл әлемге паш етті. 1988 жылы Сеулде өткен ХХIV жазғы Олимпиадалық ойындарда алматылық “Қайрат” командасының жартылай қорғаушысы Евгений Яковенко турниде керемет ойын көрсетіп, қазақ футбол тарихындағы алғашқы Олимпиада чемпионы атағына қол жеткізді. Сол жылы алматылық “Қайрат” КСРО Федерация Кубогін жеңіп алып, ақтық кездесуде бакулік “Нефтчи” командасын 4:0 есебімен жеңген. Келесі жылы қазақ жерінде ҚазКСР футбол ассоциациясы құрылды.Осылайша, қазақ футболының қалыптасуы мен дамуы бір ғасырға жуық уақытты қамтып келеді. Жас әрі болашағы зор мемлекетімізде арнайы спорттық мекемелер бой көтеріп, футболдың дамуына ықпал ететініне сеніміміз кәміл.[3]

4.Қазақстан Ұлттық футбол құрама командасы

2-сурет. Қазақстан Ұлттық құрама командасы.

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы - Футболдан халықаралық матчтарда өнер көрсетіп жүрген Қазақстан құрамасы. Қазақстан Футбол Федерациясының бақылауында. 2016 жылғы 3 наурыз күні ФИФАның белгіленген рейтингі бойынша 125-ші орында. ФИФА рейтингінде тіркелген рекорды 2001 жылдыңжелтоқсаны - 98 орын.[2] Ең алғашқы ресми кездесуін Қазақстан құрамасы 1996 жылғы Азия Кубогының іріктеу турнирінде өткізді. 7-ші топта Сирия және Катар құрамаларымен бір топқа түсіп, алғашқы кездесуінде Катар құрамасын 1-0 есебімен жеңді. Бұл осы іріктеудегі құраманың соққан жалғыз добы болатын. Одан кейін олар қалған үш кездесудеде бірде-бір доп соға алмай, қақпасына барлығы алты доп жіберіп алып, жеңіліп қалды. 1998 жылғы ӘЧ-ның іріктеу кезеңінде Қазақстан Ирак және Пәкістан құрамаларымен 9-шы топқа түсті. Алғашқысын 2-1, 3-1 есебімен жеңсе, екіншісін 3-0, 7-0 есебімен жеңді. Екінші раундта Оңтүстік Корея, Жапония,БАӘ, Өзбекстанмен бірге В тобына түсіп соңғы орын алды. Біреуінде жеңіп, үшеуінде тең түсіп, төртеуінде жеңіліп қалды.2000 жылғы Азия Кубогының іріктеуінде Катар, Иордания, Палестина, Пәкістан құрамаларымен бір топқа түсіп екінші орын алды.

2002 жылғы Әлем Чемпионатына іріктеуде Ирак, Непал және Макао құрамаларымен бір топқа түскен Қазақстан Ирак құрамасымен ұпайы тең түсіп, қосымша көрсеткіші бойынша қалып қойды.

2000 жылы ҚФФ Азиялық аймақтағы футболдың даму перспективасы төмен деген көзқараспен Евро аймаққа өтудің жолдарын іздеді.Қазақстанның географиясындағы Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстары Еуропаға кіріп тұрғандықтан, 2002 жылы Қазақстан УЕФАға қабылданды. Сондықтан Қазақстан өту кезеңінде болғандықтан 2004 жылғы Азия Кубогы мен Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне қатысқан жоқ.

2006 жылғы ӘЧ-на іріктеуде Қазақстан тұңғыш рет Евро аймақта өнер көрсетті. Украина, Түркия, Дания, Грекия, Албания және Грузия құрамаларымен бір топқа түсіп, 12 ойында 1 ғана ұпай жинап соңғы орын алды.

2008 жылғы Еуропа Чемпионатына іріктеуде Польша, Португалия, Армения, Әзірбайжан, Финляндия, Сербия және Бельгия құрамаларымен А тобына түсті. Бұл жерде Қазақстандықтар 8 құраманың ішінде 6-шы орын алды, 10 ұпай жинап, 2 ойында жеңіске жетті. Қазақстан УЕФА аймағындағы алғашқы ресми жеңісіне 2007 жылдың 24-ші наурыз күні Сербия құрамасымен болған ойында қол жеткізді (2-1).

Келесі ойыншылар құрама сапына 10 және 14 қазан өткен Нидерланд және Латвияға қарсы ЕУРО-2016 іріктеу кезеңі ойындарына қатысты.[4]

5.Футбол ойынының денсаулыққа пайдасы

Футбол ойнау толық жаттығу болып саналады, өйткені жүгіру, тепкілеу және айналдыру арқылы қарқынды және әр түрлі қозғалыстар денені сау ұстауға көмектеседі, бұл әйелдер үшін де тамаша мүмкіндік, өйткені бұл остеопороз мен ПМС симптомдарының алдын алуға көмектеседі.Бұл спорт - артық салмақтан арылудың және жақсы форманы сақтаудың тамаша тәсілі, сонымен қатар стресстік және мазасыздықпен күреседі, сонымен қатар әлеуметтік өмірді жақсартумен қатар, балалардағы семіздік пен депрессия жағдайларын болдырмайды. Барлық артықшылықтарға қол жеткізу үшін аптасына екі-үш рет футболдан кем дегенде 30 минут жаттығу жасау ұсынылады.Футбол жаттығуы кезінде жоғарғы аяқтың, төменгі аяқтың және іштің бірнеше бұлшықет топтары үнемі қолданылады, бұл олардың бұлшықет талшықтарының өсуі мен көбеюін тудырады. Осылайша, уақыт өте келе практиктер үлкен және күшті бұлшықеттерді дамытады.Аптасына екі-үш рет спортты салмақ жаттығуларымен байланыстыру бұлшықет массасын күшейту мен арттыруды тиімдірек етеді.Бұлшықет массасын көбейтуге арналған кеңестер алу үшін төмендегі бейнені қараңыз: Футболды үнемі ойнау - бұл қан қысымын бақылауға көмектесетін тамаша әдіс, өйткені дененің қозғалысын қажет ететін басқа спорт түрлері сияқты ол да жүректің жұмысын, қан айналымын және қан айналымын жақсартады. Осылайша, бұл спорт инсульт немесе инфаркт сияқты жоғары қан қысымынан болатын аурулардың алдын алады.Бұлшықет, буын ауыруы туралы айылса да, я болмаса сіңірі созылу кезіндегі ауыру туралы айтылса да: сырқаттың себебі әрдайым қабыну болып табылады және осы арқылы иммундық жүйе жарақатқа орай әрекет етеді. Вобэнзим плюс құрамындағы энзимдер (ферменттер) мұндай қабынуды басады және тезірек жазылуына жағдай жасайды. Белгілерін жоюдың орнына, Вобэнзим плюс сауығуды жылдамдатады және осы арқылы ауырудың себебін жояды. [5]

6.Қорытынды

Спорт денсаулықтың жақсаруына, жақсы дене пішінін және белсенділікті қолдап отруға жағдай жасайды. Бірақ спорт дегеніміз – ағзаға түсетін жүксалмақ пен қатерді де білдіреді, ал бұл – мысалы, өмірінде бір рет болса да бұлшықет ауыруын сезінген, сіңірі созылған немесе соғылған әрбір адамға мәлім. Ферменттер мұндай жүксалмақтар мен жарақаттардың салдарын барынша азайтуға көмектеседі және бұл ретте қабыну үдерістері мен шағын жарақаттарды бақылауға, сондай-ақ иммундық жүйені табиғи жолмен басқаруға мүмкіндік береді.Спорттың күш қолданылатын түрлерінде ағзаға қалпына келу үшін берілген уақыт маңызды рөл ойнайды. Жеткілікті деңгейде қалыпқа келу – спорттың күш қолданылатын түрлерінде сәтті және салауатты жаттығулардың кілті болып табылады. Егер жүксалмақ ағзаның дене мүмкіншіліктерінен артық болса немесе ағзаның қалыпқа келуі мен демалуы үшін жеткілікті уақыт берілмеген болса, онда шектен тыс жүксалмақтың салдарынан ауырудың, жарақаттанудың және зақымданудың қаупі едәуір артады. Сонымен қатар, ферменттер жаттығуларға мүмкіндігінше тезірек оралуға көмектеседі.















Пайдаланылған әдебиеттер

1. Алматы «Қазақ университеті» 2019

2.Мир английского футбола. Автор: Иван Калашников

3.Лев Яшин. «Я – легенда» Автор: Дитрих Шульце-Мармелинг

4.Планета Футбола. Автор: Семен Павлюк, Владимир Стогниенко

5.Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің ФИЗИОЛИГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ (А.Қыдырмолдина)





















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!