Материалдар / Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығы туралы реферат
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті













РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Ғабиден Мұстафин













Тобы: КЯЛ/у-35

Орындаған: Қитым А.Ә.

Тексерген: Султаниязова И.С.









Орал қаласы, 2023 ж.


Мазмұны


Кіріспе

  1. Ғабиден Мұстафин

    1. Жазушының өмірі

    2. Ақынның шығармашылығы

    3. Ақынның жазған романдарын талқылау

  2. «Қарағанды» романы

    1. «Қарағанды» романы туралы

    2. «Қарағанды» романын талдау

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер



































Кіріспе


Ғабиден Мұстафин әдебиет мізде өзіндік орны бар қаламгер. Жазушы шығармаларынан ескен шындық – дән салмағынан басын көтере алмай, маужырай тербелген қалың бидай мен гүрсілдеген шыңырау шахтаны аралатып, туған өлкеге көз жібертеді – еңбекке толы уақытты, қарапайым еңбек адамын көресіз. Ғабиден Мұстафин жағымды кейіпкерлердің тұтас бір тізбегін жасады. Олар жарқын болашақ үшін батыл күресіп, ел-жұртының арман-тілегі, мүдде-мақсатының орындалуына аянбай ат салысты – азаматтық тұғырдан түспеді. Өз заманымен тығыз байланысып, күш-қуатын уақыт алдындағы борышты өтеуге арнау, өз замандасына аянбай қызмет ету, еңбек адамының ой-арманын, баянды ісін мадақтай жырлау, белсенді күрескер биігінен таймау – Ғабиден Мұстафиннің рухани келбеті. Әдетте, жазушынын ізденісі мен өмір жолы көркем шығармасында із қалдырып, ел басынан кешкен тарихи оқиғалар сайрап жатады.

Ол 1902 жылы Қарағанды облысының Тельман ауданында шағын дәулетті отбасында өмірге келді. Талапты бала әуелі ауыл молдасынан оқып сауатын ашады. «Басқа оқу жоқ еді» - дейді ол кейін жастық шағын қынжыла, мұңая еске алып. Кішкентай жүректе жанған шырақ оқу-білім іздетеді, 1916 жылы зауыттағы орысша-қазақша мектептің төртінші сыныбына түсіп, бір жылдан кейін бітіріп шығады. «Қайтып оқуға мұрша болған жоқ» - деп өкінеді кейін жазушы. 1918-1925 жылдары ауылдық кеңестің әр алуан жұмысына араласады. Білімге деген құштарлық Қазақстанның сол кездегі орталығы Қызылордадан оқу іздетеді. Бірақ балалық шағында алған шамалы білім оқу орнына түсуге мүмкіндік бермейді де, жоғарғы сотқа қызметке орналасады. Жазушының өзі айтқандай, көркем әдебиетке деген құштарлығы осы жылдары оянады.

Мен әрдайым бүгінгіні, шамам келгенше – ертеңгіні жаздым. Жазушы, алдымен, өз дәуірінің жаршысы. Мен өз бойымдағы бүкіл дарыным мен күш-қуатымды… халық мүддесіне қалтқысыз, алаңсыз бағыштаған жазушымын. Менің творчествомның өзегі, арқауы, негізі жаңа заман, жаңа адам. Ғабиден Мұстафин мұрасы – 20-40- жылдардағы Қазақстанның көркемдік шежіресі. Жазушы шығармаларынан ескен шындық – дән салмағынан басын көтере алмай, маужырай тербелген қалың бидай мен гүрсілдеген шыңырау шахтаны аралатып, туған өлкеге көз жібертеді – еңбекке толы уақытты, қарапайым еңбек адамын көресіз. Ғабиден Мұстафин жағымды кейіпкерлердің тұтас бір тізбегін жасады. Олар жарқын болашақ үшін батыл күресіп, ел- жұртының арман-тілегі, мүдде-мақсатының орындалуына аянбай ат салысты – азаматтық тұғырдан түспеді.








1. Ғабиден Мұстафин

1.1 Жазушының өмірі


Мұстафин Ғабиден (1902-1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Қазақстанның алық жазушысы, Абай атындағы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Бұрынғы Ақмола облысының Нұра өзенінің жағалауындағы Сарытөбе атты жерде (қазіргі Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданы) дүниеге келген. Ауыл молдасынан ескіше сауат ашып, 14 жасында Спасскі зауытының табельшісінен бір жыл орысша оқып, сондағы орыс-қазақ мектебін бітірген. 20-жылдардан бастап ауылдағы кеңес жұмыстарына араласты.

1925-1933 жылдары білімін көтеру мақсатында Қызылордаға келіп, оқуға түсе алмай, өлкелік сотта іс-қағаздарды тіркеуші болып істеген. Түскен шағымдарды есіне ала отырып, ел ішіндегі заңсыздықтар туралы мақалалар жазуды үйренді. Жазушылыққа деген ұмытылысы да осы кезеңдерде басталды. 1933-1938 жылдары Қарағанды қаласындағы шахтада темір жонушы (токарь), слесарь. 1938-1940 жылдары - «Қарағанды пролетариаты»

(қазіргі «Орталық Қазақстан») газетінің жауапты хатшысы, Новосібірде шыққан «Қызыл Ту» газетінің, «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналының әдеби қызметкері, редакторы. 1940-1948 жылдары – Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналының редакторы. 1953-1957 жылдары Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы, 1961- 1964 жылдары Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағы басқармасының бірінші хатшысы қызметтерін атқарған.

1927 жылы «Жыл құсы» журналында алғашқы «Сәрсен мен Боқаш» тырнақалды әңгімесі жарияланып, 1929 жылы тұңғыш әңгімелер жинағы «Ер Шойын» атпен шыққан. 1940 жылы Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазылған «Өмір не өлім» атты тұңғыш романы жарияланды. Бұл кітап үлкен шығармашылық жолдың бастауын белгілеген ақын еңбегі еді. Соғыс жылдарында «Құлаған құз», «Алынған кек», «Басқа пәле тілден», «Айғақ» (1942), «Тұтқын», «Күлмеген адам», «Керуен» секілді шағын туындылырды өмірге әкелді.

Соғыстан кейін ол кең көлемді прозада қалам тартып, дүниежүзіне танымал бөлган Шығанақ Берсиев өмірінен «Шығанақ» повесін жазды (1945). Ол «Карағанды» (1952), «Дауылдан кейін» (1960), «Көз көрген» (1963) романдарын жазды. Бұл шығармалар идеялық-көркемдік қуатының молдығымен қазақ әдебиетіне зор үлес болып қосылып, жазушыны әдебиеттің аса көрнекті өкілдерінің қатарына көтерді. Ғабиден Мұстафиннің шығармалары көптеген әлем халықтарының тілдеріне аударылып, оқырмандардан өз бағасын алды. Оның шығармалары XХ ғасыр басындағы дүрбелен оқиғалар мен қоғамдағы жаңалықты, ел басынан өткерген ауыртпашылықты кеңінен суреттеуімен құнды. Мұнда ол өзі өмір сүрген дәуірдің панорамалақ суреттерін жасап, қиыншылықтарды жеңе отырып, ілгері ұмытылған қоғамды, ондағы адамдар қарым-қатынасын көркем бейнелеген.

Ғабиден Мұстафин шығармашылық пен қатар қоғамдық-саяси өмірге белсене араласты. Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің мүшесі, 6-шы сайланған КСРО Жоғарғы Кенесінің депутаты, 4-5,8-10 сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

Ол 2 мәрте Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.

КСРО Министрлер Кеңесінің 1986 жылғы 31-ші наурызындағы қаулысымен Алматы қаласындағы бір көшеге, Қарағанды қаласындағы №83 орта мектеп пен Бұқар жырау ауданындағы «Березняки» ауылына белгілі жазушы Ғабиден Мұстафин есімі берілген.

2001 жылы Астана қалалық әкімшілігінің қаулысына сәйкес қалалық мәслихатының 25.12.2001жылғы №132/26-II шешімімен Астана қаласындағы жаңа көшелердің біріне Ғабиден Мұстафиннің есімі берілді.

2002 жылы Қарағанды облысында Ғабиден Мұстафиннің туғанына 100 жыл толуына орай торқалы мерейтойы кең көлемде атап өтіліп, Токаревка кенті Ғабиден Мұстафин кенті болып өзгертіліп, Қарағанды қаласындағы көшеге аты беріліп, жазушының ескерткіш-мүсіні орнатылды.


1.2 Ақынның шығармашылығы


1925 – 1964 жылы Қарағанды шахтасында темір жонушы, «Қарағанды пролетариаты» (қазіргі «Орталық Қазақстан») газетінің жауатты хатшысы, Новосібірде шыққан «Қызыл ту» газетінің, «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналының қызметкері. Редакторы, ҚР Жазушылар одағы басқармасының төрағасы (1953 – 1956, 1962 -1964) қызметтерін атқарды. Алғашқы әңгімесі «Сәрсен мен Боқаш» (1927) «Жыл құсы» альманағында жарияланса, тұңғыш жинағы «Ер Шойын» (1929) деген атпен шықты.

1940 жылы Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазылған «Өмір не өлім» атты тұңғыш романы жарияланды. Бұл кітап үлкен шығармашылық жолдың бастауын белгілеген еңбек еді. Қаламгер алғашқы романынан-ақ қазақ топырағындағы өндіріс тақырыбын қозғады,шы шығармада бұрын жабылып қалған өндірістің Кеңестік кезеңде қайта ашылуы суреттелді. Автор осы жолдағы күресті кейіпкерлер әрекеті арқылы біраз шиеленістіріп, жұмысшы табының бейнесін жасады. Бірақ тартыстың жасандылығы роман кейіпкерлері бейнелерінің әлсіз шығуына, композициясының босаңдығына әсер етпей қоймады. Кейін бұл тақырыпқа қайта оралып, Мұстафин Ғабиден дәуір шындығы мен өндіріс адамдарын суреттеуде едәуір табыстарға жетті. Соғыс жылдарында «Құлаған құз», «Алынған кек», «Басқа пәле тілден», «Айғақ» (1942), «Тұтқын», «Күлмеген адам», «Керуен» секілді шағын туындылары өмірге келді («Жиырма бес», 1953).

Соғыстан кейін ол кең көлемді прозада қалам гаргып, тары дақылынан мол өнім алуда дүниежүзіне танымал болған Шығанақ Берсиев өмірінен «Шығанақ» повесін жазды (1945). Соғыс жылдарында еңсесі түскен елге ерен еңбегі арқылы көмек көрсетіп, демеу болған ақтөбелік диқан Шығанақтан да басқа мұнда енбек адамдарының кесек тұлғалары көрініс тапқан. Шығармада қажырлы еңбектің нәтижелі жемісі сөз етіледі. Ауыр арпалыс нәтижесінде жеткен жаңа өмірдің күрделі де қиын жолын үлкен суреткерлікпен жазады. Бұл өз кезеңінде ұрпақты еңбек сүйгіштікке, табандылыққа, адалдыққа жетелейтін, тәрбиелік мәні жоғары шығарма болды. «Миллионер» повесі (1948) соғыстан кейінгі халық өміріндегі өзгерістерді бейнелеуге арналған. Повесть бірнеше шет тілдерге аударылған (ағылшын, неміс, француз, испан, поляк, чех, болгар, венгр, қытай, т.б.), шынарма желісі бойынша осы аттас пьеса да жазылған. Ол «Қарағанды» (1952), «Дауылдан кейін» ('1960), «Көз көрген» (1963) романдарын жазды. Бұл шығармалар идеялық-көркемдік қуатының молдығымен қазақ әдебиетіне зор үлес болып қосылып, жазушыны әдебисттің аса көрнекті өкілдерінің қатарына көтерді.

Мұстафин Ғабиден шығармалары шетел тілдеріне аударылып, оқырмандардан өз бағасын алды. Мұстафин Ғабиденнің шығармалары 20 ғасырдың басындағы дүрбелең оқиғалар мен қоғамдағы жаналықты, ел басынан өткерген ауырпашылықты кеңінен суреттеуімен құнды. Мұнда Мұстафин Ғабиден өзі өмір сүрген дәуірдің панорамалық суреттерін жасап, қиыншылықтарды жеңе отырып, ілгері ұмтылған қоғамды, ондағы адамдар қарым-қатынасын көркем бейнелейді. Кеңестік дәуір әдебиетінде көрнекті шығармалардың біріне айғалған «Қарағанды» романы (1952) ел экономикасын көтергенөндіріс ошағы мен сол өңірдегі жұмыскерлер, зиялылар турасындағы кең тынысты, күрделі роман. Мұстафин Ғабиден бұл шығармасында «Өмір мен өлім» романының кейбір сюжеттік желісін пайдалана отырып, ұлттық зиялылар қауымының қалыптасу кезеңін нанымды бейнелейді. Кейіпкер тағдырын қайшылықты оқиғалар легі арқылы өткір, ұтымды көрсетіп, адамдар әрекетін уақыт тұрғысынан емес, адамгершілік ұстаным тұрғысынан тануға ұмтылды. Әлеуметтік-психологиясының, терендігімен ерекшеленетін «Дауылдан кейін» романы (1960) 20-жылдардың орта кезіндегі қазақ ауылындағы өзгерістерді көрсетуге арналған. Көркемдік сапасы, шынайылығы, психологиялық сезім күйлерін суреттеудегі шеберлігі, образдарының жан-жақты ашылуы, оқиғаларының күрделілігі жағынан роман қаламгердің елеулі табысы саналды. Шығармадағы өмір шындығы «Көз көрген» романында (1963) отаршылдық пен езгіге қарсы күрес арқылы жалғасын тапты. Өз өмірінен және өзімен тұстас аға буынның басынан кешкен тарихи кезеңдері жайында мағлұмат беретін мемуарлық трилогия жазуды жоспарлаған Мұстафин Ғабиден «Көз көргенді» дүниеге әкелді. Мұстафин Ғабиден шығармаларының негізгі тақырыбы – өндіріс өмірі мен ауыл тіршілігінің тынысы.

Шығармаларының негізгі тақырыбы

Қаламгер туындылары ерекше қуат-жігерге, қуанышқа толы. Мұстафин Ғабиден қаһармандары – өз еңбектерімен тарихи табыстарға жеткен жандар. Олар аға буынның қажырлы рухын, биік мақсаты мен арманын, мағыналы ғұмырын паш етеді. Жомарт, Жанат, Алма секілді жастардың халық алдындағы перзенттік, азаматтық парызды ақтау талабынан туған ізденісі мен махаббатты қастер тұтатын қасиеті – қазіргі ұрпақтың рухани тәрбиесінде жәрдемі болары сөзсіз. Мұстафин Ғабиден шығармаларының елеулі ерекшелігі оның өзіндік стилінде. Ол сөйлемді қысқа құрып, аз сөзге көп мағына береді. Тілі қаралайым да жатық, ұғымға жеңіл, оралымды, ұтымды. Халықтың қанатты, бейнелі сөздерін орынды пайдаланумен қатар өз тарапынан да эткір, ықшам сөз тіркестерін жиі қолданады. Әдеби-сын мақалаларында елдің, ұлттың жайын қозғап, әдебиеттің бүгіні мен ертеңі, дамуы турасындағы тың ой – тұжырымдарын жазды («Ой әуендері», 1974).

Марапаттары

Мұстафин Ғабиден шығармашылықпен қатар қоғамдық-салси өмірге де белсене араласты. Ол 5-ші сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің (1954), 6 – 9 сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1962 – 1978) болды. Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1978). Ол 2 мәрте Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл ту ордендеріменжәне көптеген медальдармен марапатталган.

Мұстафин Ғабиден және Абай шығармашылығы

Көркем сөз жайлы Абай айтқан талап, талғам – өлшеусіз өнеге. Қазақтың жазба әдеби тілінің тарихындағы «қайта өрлеу» дәуірінің басында туру бақыты Абайға біреудің ұсынысы бойынша берілген «мәртебе» емес, уақыт өлшемінен сараланған даналық ойға, ақындық қуатқа, көркемдік даралыққа, әлемдік ой-сана парасатымен бәйгі алаңынан үн қатқан озат ойлы классикті мойындаудан барып қалыптасқан шынайы пікір.Корреспондент мүшесі болған.

Абайдың эстетикалық ойларының негізгі мәні, оның көркемдік туралы ұғым-нанымы айқын белгі беретін «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы…» деген өлеңін еске түсірейік. Өзінің даналық болмысы, сөз енеріндегі даралық сипаты поэзия әлемінде ерекше биіктікке көтерілген Абайдың әдебиетке қояр негізгі көркемдік талғам-талаптарын өлең сөзге байланысты білдіруі занды еді. Абай айтқан талап-тілектердің бастыла- рының бірі көркем шығарманың мазмұнды, идеялы болып келуіне айырықша зер салса, екіншіден, мазмұн мен түрдің үйлесімін қадағалауды, бірлігін сақтауды қатты көздеген.

Өнер әлеміндегі Абайдың осы өнегелік сипаты өзінен кейінгі қазақ әдебиеті үшін тың идея, соны түр, жаңа көркемдік үлгілердің бастау көзі ретінде күні бүгінге дейін мәнін жоймаған, әрқашан бағдар бола беретін құбылыс. Абайдың өнегелік қырларының бағдары сала-сала. Бүгінгі қазақ жазушыларының ішінде одан үйренбеген, оның көркем өнерге қойған талап- тілектерін басшылыққа алмаған ақын-жазушы жоқ десек артық емес. Алайда ол талаптарды бойына сіңіре білу әр жазушының талант-дарынына, зерттей ізденіп, кеңіліне зерделеп тоқи білуіне байланысты. Әдебиеттегі Абай тұлғасының биіктігі, классик өнер туындысын жасай алуы, көркемдік үлгіні ерекше меңгеруімен қатар өзі өмір сурген ортаның, қоғамдық қатынастардың реалистік бейнесін жасай білуінде. Өз заманының мінез-құлқын зерделеп, бүгінгі дәуірі мен кешегі күндерін саралап, болашақ өмірді пайымдап алуында. Қазақтың көрнекті жазушыларының бірі Мұстафин шығармаларында Абай өнегесі, Абай дәстүрі берік орын тепкендігі, жазушының алдына жаңа идеялық мақсаттар қойып, өз дәуірінің көркем бейнесін жасай білуде Абаймен үндестік танытқаны айқын. Ондаған әңгімелері мен бірнеше шағын пьесаларын былай қойғанда, «Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды», «Дауылдан кейін», «Көзбен көрген» сияқты роман, повестері арқылы жазушы қазақ әдебиетінің дамуына, көркемдік жетістіктерге жетуіне мол үлес қосты. Жазушының қатар түзген бұл шығармалары бір-біріне жалғасып жатқан ұлкен көзенді қамти отырып, 20- ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ халқының көркем шежіресін жасады деуге болады.

Осы тұрғыдан келгенде Мұстафин Ұлы ақын дәстүрін, Абай өнегесін бірнеше тұрлі сипатта сабақтастыра алды. Бірінші, Ғ. Мұстафин де Абай сияқты тақырыпты өз дәүірінен, бірге тыныстап, қатар тіршілік жасап жүрген замандастарының іс- әрекетінен, көзімен керіп, бастан кешірген өмір шындығынан іздеп тапты Екінші сөз енері жайлы Абай қойған талап деңгейіне ден қойды. Әр сөздің, әр бөйлемнің көркем құрылуы мен ондағы ойдың терең де мағыналы болып шығуына ерекше назар аударды. Жазушының жоғарыда айтылған шығармаларыныңқай-қайсысында болсын, мақал мәтелге айналып кеткен жолдар аз көздеспейді. Аз сөзге көп мағына беріп, сөйлемді қысқа құруы, тілінің қарапайымдылығы, ұғымға жеңіл, жатық әрі ұтымды, оралымды болып келуі Мұстафинның өзіндік стилін танытады. Халықтың бейнелі, қанатты сөздерін орынды пайдалана отырып, өз тарапынан да өткір, ықшам сөз тіркестерін жасай білген. Абай өлеңіндегі көптеген жолдардың мақал-мәтелге айналып кеткені секілді.

Мұстафин шығармаларында көздесетін: «Біткен іске сыншы көп, піскен асты жеуші көп», «Сыншының бәрі бірдей мінші ме, жеушінің бәрі бірдей енші ме?»,«Өмір егер ащыны бермесе, тәттіні білер ме едік, тәттіні бермесе, ащыны білер ме едік?» «Теңіздей терең халық ішінде алмастай асыл ойлар жатыр»,«Жақсы тәргіп әдетке айналса – ырыс, жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық». «Барды қанағат тұтып, жоқты іздемеу – мешеулік» т.б. тәрізді бейнелі тіркестер қанатты сөздерге айналуы соның айғағы. Кейіпкер образын сомдау барысында портрет жасау шеберлігі де оның өзгеше өнерпаздық қырын айғақтап турғандай. Осының бәрі де – Абай тағылымын өнеге тұтып, Абай дәстүрін сабақтастыра білудің жемісі. Аз сөйлеп, көп толғану тағылымын әбден бойына сіңірген жазушы әдебиет кайлы ойларын да айтуға міндетті тұста ғана сыншыл зерде, биік талғам деңгейінен сүзгіден еткізіп, сығымдап беріп отырған. «Әдебиет – адам енерінің ішіндегі ең ұзақ жасайтындардың бірі» дей отырып, сөз өнері жайлы былайша толғанады: «Әдебиет – ойдың, тілдің жемісі. Алғыр тіл күн шалмағанды шалады, қаранғы көңілге сәуле бере алады, суық көңілді жылыта алады» Осылайша әдебиеттің маңызы, міндеті жайлы, әр көздегі қазақ әдебиетінің белгілі өкілдері, олардың шығармалары туралы толғаныстарын білдіріп отырған. Өзінің әдеттегі жинақы да қысқалықты бағдар тұтатын қалпын сақтай отырып, Ұлы Абай мұрасыжайлы да ойын бір мақаланың аумағында сабақтаған. Абайға арналған «Жұлдызы өлең-жырдың сөнбейтұғын» атты мақаласын Ғ. Мұстафин 1971 ж. Ұлы ақынның жүз жиырма бес жылдық мерейтойына арнап жазған. Жазушының 1978 ж. шыққан «Ой әуендері» кітабында басылып, кейін бес томдық шығармалар жинағының бесінші гомына енгізілген. Мақалада Абайдың әдебиеттегі тарихи орны, ақындық тұлғасы жайлы сыр толғанады. «Әдебиет, шын мағынасындағы әдебиет жойылмайды. Өз тұсындағы қауым тіршілігін, табиғат тіршілігін кейінгі ұрпақтарға, кейінгі қауымдарға жеткізіп беріп отырады. Осының мысалдарын алыстан іздемей-ақ, өзіміздің қазақтың фольклор, эпостарынан немесе Абай шығармаларынан көріп, біліп келеміз» дей келіп, ұлы ақынның шығармашылығындағы ерен үлгі мен жан-жақтылығына, аудармашылық шеберлігіне тоқталады. «Абай шыңы бәрімізден жоғары тұр. Орыстың үлкен әдебиетшілері айтқандай-ақ Пушкинпің, Толстойдың орны бос тұр демекші, біздің Абайдың да орны бос тұр», - дейді жазушы. Абай талантының қайнар көзі, даналық сипатының негізі жайлы ойынбылайша ербітеді: «Әрине, ешбір шың тек өзі ғана тіп-тік шығып көтерілмейді. Шың неғұрлым биік болса, солғұрлым оны қоршаған төбе, шоқылар да көп болмақ. Абайды Абай еткен – алдымен өзінің халқы. Тастақ жерге өсімдік еспейді. Абайды өсіретін ортасы- әріден келе жатқан халықтың мұрасы, Шығыстан, Европадан алған білім нәрлері». Аз сөзге көп мағына сыйдырып айтылған бұл жолдарда тарихи баға, терең түжырым жатыр. Біріншіден, Абайдың өз ортасына, кейінгілерге еткен ықпал, әсері пайымдалса, екіншіден. Ұлы ақынды өсірген құнарлы топырақ, қасиетті орта зерделенеді.


1.3 Ақынның жазған романдарын талқылау


«Миллионер» (1947) романы – кезінде бүкілодақтық сын назарына ілініп, жақсы бағаланған шығарманың бірі. Ол кезде қазақ әдебиетінде мұндай ілтипатқа ілінген туынды бірен-саран ғана болатын. А.Фадеев 1948 жылы: «Қазақ әдебиеті профессионал үлкен әдебиет болып, бүкілодақтық әдебиеттің дәрежесіне көтерілген және сол арқылы дүниежүзілік аренаға щыққан әдебиет», - деп жетістіктер қатарында «Миллионерді» де атап өткен еді.

Бұл шығарманың сонылыгын бірсыпыра өрнектері белгілеген болатын. Ең алдымен, мүнда ауыл өмірін күрт көтеру, еңбек өнімділігін арттыру, колхозды электрлендіру секілді мезгілдің ділгір, жанды проблемалары көтерілген. Колхозда, ауыл шаруашылығында сапалық өзгерістер басқарудың жаңаша тәсілдері керектігі күн тәртібіне мықтап койылған еді. Онан соң қызғылықты адам типтерінің жасалуы, олардың өмірден алынған шыншылдығы батыл суреткерлік ізденісті таныгатын. Мәселен, Жақып сынды колхоздың байырғы, тәжірибелі басшысының бейнесі, оның уақыт талабынан артта қала бастағандығы романда сенімді көрсетілген. Ақырында, «Миллионерлің» тартымды тілі шығармаға өзгеше ажар беріп тұрғанын атап өтер едік, Міне, осы және басқа сипаттары «Миллионерді» сол кездегі көптеген сүренсіз шығармалар қатарынан оқшау, озық көрсетті. Ауыл шаруашылығын өркендетудің көкейкесті мәселелерін күн тәртібіне ерте қоя білгендігінің өзі шығарманың актуальділік мәнін арттырған. Кейінірек, 50-жылдарда орыс совет жазушысы В.Овечкин колхоз құрылысында орын тепкен кейбір олқылықтарды талдап, өте пайдалы ойлар айтқанын білеміз.

Бұл шығармадан Ғ.Мұстафиннің суреткерлік даралығы, көркемдік тәсілі, қаламгерлік мәнері айқын танылды. Әсіресе, ол өмірдің романтикасын, анық, айқын мінезді, қаһармандарды, олардың іс-әрекетінің дәйектілігін көрсетуді мақсат тұтады. Шығанақтар, Жақыптар, Жомарттар алған бетінен қайтпайтын, тегеурінді, арман жолында барлық ақыл, қайратын жұмсайтын жандар болып сипатталады. Бұл – қаһармандар бойына тартымдылық, істеріне өршілдік нышан дарытады. Кейіпкерлер өмір байланыстарының кең айдынында емес, белгілі түйінді, жолайрық тұстарында, мінез ерекшелігі ашылмай қоймайтын ситуациялар үстінде әрекет етеді. Өмір процесінің өзін емес, нәтижесін, сол процесс туралы бастауыш ойды көрсету романтик жазушылардың қаламына хас әдіс болатын. Озық совет адамдарына тән ұдайы аліа ұмтылушылықты, қол жеткен табысты місе тұтпай, асаналық іздеушілікті суреттеу жазушыны көркемдік тәсіл асағынан романтиктермен үндестірген. Өзінің творчестволық лабораториясын сөз еткен мақалаларында Ғ.Мұстафин асазушылық өнерде ұстаз тұтқан есімдерді, өмір фактілерін асинақтау принциптерін аңғартқан. Сол пікірлер оның күллі сурегкерлік өзгешелігін түсінуге кілт секілді. «Ой әуендері» (1978) деп аталған мақалалар жинағында автор өте қызғылықты тұжырымдар жасаған. Қаламгердің бір ғана шыгармасында емес, барлық туындыларында да жетекшілікке аліан принципі айтылғандықтан, біз осы кітаптан ұзақ та болса үзінді келтіруді жөн көрдік:

«…Түптеп келгенде, шығарманың тағдырын шешетін -ой. Ой деген қисапсыз көп, шексіз үлкен. Сол көптің ішінен таңдай білші! Сол үлкеннің шетінен бойына шақтап ала білсе, жазушы сәтті бір қадам алға басқаны. Ойларға мен тек социализм тұрғысынан қарадым. Неғұрлым социализмді жақтаған, оны жасаушыларға жәрдем еткен ой солғұрлым күшті, әрі әдемі көрінеді маған. Сондықтан үлкенді-кішілі еңбектерімнің бәрі совет жерінде болып жатқан ғажайып озгерістерді, қазақ халқының арманын, әрекетін бейнелеуге ариалды. Бейнелеу тіпті қиынға соқты. Дүчие – дүние, әдебиет – әдебиет болғалы біздегі өмір, біздікіндей кауымды білмеген скен. Тарих үлгі түгіл нобай, жол түгілі сүрлеу тауып бере алмады. «Өмір не өлім» романын жазғанда менщ аласұрған ойым совет қауымына теңеу таба алған жоқ, әйтеуір совет адамдарынан барлық адамдардан жоғары қоюды көздеді… Табысым мейлі таудай, мейлі теңгедей болсын, барын Гюго мен Горькийге бағыштадым. Ақылды, сабырлы, ер, шешен адамдардың тұлғасын сол екеуі көрсетті. Сөз іздеуім «Шығанақтың» тұсында басталды. Бұл кезде халық қалыптастырған дайын сөздерге, эпосқа құмарттым. «Миллионер» мен «Қарағандыда» күшімді салдым. Әдейі жолсызбен, сонымен жүріп жол алмақ болдым. Барды ғана айтып қоймай, жоқты да айтса, болғанды ғана айта бермей, болашақты да айтса, соларды айтуға лайық тіл тапса деген мақсат тұрды алда. Осы мақсат «Аманкелді» сияқты колхоз, Жомарт сияқты председатель жасауға апарады. Екеуі де сол кезде жоқ-ты, кейін болды. Ахмет ұста әлі жоқ. Бірақ сөзсіз болады» (207).

Ғ.Мұстафин суреткерлігін танығысы келетін зерттеуші немесе оқушы бұл сөздерге ой жібермеуі мүмкін емес. Француздың ұлы жазушысы, адам намысының жаршысы Виктор Гюгоның әсірелеп көрсететін дәстүрін қазақ жазушысы өз творчествосында нысана етіп алғанын көреміз. Болғанды ғана емес, болуға тиістіні айту, сендіру күшінің молдығы, талдау орнына дәлелдеу… Бұл сипаттар совет әдебиетінің ізденгіштік пафосын білдіреді, суреттеу құралдарының алуан түрлі екендігіне к

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!