Ғабит Мүсірепов - ерліктің жыршысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғабит Мүсірепов - ерліктің жыршысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиетінің гүлденуіне зор әрі жарқын үлесін қосқан халықтың біртуар азаматы Ғабит Мүсірепов 1902 жылдың 22 наурызында, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді. Ғабит Мүсірепов – 20 ғасырда дүниеге келген М. Әуезов, Ш. Құдайбердіұлы, Ж. Жабаев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов сияқты қазақ халқының ұлы жазушыларымен терезесі тең тұрған аса көрнекті қаламгер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ғабит Мүсірепов - ерліктің жыршысы

Қазақ әдебиетінің гүлденуіне зор әрі жарқын үлесін қосқан халықтың біртуар азаматы Ғабит Мүсірепов 1902 жылдың 22 наурызында, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді. Ғабит Мүсірепов – 20 ғасырда дүниеге келген М. Әуезов, Ш. Құдайбердіұлы, Ж. Жабаев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов сияқты қазақ халқының ұлы жазушыларымен терезесі тең тұрған аса көрнекті қаламгер. Керемет прозаик, тілі тартымды шебер суреткер, классикалық әңгімелердің, публицистикалық очерктердің, повестер мен романдардың, пьесалар мен трагедиялардың авторы атанған қаламгер туған халқының көркем әдебиетінде өшпес із қалдырды. Жазушы өзіндік талантымен, тіл көркемдігімен, шебер шығармашылығымен халық арасында әрқашан үлкен құрметке ие болған. Жазушы дүниежүзі әдебиетінің, әсіресе орыс әдебиетінің классиктерінен үйрене жүріп, халықтардың рухани байланысын нығайтатын аударма саласында да сіңірген еңбегі мол. Көркем аудармада М.Горький, М. Шолохов, У.Шекспир, А. Сафронов, тағы басқа қаламгерлер пьесаларын қазақ тілінде сөйлетті.

Ғабит Мүсірепов -ұлттық сөз өнері тарихындағы зор түлға. Оның әйгілі әңгіме, пьеса, романдары ел өмірінің ең елеулі кезеңдерін бейнелейді. Ерліктің жыршысы. Оның каламынан шыққан ана тақырыбындағы шығармалары қазақ әдебиетінде бөлек орын алады. Автордың «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы», «Ер ана», «Ұлпан» новеллалар мен повестерінің өзіндік ерекшеліктері айрықша көрінеді. Олардағы ана бір жағынан шындық, әділдік үшін өмірдің әртүрлі қиындықтарына қарсы тұрып, кедергілерді жеңе білетін, қауіптің алдында қорқып иілмейтін, өршіл, батыл адам болса, бір жағынан мейірлі де нәзік, қамқор жан болып бейнеленеді. Әсіресе, әйел ерлігі айрықша айқындалады, батыл, қайсар, ержүрек кейіпкерлер жиі көрініс табады. Мысалы, «Ашынған ана» новелласының басты ойы ананың баласына деген махаббаты мен оны қорғауға, қамқорлауға деген талпынысын жеткізу. 1916 жылы Қапия атты ананың жалғыз баласы қара жұмысқа алынып, ана қалай болса да баласын аман алып қалуды шешеді. Өз жолында ана қолынан келген бар айла амалды қолданады, көп азап шегеді, абақтыда қамалады, бірнеше адмаға пышақ та жұмсайды, бірақ, баласына деген сүйіспеншілігі мен өшпенділігі оның жігерін тайдырмай, ақыр соңында орасан зор ерліктерге алып барады.

Жазушы шығармаларында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, арман-аңсарын, жаңа заман өзгерістерін аса көркемдікпен бейнелейді. Ғабит Мүсіреповтің көптеген туындыларында қазақ даласында төңкерістен кейінгі болып жатқан саяси-әлеуметтік оқиғалар да көрініс тапты. Ел өмірінде орын алған саяси күрес, оның халық тағдырына әсері, соғыстың жексұрындық сипаты көрініс табады. Ұлы Отан соғысы тақырыбына арнап жазушы қаламынан «Қазақ солдаты» романы шықты. Романдағы халықтар достығының, патриоттық сезімнің, жауынгер өмірінің суреттелуі, көркемдік ерекшелігі, ұлттық құндылықтар сипаты ерекше орын алады, Кеңес заманында туып-өскен адамның өсу, жетілу жолы басты мәселе болып баяндалған. Жауынгердің батырлық мінезі, азаматтық бейнесі, адамды танып-білу сияқты қасиеттері қалыптасты,  Отан алдындағы азаматтық борышты өтеу үшін майданға аттанған Қайрош бойындағы қорқынышты жеңе білді. Сол кезде бейнеленген соғыс алаңы, жауынгер рухы, Отанға деген махаббат, туған елге деген сағыныш бір-бірін толықтырып, ерлік пен асқақтықты, ауыл баласының ерік-жігерін көрсетеді.

Жазушының шеберлік жолындағы ізденісінің айқын ізі -нені айтқанынан көрі, қалай жеткізгендігі. Көзге көрінбес адам жанының құпиялы тереңіне тартқан нәзік жол – жазушының көркемдік әлеміне жетелеген сапары. Басқан жол ұзарған сайын – шеберлік жолы да күрделене, түрлене түседі. Ғабит Мүсірепов шығармаларынан біз осындай көркемдікті сезінеміз,биіктікті байқаймыз. Ол- жазушының азаматтық,рухани биіктігі. Ол-өз кейіпкерлері арқылы өшпес өмірге өткен жазушының тағдыры деп білеміз.



Қами Айша

«Амангелді атындағы орта мектеп» КММ















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.05.2022
542
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі