Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы
Сабақ жоспары
Пән оқытушысы: Мұхат Перизат Рүстембекқызы |
||||
Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы 11 Қатысқан оқушы саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы |
Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы |
|||
Сабақтың мақсаты |
*Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, көркем оқу шеберлігін, тілін, ой-өрісін дамыту. Қорытынды ой түюге үйрету. Сонымен қатар адамгершілікке, бауырмалдыққа баулу, достыққа, ұйымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.* Ғабит Мүсірепов шығармаларын талдай отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Ғабитті жан-жақты таныту; * Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту. Сөздік қорын молайту және тіл дамыту. *Екінші дүниежүзілік соғыс - Ұлы Отан соғысының қазақ еліне алып келген қасіретін айту. Сол арқылы бейбіт күнді, тәуелсіздікті бағалауға шақыру; * «Қазақ солдаты» романы арқылы студенттерге достықты, адамгершілікті құрметтеуге шақыру. Қайроштың (Қайырғали) өмірі арқылы жетімдер үйін суреттеу. Достыққа адал болуды үйрету; *Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардың ерлігі, қайсарлығы жайлы айтып, оқушыларды елін сүюге, батыл болуға баулу; * Мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту. |
|||
Оқып үйренудің нәтижесінде |
* Жазушы шығармашылығымен танысып, оны өзге жазушылардың шығармаларынан ажырата алады. * «Қазақ солдаты» романын оқу арқылы елін, жерін, Отанын сүюді, халқын құрметтеуді үйренеді. * Оқушылардың сөздік қоры молаяды. * Оқушылардың тіл байлығы дамиды. * Оқушылардың ой-қиялы дамиды. * Әдептілік, ұстазын сыйлау, адамгершілік, достықты сатпау сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. |
|||
Үйрену мақсатында бағаны қоса бағалау |
* Табыс критерий арқылы оқушыны үнемі бағалау * Зерттеудегі өзіндік үлесін бағалау * Тақырып нәтижесінің нақтылығын бағалау * Шығу парағы (қол соғу, марапаттау арқылы бағалау) |
|||
Әдіс-тәсілдер |
* «Менің Отаным» тренингі. Оқушыларды сергітіп, көңіл-күйлерін көтеру; * «Түрлі түсті қағаздар арқлы топқа бөлу» әдісі. (Үстелдің үстіне төрт түрлі түс қойылады. Оқушылар қағазды таңдау арқылы төрт топқа бөлінеді). Қызыл түс – «Мейірім» тобы, жасыл түс –«Қайсар» тобы, сары түс – «Шапағат тобы», күлгін түс – «Достық» тобы. Қағаздың артында төрт түрлі тапсырма беріледі; * «Постер қорғау» Әр топ өзіне берілген тақырыпты 5-минутта ашып, түсіндіру; * «Зымыран сұрақ» әдісі. Өтілген тақырыпты қайталау мақсатында студенттерге 10 сұрақ оқылады, олар тез арада «иә» немесе «жоқ» деп, дәптерлеріне жазу керек; * "Сөзжұмбақ" әдісі (өткен тақырыпты қайталау мақсатында жаңа тақырыпты ашу ). «БББ кестесі» әдісі (Білемін, Білдім, Білгім келеді). Студенттердің білімін тексеру. 1-Білемін: Жаңа тақырып жайлы не біледі; 2-Білдім: Сабақ барысында не білді; 3-Білгім келеді: Тақырып жайлы не білгісі келеді; «Аристотель шеңбері» әдісі. Жаңа тақырыпты игеру мақсатында студенттер тақырып жайлы нені меңгергенін бір-біріне түсіндіреді және айтады; «Көңіл-күй букеті» әдісі. Сабақты қорытындылау мақсатында қолданылатын әдіс. Гүл күлтешелеріне бүгінгі сабақтан қандай әсер алды, не қызық болды, нені түсінбегені жазады «Өзін-өзі бағалау парағы» әдісі; |
|||
Алдыңғы білім |
Сәбит Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы |
|||
Жоспар |
||||
|
||||
Сабақ кезеңдері |
Оқытушының іс-әрекеті |
Студенттің іс-әрекеті |
Ресурстар |
|
Қызығушылықты ояту ( 30 мин) |
І. Ұйымдастыру кезеңі (2мин) *оқушылармен амандасу; *топты түгендеу; *оқу құралдарын тексеру *сыныптың тазалығына көңіл бөлу *оқушылардың зейінін сабаққа аудару * «Менің Отаным» тренингі. 1.Егер сіздің досыңыз болса, көршіңіздің басын сипаңыз; 2.Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өзіңіздің басыңызды сипаңыз; 3.Егер сіз итті жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз; 4.Егер сіз өз оқу орныңызды жақсы көрсеңіз, аятарыңызбен топырлатыңыз; 5.Егер сіз Отаныңызды жақсы көрсеңіз, алақаныңызды соғыңыз; ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Постер қорғау * 1-топ: Сәбит Мұқановтың өмірі * 2-топ: Сәбит Мұқановтың шығармашылығы * 3-топ: «Сұлушаш» поэмасы * 4-топ: «Сұлушаш» поэмасындағы достық тақырыбы «Зымыран сұрақ» әдісі
Кері байланыс. Өткен тақырыпты қайталау Сөзжұмбақ Сөзжұмбақ жаңа тақыпты ашу мақсатында жүргізіледі: 1. М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні» шығармасындағы басты кейіпкердің есімі кім? 2. Сұлушаштың жанына жақын, жақсы көретін жеңгесінің есімі? 3. Алтайдың астындағы тұлпары қалай аталады? 4. Ботагөздің әкесінің есімі кім? 5. Алғаш рет «Жұмбақ жалау» деген атпен шыққан С.Мұқановтың шығармасы, кейіннен қалай аталды? |
І. *мұғаліммен сәлемдеседі; *оқу құралдарын дайындайды; *зейіндерін сабаққа аударады. ІІ. Оқушылар дәптерлерінен және тақтада үй жұмыстарын көрсетеді, жұмыстар талданады, ауызша сұралады. |
Қазақ әдебиеті. 11-сынып оқулығы (жаратылыстану-математика бағыты) |
|
Мағынаны тану (45 мин) |
ІІІ. Жаңа сабақ: - Сонымен, оқушылар, біздің сөзжұмбағымыздың жауабы өздеріңіз көріп отырғандай "Ғабит" болып табылды. Қазақтың ұлы жазушыларының бірі – Ғабит Мүсірепов жайлы білеміз ғой, иә? (Оқушылар өз жауабын айтады). - Иә, Ғабит Мүсірепов белгілі жазушы, ғалым, зерттеуші. Біз бұл жазушымен, шығармашылығымен мектеп кезінен бастап таныспыз. Олай болса, Ғабит Мүсірепов жайлы не білеміз соны кестеге толтырайық. (Студенттер «БББ кестесін» толтырып, ауызша айтады) - Жарайсыңдар! Енді бүгін біз Ғабит Мүсіреповтың өмірі жайлы шығармашылығы жайлы, сонымен қатар «Қазақ солдаты» романы жайлы білетін боламыз. Ендеше слайдқа көз жүгіртсек (Слайд көрсетіледі). «Ізінен аңыз ергеннің» бүгінгі кейіпкері – Ғабит Мүсірепов. Жазушы, драматург. Ұлттық Ғылым Академиясының академигі. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. «Социалистік Еңбек Ері» атағының иегері.Мүсірепов әр жанрда жалпы саны 500-ден астам шығарма жазған. Жазушының шығармалары әлемнің 34 тіліне аударылған.Ғабит Мүсірепов – қазіргі Солтүстік Қазақстан өңірінің тумасы.Азан шақырып қойған аты – Ғабде әл-Ғабит. Немесе, кей деректер бойынша, Ғабдул-Ғабит. Араб тілінен аударғанда «Құдайдың құлы» деген мағынаны білдіретін көрінеді. Анасының аты Дина да, әкесінің аты – Махмұт. Отбасында жеті баланың біреуі. Хамит, Сәбит, Баязит, Қажым, Әшім деген бауырлары, Гүлсім есімді жалғыз қарындасы болған. Жазушының әкесі Махмұт шаруаға мығым, өз ісіне берік жан болған көрінеді. Қиын-қыстау күндерде де тұңғышы Хамитті жалшылыққа бермей оқытқан. Бірақ, Ғабең Сәбит ағасымен бірге бір кездері жалданып жұмыс істеп, сиыр баққан. Оқуды ауыл молдасының алдынан бастап, одан кейін Орынбор барып, бірнеше оқуды тауысқан. Ғабит Мүсірепов шығармашылығындағы ең негізгі тақырыптардың бірі – Ана және Әйел тақырыбы. Жазушы Максим Горькийдің шығармаларын ерекше ілтипатпен қабылдағанының бірден бір дәлелі, «Адамның анасы», «Өлімді жеңген ана», «Ана кесімі айнымайды» деген әңгімелерін қазақ тіліне аударған. Ал өзі «Ұлпанды» айтпағанның өзінде, «Ананың анасы», «Ананың арашасы», «Ашынған ана» сынды кереметтей туындыларды дүниеге алып келді. Ғабит Мүсірепов жазушы Сәбит Мұқановпен бір топырақтан. Қос тарланның достығы да ерекше болған көрінеді. Сонау жиырмасыншы жылдардың басында аудандық милицияда жұмыс істеп, қаталдығымен көзге түсіп қалған Ғабитті Орынборға барып оқуға үгіттеген де Сәбит Мұқанов көрінеді. Сонымен қатар, Сәбит Мұқановтың атын «Сәбит» деп Ғабит Мүсіреповтың аттас бауырының құрметіне қойған екен. Сонымен қатар Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсірепов құда болған. Мұқановтың Арыстан деген ұлы Мүсіреповтің Ғалия деген қызын алады. Сөйтіп екі отбасы оданда жақын араласады. Мүсіреповтің алғашқы романы – “Қазақ солдаты”. 1945 ж. “Қазақ батыры” деген атпен жарық көрген повесін жазушы өңдеп, толықтырып, 1950 ж. қайта жариялады. Осы шығармаға байланысыты видеролик тамашалайық. («Қазақ солдаты» романы жайлы видео көрсетіледі) Бұл шығарма бүкіл қазақ әдебиетінің проза саласында 2-дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды және қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбында жазылған таңдаулы шығармалардың санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек болды. Романның басты кейіпкері – Қайрош Сарталиевтің прототипі Қайырғали Смағұлов 1941 – 45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Соғыс кезіндегі халықтың басқыншыларға қарсы патриоттық сезімі мен күресін шынайы бейнелеген романда жазушы өзіндік шығармашылық өрнекпен отты жылдардың көркем шежіресін жасады. Нақтылы кейіпкерлердің жинақталған бейнесі арқылы бүкіл халықтың, елдің ерлік бітімін көрсетті. Орта Азия елдерінен соғысқа 3 миллион жауынгер қатысса, соның 1 миллион 366 мыңы қазақстандық. Ал соғысқа аттанған қазақстандық жауынгердің әрбір екіншісі майдан даласында қаза тапқан. Қазақ батырлары жайлы не білесіздер? Биыл Ұлы Жеңіске қанша жыл?
(Оқушылар өз жауаптарын береді) “Оянған өлкенің” заңды жалғасы болып табылатын “Жат қолында” (1984) романы 30 жылдан соң жарық көрді. Бұл кітапты өз алдына дербес шығарма деуге де болады. Өйткені романда суреттелген өмір кезеңі де жаңа, кейіпкерлері де соны. Роман өндіріс ошақтарын ағылшындар мен француздардың билеп-төстеуі мен сол тұстағы (19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басы) халық тұрмысын тарихи тұрғыдан терең бейнелеуімен, Орталық Қазақстан өңіріндегі әлеум. өмірдің шындығын кең ауқымда байыпты түрде суреттеуімен құнды. Жазушы бейнелеп отырған дүбірлі оқиғаларға толы тарихи мезгіл сол тұста өмір сүрген жекелеген адамдардың сомдалған тұлғалары, сан алуан әрекеттері, тағдырлары арқылы оқырманның көңіл айнасынан өтіп, көз алдына елестеп отырады. Көлемді романдармен қатар Мүсірепов прозада шағын жанрды да дамыта түсті. “Автобиографиялық әңгіме” (1956), “Этнографиялық әңгіме” (1956), “Сөз жоқ, соның іздері” (1962), “Өмір жорығы” (1963), “Айгүл қойшының бір күні” (1964), “Айжан қойшының түндері”, “Бірінші фонтан”, “Қыран жыры” (1967), “Жапон балладасы” (1967), тағы басқа шығармаларында сан түрлі мәселелерді көтеріп, әрқилы образдарды жасады. “Арқаның, Көздің, Тастың әңгімелері” арқылы, ондағы көркем бейнелер негізінде адамзатқа шексіз қайғы-қасірет әкелуші адамдарды әшкереледі. Оның “Кездеспей кеткен бір бейне” повесі (1966, ҚР Мемл. сыйл., 1970) – классикалық шығарма. Повесть Мүсіреповтің шынайы сөз зергері ретіндегі қаламгерлік қарымын, талант қуатын танытты. Қара сөзбен жазылған поэма іспетті бұл шығармада азаматтық ерлік пен ақындық асыл өнер, адамгершілік биіктік пен махаббат терең лиризммен әсем өрнектелген. Адам бейнесін, мінез-құлқын, іс-әрекетін әдемі штрих-детальдармен беруде жазушы ірі көркемдік табысқа жеткен. Бас кейіпкер Еркебұланның жігерлі тұлғасы, оның рухани әлемінің алуан сырлары көркемдік бояумен әсем өрнектелген. Оның прототипі ретінде ақын Сәкен Сейфуллин алынған. Терең лиризммен, сан түрлі сезім толқындарымен тебірене жырланған Еркебұлан бейнесі қазақ әдебиетіндегі ұнамды образдар қатарын байытып, сөз өнерінде үлкен жетістік саналды. Қаламгердің көп ізденіс, үлкен дайындықпен келген образы – Ұлпан бейнесі (“Ұлпан” романы, 1974), ол – қазақ әдебиетіндегі қайталанбас, оқшау тұрған әдеби образ. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, эстетикалық әсер-күшінің молдығымен көрінетін Ұлпан бейнесін жасауға жазушы өмір бойы іштей дайындалып, көп ізденіп, толғанғаны байқалады. Ол күнделігінде: “Менің ойымда Ұлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым – ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі, есейген кезі, мінезі, мейірімі, тағысын тағы.” деп жазды. Шығармадағы Ұлпан мен Есеней ойдан шығарылған образдар емес, тарихта болған адамдар. Сонымен қатар туынды арқауына алынған 19 ғасырдың 2-жартысындағы қазақ халқының әлеуметтік-тарихи өмірі тарихи жан-жақты зерделеніп, іріктелген оқиға, мәліметтер. Мүсіреповтің драматургия саласына сіңірген еңбегі де орасан зор. Оның “Қыз Жібек” (1934), “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” (1939), “Ақан сері – Ақтоқты” (1941) пьесалары лиро-эпостық жырлар негізінде туындаған. Фольклорлық шығармалардың идеялық, тақырыптық желісін сақтай отырып, ол тың өрнекті дүниелер жасады. Жазушы пьесалары қазақ театры репертуарынан тұрақты орын алды. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” ұйғыр, корей театрларының сахналарында, Украинадағы Винницкий театрында және Мәскеу қаласындағы театрларда, Франциядағы Нанси қаласы театрында (1984) қойылды. Бұл спектакль Парижқаласында өткен театр фестивалінде 1-орын алды (1981). Мүсірепов сондай-ақ “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” сияқты опера либреттоларының да авторы. Ол тарихи тұлғалар өмірінен “Амангелді” (1939), “Ақан сері – Ақтоқты” (1942), “Болашаққа аманат”, “Қыпшақ қызы Аппақ”, “Қайран Майра” атты драмалық шығармалар жазды. Мүсірепов драматургиясы шиеленіскен әлеуметтік тартысқа құрылған, қимыл-әрекеттері ширақ, диалогтары дәлме-дәл, монологтары ақындық пафоспен рухтанған серпінді, тілі құнарлы да бейнелі: осы қасиеттер кейіпкерлер характерлерін терең ашуда қолайлы қызмет атқарған. Сценарийін Б.Майлин, В.Ивановпен бірігіп жазған “Амангелді” фильмі (1938) қазақ кино өнерінің алғашқы баспалдағы саналса, “Махаббат туралы дастан”, “Қыз Жібек” (1970) фильмдері қазақ кино өнерінің алтын қорынан орын алған туындылар. - Слайдтан біраз мағлұмат алдық деп ойлаймын, оқушылар. Олай болса, келесі тапсырмамызға кезек берсек. «Аристотель шеңбері» әдісі 5-7мин уақыт аралығында 1-топтың студенттері 2-топқа, 3-топтың студенттері 4-топқа бір бірден студент жібереді. Келген оқушы бүгінгі сабақтан не түсінді, соны отырған топтың студентіне айтып түсіндіреді. Айтып болған соң, тыңдаушы не ұққаны жайлы айтады. - Міне, "Аристотель шеңбері" әдісі аяқталды, орнымызға жайғасайық. Сонымен Ғабит Мүсірепов жайлы не ұқтық? (Оқушылар өз жауаптарын ортаға салады) - Иә, дұрыс айтасыздар, құрметті студенттер. Ғабит - қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері, аудармашы. |
ІІІ. Берілген тапсырмалар бойынша оқушылар дәптерлерінде жеке жұмыстар жүргізеді және тақтада қорғайды |
Қазақ әдебиеті. 11-сынып оқулығы (жаратылыстану-математика бағыты) |
|
Ой қозғау ( 15 мин) |
IV. Сабақты бекіту мақсатында төмендегі сұрақтармен жұмыс жүргізіледі: - Өте жақсы. Біз қазақтың халық жазушысы Ғабит Мүсірепов туралы, оның өмірі мен шығармашылығы туралы біршама мәлімет алдық деп ойлаймыз. Енді осы сабақтан қандай әсер алдыңыздар? Нені ұқтыңыздар? Көңіл-күйлеріңіз қалай? Соны гүл күлтешелеріне жазып, «Көңіл-күй букетіне» орнықтырсаңыздар. (Оқушылар біртіндеп шығып, гүлдерді жапсырады) - Өте жақсы, балалар.Сіздердің жауаптарыңызды, келер сабақ оқып талқылаймыз. Енді «БББ кестесінің» соңғы бағанынын толтырайық. (Оқушылар «Білгім келеді» бағанын толтырды) "Өзін-өзі бағалау парағы" арқылы қорытындылау. Ең жоғары ұпай 5
|
IV. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді, жауаптары талданады |
|
|
Бағалау (1-2 мин) |
Қарастырылған тақырып бойынша бағаланады (табыс критерий арқылы, зерттеудегі өзіндік үлесі, тақырып нәтижесінің нақтылығы, шығу парағы(қол соғу, марапаттау) арқылы бағалау |
|||
Үйге тапсырма (2-3мин) |
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығын оқу, «Қазақ солдаты» романын оқып келу |
Пән оқытушысының қолы: ________________

