Материалдар / Гаджет және бала

Гаджет және бала

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2024
94
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Бекітілді:

Пәні:

Тәрбие сағаты

Педагогтің аты-жөні:

Түзелбек Е.Д.

Күні:

15.01.2024 жыл

Сыныбы: 8

Қатысушылар саны: / Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Гаджет және бала»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

Білімгерлер  өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

Білімгерлерге интернет туралы толық ой қалыптастыру,білімгерлерді тапқырлыққа, ізденімпаздыққа шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;


Құндылықтары:

Оқушыларды бір – біріне  деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация, суреттер

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.


7 мин.


Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!

Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,
Компьютер дүние кілті бүгін де,-демекеші, заман талабына сай әрбір адам компьютер мен интернеттің қыр сырын білгенге не жетсін.



Психологиялық ахуал орнатады

Үш шапалақ.



Ұжымдық жұмыс.


5 мин.


Бұл әлемде интернетке кірмейтін адам мыңның бірінде ғана шығар. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы интернетке кіреді. Яғни интернеттің маңызы зор. Интернетсіз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар интернетке тәуелді болып барады. Адамзат баласы кем дегенде күніне 1 сағатын Интернетте өткізетіні белгілі.  Өзара байланыстырылған миллиондаған компьютерден құралған біртұтас ақпараттық кеңістікті  Интернет деп атайды. Интернет – ағылшынша Internet – желі аралық байланыс дегенді білдіреді. Ол бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.


Ақпаратты тындайды


Өз-өзін бағалау

Интербелсенді тақта








Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.


Топтық жұмыс.

15 мин.



Кестеге назар аударады

Ауызша бағалау.


Дәптер, қалам

Психологиялық тренинг.



Шарты: Сайысқа қатысып отырған топ оқушылары өздеріне қалаған қарандаш түстерін таңдайды. (Сары, қызыл, жасыл) Сіздің таңдаған түстеріңіз сіз туралы көп мәліметті беріп тұрады.


Сұраққа жауап береді

Өзін-өзі бағалау.


А4 қағаз.




7 мин

"Компьютердің пайдасы мен зияны" (пікір - талас) ойыны

Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады
1. Алысты жақындату
2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3. Сана-сезімді жоғарылату.
4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.
9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;
10. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;
Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды.

Компьютерге тәуелді болу белгілері:

1. Тамақты, шайды компьютер алдында ішесің.

2. Сабақты компьютердің алдында орындайсың.

3. Компьютердің алдында түнімен отырасың.

4. Сабаққа бармай компьютермен ойнағың кеп тұрады.

5. Үйге келген бойдан компьютердің алдына отырасың.

6. Бір сәтке компьютерің бұзылып қалса көңілің түсіп, не іспен айналысарыңды білмей ашуланасың.

7. Компьютермен жұмыс істеуге тиым салған адамға қарсы шығып, ренжіп ашуланасың.


Сұраққа жауап береді

«Google» тобының және  «Yandex» тобының спикерлері пікір талас жүргізеді:

Үш шапалақ әдісі

Дәптер


Қорытынды

Бала теледидарды шамадан тыс көрсе, смартфонға үйір болса, бұл оның көру функциясының дұрыс қалыптаспауына себеп болады. Мысалы, 1-2 жасар бала ұшып келе жатқан допты қаға алмайды. Ол түсінікті. Ал 3-4 жастағы бала олай істей алмаса, қауіпті белгі болып саналады. Мұндайда бала ебедейсіз, қопал, баяу қимылдайды деп ойлаймыз. Шын мәнінде ол кеңістіктегі заттарды көрмей тұрған болуы да мүмкін.

Бала мультфильм қарап отырғанда, оның тек бір сезім мүшесі жұмыс істейді. Тез ауысатын кадр, жылдам жыпылықтайтын сурет баладағы бүкіл анализаторды сөндіреді. Мұндайда нейрокоррекция қажет.

Сонымен қатар бала мультфильмдегі сөздерді мағынасын түсінбей қайталай берсе, толық айта алмаса, ал өмірде өз бетінше аз сөйлесе, бұл да зиян. Бұдан бөлек экран алдында көп отыратын бала әлдебір дүниені саусақпен көрсету қабілетін жоғалтады. Мұндайда дефектологқа немесе нейропсихологқа жүгіну қажет.

Гаджетке үйір болып кетті деп, балаға ұрсып, қолындағы смартфонды тартып алсаң, бала неврозға ұшырауы мүмкін. Себебі үлкендердің іс-әрекеті оны ызаландырып, агрессия көрсетуіне жол беріп тұр. Әрине, барлық бала мұндай реакция танытпайды. Бірақ осындай жағдай байқалса, психологтың көмегі керек.

3 жасқа дейін балаға гаджет ұстатпаған дұрыс, теледидарға да үйір етпеген жөн. Жеті жасқа дейін бала көп қозғалып, денесінің мүмкіндігін зерттейді, сыртқы әлемді ойын арқылы қабылдайды. Бұл кезең бала үшін өте маңызды. Себебі баланың интеллекті қозғалу арқылы дамиды. Ал экран алдында ұзақ отыратын баланың қимыл-қозғалысы азаяды.




Сабақтың соңы.

Рефлексия

6 мин.

«Тілек шоғы» әдісі


Кері байланыс жасайды






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ