Материалдар / Ғафу Қайырбеков
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

Ғафу Қайырбеков

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғафу Қайырбеков туралы мағлұматтар
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ғафу Қайырбеков[өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет



Қайырбеков Ғафу

Дүниеге келгені:

1928 ж. тамыздың 15(88 жас)
Қостанай облысыТорғай

Қайтыс болғаны:

1994

Мансабы:

Ақын, жазушы

Ғафу Қайырбеков(15 тамыз 1928 Қостанай облысыТорғай) – 1994) – ақын.

Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1952). Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия редакциясын басқарды, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі болды.

  • 1968—1973 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында жетекшілік етті.

  • 1973—1989 жылдары «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. Өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағының ақындар қауымдастығының президенті болды.

  • 1954 жылы оның «Құрдастар» атты тырнақалды жинағы жарық көрді. Содан бері қырықтан астам кітабы шықты.

«Дала қоңырауы» (1956) поэмасы, «Жер астындағы жұлдыздар» (1965), «Қанатты жылдар» (1973) сияқты жинақтарын, «Беласар» атты қос томдығын оқырман қауым ілтипатпен қабылдады. «Жұлдызды тағдырлар» атты өлеңдер жинағы үшін ақынға 1980 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.

РудакидіңБайронныңПушкинніңЛермонтовтың, Некрасовтың, ШевченконыңМақтымқұлыныңЛ.Толстойдың, Куприннің, Короленконың, Буниннің, Есениннің, Ғамзатовтың және басқа да сөз зергерлерінің туындыларын аударды.

Мазмұны

  [жасыру] 

Өлеңдері[өңдеу]

Көптеген әндердің өлеңін жазған. Балаларға арналған

  • «Балықшы Иван» (1957),

  • «Балқурай» (1962),

  • «Күн баласы» (1963),

  • «Ақ көйлекті шал» (1968) атты кітаптар жазған.

  • «Қарқаралы басында]]» (1967),

  • «Ақжелкен» (1976),

  • «Жел қайық» (1980),

  • «Толассыз толқын» (1981),

  • «Бір кеменің үстінде» (1981),

  • «Елтінжал» (1990),

  • «Өмір оттары» (1988),

  • «Ел мен жер» (1991),

  • «Үш қиян» (1993),

  • «Алыс та жақын жағалаулар » (2001),

  • «Атамекен» (2005),

  • «Үйренсең де ұқсама (Сырбайға)»

  • «Бауырсақ»

  • «Жершілмін»

  • «Мен туған»

  • «Естелік» (2007) атты прозалық және зерттеу, очерктер жинақ-тарының авторы.

Шығармалары орыс тілінде[өңдеу]

Алматы мен Мәскеу баспаларынан

  • «Родные травы» (1957),

  • «Иван Рыбак» (1959),

  • «О сверстниках» (1960),

  • «Степной колокол» (1961),

  • «Разговор с солнцем» (1963),

  • «Тургайские волны» (1975),

  • «Белый ветер степей» (1979),

  • «Звездные судьбы» (1981),

  • «Звезда счастья» (1984),

  • «Крылатые годы» (1984),

  • «Белый парус» (1990) атты орысша кітаптары жарық көрген.[1]

«Алғашқы асу» (1964), «Сарыарқа саздары» (1972), «Беласар» (1978) атты ІІ томдық шығармалар жинағы, ІІ томдық шығармалар жинағы, (1988, 1998), көптомдық шығармалар жинағының екі томы жарыққа шыққан.

Марапаттары[өңдеу]

Қазақстанның Халық жазушысы (1992). Халықтар Достығы орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбектегі табыстары үшін», «Ыбырай Алтынсарин». «Жеңіске 50 жыл», «Тың және тыңайған жерлерд! игергені үшін» медальдарымен марапатталған. Қостанай облысының, Қостанай қаласының, Торғай облысының, Арқалық қаласының Құрметті азаматы.[2]

Шығармалары[өңдеу]

  • Құрдас. А., 1954; Балықшы Иван. А., 1955;

  • Дала қоңырауы. А., 1956;

  • Қосбасар. А., 1958;

  • Таулар сөйлейді. А., 1960;

  • Арал әуендері. А., 1961;

  • Балқурай. А., 1962;

  • Күн баласы. А., 1964;

  • Жер астындағы жұлдыздар. А., 1965;

  • Большевик ауылы. А., 1967;

  • Алтын бесік. А., 1969;

  • Көсемнің нұрлы атымен. А., 1970;

  • Дала саздары. А., 1972;

  • Қанатты жылдар. А., 1973;

  • Торғай толқыны. А., 1974;

  • Ақжелкен. Повестер. А., 1976;

  • Асу алда. А., 1977;

  • Таңдамалылары. Екі том. А., 1978;

  • Жел қайық. Повесть. А., 1980;

  • Жұлдызды тағдырлар. Поэма. А., 1980;

  • Бір көмейің үстінде. Әдеби сын. А., 1981;

  • Маңғыстау маңғаздары. Өлеңдер мен поэмалар. А., 1982;

  • Туған топырақ. «Жазушы», 1985;

  • Крылатые годы. Стихотворение и поэмы. М., «Художественная литература», 1984;

  • Күнтеңескен. Өлеңдер мен поэмалар. А., 1986;

  • Ана туралы жыр. «Өнер», 1987; Шұбалаң. «Жазушы», 1988;

  • Көнсадақ. «Атамұра», 2004;

  • Құрдастар. «Раритет», 2008.



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі