ҒАФУ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ – ЖАС
ҰРПАҚ ҮШІН КЕРЕМЕТ ӘДЕБИ
МЕКТЕП
Тегі,
аты
Аудан,
қала
Жұмыс орны,
лауазымы
Эл
почта
Аңдатпа
Бұл мақалада
көрнекті ақын әрі жазушы Ғ.Қайырбековтың шығармаларының жеткіншек
ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі сөз болған. Жас ұрпақты төл әдебиетімізге
үңілдіруіміз негізсіз емес. Өзімізге тән ұлттық құндылықтарымызға
тек осы әдеби мұрамыз арқылы сусындап, мінезімізді түзету. Себебі
сөз құдіретінің, оның ішінде, әдебиеттің атқаратын орасан зор
қызметіне ештеңе теңесе алмайтынына көз
жеткіземіз.
Түйін
сөздер: білім, әдебиет, рухани
қағидалар, келешек ұрпақ, тәрбие, өлең, поэзия,
ұлт.
Өркениетті қоғамның дамуы
бәсекеге қабілетті білім беру жүйесі болып табылады. Сондықтан,
еліміздегі білімге деген сұраныстың артуымен «халқымыздың жаңа
бірегейлігін қалыптастырудың және ұлт сапасын арттырудың» жалғыз
кепілі – өскелең ұрпақты сапалы білім мен тәрбиеге
үйрету.
Білім мен тәрбие жайлы сөз
қозғалса, ойға еріксіз ғұлама ғалым Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз
берілген білім – адамзаттың қас жауы»-деген ұлағатты сөзі еріксіз
еске оралады. Әсіресе, ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі
заманда ұлттық құндылығымызды сақтауда қоғамдық санадан нәр алып,
тіл арқылы жүзеге асатын әдеби шығармалардың ықпалы зор. Осы ретте,
өз шығармалары арқылы ұлттық сана, ұлттық тағдыр қалыптастырып қана
қоймай, биік парасат пен терең білімді насихаттайтын шығармалар
жазған ақын әрі жазушы – Ғафу Қайырбеков. Бұл мақаланың өзектілігі
Ғафу Қайырбеков шығармашылығын зерттеу арқылы оның жас ұрпақты
тәрбиелеудегі маңыздылығын анықтау болып
табылады.
Халқының өз тұнығынан тәлім
алған ақын хисса мен дастандарға бала кезінен сусындап өседі.
Жыраулардың қазақы үнінен алған тәлімін өз туындыларына арқау
етеді. Ерекше ақындық шабыты батылдықпен ұласып, ауыздан-ауызға,
жүректен-жүрекке тарап, қазақ әдебиетіне жаңашыл серпін әкеледі.
Ғ.Қайырбековтың құдіреті күшті поэзиясы жайында ақын Олег
Шестинский былай дейді:
«Ғ.Қайырбеков тұлғасы маған
бірте-бірте, жан-жақты ашылды. Мен оның жолдастық назарын,
ойшылдығын сезіндім. Оның құдіретті, тұнық дауысына сүйсініп,
гүлденген, жарқыраған дала әлеміне ендім. Оның поэзия әлеміне
ендім» [1.345].
Қазақ әдебиетінде
Ғафу Қайырбековтың өмірі мен шығармашылығын жете зерттеген ғалымдар
көп емес. Ғалым, сыншы Ш.Елеукеновтың 1973 жылы Азия мен Африка
елдері жазушыларының V конференциясына дайындаған «Мен білетін
Ғафу» эссесінен бөлек, О.Жақсановтың «Қайталанбас тұлғалар»
еңбегіне енген «Ұлы ақынмен кездесу» [2.64-65] шығармасы, 1982 жылы
«Жалын» баспасынан жарық көрген М.Қаратаевтың «Ақ боз аттың
жалында» [3.194-200] еңбегіндегі естеліктер мен С.Оспанов,
Б.Мырзабай, С.Құлбарактың 2013 жылы жарық көрген «Арыстан жалды
заңғар жазушы» [4.482-483] туындысын ерекше атап өтуге
болады.
Ғалым Ж.Ысмағұлов
Ғафудың мол мұрасы сайын даланың самалымен тербеліп ел жадында
мәңгі сақталып, қазақ деген ұлт барда есімі еш уақытта ұмытылмай,
оған дейін де, одан кейін де қазақ поэзиясына келген дарындардың
арасында «Ғафудың орны ерекше. Ол – қазақтың алтын тағында отыратын
ерекше есім» деп жазады.
Ғафу Қайырбековтың
шығармашылық жолы 1954 жылы «Құрдастар» өлеңдер жинағынан басталып,
«Дала қоңырауы» (1956) поэмасына, «Беласар» атты қос томдық
щығармасына ұласты. Оның қаламынан шыққан әр туындыны халық ерекше
ықыласпен қабылдады. Ал ақынның 1980 жылы жарық көрген «Жұлдызды
тағдырлар» өлеңдер жинағы үшін КСРО Мемлекеттік сылығы берілді.
Сонымен қатар Ғафу «Елтінжал», «Ақ желкен», «Үш қиян» сынды
повестер мен көптеген мақалалар, очерктер
жазған.
Шығармаларының түпкі
мақсаты «адам жанын» тәрбиелеу екенін ұғынған ақын шығармаларының
негізін үлкен екі арнаға бөліп қарастыруға
болады.
-
Туған жерге деген
сүйіспеншілік;
-
Ана тіліне деген
сүйіспеншілік.
Себебі бүгінгі
жастар үшін туған жерге, ана тіліне деген сүйіспеншілік –
Қазақстанға деген патриоттық сезіммен ұласып
жатыр.
Жас ұрпақты
отансүйгіштікке тәрбиелеу қашанда қазіргі мектептің ең маңызды
міндеттерінің бірі болып табылады, өйткені жеткіншек ұрпақтың
балалық шағы мен жасөспірім кезеңі – Отанға деген сүйіспеншілік
сезімін оятатын, қалыптастыратын ең құнарлы
кезең. Сондықтан осы міндеттерді
орындауда әдеби шығармалар ерекше қызмет атқарады. Бұл сөзімізге
ақынның мына өлең жолдары дәлел бола
алады:
Сол үшін, бір сол үшін сүйем
сені,
Өзіңдей бар дүниеде кім
еңселі?!
Тұрсың сен бар тарихтан басың
озып
Сенімен өлшенеді күн
өлшемі!!!-
дей отыр, ақын Отанна еңселі
дүниенің жоқтығын айта келіп, патриоттық тәрбие оқырманына
туған жерге, елге, оның табиғатына, ұлттық және төл мәдениетіне
деген сүйіспеншілігін кезең-кезеңімен қалыптастыру деп түсінеді. Ал
қазіргі мектептерде патриоттық
тәрбие беру жұмысының маңызы мен өзегі ұлттық мәдениеттің
бастауларын танып-білуге, өз еліне, халқына деген сүйіспеншілік пен
мақтаныш сезімін қалыптастыруға, оның жетістіктеріне, өткені мен
болашағына құрметпен қарау, туған жерге, табиғатқа деген
сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруға бағытталған. Бұл сөздеріміге
туған жерінің табиғатын тамсана жырлаған мына өлең жолдары дәлел
бола алады:
Атқан таң әсем бүгін. Ауа
қандай!
Алаптан аңқып жұпар
тарағандай.
Тап-таза аспан үстен
төңкерілген,
Ақ бұлт та көк айнасын
аяғандай.
Еліміз бен қоғамның
дамуы жас ұрпақты тәрбиелеу саласында жаңа міндеттер қойып отыр.
Осы міндеттер аясында жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды
отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы арта түсуде. Тәрбиенің бұл
бағытын сөз өнері арқылы, яғни жастарды әдеби шығармаларға үңілдіру
арқылы қалыптастыруға
болады.
Сондықтан
отансүйгіштікке тәрбиелеуді жаңғырту қажеттілігі бүгінгі таңда
тәрбие жұмысының басым міндеттерінің бірі болып табылады.
Патриоттық тәрбие отандық дәстүрлерді, ұлттық және аймақтық
дәстүрлерді ескере отырып, тәрбие мәртебесінің сапалы жаңа идеясы
негізінде жүзеге асыру процесін әдебиетпен ұштастыру жақсы нәтиже
берері сөзсіз.
Ана тіліміз
тағдырымызды тамырсыздық індетінен қалқалап, мазмұнсызық пен
жойылып кетуден сақтаған. Себебі тілінен айырылған ұлт – жойылған
ұлт. Сондықтан болар, тіл мәселесі мені қатты толғандырады. Өйткені
менің тілім – адамдар арасындағы қарым-қатынас тілі ғана емес,
ұлттық ерекшелігіміздің іргетасы. Ол – осынау, көп ұлтты
мемлекетіміздің басты қаруы, халқымыздың даналығы, мәдениеті,
мінез-құлқы, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы болғандықтан Ғафу
Қайырбеков шығармаларындағы осындай келелі мәселелерге баса назар
аударта отырып, ана тіліне деген
сүйіспеншілікті жұдырықтай жүрегімнің түкпірінде сақтап, ақын
өлеңдерін жаттап, содан біраз өнер сөзді хаттап шәкірттерімнің
санасына сіңірудемін. «Бітер істің басына, жақсы
келер қасына» дегендей ел тізгінін ұстайтын азаматтарды ана тілінің
тереңіне бойлатып, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу – азаматтық парызым деп
түсінемін. Өйткені бір
кездері Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған
«қазақ тілі – мәңгілік елдің мәңгілік тілі» болуы үшін Ғафу
шығармашылығы да үлкен әдеби мектеп
болмақ.
«Патриотизм»
терминінің өзі (грек тілінен Patris – Отан, атамекен) дегенді
білдіреді [5]. Отанға деген сүйіспеншілікпен байланысты қоғамдық
сананың күрделі құбылысы. Әлеуметтік сезім түрінде көрінетін Отан,
оның халқы, адамдардың өмірі мен қызметінің моральдық-саяси
принциптері.
Патриоттық тәрбиенің дамуы –
бұл жан-жақты
процесс,
оның ауқымы мен нәтижелері де
өте маңызды. Сондықтан да жас ұрпақ
үшін
Қазақстандық патриотизм – елді
сүю және елді басқаруға, ұлттық мәселелерді шешуге сындарлы қатысу
қабілеті. Ақын «Жақсы екен сенің Отаның» өлеңінде:
«Жақсы екен сенің
Отаның, Келісті өлке, кең
көңіл»- деп жырай отырып, Отанды
құрметтеуге үндейді. Ал біз бұл қабілетті жастарды ел тарихына,
әдебиеті мен сөз өнеріне сусындата отырып, қол жеткізе аламыз. Осы
ретте, әдеби қауымның, сол шығармаларды оқытатын ұстаздар қауымының
алдында төмендегідей міндеттер
тұр:
1. Өскелең ұрпақтың
бойында патриоттық сананы, Отанға адал қызмет етуге, белсенді
азаматтық ұстанымды жүзеге асыруға деген ұмтылысты
қалыптастыру;
2. Отанға деген
сүйіспеншілік пен құрметке (Қазақстанның мәдениеті, тарихы,
фольклоры, салт-дәстүрлері), құқықтық мәдениетті
тәрбиелеу;
3. Жауапкершілік пен
елдің жетістіктеріне мақтаныш сезімін, өзін-өзі бағалауды және
қоғамдағы маңыздылығын
дамыту;
Қорыта келе, кез
келген жеткіншектің тұлға болып қалыптасуы үшін әдебиеттің
атқаратын рөлі орасан зор деген шешімге келдік. Ахмет Байтұрсынұлы
айтқандай «әдебиет мақтан үшін жазылмайды. Ол сол ұлттың мінезінен
туындап, қажеттілігін өтейді» [6]. Себебі
бой балқытып, тамыр шымырлатып жан жүйеңді
жандыратып, құлақ құрышыңды қандыратын, ұғымыңа қонымды cөз –
әдебиетіміз.
Осылайша, жас
ұрпақты төл әдебиетімізбен сусындата отырып, жоғары рухани
қағидалары бар дарынды, табысты, зиялы жастар буынын тәрбиелей
алатынымызға сенімдімін.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
-
Оспанов С. Қазақ ақындарының
публицистикасы /монография/. -Астана, 2011 ж. 345
б.
-
Елеукенов
Ш. Ғасырлармен сырласу. -Астана:
«Елорда», 2004 ж.
64-65-бб.
-
Қаратаев М. Ақбоз аттың
жалында /естеліктер, портреттер, эсселер/. -Алматы: «Жалын», 1982
ж. 194-200 бб.
-
Оспан С., Мырзабай Б.,
Құлбарак С. Арыстан жалды заңғар жазушы. -Алматы: «Білім», 2013 ж.
482-483 бб.
-
Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы,
2007. ISBN
9965-32-491-3
-
https://bilim-all.kz/tag/thoughts?tag=%D3%99%D0%B4%D0%B5%D0%B1%D0%B8%D0%B5%D1%82&page=2