Ғажайып әлемге саяхат

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғажайып әлемге саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
ойын-сауық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ғажайып әлемге саяхат»

Мақсаты: Тәрбиеленушілердің бойына жылдамдылық, ептілік, ұлттық-салт дәстүр колоритін, ұлттық әдеп-ғұрыпты қалыптастыру. Олардың бойындағы шығармашылық ойлау тапқырлықтарын дамыту.

Кейіпкерлер: Хан макеті, хабаршы.

Қажетті құрал жабдықтар: орамал, ат, папаха, теңге, күннің көзі т.б.

Сабақтың барысы: Қазақ халқының ұлттық күйі ойналып тұрады.

Д/ш нұсқаушысы: – Халқымыздың айтуы бойынша, Жерұйық деген бір керемет жер бар екен. Ол жерде әр адам жүз жасап, бақытты өмір сүреді, ол жердің малы жылына екі рет төлдейді . Әлім хан осы жерге лайықты халық өмір сүргенін қалаған екен. Бірақ, ондай халықты қайдан табарын білмей, ханның көңіл-күйі болмайды (ханның бетінде көңілсіз бетперде болады, музыка әуені ойналады). Бір кезде Әлім хан ат тұяғының дыбысын естиді, сол кезде хабаршы атпен шауып кіреді.

Хабаршы: – Сүйінші! Сүйінші! Тату тұратын халық бар екен, қазір көресіз! Қуанған Әлім хан хабаршыға тақия сыйлайды (ханның бетіндегі көңілсіз бетперде көңілді бетпердеге ауысады, көңілді музыка әуені ойналады).

Хабаршы: – Үлкен рахмет! ( кетеді).

Д/ш нұсқаушысы: Бурабай тауының етегінде халық тұрады, жастарының қолынан келмейтіні жоқ. Олар Күміс көлдің шығыс жағына бармақшы болды және өздерінің ойын-сауықтарын құрды. Сонымен қатар, әдемі би де билейді екен.

«Қара жорға» биі.

Д/ш нұсқаушысы: – Әлім ханға бидің ұнағаны соншалық, ол Жерұйық жерін осы халыққа бермекші болды және батасын берді.

Бата

Д/ш нұсқаушысы: – Бірақ, ол жерге жету өте қиын. Олардың жолындағы бірінші кедергі (балалар аттың жүрісі сияқты жүреді).

Жұмбақ:

Мінсең қанат,

Сүті-дәрі,

Еті – тамақ (жылқы)

Д/ш нұсқаушысы: - Кім бірінші жұмбақтың шешуін табады, сол жүргізуші болады. Балалар кедергіден аттап, сапқа тұрады. Алыс жолда жүру үшін бізге алтын теңге керек. Ақша түйілген шүберекті жинау ойының қалай атайды?

Қазақтың ұлттық ойыны «Теңге алу»

Д/ш нұсқаушысы: - Балалар, бізді келесі кедергі күтіп тұр. Жұмбақ жасыру.

Жұмбақ:

Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды (күннің көзі)

Екі команда жұмбақты шешіп, тақтаға суретін салады. Кімнің суреті өте жақсы салынды, сол келесі ойында жүргізуші болады.


Орыс халқының ойыны: «Күннің көзі»

Балалар дөңгеленіп тұрады, ал күннің көзі дәл ортада . Барлық балалар бірге әндетеді.


Гори, гори, солнце, ярче!

Лето будет жарче,

А зима теплее,

А весна милее!


Бірінші екі жолда бәрі бірге жүреді, ал соңғы екі жолда бір-біріне бетпе-бет қарап, бас иеді, содан соң күннің көзіне жақындап «Ыстық» деп айтады және балаларды күннің көзі қуа жөнеледі. Жақындап, қолын тигізсе, бала қозғалмай қатып қалады. Әлім хан халықтың шапшаңдылығын көргісі келеді.


Шешен халқының ойыны: «Орамал»

Әлім хан халықтың ептілігін тексеріп көргісі келеді.


Қытай халқының ойыны: «Айдаһар»

Әлім хан келесі ойынды тамашалайды.


Татар халқының ойыны: «Іздер»

Әлім хан халықтың жылдамдылығын көргісі келеді.


Украин халқының ойыны «Сиқыршы»

Әлім хан әр түрлі кедергіден сүрінбей өткен халыққа Жерұйық жеріне киіз үй құрып, сол жерде өмір сүрулеріне рұқсат береді.


Ойын «Киіз үй»


Д/ш нұсқаушысы: – Балалар, Әлім хан Жерұйық жеріне лайықты халық таба алмағандығы бетәлпетін есімізге түсірейікші (көңілсіз екендігін балалар бетәлпетімен көрсетеді). Әлім хан Жерұйық жеріне лайықты халықты кездестіргенде ханның бетәлпеті қандай болды? (қуаныш, балалар бетәлпетімен көрсетеді).

Жерұйық жерінде халық бақытты өмір сүреді. Халық ризашылығын білдіріп, алақандарын ыстық жүрекке қойып «Жол жолға жалғасады, ел елге жалғасады» деп қонақтарға жүректер ұсынады.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2018
682
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі