Сабақтың
тақырыбы: «Ғажайып
математика»
Сабақтың
мақсаты: Оқушыларды тез ойлауға,
шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Теориялық білімдерін кез келген
жерде қолдана алуға үйрету.
Білімділігі:
Математика пәніне деген
қызығушылықты арттыру.
Дамытушылығы:
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп
, шығармашылық қабілеттін дамыту.
Тәрбиелігі:Оқушыларды алғырлыққа,
тапқырлыққа,шапшандыққа тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс.
Әдісі: Топтық жұмыс, эстафеталық
ойын.
Көрнекілігі:
презентация, алма тәрізді
карточкалар, шарлар т.б.
Сайыстың
барысы:
I. Топтардың
сәлемдесуі.
II. Блиц-турнир
ІІ .
«Сардарлар»
сайысы.
ІII
.
«Білгірлер» сайысы.
IV.
Викторина
V .
«Кім жылдам?»
сайысы.
VІ.
«Биатлон»
сайысы.
VII. Қорытындылау,
марапаттау.
Кіріспе
сөз.
Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат.
Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп
қабырғасынан басталады.
«Білімді азамат-ел
ертеңі»,
ал «Ақылды-ойды тәртіпке
келтіретін-математика» демекші үш топқа Ақ жол
тілейміз. Кешімізді бастамас
бұрын біз әділ-қазылар алқасын
таныстырып өтейік.
Олар: Бүгінгі сабаққа қатысып
отырған ұстаздарымыз.
1-жүргізуші:
Көңілді
тапқырлар, білгіштер,
Бар
өнерін алдарыңа салады.
Кім
білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі
күн жеңімпазы болады.
2-жүргізуші:
Өмірде
ойлап тұрсаң бәрі де - есеп,
Ауырсаң,
іше – тұғын дәрі де есеп.
Есепсіз
сүрген өмір мазмұнсыз – ау,
Дүниенің
бар тұлғасы есеп десек.
1-жүргізуші:
Есеппен сайысады қос
команда,
Алға озар ең мықтысы осы
жолда.
Көпшілік өнерлерін
қызықтамақ,
Сұрайық шығуларын жұрт
алдында.
2-жүргізуші:
Шақырамыз келіңдер
жарысуға,
Күш – өнер, білімменен
алысуға.
Бар өнерді салайық
ортамызға,
Ал кәнекей, кім шығады
сайысуға.
I. Топтардың
сәлемдесуі.
1-жүргізуші:
Ортаға 5
сынып оқушыларынан құралған «Үшбұрыш» , «Төртбұрыш» және «Дөңгелек»
топтарын шақырамыз.
2-жүргізуші:
Ал,
кәнекей сайысты біз бастайық,
Өзімізді
таныстырып тастайық, - деп сөз кезегін әр топқа береміз (таныстыру,
ұраны, эмблема)
І топ. «Үшбұрыш»
тобы.
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы
беріспе,
Әрқашанда үміткерміз
жеңіске.
Сәлемдесуі: Армандарға қол
созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді
кемеміз.
Білімменен қаруланған
тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз
жеңеміз.
ІІ топ. «Төртбұрыш»
тобы.
Ұраны: Жарыс десе
жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста
алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда
біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты
ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан
құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге
бастаймыз.
ІІІ топ «Дөңгелек»
тобы.
Ұраны: Білікті бірді
жығар.
Білімді мыңды
жығар.
Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл
сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш
барын.
Алға қойған мақсатымыз бір
екен.
Сәтті болсын сапарымыз
әрдайым.
1-жүргізуші:
Мәңгі бақи есте
қалар,
Қызықты бір жиын
болсын!
Білімдірек шәкірт
озар,
Сұрақтары қиын болсын, - дей
отырып, сайысымыздың екінші бөлімін
бастаймыз.
2-жүргізуші:
II.
Блиц – турнир. Ойын шарты, мұнда әр топқа 10 сұрақ беріледі. Уақыт,
бірлік, ұзындық, салмақ, өлшем бірліктерін және олардың арасындағы
байланысты меңгеру үшін сұрақтар алынды. (Әр
сұрақ 2 балдық жүйемен бағаланады
)
1-жүргізуші:
І-топқа
сұрақтар:
-
1 метр 1 дециметрден неше
сантиметр артық? (90см)
-
1 минут 1
сағатта неше минут кем? (59
минут)
-
50
саусақ көріну үшін неше баланың қолы керек? (5
баланың)
-
«Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті, ол
неше сағат, неше минутта айналып өтті? (1 сағат,
43минутта)
-
Бірлігі мен ондығын қосқанда 2-ге тең болатын екі
таңбалы санды ата. (11,20)
-
Айырмашылығы тек таңбаларында болатын сандар не
деп аталады? (қарама-қарсы сандар)
-
Алымы бөлімінен үлкен бөлшек не деп аталады?
(бұрыс бөлшек)
-
7
жай сан ба құрама сан ба? (жай)
-
Натурал сандар нешеден басталады?
(1)
-
Ең
кіші үш таңбалы сан? (100)
2-жүргізуші:
ІІ-топқа
сұрақтар:
-
1
сағаттың 1 тәуліктен неше сағаты кем? (23
сағаты)
-
1
тоннада неше килограмм бар? (1000кг)
-
Түнгі сағат 11-де жауын жауып тұр, ал 24 сағаттан
соң күн шығып тұруы мүмкін бе? (жоқ, түнгі 11
сағат)
-
Үстелде 4 алма жатыр, оның біреуі 2-ге бөлінген,
үстелде неше алма жатыр? (4 алма)
-
Алымы бөлімінен кіші бөлшек не деп аталады?
(дұрыс бөлшек)
-
Екі
қатынастың теңдігі (пропорция)
-
Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды?
(құрамында әріпі бар)
-
Ең
үлкен екітаңбалы сан? (99)
-
Саудагер бір затты 7 теңгеге сатып алып оны 8
теңгеге сатты. Сол затты қайтадан 9 теңгеге сатып алып, қайта 10
теңгеге сатты. Саудагер қанша пайда тапты?
(2тг)
-
4
және 5 сандары мен жазылатын барлық екі таңбалы сандарды ата.
(44,45,54,55)
1-жүргізуші:
III-топқа
сұрақтар:
-
Қосу амалының нәтижесі қалай
аталады? (Қосынды)
-
7 ·
8 =…(56)
-
Дөңгелектің ең үлкен хордасы.
(Диаметр)
-
Бір
сағатта неше минут. (60)
-
Кесіндінің ұзындығын өлшейтін аспап.
(Сызғыш)
-
Алманың жартысы неге ұқсайды? (Екінші
жартысына)
-
Ең
кіші екі таңбалы сан. (10)
-
Алымы бөліміне тең бөлшек қалай аталады? (Бұрыс
бөлшек)
-
Жазғы демалыстың үшінші айы?
(Тамыз)
-
Әтеш бір аяғымен түрғанда үш килограмм тартады.
Екі аяғымен тұрғанда неше
килограмм тартады? (Үш
килограмм)
2-жүргізуші:
II. «Сардарлар» сайысы. Әр топтан үш оқушыдан тақтаға шығып,
ағаштағы алма тәрізді карточканы алып, өткен тақырыптарға
байланысты сұрақтарға жауап беру тиіс. Әр сұраққа 1 мин уақыт
беріледі (Әр сұрақ 5 балдық
жүйемен бағаланады).
1.Бөлшекті бөлшекке көбейту
үшін...
Жауабы: олардың алымдарын көбейтіп,
алым етіп, бөлімдерін көбейтіп, бөлім етіп жазу
керек.
2.Бөлшекті натурал санға
көбейту үшін ...
Жауабы: бөлшектің алымын натурал санға
көбейтіп, нәтижесін алым етіп, бөлімінің өзін қалдыру
керек.
3.Аралас сандарды көбейту үшін
...
Жауабы: бөлшекті бұрыс бөлшек түрінде
жазу керек, бөлшектерді көбейту ережесін қолдану
керек.
4.Жай бөлшекті жай бөлшекке
бөлу үшін...
Жауабы: бөлінгіш бөлшекті бөлшекке
кері санға көбейту керек.
5.Аралас санды аралас санға
бөлу үшін...
Жауабы: оларды бұрыс бөлшек түрінде
жазып алып , бөлшекті бөлшекке бөлу ережесін қолдану
керек.
6.Бөлімдері бірдей бөлшектерді
қосу үшін...
Жауабы: олардың алымдарын қосып,алым
етіп, сол бөлімнің өзін қалдыру керек.
7.Бөлімдері бірдей бөлшектерді
азайту үшін...
Жауабы:азайғыштың алымынан
азайтқыштың алымын шегеріп, алым етіп жазып, бөлімін сол күйінде
қалдырады.
8.Санның бөлігін табу
үшін...
Жауабы: санды осы бөлшекке көбейту
керек.
9.Бөлігі бойынша санды табу
үшін...
Жауабы: бөлікке сәйкес санды бөлшекке
бөлу.
1-жүргізуші:
ІII .
«Білгірлер» сайысы. Әр
топқа алты есептен тұратын пазл тәрізді карточкалар таратылады.
Оқушылар есептерді шығарып, берілген пазлды жинау керек.Бұл
тапсырмаға 8 минут уақыт беріледі.
(Әр тапсырма 10 балдық жүйемен
бағаланады)
1 топ:
1)
2)
1.
2.
3.31
3)
1.
2.
3.
4.
4)Үш санның қосындысы 126-ға
тең. Осы үш санның бірінші қосындысының
бөлігін құрайды.
Бірінші санды тап.
Шешуі:126
2
топ:
1)1 =
2) =
1. =
8
2.
3.
3)
1.
2.
3.
4)Бесінші және алтыншы сыныпта
70 оқушы оқиды . Бесінші сыныптағы ер балалардың саны барлық
оқушылардың құрайды. Бесінші сыныпта
неше ер бала бар?
Шешуі:70
3
топ:
1) :2
2) :
1.
2.
3.
3)
1.
2.
3.
4) 75м матаның көйлек
тігілді. Балаларға көйлек неше метр матадан
тігілді?
Шешуі:
75
2-жүргізуші:
Ал кәнекей балалар,
Құлақ салшы сөзіме
Сұрақ берсем берейін
Жұмбақтардан өзіңе, - деп келесі кезеңімізге
өтейік.
IV.Викторина.
Ойынның шарты
оқушылар 10,20,30 ұяшықтарын таңдап,
сол ұяшықтардың жұмбақтарына жауап беру керек.Әр сұраққа 2 минут
уақыт беріледі.
10 20
30
10 20
30
10 20
30
Жоғарыдағы 10: Доп емес, дөңгелек
емес,
Ұқсас бірақ
достарым
Тыңда ол ең
негізгі
Дәл жауапты қостадым
(шеңбер)
Жоғарыдағы
20: Бес бұтақты
ағашта,
Бұтақ сайын бес
алма
Біреуін бер
алашқа
Қалады сонда қанша алма?
(24)
Жоғарыдағы
30: Біз
санбыз...
Сызықпен
бөлінген.
Математиканы ұқпас
адамға
Құбыжық боп
көрінген
Дұрыс, бұрыс,
аралас,
Ондық болып бөлінген (бөлшек
сан)
Ортаңғы
10: Санасаң бір үйде төртеу
бар,
Қаласаң аузыңды өртейтін нәр.
(бұрыш)
Ортаңғы
20: Алды артымыз шексіз
де
Жете алмайсың
біздерге.
Сәуле менен
кесінді
Шыққан тегін білсе де.
(түзу)
Ортаңғы
30: Нәрселерді
санағанда,
Керек ол бізге
ауадай,
Айтыңдаршы, бұл қандай
сан,
Жан-жағыңа қарамай? (натурал
сан)
Төменгі
10: Он бір түйе, бес
жылқы.
Екі сиыр, бес
ешкі
Екі қоян үш
түлкі
Таба алмайсың бос күлкі (барлығы:
28)
Төменгі
20: Бір ағаштың он екі бұтағы
бар,
Әр бұтағында отыздан жапырағы
бар,
Жапырақтың бір жағы
ақ,
Бір жағы қара. (жыл, ай, тәулік, күн мен
түн)
Төменгі
30: Бірдей санды
бірнеше рет
Көбейтуден
тұрады
Егер оны
ықшамдасаң
Қандай атау болады?
(дәреже)
1
– жүргізуші:
Ойла
ойла тереңнен,
Жақсы
емес – ау көп бөгелген
Есептерді шешпесең
Өте
алмайсың бөгеттен
2
– жүргізуші: Келесі 5 кезең «Кім жылдам?» сайысы.Ойын шарты бойынша, әр
топқа бір есептен беріледі. Есептің жауабын, жылдам әрі дұрыс жауап
берген топ 3 балдық жүйемен бағаланады. Бұл сайысқа 3 минут уақыт
беріледі.
1топ:
2
топ:
3
топ: =1
1-жүргізуші: Келесі
сонғы сайысымыз биатлон. Биатлон сайысында топ басшыларына бір-бір
есеп беріледі. Есеп шығару үшін 1 минут уақыт беріледі. Есептің
жауабын тапқан жағдайда, топқа 2 балл беріледі.
1
топ:
2
топ:
3топ:
21 =
VII. Қорытындылау,
марапаттау.
2
– жүргізуші:
Ең
бастысы, орын емес жарыста,
Терең
білім, жеңу шарты сайыста
Тапқырлық пен ізденісте
болсаңыз
Өмірде
де жетерің хақ, табысқа.
1
– жүргізуші:
Көңіл
бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет
Шын
сезінген көрерменге,
Мың
рахмет, мың рахмет.
2
– жүргізуші:
Сайысымыздың соңғы сәті таяп
қалды,
Ал қазір
әділ қазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарын
анықтап,
Мақтау
қағаз, сыйлықтарын тапсырады.