Материалдар / «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл» сценарийі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Ғажайыпқа толы Жаңа жыл» сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп ұстаздарына керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2021
344
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ғажайыпқа толы Жаңа жыл»


Ән: «Жаңа жыл»


Негізгі кейіпкер - Қобыланды батыр

  • Сахнада әуен ойналып, аттың шабысы мен батырлардың айқасы естіледі. (Сахнаға батыр шығады)

  • Қобыланды батыр Құртқаны іздеп жүр екен.Құртқаны аңдар (Қасқыр,Түлкі,Арыстан) өздерімен әкетіп көрсетпей қояды. Қобыланды батыр қараңғы үңгірге кіріп,үлкен тасты көтеріп,ішке кіргенде,қазіргі уақытқа түседі..

  • Осы уақытта оқушылар ортада ноутбукпен сабақ оқып отырады.Тақырыбы: Қобыланды батыр жыры

  • Осы жағдайды көрген Қобыланды батыр:

  • Уа.ұлдарым! Сендер қай дәуірдің жемісі болдыңдар? Ата-жұртта отырғандарыңа қарағанда Қыпшақ елінің бір рулы елі болдыңдар-ау аа..

  • (Осы кезде ер бала тұрып:)

  • Оқушы: Ассалаумағалейкум,батыр аға! Біз XXI ғасырдың ұрпағымыз! Біздер білім алушы оқушылармыз.Исатай ұстаздың шәкірттеріміз.Сабаққа дайындалып отырмыз,сіз кім болдыңыз,аға?!

  • Ее, қарақтарым, жаңа ғасырдың перзенті болдыңдар-ау..Сонда да біз өзіміздің асыл да айбарлы ана тілімізде сөйлесіп тұрғанымызды байқадыңдар ма? Тек кейбір жат сөздер болмаса,ойымызды түсіне алғанымызға қуанып отырғаным.. Алдарыңда тұрған не зат өзі?

  • Оқушылар: Батыр аға,биылғы жылда наурыз айынан бастап елімізде індет тарап,карантин яғни шектеулер еңгізілген еді.Бұл әлемдік деңгейдегі ахуал..Сізде абай болғаныңыз дұрыс..Бұл індет ешкімді аяған емес..Ал алдымызда тұрған,бұл ноутбук деп аталады.Осы құрылғы арқылы сабақ орындап,видеоконференция арқылы ұстаздарымызбен тілдесеміз.Интернеттен қосымша ақпарат аламыз..айта берсек толып жатыр..Бұл құрылғыны біздерге қашықтан оқу үшін мектептен берген.Міне солай....

  • Қобыланды: Еее,індет дейсіңдер ме? Індеттен бұрын,міндеттеріңді білсеңдер болғаны. Сақтансаңдар,тәңірімізде сақтайтынын біліңдер..

  • Бір оқушы: Түсіндік Батыр аға,сіздің есіміңіз кім? Қай батыр болдыңыз?

  • Қобыланды: Мен Тоқтарбайдың Қобыландысы,ел-жұрттың аманатымын..Жаббар ием нәсіп қылған жарымды іздеп жүрмін.Оның есімі Құртқа...

  • (Осы кезде оқушылар қуанып,алақайлап жібереді)

  • Қобыланды: Тынышталыңдар! Жаңа заман ұрпағы,сендер мен жайлы жақсы білетін сияқтысыңдар.Олай болса маған Құртқаны табуға көмектесіңдер...

  • Оқушылар: Әрине, Қобыланды батыр,біздің өтіп жатырған тақырыбымызда сіз туралы..Қандай керемет ұқсастық.... Біз Қазақ батырларының ерліктеріне бас иеміз!

  • Осы кезде даладан әуеннің дауысы естіледі.

  • Би: «Батырлар»

  • Қобыланды батыр: Бұл менің Құртқамның даусы гой Ән жүріп жатады.Құртқаны таба алмайды Қобыланды батыр дауыс шыққан жаққа қарай жүреді.Құртқаны құтқару жолында Қобыланды батыр көптеген таңғажайып дүниелерге тап болады.(төрт дөңгелекті көліктер,өзгеше киінген бетперде таққан адамдар, көшелер мен ғимараттар. Дауыс жүрген сайын үдей түсті,жақындай берді.Алайда Қобыланды батыр ойлағандай Құртқа оңай құтыла алмады.Дауыс шыққан жерге келді.Қобыланды батыр ұзақ сыртарынан қарап тұрды. Бұл жерде айқай шу әдемі көрініс.

  • Қобыланды батыр: Қандай әдеміііі?! Не деген керемет!!! (Арыстанның айқайлаған дауысы шығады)


  • Жолбарыс: Тыңдаңыздар! Жаңа жылдың кішкентай қонақтары бүгінгі мерекені ұйымдастырып, шаттықтан мол шашу шашып, сіздерге қуаныш сыйлап отырған мерекенің иесін құрметпен қарсы алып,шырша шамын жағу рәсімін табыстауға,балдырғандардың демеушісі, Казталов ауданының әкімі Есалиев Альберт Темірболатұлына құрметпен сөз береміз

Аңдар: Жасыл шырша жарқыра Жасыл шырша жарқыра!

Ән: «Жаңа жыл»

  • Аңдар Қобыланды батырды көріп, не үшін келгенін түсіне қояды.

Жолбарыс: біздің сұрақтарымызға жауап берсең Құртқаңды жібереміз

Жолбарыс: тышқанды жібереді.

Тышқан келіп: Қобыланды батыр менің жылымда қандай ерекшеліктер болды? Айта аласың ба?

(Қобыланды батыр жауап бере алмайды. (Тышқан өзі айтып кетеді))

Тышқан: Құрметті,балалар, біз сіздермен 2020 жылдың соңғы мерекесін бірге өткізуге келдік.

Қоштасамын бүгін мен,

Сіздерді қимас көңілмен.

Тарихтың еніп қойнына,

Айтамын жүрек сөзін мен.

Келер сиыр жылында,

Қоштасып қол бұлғайын,

Тыныштық пен бейбіт күн,

Болсын деп тілеп әмәнда!


Тышқан: Қобыланды батыр сен жауап бере алмадың, олай болса өзім айтайын

1. Абай Құнанбайұлы-175

2. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевқа-80 жыл

3. Алтын Орда-750 жыл

4. Қазақ хандығына-555 жыл

5. Қазақстан Республикасы Конститутциясы-25 жыл

6. Қазақстан халқы Ассамблеясы-25 жыл

7. Ұлы Жеңіске-75 жыл

Міне, менің жылым ерекше болды Ал балалар қарсы алмақ жаңа жыл Сиыр жылы сіздерге бақыт,береке,қуаныш,байлық алып келсін. 12 жылдан кейін көріскенше аман сау болыңыздар! Сіздерді қимай тұрғаным айййййй!!! Олай болса сіздерге де маған да қиын болмасын қуанышты көңіл күймен қоштасайық .Қоштасу биін қабыл алыңыздар.

Би: «Тышқандар»


Жолбарыс:Қобыланды батыр енді сен жаңа жылымыз сиыр жылын тыңдап көр.

Би: «Бұзаулар»

Сиыр:

Мен дағы қонақпын,

Он екі жылда оралар.

Менің жылым құт болып,

Ағымыз мол болдып,

Ұрпақ өсіп бой алар. Салем балалар! Мен де бүгін 2021 ге аяқ бастым. Барлықтарыңызды көргеніме қуаныштымын!!! Сендер де мені көргендеріңе қуаныштысыңдар ма,балалар? Мен осы жылға қуаныщ,табыс,молшылық,байлық, бейбітшілік алып келдім.Менің де жылым ерекше болады.


2021 жылдың ерекшеліктері:

1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл

2. ҚР Халық әртісі Дине нүрпейсованың туғанына 200 жыл

3. Ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевқа 90 жыл

4. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Сағит Садықовтың туғанына 95 жыл

5. Қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл

6. Халық ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл

7. Қазақтың атақты палуаны Қажмұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл

Қобыланды батыр: Мен сендердің Жаңа жыл деген сөздеріңе түсінбедім.


Сиыр:( Қолындағы сиқырлы таяғын көтеріп қалғанда Аяз ата мен Ақшақар шығады)


Аяз ата: Армысыздар,Тәуелсіз елдің ұландары,балаларым!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың.

Асау желмен жарысқан,

Аталарың сендерге,

Шаршап келді алыстан.

Шырша тойларың құтты болсын!

Сендерге жеткенше Ақшақарым да,өзім де шаршадым.Сендер бізге өз өнерлеріңізді көрсетіп,біздерді қуантсаңдар, біз де сендерге құр алақавн келіп тұрған жоқпыз.


Ақшақар:

Сүйсіндірер маңайды,

Ақшақармен арайлы.

Жалт-жұлт еткен жүзімнен,

Күміс сауле тарайды.

Ақшақармын ақпақпын,

Қалай тыныш жатпақпын.

Менсіз тыныш жатпақ жок

Әнмін,жырмын,тақпақпын.

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Шыршаны әсемдеп,әрлеп қойыпсыңдар! Неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап,құлпырып отырсыңдар!

Құтты болсын,балалар!

Келген жаңа жылдарың.

Алаңдамай өсіңдер,

Еркелеп қыз-ұлдарың.


Аяз ата:

Менің атыма жазылған балалардан келген хаттарды оқып аудан әкімі атынан хат иелеріне сыйлықтар дайындалды. Соны табыстау үшін Ақшақар қызымыз алыс-алыс ауылдарға баруымыз керекпіз. Мен енді жол жүруім керек.


Қобыланды батыр: Аяз ата сіз жол жүргелі жатырсыз. Маған сіздің көмегіңіз болсын аңдардан Құртқамды құтқарып беріңізші.


Аяз ата:

Қобыланды батыр сен аңдардың сұрағына жауап бере алмадың, сенің өнеріңді көрейік. Аңдар Құртқаңды жібереді.


Ән:


Аңдар: Қобыланды батыр өнерлі екенсің. Өнеріңді паш еттік! Құртқаны жібереміз.(Құртқа аңдардан босап шығады.).



Аяз ата:

Жаңа жыл, жаңа бақыт әкелсін далама құт

Өнерлерің көп болсын,уайымдарың жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын,бастарыңа бақ қонсын,

Келесі жылы келермін,өнерді тағы көрермін.

Сыйлық әкеп сендерге,көптен көптен беремін!

Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар

Келесі жылы көргенше,амандықта болыңдар!



Ақшақар:

Сау болыңдар, балалар,

Аман-есен болыңдар.

Әр таңды қуанышпен

Қарсы алып тұрыңдар!

Сау болыңдар, балалар!


(Қобыланды батыр оқушыларға келеді).


Қобыланды батыр: Жаңа ғасырдың ұрпақтары мен құртқамды тауып өз еліме кетіп бара жатырмын. Сау болыңдар!


(Тас түсіреді, Қобыланды батыр Құртқасымен өз еліне оралады).





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!