Ойын-сауық
кеші
Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне
саяхат»
Мақсаты: Балабақшада мерекелік
атмосфера туғызу, сайысқа қатысу деген
қызығушылықтарын арттыру.
Мемлекеттік мереке туралы балалардың
түсініктерін
кеңейту. Балалардың бойындағы
күш, шапшаңдықты, жылдамдықты, ептілікті,
шыдамдылықты дамыту.
Балалардың белсенділігін жоғары дәрежеде қамтамасыз ету.
Бір
біріне қолдау көрсетуге, өзара
достыққа тәрбиелеу.
Кұрал
жабдықтар: Жұмсақ модульдер, шығыршықтар,
түрлі-түсті доптар,
жұлдызшалар, 2 себет, ойынға
арналған азық-түлік, шарлар, эмблемалар,
ғарышкерлерге
арналған куәліктер, медальдар,
сыйлықтар, музыкалық сүйемелдеу.
Алдын ала дайындалған
жұмыс: Ғарыш жайлы әңгіме, әдеби
оқулар, ғарыш туралы
слайдтар көру, өлеңдер, әндер
жаттау, тақырып бойынша залды безендіру.
Барысы: Музыка әуенімен балалар залға
кіреді.
Д/ш
нұсқаушысы: – Бүгін біз қызықты
мерекелердің бірін тойламақшымыз. Көп жылдар бұрын, 1961 жылы 12
сәуірде ғарышқа алғаш болып «Восток» атты ғарыш кемесімен Юрий
Гагарин ұшты. Ал сендер ғарышкер болып, ғарышқа ұшқыларың келе
ме?
Балалардың
жауабы: -Иә! (Залға Дымбілмес
жүгіріп кіреді).
Дымбілмес:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар,
сендер мені таныдыңдар ма? Мына залдың іші қандай әдемі! Сендер
қандай мерекені тойлап жатырсыңдар?
Д/ш
нұсқаушысы: - Дымбілмес, балалар қазір
өлеңдерін оқиды, сол кезде сен өзің де білетін боласың, қандай
мереке тойланып жатқанын.
Гүлназ:
Таң қалдырып
әлемді,
Көп жылдар
бұрын
Ғарышқа ұшты
ол-
Ғарышкер
ағамыз.
Дымбілмес:
- Түсінікті, бұл ғарышкерлер
мерекесі. Сендер өскенде ғарышкер болып, алыс ғаламшарға ұшқыларың
келеді ме? Мені өздеріңмен бірге ала кетіңдерші, бұл менің ең басты
арманым.
Д/ш
нұсқаушысы: - Сонымен, балалар,
Дымбілместі өзімізбен бірге аламыз ба?
Балалар: - Иә,
аламыз!
Д/ш
нұсқаушысы:
Ғарышкер болу
үшін
Мықты да батыл болу
керек
Алыс, көкке ұшу
үшін
Денемізді шынықтыруымыз
керек.
Ұшар алдында ғарышкерлерге
дайындықтан өту керек. Сондықтан қазір біз сендермен жаттығу
жасаймыз. Дайындықты бастаймыз!
«Космодром»
жаттығуы
Қолымыз
алда-жоғары
Ұшуға аз уақыт
қалды,
Аяғымызды соза
секіреміз,
Қол белде,
иілеміз!
Ұшуға бәріміз
дайынбыз!
Д/ш
нұсқаушысы: - Міне, ғарышқа баруға
дайынбыз, ал немен ұшамыз?
Дымбілмес:
- Мен білем, біз әуе шарымен
ұшамыз. Қараңдар, менде шарлар көп! Жүріңдер,
ұшайық!
Д/ш нұсқаушысы:
- Оның не, Дымбілмес? Ғарышқа
шармен ұшуға бола ма? Ғарышқа ғарышкерлер ракетамен ұшқан. Олай
болса балалар, «Зымыран жасау» ойынын ойнайық. (Балалар музыка
әуенімен жұмсақ модульдерден ракета жасауға
кіріседі).
Біз жұмысымызды аяқтадық,
зымыран ұшуға дайын!
Дымбілмес: - Балалар, зымыранды жасап
шығардық, енді ғарышқа ұшу үшін бізге азық-түлік
қажет.
«Азық-түлік жинау»
ойыны
Балалар екі топқа бөлініп,
сапқа тұрады, алдарында шығыршық, бала санына сәйкес әр түрлі
азық-түлік жатады. Берілген белгі бойынша бала жүгіріп барып, бір
азық-түлікті алып, себетке салады, сөйтіп екіншісі жүгіріп
кетеді.
Д/ш
нұсқаушысы: - Бәрекелді балалар,
тапсырманы өте жақсы орындадыңдар! Енді бізге ғарышқа ұшуға
болады!
Дымбілмес: - Тоқтаңдар! Тоқтаңдар, мен
ұмытып кетіппін. Менің бір танысым сендерге хат беріп жіберді
(хатты оқиды) «Құрметті балалар! Ғарышта сұмдық жағдай болды,
барлық ғаламшалар жоғалып қалды,
көмектесіңдерші!»
Д/ш
нұсқаушысы: - Балалар, көмектесеміз бе?
Дымбілмес, неше планета бар екенін сен білесің
бе?
Дымбілмес:
Білем,
тыңдаңдар!
Бір –
Меркурий
Екі –
Венера
Үш –
Марс
Төрт -
Юпитер
Бес –
Сатурн
Ғаламшарлар допқа
ұқсайды.
Д/ш
нұсқаушысы: - Ендеше, «Доптарды жина»
ойынын ойнаймыз. Балалар шашылып жатқан түрлі-түсті доптарды
жинайды, ойын 2-3 рет ойнатылады.
Д/ш
нұсқаушысы: - Балалар, біз барлық
планеталарды таптық, оларды ғарышқа аттандырамыз, ал Дымбілместің
досы Жұлдызша олардың қайта жоғалып кетпеуін қадағалайды. Енді біз
кез келген планетаға бара аламыз.
Дымбілмес:
Аралап
шарларды,
Дайынбыз
ғарышқа
Тосып тұр
ракета
Аттанамыз
сапарға.
Санжар:
Жасадық біз
ракета,
Тастардан да, құмнан
да,
Ал енді бүгін
біз
Жұлдыздарға
ұшамыз.
Дымбілмес:
- Ал, енді моторды оталдырып,
ғарышқа аттанамыз. (Балалар моторды оталдырады, жұдырықтарын түйіп,
қолдарын көкке көтереді). Жақсы ұшып келеміз, ал қазір біз Айға
келіп тоқтаймыз.
Эстафета «Айға
тоқтау» Балалар біріннің артынан бірі
доғаның астынан өтеді.
Д/ш нұсқаушысы:
- Міне, ұшып келдік, қараңдаршы,
қандай әдемі, қандай жарық жұлдыздар! (сол кезде Дымбілмес
қоқыстарды шаша бастайды).
Дымбілмес: - Менің қарным қатты ашып
қалыпты, қазір тамақтанып алайын, сосын сендерге қосыламын!
(шөлмектен су ішіп, бос ыдысты лақтыра
салады).
Д/ш
нұсқаушысы: - Дымбілмес, сен не істеп
жатырсың? Солай істеуге бола ма ?
Дымбілмес: - Онда тұрған не
бар?
Д/ш нұсқаушысы:
- Балалар, қоқыс шашуға бола
ма?
Балалардың
жауабы: -
Жоқ!
Д/ш нұсқаушысы:
- Дұрыс айтасыңдар, ендеше
қоқысты жинайық!
«Ғарыш қоқысын жинау»
ойыны (қоқыс ретінде бос қорапшалар,
шөлмектер т.б.)
Д/ш нұсқаушысы:
- Балалар, біз жақсы жұмыс
атқардық, планетаны ластанудан құтқардық, ал енді тағы бір ойын
ойнайық.
Эстафета: «Жұлдызды
ал»
Тәрбиешілер матадан жасалған
туннельді ұстап тұрады, мәреде шығыршықта жұлдызшалар жатады. Бала
жүгіріп барып туннельдің астынан өтеді, шығыршықтан секіреді,
мәреге дейін жүгіреді, бір жұлдызды алып, орнына қайтадан жүгіріп
келеді, эстафетаны басқаға береді.
Дымбілмес:
Баршамыз да айналыстық
спортпен,
Ұшасыңдар ғарышқа
ракетамен!
Д/ш
нұсқаушысы: - Енді жерге қайтып оралайық.
Балалар, тағы жұдырықтарыңды түйіп, қолдарыңды көкке көтеріп, ұшуға
дайындалыңдар! Міне, өз планетамызға да келдік. Балалар, сендерге
сабақ ұнады ма? Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорыту, балаларды
мадақтау.