Тақырыбы: «Елбасымен
мақтанамын»
Мақсаты:
Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы
мағлұмат беру
Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете
отырып, патриоттық сезімдерін арттыру.
Ел
Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бол
білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, слайд, шарлар, Н.Ә.Назарбаевтың қанатты
сөздері.
Әдіс-тәсілі:
түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап
Барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
-
Қайырлы күн, құрметті
ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі 1- желтоқсан Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған
күніне арналған «Елбасымен мақтанамын!» атты мерекелік іс-шарамызды
ашық деп жариялаймыз.
Мұғалім: Н.Ә.Назарбаев
1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған
ауылында дүниеге келген. Атасының есімі-Назарбай, әкесінің
есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала
беріпті.
Алланың 99 аты бар екен. Соның
бірі-Нұр, тағы бірі- Сұлтан. Анасының
аты-Әлжан екен. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл
атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта
мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын
Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған. 1967 жылы
Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу
орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген. 1991 жылы 1 желтоқсанда
біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып
сайланды. ҚазақстанПрезиденті Н.Ә.Назарбаев 2010
жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды.
Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында
жетті.
Мұғалім: Осы тәуелсіз
еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә
тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық
қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым
тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай
көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді
басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.
—Н.Ә.Назарбаев
кім?
1-оқушы: Ол-еліміздің
басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы
тұлға.
2-оқушы: Н.Ә.Назарбаев
1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған
ауылында дүниеге келген.
3-оқушы: Нұрсұлтан ата-ақ
пейілді, сезімтал жан және біз үшін нағыз үлгі болар
тұлға.
-Иа,елбасымыз үлгі болар
тұлға.
1-Слайд.
ІІ. Негізгі
бөлім.
Махди:
Қиялы ұшқыр ойлы
адам,
Әлемге болған аты
аңыз.
Ұрпақтың қамын
ойлаған,
Аман-сау жүрші,
Атамыз.
Слайд
Айша:
Арманын орындадың
бабалардың,
Көтердің көкшіл туын
даналардың
Қазақтың асқақтатар өр
рухын,
Ақтадың аппақ сүтін
аналардың.
Диас:
Отан деген-әр адамның
жүрегі,
Оған ел де, жер де, су да
кіреді.
Отанымды бар әлемге паш еткен,
Президентім-мақтанышым,
тірегім.
Әлихан:
Сәулесі күн шатырлы
аспан,
Кең дала төсі толқыған
егін.
Көлдері күміс шашқан,
Қазақстан –Республикам менің.
Самрат:
Толтырған гүлге даланы,
Жайнатқан ауыл қаланы.
Ардақты атамекенім,
Отаным Қазақстан.
Махаббат:
Бағдарлап елдің
ертеңін,
Тыныштық тауып
жатпаған.
Болашақ үшін тер
төгіп,
Үмітін елдің
ақтаған.
Ән: «Ел қорғауға
әзірміз».
Санжар:
Елбасымыз
жолдайды,
Халқы оны
қолдайды.
Ешқашан да
орынсыз,
Шешімдері
болмайды.
Батыр:
Елбасы елді
қорғайды,
Халық қамын
ойлайды.
Осындай жақсы
адамның,
Жақсылығы
тарайды.
Рахымжан:
Әнге толсын барлық
қала,ауылдар,
Қағылсын бар
барабандар,дабылдар.
Елбасының туған күнін
ардақтау,
Бәріміздің
борышымыз,бауырлар.
Айзат:
Сіз әке барша қазақ
бәрімізге,
Жас сәби үлкен-кіші
кәрімізге.
Сіз –басшы,халқың қосшы бола
бергей,
Жарасып келе жатыр
әнімізде.
Мирас:
Қиялы ұшқыр ойлы
адам,
Әлемге болған аты
аңыз.
Ұрпақтың қамын
ойлаған,
Аман сау жүрші
атамыз.
1992 жылы 4-маусымда жаңа
мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран
бекітілді.
2-Слайд
Ерханат:
Айнымайды
аспаннан,
Біздің тудың
бояуы
Оны халқым
қашанда
Биікке іліп
қояды.
Аяулым
Қатар шапқан қос
тұлпар,
Ай астында қазақ
үй.
Қалықтаған жас
сұңқар,
Шарықтаған таза
күй.
Бұл –елтаңбасы
елімнің,Елдігімнің белгісі.
Мансур:
Айтар әнім, сөйлер
сөзім.
Туған жерім
сағынарым,
Өмір бақи
шырқалады
Мәңгі менің –Әнұраным
1993 жылы 15-қарашада
Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
1995 жылы тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы»
қабылданды.
Астана-ҚР-ның саяси,әкімшілік
және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес
1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан
Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және
Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы
жерден жүзеге асырылады.
1998 жылы 10-маусымда
жаңа астананың ресми тұсау кесері
болды.
Ақбота:
«Үш
бақытым».
Еркежан:
«Туған
тілім».
Біз шын мәнінде Президент
Назарбаевты біздің бәрімізге, ұлтына, сеніміне және саяси
көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір сүруімізге барлық
мүмкіндік жасап келе жатқаны үшін мақтан
етеміз.
Н.Ә.Назарбаевтың
«Ой бөлістім
халқыммен» деген жинағынан нақыл
сөздерге тоқталғым келіп тұр.
Бұл дүниеде біздің бір ғана
Отанымыз бар, ол-тәуелсіз Қазақстан.
Отанды сүю-өркениеттіліктің
бірінші белгісі.
Отаншылдық рухы бізге ауадай
қажет.
Отаны бірдің-тілегі бір,
жүрегі бір.
Көп ұлтты ел болуымыз-біздің
байлығымыз, мақтанышымыз.
Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі
бар.
Әлемде егемен Қазақстан бар.
Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы
бар.
Ең
бастысы-бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы барр. Сол күнге
берік сенім бар!
Тәуелсіз мемлекетті
Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз.
Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан
да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол
білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан
адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп
білемін.
ІІІ. Қорытынды
бөлім.
Сабағымызды қортындылай келе,
мына Тілек
ағашына өзіміздің
Елбасына деген тілектерімізді
білдірсек.
Тұңғыш Президент күні
құтты болсын!
Хор
«Атамекен».
№15 орта
мектеп
«Елбасымен
мақтанамын!»
Акыбекова
Э.Д
Қайырлы күн, құрметті
ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған
күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» атты мерекелік іс-шарамызды
ашық деп жариялаймыз.
1-оқушы: Ол-еліміздің
басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы
тұлға.
2-оқушы: Н.Ә.Назарбаев
1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған
ауылында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім
алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Жасынан зерек, алғыр азамат
өскенде металлург мамандығын алып жұмыс жасаған. Ол халық қалауымен
1991 жылы1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып
сайланды. Содан бері 22 жыл өтті.
3-оқушы: Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін,
өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты
әрі қажырлықпен атқаратын адам.
4-оқушы: Нұрсұлтан ата-ақ пейілді, сезімтал
жан және біз үшін нағыз үлгі болар тұлға.
5-оқушы:
Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей
тойың,
Сомданып, тұлғаланып, өскен
бойың.
Жер
шары әлемдегі барлық елдер,
Біледі Президентіміздің
ақыл-ойын.
6-оқушы:
Арманын орындадың бабалардың,
Көтердің көкшіл туын даналардың
Қазақтың асқақтатар өр рухын,
Ақтадың аппақ сүтін аналардың.
7-оқушы:
Ұл
едің қатарынан артық туған,
Еңбекке жастайынан белін буған.
Танытып әрбір елге белін буған,
Жастарға жалын бердің білім
қуған.
8-оқушы:
Отан деген-әр адамның жүрегі,
Оған ел де, жер де, су да
кіреді.
Отанымды бар әлемге паш еткен,
Президентім-мақтанышым, тірегім. Нұрсұлтан
атамыздың сөзіне жазылған «Үшқоңыр» әнін
тыңдайық.
9-оқушы:
Сәулесі күн шатырлы аспан,
Кең
дала төсі толқыған егін.
Көлдері күміс шашқан,
Қазақстан –Республикам менің.
10-оқушы:
Толтырған гүлге даланы,
Жайнатқан ауыл қаланы.
Ардақты атамекенім,
Отаным Қазақстан.
«Жаса, Қазақстан» әні
орындалады.
11-оқушы:
Барша қауым бейнеттен
арылғанда,
Жаңа ғасыр есігі ашылғандай.
Елбасы тыным таппай ел кезіп
жүр,
Ел
үшін Асанқайғы бабасындай.
12-оқушы:
Біз
шын мәнінде Президент Назарбаевты біздің бәрімізге, ұлтына,
сеніміне және саяси көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір
сүруімізге барлық мүмкіндік жасап келе жатқаны үшін мақтан
етеміз.
13-оқушы:
Бұл
дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-тәуелсіз
Қазақстан.
14-оқушы:
Отанды сүю-өркениеттіліктің бірінші
белгісі.
15-оқушы:
Салтанатты жарасқан қаласы бар, ұшан- теңіз
байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді
мақтан етейік!
16-оқушы:
Отаншылдық рухы бізге ауадай
қажет.
17-оқушы:
Отаны бірдің-тілегі бір, жүрегі
бір.
18-оқушы:
Көп
ұлтты ел болуымыз-біздің байлығымыз,
мақтанышымыз.
19-оқушы:
Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.
Әлемде егемен Қазақстан бар.
Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы
бар.
Ең
бастысы-бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы барр. Сол күнге
берік сенім бар!
Жүргізуші:
Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың
басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді
жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда
тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана
біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз
деп білемін.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Жүргізуші:
Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,
Жас
сәби үлкен-кіші кәрімізге.
Сіз
–басшы, халқың-қосшы бол бергей,
Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,-дей
келе «Елін сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымызды
аяқтаймыз.
Тұңғыш Президент күні құтты
болсын!