Газет әлде,интернет?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Газет әлде,интернет?

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда газет пен интернет пайдалану маңызы ауқымы маңызды ақпараттардың бірі болып отыр.Осы тұста өз ойыммен бөліскім келеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Газет,әлде интернет?

Қазіргі таңда ақпарат,жаңалық айдынының дамып тұрған уақыты және заманы.Олай болуы да шарт.Кез келген адамзат баласы ақпарат болсын,жаңалық болсын барлық жағынан хабардар болып отырғысы келеді.Бірақ,осы тұста газетке қарағанда интернет желісін тұтынушы көп.Ал,газет оқитын адамзат тіптен жоқтың қасы.Бұл дегеніміз,сауатсыздық заманы,еріншектік заманы,жалпы құлдырау заманы дер едім.



Ендеше,газет пе әлде интернет пе....

Газет-адамға қай жағынан болсын,ауадай қажет құндылық.Себебі,одан іздеген адам бәрін де табады.Ол рухани азық,тарихи құндылығымыз.Сауатты болуға септігін тигізетін асыл құрал ғой.Газет қаншама жыл тарихы бар жаңалықтың жыршысы.Жалпы айтқанда,қандай заман болсын газеттің орны тым бөлек.Елімізде мысалы болып жатқан жайттардың барлығы сол газет беттеріне басылып шығатыны айдан аныққой.Газет қолыңда болса болды өз еліңдегі тіпті әлемдегі барша жаңалықты толықтай білуімізге мүмкіндік бар ғой.Тек болып жатқан жаңалықтар ғана емес тіпті өмірге болсын тәжіребиеге болсын септігін тигізетін ауқымды мәліметтер ағыл тегіл төгіліп жатыр.Және қай жағынан болсын мәселені көтереді және шешімімен айқын көрсетеді.Тек оқып санаңызға құйсаңыз болды.

Жалпы,газет туралы көп айттым ғой ендеше айтып өткен мәліметтерім бойынша,газеттің пайдасы туралы шағын айта кетсем....

Газет пайдасы-көкірегіңіз ашылады,өміріңізге жайшылық қарамайсыз,сауатыңыз жоғарылайды,сөйлеу қабілетіңіз жоғары деңгейде болады.Араторлық шеберлік деп жатамыз ғой,ол жағы тіптен жаңаша өзгеріп,тіліңіз ерекшеленіп,барлық ортада өз ой,пікіріңізді айқын жеткізе аласыз.Пайдасын айта берсең өте көп..

Бірақ,газзет оққуға сауатты болуға не кедергі?Әрине,интернет желісі және қайдағы жоқ жалған әр жерге таралатын бұқаралық ақпараттар көзі.

Интернет-ол дымда істеми тек барлық адамның сеніміне оңай кіріп,баурап алатын қауқарлы нәрсе.Әрине,оның пайдасы баршылық тек зияны ғана бар деп айта алмаймын.Бірақ,сол пайдасына қарағанда зияны көбірек болып отыр.Орнымен пайдалану деген ұғым бар.Бірақ,осы ұғым аясында таяз ойланатын жастарымыз артып,жетіледі.Мысалы,асығыс уақытта тез іздеу керек болатын ақпарат болса интернет желісін пайдаланған дұрыс.Ал,былай уақытта барынша мүмкіншілігіңізді жіберіп алмай,сауаттылығыңызды арттыру мақсатында газет оқыңыз.Әсіресе,жастар жағына айтарым еліміздің болашағы біздің қолымызда.Ал,сол болашағымызда сауатты жастар көп болуы үшін білімге құштар боллып,оқиық тек оқиық.

Ендеше,басты тақырыбыма оралып тобықтай сөздің толықтай түйінін айтқым келеді,еліміздегі барша ақпаратты барынша газеттен оқып білуге тырысайық.Тек тығыз уақытта интернет желісін пайдалануды әдетке айналдырып,былайғы уаққытта газзетті қолданыстан шығармаған абзал.Әр нәрсенің орнымен қолданатын уақыты бар.Заман ағымына сай өмір сүрейік барлық жағынан бірақ,ежелден келген оқыту мүмкіндігімізді жоғалту бізге сын...

Қорытындылай келе, газет пе әлде интернет пе...

Әрине газет.Өз тұжырымамдамам аясында менімен келісер жастар барына сенемін.Оқиық...

Кенжебекқызы Қарақат

Ақтөбе облысы,Ырғыз ауданы,Құмтоғай ауылы

Құмтоғай жалпы білім беретін орта мектебі

11-сынып оқушысы

Номинация:Газет,әлде интернет

Жетекшісі:Төлеуова Ләззат Мараловна

Электронды м.ж- karakatkenjebekovvakarakat@gmail.com







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.03.2024
161
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі