Материалдар / География ғылымының даму тарихы

География ғылымының даму тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
География ғылымының даму тарихы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2019
3175
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

География ғылымының даму тарихы

Географиялық атлас - 1570 ж.

Ежелгі замандардағы қалыптасуы

География — өте ежелгі ілім. Сонау тас дәуірінің адамдары өздерін қоршаған орта элементтерінің екінші бір жермен ұқсамайтындығын, ондағы табиғи құбылыстардың әр түрлі екендігін байқап отырған. Көрген-білген жерлерін, көкжиектің өзі басып көрмеген арғы жағын ой өрісімен жалғастыра білген. Өз ортасын зерттеп, танып-біліп, салыстырып, тасқа, ағаштың қабығына, жерге сызып белгі салып отырған[7].

Географиялық алғашқы мағлұматтар Шығыстың жазба деректерінде кездеседі. Теңізде жүзу мен сауданың дамуы құрлық беті мен теңіз жағалауын сипаттап жазуды керек етті.

Б.з.б. 6 ғасырда географияда екі бағыт:

жалпы жертану (негізін Аристотель қалады) және

елтану (Геродот) айқындала бастады.

Содан бері География өзінің дамуында бірнеше сатыдан өтті.

Географияның эллиндік дәуірдегі дамуы

Эллиндік дәуірде Эратосфен өзінің «География» атты еңбегінде табиғатты зерттеулердің барлық бағыттарын біріктірмек болды[8].[9] Б.з.б. 1—2 ғасырдағы күрделі географиялық еңбектерге Страбонның «Географиясы» (ел тануы), Птолемейдің «География жөніндегі нұсқауы» (географиялық координаттары көрсетілген елді мекендер тізімі) жатады.

Орта ғасырларда география ҚытайдаПарсыда, Орталық Азияда және Араб елдерінде жақсы дамиды.

Ұлы географиялық ашылулар

Толық мақаласы: Ұлы географиялық ашылулар

ХVI ғасырдан бастап география аса маңызды ғылымға айналып, жеке салаларға бөліне бастады. Осы кезеңдерге географияның ерекше ғылыми тілі картография қалыптасты. Ұлы географиялық ашылулардың ғылыми қорытындылары голланд ғалымы Бернхардус Варениустың “«Жалпы география»” атты еңбегінде (1650 ж.) жинақталды.

Экспедициялар кезеңі

XVII — XVIII ғасырларда түрлі елдердің табиғат жағдайларын зерттеуге және оларда өтіп жатқан табиғи процестерді түсіндіруге қызығушылық арта түсті (Г. ЛейбницЖ. БюффонМ. В. Ломоносов). Ресейде экономикалық географияның қалыптасуына И. К. КириловВ. Н. ТатищевМ. В. Ломоносов зор үлес қосты. Жаратылыстану ғылымының XVIII — XIX ғасырлардың I жартысындағы аса көрнекті жетістіктері бұрынғы натурфилософиялық жорамалдардан бас тартуға, "табиғаттағы процестердің бәрінің өзіне тән себептері бар" деген ғылыми тұжырым жасауға мүмкіндік берді. Бұл кезеңде география жөнінде екі түрлі пікір туды: XIX ғасырда неміс саяхатшысы А. Гумбольдт өзінің “Космос” (18451862) атты еңбегінде "Физикалық географияның міндеті — табиғат құбылыстарының жалпы заңдарын және олардың ішкі өзара байланыстарын зерттеу", — десе,[10] неміс географы Карл Риттер өзінің “«Dіe Erdkunde іm Verhalt-nіs zur Natus und zur Geoschhіchte des Menschen»” (1822 — 1859) еңбегінде "Географияның басты міндеті — табиғаттың адамға тигізер әсерін зерттеу ғана", — деп түсіндірді.

XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басындағы ғылыми экспедициялар мен теориялық ашылулар

XIX ғасырдың аяғында Ресейде B.В. Докучаев комплексті физгеографиялық зерттеулердің негізін қалап, бұл зерттеулердің міндетін халық шаруашылығы мәселелерін шешумен байланыстырды.[11] География өзара байланыстылықты тануға А. И. Воейков зор үлес қосты. XX ғасырдың басында Л. С. Бергтің, А. А. Борзовтың т. б. еңбектерінде ландшафт туралы ұғым қалыптастырылды. Географиялық ғылыми зерттеулердің дамуына Орыс географиялық қоғамы (1845) үлкен еңбек сіңірді. 19 ғасырдағы және 20 ғасырдың басындағы экспедициялар Азияның бұрыннан беймәлім ішкі аймақтарын (П. П. Семенов-Тян- ШанскийН. М. ПржевальскийГ. Н. Потанин), Жаңа Гвинеяны (Н. Н. Миклухо-Маклай) зерттеді, Антарктиданы (Ф. Ф. Беллинсгаузен, М. П. Лазарев) ашты.

География өзінің одан әрі даму сатысында (XVIII ғ.) геологияға, XIX ғасырдың I жартысында экономикалық (алғашында “статистикалық”) және физикалық географияларға жіктелді. Географияның зерттеу объектілері мен тәсілдері күрделене түсіп, XX ғасырдың басында география ғылымдарының жүйесін қалыптастырды.

Бүгінгі таңда Жер шарында ашылмаған жер жоқ деуге де болады, бірақ онымен географиялық ашулар тоқтады деген ұғым тумау керек. Жаңа географиялық зерттеулерде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері: ғарыштық және аэро кескіндеулер, геофизикалық зерттеулер, ақпаратты компьютерлік өңдеу және т.б.пайдаланылады. Қазіргі заманғы география ғылымы табиғи ортаны қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдалану, мұхит табиғатын жаңа құралдар мен әдістер көмегімен танып-білу, адамзат пен табиғат арасындағы байланыс, табиғат апаттарын болжау және оларды болдырмау бағытында зерттеулер жүргізуде.[12]

Географияның зерттеу объектілері

Жер құрылысы - географиялық қабық

География жер бетін құрастыратын күрделі территориялық жүйелерді зерттейді. Бұл жүйелер: табиғи, әлеуметтік және табиғи-қоғамдық болып бөлінеді. География ғылыми байланыстардың екі сферасының (табиғи және қоғамдық) арасында орналасқан, сол себепті оның зерттеу обьектілері алуан геожүйелер мен оның компоненттері саналады.

Дегенмен, ғылым дамуының барысында географияның зерттеу обьектілері сан рет өзгерді. Жалпы қалыптасқан ұғым бойынша көптеген ғалымдар география ғылымының негізгі обьектісі ретінде жер бетін қарастырады. Бұған байланысты Карл Риттер географияның зерттеу объектісі ретінде Жер бетін, Э.Мартонн - Жер бетіндегі адамзат қызметіне байланысты физикалық, химиялық, биологиялық құбылыстармен олардың таралу себептерін, О.Пешель - Жер табиғатын қарастырады.

Көптеген физик-географтар П.И.Броунов ұсынған «географиялық қабық» обьектісімен келіседі. Географияның зерттеу обьектісі ретінде бірнеше терминдер ұсынылды: географиялық қабық, ландшафт қабығы, геосфера, ландшафтық сфера, биогеосфера, эпигеосфера тағы басқа. Ең дұрыс дел қабылданғаны: «географиялық қабық». Бұл бірнеше бірімен-бірі байланысты жер сфералары мен олардың элементтерінен литосферадангидросфераданатмосфераданбиосферадан тұратын күрделі құрылым - географиялық қабық болып табылады. Географиялық қабықтың компоненттеріне ауа, су, тау жыныстары, тірі заттар жатады. Сондықтан географиялық қабықтың барлық компоненттері бір-бірімен тығыз байланысты. Географиялық қабықтың біртұтастығы - оның ең маңызды қасиеті.

Географияның зерттеу әдістері

Толық мақаласы: Географиялық зерттеу әдістері

Тарихи қағида бойынша дәстүрлі әдістер (суреттеу, картографиялық әдістер) географияда XX ғ. 30-50 жылдары бастап пайдаланып келе жатыр. XX ғ. 60-80 жж. ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты көптеген жаңа мүмкіншіліктер пайда болды: ғарыштық, математикалық, модельдеу, геоақпараттық және т.б. Географиялық ақпараттық жүйе пайда болды[13][14].

Қазіргі географиялық ғылыми-зерттеу әдістері:

жалпы ғылыми тұрғылар мен әдістерді (тарихи, экологиялық, модельдеу, математикалық, жүйелік, тағы да басқалары);

нақты ғылыми тұрғылар мен әдістерді (физикалық географияда — геохимиялық, геофизикалық, палеогеографиялық және тағы да басқалары әдістер; әлеуметтік-экономикалық географияда — экономикалық-статистикалық, техникалык-экономикалық, социологиялық және тағы да басқалары);

ақпарат алудың жұмыс тәсілдері мен операцияларын (баланстық әдістер, дистанциялық әдістер; зертханалық әдістер, мысалы, споралық-шаңдық талдау, радиокөміртекті әдіс, сауалдама жүргізу, іріктеме әдіс, тағы да басқалары);

ақпаратты тәжірибелік және теориялық қорытудың әдістерін (индикациялық, бағалау, ұқсастық, жіктеу, тағы да басқалары);

алынған ақпаратты өңдеу әдістері мен техникалық тәсілдерін (перфокарталардың, электрондық есептеу техникасы арқылы, тағы да басқалары) қамтитын жүйе.[15][16]



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ