ПӘНДІК ДАҒДЫЛАРДЫ АРТТЫРУДА САРАЛАУ АМАЛДАРЫ
Саралап оқытуда мұғалімдердің басым бөлігі Блумның білу, түсіну деңгейінде қалып қояды да, сабақ барысында жоспар дайындауда ҚОЛДАНУ дейгейінде қателіктер жіберіп жатады, ол қандай қателіктер. Саралау дегеніміз жалпақ тілмен айтқанда әрбір баланы дара деп қарап (сыртқы және ішкі факторларына) сол өзіндік даралағымен бүгінгі сабақ МАҚСАТЫН ашатындай етіп жағдай жасау, яғни оның ұлты, жынысы, діні, мінезі, тәртібі, танымдық деңгейі (озат оқушы, үлгерімі орташа/ төмен), әлеуметтік жағдайы, денсаулық жағдайы, темпі, жылдам/ баяулығы, мүмкіндігі, қызығушылығы, белсенділігін т.б. факторлерді ескере отырып соған қарамастан «алаланып» «алшақтанып» қалмайтындай барлығы бірдей дерлік тапсырманы орындау, мақсатқа барлығы өз жағдай мүмкіндіктеріне қарай жету көзделініп отыр, осындай оқытуды саралап оқыту дейміз. Осы жерде мұғалімдер тек танымдық аймақтарына басымдық беріп деңгейіне қарай сараладым деп жатады, ол әрине дейгейіне қарай тапсырма беруді ескеру қажет себебі Михаи Чиксентмихайдың ағыны болу үшін (5-сурет), бірақ ол саралау емес тек деңгейлік тапсырма болып қалады. Михай Чиксентмихай ағыны – сыныпта дағдысы жоғары оқушы болып оған қарапайым сұрақ қойса немесе оның дейгейіне жеңіл тапсырма беретін болсақ ол тез орындап сабақ барысында іш пысып, зерігу аймағына кетеді, сол сияқты дағдысы төмендеу оқушыға күрделі тапсырма немесе сұрақ беретін болса ол балада «паника» алаңдаушылық пайда болады. Мінекей осы жерде мұғалім құзіретті мұғалім ретінде кез-келген оқушының дағдысын, темпін, деңгейін барлығын есеруі керек. Сонда ғана М.Чиксентмихайдың теориясына сай барлық оқушылар «ағынға» түседі.

5-сурет. Чиксентимайи Михайдың «Ағын» теориясы
Сондықтан саралаудың тоғыз түріне толық тоқталып әрқайсысының қажеттілігін қалай ескеру керектігін қарастырсақ. Саралаудың 9 түрі:
-
тапсырма
-
нәтиже
-
жұмыс қарқыны
-
қолдау
-
ресурстар
-
топтау
-
рөлдер
-
үй жұмысы
-
диалог/ сұрақтарды пайдалану [10].
Тапсырма – балаларға (жеке немесе топта) олардың меңгерген білімдеріне негізделген әртүрлі тапсырмалар беріледі (1-қосымшаларда үлгілер). Оқушылардың деңгейіне ғана қарау емес тағы да жазып кететінімдей танымдық аймақтарының шеңберіне, пәнге әсіресе сол сабақ тақырыбына деген қызығушылығына қарау, мүмкіндігіне қарай тапсырмалар беру. Мысалы ер балалар географиядағы машина жасау өнеркәсібі бойынша сабақта, белсенді емес география пәніне қызығушылығы төмен оқушының осы тақырыпта өте белсенді қатысқаны белгілі (№123 мектептегі зерттеуім бойынша Н есімді оқушыдағы өзгеріс, тақырыпқа қарай белсенділігі артты), сондықтан географиядан қызығушылығы жоғары, пәнді сүйетін оқушының өзінде бүгінгі тақырыбыңыз аса ықтиярлық туғызбауы да туғызуы да болып тұрады, сол үшін жоспар – мұғалімнің айнасы, тіпті сіз бір 9 сыныпқа немесе бір 7 сыныпқа жасаған жоспарыңызбен барлық сыныпқа кіре алмайсыз. 7-А оқушылар өзгеше, 7-Ә мүлдем басқандай сол үшін пән мұғалімдері жоспар жасау салмағын тереңінен қарағаны дұрыс. Сондай-ақ тапсымаларды жеке орындағаннан гөрі топпен орындаған анағұрлым нәтижелі, тиімді болады. Тапсырма бергенде осыны ескеру қажет. Бұл ұстаным конструктивтік білімнің басты идеяларының бірі. Нәтиже – балалар қойылған жалпы мақсатқа сәйкес бірдей тапсырмамен жұмыс істейді, бірақ мұғалім балалардың алдыңғы нәтижелерін ескере отырып, баладан әртүрлі нәтиже күтеді. Бұл жерде тағы да Чиксентмихайдың ағынын тілге тірек етемін, баланың ойлау, оқып үлгеруі, одан соң талдау, біреуге түсіндіре алу, сұраққа жауап іздеу деген сияқты әртүрлі тапсырмаларда әркімнің өзіне тән жылдамдығы және дағдысы бар, осыны ескеріп барлығы ағынға түсетін тапсырмалар беріліп соған қарай нәтиже күтуіміз қажет. Кейбір жағдайда күтілетін нәтижелер қолжетімсіз болып та жатады, осы тұста оқушыларға дер кезінде көмек беру, қолдау беру керек болады. Жұмыс қарқыны – балаларға ортақ тапсырма беріледі, бірақ оларды аяқтауға жұмсалған уақыт олардың дағдыларына қарай анықталады. Бұл жерде жоғарыда жазған фактілерді ескере отырып баланың «шама-шарқына» қарай педагогикалық амалдарды қолдану көзделінеді. Қолдау – балалардың барлығы бірдей тапсырманы орындайды, бірақ олардың кейбіреуіне басқаларға қарағанда көбірек немесе азырақ қолдау көрсетіледі. Жоғарыда нәтиже деген саралауда жазғанымдай үлгермей жатқан оқушыға көмек беру, немесе тапсырманы толық түсінбей отырған оқушыларға, немесе жылдамдығы аздау оқушыға арнайы қолдау қолсету – көмектесу арқылы, болмаса жұптық жұмыстарда бір жұп тез бітіріп екінші жұпқа қолдау жасатуға бағыттау болып отыр. Сондай-ақ кейбір «тәртібі нашар», болмаса ұшқалақ/ шыдамсыз оқушыларға сұрақ ретінде қолдау жасалыну да қарастырылады. Неліктен?, Қадыр Мырза-Әлі айтып кеткендей: «Баланың тентектігін қойдырам деп, қайсарлығын өлтіріп ала көрме», дегендей ұшқалақ қайсар балалардың ішінде толып тұрған энергия бар, сол энергияны бала қалай және қайда жұмсау керектігін білмей тәрбімен шығарып жатады. Оны дәстүрлі білім беруде тәртібі нашар деп сыныптан шығарып жіберетін, болмаса ұрыспен аяқталатын. Бұл да мұғалімнің психологиялық аспектілерді ескермейтіндігінің көрінісі. Ондай мінезді оқушылар сынып алдында «авторитетті» болып жүріп сабақта да білгіш ретінде көрсеткісі келіп тұрады, егер ондай балаға көмек ретінде қолдаумен шектелсек, оның жұмысты орындаудағы ілгерілеуі сол жерде тоқтап қалып уәжі басылыңқырап қалады. Сырт көзден мұғалім сондай оқушының уәжін жауып тастағымыз келіп тұратындай көрінеді, бұл да қолдау арқылы саралаудың басты ньюанстары, яғни қолдау керек екен деп барлығына көмектесе беру түрткі болу емес, кімге қандай қолдау түрін қолдана алу шеберлігі қажет. Ресурстар – балалар ортақ тапсырманы орындайды, бірақ айтарлықтай дамыған оқу немесе зерттеу дағдыларын қажет ететін әртүрлі ресурстар ұсынылады. Мидың қыртысын талдауымда жазып кеткенімдей оқушылардың ақпаратты сақтауы ми қыртысының бөлігіне байланысты болып соған қарай тек кітап немесе картамен шектелмей қосымша ресусртар беру болмаса ресустарды өздері табуыларына мүмкін беру қажет, бұл да оқушының басқа оқушының алдында өзін «комфортно» сезініп еркін білім алуына жағдай туғызады, балада алаңдаушылық немесе шаршап отыру болмай керісінше өзінің табиғатына тән жолмен білім алады, мысалы бүгінгі тақырыпты біреусі кітаптан оқығаннан гөрі видео қарап түсініп алады, келесісі керісінше кітаптан ізденеді, осылайша география пәні бойынша білім алып оны дұрыс қолдана алу дағдысына итермелейміз. Топтау - балалар ортақ тапсырманы орындайды, барлығының табысқа жетуін қамтамасыз ететіндей топтастырады. Осы тұста тәжірибеде болған қателікті мысалға келтіргім келіп отыр. Топтастыруда (тек топтастыруда ғана емес) мұғалімдер тағы да оқушылардың деңгейлеріне қарай бөледі немесе тапсырма береді. Сабақтың мақсатына жетудегі оқушының барлық қыр-сырларына қарау қажет – осыны саралау дейміз!!! Неліктен осы сөзді ерекшелеп отырмын?, тәжірибемде болған аралас мектепте «Қазақстанның ұлттық және діни құрамы» тақырыбындағы сабақ мақсатында (ашық сабақ форматында өткізілген), мұғалім оқушыларды дүниежүзілік діндер бойынша топтастырған және топтастырудағы басты ерекшелік - оқушының дейгейіне басымдық беріп әр топта бір-бір жақсы оқитын оқушының отырғанын ескерген. Тағы да деңгейі, саралау деген тек деңгейіне қарау ма еді? «өкінішке орай» Ислам діні тобына басқа діндегі қыз бала отырып қалып дегенменде үлгерімі өте жоғары, мен мұсылман емеспін деп сабақ орындамады. Сабақтың мақсаты қандай еді?, оқушылардың құрамы қандай еді? Неліктен осы аспектілерге, фактілерге мүлдем қарамаймыз, ол оқушы жақсы оқиды, дегенменде өзіне тән мінезі, отбасылық қағидаттары да бар ғой оның жеке тұлға, жеке пікірі бар екендігін, жеке қалыптасып келе жатқан эволюциясы барын НЕГЕ ескермейміз?... Себебі, саралудың түп-тамырын толық білмегендіктен, тиімді жоспарлай алмағандықтан. Оқушыдан ұлтты, дінді сыйлауды, құрметтеуді талап етеміз, дегенмен неге өзімізден бастау алмасқа... Болмашы ғана нәрсе айсбергтің түбіне соққы жасап барлығын қиратуы мүмкін. Мұхтар Әуезов: «Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес», - дегендей, осы бір критериймен шектеліп қала беретін болсақ тіпті жақсы оқитын баланың да ішкі уәжін жауап тастауымыз мүмкін екендігін түсінсек екен!!! Рөлдер – балалар ортақ тапсырмаларды орындайды, бірақ олардың әрқайсысы әртүрлі рөл атқарады. Сыныптағы оқушылардың қызығушылақтары, потенциалы т.б. ескеріліп мінез-құлықтарын да тысқары қалдырмау керектігі көзделінеді. Себебі қарқынды белсенділік немесе шыдамсыздыққа бой алдытатын оқушылар көшбасшылығы басым болып ішкі шағын топтық атмосфера бұзылып жатады, сол үшін алдын-ала оқушының «Мендігін» ашатындай рөлдерді реттеп жоспарлау көзделінеді. Топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыру арқылы кейбір оқушылардың Менмендігінен Біздікке ұластырып «өзіндік Менін» ашуға ықпал етеді, ал өзіндік МЕН – рефлексивтік делдалға тіреледі. Үй жұмысы – балаларға әртүрлі тапсырмалар беріледі. Ол жекелеген оқушыларға сыныпта бастаған жұмысты аяқтау үшін қосымша уақыт қажет болуы мүмкін. Соы тұста саралаудың әлеуметтік жағдай дегені де сөз болады, себебі мысалы зерттеу тапсырмаларында мұғалімдер презентация жасау т.б. сияқты АКТ құзыреттілігін арттыратын тапсырмалар берген жағдайда үйінде компьютері жоқ, болмаса интернет қосылмаған немесе презентация жасай алмайтын оқушыларда алаңдаушылық болып белгілі бір сылтаумен сабаққа қатыспауға дейін алып келеміз. Сондықтан ондай жағдайда, үй тапсырмасының тақырыбы бәріне бірдей, бірақ орындау формасы әртүрлі, әркім өз жағдайы, мүмкіндігі, қызығушылығына қарай орындау саралауға жатады, мысалы қазақстанның табиғи ресурстары бәріне бірдей үй тапсырмасы, бірақ фотомен әуестенетін оқушы фотоколлаж жасауы мүмкін, екіншісі макет деген сияқты тағысын тағы. Осыдан соң барлығы орындайды ма?, алаңдаушылық болады ма? Тақырып ашылды ма? Шығармашылық дағдылары артады ма? Диалог/сұрақтарды пайдалану – мұғалім оқушылардың деңгейіне қарай өзінің қоятын сұрақтарын немесе оқушылардың берген жауаптарын саралайды. Сұрақ қою дағдысы - рефлексивтік практик/делдал болуда маңызды роль атқаратыны сөзсіз. Танымның ең басты құралы сұрақ қою екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Сол себепті де ғұлама философ Сократ өз шәкірттерін ешқашан да үйретпеген, оның орнына тек сұрақтар ғана қойып отырған (атақты маевтика тәсілі). Оның сұрақтарына жауап бере отырып, шәкірттері өз бойларында білім қалыптастырған. Бірде тіпті Сократ сұрақ қою арқылы қол өнер шеберінің сауатсыз, хат танымайтын 12-13 жасар көмекшісінің өздігімен Фалестің теоремасын (параллель сызықтар туралы) құрастыруына себепкер болған дейді. Поль Ричардтың «Сыни ойлау: Жылдам өзгеретін әлемде әр адамға не керек» еңбегінде:
1. Нақтылайтын, айқындайтын сұрақтар.
2. Болжамдық тұжырымдарды зерттеуге арналған сұрақтар.
3. Тұжырымдау мен дәлелдеулерді зерттейтін сұрақтар.
4. Көзқарас немесе өзіндік пікірлер туралы сұрақтар.
5. Қорытындылар мен салдарды зерттеуге арналған сұрақтар.
6. Сұрақтар (мәселелер) туралы сұрақтар қою керек деген екен [11].
Сондықтан осы алты бағыттағы сұрақтарды сабақтың кез-келген жерінде тиімді етіп қолдану арқылы оқушыны сындарлы ойлауға жетелеу, яғни өзін-өзі реттеуге итермелеу қажет.
Осы зерттеу тақырыбым бойынша мақала жариялап, семинар, дөңгелек үстел ұйымдастырып тәжірибемді тарату барысындағы бір вебинарда осы өзекті де өткір тақырыпта әріптестеріммен талдауда әртүрлі пікірлер орын алды, психологиялық қолдауда адамның көзіне қарау керек, көз –адамның айнасы, ол жан-дүниесін айта алатын жалғыз «орган» деген ойлар айтылып, пікірталас барысында мен келісетінімді және келіспейтінімді білдірдім, дегенменде ойымды осы жерде толық жазсам, ия көз – адамның шамшырағы, бірақ сабақ 40 минуттық шектеуде және сол уақыт аралығында адамның көзіне қарап отыратын оның жан-дүниесін оқи алатын уақыт тапшы, әрине сол ғана 40 минут емес қой деген ой туындайды, бірақ пән бойынша стандарттта бекітілген, берілген ОҚУ мақсатынан алысқа кету болмаса мақсатқа жетпей қалу мұғалімнің ұстанымы мен қағидатына жатпайды және де сабақтағы басты мақсат 40 минуттық оқу мақсаты! Бұл тар контекстегі қағида. Осы орайда сабаққа дейін білу керек адамның жай-күйі, көңіл-аухалы, ренжіс сияқты эмоционалды фактілерді білеуде сабақтан тыс уақыттағы психолог және сынып жетекшісі жұмысына бағытталады. Бірақ бұл пәндік болғандықтан ауытқымай тек қосымша ресурс ретінде Джогари терезесін ұсынамын, сол терезе арқылы оқушының эмоционалдық, тіпті аффективтік жай-күйін анықтауға үлкен мүмкіндік бар тест. (https://www.live-and-learn.ru ДжоХари сауалнамасы). Ал көз, Джогарри сияқты тесттер ол үлкен контекст, тар контекст әрқашан да үлкен контекст шеңберінде болғандықтан, сабақ уақытында нені және қалай, сабақтан тыс нені және қалай саралап жоспарлауды ажырата алу қажет.
Өмір
(кең контекст)
Сабақ
(тар контекст)
Ж.Пиаже: «Адамның ақылы («ми» деген мағынада) өзін таниды, яғни, психологиялық тілмен айтқанда, басқа заттармен немесе басқа ақылдармен қатынаста ғана болады». Адамның санасы тек басқа адамдармен қарым-қатынаста ғана дамиды, тек қарым-қатынас арқылы бізді жаңа түсінікке әкеледі. Ал қарым-қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға (олардың пікіріге, идеяларына, көзқарасына, мінезіне) бейімдеу деген сөз. Осындай өзекті тақырыптағы талдау арқылы пікірден ой туындап бір арнаға тоғысып жататындығы ақиқат. Дегенменде, осы саралау әдістерін тек біліп, жалпылама қолдану емес мектепішілік пікірлесу ақылдасу талдаулар арқылы нәтижелі жұмыстардың орын алғанын қалаймыз. Бала сияқты ересектер де қателесу арқылы түзеледі, үйренеді. Саралап оқытуды үйренуде үлкен «тәбет» тілеймін. Француз жазушысы Анатоль Франс «Тамақ тек зор тәбетпен ішкенде ғана сіңеді» деген екен. Оқу мотивациясы дегеніміз дәл осы сияқты білімге, білуге үйренуге деген «тәбет». Оқушылар әр сабақ пен тақырыптың өз өміріне, оның ішінде өзінің тұлға ретінде дамуына тікелей қатысы бар болып, елеулі пайда әкелетіндігін білгенде ғана таным процесіне араласа алады. Сол себепті мұғалім оқушының «Мендігін» қалыптастыруда әр сабақ басында оқушы «Мен осыны не істесем? Қалай жоспарласам? Неліктен? Қаншалықты тиімді болады?» деген секілді сұрақтарға жауап ізденсе керек.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ САБАҒЫНДА САРАЛАУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

шағым қалдыра аласыз