Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

География пәнінде қазақ тілін қолдану арқылы мемлекеттік тілді жетік білуге үйрету.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ өткізу формалары
Материалдың қысқаша нұсқасы

География пәнінде қазақ тілін қолдану арқылы мемлекеттік тілді жетік білуге үйрету.

Сабақты үнемі қалыптасқан бір формада өткізу, әсіресе жоғары кластарда оқушы әрекетіне қозғау сала бермейтіні баршамызға аян. Сондықтан оқушылардың белсенділігін арттыру, қазақ тілінің төл сөздерін білуге үлес қосу арқылы  олардың іс - әрекетін басқару, іздестіру, зерттеу ой таласын туғызумен қатар сабақты өмірмен ұштастыру, оқу материалының мазмұнын қоршаған ортаның , қозғалысымен, шындығымен үнемі байланыстыру – оқыту үрдісінің ең маңызды мақсаты.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін география пәні бойынша оқушылардың шығармашылығын арттырып, зерделі, дарынды оқушыларды дамыта оқыту үшін жоғарыда айтылған оқытудың дәстүрлі және жаңа технология түрлерін қолданып, сабақты барынша түрлендіріп өткізуге болады.

Әрине, бұл жерде мұғалім мен оқушының мүмкіндіктері толық ескерілуі қажет. Оқушыға қазақ тілін толық меңгеріп шығарту қажетілік етеді. Орыс сыныбында не болмаса қазақ сыныбында болсын Мемлекеттік тілдің дамуына әрекет жасау, ол мұғалімнің шеберлігіне де тікелей байланысты. Сондықтан сабақта ойын түрлерін қолдану, балалардың қызығушылығын одан әрі арттыра түсу.

Сабақ барысында оқушылардың өздігінен ізденуін қадағалап, білім дағдысын толықтыруға ерекше назар аудару қажет.

- ойын сабағы

- тірек белгілер түрлерін қолданатын болсам 6 – 7 сыныптарда көбінесе оқушылардың ізденісін ескеруді мақсат етемін.

Ол үшін

- Жұмбақ жасыру

-Жыраулардың, ақындардың табиғатпен байланысты өлең шумақтарын жалғастыру

- дидактикалық диктант өткізу

- графиктер мен диаграммалар құрып, салыстыру

Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты деген



Ойын түрлері


Пікір – сайыс сабақтар жастардың білімдерін жан – жақты жетілдіріп, мәдени деңгейлерін көтереді, басқа адамдарға түсіністікпен қарап, олардың пікірлерімен санасуға үйретеді, шешендік өнерге баулиды.
География сабағын басқа ғылымдармен ұштастыра отырып оқыту білім мен біліктілікті сапалы түрде меңгеруді қамтамасыз ете алады. Сабақты әдебиет, ағылшын тілі, химия, биология, тарих, т. б. пәндермен байланыстыру оқушы білімін тереңдетеді.Shape1 Shape2

Ойын көп білуге, білімділікке баулиды және білгенін тұжырымдап, нақты айтуға тәрбиелейді. Танымдық ойын түрінде ұйымдастырылыған сабақтың бір түріне тоқталатын болсам 7- сыныпта «Атмосфера» тарауын қорытындылау сабағы.

Ойын шарты оқушыларды 3 топқа бөлу керек.

1 топ «Тропосфера», 2 топ «Стратосфера», 3-топ «Мезосфера» әр топ бағдарламасы болады

1. Сөзөрім шешу.

2. Табиғат құбылыстары туралы жұмбақтарды шешу.

3. Қазақтың ауа – райы, туралы халық болжамынан мысал келтіру.

4. Шартты белгілер бойынша жауап беру.

5. Жұмбақтар шешу.

6. Сөз ұйқасын тауып, анықтамасын айту

7. Тест сұрақтарына жауап

8. Кестемен жұмыс.

Географиялық объектілерді картадан көрсету. Сабақ соңында білім сайысына түскен әр топтың ойын барысындағы бағдарлама бойынша берілген сұрақтарын алған ұпайларын, жеңімпаз топ анықталады.

- Этнопедагогика материалын әрбір тақырып мазмұнына сай енгізе отырып, оқыту үрдісін жандандыру мен танымдық ойындар түрінде пайдалану. Оқушылардың география пәніне қызығушылығын арттыруға әсер етеді.

Оқушылардың алған теориялық білімін карталар бойынша қорытындылау сияқты жұмыстар өткізіледі.

Жаңа сабақ кезінде кездескен кейбір жаңа терминдерге тоқталып, түсініктемелерін айтумен қатар үнемі оларды түсіндірме сөздік дәптеріне жаздырамын.

Осылайша жаңа сабақты меңгеру үрдісіне оқушылардың өздерін белсенді қатыстыруды мақсат етіп отыру қажет.



Ойын сабағы оқушыларды теориялық білімін іс – жүзінде қолдануға бағдарлайды.
Күнделікті сабақ барысында оқушылардың өзіндік жұсмыстарын тиімді орналастырумен қатар дәстүрлі емес сабақ түрлерін және әр түрлі оқыту әдістерін қолдану олардың теориялық білімді қолдану біліктілігін арттырып қана қоймай шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда танымдық көзқарастарын дамытуда роль атқарады. Сонымен қатар оқушыларды география пәніне қызығушылығын арттырады.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесі әлемдік өркениет стандартына сай реформаланып, көптеген инновациялық технологиялар жасалынып, оқу бағдарламалары өзгертіліп, Ата оқулықтарымыз шығарылып, қолданысқа енгізілуде. Осыған орай оқушыларды тек біліммен ғана қаруландырып қоймай, олардың назарын білгендерін жадына сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, зерделі білім алу құштарлығын ояту, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқа танымдық қасиеттерін жетілдіру - жаңа ғасыр мектебінің мақсаты.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2020
358
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12