Материалдар / География сабағында ақпараттық технологияны пайдалану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

География сабағында ақпараттық технологияны пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
география сабағында ақпараттық технологияны пайдаланудың тиімділігі мен ерекшелігі туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2020
494
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Найманбаева Рыскул Женисбаевна

«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Жангелді орта мектебі»ММ

Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Молодежный селосы

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ

Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық , коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп –Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
География оқушылардың өздігінен ізденуін, дамуын қамтамасыз ететін, өмірге, айналадағы ортаға құштарлығын арттыратын бірден-бір пән. Оқушыларды қазіргі заман талабына сай, жерсерік арнасы арқылы қашықтықтан оқыту және электрондық оқуларды пайдаланып, география пәніне деген қызығушылығын арттыру әрбір география мұғалімінің міндеті. Нәтижесінде оқушылар тарауды жақсы меңгергенін, компьютерлік сауаттылықтары дамығанын, ақпараттық мәдениетінің қалыптасқанын көруге болады. Тест қорытындысы бойынша оқушылардың желілер байланысы, электрондық пошта, жалпы компьютерлік желілермен жұмыс жасау технологиясын жақсы меңгергенін көрсетті.Жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Іс тәжірибемде ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін баланың бүгінгі сабақта алған білімін одан әрі дамыту мақсатында төмендегі іс-шаралардың қолданудың маңызының зор екенін байқадым. Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың өз бетінше танымдық қызметін, белсенділіктерін, жеке тұлға ретінде дамыта отыруға іскерлік пен дағдыларын қалыптастырып отыруға барлық алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге жетелеп отырамын. Ең алдымен өзім үшін, оқушылар үшін сабақтың мақсатын анықтаймын. Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады. Электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмаларды орындайды. Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның білім беру жүйесін дамыту ісіне берері ұшан теңіз. Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барысында өте тиімді тәсіл екені белгілі.Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді.
Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады.Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді. Осы мақсатқа сай бүгінгі мектеп мұғалімі білімділікпен қоса,өзіндік ой- пікірі бар, заман ағымына сай жеке тұлғаны қалыптастыру, сондай-ақ жас ұрпақты «ақпараттық қоғамға» тәрбиелеу барысында оқу- тәрбие процесінің заман талабына сай әдіс- тәсілдерін таңдай білуі қажет. Қазіргі таңда толық, сапалы, бәсекелестік қабілеттегі білім беруді ұйымдастыруда көптеген оқыту технологиялары жүзеге асырылуда. География сабағында оқытудың жаңа үрдістерін пайдаланудың өзектілігі мынада:
-Білім сапасын арттыру;
-Әлемдік білім беру кеңістігінде ену;
-Орта білімді ақпараттандыру;
-Интернет жүйесін пайдалану;
-Электрондық оқулықтар;
-Қашықтықтан басқару;
Қазіргі заманда білім беру ісінде талап деңгейінен шығу мұғалімнің іздену шеберлігіне тіреледі. Бүгінгі талап оқушыға білім берумен бірге оны білікті түрде қолдана алуына, оны дағдыға жеткізіп қана қоймай баланың ақыл-ойын, қабілетін дамытуға, әрекет нәтижесінде белгілі тұжырым жасай алуға үйретуге негізделеді. Әрине, оқытудың барлық әдістері баланы дамытуға бағытталған. Ал бүгінгі оқыту оқушы қабілеті, оны жан-жақты дамыту, даму әрекеттерін ұйымдастырудың қажеттігін дәлелдеп отыр. Көрнекті педагог А.С.Выготский баланы дамыту әрекеттері оқыту барысында іске асатынын дәлелдей келіп, бала дамуының екі түрлі ортасы болатыны жайында теория ұсынды. Бірінші ортасы – айналасындағы үлкендердің әсері, қабілетінше еркін атқара алатын іс-әрекеті болса, екінші ортасы – сабақ үстіндегі әрекеті. Ал біздің мақсатымыз – баланың сабақ үстіндегі оқу-әрекетін тиімді әрі қызықты болатындай етіп ұйымдастыру, әрекет нәтижесін байқау, бағалау және соның нәтижесінде алдағы жұмыстарды жоспарлау болып табылады. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаты- баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Сондықтан география сабағында жаңа технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастырумен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді,сондықтан жаңа технологияларды сабақта пайдаланамын.

Найманбаева Рыскул Женисбаевна

«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Жангелді орта мектебі»ММ

Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Молодежный селосы







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!