Материалдар / Геометрия сабағында төртбұрыштар тарауын қайталау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Геометрия сабағында төртбұрыштар тарауын қайталау

Материал туралы қысқаша түсінік
геометрия сабағында тарауды қайталауға арналған сабақ жоспарын ұсынамын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
426
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кошерханова Ләззат Нұрмағамбетовна

ШҚО Курчатов қаласы

«Курчатов қаласы №1 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ

Геометрия сабағындағы төртбұрыштар тарауын қайталау.

Оқушы өзі ғана оқып қоймай өзгені де үйрету арқылы өздігінен білім алуға талпынады. Геометрия сабағында «Блум таксономиясын» қолдануды мақсат еттім де мынандай нәтижеге қол жеткіздік.

Білу: өтілген сабақтың мазмұнын айта білді, негізгі басты қасиеттерін айтуға, тақырып бойынша қысқаша мазмұнын жазуға, негізгі теорема мен анықтаманы сынып оқушылары берілген тапсырмада қарастырып оқып айтады.

Түсіну: тақырыптың негізгі мазмұнын геометриялық сөздер қолданып сипаттайды, белгілерін атай отырып өз сөздерімен баяндай отырып түсінгенін айта алды.

Қолдану: тақырыптың негізгі идеясын айқын тұжырымдай отырып, топ мүшелеріне кейбір оқушылар көмек көрсете біледі, өз ойын кеңейтіп мәлімдей отырып өмірмен байланыстыра білуге үйренді..

Талдау: тақырыпты талдай отырып қорытындылауда негізгі идеяларды саралап, есеп шығару барысында салыстыра келе қарама -қарсы қоя отырып, негізгі тұжырымды қорытындылай, басымдылықты айыра біледі.

Жинақтау: өтілген тақырыпты өмірде кездесетін жағдайлармен салыстыра отырып, өз ойларын білдіріп сынады және ойларын қорытындылады. Геометрияда берілген теореманың негізгі түйінін анықтап, жинақтауды үйренеді.

Бағалау: өтілген тақырыпты негізгі ойларды қорытындылай отырып, есептер құруға немесе теоремаларды басқа тәсілмен дәлелдеу жолдарын таба біледі.

Геометрия сабағында «Конверттегі хат» немесе «хатқа жауап жазу» деп те атауға болатын стратегияны қолданған қайталау, сабақты бекіту кезеңінде тиімді себебі оқушы ең бірінші жекелей өз білімін көрсетеді де топқа барып талқылау кезінде дұрыс не бұрыс екенін тексереді. Сыныпта өткізген бір сабағының жоспарынан үзінді ұсынамын.

Сабақтың тақырыбы:Төртбұрыштар тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты:

  1. Тарау бойынша алған білімдерін жинақтау, жекелей және топтық жұмыс арқылы білімдерін тиянақтау.

  2. Төртбұрыштардың қасиеттерін айыра білу арқылы негізгі ерекшеліктерін анықтай білу.

  3. Оқушыларды өз білімдерін тиянақтай отырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қолданылған стратегиялар: «конверттегі хат», «төрт сөйлем тәсілі»

Сабақ барысы:

а) сынып оқушыларын 4 топқа бөліп отырғызу.

ә) топтағы оқушыларды 1-ден 5-ке дейін санау арқылы нөмірлеу

б) сұрақтар жазылған хатты 1-ші топтан бастап тарату

в) әр топтағы нөмірленген оқушылар өздеріне келген хаттағы сұрақты қағазға жазып алады да келесі топқа хатты береді осылай барлық топтағы оқушылар өздеріне тиісті хаттағы сұрақты жазып алып, оған жауап жазады.

г) тапсырманы орындауға арнайы уақыт беріледі, уақыт болған кезде 5-ші топтан бастап әр хаттың жауабын конвертке салып келесі топтарға береді.

ғ) №1-№5 топтар қайтадан 5 топқа бөлінеді де өздерінің хатқа жазған жауаптарын алып ортақ талқыға салады, жауапты толықтыра отырып, «төрт сөйлем тәсілі» бойынша жалпы топтың ортақ жауабын жазады.

СShape1 ұрақтар тақырып бойынша күрделі түрде қойылуы міндетті, негізінде PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың математикадан функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар түрінде алу қажет, сонда біз оқушыларды алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретеміз. Мысалы тапсырмаларға төмендегі есептерді беруге болады.

  1. Жаяу жүргіншілер жолы

Төменде суретте Курчатов қаласының бір көшесіне жаяу жүргіншілерге арнап жол төселген.

Picture 1 МShape2 ұндағы әр бір қызыл бөлік 1,5 метрді

құрайды.

Сұрақ : 1 км аралыққа қанша кірпішті

төртбұрыштардың түрлеріне бөлуге болады?


2.Ержанның ауласы

Бұл Ержанның сатып алған жер аумағының сызбасы. Осы сызбаға қосымша құрылыс салуға, гүлзар орнатуға , демалатын орындықтар және балаларға ойын алаңын жасау үшін әртүрлі төрбұрыштарды қалай орналастырар едің?


















































































































































































Тапсырмаларды толық орындап талдағаннан кейін топ болып ортақ жауап жазып қорғайды.

«Төрт сөйлем тәсілі»

а) ПІКІР хаттағы тапсырма бойынша туындаған өзіндік пікірді бір сөйлеммен

келтіру

ә) ДӘЛЕЛ келтірілген өзіндік пікірді бір сөйлеммен дәлелдеп беру

б) МЫСАЛ өзіндік пікірді тағы да бір негіздеп кетуі үшін бір сөйлеммен

мысал келтіру

в) ҚОРЫТЫНДЫ қорытынды шешімді бір сөйлеммен келтіру.

Осы сабақ барысында оқушылар «Блум таксономиясының» мына этаптарын қамтыды:

Білу: фигураның негізгі басты қасиеттерін таба білуге, тарау бойынша берілген сұраққа қысқаша жауап жазуға, негізгі теорема мен анықтаманы жеке оқушылардың өздігінен орындауы қарастырылды. Берілген есептер әр оқушының логикалық ойлауына сәйкес талданды.

Түсіну: тараудың негізгі қасиеттерін геометриялық сөздер қолданып сипаттау арқылы белгілерін атай отырып өз сөздерімен баяндай отырып түсінгенін жаза білуі арқылы есептің берілуін түсінді.

Қолдану: тараудың негізгі идеясын айқын тұжырымдай отырып, жекелеме орындалған тапсырманы топ мүшелеріне түсіндіру арқылы оқушылар бір- біріне көмек көрсете біледі, тапсырмалардағы есептерді талқылай отырып өз ойын кеңейтіп, мәлімдей отырып өмірмен байланыстыра білуге үйренді.

Талдау: тарауды талдай отырып қорытындылауда негізгі идеяларды саралап, есеп шығару барысында әр оқушының шығарған есептерін салыстыра келе қарама -қарсы қоя отырып, негізгі тұжырымды қорытындылай, басымдылықты айыра білді.

Жинақтау: өтілген тақырыпты өмірде кездесетін жағдайлармен салыстыра отырып, өз ойларын білдіріп топ мүшелерінің есептерін сынады және ойларын қорытындылды. Геометрияда берілген теореманың негізгі түйінін анықтап, жинақтауды үйренді. PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың математикадан функционалдық сауаттылығын дамытуға берілген тапсырманы тақырыппен ұштастыра білді.

Бағалау: өтілген тақырыпты негізгі ойларды қорытындылай отырып, есептер құруға немесе теоремаларды басқа тәсілмен дәлелдеу жолдарын қарастыруға, өздіктерінен берілген есептерге сәйкес есептер құра отырып, оның шығару жолдарын өтілген тараумен сәйкестендіре білді.

Қорыта келе айтарым сабақ барысында оқушыларды өздігінен оқи отырып, талдау жасауға топтық жұмыстың берері көп. Біріншіден оқушы өзінің пікірін дәлелдей отырып өмірмен байланыстыра алады. Екіншіден мұғалім тек бағыттаушы ғана емес сонымен қатар бағалаушы да, көмекші де ролінде болады. Әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениетті жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті. Оқушының жеке басын құрметтей отырып білім беру-қазіргі оқытудың негізгі талабы.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!