Материалдар / Геометриялық денелерді проекциялау.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Геометриялық денелерді проекциялау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Геометриялық денелерді проекциялау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Маусым 2021
574
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы қаласы қаласы «Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжі»

Оқытушы: Шарипов Н.Г.



Тақырыбы: Геометриялық денелерді проекциялау.


Мақсат:

Мақсаты: Геометриялық денелермен таныстыру, айналмалы жіне көпжаұты денелерді ажырату, олардың қоршаған орта қолданылуын анықтау, сызу мысалдарын қарастырып, үйрету

  1. Білімділік: Геометриялық денелерді проекциялау әдісімен таныстыру.

  2. Дамытушылық: Кеңістікте ойлау қабілеттерін, визуалды қабылдау дағдыларын дамыту.

  3. Тәрбиелік: Сызудың алғашқы негіздерін игерту арқылы оқушыларды политехникалық мамандықтарға тәрбиелеу


Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ түрі: лекция, ішінара ізденіс сабағы.

Әдіс-тәсілдер: әңгіме, иллюстрациялау, сызу

Құрал-жабдықтар: Транспортир, циркуль, қарындаштардың түрлері, көрнекіліктер, «Проекция түрлері» презентациясы, өшіргіш, сызғыш түрлері, бұрыштықтар.













Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу. Құрал саймандарын тексеру.

ІІ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындау кезеңі

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, сабақ таныстыру.

Сендер бүгін сабақта тік бұрыштап проекциялау әдісімен танысып оның өмірде инженерлік графика да пайдалану негіздерімен танысасыңдар.

III. Өткен тақырыпты қайталау

  1. Қандай проекциялау центрлік, параллель, тік бұрыштап және қиғаш бұрыштап проекциялау деп аталады.?

  2. Проекциялаудың қандай тәсілін негізгі деп алуға болады?

ІV. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі


1. Геометриялық денелердің проекциялары


2. Геометриялық денелердің аксонометриялық проекциясы (призма, конус).



Геометриялық денелердің проекциялары

Геометриялық дене — ол жазық немесе қисық беттермен шектелген кеңістіктің тұйықталған бөлігі.

Барлық геометриялық денелерді екі топқа бөлуге болады: көпжақты (куб, призма, параллелепипед, пи­рамида) және айналмалы денелер (цилиндр, ко­нус, шар). Әр дененің пішін мен түрі өзіндік мінездік сипаттамаға ие.

Әр бір көпжақты дене бүйір қырлардан, бүйір беттерден және шыңнан (биіктіктен) тұрады.


 Призма. Табандары деп аталатын екі жағы параллель және тең көпбұрыштар, ал қалған бүйір жақтары параллелиграмдар болатын көпжақты призма деп атайды. Көпбұрыштар призманың табандары, ал сәйкес төбелерді қосатын кесінділер призманың бүйір қырлары деп аталады. Егерабаны n бұрышты фигура болса, онда призма n бұрышты призма деп аталады. Призмаларды тік және көлбеу призмалар деп екі топқа бөледі. Тік призманың жақтары тік төртбұрыштар болады және табандары мен 90 градус бұрыш жасайды.

Табаны дұрыс n бұрыш болатын тік призманы дұрыс n бұрышты призма дейді. Призманы фронталь проекцияда оның үш жағы көрінетіндей етіп орналастырады, оның себебі кейінірек айтылады. Алдымен горизонталь проекциясын салып алған дұрыс. Призманың алты бүйір жағы – горизонталь проекция жазықтығына перпендикуляр орналасқан тік төртбұрыштар. Олардың екеуі фронталь проекция жазықтығына параллель. Бүйір қырлары - горизонталь проекциялаушы кесінділер, ал табан қырлары – горизонталь орналасқан кесінділер. Үшбұрышты көлбеу призманың фронталь, горизонталь және профиль проекциялары салынған.

Пирамида - Табаны деп аталатын көпбұрышпен және бүйір жақтары деп аталатын үшбұрыштармен шектелген көпжақты пирамида деп атайды.

Пирамиданың беті табаны мен бүйір жақтарынан тұрады. Әрбір бүйір жағы – үшбұрыш.

Егер пирамиданың табаны п бұрышты фигура болса, онда оны п бұрышты пирамида дейді.

Пирамидаларды дұрыс және дұрыс емес деп екі топқа бөлуге болады. Дұрыс пирамиданың табаны дұрыс көпбұрыш болады және оның төбесінен табанына түсірілген перпендикуляр табанындағы көпбұрыштың центіріне түседі.

Көпжақ дегеніміз беті саны шектеулі жазық көпбұрыштардан құралған дене. Көпжақтың жақтары дөңес көпбұрыштар болып табылады. Жақтардың қабырғаларын – көпжақтың қырлары деп, ал төбелерін көпжақтың төбелері деп атайды.

Айналу денесі деп қандай да бір түзуге (айналу осіне) перпендикуляр жазықтықтармен центрі осы түзуде жататын дөңгелектер бойымен қиылысатын денені айтады.

Ц илиндр. Цилиндр туралы жоғарыда айтылған. Математика курсында цилиндр тік төртбұрыш өзінің бір қабырғасынан айналғанда шығатын айналу денесі деп түсіндіреді. Тік төртұрыштың қозғалмайтын қабырғасын цилиндірдің осі деп атайды, ал оған қарама- қарасы қабырғасы – жасаушы цилиндірдің бүйір бетін және қалған екі қабырғасы цилиндірдің табандары болатын бірдей екі дөңгелекті сызып шығады.

 Конус. Тік бұрышты үшбұрышты катеттерінің біреуінен айналдырғанда шығатын айналу денесін конус дейді. Тікбұрышты үшбұрыштың қозғалмайтын катеті конустың осі, гипотинуза жасаушысы деп аталады, ал екінші катет конустың табаны болатын дөңгелекті жасайды. S нүктесі конустың төбесі деп аталады. Сонда конустың фронталь және профиль проекциялары тең бүйірлі үшбұрыштар ал горизонталь проекциясы табанына тең дөңгелек болады.


Шар. Дөңгелекті диаметрлерінің біреуінен айналдырғанда пайда болатын денені шар деп атайды. Шардың бетін сфера дейді, оның проекциялары өзара тең шеңберлер болады.

Жаңа тақырыпты қортындылау:

  1. Геометриялық денелердің қандай екі тобын білесіздер?

  2. Қандай геометриялық денелер айналмалы денелерге жатады?

  3. Қандай геометриялық денелер көпқырлыларға жатады?

  4. Өз бөлмеңізде- жиһаз, ыдыс аяқ, киім формасы, тұрмыстық техникадан қандай геометриялық дене формасын көре аласыз,мысал келтіріңіз.

Өзіндік тәжірибелік жұмыс:

Дәптерге алты қырлы пирамиданың үш проекция жазықтығындағы кешенді проекциясын сызыңыздар. d – 40, h – 60.


Тапсырма:

  1. Жаңа тақырып мәтінін оқып, түсініп, есте сақтаңыздар.

  2. Берілген сұрақтарға толық жауап беріп, дәптерге жазыңыздар.

  3. Геометриялық денелердің біз қоршаған ортада қолданылуына байланысты презентация жасап, тапсыру.

Презентация тақырыптары:

  • Жиһаздағы геометриялық денелер;

  • Ыдыстар мен ас үй заттары;

  • Косметика мен ерекше құтылар;

  • Автомобиль мен құрама бөлшектері;

  • Ғимараттар мен көшедегі сәулеттік ескерткіштер;

  • Сән әлеміндегі геометрия;

  • Дизайн және геометрия элементтері;

  • Тұрмыстық заттар мен электроника;

  • Әлемдегі пирамида денелері.... және т.б.

Үйге тапсырма;

Формат А-3 орындау

Төмендегі кестені деталь сызбаларының суреттерімен салыстырып отырып сәйкес келетін көріністермен толтырыңдар.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!