Гимнастика. Аласа керме: Бір аяқты сермеп екінші аяқпен көтерілу.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Гимнастика. Аласа керме: Бір аяқты сермеп екінші аяқпен көтерілу.

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Дене тәрбиесі

Сабақтың тақырыбы: Гимнастика. Аласа керме: Бір аяқты сермеп екінші аяқпен көтерілу.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Алған білімдерін арттырып дене тәрбиесі сабағына қызығушылығын ояту

2.Дамытушылық: Жалпы күшті дамыту

3.Тәрбиелік: Жылдам,шапшаң болуға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Секундомер,ысқырық,жалауша

Сабақтың түрі:Тәжірибелік

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі: (5 мин)

Оқушыларды сапқа тұрғызу . Тік тұрғызу,сәлемдесу еркін тұрғызу,тізім бойынша түгелдеп тексеру,спорттық киімдеріне назар аудару. Өтілетін жаңа сабақтың тақырыбын оқушыларға түсіндіріп айтып, жоспарланған жаттығулармен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: (5 мин)

Тақырыбы: Соқыр теке ойыны.

ІІІ.Жаңа сабақ: (25 мин)

Тақырыбы: Гимнастика. Аласа керме: Бір аяқты сермеп екінші аяқпен көтерілу.

Оқушыларды сапқа тұрғызып гимнастика туралы толық мәлімет беру.

Кермеде орындалатын жаттығулар (жігіттер): күшпен көтерілу, аяқпен «бұрыш» ұстап асылу қалпына түсу және асылып тұрған қалыптан аударылып көтеріліп таяну, аяқты сермеп орындайтын жаттығулар, асылып тұрып тербелу – шалқая көтеріліп таяну, таянып тұрған қалыптан аяқты артқа сілтеп, сырғауылға жанаса аунау, таянып тұрған қалыптан аяқты артқа сермеп секіріп түсу, немесе алаға сермеп секіріп түсу;

Кермеде орындалатын жаттығулар

-асылып тұрып, бір аяқты сермеп,екінші аяқпен итеріле аударылып түсу-таяну қалпын қабылдау, таяну қалпынан аяқты артқа сермеп, оңға бұрыла секіріп түсу(керме сол жақта), кермеде тартылу.

IV.Әдістемелік нұсқау: (2 мин)

Жүгіру кезінде арнайы жаттығуларды толығымен орындау. Жаттығуларды өз ретімен жасау және техникалық қауіпсіздігін ескерту.

V.Бекіту: (3 мин) Жаңа сабақ бойынша оқушыларды топтарға бөліп кермеге аяқпен көтерілуді үйрету.

VI.Үйге тапсырма: (2 мин) Кермеге аяқпен көтерілуді үйрену.


VII. Бағалау: (3 мин) Оқушыларды жаттығу және жүгіргендеріне, кермеге көтерілулеріне қарай бағалау.

VIII. Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ұ.Мұхамеджанова , «Дене шынықтыру оқыту әдістемесі»,

Астана 2007 ж.

  1. Б.Төтенай, Дене тәрбиесі, Астана 2008 ж.


Оқытушының қолы:________ Б.Садуакасов

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.08.2018
1943
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі