жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
“Гимнастика және ұлттық ойындар ”
Ашық сабақ
3 а сынып
Сабақтың тақырыбы: “Гимнастика және ұлттық ойындар ”
Мақсаты:
-
Құралдарсыз жасалатын жалпы дамыту жаттығуларын меңгеруді жалғастыру. Кедергілерден өту жаттығуларын және ұлттық ойындарға үйрету.
-
Оқушылардың ішкі, сыртқы дене құбылыстарының дұрыс дамуын қадағалау.
-
Оқушыларды жолдастық, достық қарым-қатынасқа баулу.
Сабақтың түрі: Аралас жарыс сайыс сабағы.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.
Құрал жабдықтар: Гимнастикалық орындық ,секіртпе , ысқырық , матрац.
|
№ |
Сабақтың барысы |
Жаттығуды реттеу |
Сабақта назар аударатын жағдай |
|
І |
Сапқа тұру, рапорт беру. Сәлемдесу.Сабақтың мақсатымен таныстыру. Күнделікті спорт жаңалықтарымен хабардар ету. Саптағы жаттығулар: «Оңға бұрыл !», «солға бұрыл !», «алға қадам бас!» және т.б. Сапқа тұрып бір қатармен жүгіру, жүру.
Спорттық қадаммен жүргізу, баяу жүгіру, жылдам жүгіру. |
5-6 рет 1-2 айналдыру |
Арнайы киімдеріне, оқушының тазалығына, жалпы сабаққа даярлығына назар аудару. Денені тік ұстаймыз. Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау. Техникасын дұрыс жасауын қадағалау. |
ІІ |
Арнайы жаттығулар:
Шенберге тұрып, жалпы дамытатын жаттығуларды жасату:
Демалыс жаттығуын жасау. Залды 1 рет баяу жүріспен айналып шығу, терен демалып, дем шығару. Оқушыларды сапқа тұрғызу. Балаларға жаңа сабақ мақсатын айту. Бүгін кедергілерден өту жаттығуларына үйренеміз. Оқушыларға гимнастикалық орындықпен жүру әдісін және секіртпемен секіріп көрсету. Тепе-тендік жаттығулар:
Акробатикалық жаттығулар:
Асылу кезіндегі жаттығулар:
Топтық және ағымды тәсілдерді қолданып 2-3 рет кедергілерден өту. Демалыс жаттығуларын жасап, содан кейін ойын ойналады. «Түйілген орамал» Жүргізуші ойыншыларды жинап алып бір, екі, үш деп дауыстайды. Ал жүргізушінің қолында түйілген орамалы бар ойыншыны қуалайды. Мақсаты орамалды алу керек. Ал ойыншы жүргізуші жете бергенде қолындағы орамалды басқа ойыншыға лақтырады, орамалды қағып алған ойыншы келесі орамалды ұстап алғанша ойын жалғаса береді. Ұсталған ойыншы көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді. Сапқа тұрғызу: Демалыс жаттығуларын жасату. |
20-25 метр 25-30 метр 25-30 метр 4-5 рет 4-5 рет 4-5 рет. 4-5 рет. 2-3 рет 2 рет |
Денені тік ұстау Денені тік ұстап, дұрыс иілу. Иілгенде тізені бүкпеу керек. Отырғанда арқаны түзу ұстау керек. Денені тік ұстап, жоғары секіру. Тәсіліне,тәртібіне, техникасына мән беру. Ойын кезіндегі ойыншы әрекеті қарсыласының әлсіз қорғанысын таба білу. |
|
ІІІ |
Балалар , біз бүгін қандай тақырып өттік ? Қандай ойын ойнадық ? Балалар, үйде бүгінгі тақырыпқа байланысты кедергілерден өту жаттығуларын жасап келесіндер. Бағалау |
|
Үйде ауладағы балалармен бүгінгі ойнаған ойынды ойнау. |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген