Әрбір баланың өзін қоршаған
ортасымен тығыз қарым-қатынаста болатынын, солардың әсерімен
дамитынын ескере отырып «қиын» балалардың мінезіне отбасы, мектеп
және көшенің қалай әсер ететін жағдайларына жеке-жеке тоқталып
көрелік.
Бала тәрбиесіне отбасының
жағымсыз әсер ету жақтарын сөз еткенде, оны үш топқа бөліп
қарастыруға болады.
1. Бірінші топ – баланы қалай
тәрбиелеуді біледі және дәл солай тәрбиелейді. Олар көп емес,
алайда, өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс-әрекеттерімен тек
өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі қоғамдық
жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға үлгі
көрсетеді.
2. Екінші топ - өз балаларына
өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ, қалай тәрбиелеу керек
екенінін білмейді. Мұндайлар ата-аналардың басым көпшілігі. Олар
білмегендіктен балаларына кері әсер етуі
мүмкін.
3. Үшінші топ – балаларды
тәрбиелеудің жолдарын білмейді, білгісі де келмейді, педагогтерге
қарсы тұратын төмендегі әлеуметтік топ. Бұлар соншалықты көп
болмағанымен, «қиын» балаларды беретін
отбасылар.
Енді осы факторларды тарата
айталық. Халық даналығы «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», «Әке
көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Не ексең соны орасың»,
десе ұлы Абай «тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар,
мінез деген нәрселерімен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой
демектің бәрі - ақымақшылық» деп түйіндейді. Ал атақты физиолог
И.Павлов «әрбір баланың мінез-құлқы ата-анасының жағымды
іс-әрекеттерінен үлгі алу барысында қалыптасады» (13.) деп
тұжырымдайды.
Бала отбасы жағдайында
өмірдегі әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік
әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және
кішілермен қандай қарым-қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды
және оны меңгереді. Отбасында бірін-бірі сыйлау, қамқоршы болу,
бірлесіп еңбек ету секілді игі дәстүрлер қалыптасқан болса, ол
ортадан қоғамға қарсы тұратын тәрбиесіз адам шығуы теориялық
жағынан алғанда мүмкін емес. Бұл әңгімеміз, әрине, бірінші топтағы
ата-аналарға қатысты.
Моралдік жағынан азғындаған
отбасында, әдетте, балаға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Балалар
ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбегендіктен,
оларды А.С.Макаренко «ертеңгі күннің қуанышын жоғалта бастайды» -
деген. Сондықтан олар отбасында өздеріне алмаған жылылық пен
қайрымдылықты сырттан, көшеден іздейді. Бірақ, көп жағдайда оларды
қоғамға жат элементтер өз «қамқорлығына» алады. Олар бұзақылар тобы
, нашақорлар, жезөкшелер және тағы басқа әлеуметтік топтар болуы
мүмкін.
Отбасы тәрбиесінде ең маңызды
мәселенің бірі – ата-аналардың педагогикалық көзқарасының қалай
қалыптасуында. Қазіргі кездегі аса бай отбасылардың пайда болуы,
оларда бала тәрбиесінің дұрыс тәжірибесі қалыптасты деген сөз емес.
Міне, осындай отбасылардың кейбір ата-аналары балаларының кез
келген сұрансын мезетте қанағаттандыру, аламын деген нәрсенің бәрін
сөзге келмей сатып әперу, үй тірлігіне қатыстырмауы баласының
өзімшіл, тек қана тұтынушы, жалқау, басқаның есебінен жақсы өмір
сүргісі келетін, арамтамақ болып қалыптасуына әкеліп соқтыратынын
ескере де бермейді.
Дәл осыған қарама-қарсы әрекет
істейтін ата-аналардың да түсінгі балаларын тура жолдан шығаруға
итермелейді.
Мұндай ата-аналар өз балаларын
аса қаталдықпен тәрбиелеймін деп әртүрлі қысым мен тыйымдарды
қолдану, сәл нәрсеге бола қатаң жазалау, ар-намысын қорлайтын
әрекеттер жасау арқылы балаларын өздеріне қарсы қояды. Мұндай
жағдай да әрине, балалар ата-анасын сыйламайды, олардың баласына
айтқан «ақылы» кері әсер етеді. Осындай отбасында «тәрбие» алған
баланың тәрбиелі болуы да екіталай.
Үшінші топқа жататан
ата-аналар өз балаларының не істеп, немен айналысып жүргендерімен
ісі жоқ, оны өзінің міндеті деп санамайтындар. Олардың балалары
қараусыз қалғандай әсер береді. Бұл – ең қауіпті әрі сөз жоқ,
гиперактивті мінезді балалардың басым көпшілігін беретін
отбасылар.
Балабақшадағы тәрбие
жұмысындағы кемшіліктердің де бала тәрбиесіне кері әсер етері
даусыз. Олардың бірнеше түрін атап өтсек мына
төмендегідей:
-
Тәртіп бұзуға бейім тұратын
балалардың дер кезінде анықтап, олармен алдын ала жұмыстар
жүргізбеу.
-
Топтағы балалардың осы
мәселеде алаусыз болуы немесе жүйелі жұмыстың болмауы. Мерекелік
іс-шаралардың сапасының төмен екендігі. Тәрбиесі қиын балалардың
отбасыларымен қарым-қатынастың нашар
ұйымдастырылуы.
-
Гиперактивті мінезді
балалармен дұрыс қарым-қатынас орната білмеу немесе мұғалімдер мен
тәрбиешілердің кәсіби деңгейінің
төмендігі.
-
Кейбір мұғалімдердің
педагогикалық этиканы білмеуі немесе сақтамауы балаларды өзіне
қарсы қоюға әкеліп соғады да, ұзаққа созылған шиеленісті
туғызады.
Бұл қиын балалар өздерінің
интеллектуалдық қабілеті жағынан өз қатарларынан қалмайды. Алайда,
олардың жоғары психологиялық қасиеттері: зейін, абстрактілі ойлау,
есте сақтау тағы басқа әртүрлі жаттығулар мен дағыдыларды
дамытпағандықтан артта қалған. Соның салдарынан олар қисынды ойлай
білмейді, өз ісінің ақырын болжай алмайды, сондай-ақ танымдық
белсенділігі төмен, ғылым және саяси-қоғамдық мәселелер мүлдем
қызықтырмайды, рухани мәдениеттің не екенінен тіпті бейхабар.
Негізінен, олар қарапайым күнделікті өмірдің күйбеңінен аспайды,
онда да тек даярға тап болып үйренген, салиқалы да пайдалы
іс-әрекеттен гөрі уақытты босқа өткізгенді тәуір
көреді.
П.О.Эфрусси мінез-құлықтағы
қиындық табиғатын жүйке жүйесіндегі ерекшеліктері қозғаушылық,
көңіл-күйдің аумалы-төкпелігімен, жұмысқа қабілеттіліктің
нашарлауымен түсіндіруге әрекет жасады, сонымен бірге ол
психологиялық себептерді физиологиямен ұшырастырды. Оның зертеуінің
құндылығы мынада,ол кейбір жекелік ерекшеліктерді талдауға, соның
ішінде балалардың өзін-өзі қалыптастыру әдетін анықтауға көп
септігін тигізеді.
Гиперактивті балалардың
жекелік ерекшеліктерін өмір жағадайымен, тәрбиемен өзара
әрекеттестігін есепке алып, кешенді құрама түрінде зерттеп, іске
асырған П.П.Блонский (1986ж) болды. Оның зерттеуінің негізгі
мақсаты – қиын балалардың өмірін нақтылау. П.П.Блонский қиын
балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып
көрсетеді. Ол қиын балаларға әлеуметтік педагогтің қатынасы арқылы
«қиын бала» терминін нақтылауды жөн көрді. Бұл балаларға былайша
мінездеме берді: «Объективті көзқараспен қарағанда қиын бала –
мынадай, ол әлеуметтік педагогтің жұмысының жемісті еместігіне
байланысты. Субъективті көзқараспен қарағанда қиын бала – мынадай,
онымен әлеуметтік педагогқа жұмыс істеу өте қиын, әлеуметтік
педагогтен көп жұмыс істеуді талап ететін бала»(8.). «Істі
білдіруші» балаларға толыққанды мінездеме бере отырып, П.П.Блонский
өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл
бөлінеді. Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура
жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар
ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады.