Материалдар / «Гипербелсенді балалармен жұмыс жүргізу жолдары»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Гипербелсенді балалармен жұмыс жүргізу жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Зейін бұзылуы мен гипербелсенділік белгілері бар балаларды тиімді емдеу үшін бала мен оның ата-анасына әртүрлі психологиялық әдістерді қолдану, сонымен қатар дәрімен емдеу арқылы қол жеткізуге болады. Дәрігерлер гипербелсенді баланы сабырлы тұрғыда тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2021
1417
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МКҚ «Толғанай» балалар бақшасы кәсіпорыны












«Гипербелсенді балалармен жұмыс жүргізу жолдары»

























Психолог: Толкынбекова Г.Н





2021 жыл

Мазмұны

Кіріспе

1.Мазмұны

1.1. Гиперактивті баланы анықтау критерилері

1.2. Гипербелсенділікке түсінік беру

1.3. Гипербелсенді балалармен жүргізілетін жұмыстар

1.4.Гипербелсенділіктің себептері

2. Тақырыптық жоспар

2.1. Қорытынды

2.2.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі































Алғы сөз

Жаңа ғасыр білім беру жүйесіне жаңа міндеттер жүктеп отыр. Білім берудің

мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым — қатынас пайда болды.

XXI ғасырда ерекше қажеттіліктері бар балалардың толыққанды өмір сүруіне жаңа мүмкіндіктер ұсынылып келеді. Нақтырақ айтқанда, олар кәдімгі мектепке дейінгі мекемелерге бара алады. Осы кезде инклюзивті білім беру жүйесі ерекше балалар үшін қоғамға ықпалдасудың жаңа тәсілі ретінде қарастырылатынын айта кеткен жөн.

Зейін бұзылуы мен гипербелсенділік белгілері бар балаларды тиімді емдеу үшін бала мен оның ата-анасына әртүрлі психологиялық әдістерді қолдану, сонымен қатар дәрімен емдеу арқылы қол жеткізуге болады. Дәрігерлер гипербелсенді баланы сабырлы тұрғыда тәрбиелеу үшін түрлі үйірмелерге қатыстырған жөн деген пікірде. Сурет салу өнері мен мүсін жасату, спорттық жаттығуларға ден салу олардың бойындағы орасан зор күш-қуатты шығарып тұруға көмектеседі. Оның бойындағы мол күш-қуат қоры 13-15 жасқа дейін сейілмейді, сол аралықта ата-анасы баланы жақсыға бағыттаса жақсы азамат болып есейеді де, құлықсыз қараған жағдайда өмір жолы қиын адамдардың қатарын толтырады. Гипербелсенді бала алғыр және қиялы ұшқыр боп жетіледі.
Әр топта гипербелсенді балалар бар. Олар тек өжет емес, шулы немесе жылдам қимылдайтын балалар. Мұндай балалар ұзақ отыра алмайды, білімге деген ұмтылысы тұрақты емес, өз эмоцияларын, тілегін ұстап тұра алмайды және өзінің жүріс-тұрысын басқара алмайды. Егер осындай балалар сіздің тобыңызда кездессе, гипербелсенді тәрбиеленуші мен хореликтерді айыра білу керек. Осы тектес проблеманы педагогтермен, психологпен ұжымдасқан түрде шешкен жөн және осыдан кейін ғана невропатологтың көмегіне жүгіну керек. Гипербелсенділіктің себептері мұрагерлікпен берілуі мүмкін, баланы іштен жарып алғаннан кейін немесе шала туылудың, туу кезіндегі зақымдардың, өмір сүру жағдайы мен қоршаған ортаның және т. б. салдары болуы мүмкін. Гипербелсенді баланы емдеудің қажеті жоқ, жай ғана оны артық белсенділіктен арылтыңыздар.Әр топтарда тек тыңдайтын, тәртіпті, жауапты, байсалды балалар оқығандығын бәріміз қалаймыз. Бұл біздің әрқайсымыздың арманымыз! Бірақ не істеуге болады? «Мұндай балаға қысым жасамаңыз! Оның еш пайдасы жоқ. Сонымен қатар оған жоғары талаптар қоюдың және қарым-қатынас орнатуда артық жұмсақтық танытудың қажеті жоқ! Қалай болғанда да артық кетпеңіз. Мұндай тәрбиеленушіге әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстаудың барлық қағидалары нақты түсіндірілуі керек. Сонымен қатар тыйымдардың, шектеулердің санын барынша азайтқан дұрыс!» Мен меңгерген тағы бір қағида: гипербелсенді балаға үнемі айналу, қимылдау ауадай қажет, себебі оның жеткіліксіз физикалық белсенділігі аса жоғары сезімталдыққа алып келуі мүмкін.




Авторлық бағдарламаның мақсаты:

Мектеп жасына дейінгі гипербелсенді балаларды психологиялық сүйемелдеу, ойын түрлері мен арт терапия тәсілдерін пайдалана отырып баланы ортаға бейімдеу.

Міндеті: Гипербелсенді балалардың ерекшеліктеріне талдау жасау, ойын арқылы баланы ортаға бейімдеу. Мектеп жасына дейінгі гипребелсенді балалармен жүргізілетін бағыттарды анықтау.

Өзектілігі: Қоғамның кәзіргі даму кезеңінде балабақшаларда балаларды жан жақты дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеуді жүзеге асыру, кәзіргі заман құндылықтарымен байланыстыра білуге машықтандыру.

Күтілетін нәтиже:Гипребелсенді балалардың импульсивтілігін, белсенділігін бақылауға көмектесу. Зейін жетіспеушілігін азайтуға ықпал жасау.

Психологиялық қызмет жүйесіндегі тиімділігі: Мектепке дейінгі ұйымдарда гипребелсенді балалармен жұмыс жасау тәсілдерін енгізу, психологиялық коррекциялық түзету жұмыстарын жүргізу.

Қолданылатын әдістер мен техникалар: Арт терапия түрлерін кеңінен пайдалану, белсенді ойын түрлері, психологиялық жаттығулар.

Контингент: Гипербелсенді балалар.





















Гипербелсенді баланың жалпы болмысын Б.Соқпақбаевтың кейіпкері, әйгілі Қожамен салыстыра бағаласақ жетіп жатыр. Бұзық, қыңыр-қырсық, ата-анасын өзгелерден (бауырларынан да) қызғанады. Ақылды да, алғыр, тәп-тәуір жағын жоғарыдағыдай кері мінездері жоққа шығарып отырады.


Гипербелсенді балаға төмендегідей мінез-құлық тән:


- ұйқысы тұрақсыз, түннің бір уағында да оянып, ойынын жалғастыра береді;


- энергиясының көптігінен бір орында байыз таппай, секіріп, жүгіріп, ұйқыға кеткенше дамылдауды білмейді;


- әлденеге қызығушылығы жылдам өзгеріп, барлығын білмекке ұмтылады;


- тез сөйлейді;


- өзгенің мазасын жиі алуына байланысты қатарластарымен достаса алмайды;


- тек өзінің қалауымен жүреді;


- өзінің үлкен бауырларымен жағаласып, кішілерін жылатады;


- жүгенсіздігін айтып балабақшада тәрбиешесі, мектепте ұстазы шағым жасайды.

Бұл жағдай көбіне көп баланың артынан іле-шала екінші сәби туылған уақытта орын алады, бауырынан ата-анасын қызғану белгісі оның мінезіне әсер етеді. Сондай-ақ, гипербелсенді синдромына шалдыққан балалардың 90 пайызға жуығы кесар тілігі отасы арқылы өмірге келгендер. Сонымен қатар, туысынан сабырлы баладан аяқ асты гипербелсенді синдромы ұшырасуы мүмкін, мұны психологтар отбасында болған жағымсыз жәйттің нәтижесі деп те түсіндіреді.

Дәрігерлер гипербелсенді баланы сабырлы тұрғыда тәрбиелеу үшін түрлі үйірмелерге қатыстырған жөн деген пікірде. Сурет салу өнері мен мүсін жасату, спорттық жаттығуларға ден салу олардың бойындағы орасан зор күш-қуатты шығарып тұруға көмектеседі. Оның бойындағы мол күш-қуат қоры 13-15 жасқа дейін сейілмейді, сол аралықта ата-анасы баланы жақсыға бағыттаса жақсы азамат болып есейеді де, құлықсыз қараған жағдайда өмір жолы қиын адамдардың қатарын толтырады. Гипербелсенді бала алғыр және қиялы ұшқыр боп жетіледі. Олар бастауыш сыныпта-ақ шет тілін меңгереді, өнерімен таңдандырады.

Бүгінгі күні еліміздегі барлық мектептерде арнайы психолог маман жұмыс істейді, олар атқаратын жобалар барысында мектепті шулатып, терезе сындырып жүрген гипербелсенді синдромы тән балалар да бар. Олар назар салу жетіспеушілігі синдромына ұшыраған балаларды қоғамға лайықтау жолына зер салып, ата-аналармен тығыз жұмыс жасауда. Заң қызметкерлері де «жасөспірімдер колониясының» қатарын толтыратындардың біршамасы гипербелсенді синдромы байқалған жеткіншектер екенін айтады.

Осындай қауіпті жақтарын байқай тұра көптеген ата-аналар балаларының бойында  гипербелсенділік синдромы бар дегенмен ешқашан келіспек емес. «Бала кезімде өзім де бұзық едім», «бала болған соң терезе сындырады, төбелеседі, көресіндер әлі, ертен ақылы кірген соң өзі-ақ қояды», «жуас, момын болғаннан бұзық болғаны жақсы емес пе?»,-деген ақталма сөздерді жиі естиміз. Баламыздың алдында компьютер, қолында ұялы телефон, үстінде қымбат марканың жейдесі болғанын барлығымыз қалаймыз, бірақ, бұлар баламыздың жақсы тәрбиесінің көрсеткіші бола алмайды.

Ал, екінші гипербелсенді баланың анасы психологтың алдында өзінің садизмнің шырмауында жүргенін білмей жыламсырап отыр: Баламның қыңырлығы мен бұзақылығын қалай тежеуге болады, күніне бірнеше мәрте таяқтасам да еш нәтиже жоқ. Ұрып-соғудан өзім шаршап қаламын, ал, балам одан бетер өрешеленіп барады. Психологтың айтқанына сүйенсек, «ұрмасаң бала төбеңе шығады» деген тактика гипербелсенділерге мүлдем кереғар. Баланың бойын кернеген артық энергия одан сайын тасқындана түспек. Ұрсып, қорқытып тәрбиелеу олардың түсінігіне жат, оған мейлінше мол мейірім мен жылы сөз керек.

Гипербелсенді баланың бойындағы өшпенділіктің (өз қатарластарын сабауы, айырағашпен құстарды атуы) алдын алмаса бұл әдетін есейгенде кең тұрғыда жасай бастауы ләзім. Бірақ, бұл дағдыны әлдебір қылмыскерлердің бойында гендік тұрғыда сақталып келген тирандық мінезбен әсте қатар қарастыруға болмайды, жүзге тарта адамның өліміне себепкер деп танылған Чикатилоның алтыншы атасы Корольдің жендеті болғанын ғалымдар дәлелдеп, адамзатты қинаудан рахат табатын жауыздық синдромы деп бағаласа, гипербелсенділіктің дауасы тек қана өзіне назар аударту мен жылы сөз, мейірім.

«СДВГ» диагнозы қойылған балалар көбіне-көп үздік оқушы, IQ деңгейі де жоғары болып келеді. Және тағы бір ескерерлігі мұндай балаларға қызыл түсті киім кигізуге болмайды, бұл онсызда ұшып-қонып, байыз таппай жүрген баланы одан әрмен шабыттандырып, шаршауын туындатады.

Бұл тұста баланың ойыншықтарына да назар аударған дұрыс, қолында ай балтасы бар үндісті, иығына мылтық ілген американдық кавбойды, жер шарын жарып жібермекке бекінген роботтарды ойыншық салынған қапшықтан шығарып, орынын көңілді де, мейірімді (тым құрыса Шрекпен) кейіпкерлермен толтырған жөн.



Гипербелсенді балалармен жүргізілетін жұмыстар

1. «Алтын балық» ойын

Мақсаты: Шыдамдылық пен қимыл координациясын дамыту

2. «Құм терапиясы» Арт терапия

Мақсаты: Ата ана мен бала арасындағы қарым қатынасты анықтау

3. «Саусақ ойындары» ойын

Мақсаты: Баланы тынышытандыру

4. «Қоңыраумен көңілді ойын» ойын

Мақсаты: Есту түйсіктерін дамыту

5. «Өжет қоян» ойын

Мақсаты: Бала логикасын дамыту

6. Ермексазбен жұмыс терапия

Мақсаты: Баланың ұсақ саусақ қол моторикасын дамыту

7. «Жіп орамы» ойын

Мақсаты: Баланың мазасыздығын басу

8. «Сыңарын тап» әдістеме

Мақсаты: Ұсақ моториканы,визуалды қабылдауды анықтау

9. «Тасбақа ойыны» ойын

Мақсаты: Балаға өз қимылын бақылауды үйрету

10. «Түймелермен сурет» ойын

Мақсаты: Қиялды,ұсақ моториканы, шығармашылық қабілетін дамыту

11. «Түймелі лото» әдістеме

Мақсаты: Түстер мен бояулар туралы түсінік қалыптастыру

12. «Өтірік көз» ойын

Мақсаты: Баланың зеректігін қалыптастыру, ойын кезенде басқа жұмыспен айналаспауға дағдаландыру

13.«Үндемеу-сыбырлау-айқайлау» ойын

Мақсаты: Балаға өзін бақылауды үйрету

14. «Музыка терапиясы» терапия

Мақсаты: Ішкі әлеміндегі тұрақтылықты, өздерін толық ашуға мүмкіндік беру

15. «Ашулы шарлар» жаттығу

Мақсаты: Агрессиядан шығу жолдарын үйрету

16. «Сезу» ойын

Мақсаты: Баланың сезу, қабылдау қабілеттерін дамыту

17. «Капитан ойыны» ойын

Мақсаты: Лидерлік қабілетін дамыту




Алтын балық” ойыны

Мақсаты: бұл қозғалысты ойын реакцияның тездігін дамытады, шыдамдылыққа, қимылдың координациясын дамыту. Шарты: балалар шеңбер құрып, бір – біріне иықтарын, аяқтарын, мықындарын бірлестіре тығыз тұрады. Бұл – тор, бала – алтын балық – шеңбердің ішінде тұрады. Оның міндеті – шеңберден қалай да болса шығу. Ал қалғандардың мақсаты – оны шеңберден шығармауға тырысу. Ескерту: егер бала шеңберден ұзақ уақыт шыға алмайтындай болса, балалар оған көмектесулеріне болады. “Қоңыраумен көңілді ойын” (Е.К.Карпова, Е.К.Лютлова) Мақсаты: оқу іс – әрекетінде балалардың есту түйсіктерін дамытуға арналған ойын. Шарты: балалар шеңбер құрып отырады, топтың ұйғырымы бойынша, алып беруші тағайындалады, егер ешкім шыққысы келмесе, онда тренердің өзі болады, ал қоңырауды шеңбер бойынша жібереді. Ойынды жүргізуші көзін байлап, қоғыраулы адамды ұстап алу керек. Бір – біріне қоңырауды бере салуға болмайды.

Тасбақа” ойыны

Мақсаты: өз қимылын бақылауды үйрету. Шарты: “Көз алдарыңызға елестетіңіздер, сіздердің барлығыңыз тасбақасыздар. Мен үлкен тасбақамын, ал сендер кішкентай тасбақаларсыздар. Мен сендерді өзімнің өзімнің туған күнімен шақырдым. Мен сендерді қонаққа күтіп отырмын. Бірақ та мерекелік торт әлі дайын емес Менің бұйрғым бойынша сендер маған келулерін керек. Естеріңде болсын! Сендер тасбақасындар, сендер мүмкіндіктерін келгенше ақырын жүріп келу керексіңдер. Сонда сендер келгенше торт та пісіп қалады.”





















Пайдалынған және ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. ГИПЕРАКТИВНЫЕ ДЕТИ: ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ ПОМОЩЬ
Автор: Монина Г.Б., Лютова-Робертс Е.К., Чутко Л.С.

2.Астапов В. М. Дети с нарушениями развития. Хрестоматия. – М., 1995.

3.Байярд Р. Т., Байярд Дж. Ваш беспокойный подросток. – М., 1995. !!!

4.Выготский Л. С. Вопросы детской психологии. – СПб., 1997.

5.Добсон Дж. Непослушный ребенок. – М.: издательство Т-оно, 1992.

6.Захаров А. И. Предупреждение отклонений в поведении ребенка. – СПб., 1997.

7.Зинкевич-Евстигнеева Т. Д., Нисневич Л. А. Как помочь «особому» ребенку. – СПб., 1998.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!