Ғ.Мүсірепов "Оянған өлке"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғ.Мүсірепов "Оянған өлке"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақты жаңаша үлгіде жоспарлауға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:

Күні:

17.11.2017 жыл

Пәні:

Әдебиеттік оқу

Сыныбы:

3а - 4а

Сабақтың тақырыбы:

3а - сынып

Тарауды қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

4 а - сынып

Күріш туралы сыр. Базарбай Исаев

Сабақтың мақсаты:

«Туған елім – туған жерім» тарауы бойынша өтілген материалдарды пысықтап, бекіту. Оқушылардың бойларында туған жерге, туған елге, Отанға деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру.


Базарбай Исаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысу. Күріш туралы сыр әңгімесінің мазмұнын толық игеру, мағынасын ашу.


Сабақта күтілетін нәтиже:

Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, Отанға деген патриоттық сезім қалыптасады.

1. Міндеттерді шешу үшін, өзіндік ой айтуғадағдыланады

2.Ойларын нақты, түсінікті жеткізе алады.

С. Әңгіменің мазмұнын түсінеді.


Сабақтың әдісі:

Сұрақ – жауап, түсіндіру, еркін микрофон, болжау әдісі, білім қоржыны, БББ кестесі.

Көрнекілігі:

Үйлестірмелі материалдар, слайд, ребус, сөзжұмбақ, стикер

Сабақтың барысы:

3 а- сынып

4 а – сынып

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен амандасу,түгендеу.
ә) сабаққа қажетті құрал жабдықтарын алғызу.


ІІ. Психалогиялық дайындық

(3 минут)

- Сәлем достым! (амандасады)

- Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)

- Қайда болдың? ( құлақтарынан тартады)

- Мен сені сағындым ! ( қолдарын жүректеріне қояды)

- Сен келдің! ( қолдарын жаяды)

- Жақсы болды! ( құшақтайды)


Трениг жазылған парақшалар ұсынылады.

ІІІ. Үй жұмысын тексеру.


Еркін микрофон айдары

Мақсаты: оқушылар шеңбер болып тұрып, микрофонды бір –біріне беру арқылы үй жұмысын баяндайды.

Қызығушылықты ояту

Жазбаша

Сөзжұмбақ

Туған жер. Отан туралы 3 мақал – мәтел жазады


Ауызша

«Болжау әдісі»

Оқушылар түрлі тағамдарды ұстап қарау арқылы жаңа тақырыпты болжап ашу. (Күріш)

Атаулар туралы 3 сұрақ

Қайда ?

Қалай ?

Қандай?

Мысал келтіреді.

Мәтін не туралы болуы мүмкін?


  • Көз алдарыңа не елестейді?


  • Қандай кейіпкерлер болуы мүмкін?


  • Күріш қай облыста егіледі?


-Балалар, күріш қай облыста егіледі? ( Қызылорда).

- Қызылорда Қазақстанның қай жерінде орналасқан? ( оңтүстік.

- Қазір осы мәтіннің авторымен танысайық:

Қосымша мәлімет:

Тақырып: Күріш туралы сыр

Авторы туралы мағлұмат беру



Ыбырай Жақаев[1] - екі мәрте Социалистік Еңбек Ері (1949, 1971), күріш өсіруші, социалистік егін шаруашылығының даңқты шебері, колхоз құрылысының ардагері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты(1946). 1891 жылы қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қызылту ауылында туған.



Базарбай Исаев - 1941 жылы 5 қазанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы қазіргі Манап ауылында туған.

Қызылорда қаласындағы педагогикалық (қазіргі Қорқыт ата атындағы) институтының филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген. Шиелі аудандық «Өскен өңір», Қызылорда облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы»), «Жас алаш», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінің редакцияларында істеген. 1977—1986 жылдары Қазақ КСР Ішкі істер министрлігінің аппаратында жауапты қызмет атқарды.




Оқушыларға БББ кестесі беріледі

Білемін – оқушылар жалпы тақырып бойынша не білетіндерін жазады.

Білгім келеді – не білгісі келетінін жазады.

Білдім – сабақтың соңында қосымша не білгендерін жазады.


Білемін

Білгім келеді

Білдім








Ауызша

Ребустар шешу

Халық, тіл, Отан жауабы

М. Мақатаевтың өлеңін жатқа айту.

3-тапсырма Кестемен жұмыс

Жазбаша

Сөздікпен жұмыс

Мәтіндегі нақыл сөздерді жазу

« Ас – адамның арқауы»

« Сыр өңірі қамысты келер, Сыр перзенті намысты келер»

« Ақымақтың ақылы түстен кейін енеді»


Жазбаша

Атауларды топтап жаз:

Өзен-көлдер: Ертіс, Жайық, Іле, Есіл, Балқаш, Алакөл.

Қалалар: Қарағанды, Ақтөбе, Теміртау, Қапшағай , Өскемен, Тараз

Ауызша

Сапалақтау әдісі бойынша тақтада жазылған жұмбақтарды сапалақтау арқылы жауабын көрсетеді.


1. Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында нан бар. (бидай)
2. Алыстан көрсең ақ тас,
Жақыннан көрсем – дәмді ас.
(күріш)
3. Түскенде салқын күз,
Жинадық алтын тіс
( жүгері)
4. Күннен көзін алмайды,
Өзгемен ісі болмайды.
(күнбағыс)


Сергіту сәті

Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады)

Түлкi болып қашамыз,қашамыз (Бiр орындарында тұрып жүгiредi)

Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады).



Ауызша


«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізеді. Тақтадан су, жарық, тамақ, жылу бойынша суреттер көрсетіліп, сұрақтар қойылады.

- Нелердің суреттерін көріп тұрсыңдар?

- Олардың қажеттілігі бар ма?

- Қандай маңызы бар?

- Осылардың ішіндегі ең маңызыдысы не?

- Ендеше, су туралы қандай мақал білеміз?

(Оқулықта берілген мақалмен жұмыс жүргізу)

-Ендеше, оқулықта берілген 2-тапсырма бойынша адам өміріне ең қажетті ауызсу туралы өз ойымызды бірнеше сөйлемдермен дәптерге түсіріп көрейікші.


Жазбаша


«Күріш-бағалы астық»

Ой толғау

Қорытындылау


Білемін

Білгім келеді

Білдім






Кері байланыс (толықтырып айтады)


Рефлексия

Оқушылар стикерлерге сабақтан алған ойларын бөлісіп « Білім қоржыынына » барып іледі

Үйге тапсырма

«Туған жер» туралы шығарма жазу

Мәтінді оқып, кейіпкерге хат жазу.

Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.


























Біріктірілген сыныптар арасындағы ашық сабақ жоспары




Тақырыбы: 3а – сынып

«Тарауды қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар»

4 а – сынып

«Күріш туралы сыр. Базарбай Исаев»








Өткізген:_____________________________








2017-2018 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
1043
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі