ТҤРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ
«№13 КОЛЛЕДЖ»
МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
«ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕ GoCongr СЕРВИСІН
ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ»
АБАЙ АУЫЛЫ – 2021 жыл
Қашықтықтан оқыту кезінде GoCongr сервисін қолданудың
тиімділігі
Қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып білім берудің мақсаты - білім
алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, әртүрлі платформаларды, вебсервистерді қолдану арқылы оқыту, білім алушы мен мұғалім арасында кез
келген форматта өзара файлдармен алмасу. Қашықтықтан оқыту кезеңінде әр
мұғалім өз шеберлігіне қарай түрлі платформаларды, веб-сервистерді қолдану
арқылы оқытуды жүргізіп келеді. Ол платформалардың қайсысы болмасын
ақпаратты білім алушыға ыңғайлы және түсінікті түрде жеткізуге, олармен
диалог жүргізуге және кері байланыстар жасауға өте тиімді. Осындай вебсервистердің бірі, бірегейі әрі тиімдісі GoCongr сервисі. GoConqr сервиcі – бұл
бағалау үшін арналған құрал.
Қашықтықтан оқыту кезінде кері байланыс жасауда және оқушылардың
білім деңгейін анықтауда GoConqr веб-сервисін қолдану өте қолайлы.
Оқушылардың оқуын өз бетінше дамыту және қамтамасыз ету үшін көп
мүмкіндіктерге ие және оқушы мен мұғалім арасында кері байланыс бере
алатын негізгі құралдардың бірі. GoConqr сервистері - тарау аяқталғанда
бөлім бойынша және жарты жылдық, жылдық жиынтық бағалау өткізуде өте
қолайлы құрал және тест жұмыстарын (бір дұрыс жауаппен және бірнеше
дұрыс жауаптармен) сәйкестендіру тапсырмаларын өткізуге, оқушыларға
белгілі бір тақырып бойынша жазба жұмысын жаздыруға, бақылау
жұмыстарын орындатуға ыңғайлы құрал болып табылады. Сонымен бірге
бұл сервистер қағазбастылықтан құтқаратын бірден бір құрал.
GoConqr - бұл оқыту курстарын құруға арналған заманауи ыңғайлы
платформа. Оның мүмкіндіктері: біріншіден, бұл мұғалімдер мен студенттер
арасындағы байланыс, хабарламалар, файлдар, сілтемелер алмасу үшін өте
ыңғайлы және әріптестермен, студенттермен ынтымақтастық орнатуға
мүмкіндік береді. Сервистің көмегімен мұғалім өзінің оқу ортасын құра алады,
оған өз пәндерін әр түрлі оқу материалдарын қосып, бүкіл топпен немесе
қауымдастықпен бөлісуге де мүмкіндігі жоғары.
GoCongr сервисі бүгінгі таңда виртуалды сұрақ-жауаптар жасауға арналған
ең танымал онлайн-құралдардың бірі. Аталмыш сервис әр оқушыға жұмысын
экранға шығару, ал
оқытушыға әр қайсына пікір қалдыру және
диаграммалармен көрсету арқылы баға қою мүмкіндігін береді. Мұғалімдер өз
сабақтарына арнап пәндер бойынша тапсырмалар жасауына және оларды
оқушыларға тура сабақ уақытында көрсетуіне мүмкіндік беретін платформа.
Ұялы телефондар үшін де тиімді жасалған. Электрондық пошта немесе
әлеуметтік желілер арқылы сілтемесін жіберу қажет, сөйтіп балалар өздерінің
ұялы телефондары арқылы берілген материалдар мен тапсырмаларды
орындайды. Сабаққа өз бетінше қарқын бере отырып, тапсырмаларын
парақтауға болады, балаларды шығармашылық тапсырмаларды орындауға
тартып, нақты уақытта нәтижені қадағалап отыруға болады.
GoCongr-мен жұмыс істеуді бастау үшін сайтта тіркелу қажет (ол үшін
әлеуметтік желілердегі өзіңіздің профиліңізді немесе аккаунтарыңызды
пайдалануға болады).
Gocongr.com сайты арқылы кіріп, Start Now, It’s Free батырмасы арқылы
тіркелуге болады немесе Google аккаунт арқылы Sign up using Google
батырмасы арқылы тіркелу жеңіл. Жеке кабинетке кіріп, бағалау құралдарын
жасау үшін, Create батырмасын таңдау арқылы Quiz деген батырмасын
шертеміз. Осы жерде сұрақтардың типі берілген.
1. Multiple Choice (бірнеше таңдау)
2. Check boxes (Белгі қойу)
3. True or False (Шын немесе Жалған)
Fill – The – Blanks with: (Бос орындарды толтыру)
4. Text (Мәтін)
5. Dropdown (Ашылмалы)
6. Drag and Drop (Жылжыту)
Label image with: (Кескімен белгі)
7. Text (Мәтін)
8. Dropdown (Ашылмалы)
9. Drag and Drop (Жылжыту)
Бұл жерде бірінші ол бізде кәдімгі тест түрі болып табылады. Сұрақтарын беру
арқылы жауаптардың дұрыс нұсқасын таңдайды. Екінші Check boxes – бірнеше
жауап беруге, жазуға болады. Үшіншісі True or False – жалған немесе шындық
мағынада сұрақтар жазылады және беріледі. Ең негізгі бөлім бұл - Fill – The –
Blanks with (Бос орындарды толтырыңыз) бөлімі, сұрақтардың жазылуын,
берілуі көрсетіледі.
Біріншіден, топта викториналық сұрақтарды іске қосқан кезде оқушылар өз
қарқынымен қозғала отырып, сұрақтарға жауап береді және осы орайда
олар басқа қатысушылармен топтасып бірге орындау мүмкіндігіне ие.
Екіншіден, Drag and Drop және Check boxes құрастырылған тапсырмаларды
орындауды жоспарлап қоюға болады, яғни оны үй жұмысы ретінде ұсынуға
болады.
Үшіншіден, тапсырмалардың аралас келуіне және «уақыт» параметрін алып
тастау мүмкіндігі бар, сонда оқушы өтіп бара жатқан уақыт туралы емес,
берілген сұрақ төңірегінде асықпай ойлана алады. Сондай-ақ бұл сұраққа жауап
беру кезінде оқулықтың параграфын, оқулықтағы параграфты, кітаптың
тарауын не болмаса қажетті ақпаратты google жүйесінен тауып алуға мүмкіндік
береді.
Бұл құралдың көмегімен мыналарды жҥзеге асыруға болады:
• оқу және үйрену үдерісін қолдау;
• ойындар мен викториналар өткізу;
• жарыстар ұйымдастыру;
• тест жүргізу;
• үй жұмысын жүргізу;
• әр оқушының нәтижелерін бақылау;
• әр оқушыға автоматты түрде кері байланыс беру.
Мұғалімдерге және студенттерге арлған бұл сервисті қолданып барынша
пайда алу үшін, қажетті құралдар мен мазмұнның бар екенін көз жеткізуге
болады. Ақыл карталармен, викториналар, жазбалармен флешкарталар және
слайдтармен қызықты мазмұн жасауға және жеке оқу жиынтығын жасауға
болады. Бұл құралдар идеяларды оңай дамытуға, қабілеттерін тексеруге,
прогресті бақылауға және оқу әлеуетін жақсартуға мүмкіндік береді.
GoConqr - да оқуды жеңілдету және тиімді ету ҥшін көптеген пайдалы
құралдар бар:
1. Ыңғайлы курс редакторы;
Оқу стратегиясын талдаңыз, содан кейін оны табысқа жету үшін
оңтайландырыңыз. GoConqr - дың онлайн оқу жоспарлаушысы - бұл
оқушылардың зейінін, ынтасын және оқу мақсаттарына жету жолында болуға
көмектесетін оқу құралдарының бірі. Блок –схемалар, Flowcharts құралы
мамандандырылған пішінмен және кенепті басқаруға ыңғайлы технологиялық
схемалар мен модельдерді оңай құруға мүмкіндік береді. Оқытудың бұл құралы
идеяларды тиімді алу үшін өте қолайлы, сондықтан сіз ақпаратты
әріптестеріңізге, достарыңызға немесе студенттерге тез жеткізе аласыз.
2. Жазбалар, ескертпелер;
Мазмұнды баптау арқылы оқуды барынша арттырыңыз. GoConqr
бағдарламалық жасақтамасы тақырып туралы білетіндеріңізді өз сөздеріңізбен
білдіруге мүмкіндік береді. Сыныпта, дәрісханада, кеңседе немесе жолда
қолдануға ыңғайлы икемді үлгіде негізгі оқу нүктелерін жазыңыз. Сіз шынымен
тереңдік қосу үшін бейне немесе суреттерді қоса аласыз және GoConqr -да
жасалған басқа ресурстарды ендіре аласыз. GoConqr Groups - та мазмұн алмасу
және талқылау үшін миллионнан астам пайдаланушымен байланысуға болады.
Қоғамдық топтар әлемнің түкпір - түкпірінен қызығушылықтары ұқсас
адамдармен кездесуге мүмкіндік береді, ал жеке топтар достар мен
әріптестермен оқуға арналған ресурстармен сенімді түрде бөлісуге мүмкіндік
береді.
3. Викториналар тҥрінде білім беру ресурстарын құру;
Сіз қанша білсеңіз де, егер сіз өзіңізді сынамасаңыз, келесі оқу
қиындықтарын жеңетініңізге ешқашан сенімді бола алмайсыз. GoConqr's Quiz бұл сізге білуге болатын нәрселерді көрсететін тесттерді тез және оңай құруға
мүмкіндік беретін құрал, осылайша сіз әлі де үйрену қажет нәрсеге назар аудара
аласыз. Сіз өзіңіздің нәтижелеріңізді жақсартуларды бақылаудың алдыңғы
әрекеттерімен салыстыра аласыз.
4. Ақыл карталары (MindMaps);
Ақыл карталары тақырыпты таныстыруға немесе тақырыпқа шолу жасауға
өте ыңғайлы. Ақыл карталарын құру арқылы сіз оқып жатқан материалдың
түсініктерін, контексттері мен ауқымын жеңілдету және байланыстыру арқылы
оқу материалы туралы түсінігіңізді дамытасыз. Олар оқу бағдарламасын құруға,
эссе шабуылына немесе ұғымдардың бір - бірімен қалай байланысты екенін
зерттеуге өте ыңғайлы. Маңызды деректер мен ақпаратты оңай есте сақтаңыз.
Флэш-карталар маңызды деректерді қайта қараудың және еске түсірудің тиімді
әдісі болып табылады. Интернеттегі Flashcards карталарды бағалауға және
араластыруға, суреттерді қосуға, бұрыннан белгілі карталарды жасыруға және
достарыңызбен, әріптестеріңізбен немесе сыныптастарыңызбен оңай бөлісуге
мүмкіндік беру арқылы қағаз бастылыққа қарағанда әмбебаптықты ұсынады.
5. Слайдтар жиынтығы.
Оқу материалының мол қорын бір қарапайым оқу ресурсына қосыңыз.
GoConqr's Slides құралы оқу материалының бірнеше түрін бір жерде жинауға
мүмкіндік береді. GoConqr ресурстарын, сыртқы сілтемелерді, бейнелер мен
суреттерді қамтитын бай және қызықты оқу слайдтарын құру арқылы оқу
аймағыңызды жандандыру мүмкіндігі жоғары.
Жүйе оқушылардың үлгерімін бағалауға, басқа авторлардың тапсырмалары
мен материалдарының орындалуын бағалауға мүмкіндік береді. Онымен жұмыс
істеу өте оңай және тиімді, бұл қашықтан оқытуды ынтымақтастық пен ақпарат
алмасу қызметтерін қолдана отырып, білім берудегі заманауи технологияларды
табысты енгізу.
Қорыта айтқанда, қашықтықтан оқыту қазіргі заман талабы болса, оны
ұйымдастыруда ең бастысы электрондық материалдар мен GoCongr сервисі
болып табылады. Бұл біліктілігі жоғары, зияткерлік және кәсіби деңгейі
дамыған, халықаралық дәрежедегі бәсекеге төзімді қоғам құруға зор көмегін
тигізеді.
GoCongr сервисінің артықшылықтары:
Заман талабына сай ақпараттық-технологиялар мен құралдарды қолдану;
Интерактивті әрекеттесу формалары;
Сапалы білім алу;
Уақытты үнемдеу;
Ыңғайлы уақытта оқу;
Территориялық шектеулер жоқ;
Денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ;
Электрондық, дидактикалық материалдарды пайдалану.
Қашықтықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту
жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде мұғалім оқушының жүмыстарын,
жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің
ортасында оқушы тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді.
Оқытушы оқушыға арналған өзіндік жұмыстарды, тәрбиеге қатысты
жұмыстарды
ұйымдастырумен
шұғылданады.
Қашықтықтан
оқыту
технологиясын қолдануда мұғалімнің рөлі арта түседі және өзгереді.
Қашықтықтан оқыту технологиясы – оқушы дайындау мен олардың біліктілігін
әрі қарай тереңдете арттыру бағытындағы осы заманның ең әсерлі де тиімді
жүйесі болып табылады және болашақта алатын орны орасан зор.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Gocongr.com сайты
2. https://kasipkor.kz/?cat=152&lang=kz сайтында ҚБТ пайдалану жөніндегі
нұсқаулық
3. Қашықтан оқытуды ұйымдастыруға арналған АКТ құралдары бойынша
ГИД
4. infourok.ru/үzdіk-aқparattyқ-tehnologiyasy-prezentaciya-4640852.html
сілтемесі