жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Graphic Organiser әдісін деңгейлік саралауда қолдану арқылы оқушылардың оқу жетістігін арттыру»

«Lesson Study» бойынша зерттеу тақырыбы: «Graphic Organiser" әдісін деңгейлік
саралауда қолдану арқылы оқушылардың оқу жетістігін арттыру»
Авторлар: Дастанова Куралай-social studies пәні мұғалімі, Базарбаева Жайна –
computer science пәні мұғалімі, Құдашкен Гүлнар – өнер пәні мұғалімі. International Steppe
School of Astana
Аннотация
Бұл зерттеудің мақсаты «Graphic Organiser» әдісін деңгейлік саралауда тиімді қолдану
арқылы оқушылардың оқу жетістігін арттыру жолдарын анықтау және оны тәжірибеде
дәлелдеу болып табылады. Зерттеу барысында Venn Diagram, Mind Map Poster, Cause-
Effect, Fishbone, Gallery Walk, Jigsaw және T-chart сияқты графикалық ұйымдастырушылар
қолданылды. Бұл әдістер оқушылардың ақпаратты жүйелеу, салыстыру, талдау және
қорытынды жасау дағдыларын дамытуға бағытталды. Нәтижесінде оқушылардың сабаққа
қатысу белсенділігі артқаны, күрделі тақырыптарды түсініп қана қоймай, есте
сақтауларына әсер етті. Сонымен қатар деңгейлік саралау оқушылардың жеке
мүмкіндіктерін ескеруге және олардың оқу мотивациясын күшейтуге ықпал етті. Зерттеу
нәтижелері Graphic Organiser әдісінің оқу үдерісінде тиімді құрал екенін және оны жүйелі
қолдану оқыту сапасын арттыратынын көрсетті.
Түйінді сөздер: Graphic Organiser, деңгейлік саралау, оқу жетістігі, Venn Diagram,
Mind Map, Fishbone диаграммасы, Jigsaw әдісі, оқыту әдістемесі, белсенді оқыту,
критериалды ойлау.
Кіріспе
Зерттелетін тақырыптың өзектілігі: Зерттеліп отырған сынып оқушыларының
оқу қабілеттері әртүрлі және тәртіп деңгейі біркелкі емес. Осыған байланысты топтық
жұмыс барысында бірқатар қиындықтар туындайды. Оқушылар көбінесе өздеріне жақын
сыныптастарымен ғана жұптасып немесе топтасып жұмыс істеуге дағдыланған. Мұндай
жағдайда топтық жұмыстың тиімділігі төмендеп, тапсырманы көбіне бір ғана оқушы
орындайды, ал кейбір оқушылар белсенділік танытпай, оқу үдерісіне толық қатыспайды.
Нәтижесінде сабақтағы тәртіптің бұзылуы, оқушылардың өзін-өзі ұстау мәдениетінің
төмендеуі және оқу тапсырмаларының сапасыз орындалуы сияқты мәселелер байқалады.
Сондықтан оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың топтық жұмысқа тең дәрежеде
қатысуын қамтамасыз ететін тиімді педагогикалық тәсілдерді қолдану қажеттілігі
туындайды.
Зерттеу әдістері
Social Studies пәніндегі топтарға бөлудің маңыздылығы. Оқушыларды топтарға
бөлу үдерісі оқу үдерісінің тиімділігін арттыратын маңызды педагогикалық факторлардың
бірі болып табылады. Зерттеу барысында оқушыларды өз қалауы бойынша емес, мақсатты
түрде әртүрлі құрамдағы топтарға бөлу тиімді деп қарастырылды. Бұл тәсіл оқушыларды
өздерінің үйреншікті әлеуметтік ортасынан шығарып, жаңа оқу жағдайына бейімделуге
мүмкіндік береді. Л.С. Выготскийдің әлеуметтік-мәдени теориясына сәйкес, оқыту үдерісі
оқушының «жақын даму аймағында» ұйымдастырылған жағдайда оның танымдық қабілеті
тиімді дамиды (Vygotsky, 1978).
Бақылау нәтижесінде оқушылар достарымен емес, жаңа құрамдағы топтарда жұмыс
істеген кезде жауапкершілік деңгейінің артатыны байқалды. Себебі таныс ортада оқушылар
көбіне міндеттерді тең бөлмей, жұмысты бір немесе екі белсенді оқушыға жүктеп қояды.
Бұл құбылыс кооперативті оқыту теориясында да сипатталады, яғни топ ішіндегі теңсіздік
оқу нәтижесіне теріс әсер етуі мүмкін (Johnson & Johnson, 1999). Сонымен қатар, достар
арасындағы бейресми қарым-қатынас назардың бөлінуіне және тапсырмаға шоғырланудың
төмендеуіне әкеледі.

Jigsaw-in Pair. Екінші маңызды фактор ретінде оқушыларды олардың деңгейіне
сәйкес жұптарға немесе топтарға орналастыру тиімділігі қарастырылды. Бірдей деңгейдегі
оқушылар бір тапсырманы талқылау барысында белсендірек қатысып, өзара пікір алмасуға
көбірек мүмкіндік алады. Бұл олардың оқу материалына деген түсінігін тереңдетеді. Сынып
ішіндегі қолжетімді қиындық деңгейі оқушының мотивациясына тікелей әсер етеді, себебі
тапсырманы орындай алу тәжірибесі оның өзіндік сенімділігін арттырады (Hattie, 2009).
Оқушылардың оқу мотивациясының төмендеуі көбінесе оқу материалының
күрделілік деңгейі мен оқушы мүмкіндігінің сәйкес келмеуінен туындайды. Ал деңгейлік
тапсырмалар мен дұрыс ұйымдастырылған топтық жұмыс олардың оқу жетістігін
арттырып, ішкі мотивациясын күшейтеді (Slavin, 2014). Осыған байланысты сабақ
үдерісінде оқушыларды үнемі әртүрлі құрамдағы топтарға бөлу, олардың әлеуметтік және
академиялық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Сондықтан зерттеу барысында ең негізгі педагогикалық шешім ретінде оқушыларды
мақсатты әрі жүйелі түрде әртүрлі топтарға бөлу және деңгейлік саралауды тиімді қолдану
әдісі қарастырылды.
Келесі кезеңде Social Studies пәні бойынша оқушылардың белсенділігін арттыру
мақсатында Jigsaw әдісінің жаңартылған түрі — Jigsaw-in-Pair тәсілі қолданылды. Дәстүрлі
Jigsaw әдісінде оқушылар 3 топқа бөлініп, әр топта 4–5 оқушыдан болады және әр топқа
әртүрлі мәтіндер беріледі. Оқушылар өз топтарында мәтінді талқылап, кейін «эксперттік
ауысу» арқылы басқа топтарға барып ақпаратпен алмасады. Бұл әдіс кооперативті
оқытудың тиімді формасы ретінде кеңінен қарастырылғанымен, кей жағдайда топ ішінде
тек белсенді оқушылар ғана жұмыс істеп, қалғандарының қатысу деңгейі төмен болуы
мүмкін (Johnson & Johnson, 1999; Slavin, 2014).
Осы мәселені шешу мақсатында Jigsaw әдісінің бейімделген нұсқасы — Jigsaw-in-Pair
моделі енгізілді. Бұл модельде 12 оқушыдан тұратын сынып 2 оқушыдан құралған 6 жұпқа
бөлінді. Әр жұпқа жеке мәтін беріліп, олар оны бірлесіп талқылады. Кейін бір оқушы өз
орнында қалып, екінші оқушы келесі жұпқа ауысып, ақпаратпен алмасу үдерісін
жалғастырды. Бұл тәсіл оқушылардың жауапкершілігін арттырып, әр оқушының белсенді
қатысуын қамтамасыз етті. Кооперативті оқыту теориясына сәйкес, шағын топтарда өзара
тәуелділік пен жеке жауапкершілік күшейген жағдайда оқу нәтижесі жоғарылайды (Johnson
& Johnson, 1999).
Сонымен қатар әр кезеңде оқушылар алынған ақпаратты mind map әдісі арқылы
жүйелеп отырды. Бұл когнитивтік құрылымдауды күшейтіп, ақпаратты терең түсінуге
мүмкіндік берді. Конструктивистік оқыту теориясы бойынша білім оқушының белсенді
әрекеті арқылы қалыптасады, сондықтан визуалды ұйымдастыру құралдары (graphic
organizers) түсіну мен есте сақтауды жақсартады (Novak & Cañas, 2008). Нәтижесінде әр
оқушы барлық мәтіндердің мазмұнын толық меңгеріп, оқу үдерісіне белсенді қатысу
деңгейі артты. Бұл модель оқушылардың өзара оқытуын күшейтіп, топтық жұмыстағы тең
қатысуды қамтамасыз етті [1-сурет].

1-сурет. Jigsaw in Pair әдісі
Gallery Walk. Деңгейлік саралауда тиімді қолданылған әдістердің бірі ретінде Gallery
Walk тәсілі қарастырылды. Бұл әдіс оқушылардың қозғалыс арқылы оқуға қатысуын
қамтамасыз етіп қана қоймай, когнитивтік өңдеудің бірнеше деңгейін қатар іске қосатын
белсенді оқыту стратегиясы ретінде сипатталады (Herreid, 2013). Зерттеу барысында бұл
әдіс кооперативті оқыту және дифференциация принциптерімен ұштастырылып
қолданылды.
Сабақ барысында оқушылар жұппен жұмыс істей отырып, сынып кеңістігінде
орналасқан әртүрлі станцияларға қозғалып, тапсырмаларды кезең-кезеңімен орындады. Әр
станциядағы тапсырмалар оқушылардың когнитивтік деңгейіне сәйкес сараланып берілді.
Бұл тәсіл Виготскийдің «жақын даму аймағы» теориясымен сәйкес келеді, яғни оқушыға
қолжетімді, бірақ аздап күрделірек тапсырма беру оның даму потенциалын арттырады
(Vygotsky, 1978).
А деңгейіндегі оқушыларға Венн диаграммасы арқылы салыстырмалы талдау жасау
тапсырылды. Бұл тапсырма жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын (analysis, synthesis) талап
етеді және ақпаратты құрылымдауға мүмкіндік береді [2-сурет]. Блум таксономиясына
сәйкес, мұндай тапсырмалар оқушылардың талдау және бағалау деңгейін дамытады (Bloom
et al., 1956). В деңгейіндегі оқушыларға себеп–салдар байланысын анықтау үшін Fishbone
diagram (Ишикава моделі) ұсынылды. Бұл әдіс күрделі құбылыстарды жүйелі түрде
талдауға мүмкіндік беріп, сыни ойлауды дамытады (Novak & Cañas, 2008). [3-сурет]
С деңгейіндегі оқушыларға терминологиялық білімді бекіту мақсатында фактілік
сұрақтарға кесте түрінде жауап беру тапсырмасы берілді. Бұл тапсырма базалық білімді
автоматтандыруға және ақпаратты ұзақ мерзімді жадыда бекітуге бағытталды. Hattie (2009)
зерттеулеріне сәйкес, нақты және құрылымдалған кері байланыс берілген төмен деңгейлі
тапсырмалар да оқу жетістігін арттыруда маңызды рөл атқарады [4-сурет].
Gallery Walk әдісінің басты педагогикалық артықшылығы — оқушылардың бір
мезетте бірнеше ақпарат көзін өңдеуі және оны әлеуметтік өзара әрекет арқылы талдауы.
Кооперативті оқыту теориясы бойынша, мұндай құрылымда әр оқушы тек өз тапсырмасын
орындап қана қоймай, басқа оқушылардың жұмысына да рефлексия жасайды, бұл
метатанымдық қабілеттердің дамуына ықпал етеді (Johnson & Johnson, 1999). Сонымен
қатар қозғалыс элементінің енгізілуі оқушылардың назар тұрақтылығын арттырып,
когнитивтік шаршауды азайтады.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, деңгейлік тапсырмалар мен Gallery Walk әдісінің
интеграциясы оқушылардың оқу үдерісіне тең қатысуын қамтамасыз етті. Әсіресе төмен
және орта деңгейдегі оқушылардың белсенділігі артты, себебі тапсырмалар олардың нақты
мүмкіндіктеріне сәйкес бейімделген. Бұл дифференциацияның тиімділігін және оқу
мотивациясына оң әсерін дәлелдейді (Tomlinson, 2014).

2-сурет. Венн Диаграммасы
3-сурет. Fishbone Диаграммасы
Станция Сұрақтар Жауаптар
1
2
3
4-сурет. Фактілік сұрақтар кестесі
Running Dictation әдісі оқушылардың белсенді қозғалысын, есте сақтау қабілетін
және кооперативті оқыту дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді педагогикалық
стратегиялардың бірі болып табылады. Бұл әдіс оқушыларды тек ақпаратты қабылдаушы
емес, оны өңдеуші және қайта жеткізуші белсенді субъект ретінде қарастыруға мүмкіндік
береді (Scrivener, 2011).
Зерттеу барысында оқушылар шағын топтарға бөлініп, әр топ ішінде рөлдерге сәйкес
ұйымдастырылды. Мұндай рөлдік құрылым кооперативті оқытудың негізгі қағидаларының
бірі — жеке жауапкершілік пен өзара тәуелділікті қамтамасыз етеді (Johnson & Johnson,
1999).

Бірінші рөл — Runner (жүгіріп барып ақпарат әкелуші) — станциядағы мәтінді оқып,
оны есте сақтап, өз тобына жеткізді. Бұл рөл қысқа мерзімді есте сақтау, зейін және
ақпаратты қайта кодтау дағдыларын дамытады. Екінші рөл — Writer — Runner жеткізген
ақпаратты жазбаша түрде рәсімдеп отырды. Бұл процесс ақпаратты құрылымдауға және
тілдік дағдыларды дамытуға ықпал етеді.
Үшінші рөл — Answer — берілген сұрақтарға жауап беріп, мәтін мазмұнын түсіндіру
және қолдану деңгейінде жұмыс жасады. Бұл Блум таксономиясындағы түсіну және
қолдану деңгейлеріне сәйкес келеді (Bloom et al., 1956). Төртінші рөл — Checker/Leader —
орындалған тапсырманың дұрыстығын тексеріп, топ жұмысын үйлестірді. Бұл рөл
метатанымдық бақылауды және көшбасшылық дағдыларды дамытады.
Cooperative Learning теориясына сәйкес, топ ішіндегі рөлдердің нақты бөлінуі әр
оқушының белсенді қатысуын қамтамасыз етіп, «әлеуметтік жалқаулық» (social loafing)
құбылысының алдын алады (Johnson & Johnson, 1999). Сонымен қатар қозғалыс элементі
(running) когнитивтік белсенділікті арттырып, ақпаратты есте сақтауды күшейтеді, себебі
физикалық әрекет пен когнитивтік процесс біріктіріледі (Sousa, 2017).
Зерттеу нәтижесінде Running Dictation әдісі оқушылардың топтық жауапкершілігін
арттырып, ақпаратты есте сақтау, түсіндіру және жазу дағдыларын кешенді түрде дамытуға
ықпал ететіні анықталды. Рөлдік құрылым әр оқушының оқу процесіне тең дәрежеде
қатысуын қамтамасыз етіп, сабақтағы пассивтілікті айтарлықтай төмендетті.
Computer Science пәні бойынша өткізілген сабақтарда ерекше жоғары нәтиже
көрсеткен әдістердің бірі — Joyteka платформасы негізінде ұйымдастырылған квест
форматындағы тапсырмалар болды. Зерттеу барысында бұл тәсіл оқушылардың пәнге
қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың оқу процесіне толыққанды қатысуына
және оқу жетістіктерінің жоғарылауына ықпал еткені байқалды.
Қазіргі білім беру үдерісінде оқушылардың барлығы бірдей информатика пәніне
тұрақты қызығушылық таныта бермейді. Осыған байланысты сабақ құрылымын ойын
элементтерімен және бәсекелестік механизмдерімен ұйымдастыру оқушылардың ішкі
мотивациясын арттырудың тиімді тәсілі ретінде қарастырылады (Prensky, 2007). Зерттеу
барысында сабақ квест форматы негізінде ұйымдастырылып, тапсырмалар Joyteka цифрлық
платформасы арқылы ұсынылды.
Сабақ барысында оқушылар жұптарға бөлініп жұмыс жасады. Әр жұп Joyteka
платформасы арқылы квест тапсырмаларын алып отырды. Квест құрылымы үш деңгейден
тұрды және оқушылар келесі кезеңге тек алдыңғы тапсырманы толық орындаған жағдайда
ғана өте алды. Мұндай құрылым оқушылардың оқу әрекетіне жауапкершілікпен қарауына
және тапсырмаларды жүйелі орындауына мүмкіндік берді.
Квест технологиясының кезеңдік ұйымдастырылуы оқушылар арасындағы
дифференциацияны нақты анықтауға жағдай жасады. Жоғары деңгейдегі оқушылар
тапсырмаларды жылдам әрі күрделі стратегиялар арқылы орындаса, орта және төмен
деңгейдегі оқушылар жұптық қолдау негізінде оқу әрекетіне белсендірек қатыса бастады.
Виготскийдің «жақын даму аймағы» теориясына сәйкес, оқушы өзінен сәл жоғары
деңгейдегі серіктеспен бірлескен әрекет арқылы жаңа білімді тиімді меңгереді (Vygotsky,
1978).
Нәтижелері: Зерттеу нәтижелері оқушылардың оқу жетістіктері формативті бағалау
арқылы жүйелі түрде бақылауға алынғанын көрсетеді. Әр сабақтан кейін А, В және С
деңгейіндегі оқушыларға арналған нақты дескрипторлар негізінде бағалау жүргізілді. Бұл
тәсіл критериалды бағалау жүйесіне сәйкес келеді және оқушылардың оқу прогресін дәл
өлшеуге мүмкіндік береді (Black & Wiliam, 2009).
Алғашқы сабақ нәтижелерінде үш деңгейдегі оқушылар арасында айқын алшақтық
байқалды. А деңгейіндегі оқушылар жоғары көрсеткішке ие болса, В және әсіресе С
деңгейіндегі оқушылардың орындау сапасы төмен болды. Бұл бастапқы кезеңде деңгейлік

саралаудың толық тұрақталмағанын және оқушылардың топтық жұмысқа бейімделу
кезеңінде екенін көрсетеді. Мұндай айырмашылық дифференциацияның бастапқы
фазасында жиі кездесетін құбылыс болып табылады (Tomlinson, 2014).
Екінші сабақта айтарлықтай прогресс байқалды. В және С деңгейіндегі оқушылардың
нәтижелері жақсарып, тапсырмаларды орындау дәлдігі артты. Бұл кезеңде қолданылған
графикалық ұйымдастырушылар (Venn diagram, Fishbone, Cause-effect) оқушылардың
ақпаратты құрылымдау және түсіну қабілетін күшейткенін көрсетеді. Зерттеулерге сәйкес,
визуалды оқыту құралдары оқушылардың когнитивтік жүктемесін азайтып, түсіну деңгейін
арттырады (Novak & Cañas, 2008).
Үшінші сабақта барлық деңгейдегі оқушылардың белсенділігі жоғарылап,
нәтижелердің біркелкіленуі байқалды. Бұл кезеңде топтық жұмыс түрлері (Gallery Walk,
Running Dictation, Jigsaw-in-Pair) жүйелі түрде қолданылып, оқушылардың өзара әрекеттесу
деңгейі артты. Кооперативті оқыту теориясына сәйкес, тұрақты өзара тәуелділік пен рөлдік
жауапкершілік оқу нәтижесін айтарлықтай жақсартады (Johnson & Johnson, 1999). Сонымен
қатар формативті бағалаудың тұрақты жүргізілуі оқушыларға өз прогресін көруге
мүмкіндік беріп, ішкі мотивацияны күшейтті (Black & Wiliam, 2009). [5 сурет]
Жалпы алғанда, үш сабақтың динамикасы оқушылардың оқу жетістіктерінде тұрақты
өсім бар екенін көрсетеді. Әсіресе С деңгейіндегі оқушылардың айтарлықтай ілгерілеуі
деңгейлік саралау мен белсенді оқыту әдістерінің тиімділігін дәлелдейді. Бұл нәтижелер
дифференциацияланған оқыту мен формативті бағалаудың біріктірілуі оқу сапасын
арттыратынын көрсетеді (Hattie, 2009).

5-сурет. Оқушылардың бағалау нәтижелері кестеде
Computer science пәнінің нәтижесінде сабақты квест форматында ұйымдастыру
оқушылардың назарын сыртқы факторлардан оқу әрекетіне бағыттау мүмкін болды.
Бәсекелестік және ойын элементтері оқушылардың қызығушылығын сақтап, сабақ
бойындағы белсенділікті тұрақты деңгейде ұстады. Зерттеу нәтижелері бойынша,
оқушылардың шамамен 90–95%-ы сабаққа толық қатысып, оқу тапсырмаларын белсенді
орындағаны байқалды.

Бұл тәсіл әсіресе оқу үлгерімі төмен немесе пассивті оқушылар үшін тиімді болды.
Зерттеу барысында С деңгейіндегі оқушының өзі В–С деңгейіндегі нәтиже көрсетіп, оқу
белсенділігінің айтарлықтай артқаны байқалды. Мұндай нәтиже сараланған оқыту мен
кооперативті оқыту тәсілдерінің тиімділігін дәлелдейді (Tomlinson, 2014).
Сонымен қатар сабақ құрылымы топтық, жұптық және жеке жұмыс форматтарының
үйлесімді интеграциясы арқылы жүзеге асырылды. Бұл оқушылардың коммуникациялық
дағдыларын, өзара әрекеттесу қабілеттерін және жеке жауапкершілігін дамытуға ықпал
етті. Johnson & Johnson (1999) еңбектерінде кооперативті оқыту барысында жеке
жауапкершілік пен өзара тәуелділік оқу жетістігінің жоғарылауына тікелей әсер ететіні
көрсетілген.
Lesson Study зерттеуі барысында әртүрлі графикалық органайзерлер де тиімді қолданылды.
Олар оқушылардың ақпаратты құрылымдауына, логикалық байланыстарды анықтауына
және визуалды ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Novak & Cañas (2008)
зерттеулеріне сәйкес, graphic organizer құралдары оқушылардың когнитивтік құрылымдау
қабілетін күшейтіп, білімді ұзақ мерзімді есте сақтауға ықпал етеді.
Қорытынды: Жүргізілген зерттеу нәтижелері деңгейлік саралау, белсенді оқыту
әдістері және формативті бағалаудың жүйелі қолданылуы оқушылардың оқу жетістіктеріне
айтарлықтай оң әсер ететінін көрсетті. Алғашқы сабақта оқушылардың деңгейі арасында
айқын алшақтық байқалғанымен, келесі сабақтарда В және С деңгейіндегі оқушылардың
оқу көрсеткіштерінде тұрақты өсім тіркелді. Бұл олардың оқу үдерісіне біртіндеп
бейімделгенін және ұсынылған әдістердің тиімділігін дәлелдейді.
Зерттеу барысында қолданылған Graphic Organiser, Gallery Walk, Jigsaw-in-Pair және
Running Dictation сияқты белсенді оқыту стратегиялары оқушылардың танымдық
белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың ақпаратты талдау, салыстыру, жүйелеу және
қорытынды жасау дағдыларын дамытуға ықпал етті. Сонымен қатар рөлдік және топтық
жұмыс формалары әр оқушының сабаққа тең дәрежеде қатысуын қамтамасыз етіп, пассивті
оқушылар санын азайтты.
Формативті бағалау нәтижелері оқушылардың оқу прогресін үздіксіз бақылауға
мүмкіндік беріп, олардың өз жетістігін көру арқылы ішкі мотивациясын арттырды. Бұл
Black & Wiliam (2009) зерттеулерінде көрсетілгендей, формативті бағалаудың оқу
нәтижесіне тікелей әсер ететінін растайды.
Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері деңгейлік саралау мен белсенді оқыту әдістерін
біріктіру оқу сапасын арттыратынын және оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере
отырып, олардың оқу жетістігін жақсартуға тиімді жағдай жасайтынын көрсетті. Болашақта
бұл тәсілдерді жүйелі түрде қолдану оқушылардың дербес оқу дағдыларын әрі қарай
дамытуға мүмкіндік береді.

Әдебиеттерге шолу:
Johnson, D. W., & Johnson, R. T. (1999). Learning together and alone: Cooperative,
competitive, and individualistic learning. Allyn & Bacon.
Hattie, J. (2009). Visible learning: A synthesis of over 800 meta-analyses relating to
achievement. Routledge.
Slavin, R. E. (2014). Cooperative learning and academic achievement: Why does groupwork
work? Anales de Psicología, 30(3), 785–791.
Vygotsky, L. S. (1978). Mind in society: The development of higher psychological processes.
Harvard University Press.
Novak, J. D., & Cañas, A. J. (2008). The theory underlying concept maps and how to
construct them. Florida Institute for Human and Machine Cognition.
Bloom, B. S., Engelhart, M. D., Furst, E. J., Hill, W. H., & Krathwohl, D. R. (1956).
Taxonomy of educational objectives: The classification of educational goals. Longmans, Green.
Herreid, C. F. (2013). Gallery walk activities for active learning. Journal of College Science
Teaching, 42(5), 30–33.
Tomlinson, C. A. (2014). The differentiated classroom: Responding to the needs of all
learners. ASCD.
Sousa, D. A. (2017). How the brain learns (5th ed.). Corwin.
Black, P., & Wiliam, D. (2009). Developing the theory of formative assessment. Educational
Assessment, Evaluation and Accountability, 21(1), 5–31. https://doi.org/10.1007/s11092-008-
9068-5

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген