400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Гүл - ғажайып дүние

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тақырыпта оқушылар гүл түрлерімен танысады, сәндік және үй өсімдіктерін өсіруді үйренеді, күтіп баптауды үйренеді. Гүлдер туралы өлең шумақтарын айтады, сауалнама жүргізіледі.Табиғатты аялауға дағдыланады. Гүлдер бізді әсемдікке, ізгілікке тәрбиелейді. Осындай эстетикалық бағыттағы тәрбие сағаттары балалардың қоршаған ортаға деген оң көзқарастарын қалыптастырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Гүл – ғажайып дүние»

Сабақтың мақсаты: Гүл түрлері, сәндік және үй өсімдіктерін өсіру,

баптау, күту, гүл ерекшеліктері, мекен ету ортасы туралы мағлұмат беру.

Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты.

Сабақтың көрнекілігі: Бөлме гүлдері, интерактивті тақта, гүл туралы

мақал-мәтелдер , даналық сөздер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе сөзі.

Гүлдер туралы өлең-шумақтары

Гүл тілі.

Сауалнама

Қорытынды.

Табиғаттың бөлінбес бөлшегінің бірі – өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін, ішсе тамақ, кисе киім, жақса отын, малына өріс, өзіне қоныс болған. Сондықтан «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын», «Көкті жұлма көктей соларсың» деген даналық сөздері осы өсімдікті қадірлеп, қастерлеуден туған.

«Гүл – дүние көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар – адамға үлкен пайда келтіреді.Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау – үлкен құрметтің белгісі. Сондықтан бүгінгі тәрбие сағатымыз осы гүлдер әлеміне арналады.

(Мұғалімнің сөзінен кейін «Гүл – табиғат байлығы» атты теледидардан бейне материал тамашаланады).

1-оқушы. Табиғат бүкіл тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі. Ал, адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Қазақ халқының бар өмірі табиғат пен тікелей байланысты өтіп келеді. Сұлу табиғатты көзбенг көріп, жаныңмен сезіп, сол қалпында сүйе білу қандай ләззат!



2-оқушы. Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер

Жайнар кезім келді деп.

Қанаттарың желбіреп,

Таңмен бірге оянып

Күн нұрына боянып

Көрік бердің далаға.

3-оқушы. Гүлдер, гүлдер не түрлі,

Құлпырды да жетілді.

Барлық дала өртеніп,

Бара жатқан секілді.

Өрт дегенім- гүл екен,

Отқа ұқсап тұр екен.

Лүпіл қағып жүрегім

Үзіп алдым біреуін

Сыйлайын деп анама.

(Сыныптағы қыз балалар гүл бейнесінде киінеді де, гүл бейнесінде киінген қыздарды ұл балалар көпшілікке таныстырады).

4-оқушы. Көктемнің көрікті гүлдерінің бірі – бәйшешек. Кейде оны қарғалдақ деп те атайды. Биіктігі 15 см, ерте көктемде наурыз айының бас кезінде көктеп,бүршік жарады.

5-оқушы. Бәйшешек.

Мен боламын қырларында текеметтің .

Көктемге алғаш көрік әперетін.

Бәйшешекпін, көктесем қар астында,

Қыс ызғарын, қаймықпай көтеретін.



6-оқушы. Қызғалдақ – лалагүлділертұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. «Тюльпан» негізінен түрік сөзі, бас киім деген мағынаны білдіреді. Түріктерде «Тюрбан» деп аталатын қызғалдаққа ұқсас бас киім бар екен.Осы уақытқа дейін қызғалдақтың отаны – Голландия болып саналатын. 2001 жылы Алматы қаласында «Қызғалдақ және адам» атты халықаралық фестиваль өткізілді. Осы фестивалде қызғалдақтың бірінші отаны – Қазақстан,ал екінші отаны – Голландия деп хабарланды.

7-оқушы. Қызғалдақ.

Кім білмес қыр аруы қызғалдақты,

Өң беріп көркейтеміз әрбір бақты.

Сәні деп өмірінің, көңілінің,

Сый етіп, мені жігіт қызға арнапты.

8-оқушы. Інжугүл – бұл да лалагүлділер тұқымдасына жатады. Інжугүлдің хош иісі, көз қуантар әдемі гүлдері кез-келген адамды толғандырмай қоймайды.Май айының алғашқы күндері бүкіл Париж інжугүлге малынып кеткен көрінеді.Бұл күнді «Інжугүл күндері» деп мейрамға айналдырған.

9-оқушы. Інжугүл.

Көктемнің алғаш гүлінің, Жапырағым жайылған,

Інжугүл атты бірімін. Секілді қос алақан.

Адамдықтың, достықтың, Қоңыраудан жоқ, айырмам,

Куәсімін, жырымын. Келбетіме қарасам.

10-оқушы.Тұңғиық – бұл су өсімдігі.Бір қасиеті бұл өсімдіктің тез өскіштігі, үш күн сайын жаңа жапырақ шығарадыОның гүгі ақ, алқызыл, күлгін көк, қанқызыл болады.

11-оқушы. Тұңғиық.

Ақ көйлекті бойжеткен,

Қалқып жасыл қайықпен,

Көлде жү.зіп жүргендей,

Қарайсың таң қалып сен.

12-оқушы.Қалампыр гүлі – Еуропа елінен тараған. Олардың бір, екі, үш жылдық түрлері болады. Гүлдері ақ, қызғылт, күлгін. Қалампыр гүлі – ерлік пен өрлікті уағыздайтын гүл. Сондықтан оны көбіне ер азаматтарға сыйлап жатады.

13-оқушы.Қалампыр.

Жайлауда жел тербесе, Ежелден халық бұл гүлді,

Иісіңе дала аңқыр. Жалқауларға қимайды.

Бақшадан да мен неше, Қорғайтын елді, үлгілі,

Көрдім сені қалампыр. Батырларға сыйлайды.

Гүл тілі.

Қызыл раушан – махаббат белгісі.

Ақ раушан – құпиялық белгісі.

Лала гүлі – тазалық белгісі.

Нәркез – шығыс елдерінде жаңа жыл белгісі.

Інжугүл – шабыт беруші гүл,

Қалампыр – ерлік пен өрліктің белгісі.

Бақытгүл – бақыттылық белгісі.

Саулнама. (ашық сабаққа қатысқан ұстаздармен сауалнама жүргізілді). Гүлдің қандай түсті болғанын қалайсыз?

Қызыл – бесенділік пен өмірлік күш қуаттың белгісі.Бұл түсті батыл, табанды, ерік – жігерлі адамдар ұнатады. Олар қызба, әсершіл, қызуқанды келеді. Негізінен олар жетекшілер.

Қызғылт – жалынның түсі, негізінен ол адамдар ыстық қанды келеді. Олар жарқын айырықша адамдар. Көптің ішінде ерекшеленіп тұрады. Жұрттың назарын өзіне аударып алады. Алға қойған мақсаттарына жету жолында өмірлерін қиюға әзір.

Сары – жылу мен жарықтың түсі. Бұл адамдар көпшіл, достыққа берік, еркіндікке талпынғыш.Көңіл - күйі тез өзгергіш, оптимист адам.

Алқызыл – нәзік жанды ұяң жандардың түсі. Осындай адамдар туралы жұрт өмірдің тек жақсы, жарқын жақтарын ғана елеп ескеріп, қараңғы тұстарын ескергісі келмейді.

Ақ – шаттықтың түсі. Ақ түсті ұнататындар өте әсершіл, қызба келеді, тез елктегіш. Мұндай адамдар кейде өзінің ықпалында қалады, кейде ол өзгенің ықпалында да кетеді.

Көк – адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты ең жоғары бағалайтын адамдар. Олар достықты бағалап, ал махаббатты бәрінен жоғары қояды. Олар зұлымдықты, салқындықты, араздықты ұнатпайтын ақ тілекті жандар.

Қорытынды.

Сонымен балалар, біздер бүгін гүлдер әлеміне саяхат жасадық. Табиғатта гүлдердің түрі өте көп, олар сан алуан. Олар туралы бір ғана ашық тәрбие сағатында айтып жеткізу мүмкіін емес. Гүлдер бізді әсемдікке, ізгілікке тәрбиелейді. Елбасының халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін сыныптағы бөлме өсімдіктерін күтіп баптап, аялап отыруымыз керек. Мектеп, өз үйіміздің айналасын көгалдандыру, жасыл желекке айналдыруға ат салысу бәріміздің парызымыз.

Осындай эстетикалық бағыттағы тәрбие сағаттары балалардың қоршаған ортаға деген оң көзқарастарын қалыптастырады, ізгілікке тәрбиелейді.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
1621
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі