Ғылыми баяндама: «Қазақстан
Республикасында инвестициялық саясатының
мәселелері
мен даму
перспективасы»
Дайындаған: Бортебаева Балжан
Бардықанқызы
КМҚК
“Бизнес
және сервис
колледжі”
«Есеп және
аудит» мамандығы
2-курс
студенті
Ғылыми жетекшісі: Разбекова Жулдыз
Женисовна
Ең жақсы инвестиция –бұл
қалай
инвестициялау керек екенін
білу.
(Бенджамин Франклин )
Ғылыми баяндаманың
өзектілігі: Қазіргі таңда инвестицияның ел
экономикасындағы орны. Кез келген инвестициялық жобаны құрғандағы
күтілетін табыстың маңыздылығы.
Шетел инвестицияларын
экономикаға тарту мәселесі. Шетел инвестицияларының Қазақстан
экономикасының бәсеке қабілеттілігін жоғарылататын факторға
айналуы. Қазақстан республикасының экономикасына тартылған
инвестицияларды талдау және шетел капиталы экономиканың
бәсекелестігін арттырудың басты факторы болатындығын айқындау.
Қазақстанның инвестициялық саясатын дамытудың жолдарын
іздестіру.
Ғылыми баяндаманың мақсаты
мен міндеттер :
-
Инвестиция ағымының негізгі
бағыттары, көлемі мен
мәні
-
Шетелдік инвесторлардың Қр-на қосқан
үлесі
-
Еліміздегі инвестициялық
жобаларды зерттеу және
талдау
1. Мемлекеттің технологиялық
мүмкіндігі мен бюджеттік қаражаттардың шектеулігі, әлемдік тікелей
инвестиция нарығындағы бәсекелестіктің күшеюі кезінде
мемлекеттік инвестициялық саясатты дұрыс таңдау
басымдығы қашанда арта түседі. Өйткені мемлекеттік саясаттың
тұрақтылығы, болжам жасай алуы және сабақтастық
инвестициялық жобаларды дайындау мен жүзеге
асыруға қажетті жағдай туғызады. Соның бір көрінісі
Қазақстандағы отандық және шетелдік кәсіпкерлерге
қолайлы ортаның жасалып отырғандығы деуге болады. Инвестиция
саласындағы мемлекеттік саясаттың қолданыстағы тетігі
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік
инвесторлар кеңесі және соған ұқсас Қазақстан
Республикасы Президентінің жанындағы кәсіпкерлер кеңесі болып
табылады. Бұл аталған Кеңестер бюрократиялық кедергілерді
жою, саясатқа импортты алмастыруға ықпал ету, жұмыс қолын
тарту мен пайдалану саласында құқықтық базаны жетілдіру,
мамандандырылған экономикалық соттарды қолдану аясын кеңейту
мен сот жүйесін жетілдіре түсу бағыттарын
қарастырады.
Инвестициялық саясатты —
ұлттық экономикалық идея деп түсінгеніміз абзал. Өйткені
инвестициялық саясат, ең алдымен инвестиция тарту.
Ал инвестиция біздің елімізді тығырықтан шығаруға, өндіріс
орындарының өнімін арттыруға, басқа ірі салаларды одан әрі
көзін ашып, дамытуға әсерін тигізеді. Әліде тигізе беретіні
анық. Соның негізінде, яғни бүгінде жеңілдетілген
индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде шетелдік инвестициялар тарту және осы бағытта
дамудың негізгі құралдарының бірі — тікелей инвестициялар
тарту болып қала бермек. Бірақ ол үшін, алдымен шетелдердің
инвестиция тартудағы тәжірибелерінде білу керек
еді.
2. Қазақстан
Республикасы тәуелсіз мемлекет болғанынан бастап ел экономикасына
шетелдік инвестициялар тартуға қолайлы жағдайлар жасауда. 1993
жылғы “Шеврон” корпарациясының келуі мен онымен Теңіз орналасымында
келісімге келу өзге трансұлттық корпорацияларға өзіндік белгі
болды. Бұл кезеңнен бастап қазақ нарығының мұнай-газ саласына
инвесторлардың келуі басталды, әлемнің “Эксон мобил”, “Шелл”,
“Эни”, “Шеврон Тексако”, “Тоталь”, “Бритиш петролеум” “Лукойл”,
“Китайская национальная нефтяная корпорация” сияқты ірі мұнай
компаниялары өздерінің инвестицияларын тарта
бастады.
Қазақстан экономикасына ұлттық және шетелдік
инвестицияларды тарту Қазақстанда тұрмыстың жоғары деңгейімен
сипатталатын өркениетті, әлеуметтік тұрғыдан бағытталған қоғам
құрудың ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына негізделеді. Ал
оның негізінде меншіктің түрлі формаларының бірлескен қарқынды
қызметін сипаттаушы ғана емес, сонымен қатар, тауар нарығы, жұмыс
күші мен капиталдың интернационализациялануы да жатыр. Ал шетелдік
капитал арқылы Қазақстанға ғылыми-техникалық дамудың жетістіктері
мен алдыңғы қатарлы ұйымдастырушылық тәжрибе келеді. Сондықтан
Қазақстанның әлемдік шаруашылыққа енуі мен шетелдік капиталды тарту
– елде қазіргі заманға сай азаматтық қоғам құруға қажетті
жағдай.
Президент
Жолдауында негізгі
басымдықтардың қатарына шикізаттық емес секторға шетелдік
инвестицияларды тарту міндеті тұр. Қазақстанға осы уақытқа
дейін әлемнің 120-дан астам елінен 330 миллиард долларға жуық
шетелдік инвестиция құйылды. Олардың басым бөлігі, яғни
50%-дан астамы – Еуропалық Одақ елдеріне
тиесілі. Мәселен, Швейцариядан – 25,8 миллиард, Франция –
16,1 миллиард, Италия – 8,7 миллиард, Нидерланды – 90,4 миллиард,
Бельгия – 7,6 миллиард, Германиядан – 5,2
миллиард доллар инвестиция құйылды. Ал Америка Құрама
Штаттарынан тікелей шетелдік инвестициялардың 15% яғни 48,4
миллиард доллар түседі. Сондай-ақ жалпы инвестициялардың 5%-ы
Ұлыбритания мен ҚХР мемлекеттеріне тиесілі. Бұл көрсеткіш соңғы он
жылдан бері сақталып қалды.
Тартылушы шетелдік капитал көлемінің ұлғаюын
тежейтін бірқатар факторлар бар:
-
қазақстандық нарықтың төмен іскерлік
белсенділігі;
-
шетелдік капитал тарту аясындағы нақты
емес реттеушілік шаралары мен заңдылықтардың
сақталынуы;
-
төлемсіздік дағдарысымен
күрделенуші қаржы ресурстарының төмен
өтімділігі;
3.
Қазіргі уақытта ҚР Білім және
ғылым министрлігі Дүниежүзілік банкімен бірігіп жоғары сапалы
өзекті зерттеулер жүргізу мен технологияларды коммерцияландыруды
ынталандыруға, сондай-ақ елдің инновациялық әлеуетінің өсуіне ықпал
ететін әлемдік білімдер мен тәжірибелерді тиімді қолдануға
бағытталған «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске
асыруда. Сонымен қатар, «Инновациялық технолоргиялар паркі» Дербес
кластерлік қорының қызметі шеңберінде «Стартап Қазақстан»
бағдарламасын жүзеге
асырады.
«Стартап Қазақстан» - Министрліктің қолдауымен
«ИТП» ДКҚ, GVA Capital Management LLC және GVA Alatau Fund бірлесіп
өткізілетін акселерацияның халықаралық бағдарламасы. Бұл бастама
Дүниежүзілік Банктің ұсынымдарын ескере отырып әзірленген және ТМД
елдеріне назар аудара отырып, қазақстандық және шетелдік жобаларды
тартуға негізделген.«Стартап Қазақстан» шеңберінде 2015 жылдан
бастап Қазақстанда, Қырғызстанда, Ресейде, Беларусьте, Украинада
және басқа да елдерде 3000-нан астам инновациялық жоба
қаралды.
2018 жылдың
наурыз-маусым айларында алғашқы 12 апталық жеделдету бағдарламасы
орын алды. Алғашқы раундтың 48 бастаушысы инвестицияларды алды және
Қазақстанда жеделдетудің бірінші кезеңін
аяқтады.Барлық стартаптар
инвестициялық шартқа, опциондық шартқа қол қойып, Қазақстан
Республикасында ЖШС
ашты.
Және
Қазақстанда тау-кен металлургия
өнеркәсібі, құрылыс индустриясы,жеңіл өнеркәсібі, машина жасау,
химия өнеркәсібі кең дамып отыр. Соның ішінде тоқтала кететін
болсам:
Инвестициялар және
даму министрлігі министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мен Сыртқы
істер министрлігі сыртқы нарыққа қазақстандық өнімді экспортын
жылжытуға ынтымақтастықты нығайту үшін бірлескен іс-қимыл жоспарына
қол қойды. Жоғары қосылған құн өнімдерін жаңа рыноктарға шығуға
және тау-кен металлургия саласының өнімдерін жеткізу географиясын
кеңейтіуне ерекше назар
аударылады
Қазақстанның сыртқы мекемелер сонымен бірге
экспортты жылжыту «Қазақ Export» ұлттық оператор осы жұмысқа
белсенді қатысады.
Ішкі инвестициялар
өсімін ынтыландыру «Бизнестің жол картасы 2020», «Өнімділік 2020»
және қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі бағдарламалар шеңберінде
жүзеге асырылуда. Сонымен бірге, ұлтық даму институттары грантар
бөлу, шығындарды өтеу, субсидия беру және т.б. арқылы құрылыс
материалдарды өндіру саласындағы отандық кәсіпорындарға сервистік
және қаржылай қолдау көрсетіп
келеді.
«Орта білім беру ұйымдарда оқитын ұлдар үшін
мектеп формасы. Техникалық шарттар» ҚР СТ және «Орта білім беру
ұйымдарда оқитын қыздар үшін мектеп формасы. Техникалық шарттар» ҚР
СТ ұлттық стандарттары 2017 жылы әзірленген және
бекітілген.
Қорытынды: Қазақстанның тәуелсіз мемлекет
болып дамуының қазіргі кезеңінде, шетел инвестицияларының маңызы
өсуде. Бүгінгі күні, ұлттық экономикаға 46 млрд. АҚШ доллары
көлемінде шетел капиталы салынып отыр. Дегенмен, экономиканың
қалыпты дамуы үшін бұл сома жеткіліксіз. Сондықтан, мемлекет әлі де
инвестициялық әрекетті жандандыру мақсатында шетел инвесторларына
және отандық инвесторларға қолайлы жағдай туғызу керек. Капиталды
шетке шығарудың бүгінгі таңдағы ерекшеліктерінің бірі, өндіріске
тартылатын капиталдар көлемінің өсуі болып отыр. Капиталдың қазып
шығаратын өнеркәсіптен өңдеуші өнеркәсіпке және қызмет көрсету
саласына ауысуы тұрақталып
келеді.
Шетелдік инвестицияларды Қазақстанға тарту
мынадай мәселелерді шешуге көмектеседі :
-
экономикалық және техникалық өрлеуді
жеделдету;
-
өндірістік аппаратты жаңарту мен қайта
жарақтандыру ;
-
өндірісті ұйымдастырудың үздік әдістерін үйрету
;
-
нарықтың экономикалық талаптарына сай кадрларды
дайындау ;
Инвестиция ағымын ынталандыру бойынша
ұсыныстар:
-
Қазақстан облыстарының әкімшілігі дайындаған
барынша маңызды және әлеуметтік мәндегі жобалардың бөлінісімен
отандық және шетелдік инвестицияларды тартуға бағыттылған аймақтық
бағдарламалар ;
-
инвестициялық жобалар әзірлемесінің деңгейін
халықаралық талаптарға жеткізу, бағдарламалардың орындалуы үшін
тұрақты маниторингпен қамтамасыз ету;
-
бағдарламалармен және олардың жергілікті іскери
орталарда, сонымен бірге шетелдік банктер мен бизнесмендерде
позитивті бағыттарының күшеюі бойынша қабылданған қолданыстағы
шаралар бойынша орындалуымен кең танысу;
-
шетелдік және отандық инвестицияларды ынталандыру
мақсатындағы жыл сайынғы аймақтық конференциялардың
өткізілуі;
-
сыртқы нарыққа, ұйымдарға инвестициялық жобаларды
жылжытуда әкімшілік облыстар мен республикалық органдар күшінің
бірігуі, халықаралық инвестициялық көрмелер мен форумдарда
жобалардың ұсынылуы;
Қолданылған әдебиеттер:
-
https://yandex.kz/
-
https://www.google.kz/
-
miid.gov.kz