Материалдар / Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ғылыми жоба. Зергерлік бұйымдардың емдік қасиеті туралы жазылған. 1-5 сынып оқушылары аралығында материалды мұғалім өз қалауы бойынша өзгертіп, толықтырып ,оқушының деңгейіне сәйкес етіп қолдана алады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


І. Кіріспе.

Зерттеудің көкейкестілігі. Егемен еліміздің болашағы үшін жастарға өркениеттің даму деңгейіне лайықты білім және тәрбие беруді қазақ этнопедагогикасы негізінде жүзеге асыру қажеттілігін көруімізге болады . Бүгінгі оқушыны ұлттық сипатта тәрбиелеудегі құралдар жүйесі этнопедагогикалық тұрғыдан сұрыпталып, жалпы педагогикалық тәжірибеге енгізілуі керектігі баса назарға алынуда. Тәрбиенің негізгі бағыттары (еңбек, ақыл-ой, т.б. тәрбие) халқымыздың ғасырлар бойына жинақтаған құнды қасиеттерін жастардың бойына сіңіруді және мәдениетіне,өнеріне, мәдени іс-әрекетіне баулуды жүзеге асырып келген. Егеменді еліміздің алғашқы жылдарының өзінде жарық көрген Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері оқушыларын еңбекке тәрбиелеу мен оқыту тұжырымдамасында: “... еңбекке дайындау ісіндегі тағы бір өзекті кемшілік қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан қосалқы көркем өнерін, халық зергерлерінің мұрасын, малшаруашылығын үйрету кеңінен өріс алған жоқ” - деп біздің мектеп өміріндегі білім берудегі кемшіл тұстарымызды көрсеткен болатын. Бұл мәселе жастарымызды бастауыш сыныптан бастап білім беру, өмірге дайындау бағытында қазіргі таңда да жеткілікті шешімін таппай жатуы, осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

Қоғамның рухани-адамгершілік тұрғыдан жандануы, ұлтымыздың ішкі әлеуеттік мүмкіндігі ұлттық мәдени дәстүрлерді зерделеп заман талабына қарай пайдалануға, жеке тұлғаға әлемдік және этнопедагогикалық білім беруді нәтижелі ұштастыруды жүзеге асыруға байланысты, елбасы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан-2030” стратегиясында: “Ұлт мәселесіне қатысты жалпы үрдісті танып-түсіну, сөз жоқ, қажет. Мұнсыз мемлекеттік дамудың жалпы логикасын бажайлау мүмкін емес”, – деп тұжырым айтқан. Аталған міндет білім беру жүйесінде халық дәстүрлерін, қолөнерін оқушыларға зерделетуді және оларға баулуды меңзейді. Демек, білім беру жүйесіне халықтың тәрбие тағылымдарын енгізу ғылыми зерттеулерді талап етеді.



1 Бөлім.Теориялық бөлім.

1.1 Қазақ халқының қол өнері туралы түсінік.

Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Археологиялқ қазбалар мен жазба ескерткіштерге арқа сүйесек, Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар жүздеген жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, тағы басқа да шикізаттарды шаруашылық кәсіптері мен күнделікті тұрмыс қажетіне жарап, қол өнердің өз ұлтына тән ерекше көркем түрлерін қалыптастырған. Қазақстан жеріндегі қолөнердің көне заманнан келе жатқанына нақты айғақтар: Павлодар өңіріндегі Досыбай жартасынан табылған бейнелер, Өскемендегі жазбалар мен Ұлытау жартасындағы суреттер, Кригельді өзені аңғарынан табылған керамикалық қазындылар. Қазақ халқының қолөнері ерте кезден ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Геродот тіпті былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Бас киімдері мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай- ақ, ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы, ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріліп, безендірілген». Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттардың әшекейленіп, киімдердің өзіне тән үлгісі барын айтады. Қазақ халқының қолөнері туралы Ресей ғалымдары да сүйсіне әңгімелейді. Мысалы М.А.Леваневский: «қазақтың қандай кәсіпке болмасын, табиғаттан қабілеттігіне сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды. Қазақтың тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы» - деп жазады.




1.2.Қазақ халқының зергерлік өнері.

Қазақ халқының зергерлік өнері ерте замандағы шеберлердің тамаша дәстүрін жалғастыра отырып, ғасырлар бойы жасап келеді.Ол этнос мәдениетін құрайтын маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Халқымыздың зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Қазақтың ұлдары шебер, зергер, шешен болған. Зергерлер мен темір ұсталары көркем бұйымдарын металдан, күміс пен мыс, темірден жасады. Бұл өнердің техникалық және сәндік бұйымдар жасау түрінің басы қола дәуірінде, б.з.д. II ғасырда, өмір сүрген сақ-сарматтардың дәстүрінен және үйсін, кангуй, ғұн өнерінен басталады. Тарихи жазба деректерге қарағанда, XVI-XVIII ғасырларда қазақ арасында үйшілік, ұсталық, зергерлік, қырнаушылық, өрімшілік, көншілік (теру илеу), тігіншілік, етікшілік, т.б. қолөнер кәсіптері болған. Зергерлік бұйымдардың пішіні де, бүтіндей бөліктері де, материалы мен ондағы өрнектері де сол наным-сенімге байланысты болды. Ондағы әшекейлік тастар мен күмістер күрделі функцияларды атқарды. Зергер мен оның құралдарының ерекше бір сиқырлы күші бар деп есептелінді. Әсіресе көрік қасиетті саналған. Көргендердің айтуы бойынша, зергер жұмыс бастамас бұрын өзіне-өзі дем бергендей әсерде үнсіз отырады екен. Зергерлік бұйымдар да киелі саналды. Олар «пәле-жаладан сақтайды, ауруды жазады, өнімді көбейтеді» деп есептелді. Қазақ зергерлері көбіне жасырын жұмыс істеп, өз өнерінің сырларын өз ұрпағына ғана үйретіп отырды. Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау т.б.), ұсталар батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісе, қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлер үй-іші мүліктерін (кебеже, жүкаяқ, ағаштөсек, асадал, зерліаяқ т.б.), аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай т.б.) әсемдеп жасай білді.






Қазақтың зергерлік бұйымдары және олардың қасиеттері.

Тұмарша (Бойтұмар)
Б ұл – ырымдық зат. Оған кез-келген бұйым (ұлутас, сүйек, т. б. ) немесе арнайы жасалған қымбат заттар да алынған, оларға жазу жазылып, бедер суреттер түсірілген. Бойтұмарды алқаға, кішкене қорапшаға, әмиянға салатын болған. Болмаса былғарыдан, шүберектен жасаған қалташаға тігеді. Үлкендігі мен пішіні әртүрлі болады. Ол көз тиюден, пәле-жаладан, апаттан қорғайды деп сенген.

Ж үзік, сақина
Ә йелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымдардың бір түрі – жүзік немесе сақина деп аталады. Зергерлер алтыннан, күмістен құйып, қақтап, соғып, шекімелеп, қара ала жүргізіп шиыршық темірден торлап, небір тамаша өрнектер салып, асыл тас қондырып алуан түрлі жүзіктер жасаған. Олар жасалу түрі мен қолдану ретіне қарай отау жүзік,құс мұрын жүзік, тасбақа жүзік т. б. деп аталған.
Шолпы, шаш теңге


Бұл бұйымдарды қыз-келіншектер шаштарының ұшына тағады. Шаш теңгелер мен шолпылар әсем шиыршықталған күміс үзбе бауларға бекітілген тоғыз теңгеден тұрады. Тоғыз – қазақ ұғымында киелі сандардың бірі. Олар бір-бірімен ұзыннан ұзақ жалғасып, шаштың ұшына бірге өріледі. Ол көз тиюден сақтайды.
Шашбау
Ш ашбау да бір-біріне сым үзбелер арқылы бекітіледі. Орталарына асыл тастардан көз қондырылған теңгелер тізбегінен құралады. Ұшы сәнді шашақпен, күміс әшекейлермен әсемделеді. Шашбау шаштың түбіне бекітіліп, бұрыммен бірге салбырай төгіліп тұрады.

Білезік
Б ілезік сыңар қолға да, қос қолға да тағыла береді. Бірнеше бөлшектен құралған, ашпалы-жаппалы, сом темірден тұтас құйылған жұмыр түрлері болады. Соған орай оларды сом білезік, жұмыр білезік, бес білезік т. б. деп әртүрлі атайды. Олардың ішінде шынжырмен жалғасып жататын бірнеше жүзігі бар білезіктер де кездеседі. Оларға неше түрлі өрнектер салып, тас қондырып, қарала жүргізіп, сіркелеп, бұрала ширатып әсемдеген. Олар көбіне күмістен соғылады.

Сырға
Қыз-келіншектердің аса сүйіп тағатын әсемдік бұйымдарының бірі – сырға. Қазақ зергерлері жасайтын ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға,шашақты сырға деп әр өңірде алуантүрлі аталатын сырғалардың түрлері өте көп.

Қапсырма
Қ апсырма – бір-біріне топса арқылы бекітілетін екі бөліктен тұрады. Олар үш бұрыш,сүйір,доға тәріздес әр түрлі пішінде болады. Қапсырманың бетіне аң-құстың, ай мен күннің,немесе өсімдік тектес өрнектер салынып, тастар қондырылып әсемделеді.
Алқа

Оны өңіржиек деп те атайды. Алқалар бір-біріне шығыршық арқылы жалғасады және бірнеше төрт бұрышты әшекейлерден құрастырылады. Әр әшекейдің ортасына, жиектеріне асыл тастар орнатады.




2 Бөлім.Практикалық бөлім.

1.2.Зергерлік бұйымдар және олардың емдік қасиеттері.

Зергерлік бұйымдар киелі саналады. Олар «пәле-жаладан сақтайды, ауруды жазады, өнімді көбейтеді» деп есептелді. Қазақ зергерлері көбіне жасырын жұмыс істеп, өз өнерінің сырларын өз ұрпағына ғана үйретіп отырды. Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау т.б.), ұсталар батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісе, қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлер үй-іші мүліктерін (кебеже, жүкаяқ, ағаштөсек, асадал, зерліаяқ т.б.), аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай т.б.) әсемдеп жасай білді. Қазақтың әшекей бұйымдары – халықтық қолданбалы өнеріміздің ғана емес, бүкіл ұлттық мәдениетіміздің асыл қазынасы. Зергерлер көбіне бағалы металдардың ішіндегі ең қолайлысы – күмісті пайдаланды. Қазақ зергерлері күмістің жалтыраған түсін, әр түрлі пішіндер жасауға қолайлығын шебер пайдалана біліп, оған әртүрлі техникалық тәсілдерді пайдалана отырып, нақыштау, сіркелеу, ойып күмістеу сияқты шеберліктерді меңгерді.Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қорындағы жинақталған дәстүрлі өнер коллекцияларының ішіндегі қайталанбас туындылардың бірі – зергерлік бұйымдар. Халқымыздың қанына сіңген рухани кәсібі – күні бүгінге  дейін  көрген адамды бірден өзіне баурап алар хас шебердің қолынан шыққан – әшекейлер. Алтын мен күмісті, асыл тастар мен сүйекті сән-салтанат үшін пайдаланған ата-бабаларымыздың осы бір нәзік те күрделі өнері ғасырлар құрдымында кетпей, кейінгі ұрпақтарына жетіп отыр. Бұл өнер қазақ жерінде тым ерте дамып, ұрпақтан-ұрпаққа, атадан-балаға мирас ретінде жалғасын тауып келе жатыр. Өлкемізде жасау тәсілі, өрнектелуі және пішіні жағынан өзіндік кәсіптік мінездемесі, стильдік жүйесімен дараланған шеберлік дәстүр қалыптасқан. Асқан танымал шебер-зергерлердің күмістен соғып, әр түрлі формадағы ұлттық нақышқа келтіріп жасаған күміс әшекей бұйымдары көненің көзіндей сақталған.Атырау жеріндегі зергерлердің қолынан шыққан әшекей бұйымдар өзгеше бір даралық мәнерімен, әсемдігімен ерекшеленеді. Қазақ әйелдерінің өңір әшекейлері әртүрлі болады. Кеудеге тағатын әшекейлердің ең бастысы – өңіржиек. Өңіржиекті тек сән-салтанатта таққан. Өңіржиек бірнеше таспадан тұрады. Олар төртбұрышты болып, бір-біріне шашбау секілді үзбелеп бекітіліп, бірнеше үлкенді-кішілі өрнекті шытыралармен безендіріліп, күрделене түседі. Күміс шытыралар нақышталған оюлармен, бүршіктермен зерленіп, асыл тастар орнатылады. Негізгі өңіржиектің мағынасы ұрпақтың көбеюі, өсіп-өркендеуіндегі ананың орны және қауіп-қатерден сақтану сияқты жайларды білдіреді. Сонымен қатар ата-бабаларымыздың сенімі бойынша, өңіржиек әйел адамның құрсағын және кеудесін бәле-жаладан, көлденеңнен сақтайды деген сенім болған. Жас әйел мен егде әйелдердің өңіржиектері көлеміне қарай ажыратылады.

Қапсырма

Қазақ әйелдерінің киімдерінде сан алуан өрнекпен бедерлеу арқылы камзол, бешпенттердің, шапандардың екі өңіріне қапсырмалар немесе ілгектер таққан. Қапсырма ілгектер екі бөліктен тұрады және пішіндері де әр түрлі болады. Олардың жалпақ түрлері сүйектеу арқылы әдемі асыл тастармен безендіріледі.





Білезік.

Өлкеміздегі зергерлердің жасаған білезіктері жалпақ, күрделі әрленіп, ұлттық нақышта безендірілді. Білезіктерге де сіркелеп түрлі нақыштар, оюлар салып, оның ішінде қошқармүйіз байлықты, дәулетті шақырады деп ырымдап, ширату, өру техникасы арқылы әртүрлі тастармен әрлеп, топсалы немесе екі қолға қатар киетін етіп соқты.

Құстұмсық жүзік

Ал күмістен жүзік соғушы зергерлер, жүзікті жоғары техникамен жасайды. Жүзіктер пішініне қарай ерекшеленеді. Себебі бойжеткен қыздар тағатын Құстұмсық жүзік – бақыттың, тәуелсіздіктің, еркіндіктің белгісі. Бұл жүзікті бойжеткендер тақты. Қыз жат жұртқа кетіп бара жатқанда, анасы қыздың қолынан жүзікті шешіп алып, қыз жасауымен бірге орамалға түйіп, сандығына салып жіберетін болған. Бұл жүзік қыз жағдайының хабаршысы ретінде кейін қайтып келуі керек. Сондықтан қыздың төркін жағынан оның қал-жағдайын білуге барған інілері осы құстұмсық жүзікті қайтып әкелсе, қыздың анасы қатты қуанып, құдағайым қызыма өз қызындай қарайды екен деп, ауыл арасына кішігірім той жасаған.

Құдағи жүзік - үлкен сый-құрметтің белгісі. Ол басқа жүзіктерге ұқсамайды. Жүзік екі саусаққа қатар киілетін екі шеңберден тұрады. Құдағи жүзікті қалыңдықтың шешесі құдағайына өзінің қызына мейіріммен қарауы үшін және құдандалы екі рудың бір-біріне ынтымағы үшін сыйға тартатын. Құдағи жүзік –  адамдар арасындағы сыйластықтың, адамдарға көрсетілген ілтипаттың, құрметтің белгісі. Оның үстіне ел ішінде көптеген егде адамдар қолында құдағи жүзігі бар егде қайын енелерді көріп, оның үй-ішіне, жақын-жұрағатына сыйлы, қадірлі кісі екенін бірден білетін болған. Жүзіктің ақықтас, астына қызыл бояу жаққан, әйнек салған көздері де болады (Қызыл – оттың, өмірдің символы, ол адамды қаратүнектің басталуынан сақтайды деп есептеді).

Тұмарша(Бойтұмар)
Бұл – ырымдық зат. Оған кез-келген бұйым (ұлутас, сүйек, т. б. ) немесе арнайы жасалған қымбат заттар да алынған, оларға жазу жазылып, бедер суреттер түсірілген. Бойтұмарды алқаға, кішкене қорапшаға, әмиянға салатын болған. Болмаса былғарыдан, шүберектен жасаған қалташаға тігеді. Үлкендігі мен пішіні әртүрлі болады. Ол көз тиюден, пәле-жаладан, апаттан қорғайды деп сенген.



Жүзік,сақина
Әйелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымдардың бір түрі – жүзік немесе сақина деп аталады. Зергерлер алтыннан, күмістен құйып, қақтап, соғып, шекімелеп, қара ала жүргізіп шиыршық темірден торлап, небір тамаша өрнектер салып, асыл тас қондырып алуан түрлі жүзіктер жасаған.

Шолпы,шаштеңге
Бұл бұйымдарды қыз-келіншектер шаштарының ұшына тағады. Шаш теңгелер мен шолпылар әсем шиыршықталған күміс үзбе бауларға бекітілген тоғыз теңгеден тұрады. Тоғыз – қазақ ұғымында киелі сандардың бірі. Олар бір-бірімен ұзыннан ұзақ жалғасып, шаштың ұшына бірге өріледі.

Шашбау
Шашбау да бір-біріне сым үзбелер арқылы бекітіледі. Орталарына асыл тастардан көз қондырылған теңгелер тізбегінен құралады. Ұшы сәнді шашақпен, күміс әшекейлермен әсемделеді. Шашбау шаштың түбіне бекітіліп, бұрыммен бірге салбырай төгіліп тұрады.

Білезік
Білезік сыңар қолға да, қос қолға да тағыла береді. Бірнеше бөлшектен құралған, ашпалы-жаппалы, сом темірден тұтас құйылған жұмыр түрлері болады. Соған орай оларды сом білезік, жұмыр білезік, бес білезік т. б. деп әртүрлі атайды. Олардың ішінде шынжырмен жалғасып жататын бірнеше жүзігі бар білезіктер де кездеседі

Зергерлік бұйымдардың сынамасы.

Әдетте таза, асыл металдардан зергерлік бұйымдар жасалмайды. Оларға қажетті механикалық қасиеттер дарытып, тиісті түс алу үшін түсті металдар қосады, мәселен алтынның күміс және мыспен қорытпасын, кемде палладиймен, кадмиймен, никельмен, мырышпен қорытпасын; күміс пен платинаның мыспен қорытпасын, палладийдің күміспен және никельмен қорытпасын үстемелейді. Қорытпадағы асыл металдың құрамы оның сынамасын айқындайды. Көптеген елдерде сынаманы белгілеудің метрлік жүйесі қабылданған (КСРО-да ол 1927 жылдан бері енгізілген), ол бойынша сынама қорытпаның мың салмақтық бірлігіндегі асыл металдың бөлшек санымен белгіленеді. 1927 жылға дейін Ресейде сынаманы белгілеудің мысқалдық жүйе деп аталатын (96 мысқалдай тұратын орыс фунты негізінде) жүйесі болды. Мұнда сынама қорытпаның 96 бірлігіндегі асыл металдың салмақ өлшемімен белгіленетін.

АҚШ-та, Ұлыбритания мен Швейцарияда караттық жүйе қабылданған. Бұл бойынша асыл тастың 1000-сынамасы 24 шартты бірлікке сәйкес келеді.

Кестеде КСРО-да қалыптасқан метрлік өлшем келтіріліп, олардың мысқалдық және караттық жүйеге аударылуы көрсетілген.

Зергерлік және басқа бұйымдар дайындауға рұқсат етілетін асыл металдар қорытпасының сынамасы заңды түрде белгіленіп, мемлекет кепілдігінде болады. Бұл үшін бұйымдар сынамалық бақылаудан өтіп, оларға сынама таңбасы қойылады. Бұйымдарта таңба салу үшін түрлі елдерде суреті мен пішіні әр түрлі бақылау белгілері қолданылады; КСРО-да ол эмблемадан (бесжұлдыз аясындағы орақ пен балға) және метрлік жүйенің үш белгілі санынан тұрады. Алтынның 583-сынамалы қорытпасы неғұрлым кең тараған; бұл сынаманың қорытпасының түсі құрамына енген түсті металдардың сандық қарым-қатынасына қарай әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, егер 583-сынаманың қорытпасында алтын 58,3%, күміс шамамен 36%, ал мыс 5,7% болса, қорытпаның түсі жасыл реңк алады; күміс 18,3%, мыс 23,4% болса күлгін-қызғылт; күміс 8,3%, мыс 33,4% болса қызылдау болады. Гауһар тасты әсемдік бұйымдарды дайындау үшін ақ алтын деп аталатын қорытпа кеңінен пайдаланылады, оның құрамы мынандай; 583- сынамалы алтын қорытпасында күміс 23,7—28,7%, палладий— 13,0—18,0% немесе никель 17,0% мырыш 8,7%, 16,0%; ал 750- сынамалы алтын қорытпасында — күміс 7,0—15,0%, палладий 14,0%-ке дейін, никель 4,0% мырыш 2,4% немесе никель 7,5—16,5%, мырыш 2,0—5,0%, мыс 15,0%-ке дейін болады. 958-сынамалы алтын қорытпасы берік болмайды. Сондықтан кең қолданылмайды. 375 сынамалы алтын қорытпасының құрамында алтын 37,5%, күміс 10,0%, мыс 48,7%, палладий 3,8.% болады.

Күмістің 875-сынамалы қорытпасы неғұрлым кең тараған. Оны әшекей заттарын және ыдыс-аяқ жабдықтау үшін пайдаланылады. Күмістің 916-сынамалы қорытпасы эмаль жалатқан ыдыстарды дайындау үшін; 960- сынамалы қорытпасы — нәзік өрнекті ыдыстар жасауға қолданылады. Платина мен палладийдің қорытиасы зергерлік істе болар-болмас мөлшерде пайдаланылады. Күміс және жез бұйымдардың тым тез тотығып кетпеуі үшін және олардың әсемдік қасиеттерін жақсарту мақсатында бетіне электролиттік тәсілмен 999 сынамалы алтын немесе 999-сынамалы күміс жалатады. Бағалы және сәндік тастар. Әсем нақышталып жасалған зергерлік бұйымға қондырылған бағалы, сондай-ақ табиғи жарқырауық тастар әдемі өң беріп, бағасын арттырады.

Бұл тастар шартты түрде бағалы, жартылай бағалы және әшекейлік деп бөлінеді. Бағалы тастарға — алмас, лағылизумрудсапфиртабиғи інжу, александрит; жартылай бағалыға — ай тасы, аквамарин, аметист, берилл, гранат, көгілдір ақық, гиоцинт, тау хрусталі, жадеит, морион, опал, топаз, турмалин, хризоберилл, хризолит, хризопраз, шпинель, циркон, цитрин, хромдиопсид, қолдан өсірілген інжу; әшекейлік тастарға — авантюрин, агат, малахит, янтарь, маржан, лазурит, нефрит, родонит, сердолик, кровавик, яшма және басқа жарқырауық тастар жатады.Зергерлік істе бойында табиғи асыл тастардың барлық қасиеті бар синтетикалық лағыл, сапфир, александрит тастары кеңінен қолданылады. Тиісті температура мен қысымда гауһар, аметист, алтын жалқынды топаз және басқа бағалы тастардан жасалатын иттрийлік — алюминийлік гранаттар да кең таралған.

Зергерлік бұйымдарды күту. Зергерлік әшекей ұйымдарында адам денесі терлегеннен пайда болатын қоңыр дақ қалмауы үшін әшекейлерді шешіп алысымен фланельмен құрғатыл сұрту керек. Түрлі шаруа істегенде және химикаттарды пайдаланарда жүзік, білезік және басқа зергерлік бұйымдарды шешіп қояды. Әсіресе алтын жалатқан бұйымдарды сақтықпен тұтыну керек. Әшекей заттарын сынап пен күкірт негізінде жасалған косметикалық бұйымдарды пайдаланғанда да (сынап алтынмен қосылса амальгома түзеді, бұдан бұйымдардың бетіне ақ дақ түседі, ал күкірт алтын мен күміске қосылса, қара түсті күкірттік қосылыстар түзеді) шешіп қойған жөн. Алтын және күміс бұйымдарға тиген йод та Қоңырқай дақтар қалдырады. Зергерлік бұйымдарды қорапшасында, құрғақ жерде сақтау керек. Әсіресе күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен белгілі бір дәрежеде болуының түрін жоғалтатын аметисті, түсті топ азды (алтын жалқындыдан басқасын), інжу мен ақықты ұқыптал сақтау қажет.Егер тас қондырылып асыл металдан жасалған немесе тас қондырылмаған әшекейлік бұйымдардың жылтыр өңі тайса, оны жұмсақ тіс щеткасымен 72 стакан суға 1 шай қасық мүсәтір спиртін қосып сабынды суға жуу керек. Одан соң бұйымды таза жылы сумен шайып жіберіп, әбден құрғағанша фланельмен сүрту қажет. Алтын жалатқан бұйымдарды щеткамен неғұрлым сирегірек жуған жөн. Інжу, ақық, малахит пен янтарь ылғалға төзімсіз келеді. Осындай тасты және фольгаға қондырылған жасанды тасты бұйымдарды, сондай-ақ тастары желімдел жапсырылған әшекей зат- тарын қатты ластанғанда этиль спирті қосылған сабынды суға (1:1) көп ұстамай шайып алу керек; янтарьды фланельмен ғана, ал қалған тастарды этиль спиртімен сүртіл тазартуға болады. Күмістел жа- салған ірі бұйымдарды (мәселен ыдыс-аяқтар мен бөлменің ішкі әшекейлері) «Ювелирная» пастасымен тазартуға болады.

Тым қатты ластанған бұйымдарды зергерлік шеберханаларда тазарттыру керек.

2.2. Зергерлік бұйымдардың бүгінгі қолданысы

Орталық Әмбебап дүкеніндегі сақина, сырға, шашбаудың бүгінгі күнгі үлгісі. Олар көзге сұлу көрінгенімен арзан металдан жасалған және өзіндік қасиеттері жоқ.

Әмбебап дүкеніндегі әйелдерге арналған алқалардың бүгінгі күнгі үлгілері. Олар көздің жауын аларлық сұлу болғанымен де ертедегі зергерлер жасаған бұйымдардан әлдеқайда өзгеше . Сәнді болса да ешбір тәрбиелік мәні жоқ.

Қостанай қаласындағы өлкетану мұражайындағы зергерлік бұйымдардың үлгілері. Бұл бұйымдардан ертеректегі зергерлердің қолынан шыққан бұйымдарды көруге болады. Әр бұйымның өзіндік сыры, емдік қасиеті, тәрбиелік мәні бар.

Алқалар, тұмарлар, сырға, бойтұмарлар күмістен жасалған, адам бойына таққанда сұлулық пен қатар емдік қасиеттері де бар.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ