Материалдар / ғылыми жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сыныпқа ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Мамыр 2024
152
3 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







135 жалпы орта білім беретін мектебі



Ғылыми жоба


Тақырыбы: Ақмешіт үңгірінің құпиялары












Орындаған: Асхат Балнұр Бауыржанқызы


Жетекшісі: Орынбаева Айгуль Тансықбайқызы









2022-2023 оқу жылы












Жоспар:


1.Ақмешіттің тарихы


2.Ақмешіт атауының шығу тарихы


3.Үңгір іші мен ондағы климаты


4. Ақмешіттің қасиеті



























1.Ақмешіттің тарихы


Үңгір Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы Ақмешіт ауылынан 7-8, ал Шымкенттен шамамен 70-80 шақырым жерде. Ақмешіт әулие үңгірі – Орталық Азиядағы ең үлкен үңгірлердің бірі.  Үңгір сырт көзге көрінбейді. Елеусіздеу. Егер ол жерден кездейсоқ өтсеңіз, үңгірдің бар екендігін байқамауыңыз да мүмкін. Ақмешіт үңгіріне барар жол теп-тегіс. Айналмалы түсіп-шығуға ыңғайлы баспалдақтары орнатылған. Сосын тікұшақ қонатын екі алаң бар. Үңгір қай кезде пайда болғанын ешкім дөп басып айта алмайды. Миллиондаған жылдар бойы ол жабық болған, жер бетімен байланысы болмаған. Тек ХХ ғасырда ғана үстіңгі бөлігі құлап, қазіргі адамдардың ішіне кіруіне мүмкіндік туған. Ақмешіт жиі туристерге баруға кеңес беретін Қазақстанның 10 кереметінің бірі саналады








2.Ақмешіт атауының шығу тарихы


 Ақмешіт үңгірі туралы аңыз-әңгімелер өте көп. Қазақ батырының жоңғарлармен шайқасына қатысты аңыз шындыққа жанасымды көрінеді. Бірде, батыр Есіркеп Қойкелді жоңғарға қарсы жорыққа аттанғанда, кенеттен нөсер жаңбыр жауып кетеді. Жауынгерлер белгісіз үңгірдің ішінде қолайсыз ауа-райы аяқталғанша күтуге шешім қабылдайды. Аңыз бойынша, олар жайғасып қана қоймай, таң намазын да бір қатарда тұрып оқиды. Онда 10 мыңнан аса адам болған. Біреулері үңгірді Есіркеп Қойкелдінің есімімен атауды ұсынады. Оған батырдың өзі наразылық білдіріп: "Бұл қасиетті Қаратау тауының сыйы. Ол біздің 10 000 мыңға жуық әскерімізді ғана емес, сонымен бірге жылқыларды да қорғады. Біз мұнда таң намазын оқи алдық, және тастар айналаны жарықтандырды. Бұл тегін жер емес, бұл жердің атауы - Ақмешіт болсын деді. Жаңбыр тоқтаған соң, әскер жауды тосып, жоңғарларды ойсырата жеңеді. Осы шайқаста көп қан төгіліп, жер шөгіп, сол түске айналады. Сондықтан сол аймақ Қызылқақ (Қызыл) деп атала бастады. Жоңғар шапқыншылығы кезінде әйелдер мен балалар осында жасырынған дейді. Бұл үңгір көптеген адамдардың өмірін сақтап қалдырады. Мұның қасиеттілігі сол шығар, сондықтан оны "Ақмешіт" деп атайық" депті. Міне, содан бері қасиетті орын ұрпақтан-ұрпаққа Ақмешіт деп аталып кетіпті. 



3.Үңгір іші мен ондағы климаты


Ерекше көрінісімен келушілерді таң қалдыратын орын қыратты беткейде орналасқан. Оған түсу тереңдігі 10-12 метр. Ол үшін темір баспалдақ орнатылған. Үңгірдің ауызы 200 шаршы метрге жуық. Ал іші 1 гектардан аса жерді алып жатыр. Үңгір төбесінің биіктігі 32-35 метрді құрайды, ұзындығы — 162 метр, ені 64 – метр. Үңгір ішіне күн сәулесі батыстан тек кешқұрым уақытта ғана түседі. Ақмешіттің тура ортасында тұт ағаштары бар, ол құдды бір орманды елестетеді. Төбеден бірнеше жерден су жыл он екі ай тамшылап тұрады. Үңгірдің бір кереметі, ондағы ауа температурасы қысы-жазы 18-20 градус жылылықты көрсетіп тұрады. Киелі «Ақ мешіт әулие» үңгірі күмбезінің әр жерінен су тамшылап тұрады. Күмбез шаңырақтың қасиетінің арқасында судың тамшылары қысы – жазы тамшылағанымен ауада ешқандай келеңсіз патогенді ауру бактериялары болмайды. Сондықтан мұнда

көгеру, шіру деген жоқ. Бұл жерде қашан да қоңыр салқын: жер үстінде аптап ыстық, мұнда 17-19 градус шамасында. Төбеге қарасақ, анда-санда созылып барып үзілген тамшыларды көреміз. «Ақ Молданың көз жасы» деп аталатын осы тамшылар үңгірдегі ғажайып өсімдіктерге нәр береді. Кей кездері үңгір ішінде жаңғырып, ертегі дауыстарына ұқсаған құстардың әні естіледі.



Осы үңгірде үкі мекен еткен. Кейін жөндеу жұмыстары кезінде ұшып кетіп қайта оралмапты. 10-15 метр боп үйіліп жатқан үкінің саңғырығы. Жүздеген жылда жиналған. Үңгір бұдан да үлкен болған, 1966 жылы Ташкентте болған қатты жер сілкінісінің әсерінен үңгірдің бір бөлігі опырылып, 120 метрге қысқарып, шөгіп кеттіпті. Үңгір ішіндегі температура қысы-жазы бірқалыпты 15-20 градус жылылықты көрсетеді екен.



4. Ақмешіттің қасиеті

Ақмешіт үңгі­рінің күмбез шаңырақты құры­лымы адам ағзасына оң әсер етіп, келеңсіз ауру-сырқаудан арылтады. Ақмешітке кіргендердің бәрінің биоөрісі қалыпты жағдайға түсіп, иммундық күш-қуаты көтеріледі.Үңгір ішінде 15 минуттан аса жүрген адамның қан қысымы өз қалпына келіп, жүйкесі тыныштық табады екен. Ал жарты сағаттай аралаған адамның денесі жаман энергиядан толықтай тазарғаны анықталған.

"Негізі үңгірге түскен адамның тынысы кеңейіп, ерекше күшке ие болады. Қан қысымы деп жатамыз ғой, сол қалпына келеді екен. Қант диабеті, тыныс жолдары ауруларына да шипа іздеп келетіндер өтекөп екен.

Бұл арнайы зерттеу қорытындысымен дәлелденген көрінеді. Айта кетерлігі, тарихи деректерде Ақмешіт құлшылық және құрбан шалу орны болғаны айтылады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!