Тақырыбы:
Ұлы тұлғалардың есімдерінің сыры
Бағыты: Ұлы тұлғалардың есімдерінің құпиясын ашу
Қазақ әдебиеті пәні
Орындаған: Бурабаева Мақпал
Ғылыми жобаның мақсаты: Қазақ зиялыларының есімдер сырын ашу. Олардың есімдерін (азан шақырып қойған аттар, лақап аттар, бүркеншік аттар) зерттеу.
Ғылыми жобаның өзектілігі: Ұлы тұлғалардың біз білмейтін есімдерімен танысу және құпиясын ашып, зерттеу.
Зерттеудің жаңашылдығы: Қазаққа белгілі тұлғалардың жалпыға ортақ танылған есімдерінен өзге белгісіз есімдерін зерттеп, сырларын ашу.
Зерттеу әдістері: оқушы үні (аудио жазба), оқушы келбеті (видео жазба), мұғалімдер мен ата-анадан сұхбат (сауалнама).
Ғылыми жобаның зерттеу нысандары:
-
Абай Құнанбайұлы
-
Шәкәрім Құдайбердіұлы
-
Шоқан Уалиханов
-
Қаныш Сатпаев
-
Сәкен Сейфуллин
-
Балуан Шолақ
-
Қажымұқан Мұңайтпасұлы
Баяндама (тезис)
Қазаққа белгілі тұлғалардың есімдері (лақап аттары, азан шақырып қойған есім, бүркеншік ат) зерттеп, сырын ашу. Олардың есімдерінің мағынасын қойылу себебін анықтау және ат қоюына себепші жағдайларды немесе адамдарды анықтау.
Мазмұны:
I Кіріспе
-
Есімнің адам өміріндегі маңызы
II Негізгі бөлім
2.1 Абай Құнанбайұлының есімінің сыры.
2.2 Шәкәрім Құдайбердіұлының есімінің сыры.
2.3 Шоқан Уәлихановтың есімінің сыры.
2.4 Қаныш Сатпаевтың есімінің құпиясы.
2.5 Сәкен Сейфуллиннің есімдері туралы
2.6 Балуан Шолақтың есімдерінің сыры.
2.7 Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімі туралы.
III Қорытынды
3.1 Ұлы тұлғалардың есімдер тарихы.
Пайдаланған әдебиеттер
I Кіріспе
-
Есімнің адам өміріндегі маңызы
Қазақ елінің ұлы тұлғаларының біз білмейтін сырлары көп. Олардың өмірі, шығармашылығы кімді болмасын қызықтырмай қоймайды. Осы уақытқа дейін толық ашыла қоймаған, мәселе ретінде көтерілмеген тақырып – ұлы тұлғалардың есімдері жайлы. Олардың есімдері жайлы ғана емес, есімдерінің қойылу сырлары және сол есімнің қойылуына себепші адамдар жайлы. Қазақ халқында ат қоюдың маңызы зор. Қойылған ат – адам өмірінде де маңызы бар екендігі жайлы бұрыннан бар. Кейбір адамдардың есімін туылған кездегі ерекше бір оқиғаға байланыстырып қойып жатады. Сол сияқты да қазаққа белгілі тұлғалардың да есімдер құпиялары әр қилы. Өмірде басқа атпен, халық алдында басқа атпен, отбасында басқа атпен жүретін танымал тұлғалар да кездеседі. Біз халыққа белгілі, бұрынғы тарихтың тұлғаларын бір қырымен, бір есімімен білеміз. Кейбір Алаш алыптары өз шығармаларын жасырын, бүркеншік атпен жариялап жатады. Бұның да бір үлкен себебі бар. Шындыққа толы өлеңдерін ақындар бүркеншік атпен қалайда халыққа жеткізген болатын. Бүркеншік аттан бөлек лақап аттар, азан шақырып қойған аттар бар. Қазақтың бұрыннан келе жатқан дәстүрге саналып кеткен- азан шақырып ат қою.Азан шақырып ат қою-ата-ананың азан шақыра отырып, мұсылманша ат қоюдың ескі үлгісі. Кейбір халыққа белгілі тұлғалардың да азан шақырып қойған есімдері де бар. Азан шақырылып қойған есімдер халыққа белгілі бола бермейді. Көбінесе отбасының немесе еркелетіп қойған есімдерімен белгілі. Ал лақап аттар әр түрлі жағдайларға байланысты қойылатын аттар. Халық берген есімдер де бар. Халыққа белгілі тұлғалардың өнеріне тамсанып, жақсыға балап есім қояды. Осындай есімдердің қойылу себептері, мағыналары толық ашыла қоймады. Мысалы, Абай Құнанбайұлының бірнеше есімі болғанын, Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапарындағы лақап аттарын, Қажымұқан Мұнайтпасұлының балуандар жарысындағы аттарын: бірі білсе де, бірі білмес. Бұдан басқада халыққа белгілі тұлғалардың есімдер тарих бар. Қазір де көп адам баласына ғұлама болсын деп-Шоқан,Қаныш, ақын болсын деп-Абай, батыр болсын деп-Алпамыс, Қажымұқан деп ат қойып жатады. Қазақтың салт-дәстүрін зерттеушілердің бірі-Юрий Бомняков бұл туралы былай деп жазған:
Баланы бесікке бөлерде күні ілгері ауыл-аймаққа хабар беріліп, әркім қал-қадірінше той жасайды. Балаға ағайын туысының ұйғарымымен өздері іштей құптап жүрген есімді қойған. Мұны сол ауылдың ең беделді азаматы сәбиді қолына алып азан шақырып, үш рет бала есімін құлағына қайталайды. Осыдан «ат қою», «аттың мағынасы, мәні» қазақ дәстүрінің бір бөлігі екендігінің білуге болады. Жалпы, балаға атты кімнің қойғаны абзал деген сұраққа төңірегінде дау дамай көп. Бірі бұл арғы өмірде баласына қойылған есім үшін сұралатын әке-шешенің міндеті десе, енді біреулері жолы үлкен ата-әжесі қойсын деп ырымдап жатады. Имамдардың айтуы бойынша, балаға мәнді де, мағыналы ат қою бірінші кезекте әкесінің міндеті. Себебі, пәленше ұлы пәленше дегенде әкесінің аты міндетті түрде қосылады. Қазаққа белгілі адамдардың көбінде азан шақырып әкесі ат қояды. Ал, ел ішінде аталған аттарды көбіне еркелетіп анасы не болмаса әжесі қояды екен. Көптеген мәліметтерге қарағанда, бұрынғы кездегі азан шақырып қойған есімдер Құран сүрелерінен, Пайғамбар аттарынан алынады.Қазақ негізінен ислам дінінде болғандықтан, Пайғамбарлардың есімдерін қадірлеп, өз балаларына Пайғамбар есімін беретін болған. Әдетінше, ырымшыл халқымыз перзентіне қол бастаған батырлардың, сөз бастаған шешендердің, ел бастаған көсемдердің, жез таңдай, күміс көмей әнші-жыршылардың атын қоюға тырысады. Қазақ ұлыларынардақтап, сыйлап өткен халық. Сол себепті де баласына жақсы ырымдап, ұлы тұлғалардың есімдерін қойып жатады.
II Негізгі бөлім
2.1 Абай Құнанбайұлының есімдері сыры.
Қазаққа белгілі тұлғалардың бірі-Абай Құнанбайұлы. Абайдың азан щақырып қойған есімі-Ибраһим. «Ибраһим» дін кітаптарынан алынған пайғамбар есімі. Ол «халықтардың әкесі», «Аллаға бойсұнушы» деген мағынаны білдіреді. Абай туардын алдында әкесі Құнанбай түс көрді. Құнанбайдың түсіне XXIII ғасырда өмір сүрген Тобықты руынан шыққан, қазақтың кемеңгері биі «Әнет баба» кіріп, «Ибраһим» деп қана пайғамбар есімін атап, аян беріп, ғайып болыпты. Осыдан кейін әкесі оның азан шақырып қойған есімін «Ибраһим» деп атады. Ал кейбір деректерде былайғы қалың қазақтың қарапайым тілімен «Ыбырайым» демей, нәресте дүниеге келген үйдің өзгешелігіне бейімделіп, арабшасына жақындатып, «Ибраһим» деп атады. Елге, халыққа белгілі еткен «Абай» есімін Абай құнанбайұлына кейбір деректерде анассы Ұлжан еркелетіп қойса, ал кейбір деректерде әжесі Зере «Ибраһим» деген есімге тілі келмей, оны «ойлы болсын» деп, «абайлағыш» болсын деп, «Абай» деп атаған:
Әлди, әлди, Абайым,
Атқа тоқым жабайым.
Тыста жүрген апасын,
Қайдан іздеп табайын,- деп еркелеткен.
Абайдың жас кезіндегі тағы бір есімі-Телқара. «Телқара» деп Құнанбайдың әйелдері Айғыз бен анасы Ұлжанның ортасында тел баласы болып өскендіктен, екі шешеге бірдей бала болып жүргендіктен, сол кездегі үлкендер Абайды «Телқара» деп атаған. Кейін Абай ержеткен уақытта бірталай жеңгелері ертеден қойылған атпен «Телқара» деген. Ал, кейбір деректі қос ананың-әжесімен анасының бауырында өскендіктен, қайнының атын атамайтын қазақ салты бойынша, бұл ауылдың жас әйелдері оны «Телқара» деп атап кетуі де осыдан. Телқара-екі енені тел еміп, өскен дегенді білдіреді.
Ер жеткен кездегі Абайға әкесі Құнанбайдың қойған есімі-«Қарашұнақ». Осы жайлы халық Құнанбайдан сұрапты:
-Мырза, балаларыңыз ер жетіп қалыпты. Қайсысына үміт артасыз, болашақта жақсы адам болатынының атын атаңыз,-дейді екен.
Сонда Құнанбай:
-Не күтсеңдерде анау Қарашұнақтан күтіңдер,- деп Абайды нұсқайтын болыпты. Қарашұнақ дейтіні, Абайдың басы үлкен болғандықтан құлақтары өте кішірейіп көрінетіндіктен болса керек. Сонда Құнанбай Абайдың сырт бейнесіне байланысты оны «Қарашұнақ» деп еркелеткен. Бұлардан бөлек, Абайдың ақындық өнерге келгенде де бүркеншік аты болған. Ол бүркеншік аты-Көкбай. Көкбай негізінен Абайдың шәкірті, әрі досы, рухани серігі. Абай өз өлеңдерін көбін Көкбай атынан берді. Жүрегінен жарып шыққан туындысын қасындағы шәкіртіне деген үлкен сенімі деп білген абзал. «Дала уалаяты» газетінде Көкбайдың атынан басылған бір-екі өлеңін көзі қарақты жұрт жылы қабылдап, жақсы лебіз айтқаннан кейін ғана, өлеңдерін өзіне қайтарып алды. Абайдың үлгі қылып шығарған өлеңі біраз уақыт Көкбайдың атынан шығып отырды. 1886 жылдары жазылған өлең үш жылдан кейін әлі де болса Көкбайдың атында болды. Абай жазып, атын шығармақ болса, екі-үш жыл бұрын жазып, әр өлеңін Көкбайдың емес, өз атынан беруіне болар еді. Дәл осы жылдары жазылған «Көкбайға» өлеңіндегі:
Сорлы Көкбай жылайды,
Жылайды да жырлайды.
Ол жыламай қайтіп тұрады,
Мына азған қу заман
Қалыбында тұрмайды,-деп зарлаған Көкбай – лирикалық қаһарман, Абайдың өзі.Байқасаңыз, 1886 жылға дейін Абай Көкбай болып сөйлейді. Көкбай- Абайдың шәкірті ғана емес, ақындық өнер жолындағы серіктесі, реті келген кезде ақындық өнерін қамшылап, өлеңінің тууына себепші болған жан.

Шәкәрім Құдайбердіұлының бірнеше аты болған. Азан шақырып қойған есімі-Шаһкәрім. «Шаһкәрім» дін кітаптарынан алынған есім. Ер жете келе ел ішінде «Шаһкәрім» есіміне ұқсатып, «Шәке», «Шәкәрім» деп атап кеткен.Осыдан кейін халыққа «Шәкәрім» атымен танылып кеткен. Одан кейін өлең жазып жүрген кездегі Шәкәрімнің бүркеншік аты-Мұтылған.
Бүркеншік атпен көптеген Алаш алыптарды да өз өлеңдерін шығарып отырған. Шәкәрім де сол әдісті қолданды. Мұтылған-ұмытылған деген мағынаны білдіреді. Осы жайлы өлеңінде:
Жаралы жаным шықсын деп,
Қара жер мені жұтсын деп.
Өлген соң елім ұмытсын деп,
Атымды қойдым «Мұтылған»,-деп өзінің қайғысын шертеді. Шәкәрім өзінің кейбір шығармаларында «Ұмытылған» деп қол қойған. Шәкәрімнің М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы есімі-Шұбар. Бұл негізінен Шұбар Шәкәрімнің протатипі. Шәкәрім Абайдың шәкірті әрі туысы болғандықтан, «Абай жолы» романының кейіпкері. Романда Абайдың шәкірттерінің бірі-Шұбар деп берілген. Шынындада, зер сала қарасақ Шұбардың болмыс-бітімімен, кесек сөздерімен Шәкәрімнің тұлғасын аңғара аламыз. Әуезов романындағы Шұбарды басқа шәкірттерінен гөрі ұнамдырақ қасиеттерімен, қайшылықты бейне етіп көрсеткісі келген тәрізді. Қай жағынан да алып қарасақ та Шұбардың бейнесі Шәкәрім бейнесіне сәйкес келеді. Сәбит Мұқанов осы жайлы: «Әуезов жолдастың былтыр басылып шыққан «Ақын аға» деген романында да Абай шәкірттерінің бірі болып Шұбар жүреді. Оның Шәкәрім екені өзінен-өзі көрініп тұр» деп кесіп айтады. Шынымен, Шұбардың ақылдылығы, сырт келбеті, сөйлеген сөзі-барлығы Шәкәрімнің бейнесін көрсетіп тұр.
2.3 Шоқан Уәлихановтың есімдері туралы.
Шоқан Уәлиханов-қазаққа белгілі тұлғалардың бірі. Шоқанның лақап аты жайлы бірі білсе де, бірі білмес. Негізінен азан шақырып қойған есімі-Мұхаммед-Қанапия. «Мұхаммед-Қанапия» пайғамбар есімі. Өсе келе оны әжесі Айғаным шоқшиып отыруына байланысты «Шоқан» деп еркелетіп кеткен. Әкесі мен анасы Шоқанның хан болуына сеніп, «Шұ-хан», «Шоқан» есімдерін қолдады. Осыдан кейін ол халыққа Шоқан есімімен танылған болатын. Шоқанның сапардағы лақап аты бар. Қашқарияны зерттеу мақсатындағы Шоқан сапарға керуенбасы болып «Әлімбай Әбділлаев» атпен шығады. Әлімбай-Қашқарияға қоқандық саудагердің ұлы бұл лақап аттың пайдасы бар екенін байқауға болады.
2.4 Қаныш Сатпаевтың есімдерінің сыры.
Ұлы тұлғалардың ішінде есімінің ерекше мәні бар тұлға-Қаныш Сатпаев. Қаныш Имантайұлы Сатпаевтың азан шақырылып қойылған аты-Ғабдулғани. «Ғабдулғани» дін кітаптарынан алынған «Алланың мәңгілік құлы» деген мағынаны беретін есім. Өсе келе анасы Салиманың еркелетіп қойған есімі-Қаныш. Осыдан кейін ол «Қаныш» есімімен танылған болатын. Бірақ Ғабдулғани атпен елге беймәлім.
2.5 Сәкен Сейфуллиннің есімдерінің құпиясы
Қазақстандағы ұлы тұлғалардың бірі-Сәкен Сейфуллин. Сәкен Сейфуллин «Бес арыстың» бірі. Жалпыға белгілі бола бермейтіні азан шақырып қойған есімі-Сәдуақас. Сәдуақас-Пайғамбардың «Соад бин Әбуд Уаққас» атты сахабасынан шықты. Ер жете келе тілге икемдеп «Сәкен» деп атап кеткен. Сәкен деген атпен кеңінен танымал. Одан бері қарай қуғыншылық жылдарында Сәкен Сейфуллин түрмеде отырған болатын. Осы уақыттарда Сәкеннің лақап аты бар еді, сол кездегі лақап аты-Дүйсенбі. Деректер бойынша, Сәкеннің дүйсенбі күні түрмеге қамалуына байланысты қойылған аты еді.
2.6 Балуан Шолақтың есімдерінің сыры.
Қазаққа белгілі тұлғалардың бірі-Балуан Шолақ. Балуан Шолақтың азан шақырып қойған есімі-Нұрмағанбет. «Балуан Шолақ» деп ел ішінде аталып кеткен. Балуан Шолақ аталуының себебі, халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен, жас кезінде саусағының үсіп қалып, шолақ болып қалуына байланысты аталып кеткен. Сондықтан, «Балуан Шолақ» тұлғаға халық берген есім болып саналады. Бұл халықтың оны сыйлауы, құрметтеуі.
2.7 Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімдері жайлы
Қажымұқан Мұңайтпасұлы-қазаққа белгілі палуандардың бірі. Азан шақырып қойған есімі-Мұқан.
Атандым Мұқан палуан, бала жастан,
Ішінде күштілердің болдым астам.
Талай-талай жерлердің дәмін татып,
Өтті дәурен осылай біздің бастан,- еп ең алғаш Мұқан есімімен күрескен болатын. Қажымұқанның ең алғашұқы лақап аттарының бірі- Муханура. Палуан әр түрлі жарысқа барып, әр түрлі лақап атқа ие болып қайтқан. Сол кездегі саясат бойынша, палуандар жарысына тек орыстар ғана емес, жапондықтар да күреседі деген жарнамалар жасалып, Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күреседі. Сонымен қатар, Қажымұқанның «Мухан», «Иван Черный» сиякты лақап аттары болған.
1909 жылғы халықаралық палуандар жарысында ол «Қара Мұстафа» деген атпен шығып жеңіске жеткен болатын. Сөйтіп, Қажымұқанның дүние жүзіне бірнеше лақап аттары тарай бастады. Қажымұқанға лақап аттардың берілуі оның өнерінің жоғары бағалануы, қазақтың құрметтелуі.
III Қорытынды
3.1 Ұлы тұлғалардың есімдер тарихы.
Қазаққа белгілі тұлғалардың есімдер тарихы өте тереңде жатыр. Әр тұлғаның есімінің өз ерекшелігі, өз тарихы. Өз сыры бар. Салт-дәстүр бойынша, дүниеге келген балаға жақсы ырымға балап, азан шақырып ат қояды. Одан ер жетіп ел ішінде сырт бейнесіне байланысты есім қояды. Еліне қызмет етіп, халық ризашылығын алып, «халық есімін» алады. Осының бәрі адам өміріне тығыз байланысты. Тарихтан белгілі қазақ зиялыларының да әр түрлі жағдайға байланысты бүркеншек аттары мен лақап аттары пайда болады. Олардың да пайдалы жағы да кездеседі. Сол себепті есімнің адам өмірінде алатын алатын орны ерекше. Қай жағынан да алып қарасақта адам есімі оның өзін айқындап тұрады. Қазаққа белгілі тұлғалардың есімдерін зерттеуге ұзақ уақыт керек. Олардың басқалардан айырмашылығын, ерекше мағынасын зерттеу ұзақ уақытты алары анық.
Қазаққа белгілі зиялылары қазақтың бет бейнесі болғандықтан, есімдері тарихта айрықша орнын қалдырады. Олардың аты шыққан жерде міндетті түрде есімдері ойылып қалады. Сол себепті де олардың ерекше аттар зерттелуде лайықты және бұл тарих ұрпақтан ұрпаққа жалғасары анық. Олардың есімдерін ұлағаттап, биікте ұстап жүруге міндеттіміз. Адам өмірін өз есімі бейнелеп тұрады. Сол себепті де әркім өз есімінің тарихын, мағынасын білуі керек. Қазақтың тарихында қалған есімдер әрқашан құрметтелуге лайықты.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
http://samopoz.ucoz.org/publ/aza_ty yn zhazushylary/sh k rim dajberdi ly/sh k rimni mirbajany/4-1-0-4
-
http:// bilimdiler.kz/tarih/10207-azaty-krnekt-alymy-shoan-ualihanov.html
-
http://bankreferatov.kz/tarihi-tulgalar/1364-1anish-imantayli-stbaev-2.html
-
http:// bilimdiler.kz/oner/12-baluan-shola-baymurzin.html
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғылыми жоба

шағым қалдыра аласыз