
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми Жоба: Ағылшын тіліндегі шоколад атаулары
МАЗМҰНЫ
Абстракт
І. Кіріспе .................................................................................................................3
ІІ. Теориялық бөлім.
1.1. Ағылшын тілінің елімізде алатын орны.........................................................5
1.2. Шоколад тарихы...............................................................................................8
III. Практикалық бөлім
2.1. Қазақ тіліне ағылшын тілінен енген сөздер.................................................13
2.2. Шоколадтың ағылшынша атауларын қазақ тілінде зерртеу......................18
ІV. Қорытынды......................................................................................................21
V. Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................22
Қосымша материалдар
КІРІСПЕ
Мені бала кезімнен шоколадтар әдемі жарқыраған орауыштарымен де әртүрлі атауларымен де қызықтыратын. Қай бала шоколадты жақсы көрмейді? Оның әдемі орауыштарын кімдер жинамады? Шоколадтар әрдайым балалық шақпен, қуанышпен, жағымды эмоциялармен байланысты. Бірақ мені сол шоколадтардың ағылшын тіліндегі атауларының не мағынасы бары қызықтырып, ойымда мынадай сұрақтар туындайтын:
1. Не себепті шоколадтардың әр түрлі аттары бар?
2. Ағылшынша шоколад атаулары қайдан пайда болды?
3. Жаңа атаулар қайдан пайда болады?
Өте тәттіқұмар жан ретінде бұл сұрақтар маған маза бермейтін. Менің жақсы көретін тәттілерімнің көбісінің атаулары ағылшынша болғасын, мен бұл атауларды зерттеуді ұйғардым.
Менің жұмысымның тақырыбы өзекті ме? Қазіргі кезде көптеген тұтынушылар шоколад атауларының аудармасын білмейтіндеріне шағымданады. Мен өз сыныптастарымнан “Шоколад сатып алғанда атауына назар аударасындар ма?” – деп сұрағанда, олардың 55%-ы атауларға зейін аударып, еске сақтап қалуға тырысатынын айтты. Мені өте таңқалдырғаны, балалар шоколад атауына ғана емес, сонымен қатар оның құрамы мен сыртқы әдемілігіне де назар аударатындарын айтты. Және де біздің дүкендердегі шоколадтардың ағылшын тіліндегі атаулары көпшілігін қызықтырады екен.
Егер нақты атауын білмесек, шоколад сатып алған кезде сатушыға өнімнің қай түрін қалайтынымызды түсіндіре алмас едік. Бұл біздің әрқайсымыздан білімділікті қажет етер еді, сондықтан бұл жұмыс шоколадтардың ағылшын тіліндегі атауларының шығу тарихын зерттеуге арналады. Мен бұл тақырыпты өзектілігі белгілі және зерттеу қажет ететіндіктен таңдадым.
Ғылыми жоба кіріспе және негізгі мәселені қамтитын екі тарау мен қорытындыдан тұрады. Кіріспеде зерттеуге түсіп отырған тақырыптың өзектілігі,
ғылыми жобаның мақсаты және ол мақсатқа жету үшін қандай міндеттерді орындау керектігіміз көрсетілді. Ғылыми жобаны сәтті жазып шығу үшін қандай әдіс-тәсілдер қолданылғандығы айтылды. Сонымен қатар жобаның теориялық және практикалық мәні қандай екендігі де сөз болды.
Ғылыми жоба теориялық және практикалық бөлімнен тұрады: Теориялық бөлімде екі мәселе қарастырылады: “ Ағылшын тілінің елімізде алатын орны ” және “Шоколад тарихы”.
Практикалық бөлімде шоколадтардың ағылшынша атауларының қазақ тіліндегі мағыналары қарастырылады.
Қорытынды бөлімде ғылыми жоба жазу барысында шоколадтардың атауларына сараптама жасалды. Жұмыс барысында ауыл кітапханаларында бар әдебиеттер толық қарастырылып, барлық мәліметтер жинақталды. Сондай-ақ интернет жүйесінде бірсыпыра жұмыс жасалды.
Зерттеу мақсаты – шоколад атауларының мағынасын ашу.
Зерттеу объектісі: шоколадтардың ағылшынша атауларының шығу тарихы.
Зерттеу нысаны – ағылшын тілді атаулардың әртүрлілігі.
Зерттеу болжамы – шоколадтардың ағылшын тілді атаулары оларды ойлап табушының есімі немесе фабриканың атауына байланысты.
Алға қойған мақсатқа жету үшін және болжамды дәлелдеу үшін келесі тапсырмаларды шешу қажет:
1. Шоколадтың ағылшынша атауларының шығу тарихын зерттеу
2. Шығу тарихына қарап атауларын сараптау.
Зерттеу әдістері: салыстыру, жалпылау, жүйелеу, салыстырмалы талдау.
Жұмыстың құрылымы: Аталған жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиет тізімінен және қосымша материалдан тұрады.
I бөлім. Теориялық бөлім.
1.1.Ағылшын тілінің елімізде алатын орны
«Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі-мемлекеттік тіл,орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» - деп Елбасымыз өз жолдауында айтып кеткені есімізде.
Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі заман ағылшын тілін талап етуде. Ағылшын бірінші дүниежүзілік әмбебап тілі болып табылады. Еліміздің тарихында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, білім беру саласындағы жаңа бағыттар ағылшын тілін оқытуды үнемі жетілдіруді, оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеру міндеттерін жүзеге асыруды қарқынды түрде талап етуде.
Осыған орай, ағылшын тілі тілдің үш тұғырының бірі ретінде қызмет етудің алғышарты - оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қолданылуы, әлеуметтік-экономикалық, мемлекеттік зор ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне – халықаралық сипат алған ағылшын тілінің өзіндік рөлі зор.
Ағылшын тілі - халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үндіеуропа тілдерінің батысгерман тілдеріне жатады. А. т. құрылымы жағынан флективті. Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады. Оған қоса көптеген мемлекеттердің ресми тілі болып саналады.
Ағылшын тілі заманымызда өте маңызды рөл алып отыр. Қазіргі таңдағы мектептерде ағылшын тілі тереңдетілген негізгі пәндер арасына тікелей кірген. Мектептерде бірінші сыныптан бастап ағылшын тілі пәндік жүйе ретінде кестеге енгізілген. Тіпті балабақшалардың өзінде ағылшын тілінде сөйлеуді, оқуды үйретеді. Ғаламтор желілерінде, кішкене балаларға арналан түрлі-түрлі мультхикаялар баршылық. Керек дегенде, Ағылшын адамдары да ғаламторға оқыту,үйрету әдістерін енгізіп қойғаны да рас.
Кейінгі жылдары ағылшын тілін оқытуда қолданылатын жаңаша оқу әдісінде білім беруді компьютерлендіру дейміз. Бүгінгі таңда адамзат өмірінде компьютердің қолданылмаған жері жоқ.Компьютер арқылы ағылшын тілінде
онлайн бағдарламаларды көптеп көреміз. Ағылшын тілі - инженерлік-компьютерлік технологиялар тілі, әлемдік қарым-қатынас тілі, кейбір мамандық бойынша білім алу тілі, жастар арасында беделді тілге, БАҚ, әсіресе Интернет арқылы ақпарат алу тіліне айналып келеді.
Демек ағылшын тілін білмей, заман талабына лайықты, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға толық қол жеткізе алмаймыз. Орыс тілі арқылы қосымша білім алып, дүниетанымын байытып, араласатын ортасын кеңейтіп, іргелес мемлекеттерден анағұрлым ілгері тұрған Қазақстан бұл жетістіктерімен шектеліп қалмау үшін де көптілділікке ұмтылуда. Өйткені еліміздің біліктілігі мен сауаттылық деңгейін әлемге танытып, алпауыт мемлекеттермен тереземізді теңестіру мүмкіндігіне жетелейтін қадамдардың маңыздысы – көптілділік. Шетелдіктердің арасында біліктілігімен, сауаттылығымен суырылып алға шығу үшін де тіл білу маңызды.
Ағылшын тілінде қазіргі заман талабына сай көптеген технологиялар жаңаруда. Тілді жақсы үйреніп, меңгеру , әрбір жастарымыз үшін қажет. Тіпті шет елдермен сауда, қарым – қатынас жасау үшін де , ағылшын тілінің маңызы зор.
Ағылшын тілі күні БҰҰ-ның тікелей бастамасымен басқа тілдерге арналған ресми күндер секілді 2010 жылдан бері мерекеленіп жүр. Бүгінде ағылшын тілі "әлемдік тіл" мәртебесіне ие және бұл тілде миллиардтаған адам сөйлейді. Олардың басым бөлігі Ұлыбритания, АҚШ, Ирландия, Канада, Мальта, Аустралия, Жаңа Зеландия елдерінің тұрғындары екен. Ағылшын тілі тіпті, Азия және Африканың кейбір елдерінде ресми тіл саналады. Бұл тілде сөйлейтін адамдарды "англофандар" деп атау дәстүрі қалыптасқан. Біздің қоғамда ағылшын тілінің мерейі үстем болғанымен, әлемде танымалдылығы бойынша үшінші орынды иемденіп отыр. Бірінші орында – қытай тілі, екінші орында – испан тілі. Ағылшын тілі сөздік қоры ең көп тіл саналады. Тілде 800 000-нан астам сөз бар. Және синоним сөздер қатары да көп. Америка президенті Бенджамин Франклин «мас» (ағыл. drunk) сөзінің 200-ге жуық синонимін тапқан екен. Енді, өзіңіз ойлай беріңіз. Мұның тиімділігі – керек сөзді еске түсіре алмаған жағдайда, басқа сөзбен оп-оңай алмастыра аласыз.
Ағылшын тіліндегі тыныс белгілер XV ғасырда пайда болған. Ағылшын тілінің ең кәрі сөздері 14 000 жасқа жеткен. Олардың көпшілігінің негізі үндіеуропалық тілдерден бастау алады. Бұл сөздердің қатарына apple (apal), bad (bad), gold (gold) сөздерін жатқыза аламыз. Ағылшын тіліндегі ең қысқа сөйлем үш әріптен тұрады (I am/I do), ал егер I am-ді I´m-ға қысқартса, онда тіпті екі әріптен тұрады. Ағылшын тіліндегі ең ұзын сөз – pneumonoultramicroscopicsilicovolcanoconiosis. Бұл тыныс жолы ауруының атауы. «The quick brown fox jumps over the lazy dog» сөйлемінің ерекшелігі сол, ағылшын әліппесіндегі барлық әріп кездеседі. Талай айтылған алғашқы сөз: «ОК». Қазір бұл сөзді айтып көрмеген адам кемде-кем. «The sixth sick sheik‘s sixth sheep‘s sick» жаңылтпашы ағылшын тіліндегі ең қиын жаңылтпаш болып саналады. Тіл сындырғыңыз келсе, осы сөзді қайталаңыз.
Ағылшын тіліндегі month, orange, silver, purple - осы 4 сөзге ғана ұйқас табу қиын екен. Кейбір ақындар ізденістерінің арқасында orange сөзін courage, porridge, arrange және т.б. ұқсас сөздермен үйлестіріп көрген екен, бірақ мағынасы жағынан бұл қисынсыз болып шыққан. Ағылшын тілінде құрлық атаулары басталған әрпімен аяқталады.
Қорытындылай келе, ағылшын тілі – байланыс тілі. Ағылшын тілі қазіргі заман талабына сай, кең ауқымда қолданылатын тіл. Жаһандық экономикадағы тіл десек,кем түспес едік. Ағылшын тілі заманымызда өте маңызды рөл алып отыр. Қазіргі таңдағы мектептерде ағылшын тілі тереңдетілген негізгі пәндер арасына тікелей кірген. Қазіргі таңдағы мектептерде ағылшын тілі тереңдетілген негізгі пәндер арасына тікелей кірген. Мектептерде бірінші сыныптан бастап ағылшын тілі пәндік жүйе ретінде кестеге енгізілген. Халықаралық сипаттағы ағылшын тілінің рөлі, қазіргі XXI ғасырда тереңдетілген, маңызды рөл болып саналуда.
1.2. Шоколад тарихы Шоколад тарихы өте ертеден басталды. Шамадан біздің жылымызға дейін 1500 жыл біздің ойпаттарда мексикалық шығанақтың жағасында Америкада ольмек өркениеті туды. Олардын мәдениетінен аз мәліметтер қалды, бірақ кейбір
лингвисттердің жоруына қарай, "какао" сөзі тұңғыш рет "kakawa" шамадан біздің заманымыздан 1000 жыл бұрын естілген, яғни ольмек өркениетінің гүлденген заманында. Майя какаоға үлкен мағынаны сомдайтын. Шоколад сияқты киелі сусынды басында ритуал үшін ішті. Майя құдайының пантеонында какао құдайы болды. Майя бізге какао бірінші белгілі плантацииясын жасаған. Олардың шоколад сусынының қамдас әдістері мен игерушілік көрінген қоспалары - қалампырдан және бұрыштан болды. Ал қантты үндістер мүлдем білмеді. Какао-атбұршақтар байлықтың және абыздың түртіндісімен болды. Шоколадты атбұршақтарды пайдалантын бай адамдар ғана болды. Өзінің шоколад атбұршақтарын ақшалардың орнына пайдаланды. Құлдарды 100 атбұршаққа иемденуге болды. Ботаникада "шоколадты ағаш" "Теоброма какао" деген атауды алды, бұл "құдайдың асы" деген мағынада. Ацтектер оны "бейіштің ағашы" деп есептеді және тәңірлік өнім деп құрметтелді. Бұл ағаш тропикалық қармақбаудың өзінің жүрегінде, солтүстік және оңтүстік Америкада, Австралияда және Азияның аралдарында жылы және ылғалды ахуалда өседі. Өсімдіктің биіктігі 10-15 метрге жетеді. Егіс жылына екі рет - негізгі жиын қазанда-ақпанда түсіріледі және мамырда-маусымда түсіріледі. Әрбір жеміс 20 50 тұқымға дейін болады. Олар домалақ, томпақ болады және сұрғылт, немесе қоңыр көк түсті болады. Аман ағаш атбұршақтың 2 килограммына дейін жылда береді. Жаңадан жиналған какао-атбұршағы ащы-ауыз қуыратын дәм және боз өңі болады; арада мынадай көріністе олар шоколада өндірісінде игерушілік үшін жарамсыз. Жас какао-атбұршағы 30% су және 30% какао-майы болады. Какаоны таратуда үлкен рөлді ацтектер ойнады. Ацтектің аңызы бойынша, какао тұқымдары бейіштен бізге келді және какао-ағашы жемісінен ақылмандық және күш аралап шығады делінген.
Бас майя шоколадты сусыны "xocolatl" аталды, бас атцектерде - "cacahuatl". Осы атаулар: " choco" немесе " xocol" - " көбік" және " atl" " су" деген екі үндіс сөздерінің тіркестерінен шыққан. Мүмкін, сондықтан, шоколад ерте кезде сусын сияқты белгілі болды. Какао-атбұршақтар бас ацтектерде ара сапа ерекшеліктің
ақшаларының қызмет етті. Таң қалдыратыны үндіс көсемінің сарайының қамбаларында сақталған какао-атбұршақтар. Мынадай сарайлардан какао 486 қабының бір жылда қолданатын мөлшері табылған, әрбір қапта 24000 дән болған. Ең бірінші шоколад дәмін көрген еуропалық Христофор Колумб болды. Ол 1502 жылы, Гайана аралының халықтары аяулы қонақты какао-атбұршақтан жасалған сусынмен күтті. Колумб жұмбақ дәнді Фердинанд атты корольге өзінің төртінші жаңа нұрға экспедициясынан әкеліп берген, бірақ оған ешкім көп мән бере қоймады сырттан асыл қазына көп әкелгендіктен. Жиырма жыл бұрын Мексиканы жаулап алушы Эрнан Кортес, "ксоколатл" дәмін байқап көрді. Кортес тұңғыш рет 1519 жылы ацтектердің жеріне кірді, оны осы үшін құдай етіп қабылдады. Алтынның айшанағында оның алдында оғаш ащылау какао-атбұршақтардан сусын, әр түрлі дәмдеуіштермен, бұрыштармен, балмен және көбікке дейін болды. Бұл ең алғаш испан конкистадорлары үйренген бірінші шоколад болған. Ақырын-ақырын бұрыш пен ваниль және күшті хош иіс сомдау үшін мускат жаңғағы қантты ауыстырды.
Сұрыпталған, тазартылған, қуырылған, майдаланған - міне өндірістік топтаманың кезеңінің жас бөлігінен, какао-атбұршағына айналады. Шоколад шынымен де бірегей өнім - дәмді, жоғары калориялы (550 ккал 100 граммда ), сипатын өзгерместен бірнеше жыл сақтала алатын. Онда 50-55% углеводтар, 32-35% май, 5-6% ақуыз болады. Сондай ақ дубильді зат (4-5%), стимуляторы - және кофеин (1-1,5%), микроэлементтер, Na, K, Mg, P, Fe және В1 витамины, В2 және РР теобромин. Онда 40қа жуық айқындаушы өткінші құралымдар қатысатын. Айтпақшы, физиологтардың тағайындағаны бойынша осы хош иіс шипа: ашуланшылықты басады, тынышталдырады екен.
1526 жылы, қатал корольге есеп берумен бара жатқан Кортес өзімен бірге какао-атбұршағының жәшігін басып алды. Осы ретте шоколадтың жолы болды: экзотикалық хош иісті сусын мадрид ауласында игі ниетпен кездестірілді.
Тез арада шоколад айрықша испан ақсүйектерінің тындырымды таңертеңгі сусыны болды, ана уақытқа шай және кофені назардан шығарып. Жаңа сусынның құны биік болғаны соншалық, бір испан тарихшысы тіпті: "тек бай
және абзал адам шоколад іше алады, себебі ол тіпті ақшаларды" ішті деп айтқан екен.
Кейінгіде "ксоколатл" 100 жасы Испаниядан Еуропаға өтіп кетеді, өзге тауарларды бағасымен және танымалдылығымен басып алады. Герман императоры Карл V, какаоның коммерциялық кердеңдігін біліп, монополияны осы өнімге сұрайды. Алайда XVII ғасырдың алып сатаралары белсене шоколадпен голланд базарларын толтыра бастайды, және 1606 жылы Фландрия және Нидерландыда какао Италияның шекараларына жетті. Тоғыз жылдан кейін үшінші испан Филиппінің қызы Анна австриялық какаоның бірінші жәшігін Парижге әкеліп береді. 1650 жыл. Шоколадты ағылшындар іше бастайды. 1657 жылы Лондонда ең алғашқы "шоколад үйі" ашылып, болашақ "шоколадтылар" бейнесі ашылады. Сусын мәдениеттің бөлігі болады, оған уақыт беріліп: шоколад ішуге келіңіздер, сағат кешкі сегізде күтеміз делінеді.
Шоколадты "пайдалылыққа" қалай тексеруге болады? 25-30% мазмұндар какао-атбұршақтары тақтасында туралы айтылмыш шоколадта біраз аласа сапасын айғақтайды, 35-40% шоколадтың орта сапасын анықтайды, 40-45% толығымен жақсы өнім, ал ал какао-атбұршақтарының мазмұнының от 45 до 60% өзі үшін айтады - ол сіздің денсаулығыңызғы пайдалы таза шоколад.
1674 жылы бас негіз шоколад рулеті және пирожный жасаудан бастады. Биыл құнарлы" шоколадты шығарған жыл болып есептеледі.
1825 жыл. Англия военно-морской флот еуропаға қарағанда какаоны көп мөлшерде алады. Сусын шоколад дәл соларға арналғандай : нәрлі, алкогольсіз. Теңізшілер арасында күшті суық "желді шоколад" деген атауды тасыды.
Көптеген адамдарды толғандырған сұрақ неге шоколад ақ түсті болады. Оның ұста пішінінде, шоколад тақтаның негізімен ақ түсті какао-май болып табылатын. Құрғақ сүтті және қанттың опасын оған үстейміз және ақ шоколад аламыз. Қоңыр шоколад бұл да какао майы және какао ұнтағы болып келеді, ол тақташаға қоңырлау түс береді.
XIX ғасырдың франциялық аптекашысы шоколад туралы жазды: "сол тәңірлік аспанның сусыны, сол нағыз панацея - әмбебап дәрі барлық аурулардан емдейді" деген. XIX ғасырда бірінші шоколад тақталары шығады, ал Жак Неаус бірінші кәмпитті ойлап табады. Міне мынадай ұзын тарихи жолды какао-атбұршағы біздің қазіргі қатты шоколадқа еңсерді.
Теориялық бөлімге қорытынды
Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едім. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді. Ағылшын тілін меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. ктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі.
тарихын зерттемес бұрын, шоколадтың жалпы шығу тарихы туралы мәліметтер жинақтадым. Жоғарыда айтылғандай, шоколад тарихы өте ертеден басталған. Шамадан біздің жылымызға дейін 1500 жыл біздің ойпаттарда мексикалық шығанақтың жағасында Америкада ольмек өркениеті туды. Олардын мәдениетінен аз мәліметтер қалды, бірақ кейбір лингвисттердің жоруына қарай, "какао" сөзі тұңғыш рет "kakawa" шамадан біздің заманымыздан 1000 жыл бұрын естілген. Шоколадтың шығу тарихы туралы барлық мәліметтерді жинақтай келе, келесі бөлімде олардың ағылшын тілді атуларының шығу тарихын зерттеп,сараптайтын боламын.
.
II бөлім: Прақтикалық бөлім
2.1. Қазақ тіліне ағылшын тілінен енген сөздер
Тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы болып қоймайды.Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден ауысып алу арқылы да тіл өзінің сөздік құрамын байытып, жетілдіріп отырады. Қазақ халқының ертедегі даму тарихына көз жіберсек, көптеген елдермен үнемі тығыз байланысты болғандығын көреміз.
Кез-келген халықтың тілі жеке өмір сүрмейді. Қандай да бір тілге басқа тілден сөздердің енуі сол тілдің дамуына қажетті табиғи үдеріс болып табылады. Кірме
сөздер дегеніміз — тілдің өзіндік сөзжасам тəсілімен емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған немесе олардан енген сөздер. Яғни сөздің дыбыстық тұлғасы да, мағынасы да өзге тілге қатысты сөздер кірме сөздер делінеді. Жер шарында өмір сүріп келе жатқан үлкенді-кішілі халықтардың қай- қайсысында болсын өзге тілдерден ауысып келген кірме сөздер көптеп кездеседі. Ағылшын тілінен еңген сөздерді англицизмдер деп атайды. Англицизмдер – қоғамдағы саяси, мəдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар.
Сөздердің жаңа заттар немесе жаңа ұғымдармен бірге ену құбылысы тіл-тілде сөз алмасудағы басты жəне дағдылы құбылыс болып саналады. Тіл-тілдің лексикасында ауызша енген кірме сөздер де, жазбаша енген кірме сөздер де бар. Ауызша түрде енген сөздердің көпшілігі тұрмыс қажетіне байланысты зат атаулары болып келеді. Мұнымен бірге олардың ішінде мəдениетке байланысты ұғымдардың да атаулары болады. Ауызша енген кірме сөздерге тəн ерекшелік сол – олар қабылдаушы фонетикалық заңдарына, орфоэпиялық ерекшеліктеріне бағынып, соған сəйкестендіріледі.
Жазбаша немесе кітаби кірме сөздер көбінесе ғылыми–техникалық, əдебиет пен өнер т.б. арқылы енген жəне солардың белгілі бір саласына бейімделіп қолданылатын сөздер болып табылады. Бұлар өркениет ұғымдарына телінген сөздер болу қасиетімен сипатталады. Сөздердің бұл тобы білдіретін ұғымы мен мəніне байланысты интернационалдық сөздер болуға икемделеді де, олардың тілден-тілге ауысу, кең түрде таралу қасиеті басым болады. Ондай сөздердің кейбіреулері өзінің білдіретін ұғымы мен мазмұнының айрықша маңызды болуына байланысты дүние жүзіне, күллі халықтардың тіліне ауызша түрде де, жазбаша түрде де еніп, жаппай жəне жиі қолданылатын сөздерге айналады. Мысалы, кастинг, шоу, видео клип, компьютер, интернет деген сөздер бүкіл əлемге таралып, əр түрлі тілдерде сөйлейтін халықтардың баршасына бірдей таныс сөздерге айналып отыр. Шет тілдерден енген сөздер уақыт озған сайын əбден кірігіп, фонетикалық, грамматикалық жəне семантикалық жақтан игеріліп,
сіңісіп кетеді. Англицизмдердің қабылдаушы тілдің грамматикалық заңдарына бағынып игерілуі қабылдаушы тілде олардың грамматикалық формасының мағынасы сақталынбауынан айқын көрінеді. Мысалы, ағылшын тілінің рельс деген сөзі ағылшынша көптік жалғаулы сөз болғанмен ( ағылшын тілінде жекеше түрі – rail, көпше түрі – rails ), қазақ тілінде жекеше түрінде ұғынылып, көпше түрде қолдану қажет болғанда, оған көптік жалғауы жалғанады ( қазақша – рельстер ). Кейде шет тілдік сөздер мен сөз тіркестері тілден тілге аударылғанда, олардың құрылысы сақталып аударылады да, солардың үлгісі бойынша сөздер мен сөз тіркестері жасалады. Шет тілдік сөздер мен сөз тіркестерінің үлгісі бойынша жасалған, олардың құрылысының көшірмесі болып табылатын сөздер мен сөз тіркестері калька деп аталады. Кейбір тұрақты сөз тіркестері де, баламасы болмаған жағдайда, калька жолымен аударылады. Англицизмдердің енуі, сондай-ақ кейде оларды жолымен аударып алу қабылдаушы тілдің сөздік құрамын толықтырып байытады. Қазақ тілінің, лексикасы ағылшын тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздермен толығып, оның аумағы кеңейді. Белгілі бір тілдің сөздік құрамы, ең алдымен, сөз тудырудың сан алуан тəсілдері арқылы сол тілдің ішкі мүміндіктерінің есесінен, бұрыннан бар сөздерден туынды сөздер жасаудың есесінен дамып байыса, сонымен қатар басқа тілдерден жаңа сөздердің енуі арқылы да толығып отырады. Міне, бұл тəсілдер тілдің лексикасының баю жолдарының ең басты тəсілдері болып табылады. Англицизмдер лексикалық жəне семантикалық болып екіге бөлінеді. Лексикалық англицизмге жаңа ұғымдардың тууымен бірге пайда болған жаңа терминдер жатса, семантикалық англицизмдер деп сөзбе-сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған жеке мағынаны айтуға болады. Мысалы, human factor – антропогендік фактор, fresh juice – жаiа сызылған жеміс шырыны, yogurt – йогурт, pudding – пудинг, fast food –( фаст фуд) жеiіл əрі тез əзірленетін тағам, week end – уик энд – демалыс кcндер, party – парти – сауыX кеші, sponsor – спонсор – демеуші, прайс – баға, бизнесвумэн – бизнес əйелі, юзер – Xолданушы, computer system – компьютерлік жcйе, computer center – компьютер орталығы т.б.
Фаст – фуд термині жеңіл əрі тез əзірленетін тағамдарға айтылған. «А party is a gathering of people who have been invited by a host for the purposes of socializing, conversation, or recreation» – Парти — қонақ күтушінің шақырған адамдарының əңгімелесіп, демалу үшін жиналатын жері, To sponsor something is to support an event, activity, person, or organization financially or through the provision of products or services – Спонсорлық ету бір ұйым немесе адамдарды материалдық жəне физикалық түрде көмек беру болып табылады.
Англицизмдер сөзжасамдық калькалау (макроұя, кодтану), сондай-ақ синтаксистік-морфологиялық, семантикалық, морфологиялық тəсілдер арқылы жасалып, тілдің сөздік құрамын байытады. Англицизмдер төл сөздермен де беріле алады, сөздік құрамында бұрыннан қолданылып жүрген сөз тұлғалары жаңа мағынаға ауысып, жаңа ұғымды белгілеуге мүмкіндік алады. Англицизмдер тілдің лексикалық құрамына ауызша жəне жазбаша түрде енеді. Ауызша енген сөздердің көпшілігі тұрмыс қажетіне, мəдениетке қатысты атаулар болса, жазбаша енген англицизмдер ғылым мен техниканың жетістіктеріне қатысты болып келеді. Қазіргі тілімізде жасалған англицизмдер көпшілігі сөз тіркестері түрінде келіп, анықтауыштық қатынаста болады. Мысалы, human factor – антропогендік фактор, week end – уик-энд (демалыс кcндер ), price list – прайслист, hot dog – хот-дог, , computer system — компьютерлік жcйе, computer center – компьютер орталығы, Media – Holding – медиа-холдинг т.б.
Англицизмдердің екі түрлі жасалу жолдары бар: 1) Бұрын-соңды тілде болып көрмеген, жаңа ұғымдардың пайда болуымен байланысты. Мысалы : hot dog – хот дог, yogurt – йогурт, pudding – пудинг, fast food- фаст – фуд, spray – спрей, скраб – scrub, bowling-боулинг, cartridge – картридж, printer – принтер, disk – диск, file – файл, air conditioner – кондиционер, cooler – кулер, mixer – миксер, toaster – тостер, blender – блэндер, manager-менеджер, promoter – проумотер, distributor – дистрибьютер, dealer – диллер, mentality — менталитет, stapler – степлер, scotch tape – скотч, computer – компьютер, monitor – монитор, display – дисплей, presentation – презентация, calculator – калькулятор, notebook – ноутбук,
жəне т.б. 2) Бұрыннан тілде бар атауларды жаңартып, ескіні жаңғыртып, жаңаша мəн беріп, түрлендіріп қолдану негізінде пайда болады. Англицизмдердің ұлттық тілдің байып, дамуы үшін, оның жаңа мағыналы сөздермен толықтырылып отыруы үшін мəні зор. Мысалы :briefing – брифинг, candidate – cміткер (кандидат), journalist – тілші(журналист) жəне т.б. Ал А. М. Қызырова «Ағылшын кірме сөздерінің қазақ тіліндегі ассuмиляция үдерісі» атты диссертациялық жұмысында ағылшын тілінен енген сөздерді талдап, əр кəсіпке байланысты саралап, талқылап қарастырған: Мысалы: Ақша жəне ақшамен байланысты ұғымдар: банкнот, инвестиция, депозит, пин код, банк, грин-кард, доллар, цент, шиллинг, пенс. Ер адам ұғымын білдіретін синонимдер: кcзетші-секьюрити, басXарма- менеджер, босс-шеф, жетекші-куратор-тьютор, іскер-бизнесмен, есепші-аудитор, атXамінер-жокей, тауарды жылжытушы-промоутер, ер адам-мэн, джентльмен, т.б. Демалыс: уик-энд, сейшн, фейшн, круиз, пати, шоп тур т.б.
Ойын: керлинг, хоккей, бокс, биллборд, боулинг, гольф, сквош, гейм, гандбол, футбол, кроссворд, аттракцион, крикет т.б. Ақпараттық терминдер компьютермен жұмыс істеу барысында кездеседі: геймер (компьютерлік ойындарды жақсы көретін адам), хакер, юзер (жеке компьютерді пайдаланушы), хардвер, софтвер, драйвер, провайдер, т.б. Хат-жазбалар: майл (компьютер арқылы жіберілетін хат), сайт, файл, е- майл т.б. Өлшем бірлігі: байт, мегабайт, т.б. Компьютердің атауы немесе компьютерлік ақпаратқа қатысы бар құрамдық бөлшектердің аты: ноутбук, пентиум, лаптоп, кэш, принтер, декомпилятор, джойстик, факс-модем т.б. Ресей ғалымдарының пікірінше əсіресе көптеген кірме лексика газет, журнал беттерінде көрінеді, сондықтан газет, журнал бетінде кездесетін мəтіндерді оқу үшін алдымен ағылшын тілін оқыту мəселесі өзекті болып келеді. Шетел тілінен енген сөздер ғылым мен əртүрлі халықаралық деңгейде іске асып жатқан шаралардың негізінде көптеп енуде. Бұл туралы А. Исланова «Шетел сөздердің белгілері мен деректері» атты еңбегінде атап, жұмыс барысында қазақ тіліне енген шетел сөздеріне толық сипат береді. Англицизмдерді дыбыстық құрамдық өзгерістерімен орыс тілі
арқылы қабылдаймыз. Қазақ тіліндегі шетел сөздерінің көптеп енуін халықтың ғаламторды кеңінен пайдалануын айтуға болады. Олар орыс тілі арқылы қазақ тіліне еніп тілдік қолданысқа енген ағылшын сөздері. Қазақ тіліндегі шетел тілінен енген сөздер бүгінгі таңда варианттылықпен беріліп жүр. Тілдік варианттардың біріне осы шетел сөздерін жатқызуға болады. Н.Уəлиұлы «біршама уақыт бəсекелесе қолданыла келген шеттілдік сөздер, ендігі жерде балама сөзге орын берді. Бұл дегеніміз кейбір терминдердің, шетелдік сөздердің қазақ тіліне аударылып қолдану мүмкіндігін жоққа шығармайды. Керісінше тіліміздің сөзді қоры кеңейіп, кемелденуінің белгісі екенін көрсетеді. Қазақ тілінде кездесетін осы сияқты сөздер тілдердің өзара əсерінен пайда болады. Тəуелсіздік алған уақыттан бері ұлттық құндылықтарымызға қайта үңіліп, тіліміздің өзіндік болмысын тарихи тұрғыдан тану, сөйлеу мəдениетін көтеру, тіл тұғырын берік ұстау міндеті бүгінгі күннің келелі мəселерінің бірі болып отыр. Болашақта жаһандану үдерісінде елдігімізді сақтап қалу үшін ана тіліміздің мəселелеріне ерекше көңіл бөлу керек. Сондықтан қазақ тіліндегі шетел сөздерінің соның ішінде, əсіресе ағылшын тілінің элементтеріне саралау қажет деп ойлаймыз.
2.2. Шоколадтың ағылшынша атауларын қазақ тілінде зерттеу.
Кейде есімізге қызық атау түссе, бірден бұл қайдан шықты екен деген ойға келеміз. Шет тіліндегі сөз болса, қазақша баламасын іздейміз. Басқа болса, не себеппен олай аталғаны қызықтыра түседі. Компания басшыларының креативті идеясынан шабыт аламыз. Ал шоколад атаулары қалай қойылды? “Ferrero Rocher” шоколады Forbes журналының рейтингі бойынша Италиядағы ең бай адам Микеле Ферреро атымен аталған. Атауы брендке айналған Ferrero компаниясы Нутелла, Киндер-сюрприз, Raffaello сияқты басқа да шоколадтар және кондитерлік өнімдер шығарады. “Nutella” крем-шоколады әрі пайдалы, әрі ерекше дәмімен құнды. Оның тарихы да тереңде. Алғашында «джандуйо» атауымен шыққан оның жетілдірілген нұсқасы «Supercrema» («Суперкрем») деп аталды. 12 жыл өткеннен кейін Микеле Феррероның ұлы шоколад құрамын тағы да өзгертіп,
Нутелла деген жаңа атау берді. Ол екі тіркестен құралған «nut» — «жаңғақ» деген мағына береді, ал «ella» — италиялық әйелдер есіміне жалғанатын жалғау. “Киндер-сюрприз” шоколады әр елде әр түрлі атаумен таралады. Германияда – «Kinder Uberraschung», Италия мен Испанияда – «Kinder Sorpresa», Португалия мен Бразилияда – «Kinder Surpresa», Швеция мен Норвегияда – «Kinderoverraskelse», Англияда – «Kinder Surprise» деп аталады. Байқағанымыздай, басыңқы сөзі ауысып отырады да, бағыныңқы «Киндер» сөзі өзгеріссіз қалады. Ол «балақай» деген мағына береді. “Nestle” тәттісін шығаратын компания атауы басшысының құрметіне қойылған. Швейцариялық дәрі-дәрмек маманы Генри Нестле нәрестеге қосымша берілетін не ана сүтін алмастыратын азық ойлап табуды ойға алды. Нәтижесінде Farine Lactee Henry Nestle атты өнім ойлап тапты. Қазақша мағынасы – «Генри Нестле сүтті ұны».
“KitKat” шоколад батончигі де Nestle компаниясының туындысы. Бұл атау 18-ші ғасырдағы саяси көшбасшылардан құралған KitKat клубының құрметіне қойылған болуы мүмкін. Ол клуб Кристофер Кэтлинг (Christopher Catling) үйінде орналасқан. Қысқартылғанда Kit-cat Kit — Christopher, Cat — Catling болып, клуб аты шығады. “Albeni шоколады түріктің атақты Ulker компаниясынан шығады. Сөзбе-сөз аударғанда, «Ал мені» дегендей болады, мағынасы – таңғажайып, тартымды деген сөздермен астасады.
“Mars” (Марс) батончигі ең көп сатылатын бренд болып табылады. Бұл атау өндірушінің тегіне берілген. Бренд пен бүкіл компанияның тарихы қарапайым американдық асханада басталады. Бұл жерде Фрэнк Марс жұбайымен арзан бағадағы конфеттер жасаумен айналысып бастайды. 1911 жылы көп еңбектің нәтижесінде осы орын компания дәрежесіне жетеді. Дамыған компания өз филиалын Англияда ашқанда, сатылымда Марс батончигі кеңінен пайда болды.
“Galaxy” («Кеңістік») – бұл шоколад тек Англияда емес, бүкіл Шығыс пен Африкада танымал. Көптеген мемлекеттерде бұл тәтті Dove атауымен танымал. Бренд сатылымда 1960 жылы пайда болған. 1986 жылдан бері Марс компаниясының басқарымында. Бұл маркада шоколадтан басқа, балмұздақтар мен ыстық шоколадтар да шығарылады.
“Raffaello” – ең танымал тәтті түрі болып табылады. 1982 жылы шығарыла бастады. Бұл нәзік шоколадтың өз атауы атақты итальяндық суретші Раффаэль де Сантидің есімінің құрметіне берілген.
“Bounty” – бұл шоколадтың ерекшелігі, жарнамалары таиландтағы тропикалық ормандарда түсірілген. “Bounty – жұмақ ләззаты” жарнамалық ұранымен танымал. Ағылшын тілінен аудармасы “жомарт” дегенді білдіреді.
«Milky Way» сүтті шоколады ағылшын тілінен аударғанда “құс жолы” деген мағынаны береді. Бұл шоколадтың американдық нұсқасы марс шоколадының баламасы болып табылады.
«Twix» 1968 жылы Ұлыбританияда шығарыла бастайды. 1979 жылы Америка құрама штаттарына импортталады. Ағылшын тілінің екі сөзінен құралған: “twin”-егіз және “biscuits”-печенье.
«Snikers» - АҚШ-тағы ең көп сатылатын тауар болып есептеледі. 1923жылы Фрэнк Марс алғаш рет бұл шоколадты жасайды. Атауы Марс әулетінің сүйікті жылқысының есіміне берілген.
«KinderSurprise» (итал. Kinder Sorpresa) ішінде тосын сыйы бар шоколадпен қапталған жұмыртқа. Шоколадпен қапталған жұмыртқа 1972 жылы жасалына бастайды. Ал оның ішіне кішкене тосын сыйларды салу дизайнер Генри Роттын идеясы.
Ағылшынша атауы бар шоколадтарды зерттей келе, олардың атауларының шығу тарихы өндірушінің немесе фабриканың атына берілетіндігін қорытындылап айтқым келеді.
Сонымен зерттелген шоколад атауларын былай сараптауға болады:
1. Ойлап табушы және өндірушілердің есімдеріне берілген атаулар
2. Кеңістік пен аспан денелеріне байланысты атаулар
3. Өмірдің әр түрлі жақтарына (спорт, тосын сый, жануар) байланысты атаулар
Қорытынды
Шоколадтардың ағылшын тілді атаулары тақырыбын зерттей келе, мен өзім үшін көп қызықты жайттарды білдім, ой-өрісімді кеңейттім, білімімді толықтырдым. Жобаны дайындау барысында мен сөздікпен жұмыс жасадым, кейбір сһздердің шығу тарихы туралы көптеген мәліметтер алдым, өз сыныптастарымнан сауалнама алуды үйрендім. Олардың кейбіреуі маған шоколад туралы қызықты мәіметтер табуға көмектесті. Осы тақырыпты зерттей келе, мен мынадай қорытындыға келдім. Шоколадтардың атаулары әртүрлі, және олардың шығу тарихы да әртүрлі. Шоколадтардың атаулары – бұл жай сөз емес, өз атауымен өзіндік жүйе құрайтын керемет әлем. Барлық атауларда қарапайым адами құндылықтарға деген құмарлық сақталады. Қоршаған әлем сұлулығы, балалар қуанышы, сезімдер мен эмоциялар – мұның бәрі тәттілер әлемі, дәмдер мерекесімен табиғи үйлесімділік табады. Көптеген ағылшын тілді атаулар шоколадтың өз негізіне сай пайда болғаны сөзсіз. Мен жарнамаларда, теледидарларда, дүкендерде көп кездесетін кірме сөздердің
шығу тариыхын зерттедім Мен келешекте осы секілді тауарлардың ағылшын тілді атауларын қызықтап, зерттей берем.
Менің зерттеу жұмысым көрсеткендей, біздің тілімізге енген ағылшынша атаулары бар тауарларды зерттеу арқылы, сөздік қорынды молайтуға болады. Атаулардың шығу тарихын зерттеу, оларды сараптау арқылы, алға қойған тапсырмаларды орындап, мақсатыма жеттім.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет. Марк Аллен, Дебра Повелл, Дикки Долби, ISBN 971405080750
2. Исланова А. Шетел сөздердің белгілері мен деректері. А., 2003 - 34б.
3. Қызырова Ə.М. Ағылшын кірме сөздерінің қазақ тіліндегі ассuмиляция үдерісі. Канд.дисс.автореф. –Алматы, 2007. 25 б.
4. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы, 2006. 259 б.
5. .Омарова А.Қ., Шыныбекова А.С. Қазақ тілі. Алматы: Бастау, 2003. 127 б.
6. Караваева, Н.А. Наименования сладостей и особенности их передачи на русский язык в сказке Р. Даля "Чарли и шоколадная фабрика" // Учен. зап. Ин- та социал. и гуманитар. знаний. - Казань, 2009. - Вып. 7. - С. 58-65.
7. Интернет сайттары.
Қосымша1. Шоколад атаулары.
Қосымша1. Шоколад атаулары.
Қосымша 2. Сауалнама нәтижелері
Сауалнама жүргізу үшін келесі сұрақтар таңдалынды:
1. Сіз шоколад атауларына назар аударасыз ба?
2. Шоколадтың ағылшынша атауларын түсінесіз бе?
Сауалнамаға 30 адам қатысты, 20-сы сыныптастарым және 10-ы үлкен адамдар
1-сұрақ: Сіз шоколад атауларына назар аударасыз ба?
Қорытынды: 55%-ы шоколад атауларына назар аударады.
2-сұрақ: Шоколадтың ағылшынша атауларын түсінесіз бе?
Қорытынды: 65%-ы ағылшынша атаулардың мағынасын түсінбейтіндігін айтты.
Шоколадтың ағылшынша атауларын қазақ тілінде зерттеу.
Кейде есімізге қызық атау түссе, бірден бұл қайдан шықты екен деген ойға келеміз. Шет тіліндегі сөз болса, қазақша баламасын іздейміз. Басқа болса, не себеппен олай аталғаны қызықтыра түседі. Компания басшыларының креативті идеясынан шабыт аламыз. Ал шоколад атаулары қалай қойылды?
“Ferrero Rocher” шоколады Forbes журналының рейтингі бойынша Италиядағы ең бай адам Микеле Ферреро атымен аталған. Атауы брендке айналған Ferrero компаниясы Нутелла, Киндер-сюрприз, Raffaello сияқты басқа да шоколадтар және кондитерлік өнімдер шығарады.
“Nutella” крем-шоколады әрі пайдалы, әрі ерекше дәмімен құнды. Оның тарихы да тереңде. Алғашында «джандуйо» атауымен шыққан оның жетілдірілген нұсқасы «Supercrema» («Суперкрем») деп аталды. 12 жыл өткеннен кейін Микеле Феррероның ұлы шоколад құрамын тағы да өзгертіп, Нутелла деген жаңа атау берді. Ол екі тіркестен құралған «nut» — «жаңғақ» деген мағына береді, ал «ella» — италиялық әйелдер есіміне жалғанатын жалғау.
“Киндер-сюрприз” шоколады әр елде әр түрлі атаумен таралады. Германияда – «Kinder Uberraschung», Италия мен Испанияда – «Kinder Sorpresa», Португалия мен Бразилияда – «Kinder Surpresa», Швеция мен Норвегияда – «Kinderoverraskelse», Англияда – «Kinder Surprise» деп аталады. Байқағанымыздай, басыңқы сөзі ауысып отырады да, бағыныңқы «Киндер» сөзі өзгеріссіз қалады. Ол «балақай» деген мағына береді.
“Nestle” тәттісін шығаратын компания атауы басшысының құрметіне қойылған. Швейцариялық дәрі-дәрмек маманы Генри Нестле нәрестеге қосымша берілетін не ана сүтін алмастыратын азық ойлап табуды ойға алды. Нәтижесінде Farine Lactee Henry Nestle атты өнім ойлап тапты. Қазақша мағынасы – «Генри Нестле сүтті ұны».
“KitKat” шоколад батончигі де Nestle компаниясының туындысы. Бұл атау 18-ші ғасырдағы саяси көшбасшылардан құралған KitKat клубының құрметіне қойылған болуы мүмкін. Ол клуб Кристофер Кэтлинг (Christopher Catling) үйінде орналасқан. Қысқартылғанда Kit-cat Kit — Christopher, Cat — Catling болып, клуб аты шығады. “Albeni шоколады түріктің атақты Ulker компаниясынан шығады. Сөзбе-сөз аударғанда, «Ал мені» дегендей болады, мағынасы – таңғажайып, тартымды деген сөздермен астасады.
“Mars” (Марс) батончигі ең көп сатылатын бренд болып табылады. Бұл атау өндірушінің тегіне берілген. Бренд пен бүкіл компанияның тарихы қарапайым американдық асханада басталады. Бұл жерде Фрэнк Марс жұбайымен арзан бағадағы конфеттер жасаумен айналысып бастайды. 1911 жылы көп еңбектің нәтижесінде осы орын компания дәрежесіне жетеді. Дамыған компания өз филиалын Англияда ашқанда, сатылымда Марс батончигі кеңінен пайда болды.
“Raffaello” – ең танымал тәтті түрі болып табылады. 1982 жылы шығарыла бастады. Бұл нәзік шоколадтың өз атауы атақты итальяндық суретші Раффаэль де Сантидің есімінің құрметіне берілген.
“Bounty” – бұл шоколадтың ерекшелігі, жарнамалары таиландтағы тропикалық ормандарда түсірілген. “Bounty – жұмақ ләззаты” жарнамалық ұранымен танымал. Ағылшын тілінен аудармасы “жомарт” дегенді білдіреді.
«Milky Way» сүтті шоколады ағылшын тілінен аударғанда “құс жолы” деген мағынаны береді. Бұл шоколадтың американдық нұсқасы марс шоколадының баламасы болып табылады.
«Twix» 1968 жылы Ұлыбританияда шығарыла бастайды. 1979 жылы Америка құрама штаттарына импортталады. Ағылшын тілінің екі сөзінен құралған: “twin”-егіз және “biscuits”-печенье.
«Snikers» - АҚШ-тағы ең көп сатылатын тауар болып есептеледі. 1923жылы Фрэнк Марс алғаш рет бұл шоколадты жасайды. Атауы Марс әулетінің сүйікті жылқысының есіміне берілген.
«KinderSurprise» (итал. Kinder Sorpresa) ішінде тосын сыйы бар шоколадпен қапталған жұмыртқа. Шоколадпен қапталған жұмыртқа 1972 жылы жасалына бастайды. Ал оның ішіне кішкене тосын сыйларды салу дизайнер Генри Роттын идеясы.
“Albeni” шоколады түріктің атақты Ulker компаниясынан шығады. Сөзбе-сөз аударғанда, «Ал мені» дегендей болады, мағынасы – таңғажайып, тартымды деген сөздермен астасады.

