Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба "CLIL-оқыту технологиясын математика сабақтарында қолдану" 10 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
«БЕКІТЕМІН»
Жаратылыстану факультетінің
деканы, техн.ғ.д., профессор
______________Ажиханов Н.Т.
«14» сәуір 2017ж.
МАГИСТРАНТТЫҢ ЖЕКЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ 2016-2017 ОҚУ
ЖЫЛЫНА ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ
1. Магистрант - Сулейманов Фаррух Абдурахманұлы
2. Факультет: “Жаратылыстану”
3. Кафедра: “Физика”
4. Ғылыми жетекші: PhD докт., Раманкулов Ш.Ж.
5. Магистрлік диссертация тақырыбы: “Физика сабақтарында пәндік – тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL) технологиясын пайдалану арқылы көптілді білім беруді іске асырудың тиімділігін арттыру”
6. Магистратура оқу кезеңі: 2016-2018 жылдары
7. Мамандық: 6М011000 – физика
8. Білім бағдарламасының атауы: Білім бағыты
9. Мекен-жайы: 161200, ОҚО, Түркістан қаласы, Баласағұн к-сі 54 үй
10. Электрондық почта: forever.nice@bk.ru
11. Тел.ном: 8 (778) 286 18 13, 8 (708) 286 18 13
Түркістан 2017ж.
Магистрлік дайындықтың білім беру бағдарламасының мазмұны БП
Мемлекеттік міндетті компонент 5 кредит саны І семестр
Пәннің коды |
Пәннің атауы |
Семестр |
Кредит саны |
Аттестация мерзімі |
Жетекешінің ағымдық аттестация туралы белгілері |
Бақылау түрі |
М.002 |
Шетел тілі (кәсіби) |
1 |
2 |
13.12.2016 |
А-/3,67 |
Орталықтан-дырылған тест |
М.003 |
Психология |
1 |
2 |
15.12.2016 |
А-/3,67 |
Орталықтан-дырылған тест |
М.016 |
Менеджмент |
1 |
1 |
20.12.2016 |
А/4,00 |
жазбаша |
Таңдау компоненті (БПТК) 5 кредит саны
Пәннің коды |
Пәннің атауы |
Семестр |
Кредит саны |
Аттестация мерзімі |
Жетекешінің ағымдық аттестация туралы белгілері |
Бақылау түрі |
М.09.124 |
Физикадағы күрделі есептерді шығару әдістемесі |
1 |
3 |
21.12.2016 |
B+/3,33 |
Жазбаша |
М.09.125 |
Физиканы оқытудың ақпараттық – телекоммуника-циялық технологиялары |
1 |
2 |
23.12.2016 |
A-/3,67 |
Жазбаша |
Таңдау компоненті(ТК) 8 кредит саны
М.09.126 |
Физикалық практикумды ұйымдастыру және өткізу әдістері |
1 |
4 |
27.12.16ж. |
A-/3,67 |
Емтихан |
М.09.127 |
Физиканы оқытудың ғылыми әдістемелік теориясы |
1 |
4 |
29.12.16ж. |
A-/3,67 |
Емтихан |
М.017 |
Магистрлік жобаны орындауды қоса есептегендегі магистранттың тәжірибелік – зерттеу жұмысы |
1 |
4 |
09.01.17ж |
А/4,00 |
Кәсіптік практика |
ІІ семестр
Кәсіби міндетті модулі (КП) 26 кредит саны/Mesleki Dersler (MD) 26 Kredi Sayısı/ Compulsory Component (CC) 26 Credits\
Міндетті компонент 3 кредит саны
Пәннің коды |
Пәннің атауы |
Семестр |
Кредит саны |
Аттестация мерзімі |
Жетекшінің ағымдық аттестация туралы белгілері |
Бақылау түрі |
1-блок қорытындысы |
М09.123 |
Қазіргі кездегі физиканың өзекті мәселелері
|
2 |
3 |
03.05.17ж. |
|
жазбаша |
90 |
Таңдау компоненті(ТК) 15 кредит саны
Пәннің коды |
Пәннің атауы |
Семестр |
Кредит саны |
Аттестация мерзімі |
Жетекшінің ағымдық аттестация туралы белгілері |
Бақылау түрі |
1-блок қорытындысы |
М09.128 |
Білім беру ғылымының даму тенденциялары
|
2 |
3 |
05.05.17ж. |
|
жазбаша |
91 |
М09.112 |
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу тәсілдері |
2 |
3 |
12.05.17ж. |
|
жазбаша |
88 |
М09.113 |
Қатты денелер физикасының таңдаулы тараулары |
2 |
3 |
15.05.17ж. |
|
жазбаша |
92 |
М.09.115 |
Физика философиясы
|
2 |
3 |
17.05.17ж. |
|
жазбаша |
94 |
М.09.129 |
Физикалық құбылыстарды компьютерлік модельдеу |
2 |
3 |
19.05.17ж. |
|
жазбаша |
90 |
М.017 |
Магистрлік жобаны орындауды қоса есептегендегі магистранттың тәжірибелік – зерттеу жұмысы |
2 |
4 |
08.05.17ж-08.07.17ж аралығы |
|
Кәсіптік практика |
-
|
6М011000 Физика мамандығының 1-ші курс магистранты Сулейманов Фаррухтың 2016-2017 оқу жылының жылдық оқу жұмыс жоспарының
ЕСЕБІ
Тақырыбы |
Физика сабақтарында пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL) технологиясын пайдалану арқылы көптілді білім беруді іске асырудың тиімділігін арттыру. |
Ғылыми жетекшісі |
Phd., аға оқытушы Ш.Ж. Раманкулов |
Диссертация тілі |
Ағылшын тілі |
Өзектілігі |
Қазіргі заман талабына сай ағылшын тілі жеке пәндерді оқытуда негізгі құралға айналып жатқандығы мәлім. Әсіресе, физика саласын ағылшын тілінде меңгеру, білімгерлердің ғылымдағы жаңалықтармен жылдам танысуына, әлемдік деңгейдегі зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жаңа бағыттағы ғылыми мақалалармен уақтылы танысып отыруына мүмкіндік береді. Ал бұл жағдай білімгерлердің бойында қазіргі заман талабына сай құзіреттіліктердің қалыптасуына септігін тигідеді. Сондықтанда пәнді ағылшын тілінде оқытуда CLIL технологиясын пайдалану оқытудың тиімділігін арттырады және қазіргі таңда бұл технологияны пайдалану арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізу өзекті мәселелердің бірі. |
Мақсат |
Физика сабақтарында пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL) технологиясын пайдалану арқылы көптілді білім беруді іске асырудың тиімділігін арттыру. |
Негізгі міндеттер |
- көптілді білім беру жүйесін іске асырудың тиімділігін арттырудың жолдарын зерттеу; - пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL) технологиясының физиканы оқытудағы маңыздылығын айқындау; - физиканы ағылшын тілінде меңгерту сабақтарының ұйымдастырушылық – құрылымдық моделдерін жасау; - педагогикалық эксперимент ұйымдастыру және жүргізу. |
Теориялық маңыздылығы |
Дидактика және оқыту үдерісінің әдіснамалық негіздері; оқыту үдерісі мен оқытуды моделдеу; білім беру мазмұнын дамытуға ықпал ететін педагогикалық-психологиялық және философиялық тұжырымдары мен ұстанымдары саналады. |
Ғылым жаңалығы |
- көптілді білім беру жүйесін іске асырудың тиімділігін арттырудың жолдары айқындалады; - пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL) технологиясының физиканы оқытудағы маңыздылығы айқындалады; - физиканы ағылшын тілінде меңгерту сабақтарының ұйымдастырушылық – құрылымдық моделдерін жасалынады; - педагогикалық эксперимент ұйымдастырылады. |
Практикалық маңыздылығы |
Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау үдерісінде, олардың кәсіби біліктілігін жетілдіруде, қашықтықтан оқытуда және мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіретін институттарда қолдану пайдалы. |
Зерттеу әдістемесі |
Зерттеу бағытына байланысты әдіснамалық, философиялық, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау, ақпараттық технологияларды сараптау, болашақ физика мұғалімдерінің кәсіби дайындығын жетілдірудің моделін жасау, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу, тесттерді құру, сауалнама жүргізу, математикалық-статистикалық әдістерді қолдану. |
Күтілетін нәтижелер |
- көптілді білім беру жүйесін іске асырудың тиімділігін арттырудың жолдары; - пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL) технологиясының физиканы оқытудағы маңыздылығы; - физиканы ағылшын тілінде меңгерту сабақтарының ұйымдастырушылық – құрылымдық моделдері; - педагогикалық эксперимент нәтижелері. |
Зерттеудің жалпы сипаттамасы.
Магистрлік диссертациялық ғылыми жұмыс бойынша
Тақырыбы: “Физика сабақтарында пәндік – тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL) технологиясын пайдалану арқылы көптілді білім беруді іске асырудың тиімділігін арттыру”
Жарияланған мақалалар:
№ |
Атауы |
Жұмыс сипаты |
Баспа, журнал (атауы, №, жылы), авторлық куәліктің № |
Көлемі (бет) |
Қосалқы авторлардың аты-жөні, тегі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
THE USE OF COMPUTER-BASED DEMONSTRATION EXPERIMENTS IN TEACHING PHYSICS |
мақала |
European Science and Technology: materials of the XV international research and practice conference, Munich, December 14th – 15th, 2016 / publishing office Vela Verlag Waldkraiburg – Munich – Germany, 2016 – 212 р. ISBN: 978-3-946227-25-0 |
4 |
Раманкулов Ш.Ж., Турмамбеков Т.А., Шектібаев Н.А. |
|
TO THE QUESTION OF THE USE OF CONTENT AND LANGUAGE INTEGRATED LEARNING CLIL |
мақала |
MATERIALS International scientific – practical conference “CURRENT ISSUES OF INNOVATIONS AND TRENDS IN CONTEMPORARY SCIENCE AND EDUCATION” dedicated to the 60th anniversary of professor T.A.Turmambekov, January 26-27, Part II 77 – 78 p. Turkestan 2017 ISBN:978-698-153-204-2 |
2 |
Паттаев А., Кулахмет Ж., Абдубаева Ф. |
Зерттеудің көкейкестілігі. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтар күні Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын негізге ала отырып зерттеу жұмыстары жүргізілген және ол жолдаудың осы диссертациялық жұмысымның тақырыбына қатысты төмендегідей тұжырымдама жасалынған: “Үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірленсін. Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі - жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды. 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз. Бұл мәселені тиянақты ойланып, ақылмен шешу қажет. Мектептердің және мұғалімдердің деңгейі, әсіресе ауыл мен қалада әртүрлі. Білікті педагогтардың жетіспеу проблемасы да бар. Сондықтан, осының барлығын ескеріп, ағылшын тілін кезең-кезеңмен енгізуіміз керек”.
“2020 жылға дейін халықтың 95
пайызы қазақша, 90 пайызы
орысша және 20 пайызы ағылшынша сөйлеуі қажет” (Қазақстан
Республикасының тілдерді дамыту және қолдану бойынша 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2011 жыл,
8-бет)
Осы міндеттерді орындау үшін қазіргі педагогикалық ЖОО – да оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдері, оқыту технологиялары зерттелініп келеді. Қазіргі заман талабына сай ағылшын тілі жеке пәндерді оқытуда негізгі құралға айналып жатқандығы мәлім. Әсіресе, физика саласын ағылшын тілінде меңгеру, білімгерлердің ғылымдағы жаңалықтармен жылдам танысуына, әлемдік деңгейдегі зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жаңа бағыттағы ғылыми мақалалармен уақтылы танысып отыруына мүмкіндік береді. Ал бұл жағдай білімгерлердің бойында қазіргі заман талабына сай құзіреттіліктердің қалыптасуына септігін тигізеді. Сондықтанда пәнді ағылшын тілінде оқытуда CLIL технологиясын пайдалану оқытудың тиімділігін арттырады және қазіргі таңда бұл технологияны пайдалану арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізу өзекті мәселелердің бірі.
CLIL, яғни пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісін Еуропалық комиссия 2004 – 2006 жылдарға арналған Еуропада көптілді білімді дамыту іс-қимылдары шеңберінде ұсынған. Аталмыш әдіс үздіксіз өзгеріс үстіндегі жаһандану заманында мектеп түлектерінің бәсекеге қабілеттіліктерінің бір белгісі болып табылатын тілдерді және басқа тілдерде пәндерді игеруді жүзеге асыру үшін әзірленген. Пәндік – тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL) технологиясын пайдалану арқылы көптілді білім беру туралы көптеген шетелдік ғалымдар зерттеген. Атап айтқанда, Марш (1994), Койл (2007), Далтон-Паффер (2007), Ценоз (2013), Зароуб (2008), Кунан (2007), Плейдвал-Болстер (2015), Лоренцо, Касаль және Moр (2009), Хант (2011), Фортан-Гомез (2013), Смит (2013), Пинджет (2014), Юрдакула (2015).
Атап айтсақ, CLIL-дің көзделген тілмен жұмыс жасауға беретін мүмкіндіктерін (Леон,2015; Хант, 2011; Васкез, Молина және Лопез, 2015);
жергілікті мұғалімдердің ағылшын тілі білімін дамыту әдістемесі (Агилар және Родригес, 2012); CLIL-дің ойлау қабілеттіктерін жоғарғы деңгейде дамыту әдістемесін (Койль, 2006); CLIL-ды позитивті түрде қабылдау мәселелерін (Гильмен-Суеста және Рено, 2015) зерттеді.
Сонымен қатар, көптілді сынып үшін көпмодальді стратегиялар мен әр-түрлі оқыту әдістерін қолдану әдістемесін (Фортнет-Гомез, 2013); бір тілден екінші тілге ауысу бойынша қатал ережелердің болмау қағидаларын (Кунан, 2007); оқушылардың тілді үйренуіне кері әсер тигізетін факторларды (Койль, 2007); CLIL өзге мәденитеттер жайында оқып білуге әсер етеді (Фортнет-Гомез, 2013); командада бірігіп оқытатын мұғалімдер арасында серіктестіктің болу маңыздылығы бір-бірінен үйрену және өзара қолдау мәселелерін (Гильмен-Суеста және Рено, 2015) зерттеді.
CLIL әдісі тілдік емес пән мұғалімдерінің пәндік мазмұнды екінші және үшінші тілде оқытуды білдіреді. Халықаралық практика мұндай әдістің орынды пайдаланған жағдайда жақсы нәтиже беретінін көрсеткен. Өйткені, пән мазмұны мен тілді оқыту өзара терең байланыста болады. Екеуі де ойлау қабілеті мен оқуды жақсарту үшін маңызды. Мағыналық мазмұнды талқылау мақсатымен басқалармен өзара әрекеттесу үшін тілді пайдалана отырып, адамдар өздерінің ойлау қабілетін жақсартады, бұл өз кезегінде олардың оқу қабілетін жақсартуына септігін тигізуі мүмкін. Осылайша бала біріншіден, «физика», «математика» немесе «химия» сияқты пәндік салаларға тән академиялық тілді, оған тән терминология мен грамматикалық ережелерді игереді, екіншіден екінші немесе үшінші тілде тиісті контекстіде кәдімгі өмірдегідей тікелей араласу үшін пайдалануға үйренеді.
Бұл әдістің Қазақстанның білім беру саласында қолданылуының болашағы бар. Себебі, ол оқушылардың сөздік қорын кеңейтеді және дербес жұмыс жасай алу қабілетін нығайтады, сондай-ақ жергілікті мұғалімдердің ағылшын тілі білімін дамытады.
Елімізде ocындaй жaғдaйдa орта бiлiм бepу жүйeciндe оқушыларға aғылшын тiлiн мeңгepтудiң тeopиялық нeгiздepi ғылыми тұpғыдaн зepттeлуi қoғaмдық қaжeттiлiк бoлып тaбылaды. Мұндағы мақсат, оқушылардың интeллeктуaлдық, шығapмaшылық мәдeниeтiн қaлыптacтыpу, aғылшын тiлiн мeңгepту apқылы тәpбиeciнe ықпaл eту, физика және басқа да жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде меңгеру қабілеттіліктерін дамыту бoлып тaбылaды.
Қaзipгi уaқыттa Қaзaқcтaндa жoғapы кәciптiк бiлiм бepу мәceлeлepiнe бaғыттaлғaн кeшeндi пeдaгoгикaлық зepттeулep жүзeгe acыpылудa. Мектепте физиканы ағылшын тілінде жүргізетін болашақ мұғалімдерді даярлау мәселелерін зерттеу кең өріс алды. Олардың ішінде, жoғapы oқу opындapы cтудeнттepiнiң шeтeл тiлдepiн E.Қ.Нұpлaнбeкoвaның, жoғapы oқу opындapындa шeтeл тiлiнeн cтудeнттepдiң өзiндiк eңбeктepiндe қарастырылған.
М.В.Бaкaнoвa «нaпpaвлeннocти cтудeнтoв вузa в пpoцecce oбучeния инocтpaннoму языку c иcпoльзoвaниeм инфopмaциoнныx тexнoлoгий» aтты бoлaшaқ бaғдapлaмaшылapдың кәciптiк қызмeтiнiң epeкшeлiктepiнe cәйкec шeтeл мүмкiндiктepi қapacтыpылғaн. A.A.Pыcкeльдинa өзiнiң «Кpeдиттiк oқыту жүйeci жaғдaйындa тiл мaмaны cтудeнттepiнiң кәciби бaғыттылығын дaмыту» aтты бaғыттылығын дaмытуғa әcepiн тигiзушi пeдaгoгикaлық шapттapды aйқындaп, oның үлгiciн ұcынғaн. Aвтop «кәciби бiлiктiлiк», «тiл бiлiктiлiгi» ұғымдapының мaғынa-мaзмұндapын aнықтaй oтыpып, aғылшын тiлi мaмaны cтудeнттepiнiң кәciби бaғыттылығын дaмыту әдicтeмeciн жacaғaн. Г.М.Касымова өзiнiң «Формирование коммуникативной компетентности будущих переводчиков диссертациялық болашақ аудармашылардың коммуникативтік құзырлығын қалыптастырудың ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыда қарастырған.
Aлaйдa, орта мектептерде физиканы aғылшын тiлiнде мeңгepтудe оқушылардың тілдік-пәндік құзыpлығын қaлыптacтыpу мәceлeciнe жeтe көңiл бөлiнбeгeндiгi, aғылшын тiлiнiң пән peтiндe, aтaп aйтcaқ, aғылшын тiлiнiң физика салалары бойынша пәнiнiң жaн-жaқты мүмкiндiктepi, физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды, физикадан есептер шығару мен экспериментальдық жұмыстарды, өзіндік ғылыми-зерттеу жұмыстарын ағылшын тілінде жеңіл меңгерту технологиялары мен әдістемесі жeтe қapacтыpылмaғaндығы aнықтaлды. Coндықтaн бұл мәceлeнi мaқcaтты түpдe шeшу үшiн, мектептерде aғылшын тiлiн мeңгepтудiң әдic-тәciлдepiн дaмыту, aғылшын тiлiнің физиканы оқытудағы мүмкiндiктepiн, oның жoлдapын жeтe зepттeп, тaлдaу қaжeттiлiгi туындaйды.
Әpинe, қaзipгi уaқыттa aғылшын тiлiн мeңгepту үшiн қoлдaнылaтын мaтepиaлдap caны жeткiлiктi. Оқулықтap, интернет-ресурстар, электрондық оқу құралдары Қaзaқcтaн мeктeптepi мeн жoғapы oқу opындapындa кeңiнeн қoлдaнылaды. Дегенмен мектеп физика курсында aғылшын тiлiн мeңгepтудe eң бipiншi кeзeктe, оқушының интeллeктуaлды әлeуeтiн, шығapмaшылық, aқпapaттық мәдeниeтiн жәнe кәciби құзыpлығын қaлыптacтыpу қaжeттiлiгi туындaйды. Орта бiлiм бepу жaғдaйындa оқушылардың кoммуникaтивтiк-тілдік құзыpлығын ic-жүзiндe нәтижeлi қaлыптacтыpу жoлдapын бip жүйeгe мәceлeлepi тoлық шeшiлмeй oтыp. Демек, ақпарат ағыны дамып жатқан заманда физика пәнін ағылшын тілінде меңгерту өзектілігі арта түседі.
Жoғapыдa aтaлғaн eңбeктepдi тeopиялық тұpғыдaн тaлдaу, oлapдың жoғapы кoммуникaтивтiк зepттeлгeнiмен, физиканы оқытуда оқушылардың тілдік құзыpлығын қaлыптacтыpу мәceлeciнiң ғылыми тұpғыдa әлi дe бoлca, шeшiмiн тaппaй oтыpғaндығын алға тартады. Сонымен қатар, орта оқу opындapындa физиканы оқытуда тілдік құзыpлықтapын қaлыптacтыpудың тeopиялық нeгiздepiнiң зepттeлмeуi жәнe oлapды тәжipибeдe жүзeгe acыpaтын әдicтeмeлiк құpaлдapдың жoқтығы apacындaғы қapaмa-қaйшылықтap туындaп oтыp. Ocы aтaлғaн қapaмa – қaйшылықтapдың шeшiмiн iздecтipу зepттeу тaқыpыбын “Физика сабақтарында пәндік – тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL) технологиясын пайдалану арқылы көптілді білім беруді іске асырудың тиімділігін арттыру” дeп тaңдaуғa нeгiз бoлды.
Көпмодальді оқытуды және
оқушыға бағытталған оқытуды көздей
отырып, мұғалімдер жоғарғы деңгейде ойлану қабілеті мен
ұлтаралық
коммуникацияны дамытатын әртүрлі оқыту әдістерін (аудио,
визуалды,
кинестетикалық, топтық жұмыс) пайдаланады, бір тілден екінші
тілге
ауысуды, сондай-ақ командада бірігіп оқыту әдістерін
қолданады.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасының ерекшеліктеріне әрбір деңгей бойынша тоқталайық.
Бастауыш мектепте:
– балабақшадан және бастауыш сыныптардан (1–5-сынып) тұрады;
– баланың білуге құмарлығы, ойын, жобалау және танымдық қызмет арқылы баланың жеке басын дамытады;
– бастауыш мектепте оқуға қажетті ептілік пен дағдыны дамытады;
– оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытады;
– жаңа кіріктірілген пәндер енгізіледі: «Ғылымға ену», «Әлемді тану», «АКТ», «Өнер».
Негізгі мектепке:
– математика мен жаратылыстану ғылымдары тереңдетіп оқытылады;
– екінші тілде оқытатын бірқатар пәндер енгізіледі
– «Қазақстан тарихы», «География», «Құқық негіздері» қазақ тілінде, «Дүниежүзілік тарих», «Информатика», «Дене тәрбиесі» орыс тілінде;
– «Өнер» жаңа кіріктірілген пән енгізіледі;
– ағылшын және бірінші тілдерде командалық сабақ беру енгізіледі.
Жоғары мектепте:
– стандартты және тереңдетілген деңгейде оқу үшін пәндерді таңдап алу мүмкіндігі беріледі;
– математика мен жаратылыстану ғылымдары тереңдетіп оқытылады;
– кәсіби бағдар беріледі (Career Building);
– жаңа кіріктірілген пәндер енгізіледі
– «Қазіргі заманғы әлемдегі Қазақстан», «Жаһандық перспективалар мен зерттеулер», «Экономика», «Әдебиет»;
– академиялық қазақ және орыс тілдерін дамытуға көңіл бөлінеді, ағылшын тілінде оқытуға мән беріледі.
Кіріктірілген білім беру бағдарламаларының маңызды ерекшелігі – бұл құжаттар құрылымы және мазмұны жағынан орта білімге арналған үздік шетелдік куррикулумдарға сәйкес келеді.
Кіріктірілген білім беру бағдарламаларына жаңа құрылым тән, оған мазмұны осы заманғы білім философиясына сай 10 тарау кіреді: пәннің маңызы, пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаттары, үштұғырлы саясатты жүзеге асыру, пән бойынша ұйымдастыру талаптарын сипаттау, педагогикалық тәсілдер, пәнде мәдениет пен көзқарастың алуан түрлілігіне құрмет қалыптастыру, пән бойынша ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану құзыреттілігі, пәнде коммуникативтік дағдыларды дамыту, пән бойынша бағалау тәсілдері, бағдарлама мазмұны, ұйымдастырылуы және бірізділігі.
Зерттеу мәселесі
-
Мақсат қойылғанымен, ағылшын тілінде оқыта алатын мұғалімдер саны жетіспеуде
-
CLIL-ды жүзеге асырудың дүниежүзілік тәжірибесі
зерттелгенімен, оны Қазақстанда жүзеге асыру зерттелмеген -
Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі CLIL-ды оқытушылар осы
әдісті жүзеге асырып жатыр, дегенмен олардың CLIL-ды қалай
қолданатыны бойынша, сондай-ақ мұғалімдердің оны қалай
түсініп жатқаны және кездестіруі мүмкін қиыншылақтарды
қалай шешетіні бойынша сапалық дәлелдер жоқтың қасы.
CLIL технологиясын қолдануда мұғалімдер мынадай қиыншылық-тармен кездеседі:
-
Мұғалімдер мен оқушылардың ағылшын тілін жетік білмеуі;
-
Бірлестікте біріге оқытатын мұғалімдер арасында серіктестіктің жетіспеушілігі;
-
Ортақ семинарлардың тапшылығы;
-
Оқулықтардың тапшылығы;
-
Институционалды қолдаудың жетіспеушілігі.
Зерттеудің мақсаты. Физика сабақтарында пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL – content and language integrated learning) технологиясын пайдалану арқылы көптілді білім беруді іске асырудың тиімділігін арттыру, көптілді білім беру жүйесін іске асырудың тиімділігін арттырудың жолдары айқындау.
Зерттеу нысаны. Жалпы білім беретін мектептегі, әсіресе жоғары сыныптағы физиканы оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні. Жалпы білім беретін мектептегі физика сабақтарында пәндік – тілдік кіріктірілген оқыту технологиясын пайдалану арқылы көптілді білім беруді іске асыру әдістемесін жетілдіру жолдары.
Жоспарланған апробация: Конференция материалдарында жариялау. Жұмыс нәтижесін ғылыми мақала түрінде басылымға беру.
Диссертация жазу барысында мынандай әдебиеттер қолданылды:
1. Antoniazzi, M.I.C., 2012. ICTs Applied to Formal Foreign Language Auraloral Assessment: ORALEX and Communicative Language Competences in English. Journal of Language Teaching & Research 3, 239–249.
2. Bonnett, A., 2012. Towards an Evidence Base for CLIL: How To Integrate Qualitative and Quantitative as well as Process, Product and Participant Perspectives in CLIL Research. International CLIL Research Journal 1.
3. Budvytytе-Gudienе, A., Toleikiene, R., 2008. Content and Language Integrated Learning: Features of Educational Methods. (cover story). Social Sciences (1392-0758) 60, 90–97.
4. Coyle, D., 2010. Evaluating the impact of CLIL programmes, in: Content and Language Integrated Learning. Cambridge English.
5. Dourda, K., Bratitsis, T., Griva, E., Papadopoulou, P., 2013. Combining Game Based Learning With Content and Language Integrated Learning Approaches: A Case Study Utilizing QR Codes and Google Earth in a Geography-Based Game.
6. Lasagabaster, D., 2008. Foreign Language Competence in Content and Language Integrated Courses. The Open Applied Linguistics Journal 1, 31–42.
7. Mendelson, A., 2009. Using Online Forums to Scaffold Oral Participation in Foreign Language Instruction. E-proceedings of the International Online Language Conference (IOLC) 8–22.
8. Аmiraliev A.D. (2003)., Ispolzovniye infokommunikatsionnyih tehnologiy v razvitii tvorcheskogo potentsiala budushih uchiteley fiziki v pedvuze. Dagestanskiy gosudarstvennyiy pedagogicheskiy universitet. Mahachkala. Rossia
9. H.Sh. Nguyon (2008)., Metodika primeneniya novyih informatsionnyih tehnologiy v obucheniya optike v sredney shkole Vetnama. Moskovskiy pedagogicheskiy gosudarstvenniy universitet. Moskva. Rossia
10. Berkimbaev, K.M, Sarybayeva, A.K., Ormanova, G.K., Usembaeva, I.B. & Ramankulov, Sh. (2013). To the question of the use of electronic educational resources for preparation of future physics teachers. Life Science J 10(10s), 105-108.
11. Jаppinen, A.-K., 2005. Thinking and Content Learning of Mathematics and Science as Cognitional Development in Content and Language Integrated Learning (CLIL): Teaching Through a Foreign Language in Finland. Language & Education: An International Journal 19, 148–169.
12. Lasagabaster, D., 2008. Foreign Language Competence in Content and Language Integrated Courses. The Open Applied Linguistics Journal 1, 31–42.
13. Mateo, R.M., 2012. An Experience on the Integration of ICT into a Teaching-learning Methodology of English as a Foreign Language. Journal of Language Teaching & Research 3, 289–294.
14. Ruiz de Zarobe, Y.R., 2008. CLIL and Foreign Language Learning: A Longitudinal Study in the Basque Country. International CLIL Research Journal 1.
15. Ruiz de Zarobe, Y.R., 2013. CLIL Implementation: from policy makers to individual initiatives. International Journal of Bilingual Education and Bilingualism, 16:3, 231-243.
16. Tarja Nikula, Dalton-Puffer, C., Llinares, A., 2013. CLIL classroom discourse. Journal of Immersion & Content-Based Language Education 1, 70–100.
17. Mehisto, P., Marsh, D., Frigols, M. (2008) Uncovering CLIL: Content and Language Integrated Learning in Bilingual and Multilingual Education. Macmillan: Oxford.
18. Mehisto, P. (2012). Excellence in Bilingual Education: A Guide for School Principals. Cambridge: Cambridge University Press.
19. Pavesi, M. Bertoccchi, D. Hofamannova M. & Kazianka, M. (2001) CLIL Guidelines for Teachers, TIE CLIL, Milan.
20. Loannou Georgiou, S. and Pavlou, P. Guidelines for CLIL Implementation in Primary and Pre-primary Education, 2011.
21. Cummins, J. (1979) Cognitive/academic language proficiency, linguistic interdependence, the optimum age question and some other matters. Working Papers on Bilingualism, No. 19, 121-129.
22. Dafouz, E. & Núñez, B. (2009) CLIL in higher education: devising a new learning landscape. In Dafouz, E. & Guerrini, M. (eds.) CLIL across education levels: opportunities for all (pp.101-112). Madrid: Richmond-Santillana Publishing.
23. Mehisto, P. (2008). CLIL Counterweights: Recognising and Decreasing Disjuncture in CLIL. International CLIL Research Journal,pp. 93-119. Retrieved from http://www.icrj.eu/11-75
24. Marsh, D. (2002). CLIL/EMILE: The European dimension: Actions, trends and foresight potential. European Commission. Retrieved 2nd March 2014
25. Halbach, A. (2009). The primary school teacher and the challenges of bilingual education. In Dafouz, E. & Guerrini, M. (eds.). CLIL across Educational Levels (pp.19-26). Madrid: Santillana.
Магистрант ___________ Сулейманов Ф.А.
Ғылыми жетекші, Phd., аға оқытушы ___________ Раманкулов Ш.Ж.
Кафедра меңгерушісі, ф-м.ғ.д., профессор ___________ Турмамбеков Т.А.