Материалдар / Ғылыми жоба: Иппотерапия - ат туризмінің пайдасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба: Иппотерапия - ат туризмінің пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда отандық туризмді дамыту мәселелері өте өзекті. Оның өзектілігінің негізгі себебі – елдегі экономикалық, әлеуметтік, имидждік мәселелердің осы туризм саласы арқылы оңдап алуға болатындығында жатса керек. «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығында да осы мәселелердің жай-жапсары егжей-тегжейлі баядалған. Соның бірі – «Қазақстанның туристік өнімдерін ақпараттандыру және ілгерілету мақсатында көшпелі іс-шараларды, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен туризм индустриясының шетелдік кәсіпқойлар үшін Қазақстан бойынша таныстыру турларын ұйымдастыру» екені белгілі. Қазақстанның туристік өнімдерін ақпараттандыру мәселесінде отан­дастарымыздың да толыққанды ақпаратпен қамтамасыз етілуі аса маңызды деп ойлаймыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2024
663
13 рет жүктелген
1900 ₸
Бүгін алсаңыз
+95 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +95 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Аннотация


Зерттеу мақсаты:  ат спортын насихаттау, иппотерапия саласымен танысу, жылқы жануарының маңыздылығын түсіндіру.

Жобаның міндеттері:

  • өлкеміздегі ипподромдардың жұмысына бақылау жүргізу;

  • ат спортының тарихына зерттеу;

  • иппотерапияның пайдасы мен зиянын анықтау.


Зерттеу нысанасы: ипподром, аттар, медицина

Зерттеу мәселесі: ат спортының дамуы
























МАЗМҰНЫ


І. Кіріспе.............................................................................................................3


ІІ. Негізгі бөлім:


2.1. Ат туризмінің тарихы................................................................................4

2.2. Ат туризмінің қиындық дәрежесі............................................................5

2.3. Иппотерапияның құдіреті........................................................................6-8

2.4. Экипировка және қауіпсіздік ережесі....................................................9-10

ІІІ. Қорытынды................................................................................................11


Пайдаланған әдебиеттер................................................................................12

Қосымша...........................................................................................................13
































I.Кіріспе

Бүгінгі таңда отандық туризмді дамыту мәселелері өте өзекті. Оның өзектілігінің негізгі себебі – елдегі экономикалық, әлеуметтік, имидждік мәселелердің осы туризм саласы арқылы оңдап алуға болатындығында жатса керек. «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығында да осы мәселелердің жай-жапсары егжей-тегжейлі баядалған.

Соның бірі – «Қазақстанның туристік өнімдерін ақпараттандыру және ілгерілету мақсатында көшпелі іс-шараларды, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен туризм индустриясының шетелдік кәсіпқойлар үшін Қазақстан бойынша таныстыру турларын ұйымдастыру» екені белгілі. Қазақстанның туристік өнімдерін ақпараттандыру мәселесінде отан­дастарымыздың да толыққанды ақпаратпен қамтамасыз етілуі аса маңызды деп ойлаймыз.

Әр мемлекет экономикасының дамуына түрлі факторлар әсер етеді. Соның басты факторларының бірі – туризм саласы дер едік. Біз бүгінгі таңда актуалды тақырып болып тұрған Қазақстандағы туризм туралы сөз өрбітпекпіз. Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықтар ежелден-ақ шет мемлекеттердің қызығушылығын оятқаны белгілі. Саяхат және туризм нысандары Қазақстанның кез-келген тұсында бар десек, артық айтпағанымыз болар еді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында атқа міну мәдениеті туралы басымдықты бірінші орынға қоюы тегін емес. Халқымыздың қазақы болмысын айқындайтын құндылық және ежелгі көшпелі халық болғанымызды білдіретін басты нышан – қазақ жылқысы.

Жаңа дәуірдің өрлеген уақытында осы құндылықтарымыздан айырылып қалмай, қасиетті мұра ретінде сақтап, көбейтіп, кейінгі ұрпаққа аманат етуіміз керек-ақ.

Қазақты тануда жылқының алатын орны бөлек. Дархан көңілді қазақты «астындағы жалғыз атын беретін» деп сипаттайтындығынан белгілі.

Қазақ халқының көшпенді өмір салтында, яғни, өркениетінде жылқының алатын орны айрықша. Жалпы халқымыз үшін жылқы қастерлі. Тіпті ер жігіттерге «ат жалын тартып мінген», «ат құлағында ойнайды» деп мақтау айтса – бұл шенді дәрежені білдірерліктей.

Жылқыны қолға үйрету үдерісі көшпелі өмірді едәуір жеңілдетіп, шаруашылықта маңызды рөл атқарды. Жылқы малының еті, қымызы азық болса, көлік ретінде қолдану өз алдына бөлек дүние.






2.1. Ат туризмінің тарихы

Жылқы төрт-түліктің бірі. Жылқы иесі Қамбар ата. Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, қасиеттеп жоғары бағалаған. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп. Жылқы баласы сүйкімді, әрі жүйрік болып келеді. Жылқы жасына қарай: құлын, тай, құнан, дөнен, айғыр деп аталады.

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды», дейді. Сол сияқты дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіров: «Қазақ халқы ежелден жылқы баққан, Артық көрген ат үстін алтын тақтан» десе, бұл тұрғыдан халқымыздың жылқытану қабілеті мен оның бағым-күтімі жайлы ілім-тәжірибесі жетерлік.

Ат туризмі - бұл белсенді демалу түрінің бірі болып табылады, ол аттың үстінде белгілі бір уақыт бойы саяхаттауды қамтиды. Кейбір ат базалары мен жеке атқорасы бар адамдар атшыларға ат жорықтарынан басқа, белгілі бір аң аулауға да қатысуға шақырады. Мысалы, Ресейде парфостық аң аулау сияқты типі өте ерте кездерден бері жалғасып келе жатыр. Аса тәжірибелі және мамандар үшін бірнеше аптаға созылатын жорық ұсынылады. Осы уақыт барысында атшыларды ойынның барлық ережелерімен, талаптарымен таныстырады.

СССP-дағы ең бірінші атпен жүру маршрутын («Катунь» туристік базасы – Қаракөл көлі (Алтай)) 1970 жылы Алтай өлкелік СТЭ-сі ұйымдастырды.1975 жылдан бастап ат маршруттары Башкирияда («Арский Камень» туристік базасы),Качерево-Черкеште («Теберда» туристік комплексі),Оңтүстік Оралда («Курган» туристік қонақ үйі), Шығыс Қазақстанда (Өскемендегі «Турист» қонақ үйі,Кемеров облысында «Юность» туристік базасы),Грузияда («Ваке» туристік қонақ үйі және «Кутанский» кемпингі) және т.б. ұйымдастырылады.

Жыл сайын туристік саяхаттауға 40 мыңнана астам адам қатысады. Ат маршруттары бар туристік базаларда туристерді атты ұстауды және атқа мінуді немесе ашық манежде (ауданы 40х60 метр жұмсақ жерді қоршалған алаң),немесе ашық алаңда (қоршалмаған алаң).Көп күндік саяхаттарға дайындық дала жағдайында өткізіледі,дайындық бадарламасына жаттығу серуендері міндетті түрде кіреді.Маршруттың негізгі бөліміне туристер сынақты сәтті тапсырған соң ғана қатысады.Атқа мініп серуендеу маршруттары кез келген жолдарда жүргізіледі.

Ат маршруттарының негізгі бөлімі туристердің өзіне-өзі қызмет етуіне және ашық далада тұруға есептелінген (жазда-шатырларды түнейді,ал қыста-баспаналарда түнейді, асты отта дайындайды, өздері аттардың күтімімен айналысады[1].

2.2. Ат туризмінің қиындық дәрежесі

Ат маршруттары ұзықтылығы бойынша бір сағаттан бірнеше күнге дейін, тіпті бірнеше айларға дейін созылуы мүмкін. Ат маршруттары бір сағаттан бір күнді қамтыса, онда оларды атты-жайлаулық дейді. 2 күндік маршруттарды жорықтар деп атайды. Ат маршруттары өзімен қоса, өзге адамдармен, яғни, бас топтан басқа, олардың тамақтары мен заттарын таситын топтың болуын да қамтамасыз етеді. Спорттық талаптарға сәйкес, ат жорығы спорттық деп аталады. Ат маршруттары: атқа салт мініп жүру, атқа салт мініп жүру мен қостау тобы бар және көсемдік жорықтар.

- Атқа салт мініп жүру маршруты - бұл маршрут барысында тамақ пен құрал-жабдықтар арнайы сөмкелерге салынып, аттың шетіне қыстырылып қойылатын және жорытағы аттар саны адамдар санына тең болады.

- Атқа салт мініп жүру мен қостау тобы бар - бұл маршрут барысында тамақ пен өзге құрал-жабдықтар басқа аттар немесе көлік құралдары арқылы тасымалданатын болған.

- Көсемдік жорықтар - мұндай маршрут барысында тамақ пен құрал-жабдықтар, туристер аттардың үстінде емес. арнайы экипаж кибитка ішінде орналасады. Ат туризмі деп. сонымен қатар, пони, түйе, есік, піл және т.б. үстіндегі жорықтарды атайды.

Спорттық маршруттар мен арақашықтық

Ат туризмі бойынша жарыстар "Спорттық туризм" талаптары мен ережелері бойынша жүргізіледі. Спорттық маршруттар классификациясы. Ат туризмінде жорықтардың 4 қиындық дәрежесін бөліп көрсетуге болады. Бірінші дәрежесі - ең оңай, ал төртіншісі - ең қиын. Жорықтың қиындық дәрежесі "Ат қа салт мініп жүру категориясының методикасына " байланысты анықталады.

Ат туризмі атқа мініп саяхаттау атқа мінушінің барлық бұлшықетін қозғалысқа түсіріп,денсаулыққа жақсы әсер береді. Атпен саяхаттау тек қана атқа мініп қана қоймай, жаяу (пешком) жүруге де мүмкіндік береді, ал ол нагрузканы кең көлемде ұлғайтуға жағдай жасайды. Ат туризмінің ерекшелігі сол, серуендеу кезінде барлық құралдар (жеке және топтық) және жүктер аттың ер-тоқымына бекітілген аспалы дорбаларда немесе арбаларда, шанада не болмаса жегілген аттармен тасылады.

Бұл – тек спорт емес, медицинада да қолданылатын емдеу жолының бір түрі. Аттың өзіне тән энергиясы болғандықтан, олар балалардың психоэмоционалды жағдайын түзеуге жәрдемдеседі. Атпен тілдесудің өзі де бала үшін терапияның бір түрі. Сонымен, ат спорты несімен ерекшеленеді екен?

Ат спортының түрлері

Конкур – кедергілерден өту, бұл ат спортындағы көпке танымал түрі.

Үйрету – аттың жүріс-тұрысын басқара білу.

Үшсайыс – бір атпен үш күнде үш түрлі дисциплина арқылы сайысу: манежде жүру, алаңда атты сынау, дәстүрлі конкур.


2.3. Иппотерапияның құдіреті


Ат спортының тек организмге ғана емес, адамның ішкі жан дүниесіне да пайдасы көп. Қамбар ата түлігі адамды негативтен тазарта алатын қасиетке ие.

Дертке дауа табудың бірден бір тиімді жолы - ол атпен серуендеу. Иппотерапия деп аталатын емнің бұл түрі даун, аутизм, цереберальді паралич сияқты ауруларда қолданылады. Елімізде салт атқа мінгізіп, ем жүргізу тоқсаныншы жылдардың басында пайда болды.

Ат спортының пайдасы туралы бірінші рет спортшылар емес, дәрігерлер сөз қозғаған еді. Олардың айтуынша, атпен серуендеу күрделі дерттердің де өзіне ем бола алады. Бұл – жай ғана дәлелденбеген қауесет деп қалмаңыз. Көптеген ауыр сырқатқа ұшырағандар атпен тілдесіп, жағдайлары жақсара түскен. Осыдан кейін арнайы «иппотерапия» термині қолданысқа еніп, ат спортының құдіреті төрткүл дүниеге таныла бастады.

Иппотерапия —  жүйке жүйесі зақымдалған науқасты жылқы жануары арқылы емдейтін медицинаның бір саласы.  Бұл әдіс әлемде тек қана тірек-қимыл жүйесі бұзылған емес, аутизм, сал ауруы, Даун синдромы және өзге де сырқаттарға шалдыққан балаларды  емдеуде кеңінен қолданылады. Иппотерапияны ат спортымен шатастыруға мүлде болмайды. Бұл медицина саласы жүргізетін баламалы ем түрі, яғни медициналық қызметкерлерге арналған арнайы бағдарлама бойынша жүзеге асатын сауықтыру әдісі.

Яғни науқастың жүйкесін оңалтуға әсер ететін әдіс-тәсілдерге жылқы жануарын қолданады. Атқа отыру – адамға биохимиялық тұрғыда ықпал жасап, ағзаны нығайта түседі. Иппотерапия дәрігер­лерінің айтуынша, жылқы бұлшық еттерінің қозғалысы массаж жасауға қабілетті көптеген элементтен тұрады және адам ағзасын ақырындап қыздырады. Өйткені, жылқы температурасы адамның дене қызуынан бір жарым градусқа жоғары болады. Атқа отырғанда тақымға берілетін жылу қан айналымын жақсартады. Тіпті, тақым арқылы тараған қан айналымы саусақтың ұшына дейін жүретін көрінеді. Ат ақырындап желгеннің өзінде 110 түрлі тербеліс тудырады екен. Желген кезде жануар бұлшық етінің қозғалысы мінген адамға беріледі. Салт жүргенде құлап қалмай, дұрыс отыра білу үшін қимыл-қозғалысты бақылап, тепе-теңдікті сақтау қажет. Міне, осындай кезде тірек-қимыл жүйесінің қызметі бұзылған науқастың күнделікті өмірде қимылсыз қалған бұлшық еттері іске қосылады. Сондай-ақ, бұл жүйке ауруының ауыр түрлерімен ауырған науқастарға қоршаған ортаны өз үйлесімімен қабылдауға, жаратылысқа ынталы болуына көмектесіп, жүректің қызметін жеделдетеді. Иппотерапия – жұлынға зақым келгенде, миға қан құйылғанда, бас сүйек-ми жарақатын алғанда, мінез-құлық өзгеріске ұшырағанда, көңіл-күй төмендегенде, ұмытшақтық пайда болғанда, тірек-қимыл аппараты қызметі бұзылғанда, бір сөзбен айтқанда, адамның жүйке жүйесіне қатысты ауруларды емдеуге қолданылады. Тіпті есту қабілеті мен көздің көруі нашарлағанда да иппотерапияға сүйеніп, ем қабылдауға болады деседі. Атқа мінуге дағдылану адамның сымбатты болуына да оң әсер етеді.


Иппотерапия - әртүрлі бұзылыстары бар балалардың физикалық және эмоционалдық жағдайын жақсарту үшін атқа міну, бірқатар оң терапиялық әсерлерін береді. Жылқы - ерекше позитивті энергиясы бар ерекше жануар, онымен қарым-қатынас жасағанда, балалар оңалту процестерін жақсартады. Атпен жаттығуларды орындау, қажетті моторикалы дағдылар қалыптасады.

Атпен тілдесу баланы сабырға шақырып, оның эмоциясын қалыпқа түсіріп, уайымынан арылтады. Aтта серуендеген бір сағатынан соң, олардың кері кеткен көңіл-күйлері қалыпқа келіп, есін шығарған сәтсіздіктері туралы мүлде ұмытып кетеді.

Ат спорты қан айналымын жақсартып, тыныс алу мен ас қорыту жүйесіне оң ықпал етеді. Аттың үстінде адам денесін тепе-теңдікте ұстап отыратындықтан, жауырын, іш пен кеуде бұлшық еттері босап-қатаю арқылы жаттыға түседі.

Ал ең үлкен пайдасы деп, баланың жануармен «әңгіме-дүкен құру» мүмкіндігіне ие бола алатындығын айтса болады. Көп бала алғашында атқа жақындауға қорқып, қашқақтағанымен, 1-2 серуеннен соң, жаңа «досына» қуана оралмақ. Бұл жануардың пайдасы сол, өзіне көңіл аударған аз уақытта-ақ адамның ішіндегі күйзелістен арылтып, көңіл-күйін көтеріп тастайды.

Жаттығу кезінде баланың алатын физикалық жүктемесі туралы естен шығармаған дұрыс. Организмдегі барлық жүйе мен бұлшық еттің жұмысы көбейеді. Серуендеу барысында арқа бұлшық еті жұмыс жасаса, аттың жүрісін жылдамдатқанда аяқ бұлшық еттері де іске араласады. Тіпті, фитнесте жасалған жаттығулар атпен серуендегендей пайда әкелмейді. Себебі, залда кей бұлшық еттер тобына жүктеме түспейді.

Ат спорты балалардың вестибулярлық аппаратын бекітіп, артық салмақтан арылуға аэробикалық жүктемелерден де жақсырақ көмектеседі.

«Тұлпар» ат клубының жаттықтырушысы Самат Сүлейменов:

« салт атпен аяңдап жүруде адам бір сағатта 300 калория жоғалтса, үзбей желістен тіпті ол калорияны екі еселеуге болады дейді. Әрине, бұл көрсеткіш ересек адамдарға тән болғанымен, бала да аз уақытта артық салмақтың проблемасынан құтылады» - дейді.

Иппотерапия келесі жағдайларда рұқсат етілмейді:

  • Мойын және бел омыртқасының туа біткен ауытқулары бар Даун синдромы;

  • миопия (жоғары дәреже);

  • глаукома;

  • өткір кезеңдегі кез-келген қабыну аурулары;

  • көптеген бүйрек тастары;

  • операциядан кейінгі кезең.

Ат спорты қандай зиян әкелуі мүмкін?

Ат спорты – бір жағынан көрген көзді сүйсіндіріп, жан тыныштандыратын іс сияқты. Алайда, кей кезде аттар мінезін көрсетіп, бағынбай, тіпті үстіндегі адамды құлатып кетуі ғажап емес. Мұнымен қоса, ат спортының тағы қандай қаупі бар және кімдерге атпен серуендеуге болмайды?

Ат үстінде серуендегенде бала жүрегі күшті режимде жұмыс жасап, соғуы жиілеп, қысым көтеріледі. Бұл спортпен гипертония мен жүрек ақауы бар жандар айналыспауы керек. Ат үстінде көп селкілдеуге тура келетіндіктен, буынында дерті бар адамдарға да тыйым салынады.

Сонымен қатар, жамбас аумағында патологиясы бар және жыныс мүшелері дертті балаларды да ат үстіне шығаруға тыйым салынады.


Әлемдік медицинада иппотерапияның алғашқы тұжырымдамасы Гиппократтың еңбектерінде кездеседі. XVIII ғасырдың ортасында энциклопедияшы Дени Дидро «Атпен жүрудің денсаулықты сақтаудағы маңызы» атты трактатында жаттығулардың ішінде алғашқы кезекте атқа мінуді атап, оның көмегімен көптеген ауруларды емдеуге мүмкіндік бар екендігін жазды. Иппотерапияның адам ағзасына өте пайдалы екендігі ХІХ ға­сырдың соңында ғылыми түрде зерттеле бастады. Еуропадағы ақсүйек әулеттердің жылқымен көп әуестенуінің бір ұшығы оны физикалық ем ретінде қабылдауда жатыр. Жарты ғасыр бұрын Германия, Швейцария және Австрия сияқты мемлекеттерде иппотерапия қосымша емдік курс ретінде пайдаланыла бастады. 1980-жылдардың соңында америкалық және канадалық терапевтер Германияда осы ілімді үйреніп, Солтүстік Америка қоғамына енгізді. Соның нәтижесінде 1992 жылы АҚШ-та алғашқы америкалық иппотерапевтер қауымдастығы құрылған болатын.


Сұхбат

Ұлттық спорт түрлерінен балалар жасөспірімдер спорт мектебі, иппотерапия бөлімінің әдіскері Бимурзин Мәди Ізтұрғанұлы: «Қазақта жылқы малы өте қасиетті, текті жануар. Неге десеңіз, сынықшылардың өзі сыныққа жылқы майын пайдаланады. Себебі жықының майы сүйекті жібітіп, орнына салуға ем. Ат біркелкі 38 градус температураны қысы –жазы ұстап тұрады, сол арқылы ем жүргізіледі.

Жалпы иппотерапия қазақ елінде бұрыннан бар,бірақ Қазақстанда нағыз дамыған кезі 2013 жылдан бастап. Ал Ақтөбе қаласында 2014 жылдан бастаған болатынбыз. Бірақ заңды түрде мемлекеттің қолдауымен 2019 жылдан бастап белгілі санаттағы балалрға тегін ем жүргіземіз».







2.4. Экипировка және қауіпсіздік ережесі


Ат клубына бармас бұрын, ат спортына арналған экипировка жиынтығы қажет. Оның қатарына мыналар кіреді:

Сырты арнайы матадан тігілген, аяқты терлетпейтін қонышы бар етік;

Кішкене өкшесі бар, табаны жұмсақтау, арнайы аяқ киім;

еркін тұратын сырт киім;

ең бастысы – сапасы жақсы шлем, алғашында оны жалға алуға да болады.

Атпен ешкімнің көмегінсіз серуендеу үшін қауіпсіздік ережесін жатқа білу керек. Олар:

нұсқаушының айтуымен жүру, өз еркімен ешқандай шара қолданбау;

атқа ұрысып сөйлеп, дауыс көтермеу керек, агрессивті қарым-қатынасқа жол берілмегені дұрыс;

аттың артынан қағып, сипап қою керек.

Бала атпен 5-6 жасында-ақ таныса береді. Бірақ, бұл жалғыз өзі серуендеуге әлі ертерек уақыт. Алайда, ат клубына барып, аттармен жүздесіп, басқа жандардың жаттығуларын бақылауға ешкім кедергі келтірмеу керек. Ал кәсіби ат спорт мектебіне 10 жастан қабылдайды. Оған дейін бала атты бағындыра алмай әбігерге түсіп, жарақат алып қалуы мүмкін. Алдымен жаттықтырушы атқа мініп-түсуді үйретіп, одан кейін жақын маңға серуенге алып шығады.

Ат клубына аса мән берген жөн. Жануарлардың денсаулығы да маңызды рөл ойнайды. Сол сияқты нұсқаушының квалификациясы мен тәжірибесіне де көңіл аударып, баламен жұмыс істей алу қабілетін бақылау қажет. Атпен шабу қиынның қиыны, балаңыз жаттықтырушысыз оны меңгере алмауы мүмкін.

Десе де, қазақ халқының жанына жақын жануардың бірі осы – жылқы. Оның үстіне бұл жануарды қолға үйреткен де біздің арғы ата-бабамыз. Қанда бар ептілік баланың атты жылдам өзіне бағындырып алатынына күмән келтірмейді. Ауылдық елді мекендерде атпен желіп бара жатқан бес жасар баланы да көруге болады. Ал қалалықта тұратындар үшін ат экспонат секілді көрінуі мүмкін. Сол үшін олар ипподром мен ат спорты клубтарына арнайы барып, баланың атқа деген махабатын ашып, осы спорттың қыр-сырымен таныстырады.

Айтпақшы, ат спортымен айналысу арзан тұрмайтынын ескертеміз. Жай бір сағаттық серуендеудің өзі Ақтөбе қаласындағы клубтарда бес мың теңгеден жоғары. Ал тәжірибелі нұсқаушының көмегіне жүгіну одан да көбірек қаржыны талап етеді.








Зертеу Практикасы: жылқы суару


Жылқының дене құрылысының 63 пайызы сұйық заттан тұрады. Ағзадағы зат алмасу процесі су арқылы іске асады. Күнделікті тұтынған суының 5-7 пайызын сыртқа шығарып отырады. Егер жылқы судан тарыққан жағдайда салмағының 10 пайызын жедел жоғалтады.

Жылқы судан тарыққан жағдайда:

Жайылымда күнделікті қоректенетін шөп қорының 10-15 пайызын кем жейді.

Ас қорыту ағзаларының қызметі нашарлайды.

Жайылым кезіндегі қозғалысы мен қуаты 20 пайызға құлдырайды.

Ауруға ұшырау ықтималдығы 15-25 пайызға артады.

Суыққа төтеп беру мүмкіндігі төмендейді.

Майынан тез арылады.

-Биелердің іш тастауы 25-30 пайыздық үлеске ие болады.

Күнделікті суарылып отырған жағдайда:

Күнделікті қоректенетін шөп қоры 30 пайызға дейін артады.

Ас қорыту ағзаларының қызметі қалыпты болады.

Жас жылқылардың өсу процесі 5 пайызға жеделдейді.

Суыққа төзімді болады.

Тәулігіне 178-430 грамм ет қосады.

Жаз айларында жылқыны таза ағынды өзен-бұлақ суымен суарған абзал. Лай судың зияны көп. Сол сияқты тым ащы сумен суаруға болмайды. Егер судың құрамында кобальт, фтор секілді химиялық элементтер көп болса, жылқының жетілуіне кедергі келтіреді және тісі кетіледі.

Жылқы тәулігіне 25-30 литр су ішеді. Жаздың жаңбырлы күндері 15-20 литр су қажетсінеді. Тай-құлындар сақа жылқыға қарағанда суды 50 пайыз аз тұтынады. Тәжірибелі жылқышылар ыстық күндері желіде байланған жас құлынның арқасына күніне 2 дүркін су себеді. Бұл құлынды күннің өткір сәулесіне ұрынудан сақтайды.

Қысты күндері даланың табиғи сулары мұзға айналатындықтан жылқыны көп жағдайда құдық суымен суарады. Сондай-ақ жылқыны қарлатып суару деген бар. Яғни жылқы қар жеп шөлін басады. Бірақ бұл әрекет жылқының шөлін толық қандырмайды. Сол себепті қарлаған жылқыны аптасына бір дүркін қыста қатпайтын қарасу-бұлақ басына апарған тиімді.

Жылқы жаздың ыстық күндері 6-8 минутта, салқын күндері 3-4 минутта, жауынды күндері 2-3 минутта, көктем айларында 3-6 минутта, қыста 2-3 минутта суға қанып үлгереді. Жылқы түлігі басқа малдар сияқты суды бөліп-бөліп ішпейді, бір дүркін бас алмай сіміреді.

Жылқы су ішіп жатқанда ебедейсіз қылық көрсетіп үркітуге, оқыс дауыс көтеріп айғайлауға болмайды. Тек жайлап жеңіл ысқырып тұрған жөн.



III. ҚОРЫТЫНДЫ


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!