Материалдар / ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖАЗУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ҚАДАМДАРЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖАЗУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ҚАДАМДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖАЗУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ҚАДАМДАРЫ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2024
1010
8 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖАЗУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ҚАДАМДАРЫ

Дастанова Мөлдір Даулетқызы

225 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Баланың білуге, өз бетімен ізденуге деген құштарлығын арттыру, өздігінен жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндеті. Мен жұмыс жасайтын №225 орта мектептің бастауыш сыныптарында «Жас дарын», «Жас зерттеуші», «Жас эколог», «Қаламгер» және т.б үйірмелер жұмыс жасайды. Осы үйірмелер барысында балалардың қызығушылығы бойынша зерттеу жұмысын жасауға көмек көрсетіліп, бағыт-бағдар беріліп отырады. Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түсетіні белгілі.

Ең алдымен ғылыми жоба жазудағы басты мақсат қандай соны білу керек. Ғылыми жоба жазуға қандай талаптар қойылады, ол талаптар бізге келетін байқауды ұйымдастырушылардың ережелерінде көрсетіліп отырады. Осы ережеден тыс кетпеуіміз керек. Осы орайда оқушы қандай бағытта ғылыми жоба қорғағалы отыр? Оқушыны қандай тақырып қызықтырады? Яғни мынадай міндеттерді білуіміз керек: алдымен тақырыпты айқындап, тақырып айқындалғаннан кейін қысқа-нұсқа нақты тақырыпты ашатындай жоспар құруды үйрену қажет. Сонымен қатар барлық жұмыс қадамдары зерттеу күнделігіне толтырылып отыруы қажет. Ғылыми жобаны жазуда тақырыбыңызға қатысты қандай зерттеу еңбектері бар, жобаның қандай қосалқы құжаттары бар және оларды қалай дайындаймыз соны үйрену керек. Жұмыстың жоспарға сай жазылу жолдарын меңгеріп, ғылыми жобаның техникалық тұрғыдан рәсімделу талаптарын үйрену қажет.

Зерттеу жұмысын кезең-кезеңімен жүзеге асырамыз.

  1. Ғылыми жетекшімен бірлесе отырып, жоба тақырыбын таңдау

  2. Ғылыми жетекшімен бірлесе отырып, жоба тақырыбын таңдау

  3. Ғылыми жұмыс жазылып, қорғауға дайындық жүргізіледі

Ғылыми жетекші жұмысты бастан аяқ бақылап, бағыт-бағдар беріп отырады. Ғылыми жетекшіге мынадай талаптар қойылады.

  1. Жетекшісі ғылыми жоба тақырыбын жете түсініп, өзінің де жеткілікті дайындығы мол болуы керек

  2. Жоба жетекшісі білім алушының ғылыми жоба дайындауға деген ықыласы мен қызығушылығын оята білуі керек

  3. Ғылыми жоба тақырыбының жаттанды, қайталама емес, жаңашылдығы басым болуын басты назарда ұстауы қажет

Тақырып- ғылыми жобаның басты өзегі болып табылады. Тақырып- қысқа формада құрылуы тиіс. Тақырып- жоба бағытын айқындайтын болғандықтан ғылыми жобада тақырып ашылуы, тақырып бойынша әдебиеттер мен дереккөздер таңдалынып алынуы қажет. Тақырып – мағыналы, айқын, нақты болуы керек және Тақырыптың өзекті, өмірдегі көкейтесті мәселелердің шешімін таба алатындай болуына назар аудару керек.

Ғылыми жобаның мұқаба бетінің рәсімделуі «Ережеде» көрсетілген талаптарға сай болуы, бұл жерде ғылыми жобаға ұсынылатын негізгі бағыт пен секция атауы міндетті түрде көрсетілуі қажет. Мұқаба беттен кейін ғылыми жоба жоспары орналасады. Бұл беттер нөмірленбейді. Мұқаба бетте ғылыми жоба авторы, жетекшісі мен кеңесші туралы толық ақпарат берілуі керек.

Ғылыми жоба мазмұнында жұмыс жоспары көрсетіледі. Жоба кіріспе мен қорытынды, әдебиеттер тізімінен басқа негізгі бөлімінен тұрады. Негізгі бөлім екі немесе үш тараудан тұрады. Олардың әрқайсысы тараушыларға жіктеледі.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттелу деңгейі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері белгіленеді. Еңбектің ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар мен жобаның құрылымы жөнінде мәліметтер беріледі.

Ғылыми жобаның сипаттамасында жоба туралы түсінік, қысқаша шолу беріледі. Ғылыми жобаны жазудағы мақсат өте айқын, анық көрсетілуі тиіс. Білім алушының қандай да бір ғылыми жаңалық ашуға деген ұмтылысын зерттеу жұмысының мақсаты айқындайды. Мақсатына қарай міндеттері көрсетіледі. Ғылыми жоба тақырыбына сәйкес қандай ғылыми әдебиеттер бар, осыларды алдын-ала анықтап, осы бағыттағы зерттеу еңбектері мен олардың авторлары туралы мәлімет жазылады. Жобаның ғылыми жаңалығы нақты ой-тұжырымдар арқылы беріледі.

Зерттеу әдістерін өзімнің жетекшілік жасаған жобамда қалай жүзеге асырғаныммен бөлісе кетсем, «Арал теңізі ұлтанындағы көлдерде өскен қамыстың халыққа пайдасы» тақырыбын зерттеуде менің оқушым Қаржаубай Ерасыл: Арал теңізі тарихы, оның географиялық аумағы және экологиялық ахуалы жөнінде сонымен қатар қамыс өсімдігі жөнінде жан-жақты зерттеді. Қажетті жерінде салыстырмалы, жүйелі талдау қағидалары назарда ұсталып, тарихи танымдық тәсіл, жинақтау, логикалық сараптау әдістері қолданылды». Дереккөздерде тақырыпқа сай талданатын көркем әдеби шығармалар, хрестоматиялық еңбектер көрсетілді. Ғылыми жоба жоспарға сай қандай бөлімдерден тұратындығы көрсетіледі. Мәселен, «Ғылыми жоба кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрды».

Негізгі бөлім (теориялық және практикалық бөлім)-нен тұрды. Тақырып мазмұны мен ғылыми жобаның теориялық және практикалық бөлімі жоспарға сай толық та тиянақты ашылды. Негізгі бөлімде автордың алдына қойған мақсатымен идеясы сарапталды. Ой-тұжырым нақты деректер мен мысалдар арқылы дәлелденді. Ізденуші Қаржаубай Ерасыл: Арал теңізінің тартылған ұлтанында орналасқан Кәукей ауылын және ондағы қамыс өсімдігінің жалпы қасиетіне баса назар аударып, қазіргі таңда ауылда жұмыссыз жүрген жастарға жұмыс көзін табу мақсатында және қамыс өсімдігін әлемдік нарыққа шикізат ретінде емес дайын материал ретінде шығарып ұлттық брендке айналдыруға болатынына талдау жасады. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу еңбектеріне сілтеме жасалды және негізгі бөлім бірнеше бөлім мен тараудан тұрды. Әр бөлім мен тараулардың арасында байланыс болды.

Негізгі бөлімдегі бөлім мен тараулар бас әріптермен, қою бояумен жазылады. Жаңа тарау жаңа парақтан басталып жазылады. Бір бөлімде екі тарау болса, олар жаңа парақтан басталмайды. Екі аралық бос жол (пробель) тасталып жазылады.

Зерттеуші-ғалымдардың пікірлері тырнақшаға алынып, ол еңбекке сілтеме жасалынды. Сілтеме көрсеткіші тік жақшада беріледі: алдымен рет санына қарай әдебиеттің пайдаланылу реті, содан соң нешінші беттен алынғандығы көрсетілді. Мысалы: [3.163-167 бб.] Жоғарыда айтылғандай, теориялық тұжырым көркем шығармадан мысалдар келтіру арқылы сабақтастырылды. Дәлелдеме мен тұжырым жасалды.

Қорытынды бөлімінде: Арал теңізінің ұлтанында жатқан ауылдардың айналасындағы көлдер маңында жүздеген гектар жерлерде қамыстар орылмай жатқанын, осы табиғаттың сыйын бағалап, одан сапалы да бағалы материал жасап шығаруға болатынын айтты. Елімізге де, өзімізге де пайдалы іспен айналысып, денсаулыққа пайдалы қамыс шиін өндіріп, тұрмыста қолдануға болатынына баса назар аудартты. Осы орайда екі қолға бір күрек таппай жүрген ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, ауылдың әлеуметтік жағдайын едәуір көтеруге болатынын, инвесторлар тартып, өндіріс орнын ашуға болатынын, сонымен қатар өзінің бар болғаны бесінші сынып оқушысы екендігін алайда, болашақта білімін шыңдап, туған жердің көркейіп, өркендеуі үшін осы кезден бастап ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеруге, күн санап ауылдан жұмыс таппай қалаға көшіп кетіп жатқан тұрғындар қатарын азайтуға өз үлесін қосқысы келетінін, Арал өңірінің экологиясына пайдалы іспен айналысқысы келетінін айта отырып, Болашақ Қазақстанның өркендеуі - өзі секілді патриот жас буынның қолында екеніне, елдің өркендеуі үшін ауылдың жағдайын жақсартудан бастау керектігіне баса назар аудартты. Ерасыл өзінің жобасында:

1.Жергілікті жерде қамыстан ДСП материалын жасау ісі қолға алынса.

2.Халық денсаулығы үшін, шыптаны тұрмыста кеңірек қолдану насихатталса; деген ұсынысымен қорытындылады. Ғылыми жоба тарауларындағы негізгі ой мен мәліметтер жақсы тұжырымдалды. Жоба авторының өзіндік көзқарасы, идеясы түйінделді. Жоба мақсатына сәйкес автордың ұсыныстары мен пікірі берілді.

Әдебиеттер тізімі пайдаланылу ретіне қарай тізімделді. Бұл ретте ең алдымен автордың аты-жөні, кітаптың аты, жарыққа шыққан қала мен баспасы, шыққан жылы, неше беттен тұратыны көрсетіледі. БАҚ-ында жарық көрген материалға сілтеме жасалса, автордың аты-жөні, мақала атауы//газет-журнал атауы мен шыққан жылы, нөмірі көрсетіледі. Электронды ресурстарда еңбектің авторы, материал атауы және алынған сайт жазылды.

Зерттеуші тақырыпты таңдаған күннен бастап, ғылыми еңбекті таңдау, оқу және талдау, сұрыптау, жобаны рәсімдеу және толық аяқтап шыққан күнге дейін күнделік толтырды.

Ғылыми-зерттеу күнделігіне тоқталар болсақ онда зерттеушінің жасаған жұмыстары кезең-кезеңімен сипатталды. Жетекші ретінде күнделік мазмұнымен таныса отырып, әр параққа қолымды қойдым. Сын-ескертпе, ұсыныс-пікірлерін айттым. Күнделікте сонымен қатар, сын-ескертпелермен балаға түсіндіріле отырып, жұмыс жасалды. Ғылыми зерттеу күнделігінің бастапқы парағында жауапты маманның қолы қойылып, мектеп мөрімен расталды.

Қортыта айтқанда жас ізденушім Қаржаубай Ерасылдың «Арал теңізі ұлтанындағы көлдерде өскен қамыстың халыққа пайдасы» атты жұмысы аудандық, облыстық, Республикалық «ЗЕРДЕ» ғылыми жобалар байқауының кезеңдерінде І орындарымен марапатталды. Осы орайда оқушымен жұмыс жасай отырып өзім жеткен бірқатар жетістіктерімді баяндай кетсем, 2021 жылы білім министрі А.Аймағамбетовтің «Құрмет грамотасымен», Қазалы ауданы әкімі М.Ергешбаевтің «Алғысымен», Облыстық білім басқармасының басшысы А.Қасымованың «Алғысымен» марапатталдым. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелеу, қанаттандыру жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек біздің қолымыздан келетін қасиеттер. Сондықтан баланы шабыттандырып, алдағы мақсатына жетуіне өз үлесімізді қоса берейік құрметті әріптестер.















ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жоба жазу арқылы зерттеушілік құзіреттілігін дамыту. Ұстаз.кз сайты. Шаихова С.А

  2. Ғылыми жоба дайындаудың әдіс-тәсілдері, тиімді жолдары. uCoz сайты

  3. Оқушыларды дамытуда ғылыми жобаның рөлі зор. Жуалы аудандық газеті. Жаңа өмір газеті. 14 қараша, 2023ж

  4. Бастауыыыш сынып оқушыларының ғылыми жоба жазу барысында зерттеушілік қабілетін дамыту. Білім айнасы газеті. Астана, 2017ж









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!