Астана қаласы №73 мектеп-лицейінің
тарихы пәнінің мұғалімі,
педагог-зерттеуші
Байдолда Марат
Тарихтан ғылыми жоба жазуда ескерілетін бірегей тәсілдер
ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры. Қазіргі уақытта жер бетіндегі барша байлық пен стратегиялық ресурстардың ішіндегі ең маңыздысы білім және интеллектіге негізделген ғылым болып отыр. Ғылымы дамыған ел өркениеттің шыңын бағындырады. Оған бүгінгі көз ілеспес жылдамдықпен алға кетіп бара жатқан қоғам дәлел. Жалпы білімнің шыңы ғылым десек ол алдымен мектепте қалыптасады. Мектеп – білімнің бастапқы ұясы. Мектепте алатын білімді одан әрі дамыту, сапаландыру, қолдана білуде түрлі зияткерлік бағыттағы шаралардың алар орны бөлек. Қазіргі уақытта босы бағытта еліміздің білім салаларында дәстүрлі түрде қолға алынып келе жатқан шаралар жеткілікті. Қабілетті оқушылардың білімін бағалауда, оларды ынталандыруда осындай шаралардың алар орны бөлек. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы тарапынан өткізілетін дәстүрлі ғылыми жобалар сайысы жас ғалымдардың ғылымды бағындыру бастамаларына жол салып, бағыт беріп келеді. Түрлі бағыттар бойынша өткізілетін ғылыми жобалар сайысына қатысатын оқушылар саны жыл сайын артып келеді. Мектеп қабырғасында ғылыми жобаны қолға алып, соны одан әрі дамыту бағытында еңбектеніп жатқан оқушылар баршылық. Бұл ең алдымен ғылымға ашылған қақпа деп атасақ болады. Ғылыми жобалар сайысы мектептегі пәндерді толығымен дерлік қамтиды. «Қазақстаннның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары» бағыты бойынша «Тарих», «Этномәдениеттану», «Өлкетану», «Адам және қоғам» секцияларына жыл сайын көптеген оқушылар өзі жобаларымен қатысуда. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы аталған салалар бойынша ғылыми жоба жазу оңай емес. Мысалға тарих саласын алар болсақ, онда шешімін таппаған мәселе мен ашылмай жатқан ғасырлар қойнауындағы рухани-материалдық құндылықтар қаншама. Тақырыптардың көптігі өзі алдына. Осы бағытта оқушылар ғылыми жобаны қолға алғанда бірша белестерді бағындыру қажет. Жалпы оқушылар жазатын ғылыми жоба ғылым кандидаты қорғаған диссертацияның бөлімімен деңгейлес болуы қажет. Ғылыми жобалар ең алдымен оқушыны шабыттандырса, бара-бара алдына мақсат қойып, белгілі шыңды бағындыру бүшін еңбектенуге бағыттайды. Бұл үшін арнайы бағыт беретін теориялық базаны жетілдіру қажет. Себебі бұл болашаққа үлкен істің басы. Негізгі айтпағымыз қоғамдық ғылымдардың ішіндегі күрделі сала болып табылатын тарих ғылымына байланысты. Жобаға іріктеп алатын тақырыптардың молдығы өзі алдына. Ашылмай жатқан көмбелер жеткілікті. Мұғалім (жетекші) мен оқушының жұмысы осы бағытта өрбімек. Оқушылардың ғылыми жобасы – ғылымның бастауы десек те болады.
Тарих секциясы бойынша ғылыми жобалар жазудың өзіндік ерекшелігі мен қиындығы бір төбе. Осы мақалада ғылыми жоба жазуда қолданылатын негізгі тәсілдер, заманауи мүмкіндіктерді үйлестіре пайдалану, басты ескерілетін мәселелер сөз болмақ. Сонымен қатар тақырып таңдаудағы ерекшеліктер айтылады.
Өзектілігі, қазіргі уақытта тарих ғылымы бойынша бастапқы ғылыми жобалар жазуда ескерілетін мәселе, түрлі бағыттағы деректерді бірізділікпен үйлестіре білу, деректерді табудағы басты жүзеге асырылатын әрекеттер, заттай, жазба және пәлсапалық тұрғыдағы аңыз, мифтерді қолданудың тәсілдері, барлық дәлел-дәйек негізінде ғылыми жаңалықты ашу жолы т.б. мәселерді нақтылауда
Бұдан осы мақаланың ғылыми тұрғыдағы жаңалығы шығады. Бұл ең алдымен оқушыларға ғылыми жоба бастауда негіз болатын ізденіске бағыттайды. Және жүйелі, қызықты тақырып таңдауға бағыттайды. Деректерді іздеу үдерісі, оны кәдеге жарату, соңында ғылымға қосылатын үлес ғылыми жаңалық ашуға әкелетін бағытты түсіндіреді.
Тарих ғылымы әлі де құпиясы мол көмбелерге бай. Адамзат баласы жаратылғаннан жүріп өткен өркениеттің сан-саласында әлі де ашылмаған беймәлім сырлар аз емес. Бұл ең алдымен сырларды ашуға деген қызығушылық тудырады. Ізденіске жетелейді. Жобаға негіз салады. Оқушының ең алдымен тарих саласынан қолайлы, қызықты тақырыптаңдаудың өзі ерекшелігі бар. Жетекші алдымен оқушыға жобаның тақырыбын таңдауға, жоспарын құруға бағыт беріп, көмектеседі. Тақырып жалпы жұмыстың сипатын ашып, бағыттап тұратындай боуы қажет. Мағынасы айқын болуы шарт. Беймәлім болып келген, аз зерттелген, сонымен қатар қызықтыратында тақырып таңдалуы шарт. Мектептегі тарих пәнін оқыту бағдарламасы аясында, бірақ сыры ашылмаған, және де соған оқушыны бағыттап тұратындай тағырыптың маңызы зор. Тақырыпжалпы жобаға қатысуға қандай да бір пайдасы тиетіндей болуы абзал. Күтпеген жаңалыққа бағыттайтын, өзіне тән ерекшеліктері болса маңызы арта түседі. Тақырып таңдауда оқушылардың жас ерекшелігін ескеру қажет. Осы бағыт бойынша жазылған бұрынғы жобалармен танысып, өзіне қажеттісін зерделеу жобаға біршама көмегі тиеді. Тақырып таңдауда көмек ретінде біраз мысал келтірер болсақ. Белгілі бір тұлғалар жайында алсақ. Ұлы Отан соғысы жылдарында барлауда қызмет еткен тағдыры беймәлім қыз Ақжібек Мұқашева, зұлмат жылдардағы қым-қиғаш тағдыры бар Құныскерей, батыр бала Болатбек т.б. зерттеуді қажет ететін тұлғалар тақырыбы өзекті болмақ. Қожа Ахмет Яссауи кесенесін салғанда «екінші ұстаз», ғалым Әл-Фарабидің геометриялық туындыларындағы заңдылықты қолдануды зерттеу де маңызды тақырып. Алысқа бармай елордамыз – Астананың ХІХ ғасырдағы (Ақмоланың) шағын кәсіпкерлігінің дамуы, өңдеу саласының өркендеуі сияқты маңызды тақырыптарды көрсетуге болады.
Тақырып таңдалды, енді іске кірісу кезеңінің өзінің ерекшелігі бар. Жобаның жоспары құрылады. Жоспар басынан және дамуы кезеңі мен жалпы ашылатын ғылыми жаңалыққа келіп тірелетін иерархиялық жүйеде болу қажет. Бастауы, ол кіріспе. Кіріспеде жалпы тақырып туралы сипаттама, көкейкестілігі, мақсатттары мен міндеті, өзектілігі, ғылыми жаңалығы, деректеме көздері болуы қажет. Ғылыми жаңалығы мен өзектілігін дәлелдер арқылы нақтылап қойған жөн. Осының ішінде деректемеге тоқталар болсақ. Осы бағыттағы зерттеу жұмыстары, туындылар, зерттеу жүргізген ғалымдар, дереккөздердің бағыттары, барлығынан шыққан қорытынды көрсетілуі қажет. Жобада қолданылған деректердің маңыздылығына тоқталып, қысқаша сипаттама берген дұрыс. Одан әрі негізгі бөлім. Негізгі бөлімнің жоспары тақырыпты біртіндеп ашатындай жүйелі болуы қажет. Жалпы тақырып пен оның ішіндегі бөлім тақырыпшалар болуы маңызды (Мысалы, 1,2; 2.1 т.б. белгіленеді.). Негізгі бөлім зерттеудің теориялық және практикалық тұстарының үйлесімдігімен ерекшеленіп тұруымен маңызды. Бұдан әрі қорытындыда жобаның негізгі бекіту тұрғысындағы сипаттамасы болуы шарт. Не істелінді, қандай нәтиже шығарылды, одан шығатын қорытынды, болашақта осы бағытта не істелінуі қажет т.б. Жоба соңында нақты пайдаланылған әдебиеттер әліпби ретімен жазылады.
Жетекшімен бірлесе отырып зерттеу жұмысының жоспарын құрып алғаны абзал. Қай тараптан қандай дерек іздеу, оны қалай пайдалану, одан шығатын жаңалықтар бағытын анықтау сияқты. Жұмыстың қай бөлімі бойынша ізденіс жасайтын деректер жүйесін құру негізгі жұмыс болмақ. Ізденіс жүргізетін деректеме бойынша тоқталсақ.
-
Тарихи әдебиеттер (кітаптар),
-
Бұшқаралық ақпарат құрал өнімдері (газет, жұрнал, электронды БАҚ),
-
Ақпараттық технологиялар мүмкіндігі (ғаламтор),
-
Мұражай, кітапхана, мәдени мекемелер,
-
Тарихи ескерткіштер,
-
Тұлғалармен жүздесу,
-
Мамандармен жүздесу,
-
Түрлі бағыттағы саяхаттар, экскурсияға қатысу,
-
Басқалармен пікір алмасу,
-
Аңыз, миф т.б. саралау,
-
Мұрағат деректері (мүмкіндігінше)
Жұмыстың теориялық жағынан талдау жүйелеутің біршама артықшылықтары бар. Онда маңыздылығын, өзектілігін, негізгі ерекшеліктерін сипаттай отыра, осы тақырып аясында түрлі көзқарастарды жүйелі түрде зерделеу т.б. теориялық мазмұнды құрайды. Зерттеудің тәжірибелік бөлімі тақырып бойынша басты мәселелердің қыр-сырын түсіндіретін, шешімін табуға итермелейтін түрлі әдістерді пайдалану әрекетін анықтайды. Бұнда зерттеуші өзінің зерттеу дағдысын таныстыра алады. Ізденіс, пікір алысу, сауалнама өткізу, деректерді жинау, ақпараттарды екшеу т.б. дағдылардың маңыздылығы жоғары.
Тарихтың қандай да бір тақырыбы жүйелі зерттеуді, ізденісті қажет етеді. Жоба жоспарын жасағаннан кейін алдымен тарихи әдебиеттерден тақырыпқа байланысты балама деректерді молынан екшеп алған дұрыс. Ондағы деректер пікір алуандығымен ерекшеленіп тұрған дүрыс. Тарихшылар көзқарасы, еңбектері жеке сараланады. Саяхатшылардың пікірлері, көрген білгендері жоба үшін өте қажет. Мысалға алғанда ежелгі және орта ғасырдағы зерттеуші, саяхатшылар естеліктері көп жиналған дұрыс (Мысалы, Әл-Омари, Ибн Баттута, В.Рубрук, Марко Поло т.б.). Бұларды біріктіре отырып, ортақ сипаттама шыра білу қажет. Бір ғана Ш.Уәлиханов ескеліктерін алсақ жеткілікті. БАҚ материалдарының маңыздылығы жоғары. Мұнда ескеретін жағдай, өткен ғасырдағы БАҚ материалдарының қорын іздеп табу. Себебі сол кездегі оқиға туралы дәл сол уақытта шығып тұрған баспасөз өнімдері мол, шынайы деректер береді. Болған оқиғаны сол кезде қасында жүріп суреттеген журналистер еңбегі қашанда өзі маңызын жоғалтпайды. Баспасөз қорлары еліміздің кітапханаларында сақтаулы екенін білеміз. Арнайы тақырып бойынша сол кезді зерттеген зерттеушілермен, сол бағытта қызмет істеген тұлғалармен жүздесіп пікір алысу ғылыми жобаға жаңаша серпін берері сөзсіз. Мысалға алсақ көне түрік жазуын зерттеуде өзіндік қолтаңбасы бар Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің профессоры Қ.Сартқожаұлы т.б. Алаш тақырыбын, түркология саласын зерттеушілер ортамызда бар. Тарихи орындарға саяхаттың өзіндік маңызы бар. Бозоқ қалашығы, Алжир, Ботай қонысы және Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Таңбалы тас және көне қалалар тұнған тарих, ішіне бүккені мол жәдігер екені даусыз. Мұражай қорлары да көп көмегін тигізеді. Қазіргі ең өзекті де маңызды зерттеу жұмыстарын жүргізу бағытында қолданылатын сала ол – ғаламтор. Ғаламторда мәліметтер мол жинақталған. Онда пікір алуандығы да бар. Бірақ зерттеу жұмысына ғаламторды пайдалануда көптеген мәселелерге баса көңіл аудару қажет. Ол алдымен шынайылығы. Екіншіден онда авторлық құқықтың бұзылуы көрініс тауып қалуы мүмкін. Ғаламтордан тақырып бойынша балама жұмыстармен кеңірек танысқан жөн. Ерекшелігі, артықшылығы, кемшілігі т.б. екшеп алған дұрыс. Аңыз әңгімелерді пайдаланудың тиімділіг бар. Тарихи романдарды тарихи деректермен сабақтастыра отырып, зерделеу біршама қызықты. Мысалға Қ.Сәтбаев тақырыбын таңдаған оқушыға Медек Сәрсекенің «Қазақтың Қанышы» деректі романының берері көп. «Көшпенділер» трилогиясында пайдалануға қажетті деректерді молынан табуға болады. Зерттеу жұмысын жүйелеудегі ең маңызды тұсы ғылыми жаңалықтың болуы. Түрлі деректерді екшей отырып, шынайлыққа жақын дерек негізінде зерттеуші ортақ пайым жасауы қажет. Мысалы, бірнеше саяхатшының естелігін сараптай отырып, өзіне қажетті бағытқа жақын деректерді құрастыру. Орта ғасырдағы саяхатшылардың естеліктеріндегі сол кездегі саяси жағдайды суреттеген бөлігінен мысалға ұлттық құндылыққа байланысты бір сөйлем болсын тауып оны өрбіту қызықты. Мұражайдан қару-жарақ үлгісін көру арқылы оның ерекшелігін құрастырып шығаруға болады. Тағы бір қызықты бағыт, кітапханалардан белгілі бір баспасөз тігінділерін жинақтау арқылы белгілі бір кезеңдегі сол газет немесе жұрналдың тарихын анықтап шығу, оны жазу біршама қызықты. Немесе сол кездегі сол баспасөздің саяси немесе мәдени бағыты бойынша зерттеу жүргізуге болады. Тарихи жаңалық шығаруда логикалық ойлау жүйесінің тигізер әсері көп. Әсіресе бұл тәсіл жоба жазуға заттай деректерді қолданған кезде тиімді. Ашылған тарихи жаңалық озқушылардың жас ерекшелігіне сай болуы қажет. Оқушылар тарихи жаңалық ашуда қысқа, деректер көптеп табылатын тақырыптардың өзі ерекшелігі бар. Өзі өлкесінің немесе мектебінің тарихы т.б. тақырыптардың қызықты тұстары бар. Бір мысал келтіре кетсек, 2004 жылдан бастап білім нәтижесін бағалауда қолданылатын Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің бағыттары бойынша жазылатын ғылыми жоба оқушыларға талдау жасау үшін тамаша бағыт береді.
Биылғы оқу жылында жүзеге асырылған оқушының ғылыми жобасы, оны дайындау барысы, зерттеу бағыты, ізденіс және басқа да көптеген атқарылған шараларға тоқталсақ. Тарих секциясы бойынша тақырып таңдауда көп мәселені назарға алдық. Соны тақырып, зерттеу жүргізілсе де ашылмаған тұстары бар бағыттарды таңдауға тырыстық. Тақырып таңдауда ұлттық құндылықты ескердік. Жалпы қазақ халқының қалыптасу үдерісі, даму барысы біршама зерттелгенімен, сырын ішіне бүккен тұстары да жоқ емес. Сондай күрделі бағыттардың бірі қазақ диаспорасы тақырыбы. Әлемге тарыдай шашыраған қазақтардың тағдыр талайы, тарихы қызықты. Қазақ диаспорасының қалыптасу барысы аса күрделі. Сондықтан «ХХ ғасырдың өн бойындағы қазақ диаспорасының миграциялық үдерісі, Түркия және Еуропа құрлығына қоныстану» тақырыбы бойынша зерттеу жұмысын бастадық. Қазақ диаспорасының қалыптаса бастаған уақыты XVIII-XIX ғасырлар десек, қазақтардың Анадолия, Еуропа жеріне қоныстануы ХХ ғасырдың өн бойы болып табылады. Алдымен талапқа сай жоспары құрылды, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Одан басқа ізденіс жоспары жасалып, онда басты атқарылар шаруалар жүйеленді. Қазақ диаспорасына қатысты жарық көрген еңбектерді саралауға біршама уақыт жұмсалды. Ол кітаптар, көркем әдебиеттер. Шетелдегі белгілі қазақ ғалым, қайраткерлердің шығармаларына көбірек көңіл бөлінді. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көртеген матераилдар жоспар бойынша сараланды. Ғаламтор мәліметтерін бір жүйеге келтіру біршама қеңбекті талап етті. Ғаламторда мәліметтердің көп болғанымен тақырыбы нақты ашатын тұстары сирек немесе толық емес. Әсіресе ғаламтор мәліметтерін саралай отыра тақырыпқа байланысты жаңа тұжырым жасау жобаның ең қызықты тұсы болды. Сол кезді көзбен көрген тұлғалардың естеліктерінің маңызы зор болды. Дәлелхан Жаналтай, Зардыхан Қинаятұлы, Халифа Алтай, Хасен Өралтай т.б. сол кездегі зұлматты көзімен көрген немесе, сол тақырыпты бүге-шігесіне дейін білетіндер. Алтайдан Тибетке, Гималай арқылы Үндістанға одан Пәкістанға ақыр аяғында Түркияға барып пана тапқан алаш баласының жүріп өткен жолын көрген, сол азапты бірге тартқан Жүніс Булутай естелігі қаншама деректерді алдыға тартты. Арнайы жоспар бойынша Шығыс Түркістаннан Гималай арқылы Түркияға одан әрі Еуропаға қоныстану процесі, қиыншылықтары барлығы рет-ретімен жазылды. Көші себептерін, тартқан тауқыметін ашып көрсету басты міндет ретінде алынды. Профессор Қаржаубай Сартқожаұлы біршама тамаша деректерді алға тартты. Сонымен қатар шетел басылымдарын аудару арқылы жаңа деректерді жүйелеу қолға алынды. Көптеген деректерді салыстыра келе ортақ жаңалық ашу, тұжырымдау мәселесіне басты назар аударылды. Әсіресе Гималай асқан қазақтар тартқан тауқыметі бұрын көп зерттелмеген тұсы болып табылады. Үндістан, Пәкістан жеріне барып шоғырланған қазақтардың алдағы күніне жасаған жоспары, көш бағытын қайда бұру жөнінде кеңес өткізуі, ақыры соңында Түркия елі таңдалып, сол елге өтініш жолдау жоба ретімен көрсетілді. ХХ ғасырдың 50-жылдардағы Түркия мемлекетінің басшылығының шығарған арнайы бұйрығы, сол арқылы қазақтарды Түркия жеріне шоғырланыдырып, оданы әрі бейімдеу мақсатында қолға алынған шаралар нақты дәлел-деректер арқылы тұжырымдалды. ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап Түркия арқылы Батыс Еуропаға қоныстануы (ол кезде капиталистік елдер азаматтары үшін Шығыс Еуропа елдеріне қоныстану мүмкін емес еді) егжейлі тегжейлі талданды. Ғылыми туындыларды саралау барысында, тарихи концептуалдық жүйеге сүйене отырып жұмыс жасалды. Біршама уақыт алдымен ізденіске кетті. Табылған деректерді жүйелеудің маңызы бөлек. Бұл деректерді пайдалануда біршша мәселені ескердік. Ең алдымен пікір қайшылығы, қарама-қайшы деректерден ортақ пайым, дәйек шығаруға тура келді. Қазақ ұлтының өкілдерінің көш жолдарын анқытауда (естелік, кітаптарда көрсетілмеген жер-су аттары бойынша) саяси, физикалық, топографиялық карталарды қолдануға тура келді. Қазақтар басып өткен елдердің дәл сол кездегі (ХХ ғасырдың 40-50 жылдары) саяси-экономикалық ахуалын, геасяси жағдайын зерделедік. Сол елдердің ұлттық, көш-қон саясаты туралы деректер арқылы сол кездегі қалыптасқан жағдайды саралап зерттеу жобасына ендірдік. Жобаның тағы бір ерекшелігі қазақ тарихына беймәлім тарихи тұлғалардың сипатталуы болды. Әсіресе Шығыс Түркістандағы азаттық қозғалыстың басында болып, кейіннен Гималай асқан қазақ көшінің алғышебінде жүрген қаншама тарихи тұлғалар бар. Олар туралы алғаш рет осы зерттеу жұмысында айтылады. Елісхан, Аянбет батыр, Солтан Зұқаұлы, Зайып тәйжі, Бәйеке қажы, Османг молда, Шерияздан молда, Мардан үкірдай, Сүлеймен қажы, хамза Жақияұлы т.б. Бұлардың барлығы сол кезде халқы үшін басын бәйгеге тіккен біртуар тұлғалар еді. Осы жұмыс барысында аталған тұлғалар жайында алғаш рет біршама деректер негізінде жаздық.
Ғылыми жобаны әзірлеу барысында деректерге барынша жүйелі түрде қарау, орынды қолдану үдерісіне қатты мән берілді. Әр бөлімде ғылыми жаңалықтар назар аударларлықтай тұрғыда көрсетілді. Әр бөлім соңында нендей деңгейге жеттік, не алдық деген сияқты сұраққа жауап берілді. Тарихи деректер арқылы жаңалық ашу үдерісін, тұжырымдамалар жазу барысы барынша ескерілді. Деректердің көмескі тұсы болған жерде осы бағыт бойынша ойша жобалау, болжамдау дағдысы іске қосылды. Жазбаша деректер мен аңыздардың үйлесім табуы барынша реттелді. Тұлғалардың естеліктері мен белгілі тұлғалармен пікір алысу нәтижесінде жинақталған деректер бойынша ортақ тарихи хроника жасалды. Жобаны аяқтау барысында қорытынды жасалып, жүзеге асырылған шараларға жалпы шолу жасап, не іске асырылды, неге қол жеткізілмеді, келешекте осы бағытта қандай шаралар атқарылуы қажет екені сараланды.
Тарихтан ғылыми жобаны жазуда ең алдымен пікір алуандығына назар аударған жөн. Маңыздысы деректерді ждинақтау, оны қайдан алу жолдарын жүйелеу болып табылады. Тарихтан жазылған ғылыми жоба қашанда сыни пікірлерге толы болатындықтан, осы жағына баса назар аударған дұрыс. Мектептегі ғылыми жоба ғылым шыңына бастар жол десек, оның жүйелі, сапалы, тартымды болуы шарт. Ізденіс, зерттеу жұмысы, жүйелеу, орындау барлығы реттілікпен орындала отырып, нақты жобаны мерзімінде аяқтаған дұрыс. Ғылыми жоба жазуда ең алдымен тарихи білімді пайдалана білу абзал. Білім ала отырып, оны жетілдіру бағытында ғылыми зерттеулерді жүргізу қазіргі кездегі білім алушылардың негізгі арманы болғаны дұрыс.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Г.Б.Қозғамбаева, Н.К.Алпысбаева, «Тарихты озқыту әдістемесі». Оқу құралы. Алматы, «Қазақ университеті», 2015.
2. Қазақ тарихы жұрналы. №4. 2020. Алматы.
3. Г. Төлеубаев. Тарихты оқытудағы әдістемелік технологиялары. Қазақ тарихы, № 5. 2009.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғылыми жоба жазуға көмек

шағым қалдыра аласыз