Материалдар / Ғылыми жоба "Ж.Молдағалиев шығармаларындағы қазақ қызы, әйел-ана бейнесі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Ж.Молдағалиев шығармаларындағы қазақ қызы, әйел-ана бейнесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл - ғылыми жоба. Жұбан оқуларының зерделеу жобасы бағамына арналған. Осы жұмыс аудандық кезеңнен І орын, облыстық кезеңнен дипломмен марапатталды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2024
83
0 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жұбан шығармаларындағы қазақ қызы, әйел-ана бейнесі» зерделеу жобасы


Мазмұны:

І. Кіріспе бөлім

    1. . Жайық, Жұбан - бір ұғым.

.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Жұбан шыңы – әйел-ана тақырыбы

2.2. Әйел- батыр, әйел – қайсар...

2.3. Әйел – ұлттың ұйтқысы.

ІІІ. Практикалық бөлім

3.1. «Қызым - үйде ...»

ІV. Қорытынды бөлім

3.1. «Қазақ қызы, еске сақта!»

V. Зерттеу жұмысының күнделігі

VI. Пайдаланған әдебиеттер:
















Аннотация (абстракт)

Зерделеу жобасының мақсаты:

  • Ұлттық құндылығымыздың басты қағидаты – АНА құдіретін таныту

  • Адами асыл қасиеттің, имандылықтың өзегі – ана бейнесін, ана атына кір келтірмеуге шақыру.

Зерттеудің міндеті:

  • Ақын шығармашылығындағы ана бейнесінің құдіреттілігін, қасиетін анықтау;

  • Қазақ қыздарына, болашақ аналарға жауапкершілікті сезіндіре білу.

Зерттеудің жаңалығы:

Жалпы ауыл тұрғындарының, соның ішінде: оқушы қыздар, студент қыздар, жастар, орта буын мен аға буын аралығында әйел-ана бейнесі талқыланып, жауапкершілігі сұрыпталды, әр буынның таным-түсінігі салыстырылды. Өзара айырмашылықтары анықталды. Қазіргі қыздар және болашақ аналар арасында жауапкершілік, қамқорлық, парыз, ар-ұят, ұлтқа, тілге, адамға деген сүйіспеншілік кемшін, асыл қасиеттердің кемшін екендігі байқалды.

Зерттеудің ғылыми өзектілігі:

Қазіргі таңда адамдар, ауыл үлкендері қыздарын қалай тәрбиелейді?! Жаңа заман қыздарының бүгінгі күнгі таным-түсінігі қандай?! Жауапкершілікті сезіне білмеген қыздан қандай мейірім, қандай шапағат күтуге болады?! Дәл осылай қалыптаса берсе, бізден кейінгі буын қатігез ұрпақ атанбай ма?! Қазақтың қайырым, достық, жақсылық, сүйіспеншілік сезімдерінің қадірі мен қасиетін білмеген қыз болашақ ұрпақты қалай тәрбиелейді?!

Зерттеудің нысаны: студент қыздар, жоғары сынып оқушы қыздары, жас әйелдер.

Гипотеза: анаға тән асыл қасиеттердің кемшіндігін дәлелдеу.

Зерттеудің əдіс-тəсілдері: сараптау, ой қорыту, жалпылау, салыстыру, жинақтау жəне талдау.

Зерттеудің теориялық жəне практикалық маңыздылығы: зерттеу бойынша алынған талдамаларды әдебиет сабағында қолдануға болады.





Аннотация (абстракт)


Цель: главный принцип национальной ценности – показать силу матери, не

очернять имя матери; определть качество матери в творчество поэта;

заставить казахских девушек чувствовать себя ответственным.




Новизна исследование: В целом у жителей села, в том числе школьниц, студенток, молодежи, среднего и старшего поколения, был выявлен образ женщины-матери, подвергнута сомнению ответсвенность, сопоставлены понятия и понятия каждого поколения. Выявлены взаимные различия. Среди современых дочерей и будущих мам было замечено, что отвественность, забота, долг, совесть, любовь к нации, языку, человеку – это порок, благородные качества.


Научные актуальность исследования: Как сейчас воспитывают своих дочерей люди, деревенские старшие?! Что чувстует девушек нового времени? От девушки, не умеющей нести ответсвенность можно ожидать какого-то добра, какого-то заступничества?!


Обьект исследования: студентки, старшекласницы, молодые женщины.
















І. Кіріспе бөлім

1.1. Жайық, Жұбан - бір ұғым.

Қазақстан – байтақ ел. Батыс Қазақстан – елім деп еңіреген, ел қамын ойлаған алыптар мен батырлардың, елін сүйген Отаншыл рухты ақындар мен жазушылардың мекені. Жайық – ел тарихында биіктен көрінер ұлы тұлға, «қазақпын» деуге ұлтшыл атанудан қорқып, бұғып жүрген заманда, «Мен қазақпын»деп жариялап келген, өмірде де, поэзияда да қиыннан қиыстыра жол салған, қазақтың халық жазушысы, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, ақын Жұбан Молдағалиевтің кіндік қаны тамған жер. Ақын Қазақстанның кең байтақ даласында алақандай орын алған туған жеріне, Жыландыға әр кез ат басын тіреп, өнеріне – өміріне қуат алушы еді. Туған жердің топырағын бойына нәр берер қазына сынды есептеген. Осыдан қуат алған ақын айбарлы, қанатты көрінгендей.

Басқа жер жылады ма, жұбанды ма,

Шаттықта шек болмаған Жыландыда.

Бақырып басына елді бір көтеріп,

Дүниеге келген сөйтіп, Жұбан мұнда, – деп тереңнен толғаған ақын кішкентай жүрегінің үлкен төрін өзі өскен өлкеге арнаған. Сүйіспеншілігін осылай жырға қосқан.

Жұбан - жыр дүлдүлі. Қазақ әдебиеті әлемі тарпаң таланттарға бай, солармен кәделі. Әдебиет әлемінің прозасы, поэзиясы, драмасы шоқтығы биік хас шеберлерімен ерекшеленеді. Әдебиеттің әр жанрының өз қаһарманы өзіндік із қалдырған кемеңгер тұлғалар. Солардың бірі де бірегейі - поэзия әлемінің падишасы, дара тұлғасы Жұбан Молдағалиев. Халықтың рухани бай әдебиетінен күш-қуат алған, Абай салған сара жолдан нәр іздеген Жұбан - қазақ поэзиясына шалқар шабыт пен ерекше үн қалдырған ақын. Поэзиядағы ақын өрнегін Мүсілім Базарбаев «Жұбан Молдағалиев – қазақтың жыр дүлдүлінің бірі, қазақ поэзиясында өз дауысы, өз мәнері, өлеңдегі өз бағыты қалған ірі дарын» деп бағалаған.

Жұбан ақынның поэзия сапарының тең жарымы поэмалардан тұрады. Бұндай туындылары көптігімен ғана емес, сырлылығымен, шындығымен өшпес мұраға айналған. Поэмалары тарихтан сыр шертіп, қазақ халқының тарихы ғана емес, қадір-қасиетін, мінезі мен адамдық болмысын мәңгіге сипаттары сөзсіз. «Мен - қазақпын», «Сел», «Байқоңыр баспалдақтары», «Қыран дала» поэмалары тек қазақ елінің мұрасы емес, бірнеше тілге аударылып, зор бағаға ие болған шығармалар. Ақын мұрасының өшпестігі хақында Сағынғали Сейітов «Жұбан мұрасы – келешекте де жұртшылық кәдесіне аса беретін аса құнды мұра. Ол жылдар озған сайын бүкіл бітім-болмысымен, мәнімен де, нәрімен де жарқырай түсетін асыл қазына» деп баға берген.

Жұбан жырларынан осы тақырыпты зерделеудегі – мақсатым : ұлттық құндылығымыздың басты қағидаты – АНА құдіретін таныту және адами асыл қасиеттің, имандылықтың өзегі – ана бейнесін, ана атына кір келтірмеуге шақыру.

Зерттеудегі міндетім: Ақын шығармашылығындағы ана бейнесінің құдіреттілігін, қасиетін анықтау; Қазақ қыздарына, болашақ аналарға жауапкершілікті сезіндіре білу.

Жоба жұмысының өзектілігі -қазіргі таңда адамдар, ауыл үлкендері қыздарын қалай тәрбиелейді?! Жаңа заман қыздарының бүгінгі күнгі таным-түсінігі қандай?! Жауапкершілікті сезіне білмеген қыздан қандай мейірім, қандай шапағат күтуге болады?! Дәл осылай қалыптаса берсе, бізден кейінгі буын қатігез ұрпақ атанбай ма?! Қазақтың қайырым, достық, жақсылық, сүйіспеншілік сезімдерінің қадірі мен қасиетін білмеген қыз болашақ ұрпақты қалай тәрбиелейді?!









ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Жұбан шыңы – әйел-ана тақырыбы

Ақын жырларының тақырыбы – сан алуан. Жұбан ақын қай тақырыпқа қалам тербесе де, адами қасиеттің биік көрінісін көрсете білген. Әр жырының әр шумағы тек қана нағыз адамға ғана тән сүйіспеншілік иіріміне толы. Барлық нәрсенің бастауы - сүйіспеншілікте. Кім бір істі қолға алып, оған бар сүйіспеншілігін төгіп, ықыласпен істесе, тамаша дүние шығары сөзсіз. Себебі сүйіспеншілікпен жасалған дүние ешқашанда жаман болмайды. Сүйіспеншілік - жақсылықтың, бақытты өмірдің кілті. Егер әлемде сүйіспеншілік,махаббат сияқты сезімдер болмаса не болады? Оны ойлаудың өзі де қорқынышты. Бұл әлемді ұстап тұрған нәрсе - сүйіспеншілік, содан соң махаббат. Себебі сүйіспеншіліктен махаббат туады деп ойлаймын. Әр адам, әр жас ұрпақ жүрегін жамандыққа емес, сүйіспеншілікке толтырса, үлкенге де, кішіге де махаббатпен қараса, күн секілді жандарына тек жақсы адамдар жинап, соларға күн секілді өзінің шапағаты мен мейірімін төге білсе, нағыз өмір деген осы болар еді. Жұбан ақынның қай жыры болса да, өмірге деген сүйіспеншіліктен, асыл махаббаттан құралған. Сондай сүйіспеншілікке толы шығармаларының бір арнасы - АНА, ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ тақырыбы.

Жұбан ақынның «Жесір тағдыры», «Әлия», «Мен қазақ әйеліне қайран қалам» сынды өлең-поэмалары асыл құдірет иесі ана тақырыбынан сыр шертеді. Ұрпақ тәрбиесіндегі негізгі рөлдің иесі – ана, әйел екенін айғақтайтын ақын шығармалары мінбеден түспек емес.

Қазақ – қыз, ана, әйел қастерлеген халық. Ақ киізге көтеріп хан көтермесе де, ерекше, айтулы қасиеттерімен ерекшеленген қыз, ана атымен талай жер-су атын атаған халық. Анаға деген сүйіспеншілікті ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған асыл мұралар да айғақтайды.

Ғабит Мүсірепов көркем сөздің желісімен ана бейнесін көркемдеп, зергердің тілімен зерлеп өрнектесе, Жұбан ақын «сөз патшасы өлеңмен» кестелеп берді. Ғабит шығармасындағы әйел бейнесі жігерлі, ақылды, адал да сұлу, мейірімді де қайсар, ер мінезді болса да нәзік, күрескер, қаһарман әйелдер тізбесін құрады. Жұбан шығармасындағы әйелдер бейнесі қазақ әйелінің бұрынғы және соңғы халіне, әйел-ана, әйел-жар, әйел-қыз, әйел – қарындас тақырыптарында өрбіген.

Жұбан ақынның «Мен қазақ әйеліне қайран қалам» /1965/, «Сен бала бол енді, ана» /1958/, «Түсімде көрдім, анажан» /1966/, «Өзі және көзі туралы»/1968/, «Қыз сыры»/1976/, «Ғашық боп өтеміз»/1976/ және басқа да көптеген өлеңдерінде қазақ әйелінің, қазақ қызының бойына тән ұлттық нақыш – ұяңдығын, сыпайылық, нәзік те нанымды, тартымды бейнелерін жасайды, мадақтайды, мақтайды; мінезін, көзін, өзін дегендей тапқыр, шебер теңеулер арқылы бүкіл әлем мойындаған қазақ қызының батыр, батыл, ақылды, сұлу жандардың кескін-келбетін көрсетеді.


2.2. Әйел- батыр, әйел – қайсар...

Жұбанның тебірене жырлап, қазақ әйелінің биік бейнесін жасаған шығармасы– «Жесір тағдыры» поэмасы. Жұбан Молдағалиев «Жесір тағдыры» поэмасынан бастап позияда әйел-ана образын жасауда үлкен күш жұмсады. Айша тағдырын жазушы өзінің өмірбаяндық естелігінде өз анасының тағдырымен салыстырады. Ол ананың бастан кешкен келеңсіз күндері көп еді. Бірақ жаңа заман ағысының арнасымен бірге өмір тіршілігіне араласып кетеді. Сол анаға деген асыл махаббаттан туған жыр бүкіл қазақ әйелдерінің бейнесін ашуға жол ашады. «Мен қазақ әйеліне қайран қалам», «Жер мен әйел», «Ана туралы жыр», «Ана туралы баллада» секілді өлеңдерінде ана келбеті толыға түседі. Ананың бүкіл жан-дүниесінің тазалығы ақын өлеңдерінен мөлдір бұлақтай меруерт көбік шашып жатады. Талай тар замандарды басынан кешірген, соларға өзінің ерлігімен, қайсарлығымен төтеп берген қазақ әйелінің құдіретін ақын шабыттана, шаттана жырға қосқан. Мінезінің байлығына, еңбеккерлігіне, оның махаббатының адалдығына, маздап жанған жалынына сүйсіне, олардың алдында бүкіл қазақ ұлының атынан бас иеді, тағзым етеді. Себебі алып анадан туған.

Әжелер секілді бір батыр маған,

Ықпаған нажағайдан сатырлаған.

Қазақтың еш әйелі өз ырқымен

Ешкімге, еш алтынға сатылмаған.

Сарадай ақын болған, би де болған,

Динадай дана, дархан күй де болған.

Найза алып, қол бастаған, жауға шапқан

Бал-бұл гүл, бақта – бұлбұл, түзде балуан

Аз қызық ала білген шерлі күннен

О, баба, бірдей терлеп тірлігіңмен.

Құран да, хан да оған бермепті ерлік

Сыйлатқан әжем өзін ерлігімен.

Ақ маржандай тізілген өлең шумақтарында қаншама түйін, терең де астарлы ой жатыр. Ақын бұл өлеңінде де мақал-мәтелдердің мән-мағынасына терең үңіле отыра, «Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа», «алытн басты әйелден бақыр басты еркек артық» деген мақалдардың кертартпа мәнін ашып, тарихи-әлеуметтік шындық арқылы әйелдерді жастық пен жасампаздықтың, күш пен ақылдылықтың, сана мен сезімнің адам баласы тағзым етпей қоймайтын «тәңірісі» екендігін дәлелдейді.

Ақын жанының нәзіктігі мен әйелге деген зор құрметі сұлулық пен парасаттылықты сөз еткенде, бар ізгілік анадан туындайтынын мойындай келе, ең қасиетті жер-анамен теңейді.

Жер - құдірет, жер – дария, жер – дана,

Теңеу болса, әйелге тең - жер ғана.

Жер де – әйел, тіршіліктің құрсағы,

Өлерде де дейміз оны ЖЕР-АНА.

«Жер мен әйел» 263-бет

Өмірдің алып күші алыптарды да:

Әйел ғой аялайтын ертелі-кеш,

Ер жігіт қалай оны еркем демес.

Әйел ғой сұлулық та, ұлылық та

Әйелге бас имеген еркек емес!-деп ұлы сезімге бас игізеді және тағзым етеді.

«Мен қазақ әйеліне қайран қалам» шын мәнінде :

Сол қатын – ару, ана – асыл халық,

Басынан қанша сорды асырды арып!

Ауырмай жеткізді ол ұрпақтарын

Осынау таңдай нұрлы ғасырға алып,- /258-бет/ тағдырымызға белгілі небір замандағы сұлулық келбеті сай Домалақ ана, Ақ келін, Қарқабат, Абақ немесе Гүлбаршын, Айман-Шолпан немесе Зере мен Ұлжан т.б.ел тыныштығын сақтаған дарияларымыз ғой. Ақын жырының арқауы әйел-ананың қазақ қоғамындағы орны мен атқарған қызметі, тарихи тұлға ретінде атануы, оның аса зор қасиеттілігі мен қадіріне бас ию. Осының бәрін ой таразысына сала, бүгінгі күн тұрғысынан баға береді. Әйел – ана, әйел – ақын, әйел батыр, ол күйші ғана емес билік тұтқасын ұстаған ел басшысы, екі елді бітістірген ер данасы. Оның әлеуметтік рөлін, күллі адамдық, азаматтық қасиетін ақын шағын ғана лирикалық өлеңге сыйдырып, меже тұтқан идеялық тұжырымын анық жеткізеді /4,49-бет/ деп берген.

2.3. Әйел – ұлттың ұйтқысы.

Ұлттық мінезімізде қалыптасқан «қабырғаңмен кеңес» деген тіркесті сөздің идеялық мазмұнын ақын:

Ас сұрап әлде бірде атын мінсін,-

Атамыз дейтін болған қатын білсін...

«Алып та жаралады анадан» деп,

Айбынған айтуға да батыл бір сын,- деп нақышын тауып келтіреді. Ақын шығармасында – қазақ әйелінің бейнесі ұлттық ерекшелігімен көрінетін өзіндік мінезі «Жайнаған, жалындаған, жайраңдаған жүрегіміздің ханшасы» - Әйел-анаға жыр шоғын ұсынады. Жыр шоғын ұсынған ақын:

Сол үшін өз есіміңмен

Ел-ана деп адам,

Жер-ана деп адам,

Тербеледі бесігіңмен,- / «Ана туралы жыр», 383-бет/ деп жан дүниенің көңілін ашады, өйткені ананың ақ сүтінен нәр алып, киелі бесік жырымен тәрбие алып, қай-қайсымызда өмірге қадам басамыз. Не деген ұлы теңеу! Ұлы тұлға! Қалай табынбасқа?!

Мен әйелге тәңірімдей табынамын,

Гүл ұсынам поэзия бағынан,

Хауа-анаға қара жер де қарыздар,

Содан туса адам аты – бағыбан! –/«Жер мен әйел»263-бет/ деп әйел затының ақылдылығына сұлулығына бағынып табынса да, жеке басқа табынушылыққа, «көрсеқызар, көрсоқырлыққа» салынбайтынын дәріптеген.


ІІІ. Практикалық бөлім

3.1. «Қызым - үйде ...»


Жұбан ақын жырлағандай, бар қайғыны, бар қасіретті көтеріп жүрер аналар қазір бар ма? Ұлт қамын, ерлерінің ары мен абыройын асқақтатар әйел бейнесі қазіргі жаһандану заманында қалай көрініс табуда? Қазіргі қыздар тұрмыс құру, ұрпақ өрбітуді ұлт қамымен байланыстыра ма? Халықтың халықтығын, ұлттың ары мен ұятын ұлықтар қыздар, ертеңгі аналар қалай ойлайды? Не ойлайды? Әлем-жәлем әлеуметтік желіде жазылған пікір, жарияланған бейне көріністерге қарасақ, көз сүрінеді. Шетелге еліктеген жастар үшін таптырмас мүмкіндіктей қазақ қыздары ашық-шашық еркіндікке ұмтылуда. Және шет ел адамына тұрмысқа шығуды жарнамалағандай бөтен елдегі бейтаныс өмірді ашық түрде әдемі көрініс етіп жариялауда. Ал бұндай қыздардан болашақ ұлт тұтастығын ойлар аналар шығады деп кім ойлайды?! Ел ертеңін жанұядан баулыр аналар, қазіргі қыздар қалай ойлайды? Соларға жүргізілген онлайн-сауалнама «Google Форма» сайтында жүргізілді.

Жалпы сауалнама барысын, өтілуін төмендегі сілтеме арқылы https://forms.gle/eQGt7JKwL5w6pDYf7 немесе кюар-код арқылы қарауға болады.








Сауалнама қазіргі кездегі аналар мен қыздардың ойы мен түсінігін анықтау мақсатында жасалды.

Сауалнаманы жобаға енгізгенге дейін 52-56 дейінгі аралықта адам жауап жазып, қатысты.


1-сұрақ нәтижесі:


Ащы да болса шындық, қазіргі жас буын бұрынғы аналар сияқты емес, қиындыққа шыдамсыз, төзімсіз екенін байқауға болады.

2

Диаграммада «өз елім ұнайды» деген жер көбірек болғанымен, қалған жауаптардың үлес салмағы – 56 пайыз.

3

Бұл сұрақта 53 пайызды «өз ұлтымызға» деген жауап құраса, 47 пайыз «өзге ұлт» деген жауап берілген.

4








5

Аналарымыздың бойындағы қасиеттерден «сабырлылық, төзімділік, қайсарлылық» сынды қасиеттер жас буында жетімсіздеу екені 5-сұрақтың нәтижесінде байқалады.

6




Тұрмыс құру ұлтқа байланысты емес деп ойлайтындар саны – 60 пайызды құрап тұр. Олай болса, әр халық неге «ұрпағым...» деп ұрпақ қалдыруға тырысқан?!

7


Бұл сұрақ ашық түрде жауап жазу үшін ұсынылды.

Әр берілген жауап құнды, әр берілген жауаптың астарында мән бар деп түсінуге болады. Өйткені қанша адам болса, сонша сан түрлі тағдыр бар. сараласақ:

  1. ұрыс

  2. Қиындыққа шыдаймын деп айта алмаймын

  3. Ия

  4. Менің ойымша аналар қаншалықты қиындықтар көрсе де төзімді болып өз отбасын сақтауға тырысады.Әрқашан өз отбасысының тірлігін,акыртпалығын көтеріп жүреді,бірақ осы үшін есшқашан ешкімге шағымданбайды.Себебі ол оз отбасысы үшін,оны сақтау үшін осы тірліктерді істейді.Ана үшін отбасы бірінші орында.Отбасын сақтау ана қолында.Сондықтан аналар шыдасды болып,отбачын сақтауға тырысады.

  5. Әрине ана болған соң отбасыны ойлау қажет бірақ ол ананың да өз өмірі бар. Барлық өмірін ана қиындыққа төзу керек деген оймен жүру және оны заң ретінде көру дұрыс емес деп ойлаймын

  6. Бұны заң деп қарау дұрыс деп ойламаймын. Ана да адам олда өз өмірін сүруге тиісті.

  7. Қиындыққа төзу дұрыс шығар, бірақ отбасындағы қиындық физикалық тұрғыдан, яғни ұру, соғу деген секілді болатын болса төзімділік таныту дұрыс емес.

  8. Ұнамаса, ажырасамын. Ондай нәрсе маңызды емес

  9. аналар барша қиындыққа төзіп бәрін жеңіп шығады

  10. дәл солай

  11. Ішетін кісімен тұру мүмкін емес деп ойлаймын

  12. Өз отын өшірмеймін деп, қиындық көрер жайым жоқ

  13. Отбасын сақтап қалуда маңызды.қазіргі таңда қиындыққа төзе алмай отбасылардың арасында ажырасу көп орын алуда

  14. Келісем

  15. Кезінде солай болған қазір басқаша

  16. Жағдайға байланысты

  17. Әлі де өзекті

  18. Толықтай қосылам

  19. Отбасы сақтаймын деп, қиындық көрер жайым жоқ. Өмір бір рет беріледі

  20. Не какой

  21. келісемін

  22. Не могу

  23. Мені кім ойлайды?

  24. Әр қазақ әйелі өз ошағының мүддесін жоғары ұстауы керек.

  25. Төзе алмаймын

  26. Жағдайға байланысты, 100 пайыз келісем деп айта алмаймын

  27. Ия солаи оилаиым

  28. Қазір заманға ол заң қайшы. Өйткені қазір бәрі аналар мойнында жұмыс та үй де бала асырау да

  29. Ішетін адаммен тұру мүмкін емес

  30. Ұнамаса, ажырасам

  31. Толықтай келісем

  32. Толық келісемін

  33. Әрине, қазақ әйелінің парызы міндеті "тастай батып ,судай сің деп "атам қазақ бекерден тегін айтпаған !

  34. Әрқашан да, қазір де солай болу керек!

  35. Әрине дұрыс "ана бір қолымен бесігін тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен" , "тастай батып ,судай сің деген атам қазағымыз өте жақсы айтылған!

  36. Отбасымды әдемі қалыпта сақтау

  37. Отбасым ошақ қасым дегенмен, қиындау ғой

  38. Әр әйел өз ошағын сөндірмейді. Шектен тыс азап көрмесе

  39. Ия, шыдам керек

  40. Ия, "қиындыққа төзу, өз ошағының отын өшірмеу" бұл тәрбиені аналарымыз бізге үлгі болған сонысымен

  41. Әрине өз ошағын сөндірмей үшін тырысу қажет

  42. Әрқашанда солай болу керек

  43. Мен келісемін

  44. Иа

  45. Бұрынғы аналарымыздай бола алмаймызғой

  46. Әйел затына көп миндет артылған.

  47. Аиел балалары ушин отка да тусер деп оилайм!

  48. Иә

  49. Өз отыңды сөндірме

  50. Әрине

  51. Әрбір тұрмыс құрған жанның міндеті


8


Бұл диаграммадан қыздар мен әйелдердің өзімшілдігі басым екендігін байқауға болады. Ер-азаматтардан гөрі өздерін ойлау пайызы – 55 .

9

Бұл сұрақ жалпылама алынды, жас шамасына қарай әр адамның қызығушылығы әр түрлі. Қынжылтатыны – 40 пайызы шетелге еліктеушілік.

10


Бұл сұрақта жалпы қызығушылық деңгейін анықтау үшін алынған, тағы да 40 пайыздың үстінде ұлтымызға сын болар нәрсе еліктеушілік басым көрініп тұр.

10


0


Бұл жерден не байқай аламыз? Зер салсаңыз, екі нәрсе байқауға болады. 1. Ана тәрбиесінің кемшіндігі. 2. Қыздардың еркіндігі. Егер аналар жанұяда «сен, болашақ анасың, саған ұлт жауапкершілігі жүктеледі. Төзімді бол! Ұятыңды сақта!» деп үйретсе, мына диаграмма басқаша болар еді... бұл


Бұл Гугл формадағы сауалнамаға келген жауаптар ғана. Нақты болмауы да мүмкін, себебі адамдардың сөзі мен ісі көп жағдайда сәйкес келмей жатады ғой. Бірақ көп жағдайда қазіргі жастардың тым әсіреқызыл, еліктегіш, қиындыққа төзімсіз, жеңіл өмір аңсайтындары жөнінде айтылып та, жазылып та жүр.


ІV. Қорытынды бөлім

3.1. «Қазақ қызы, еске сақта!»


Қазіргі заманда әлеуметтік желінің әлегі жастарды, мектеп оқушыларын жіпсіз байлап отырғаны айдан анық. Виртуальды әлемде өмір сүрген жасөспірімдердің басқа адами парыз, адамгершілік, түрлі сүйіспеншілік қағидаттарынан алыстап бара жатқанын байқамасқа амалың жоқ.

Осы сауалнамалардан кейін жас буын өкілдері арасында сүйіспеншілік сезімдерін ояту және нығайту үшін қандай да бір шаралар ұйымдастыру керек екенін сезініп, мынадай ұсынбалар дайындадым.

    • Видеороликтер дайындау;

    • Тик-токтар түсіру;

    • Әр жанұяның заңдарын бекіту;

    • Мектеп оқулығына сүйіспеншілік бағыттағы шығармаларды көбірек енгізу;

    • Елжандылық бағыттағы, адамгершілік бағыттағы тәрбиелік шараларды көбейту;

    • Жастарға әсер ететін орталарда түрлі адамгершілік қағидаттарды насихаттайтын ситуациялық фильмдер түсіру;

    • Аялдамаларда, демалыс саябақтарында түрлі роликтер өткізу т.б.

Бүгінгі таңда барлық адамзаттың алдында тұрған ұлы да келелі міндеттің бірі – білімді ғана емес, жылы жүректі ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ өрбіту, ұлт қамын ойлар ұрпақ тәрбиелеу де аналардың үлкен роль атқаратыны мәлім. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов: «Адамдық негізі – әйел! Қазақ мешел болып қалмасын десеңіз, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзеймін десең, әйелдің халін түзе!» деген екен. Олай болса, «ұлтымыздың ұлттығын сақтағымыз келсе, қызымыздың тәрбиесін түзейік! « деген сөзбен жобамды қорытындылағым келеді.


















V. Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Жұбан Молдағалиев І том «Жазушы» баспасы

  2. Жұбан Молдағалиев ІІ том «Жазушы» баспасы

  3. Ғаламтор беттерінен /википедия /

  4. «Массагет» кз сайты

  5. «Егемен Қазақстан» газеті «Ғасырдың ғажап адамы» мақаласы

  6. «Қазақ әдебиеті» газеті «Жалын, жарқыл шашқан Жұбан аға» мақаласы.

  7. Г.Ә.Бейсенова «Алыптардағы аналар бейнесі» мақаласы

  8. А. Мамыров «Қазақ болу – зор бақыт» мақаласы

  9. Мақал-мәтел, нақыл сөздер





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!