2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Ғылыми жоба "Жұбан Молдағалиевтің "Қыран дала" поэмасындағы сүйіспеншілік иірімдері"

Ғылыми жоба "Жұбан Молдағалиевтің "Қыран дала" поэмасындағы сүйіспеншілік иірімдері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл - Жұбан оқуларына арналған ғылыми жоба. Бұл зерделеу жобасында Жұбан ақынның «Қыран дала» поэмасының қысқаша мазмұны, құрылымы және поэма тақырыбы ашылып, поэма барысындағы ақынның туған елге, туған жерге деген сүйіспеншілік иірімдері талқыланды.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Секция: Қазақ тілі мен әдебиеті.

Тақырыбы: Жұбан Молдағалиевтің «Қыран дала» поэмасындағы

сүйіспеншілік иірімдері

Бағыты: сүйіспеншілік

Орындаушы:

Жұмыстың жетекшісі:


Жұмыстың орындалған уақыты:

Мазмұны: Бұл зерделеу жобасында Жұбан ақынның «Қыран дала»

поэмасының қысқаша мазмұны, құрылымы және поэма

тақырыбы ашылып, поэма барысындағы ақынның

сүйіспеншілік иірімдері талқыланды. Ақынның, сол кездегі

адамдардың бойынан көрінген асыл қасиеттер бүгінгі

ұрпақтың бойынан табыла ма, сауалнамалар арқылы сол

талқыланып, жауаптар ізделді.

Аннотация (абстракт)

Зерделеу жобасының мақсаты:

  • Сүйіспеншілік сезімінің қазіргі замандағы рөлін анықтау;

  • Қай буын ұрпақтың сүйіспеншілікті қалай сезінетінін салыстыру;

  • Ұлттық код аталатын адамгершілік қағидаттарын жоюға жол бермеу;

  • Тіл тазалығын, ой тазалығын, ұлттық құндылығымыздың анасы саналатын туған елге, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін нығайту;

  • Адами асыл қасиеттің, имандылықтың өзегі – сүйіспеншіліктің отын өшірмеуге тәрбиелеу.

Зерттеудің міндеті:

  • Аға буын мен өскелең ұрпақтың тығыз араласуын ұйымдастыру;

  • Сауалнамаларға берілген жауаптарды салыстыру;

  • Нақты дерек арқылы дәлелдеу;

  • Ақын шығармашылығындағы сүйіспеншіліктің құдіреттілігін, қасиетін анықтау;

  • Ана тіліміздің құдіреттілігін, қазақ халқының сөздерінің әсерлілігін таныту.





Зерттеу бөлімдері:

Кіріспе бөлім

  • Жайық, Жұбан - бір ұғым.

  • Жұбан шыңы – поэмалары.

Негізгі бөлім

  • «Қыран дала» - туындысының жазылу тарихы

  • Поэманың ерекшелігі мен құрылысы

  • Поэмадағы сүйіспеншілік иірімдері

а/ далаға деген сезім;

ә/ туған жерге деген құрмет;

б/ туған тілдің құдіреттілігін сезіндіру;

в/ сенім мен жауапкершілік ұғымы;

г/жақсы көрушілік, бауырмалдық қасиеттері;

ғ/қамқорлық, парыз, адамгершілік;

д/ өз ұлтын сүю, т.б.

  • Қазіргі адамдар арасындағы сүйіспеншілік қандай?

  • сауалнамалар нәтижесі және ұсынбалар

  • Қорытынды.









Зерттеудің жаңалығы:

Жалпы ауыл тұрғындарының, соның ішінде, оқушылар, жастар, орта буын мен аға буын аралығында сүйіспеншілік иірімінің қалай байқалатыны сұрыпталып, әр буынның таным-түсінігі салыстырылды. Өзара айырмашылықтары анықталды. Қазіргі жастар және мектеп оқушылары арасында қамқорлық, парыз, ар-ұят, ұлтқа, тілге, адамға деген сүйіспеншілік кемшін екендігі байқалды.

Зерттеудің ғылыми өзектілігі:

Қазіргі таңда адамдар, ауыл үлкендері балаларын қалай тәрбиелейді?! Сүйіспеншілік сезімі қай буында қалай бағаланады?! Елге, тілге, туған жерге, адамдарға деген сүйіспеншілік қазір қаншалықты маңызды?! Жаңа заман адамдарының бүгінгі күнгі таным-түсінігі қандай?! Сүйіспеншілікті сезіне білмеген адамнан қандай мейірім, қандай шапағат күтуге болады?! Дәл осылай қалыптаса берсе, бізден кейінгі буын қатігез ұрпақ атанбай ма?! Қазақтың қайырым, достық, жақсылық, сүйіспеншілік сезімдерінің қадірі мен қасиетін білмеген ұрпақ жарқын болашаққа қалай барады?!















Қазақстан – байтақ ел. Батыс Қазақстан – елім деп еңіреген, ел қамын ойлаған алыптар мен батырлардың, елін сүйген Отаншыл рухты ақындар мен жазушылардың мекені. Жайық – ел тарихында биіктен көрінер ұлы тұлға, «қазақпын» деуге ұлтшыл атанудан қорқып, бұғып жүрген заманда, «Мен қазақпын»деп жариялап келген, өмірде де, поэзияда да қиыннан қиыстыра жол салған, қазақтың халық жазушысы, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, ақын Жұбан Молдағалиевтің кіндік қаны тамған жер. Ақын Қазақстанның кең байтақ даласында алақандай орын алған туған жеріне, Жыландыға әр кез ат басын тіреп, өнеріне – өміріне қуат алушы еді. Туған жердің топырағын бойына нәр берер қазына сынды есептеген. Осыдан қуат алған ақын айбарлы, қанатты көрінгендей.

Басқа жер жылады ма, жұбанды ма,

Шаттықта шек болмаған Жыландыда.

Бақырып басына елді бір көтеріп,

Дүниеге келген сөйтіп, Жұбан мұнда, – деп тереңнен толғаған ақын кішкентай жүрегінің үлкен төрін өзі өскен өлкеге арнаған. Сүйіспеншілігін осылай жырға қосқан.

Жұбан - жыр дүлдүлі. Қазақ әдебиеті әлемі тарпаң таланттарға бай, солармен кәделі. Әдебиет әлемінің прозасы, поэзиясы, драмасы шоқтығы биік хас шеберлерімен ерекшеленеді. Әдебиеттің әр жанрының өз қаһарманы өзіндік із қалдырған кемеңгер тұлғалар. Солардың бірі де бірегейі - поэзия әлемінің падишасы, дара тұлғасы Жұбан Молдағалиев. Халықтың рухани бай әдебиетінен күш-қуат алған, Абай салған сара жолдан нәр іздеген Жұбан - қазақ поэзиясына шалқар шабыт пен ерекше үн қалдырған ақын. Поэзиядағы ақын өрнегін Мүсілім Базарбаев «Жұбан Молдағалиев – қазақтың жыр дүлдүлінің бірі, қазақ поэзиясында өз дауысы, өз мәнері, өлеңдегі өз бағыты қалған ірі дарын» деп бағалаған.

Жұбан ақынның поэзия сапарының тең жарымы поэмалардан тұрады. Бұндай туындылары көптігімен ғана емес, сырлылығымен, шындығымен өшпес мұраға айналған. Поэмалары тарихтан сыр шертіп, қазақ халқының тарихы ғана емес, қадір-қасиетін, мінезі мен адамдық болмысын мәңгіге сипаттары сөзсіз. «Мен қазақпын», «Сел», «Байқоңыр баспалдақтары», «Қыран дала» поэмалары тек қазақ елінің мұрасы емес, бірнеше тілге аударылып, зор бағаға ие болған шығармалар. Ақын мұрасының өшпестігі хақында Сағынғали Сейітов «Жұбан мұрасы – келешекте де жұртшылық кәдесіне аса беретін аса құнды мұра. Ол жылдар озған сайын бүкіл бітім-болмысымен, мәнімен де, нәрімен де жарқырай түсетін асыл қазына» деп баға берген.

Ақын жырларының тақырыбы – сан алуан. Жұбан ақын қай тақырыпқа қалам тербесе де, адами қасиеттің биік көрінісін көрсете білген. Әр жырының әр шумағы тек қана нағыз адамға ғана тән сүйіспеншілік иіріміне толы. Барлық нәрсенің бастауы - сүйіспеншілікте. Кім бір істі қолға алып, оған бар сүйіспеншілігін төгіп, ықыласпен істесе, тамаша дүние шығары сөзсіз. Себебі сүйіспеншілікпен жасалған дүние ешқашанда жаман болмайды. Сүйіспеншілік - жақсылықтың, бақытты өмірдің кілті. Егер әлемде сүйіспеншілік,махаббат сияқты сезімдер болмаса не болады? Оны ойлаудың өзі де қорқынышты. Бұл әлемді ұстап тұрған сүйіспеншілік, содан соң махаббат. Себебі сүйіспеншіліктен махаббат туады деп ойлаймын. Әр адам, әр жас ұрпақ жүрегін жамандыққа емес, сүйіспеншілікке толтырса, үлкенге де, кішіге де махаббатпен қараса, күн секілді жандарыңа тек жақсы адамдар жинап, соларға күн секілді өзінің шапағаты мен мейірімін төге білсе, нағыз өмір деген осы болар еді. Жұбан ақынның қай жыры болса да, өмірге деген сүйіспеншіліктен, асыл махаббаттан құралған. Сондай туындысының бірі - «Қыран дала» поэмасы.

«Қыран дала» - Қазақстандағы тың игерудің 20 жылдығына орай жазылған шығарма. Алғаш рет 1974 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланған. Сол жылы ақын өлеңдерімен бірге жеке кітап болып басылып шыққан. Орыс тіліне аударылған. Поэма «Сөз басы», «Ойқойқой, дала»(автордың монологы), «Кездесу»(музейде естіген монолог), «Алтын орақ, ай орақ», «Түлектің түлеуі», «Сәлем, тың жер, туған жер», «Сөз соңы» деген тараулардан құралған. Поэманың жазылуы, тарихы тың игеруге арналғанымен оның ішкі болмысы адами құндылыққа, сүйіспеншілікке толы.

«Сөз басы» тарауы қара өлең ұйқасымен жазылып, 13 шумақтан тұрса да, ақынның осы поэмаға кірісер барысындағы ой толғамымен сипатталған. «Өлеңім – таңғы шықтың бір тамшысы» деп жырға деген, «Дала – аңыз, дала –думан, дала - дастан», «Шарықтар қыран ба тек өте биік? Барады байтақ дала көтеріліп» деп далаға деген, «Сол елдің, сондай елдің баласымын, Анамның сүтінше емдім дала сырын» елге деген сүйіспеншілікке толы тармақтармен айшықталған.

Автордың монологы ретінде сипатталған «Ойқойқой, дала» тарауы 7-8 буынды 65 шумақтан және шалыс, қара өлең ұйқастарымен жазылған. Бұл тарауда ақын өз ойы мен сезімін монолог ретінде берген. Ақын монологы қазақтың кең даласын «Ойқойқой, дала, ой дала,

Шойқара дала, шой дала

Барсың-ау биік бойға да,

Байсың-ау биік ойға да!» - деп туып өскен кең байтақ далаға деген сүйіспеншіліктің шексіз екенін, дала мен қазақ халқының бір екендігін «Дала» - деу – «қазақ» дегендей, Қазақтың сенсің бір аты» - деп түйіндеген. Осы тарауда қазақ даласында салған әннің ерекшелігін, қазақ әнін жақсы көрмеу мүмкін еместігін мына шумақтар арқылы суреттейді.

Естісін түнгі ән қандай!

Тыңдау жоқ оны таң қалмай.

Тәтті де асқақ – талғамдай,

Жарысқан қанат талғандай.

Бір ғана шумаққа ақын тың даласында салынған қазақ әнінің тылсым сырын асқан сезімталдықпен сыйдыра білген. Шебер суреткердің сүйіспеншілігін паш еткендей ақынның тілімен айтқанда, қазақ әні «жүрекке жүректі қосқан, елді елге жалғап, жер-көкке самғаған.»

«Кездесу» тарауы музейде естіген монолог түрінде берілген. Тараудың басында 7-8 буынды аралас ұйқастармен Целинник-Тыңбайдың монологі ретінде берілген. Тың игерушімен кездесу сәті 11-12 буынды тармақтардан құралған 17 шумақты қара өлең ұйқасымен жазылған. «Алтын орақ, ай орақ» тарауында Еңбек Еріне деген құрмет, еңбек адамына деген сүйіспеншілік жылт етеді.

Қазақтың дара да данышпаны Абай Құнанбаев «Адамның жақсысы - адамға сүйіспеншілікпен қарағандар» деген екен. Сүйіспеншілік – тіршіліктің негізгі тірегі, сүйіспеншілік дегеніміз – жақындарымызға, қоршаған ортамызға, бір сөзбен айтқанда, барша әлемге махаббатпен қарау. Бар жан дүниесі, жүрегі сүйіспеншілікке толы жан ешқашан жамандық ойламайды, себебі ол бақытты жан. Мұндай көңілі көктем, жайдары жандар осы бақытымен барша әлеммен бөліскісі келіп, алып – ұшып тұрады. Осындай асыл жандар тек жақсылық ойлап, игі істермен айналысып, айналасына мейірімін төгіп, көңіл нұрымен шуақтандырып тұрады. Жүрегі сүйіспеншілікке толы жандар жанымызды жылытып, өмірімізге сән береді.

«Түлектің түлеуі» тарауы – нағыз адами қасиеттерге, сүйіспеншілікке толы тарау. Әр адам баласына тән жазылмаған заңның бірі – өз ұлтын сүю болса, дәл сол сезімді паш ететін сюжет осы тарауда. Оқырманды шексіз иірімге тартатын, жақсы көру, сыйластық, адамгершілік, адамдық, қамқорлық, бауырмалдық, елге деген, туған жерге деген сезім, ұлтқа деген құрмет, туған тілдің құдіретін сезіну, ата-анаға деген, адамға деген сыйластық сияқты сүйіспеншілік қағидаттары осы тарауда кеңінен шертілген. Тыңбай тағдырынан сыр шертілген бұл тарауда Брест қаласына іссапармен барған қызыл командир әкесінің кенеттен басталған соғыс кезінде алғы шепте жүріп қайтыс болғаны сөз етілген. Анасы неміс бомбасының құрбаны болып, жетім қалған жеті жасар жеткіншекті белорус шалдың бауырына басып, ер жеткізгені баяндалған. Өзге ұлт өкілінің қаршадай қазақ баласына жасаан қамқорлығы ішіңді жылытып қана қоймай, жігер сыйлайды. «Ұмытпа әкең атын, шешең атын, Ұмытпа ұлтыңды іштей, жүр «елім» деп» баулыған белорус Пимен шалдың қамқорлығы өзі «қалтқысыз қазақ деген жомарт халық» деп таныған ұлтқа қайтарған қарымтасы десек те, екінің бірінің қолынан келе бермейтін дарқандық деп айтуға болады. Қазақ даласына жер аударылып, дәмдес болған Пимен шал қазақ тілінде еркін білген. Шешесі – орыс, әкесі – қазақ Тыңбайды «жиенім» деп қолтығына қысып жүріп ер жеткізеді. Пимен шалдың қазақ баласына жасаған қайырымды істерін сараған ақынның шумақтарынан мынандай сүйіспеншілік иірімін анықтауға болады.

  1. «...Мен сені жұртқа айтамын жиенім деп» - жақсы көрушілік, қамқорлық, бауырмалдық қасиет;

  2. «Ұмытпа әкең атын, шешең атын, Ұмытпа ұлтыңды іштей, жүр «елім» деп» - шыққан тегіне, еліне, Отанға деген құрмет пен сезім;

  3. «...Жарама қазақ сөзін басады кіл, Жатқанда түн жамылып аласұрып» - ұлтын ұмытпасын деген ізгі ниет;

  4. «...- Қазақта сөз бар, - дейді,- тамыр деген.

Қадірлі, қасиетті тәңіріден...» - қазақтың сөз құдіреті, бауырмалдық;

  1. «... Ол солай мен үшін бе, өз үшін бе,

Сөйлейтін қазақша да сөз ішінде.

Бақсам, бұл – дегені екен тыныс-демін

Туған жер, туған тілдің сезінсін де» - туған тілге деген сүйіспеншілік.

  1. «...Кімге де туған жердің түтіні ыстық...», «... Сен де ертең өз өлкеңе ораласың...» - туған жерге деген сағыныш, сезім, құрмет, міндет

  2. «...Дер қайта, естиярсың, жігітсің сен, Мені өзі осылайша санасын деп...» - сенім, жауапкершілік;

  3. «Кім болам?» деген тосын сұрақ тұрды, «Адам бол»,- дейді қарттың тұрақты үні» – адамгершілік, адамдық, қамқорлық;

  4. «...-Енді, ұлым, - деді Пимен – еріңді тарт,

Ес барда, ескіше айтсақ, еліңді тап!

Көз жасын құрғат барып өз атаңның,

Қыранға – түлеп ұшқан белінде бап» - сағыныш, парыз, ата-анаға құрмет.

  1. «... Білмеймін қашан, қайдан алғанын да,

Жеткендей желеу қылған арманына.

Беріп тұр туған атам адресін...

Жоқ, кетпен оны тастап ар барында!» -парыз, ар-ұят, құрмет.


Көріп отырғанымыздай, соғыс, дүрбелең, өзге түгілі, өз басын аман алып қалу қиын жағдайда да адамдардан сүйіспеншілік жойылмаған. Қайта өрши түскенін, адамның адамға сыйластығы, қамқорлығы нығая түскенін байқауға болады. Ал қазір ше?! Қазір сондай сүйіспеншілік бар ма? Оны қалай анықтауға болады? Күнде көріп, күнде айналамен таныс-біліс жасап жүргенде сүйіспеншілік сезімдерін аңғара аламыз ба?! Тап қазіргі кезеңде қоғамға да, ата-баба дәстүріне де қайшы әрекеттер көп-ақ. Осындай сүйіспеншілікке толы шығармаларды оқып отырып, қазіргі жастар, адамдардың әрекетін көргенде мені мазалайтын ойлар мыналар:

  1. Қазіргі кезде жастар, оқушылар неге қатігезденіп барады?

  2. Ата-бабамыздың сүйіспеншілік деп аталатын киелі ұғымын болашақта көре аламыз ба?

  3. Сүйіспеншілікті сезіне білмеген адамнан қандай мейірім, қандай шапағат күтуге болады?!

  4. Елге, тілге, туған жерге, адамдарға деген сүйіспеншілік қазір қаншалықты маңызды?!

  5. Дәл осылай қалыптаса берсе, жас буын қатігез ұрпақ атанбай ма?!

  6. Қазақтың қайырым, достық, жақсылық, сүйіспеншілік сезімдерінің қадірі мен қасиетін білмеген ұрпақ жарқын болашаққа қалай барады?!

  7. Қазіргі таңда адамдар, үлкендер балаларын қалай тәрбиелейді?!

Неге?

Т өменде ватсав статусы мен инстаграмм сторисіне қойылған сауалдардың көшірмесі берілді.










Осы сұрақтарға жауап іздеу барысында түрлі топқа жүргізілген сауалнама нәтижесін төмендегіше жіктеуге болады.



Сұрақтар

Зерттеу нысаны топтары

Ауыл адамдары –

19

Мұғалімдер

-

12

Жастар мен студенттер

-25

Оқушылар


-32

Болашақта «Кім болам?» деген ұл-қызыңыздың сауалына жауабыңыз...

  1. Қайда жүрсең де аман бол, адам бол!

  2. Адаспай жүр!

  3. Ақша табатын мамандық оқы!

  4. Өзіңе ұнасын.

  5. Адал бол, адам бол

  1. Маңызды емес, ақша тапсам болды.

  2. Үйдегілер біледі ғой.

  3. Арман көп қой, орындала ма...

  4. Дизайнер, актриса, тамада, әскери, Айтишник т.б.

Адамдарға құрмет, сүйіспеншілік көрсетуді балаңызға қалай дәріптейсіз?

  1. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсете біл.

  2. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»

  3. «Адамдардың бәрі бірдей емес» қой, сақ жүр.

  4. Өзіңді ойла, өзге сосын.

  5. «Сені біреу бір соқса, сен екі соқ»

  1. Өз жақындарымнан басқаға... айта алмаймын.

  2. «Бірінші өзім, сосын бауырларым...»

  3. Айта алмаймын.

  4. «Барлық адамдарға құрмет көрсету жиіркенішті ғой»

  5. Тек қана сыйлағанды сыйлаймын.

Ұрпағыңыздан бойынан ұлтыңызға, туған жеріңізге, ана тіліңізге деген құрметті қалай байқайсыз?

  1. Өз ұлтын сатпайды деп ойлаймын.

  2. Туған жерін, туған тілін қадірлейді, қазақ екендігі рас болса.

  3. Өзі шешеді.

  4. Қай елдің азаматы болам десе де, қай тілді таңдаймын десе де, қарсы емеспін. Жастар бәрін көру керек.

  5. Мен не үйреттім, содан артыққа кетпейді.

  1. Мықты.

  2. Әрине, ана тілімді, туған жерімді, ұлтымды сатпаймын.

  3. Құрметтеймін, бірақ басқа елге қызығамын.

  4. Кейде қазақ болып туғаныма өкінемін.

  5. Міндетті емеспін. Нені қалаймын, соны істегім келеді.

Ұл-қызыңыз шетелде тұрады делік... сіз не айтар едіңіз?

  1. Елге қайт.

  2. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»

  3. Тұрсын, көрсін.

  4. Өзі шешеді.

  5. Қай жерде тұрмысы жақсы болса, сол жерде тұрғанын қалаймын.

  1. Тек қана Қазақстанда.

  2. Әрине, басқа елде.


  1. Шетел қызықтырады.

  2. Мүмкіндік болса, әрие,. шетелде.

  3. Қазақстанда өмір сүру мүмкін емес.

Ата-ананың парызы деген ұғымға қалай қарайсыз?

  1. Үміт күтеміз.

  2. Міндетті емес.

  3. Өзіміз ата-анамызды қалай сыйласақ, баламыздан да сондай үміт күтеміз ғой.

  4. Баламның болашағы жарқын болғанын қалаймын. Дәл мені қайталап қажет емес.

  1. Ата-анам қаласа ғана.

  2. Міндетті емеспін деп ойлаймын.

  3. Сұраймын, алдарынан өтемін.

  4. Сол қазіргі кезде маңызды емес деп ойлаймын.

  5. Анда-санда кеп тұрамыз ғой. Олар құсап ауылда қалғым келмейді.


Бұл ватсав арқылы статустар мен стористерге келген жауаптардың көп кездескен түрлері ғана. Нақты болмауы да мүмкін, себебі адамдардың сөзі мен ісі көп жағдайда сәйкес келмей жатады ғой. Бірақ көп жағдайда қазіргі жастардың тым әсіреқызыл, еліктегіш, қиындыққа төзімсіз, жеңіл өмір аңсайтындары жөнінде айтылып та, жазылып та жүр. Қазіргі заманда әлеуметтік желінің әлегі жастарды, мектеп оқушыларын жіпсіз байлап отырғаны айдан анық. Виртуальды әлемде өмір сүрген жасөспірімдердің басқа адами парыз, адамгершілік, түрлі сүйіспеншілік қағидаттарынан алыстап бара жатқанын байқамасқа амалың жоқ.

Осы сауалнамалардан кейін жас буын өкілдері арасында сүйіспеншілік сезімдерін ояту және нығайту үшін қандай да бір шаралар ұйымдастыру керек екенін сезініп, мынадай ұсынбалар дайындадым.

    • Видеороликтер дайындау;

    • Тик-токтар түсіру;

    • Әр жанұяның заңдарын бекіту;

    • Мектеп оқулығына сүйіспеншілік бағыттағы шығармаларды көбірек енгізу;

    • Елжандылық бағыттағы, адамгершілік бағыттағы тәрбиелік шараларды көбейту;

    • Жастарға әсер ететін орталарда түрлі адамгершілік қағидаттарды насихаттайтын ситуациялық фильмдер түсіру;

    • Аялдамаларда, демалыс саябақтарында түрлі роликтер өткізу т.б.

Бүгінгі таңда барлық адамзаттың алдында тұрған ұлы да келелі міндеттің бірі – білімді ғана емес, жылы жүректі ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін бастысы, жүректердегі асыл сезімді - сүйіспеншілікті жоғалтпау. Ең маңыздысы - сол. Жақсы көру, сүйіспеншілік күн сияқты, болашақ ұрпақ сол күнін жоғалтып алмау үшін, ата-ана, мұғалім, қоғам бала тәрбиесін басты назардан шығармай қадағалау керек деп ойлаймын. Хакім Абай атамыз «Адамның жүрегі тұнып тұрған асыл қасиеттердің мекені» деген екен, ендеше ұрпағымыздың жүрегі суымасын, қатігез атанбасын, достық пен нұрға, сүйіспеншілік пен жырға толы болсын.


























Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Жұбан Молдағалиев І том Жазушы баспасы

  2. Жұбан Молдағалиев ІІ том Жазушы баспасы

  3. Ғаламтор беттерінен /википедия /

  4. Массагет кз сайты

  5. «Егемен Қазақстан» газеті «Ғасырдың ғажап адамы» мақаласы

  6. «Қазақ әдебиеті» газеті «Жалын, жарқыл шашқан Жұбан аға» мақаласы.

  7. Мақал-мәтел, нақыл сөздер жинағы













10 Сәуір 2025
165
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі