Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба: «Латын әліпбиіне көшу – әлемдік жаһандану мен тіл тазалығы мәселесі»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Латын әліпбиіне көшу – әлемдік жаһандану мен тіл тазалығы мәселесі»
Зеріттеу жұмысының өзектілігі:
Латын әліпбиіне көшу – ұлт болып шешуге тиісті тарихи мәселе. Еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіруі, жастардың білімді және Қазақстанды әлемге танытатындай болып тәрбиленуі үшін, латын әліпбиіне көшу керемет мүмкіндік болып табылады.
Жобаның мақсаты:
Латын әліпбиіне көшу мәселесімен таныстыру, тарихта болатын маңызды оқиға болатынын, қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік алатынымызды түсіндіру. Латын әліпбиінің жаңа нұсқасын өз қатарымдағы достарым мен жастарды өз беттерімен меңгеруге шақыру, келешекте метептептерде, жоғарғы оқу орындарында оқыту үрдісінің жеңілдетейтініне сеніммен қарауға насихаттау, латын әліпбиінің кеңінен таралуын зерделеу
Жобаның міндеттері:
*Латын әліпбиі туралы Елбасымыздың жолдаулары мен мақалаларын оқып,танысу.
* Латын әліпбиінің тарихын, таралуы мен құрамын,ерекшелігін зерделеу.
*«Риддер қаласының №12орта мектебі» КММ оқушылары мен мұғалімдерімен, Риддер қаласының тұрғындарымен сауалнама жүргізіп, қорытындылау.
*Күнделікті өмірде, мектепте жиі қолданыста қолданылатын сөздердің қазақша-латынша сөздігін құрастыру.
*Латын тілінде жазылған еңбектер мен мақаларды, құжаттарды жинау.
Зеріттеу жұмысының әдістері:
*Тізімдемелік әдіс: нақты материалдарды оқу, қажетті мәліметтерді саралау, ұғымдарды жинақтау, қорытындылау.
*Тәжірибе жинау- практикалық әдіс: Сауалнама жүргізу, материалдарды іздеп, жинақтау, іріктеу, сөздік жасау.
Жобаның жаңалықтары: Латын әліпбиі туралы теориялық және тәжрибелік талдаулар жасалды және жаңа әліпбиге көшу бүгінгі заманның талабы екені дәлелденді.
Приактикалық құндылықтары: Жобаның материалдарын қазақ және қазақ әдебиеті, ағылшын, информтика сабақтары мен тарих, өзін-өзі тану, сынып- тәрбие сабақтарында қолдануға болады.
Жоспары:
-
Кіріспе
Негзгі бөлім.
1.Латын әліпбиіне көшу – өмір, заман талабы.
-
Зерттеу бөлімі
1. Қала тұрғындарынан, мұғалімдерден, оқушылардан латын әліпбиі жайында алынға сауалнама.
2. Сөздік жасау.
-
Қорытынды
-
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Біздің қазіргі кирилл әліпбиіндегі қазақ тіліміз - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, қырым, құмық, татар тілдеріне жақын. Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. 1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді. Мысалы, айта кетсек, Қазақ тілі үшін әр кезеңдерде және әр аймақтарда келесі жүйелер Қазақстан Республикасында - кирилл жазуы негізінде, ресми түрде Қазақстанның бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында пайдаланылған. Тағы да көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін бірыңғай мекендеген қазақ жұрты пайдаланады, сонымен бірге басқа ыдыраған КСРО республикаларында да пайдаланылады. Сонымен қатар Түркия, Германия, АҚШ т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі қалыпты емес латын жазуын пайдаланады.
1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиі – көне және халықаралық әліпби. Оны ағылшындар, италяндықтар, француздар, немістер қолданады.
Латындар римдік көне тайпалар. Олардың әліпбилері біздің дәуірімізден бұрын VIII-VII ғасырларда пайда болған. Сонымен латын әліпбиі 1928-1929 жылдары Қазақстанда, Әзірбайжанда, Өзбекстанда кеңінен қолданыла бастады.
Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Латын әліпбиі б.з.б. VII ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. I ғасырда қалыптасқан. Орта ғасырда латын әліпбиі Еуропаға тарады. Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар. Дауысты дыбыстар е әрпі созылыңқы және қысқа айтылуына байланысты мысалы: Liber - тәуелсіз, Liber – кітап сөздердің мағыналары өзгереді.
II.Негзгі бөлім. Латын әліпбиіне көшу – өмір, заман талабы.
Жедел түрде латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Себебі, әр ұлттың өзіндік бірізділігі, ерекшелігі оның тілімен белгіленеді. Сондықтан тілдің дамуы, өркендеуі қандай этнос үшін болса да өте маңызды. Бұл тұрғыда қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі тіліміздің ары қарай жаңғыруына жақсы ықпал етері сөзсіз. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – Ұлттық код. Ұлттық мәдениет сақталҒан, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» деген болатын. Барлық озық технологияның тіліне айналған латын әліпбиіне көшу – еліміз үшін, өнеріміз бен мәдениетіміз үшін үлкен рухани құбылыс. Жаңа әліпбиді енгізу – халқымыздың білімі мен мәдениетінің дамуына тағы бір серпіліс әкелетін дара жолы деп білемін. Латын әліпбиіне көшу туралы мәселе тәуелсіздік алған жылдардан бері көтеріліп келеді. 2006 жылы Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының ХІІ сессиясында «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де, латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жыл ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек» деген еді. «Қазақстан – 2050» стратегиясында латын тіліне 2025 жылы толық көшетініміз туралы кесімді сөз айтылды. Қазақ жазуында қолданылып жүрген әліпбиді латын әріптерімен ауыстыру болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін жасалған маңызды шара деп білеміз. Латын әліпбиіне өтсек, барлық мәселе шешіледі деп арқаны кеңге салуға да болмайды. Тілімізге бұрынғыдан да жауапкершілікпен қарап, Елбасы айтқандай «қазақ қазақпен қазақша сөйлеуі керек». Тіл сөйлеген сайын шыңдалып, басқаларға да әсер ете түседі. Өз нна тіліміздің барша болмысы, тіпті оның әрбір дыбысы мен жалғау-жұрнағы – әлеуметтік өмірде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Әр халық өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды. Елінің мәдениетін жасайды, түйген тұжырымдарын келешек ұрпаққа жеткізеді. Қазіргі таңда Ойтоған деген ауылымыздың атауын латын әліпбиінде жазып, тұлғалар туралы мәліметтер жазылған тақталар да орнатылды. Латын әліпбиінің қалыптасуына үлес қосып отырған ауылымыздағы мекемелердің бірі – Мәдениет үйі. Онда балалардың таным көкжиегін кеңейтіп, ақыл-ойын арттыратын түрлі білім сайыстары, жаттығулар мен рухани іс-шаралар өткізіліп тұрады. Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттық мұрасы еш уақытта жоғалмайды, тот баспайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сол себепті, латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ. Жаңа әліпбиге көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру аса маңызды шаруа. Қоғамда өздерін көрсете алатын және өз еліне пайдалы бола алатын, жаңа қазақстандық патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашу мақсатында Ойтоған ауылдық кітапханасында «Білім – әлемдік, тәрбие – ұлттық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, насихатталды. Сондай-ақ «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының ұлы көсемі» атты дөңгелек үстел өтті. Жас оқырмандармен «Жаңғыру – жазудан басталады» атты ауызша журнал да ұйымдастырылды. Байтақ қазақ даласының иесі кім екенін алыс пен жақынға танытатын, қазақ жерінің кіндігіне Ақордасын тіккен жаңа Астана тарихымен таныстыру мақсатында, елордамыздың 20 жылдық мерейтойына орай латын әліпбиінде жазылған «Астана – отанымыздың жүрегі» атты кітап көрмесі де келушілерді қуантып, ерекше әсер сыйлады. Еліміздің латын әліпбиіне көшуі – ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші байлығы – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Латын әліпбиіне көшу ұлтымызды түркі және жаһандық әлеммен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады. Жаңа әліпби бізді жаңа мүмкіндіктерге, зор жетістіктерге бастайтыны сөзсіз.
Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек» деп айтқан еді .
* 2018 жылғы 10 қаңтардағы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының 10 міндетіндегі 7 міндетінде: «Латын әліпбиіне көшу арқылы біз қазақ тілінің ғұмырлы болуын, яғни қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату мәселесін реттеуге мүмкіндік аламыз» деген. бастады. 1929-1940 жылдары біздің елімізде осы латын әліпбиі қолданылды.
Латын әліпбиіне көшу – өмір, заман талабы.
1. Латын әліпбиі әлемдік өркениетке аяқ басуымызға септігін тигізеді. Әлемнің 12 мемлекеті кириллицаны, ал дүниежүзі халықтарының 80%-ы латын әліпбиіне көшкен.
2. Ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруге, яғни жаңа технология тілі – ғаламтор тілін және ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады.
3. Сол замандағы ұлы тұлғаларымыздың шығармалары мен қолжазбаларын келер ұрпақ қиындықсыз оқи алады.
4. Әлемнің әр түкпіріндегі 5 миллионға жуық қазақдардың 80 пайызы латын әліпбиін қолданады. Сол қандастарымызбен жақындасудың оңтайлы мүмкіндіктері туады.
5. Әліпби өзгерту төл сөздерімізді жазуда кеткен олқылықтарды жөнге келтіруге көмектесіп, қазақ сөздерінің дұрыс айтылуына ықпал етеді.
-
Зерттеу бөлімі
1. Қала тұрғындарынан, мұғалімдерден, оқушылардан латын әліпбиі жайында алынға сауалнама.
Латын әліпбиі бойынша жүргізілген сауалнама қорытындысы. Мектеп оқушыларынан алынған сауалнама. Сауалнаманың нәтижесі бойынша 5-сұрақ – Келешектегі ұрпақтар латын әліпбиін қолданғанда білім деңгейлері, сауаттылықтары жоғарлайды деп ойлайсыз ба? Деген сұраққа диаграммада көрсетілгендей: 318 оқушы , яғни 90,3 пайыз «иә» деп, 9,7 пайыз оқушылар «жоқ» деп жауап берді.
Сауалнаманың сұрақтары |
Иә |
Жоқ |
1.Сен, латын әліпбиі туралы естідің бе ? |
350 ( 90,9% ) |
2 ( 9,1 % ) |
2. Сен латын әліпбиіне көшуді қолдайсың ба? Неге иә, неге жоқ? |
315 (80,6%) |
37 (19,4%) |
3. Сен латын әліпбиінің 1929-1940 жылдары еліміз қолданғанын білесің бе? |
323 (90,2%) |
29 (19,8%) |
4. Қазіргі таңдап алынған латын әліпбиін өз бетіңше оқу керек пе, не үшін оқу керек деп ойлайсың? |
330 (90,6%) |
22 (9,4%) |
5. Келешектегі ұрпақтар латын әліпбиін қолданғанда білім деңгейлері , сауаттылықтары жоғарлайды деп ойлайсың ба? |
318 (90,3%) |
34 (9,7%) |
6.Сені қоршаған ортадағы сыныптастарың , достарың , отбасың латын әліпбиін тез меңгеріп кететініне сенесің бе? |
285 (80,9%) |
67 (19,1%) |
Қала тұрғындарынан алынған сауалнама. Тұрғындармен жүргізілген сауалнаманың нәтижесі бойынша көп адамдар латын әліпбиіне көшуді қолдайтындары байқалады. Қарт отбасылары жаңа әліпбиді меңгеру бізге қажет емес, бірақ теледидар көру, газет- жураналдарды оқу үшін, телефондардағы хабарламаларды оқу үшін қажет екендігін айтты , мен де үлкен адамдарға қиындау болады ма деп ойлаймын.
Сауалнаманың сұрақтары |
Иә |
Жоқ |
Дәлелдеме |
1.Сіз, латын әліпбиі туралы естідіңіз бе, не естідіңіз? |
10 (83,3) |
2 (16,7%) |
Бұрын аталарымыздан естігенбіз. Қазір теледидардан естіп, газет-журналдардан оқып жүрміз. |
2. Сіз латын әліпбиіне көшуді қолдайсыз ба? Неге иә, неге жоқ? |
9 (75%) |
3 (25%) |
Өзім қолдай қоймаймын, өйткені жасым орта жастан асты , мен үшін латын әліпбиін меңгеру қиындау болады. Ал немерелерім,болашақ жастар үшін пайдалы бола ма деп ойлаймын. |
3. Сіз латын әліпбиінің 1929-1940 жылдары еліміз қолданғанын білесіз бе? |
11 (93,3%) |
1 (6,7%) |
Осы кезеңде өмір сүрген ата-аналарымыз айтып отыратын |
4.Қазіргі таңдап алынған латын әліпбиін өз бетіңізше қазірден бастап оқу керек пе, не үшін оқу керек? |
8 (66,6%) |
4 (33,4%) |
Келешек өмірде тез меңгеріп, қолдану үшін оқу керек |
5. Келешектегі ұрпақтар латын әліпбиін қолданғанда білім деңгейлері , сауаттылықтары жоғар-лайды деп ойлайсыз ба? |
10 (83,3%) |
2 (16,7%) |
Кім білсін, 30 дамыған мемле-кеттің қатарына қосылу керек болса біліміміз жоғарлап, сауаттылығымыз жақсарар деп ойлаймын |
6.Сізді қоршаған ортадағы туыстарыңыз,таныстарыңыз, балаларыңыз латын әліпбиін тез меңгеріп кететініне сенесіз бе? |
7 (58,3%) |
5 (41,7%) |
Көп адам әсіресе қызметтегі туыстарым, таныстарым, балаларым тез меңгеріп кететін мүмкіндіктері бар.Ал кәрі адамдарға қиындау болатынына сенімдемін. |
Мектеп мұғалімдерінен алынған сауалнама. Сауалнаманың нәтижесі бойынша 6-сұрақ – Телефонда хабарламаларды латын әріптерімен жазасыз ба? Деген сұраққа диаграммада көрсетілгендей: 54 ұстаздың 28, яғни 50,1 пайызы «иә» деп,49,9 пайыз ұстаздар «жоқ» деп жауап берді. «Жоқ» деп жауап берген мұғалімдердің көбі 55-60 жастағы ұстаздар екені анықталды.
Сауалнаманың сұрақтары |
Иә |
Жоқ |
1. 26.10.17 ж. № 569 ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген латын қарпіне негізделген қазақ тілінің жаңа алфавитімен таныстыңыз ба? |
51( 94,4% ) |
3 ( 5,6 % ) |
2. Латын қарпіне көшуді қажет деп санайсыз ба? |
47 (80,7%) |
7(19,3%) |
3. Сен латын әліпбиінің 1929-1940 жылдары еліміз қолданғанын білесің бе? |
54 (100%) |
0 (0%) |
4. Латын қарпіне негізделген қазақ тілінің жаңа әліпбиімен таныс болсаңыз, тез өзіңіз туралы жазып бере аласыз ба? |
32 (59,2%) |
22 (40,8%) |
5. Латын әріптерімен жазылған телефондағы хабарламаларды оқи аласыз ба? |
31(57,4%) |
23 (42,6%) |
6. Телефонда хабарламаларды латын әріптерімен жазасыз ба? |
23 (42,5%) |
26(57,5%) |
«Қазақ тілінің әуездігін, шұрайлығын, тілдік ерекшелігін сақтаймыз»-деген қоғам қайраткері Асылы Осман апамыздың пікіріне де қосыламын. Біз, қазақ елі, уақыт көшінен қалып қоймай, әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосыламыз десек, жалпы ұлт ретінде сақталып қаламыз десек, әліпбиімізді латын жазуына көшіруіміз керек деген пікірді де қолдаймын. Сыныптастарымды, достарымды өз бетімізше латын әліпбиін қолданып жазуға, ауызекі сөйлесуге шақырамын! Өйткені бұл – бүгінгі күннің, өмірдің талабы.
Қорытынды