Материалдар / Ғылыми жоба Мағжан Жұмабаевтың "Бесік жыры" өлеңінің тәрбиелік мәні
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба Мағжан Жұмабаевтың "Бесік жыры" өлеңінің тәрбиелік мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба Мағжан оқулары "Бесік жыры" өлеңінің көркемдік ерекшелігі. Мағжан ақын шығармаларының тұнық бастауынан қанып ішу, түйсініп, ұлттық өнегеге толы ойларын көкейге түйіп өсетін жастарға талдап,саралап,өзіндік көзқарас тұжырымымызды ұсыну.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2022
1769
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы

Созақ аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі

Әлия Молдағұлова атындағы жалпы орта мектеп мемлекеттік мекемесі





ҒЫЛЫМИ ЖОБА



Тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Бесік жыры» өлеңінің тәрбиелік мәні

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршрутттары

Секция: қазақ әдебиеті

Авторы: Қуанышбай Нұржамал,9-сынып оқушысы

Жетекші: Рыстыбаева Гүлшат Тоқбергенқызы ,

қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі




2022 жыл



Мазмұны:

1.Кіріспе. Ұлтын шексіз сүйген ер
2. Негізгі бөлім: Мағжан Жұмабаевтың «Бесік жыры» өлеңінің көркемдік ерекшелігі

2. 1 Мағжан ақынның «Бесік жыры» өлеңінің көркемдік құндылығы

2.2 Өлеңнің құрылымдық ерекшеліктері

2.3 Мағжан Жұмабаевтың «Бесік жыры» өлеңінің тағылымдық мәні

3. Қорытынды бөлім: Мағжан ақынның аманаты



































1.Кіріспе. Ұлтын шексіз сүйген ер

«...Мағжан терең ойдың ақыны емес,

нәзік сезімнің,тәтті қиялдың ақыны,

ол кедейдің ақыны емес, ұлттың ақыны»

Жүсіпбек Аймауытов
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Мағжан ақын шығармаларының тұнық бастауынан қанып ішу, түйсініп, ұлттық өнегеге толы ойларын көкейге түйіп өсетін жастарға талдап,саралап,өзіндік көзқарас тұжырымымызды ұсыну. Мағжан атамыздың «Бесік жыры» өлеңі арқылы халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрі екенін дәлелдеу. Бесік жырына қатысты мағлұматтарды жинақтап, балаға берілетін алғашқы тәрбие екендігін көрсету. Ұмытылып бара жатырған бесік жырының бала өміріндегі мәнін, маңыздылығын, пайдасын ашып түсіндіру.

Ғылыми жобаның міндеттері: М.Жұмабаевтың «Бесік жыры» өлеңін талдау. Халық дәстүрінің тәрбиелік мәнін ұғыну.Жиналған зерттеулердің нәтижесін қорытындылау.

Ғылыми жобаның өзектілігі: Мағжан өлеңдерінде жырланған құнды ойлар қаншама уақыт өтсе де  негізгі мәнін жойған жоқ. Күні бүгін бүкіл ұлтымызды, тіпті, жалпы адамзатты ойлантар мәселе болып отыр. Оның бір дәлелі «Бесік жыры» өлеңінде жатыр. Мағжан туындысындағы бесік жыры халық дәстүріндегі бесік жыры секілді, ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы, баланың алғаш еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімінің қалыптасу кілті деуге болады. Жас ұрпақ аталмыш жырдың қасиетін ұқынып өсуі үшін арнайы тұжырымдарды ұсындым.

Ғылыми жобаның проблемасын шешу болжамы: Егер, біз, Мағжан атамыздың «Бесік жыры» өлеңін халық арасында көптеп жариялап, насихаттайтын болсақ, халық дәстүрінің бір өзегі бесік жырының мәнін, тәрбиелілігін, өзектілігін ұғынып, баспасөз беттерінде, ғаламтор желілерінде енгізіп, кеңінен таратсақ, «Бесік жыры» өлеңдері кітапша ретінде шығарылып, аналарға тегін таратылса, әсіресе, үйдегі үлкен әжелеріміз ұл-қыздарына үнемі құлағына алтын сырға етіп, насихаттаса, санамызда өшіп бара жатырған «Бесік жырын» өмірімізге қайта жалындар едік.

Ғылыми жобаның әдіс-тәсілдері: Жинақтау,топтау,баяндау,өзіндік ой қорыту, салыстыру,түсіндіру



20-ғасырдың отты ақыны, құдіретті поэзиясымен келешек ұрпақ жадына мәңгілік мұра қалдырып кеткен ақын Мағжан Жұмабаев еді. Ол аса талантты ақын,жазушы, ғалым, оқу ағарту ісінің майталманы, туған халқына қалтқысыз қызмет еткен қаламгер болды. Мағжан Бекенұлы Солтүстік Қазақстан облысының құнарлы топырағында өсіп,өніп, күллі қазақ даласына өнерін саялы бәйтере ете білген аса талантты қаламгер болды. Тағдыры қилы заманның қиындысына айналса да, ақынның өлмес шығармалары елдің жүрегіне мәңгілік мөрленіп, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отыр.

Сөз өнерінің құйма құлақ, ерекше талант иесі, қазақ поэзиясының ірі суреткері, аса дарынды ақиық ақын, сөнбес жанартау, сөз шебері - Мағжан Жұмабаев. Бұл айшықты сөздер ақын атамызға лайық деп есептеймін. Өйткені, Мағжан армандаған жаңашылдық  мен ұлттық тәрбие мәселелері бүгінгі күні өзекті сипатқа ие .  Отбасылық тәрбиенің өзгертіп жіберген жаһандану мәселесі ұлттық құндылықтарымызды ылдызымен жұлып жатқан уақытта өзге жұрттың тәрбиесі ұрпағының келешегіне кесірін тигізерін Мағжан күні бұрын білгендігін пайымдаймыз. Ата-бабамыздан мирас рухани байлыққа үстірт қараудан  ақын бізді әбден сақтандырған. М.Жұмабаев ұлттық тәрбиенің мақсаты мен міндетін белгіледі. Ұлттық тәрбие мақсаты- ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу,  ал ұлттық тәрбие міндеті- ұлттық тәрбиенің діңгегі- ана тілі болып қалатынын негіздеу екендігіне айрықша тоқталады. Ана тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастырудың жолдарын көрсетеді. Қазақ халқы арыстанның айбатын, жолбарыстың қайратын, қыран құстың қырағылығын дәріптеген. Жастар бойынан осындай ұлттық ерекшелікке тән қасиеттерді көрсем деген ақын «Мен жастарға сенемін» деп болашақ жастарға сенім білдіреді. Ұлттық тәрбие барысында ұлттық сананы қалыптастыру ең маңызды шарттардың бірі. Бүгінгі күннің шешімін табуда кезек күттірмейтін мәселелердің бірі де жастардың ұлттық санасын оятып,  жат діни ағымдарға кіріп кетпеуін, шетелге еліктеп ұлттық санасының өшпеуін қадағалау. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – білімділік, рухани сауаттылық, жоғары интеллектілік, кәсіби сауаттылық. Жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуын, өзіндік көзқарасының қалыптасуы және ой-өрісінің кеңеюін қамтамасыз ету жолында салт-дәстүрін дәріптейтін жастардың азаюы басты назарда тұрған мәселе... Мағжан өз шығармаларында ұлттық психологияны қалыптастыруды да көлемді түрде сөз етедi. Ол жан көрiнiстерiн «бiлу, яки ақыл, сезiм яки көңiл, һәм қайрат»  деп үшке бөлiп қарастырады.   

М.Жұмабаев: “Адамның әдемiлiктi сүю сезiмiн тереңдететiн де осы есту сезiмi”, – дей келiп, оларды дұрыс жетiлдiрудiң жолдарын көрсетедi. Бұларды жетiлдiруде ұлттық дәстүрге сүйене отырып жүргiзудi, мәселен, құлынның кiсiнеуiн, қойдың маңырауын, түйенiң боздауын ажырата бiлу арқылы тәрбиелеудi ұсынады. Жанартау ақын ұлттық тәрбие беруде халықтың бай ауыз әдебиетін оқытудың маңыздылығын түсіндірді. Мағжан қазақ әдебиетінің қалыптасуында ежелгі сақ, ғұн, түрік, қыпшақ дәуірінен бастау алған ауыз әдебиетінің роліне ерекше наза аударған. Халқымыздың аса бағалы рухани байлығы деп бағалап, оны сақтауға ерекше мән берген. Мағжан  бала тәрбиесінде фольклорды пайдалануының бір себебі -халық ауыз әдебиетін халықтың санасын оятып, сол арқылы әлеуметтік орта мен қоғамдағы орын алып отырған келеңсіздікке қарсы күрестің құралы деп түсінді. Ақынның 20-30 жылдары жарық көрген «Батыр Баян», «Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың қобызы», «Қорқыт», «Ертегі», «Қанышбай қысасы» поэмалары арқылы қазақ әдебиетінің генетикалық нәрі ұлттық қайнарда жатқандығын дәлелдейді. Әдебиеттің генетикалық нәрі ғана ұлттық қайнарда жатқаны емес, ұрпақ тәрбиесінің де түбірі сонда жатқандығын негіздейді. Біздің халқымыздың бала тәрбиесіндегі ерекшелігі - ежелден қалыптасқан ауыз әдебиетінің  түрі боп саналатын бесік жырында.





































2. Негізгі бөлім: Мағжан Жұмабаевтың «Бесік жыры» өлеңінің көркемдік ерекшелігі

Қазақтың бас ақыны Абай : «Адамның бір қызығы бала деген» деп перзенттің өмірдегі мәнінің терең екенін түсіндіреді. Өлең өрнегін кестелеуде Абайдың шәкірті болған Мағжан шығармашылығының шоқтығы биік туындысы-«»Бесік жыры»» өлеңі. Ұлтты тәрбиелеуде ,кемелденуге жол сілтеуде Алаш қайраткерлері өнерін де,өмірін де аяған жоқ.Аянып та қалмады. Қиын кезеңдерде басын бәйгеге тігіп, «қайтсек қазақты сақтап қаламыз» деген күрделі сұрақтың күрмеуін шешуге ұмтылды. Ақынның ұлт бесігін тербеткен «Бесік жыры» өлеңіінің терең символдық мәні бар екенін цензурашыл кеңес өкіметі жақсы білген,осы да өзге өлеңдері үшін ақынды ашық қудалаған.

Өлең Абайдың «Сегізаяқ» өлеңінің құрылысымен ұқсас болып өрнектелген.Ол қазақ бөбегін:

«Беу – беу, бөпем,

Беу – беу, бөпем,

Әлди, әлди – ай!

Сәулем, еркем,

Күні ертең

Толарсың сен ай...»

 деген шумақтармен әлдилейді.Мұнда бірінші және екінші тармағы анафора мен эпифорадан құрылған. Бұл да - ақынның қазақ әдебиетіне әкелген жаңалығы.

.Мағжан Жұмабаевтың «Бесік жыры» өлеңі өне бойы айшықты сөздерге, троптың метафора және метонимия секілді түрлеріне өрілген. Троп дегеніміз – сөзді тура мағынада емес, бұрма мағынасында, әсірелеп, әдемілеп беру. Метафора (грек metaphora – ауыстыру) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы. Қазақ халқының ірі ғалым лингвисі, қазақ әдебиеті теориясының негізін қалаушы, аудармашы, түрколог, ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынов өзінің әйгілі «»Әдебиет танытқыш» деген еңбегінде метафораны ауыстыру деп келтіреді. Мағжан ақынның «Бесік жырындағы» ана сәбиінен небір айшықты сөздермен толғанады.

«Күнім, айым,


Жұмсақ бесік,

Еркетайым,

Жылы төсек,

Бөлейін енді.

Жата ғой, қозым.


Сая жаным,


Қуанып қалқам,

«Балапаным,

Ерке марқам,

Соқсын дауыл, жел.

Қысып сүйермін»


«Ұйқың тәтті,

Сен – жұлдызым,

Ұйқың қатты,

Сен – көз нұрым,

Қозым, құлыным»

Кір тәтті ұйқыға, - деп ана сәбиін « Күнім, айым, балапаным, ерке марқам, қозым, құлыным, жұлдызым, көз нұрым, қарашығым » деген метафоралармен еркелетіп қана қоймайды,«жас бөрім, сырттаным, арыстаным, жас жолбарыс » деп ана баласының « арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты », жауынан тайсылмайтын, елі үшін атқа қонатын батыр болатынына үміт артады.


«Сен еріме,

Алмас қылыш,

Жас бөріме,

Найза құрыш,

Қарсы кім тұрар?

Белге буарсың.


Сен, сырттаным, .

Жас жолбарыс,

Арыстаным,

Жаумен алыс,

Жауды қуарсың

Шаңға, қанға бат»

Бұл жоғарыдағы зерттеуде ақын шығармасы көркемдік ерекшелігі жағынан биікте тұрғаны, ақынның өлең құрылысына енгізген жаңалығын көруге болады.


Балапаным,

Соқса дауыл, жел

Болма алаң

Сүйген анаң

Сақтар, анық біл,- деп нәрестесін қорықпауға, батыр болуға шақырса:

Қуып бақыт,

Тілеп тақыт,

Жолдар шегерсің,-деп болашағынан зор үміт күтеді.


Сен, сырттаным,

Арыстаным,

Жауды қуарсың,-деп ерте жастан батырлыққа баулиды.


Жаным да сен,

Тәнім де сен,

Қарашығым-ай!-деген тармақтарда ананың баласы үшін кез-келген уақытта болмасын алаңдайтынын ақын дәл жеткізген. Жалпы, ақын өлеңінде нәрестені « қозым, бөпем, күнім, айым, жұлдызым » десе, тұрмыс-салт жырларында

Көлге біткен құрағым,
Маңдайдағы жұлдызым,
Суда жүрген құндызым-деп еркелетеді.


Ақынның тағы да:

Тайға мінерсің,

Түлкі тымақ киерсің..» -деп ұлынан үлкен үміт күтсе, ауыз әдебиетіндегі бесік жырында да:

Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Шебер болар ма екенсің?!
Таңдайларың тақылдап,
Сөзіңді жұрт мақұлдап,
Шешен болар ма екенсің?!- осындай үндес жолдар кездеседі.

Бұл өзімнің ойым бойынша ақын өлеңі мен тұрмыс-салт жырларындағы бесік жырының мақсаты, тәрбиелілігінің бір мүддеге келіп шоғырланатынын анық аңғаруға болады. Ал,халық ауыз әдебиетіндегі бесік жыры жөнінде көптеген мәліметтер бар. Бесік жыры тұрмыс салт жырларының көне түрінің бірі екендігін ауыз әдебиетінен білеміз.

Әлемде бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Бесік жырының басты қызметі-бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан-жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жырлары ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерлерде мазмұны мен әуені өзгертілмей орындалады. Олар:

Әлди, әлди ақ, бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем!- деген ана мейіріміне толы өлең жолдарымен басталып, баланы жұбататын, алдандырып тәтті ұйқыға батыратын шумақтарға ұласады.

«Бесік жырының» басты құралы бесік жөнінде де айта кетсем, бесікті қарағай, қайыңнан, талдан иіп жасайды екен. Бесік – қазақ қауымы үшін аса қастерлі, қасиетті мүлік. Оны адами өмірдің бастапқы ұясы деп біледі. Бесік – көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті мұра. Қазақта “Есік көргенді алма, бесік көргенді ал”, “Бесік көрмеген ессіз болып есікке енеді”, “Есік арқалағаннан бесік арқалаған артық”, “Төрінде бесік тұрса, төре де бас иеді” деген ұлағатты сөздер содан қалған екен. Бесікте жатқан бала әрі таза, әрі жылы жатады.
Бесік жырын мазмұнына қарай уату жыры, ұйықтату жыры деп екіге бөліп қарастыруға болады.

«Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікте жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін,
Ақ сүтімді еміреніп,
Омырауымнан берейін.
Арғымыққа мінгізіп,
Хан қызын алып берейін.
Тапыл басып жүргенде,
Тілің шығып сөйлерде,
Ақсарбас, сойып қуанып
Өміріңді тілейін!»...-деп кете береді. Бұл нәрестенің уату жыры ғана емес, ана махаббатының, мейірінің кіршіксіз нәрестеге арналып жүрегінен шымырлап шыққаны көрініп тұр.
Ал ұйықтату жырының да мазмұны терең, ана немесе әже нәрестеге барлық нәрсе арнайды және әлемдегі ең бағалы, асыл затқа теңейді.Сезімін осылайша тербейді. Сол тәтті әуенге балқыған бала балбырап ұйқыға кетеді. Баланы жырмен жұбату отбасына ғана тән салт емес, ол бүкіл халық тұрмысында қалыптасқан дәстүр.

Бесік жыры — балаға берілетін алғашқы тәрбие. Өйткені баяу ырғақпен айтылған анасының әлдиі туғаннан баланың құлағына сіңеді. Бесіктегі баланы әннің ырғағымен тербетеді. Бесік жырының тұрақты нұсқасы жоқ. Осындай әдемі әуенмен астарында ізгі тілегі бар бесік жырын тыңдаған бала шебер болуға да, шешен болуға да ұмтылып өседі. Баланың бойына әсерлі әуен, сұлу сөзбен айтылатын ананың әлдиі ана сүтімен қосылып осылай сіңеді. Бесік жырының толып жатқан түрі бар. Сәбиінің аман өсуінен бастап, болашақ өміріне деген тілегі, сенімі, ниеті әдемі әнге шумақ болып өріліп, анасының айтуымен балаға жетеді. Тіпті алыстағы төркініне деген сағынышын да бөпесіне айтып, баласымен сырласа отырып «әй, әй, бөпем, артта қалған елімді көрер ме екем…» деп іштегі шерін бесік жырына қосқан. Анасының еліне деген сағынышы бөпеге беріліп, ол анасын аяйтын, ардақтайтын, мейірімді әрі жанашыр болып өседі екен.

 





Мағжан Жұмабаевтың қазақ халқының тұрмыс – салт жырының бір түрі бесік жырының үлгісінде жазылған «Бесік жыры» өлеңінен мейірімді ананың нәрестесіне деген ыстық сезімі мен ақ тілегін аңғарамыз. Жалпы кез - келген шығармада ең алдымен тақырып болатыны сөзсіз. Шығарманың иесі сан - алуан ойларының ішінен біреуін ғана негізгі ойының қазығы етеді. Сол ой шығарманың тақырыбы болып табылады. Әдеби шығарманың тақырыбы – өнер туындысының іргетасы. Мағжан жас бөбекті бақыт құшағына бөлеп,келеегіне ақ үмітін жалғайды:

«Мініп тұлпар,

Алып сұңқар,

Тауға кетерсің.

Сен боп сөзім,

Жасты көзім,

Сағынып күтермін».

Өзі жете алмаған Тәуелсіз заманға жастар жетер деген нық сенім,үлкен үмітін бесік жырына жалғайды.Қазақ бесігінің құба талдан иген тағылым бесігі тербеле берсін деген тілегін астарлап, символдық ұқымдармен білдірген.



























2.2 Өлеңнің құрылымдық ерекшеліктері

Мағжан ақын жырлары - сөз өнерінің әсем әшекейін бойына таққан тамаша туындылар. Ол туралы М.Әуезов: «Мен Мағжанды сүйемін. Еуропашылдығын,жарқыраған әшекейін сүйемін» дейді [2:].Расымен,ақын өлеңдері тұнған көркемдік құндылыққа толы.Сондай көркем,мәні терең,мейірімге толы өлеңі-«Бесік жыры».Балдай шырын, көркем тілді жырымен жас бүлдіршінді бейбіт ұйқы құшағына бөлеген ақын шынымен де шебер.

Өлеңнің идеясы - автор осы тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Бұл өлеңнің тақырыбы- тұрмыс – салт жырының бір түрі бесік жыры.Өлең 6 тармақтан тұрады. Себебі, тармақ дегеніміз- өлеңнің әр жолы. Бунақ - белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. Бұл өлең 1,2 бунақты.Өлеңнің бірінші тармағы:  

«Күнім, / айым, / - 2 бунақты,

Еркетайым, / - 1 бунақты,

Бөлейін енді / - 2 бунақты,  


Буын саны - сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты. «Бесік жыры» өлеңі 4 – 5 буынды.

«Жұмсақ бесік,

Жылы төсек,

Жата ғой, қозым»  

Мағжан Жұмабаев поэзиясында 4 буынды өлең өлшемдері көптеп кездеседі. «Бесік жыры» өлеңінен басқа «Қайың», «Жұмбақ» өлеңдері де төрт буынды, 1 – 2 бунақты болып келеді.  

Ұйқас – өлең жолдарын біріктіріп, белгілі бір үйлесімде ұстап тұратын өлең бірлігі. «Бесік жыры» өлеңінің ұйқасы а - а - б болып келеді:

Мініп тұлпар, а

Алып сұңқар, а

Тауға кетерсің. б  

Ақынның «Бесік жыры» өлеңі 6 тармақты, 4 – 5 буынды, 1 – 2 бунақты, ұйқасының а - а - б болып келуі - Мағжанның қазақ әдебиетіне әкелген өзіндік жаңалығы. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы «Сегіз аяқ» өлеңі арқылы төл әдебиетімізге сегіз аяқ деген ұйқас енгізген болса, Мағжанның 6 тармақты, 4 – 5 буынды өлеңдерін алты аяқ ұйқасына құрылған шығармалар деп атауға негіз бар сияқты.  

Қайталау -белгілі бір ұғымға назар аударту үшін бір сөзді не сөйлемді қайта – қайта айту. «Бесік жыры» өлеңінде қайталаудың анафора мен эпифора деген түрлері кездеседі. Анафора –өлең тармақтарында белгілі бір сөз не сөз тіркесінің жол басында қайталануы.  Эпифора -өлең тармақтарында белгілі бір сөз не сөз тіркесінің жол аяғында қайталануы.  


Құлыншақтар,

Қозы, лақтар –

Бәрі – ақ ұйқыда.

Сен – жұлдызым,

С

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!