Материалдар / Ғылыми жоба "Мақал-мәтелдердің қоғамда алатын орны" 5сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Мақал-мәтелдердің қоғамда алатын орны" 5сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жобаларға қатысу үшін,керекті материалдардың бірі болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2020
1112
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіріспе

Ғасырлар бойы ұрпаққа ауыздан-ауызға тарап, мәнін жоймай сақталған мақал-мәтелдерден қазақ халқының тұмыс-тіршілігін, дүниеге деген көзқарасын, арман мүддесіне дейін байқауға болады. Мағынасы терең, ойды дәл берген мақалды кез келген дау-жанжалда, халық өміріне қатысты қажетті шешім қабылдағанда орнымен қолданудың маңызы зор болған. Ал ондай кезде "Аталы сөзге арсыз жауап береді" деп, қандай жғдайда болмасын орнымен айтылған жүйелі сөзге тоқтаған.

Қағаз бетіне XIX ғасырда ғана түскен

Десек те, қазақ халқының өмірінде маңызды рөл атқарған ауыз әдебиетінің бұл жанры қағаз бетіне XIX ғасырдың екінші жартысында ғана түскен. Филология ғылымының докторы, профессор Дандай Ысқақ "мақал әр кезеңнің оқиғасынан сыр шертеді" дейді.

Мақал – үлкен толғау, образ арқылы берілген логикалық ой қорытындысы. Оны адам өміріне, тұрмыс–тіршілігіне, қоғамдық жағдайларда кездесетін әр түрлі құбылыстарға, тарихи оқиғаларға берілген даналық баға, тұжырымды түйін есебінде қолданады. Мақал-мәтел ғылымын зерттейтін паремиология ғылымы осындай тұжырым жасайды, – дейді ол.

Мақал – мәтелдер қай тақырыпқа көп арналған?

  • Өмір, тұрмыс – тіршілік, қоғамдық құбылыстар;

  • Төрт түлік мал туралы;

  • Адалдық, адамгершілік, ізгілік, достық туралы;

  • Еңбек, байлық, кәсіп пен нәсіп туралы;

  • Сақтық, қырағылық туралы көп айтылған.

Мақал мәнін жоймаған

Мақал адам өмірінің барлық саласын қамтыған. Алайда заман талабына сай өзгеріске ұшырап отырған. Мысалы, еңбек туралы айтылған мақалдардан халықтың оған деген көзқарасын білуге болады. "Еңбегі бардың – өнбегі бар", "Еңбек түбі – мереке", "Бейнет түбі – зейнет", "Бейнетсіз рахат жоқ", "Еріншекке ошақтың екі бұты айшылық жер". Сонымен қатар мал сырын жақсы білетін қазақ төрт түліктің өзіне тән қасиетін де атап өткен.

"Мал бақсаң қойдан бақ, май кетпейді шараңнан", "Ат шаппайды, бап шабады". "Жатқанға жан жуымас, Жалқауға жан жуымас", "Ұрыға мал құтаймас", "Жортуылшының басы жолда қалады". "Жылқы – малдың патшасы" деп ойын анық аңғартып отырған. Бір айта кетерлігі, қазақ мақал-мәтелдерінің басты ерекшелігі қанша уақыт өтсе де мәнін жоймаған, ескірмеген, – дейді филолог.

Егіншілік пен ұйымшылдыққа шақырған

XIX ғасырда туындаған мақал-мәтелдердің негізгі тақырыбы – егіншілік, адал еңбек, бірлік, ынтымақ туралы болып келеді. "Жер-ырыстың кіндігі", "Егін еккеннің есесі көп", "Астығы бар аш болмайды", "Бірлік болмай, тірлік болмас", "Бірлігі жоқтың тірлігі жоқ", "Ырыс алды – ынтымақ", "Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді", "Бірлігі жоқтың тірлігі жоқ" деген мақалдар осының дәлелі.

Сонымен қатар ел мен жерді қорғау, ерлік тақырыбындағы мақалдардан халықтың ой-тілегін, арман-мүддесін патриотттық сезімін аңғаруға болады. Мысалы, "Ел іші – алтын бесік", "Туған жердің тауы ыстық", "Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол".

Халық – қоғамдағы барлық материалдық, рухани байлықтарды жасаушы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тұрмысты қалыптастырушы, алға қарай дамытушы негізгі күш иесі болғандықтан, "Көпке топырақ шашпа", "Көп қорқытады, терең батырады" деген мақалдарымен көппен санасу керектігін аңғартады.

Би-шешендер мақал-мәтелді ұтымды қолданған

Қазақтың би-шешендері даулы істе тапқырлығымен қатар шешендік танытқан. Барша жұртты аузына қаратып сөйлей білмеген шешеннің беделі болмаған. Өйткені кез келген даулы істе жүйелі сөйлеп, тапқырлық танытпаса, оны тыңдайтын құлақ болмаған. Ал мақал-мәтел – сөздің тұздығы.

Хан-төрелердің әділетсіздігіне тап болып, жауыздық іс-әрекетіне куә болған халық "Биің қылаң болса, жұртың ылаң болар", "Қансоқта жеп ит семіреді", "Төреге ерген ер тоқымын арқалар", "Қойды құртаң бүлдіреді, елді сұлтан бүлдіреді", "Теңгелі жерде теңдік жоқ" деп әшкере қылған.

Мақал – насихат құралы

Қазақ мақал-мәтелдерінің кеңінен тарауына би-шешендер маңызды рөл атқарған. Олардың айтқан сөздерін бір-біріне үлгі етіп, өсиет ретінде таратқан. Ағайын арасындағы татулық, өнеге туралы ойларын алға тартып, тәрбие құралының бірі ретінде пайдаланған. "Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін". "Абысын татау болса, ас көп", "Ағайынның азары болса да, безері болмайды" деп бірлік, ынтымаққа шақырған.

"Өткен іске өкінбе", "Ойнап сөйлесеңде, ойлап сөйле", "Сыртынан көріп, ішінен түңілме, қарасын көріп, күшінен түңілме","Ауру астан", "Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса, тамағыңды тый", "Жасыңда салақ болсаң, бара-бара былық боларсың", "Өнерлінің өрісі ұзақ"" деп өсиет қалдырған.

Сонымен қатар кейбір орыс тілінен ұтымды аударылған мақалдар өзіндік орнын тапқан. Мысалы, "Дружно, но не грузно" деген орыс мақалын "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" деп аударып, қолданып жүр.

Мақалдың ерекшелігі

Мақалдың басты ерекшелігі бірінде ойын ашық айтса, енді бірінде ойды астарласа да, анық қылып жеткізген. Мысалы, "Құласаң нардан құла","Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме", "Аузы күйген үріп ішер" дегендерден нені меңзегенін бірден түсінесің. Тағы басты ерекшелігі жай сөйлеммен терең мағынаны бере білген.

Кейбір мақалдар өлеңнің жеті-сегіз буынды жыр түрінен жасалып, бір шумақтан тұратын өлең секілді. Мысалы, "Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер, ер басына күн туса, етігімен күн кешер", "Арық деген жамантай, жазға шығып ат болар, жамандығың сезілсе, жақын кісі жат болар".

Сырымның тапқырлығы

Мөңке бидің үйіне арық құнанына мініп, Сырым бала келеді. Баланы көзге ілмеген би бәйбішесіне ""Балаға айран бер" дейді. Таңертең семіз қызыл тұсақтың үйелеп өліп қалғанын көріп, налыған Мөңке би:

"Құтты қонақ келсе, қойы егіз табады, құтсыз қонақ келсе, малын қырсық шалады" деген, қызыл тұсақ үйелеп өліп қалыпты. Құтсыз қонақ болдың. Үйімнен кет, бала, – дейді.

Олай болмас, биеке, – депті Сырым. – "Құтты қонақ келсе, малы өліп, өзі аман қалады. Құтсыз қонақ қонса, өзі өліп, малы иесіз қалады". Менің қандай қонақ екенімді қайдан білесіз? Мүмкін құтты қонақ шығармын, – деп жауап берген екен. Мөңке би баланың бұл сөзіне аң-таң болыпты да:

Рас айтасың, балам, сен шынында құтты қонақ екенсің, – деп, сый-құрмет көрсетіпті.

Мәтел

Мақал мен мәтелдің айырмашылығы мазмұнында. Мақал – өмірде болған елеулі оқиғаға берілген даналық қорытынды. Ал мәтелде сөз айшықты, көркем теңеу қолданылады. "Көппен көрген ұлы той", "Қызым саған айтам, келінім сен тыңда" деген мәтелдерден аңғаруға болады, яғни, мақалдағыдай дәлелдеу, қорытынды пікір болмайды. Тек ойды жанамалап жеткізеді. Қалай дегенмен, "мақал да, мәтел де – халықтың қазынасы, тіл майданындағы басты қаруы" дейді Дандай Ысқақ.[5,99]

Негізгі бөлім
Эпиграф ретінде Өтебай Тұрманжановтың «Тегінде мақал-мәтел - қай халықтың да мінез-бітімінің айнасы; ол сол халықтың сөздік қорының байлығы», деген сөзін алдық.
Мақал-мәтелдер негізінен халық аузында ауызша сақталған. Ал, оларды нақты жинап, қағаз бетіне түсіру, баспасөз беттерінде жариялау – XVIII ғасырдың II жартысынан басталады.Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым – Шоқан Уәлиханов. Шоқан Уәлихановтың «Таңдамалы шығармалар» еңбегіндегі біршама мақал-мәтелдер әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ. Сол уақыттан бері қазақ мақал-мәтелдері түрлі жинақтарда, хрестоматияларда жазылып, жарияланып келді.
Мақал-мәтел – әрі қысқа, әрі нұсқа айтылған сөз мәйегі, ой маржаны. Мақал-мәтел бір ғасырдың ғана жемісі емес. Олардың алғашқы үлгілері есте қалмаған, өзінің қалыптасу, даму, өсу процесінде әр түрлі қоғамдық, таптық тілектерге сәйкес өзгеріп, жаңарып отырған. Мақалдар мен мәтелдерде айтылмайтын, сөз болмайтын өмір саласы жоқ десе де болады.
Мақал-мәтелдерден халықтың ой-санасы, дүниеге көзқарасы, ақыл- өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, мазмұн тереңдігімен, түр жағынан ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан салалы құбылыстарына баға беріліп, ой түйінделіп, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі негізінде пікір айтылады.
Халық терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, шебер беруге тырысқан. Сөйтіп, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жинақтап, қорытып береді. Онда халық тарихы, әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі кең көрініс тапқан.
Мақал менен мәтелдерде халқымыз жақсылық пен жауыздықты, адамдық пен арамдықты, еңбеккерлік пен еріншектікті, жомарттық пен сараңдықты салыстыра сөз етеді, жамандық пен жауыздық қылықтардың барлығын батыл сынап, бүкіл жұртшылыққа адамгершілікке тән мінез, қылықтардың барлығын ұсынады.
Өкінішке орай ғылым мен техниканың дамуына байланысты біз дайын құндылықтарға әбден үйреніп, төселіп кеттік. Олар – әлемдік ғаламтор өнімдері, электрондық өнімдер, т.б. Сөз жоқ бұл құндылықтардың да өмірде алатын орны зор. Дегенмен, адамдардың арасындағы «тірі» қарым-қатынасқа жетпейді. Көпшілігіміздің сөйлеу мәдениетіміз, сөздік қорымыз, ұтқыр, ойлы сөйлеу шеберлігіміз кемшін түсіп жататыны жасырын емес. Сондықтан халқымыздың мақал-мәтелдерінің тақырыптарын, мән-мағынасын зерттеп, зерделеуді осы зерттеу жұмысымның өзекті мәселесі ретінде алдық. Себебі ата-бабаларымыз тобықтай түйінмен-ақ адамға дұрыс жол сілтей алған. Мақалдар мен мәтелдерде адамның жан-жақты тәрбие алуына үлкен мән берген, тәлім-тәрбиені мақал-мәтел арнасына шеберлікпен сыйғыза білген. Мақалдар мен мәтелдерд тапқырлыққа баулиды, шеберлікке, шығармашылыққа бастайды, көркем сөз табиғатына жетелейді әрі ұшқыр, көңілге қонымды, ойлы, бейнелі сөйлеуге үйретеді, сөйлеу мәдениетін дамытады.
Оның үстіне мақалдарымыз бен мәтелдеріміз тіл үйренуде, сауатты жазып, ойды көрікті әрі көркем етіп жеткізуде, тіл сауаттылығына баулуда ең тиімді, ең құнды құрал ретінде де маңызы зор деп есептейміз.[9,22]

Мақал-мәтелдердің тақырыбы.

«Мақал – сөз атасы». Олар сөз дәлдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Мақал-мәтелдер нақыл сөз есебінде қызмет атқарады. Олардың қайсысында болсын поэзияға тән ырғақ, үйлесім, саз, интонация барлығы бар. Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Олар халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірін түгел қамтиды. Мақал-мәтелдердің басты тақырыбының бірі – Отан, туған жер, атамекенге байланысты.
Мақал-мәтелдердің үлкен бір саласы еңбекке арналған. Халық еңбекті әр уақытта ардақтап, бүкіл игіліктің көзі деп таныған. Бұл «Еңбек түбі – береке», «Еңбек етсең, емерсің», «Ер дәулеті – еңбек», «Бейнет, бейнет түбі – зейнет деген мақалдардан айқын аңғарылады. Халық еңбек пен бақытты егіз деп қараған. Адамды ер атандырып, құрмет, қуанышқа жеткізетін де еңбек деп білген. «Еңбегіне қарай – құрмет, жасына қарай – ізет», «Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік мұратқа жеткізер», «Еңбек еткен – мұратқа жеткен», «Әрекет болмай, берекет жоқ», «Еңбексіз рақат жоқ», «Бір еңбектің көп рақаты бар», «Біткен іс – піскен жеміс» деп, халық еңбекті мейлінше дәріптеген.
Сонымен қатар жалқаулықты, еріншектікті мінеген. «Ақымақ күлкіге тоймас, жалқау ұйқыға тоймас», «Жұмысы жоқтық – ырысы жоқтық», «Еріншектің егіні піспес», «Еңбек адамды бүтіндейді, жалқаулық адамды түтіп жейді», «Жақсы болар жігіттің жұмыссыз жүрген күні жоқ, жаман болар жігіттің еш жұмысқа қыры жоқ» деп, халқымыз жалқаулықты шеней отырып, еңбек адамының беделін биіктетіп отырған.[2,24бет]

1.АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
1.1 Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі 
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым — Ш.Уәлиханов, Я. Лютш, Ф.Катанов, В.В. Катаринский, П.М. Мелиоранский, Н.Н. Пантусов халық мұрасын жүйеге келтіру, насихаттауда.
Қазақ мақал-мәтелдерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне арналған іргелі монографиялық зерттеулер Қазан революциясынан бұрын басылып шыққан жинақтарды негізі зерттеу материалы. Тіл-тілдегі паремиологиялық жүйені салыстыра-салғастыра зерттеуге арналған жұлыстар қатарының біртіндеп
А. Донбаеваның жұмысында қаралған. Сонымен, қазақ мақал-мәтелдерінің
а) тілшілес, яғни бір тіл аясындағы зерттеулер; ә) туыс
Мақал-мәтелдерде қандай ой беріледі, тура сол ой әртүрлі сөздермен айтылады.
Мақал-мәтелдер – халық шығармашылығының көне жанры. Көне заманнан мақалдарды мәтелдерден айыру керек. Мақалдың басты өзгешелігі

Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелуіне тоқталмас бұрын отандық зерттеу барысында, ағылшын тіліндегі ММ-дерді топтастырып, жүйеге келтіріп, баспадан мақал-мәтелдердің шығу төркіні, тілде қалыптасуы деген ережеге келер болсақ,
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, 
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. 
Зерттеу барысында ертегі, аңыз әңгімелер негізінде, тілімізде жұмбақтардан бастау алатын ММ-дер кездеседі: Сырты бүтін, іші –түтін.Тілі шұрайлы, мән-мазмұны терең.

1.2Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі 
Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары сонау көне ғасырда қалыптасып,күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді.Тарихи деректерге сүйенер болсақ,өте көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын “Book of Proverbs in the Old Testament” атты топтама Vғасырда жарық көрген.Кейінгі жинақтар халық игілгіне айналғагн осы іске етене араласып,зор еңбек сіңірген оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус есімімен тығыз байланысты.Оның 1500жылы

Collectanea” ,1508жылы Венецияда “Chiliades” деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдар аралығында толықтырылып қайта басылып шықты

Артына өшпес тарихи із қалдырған ғалымдардың бірі Джон Хеуд (John Heywood) өзінің алғашқы “A Dialogue Containing the Number in Effect of all Proverbs in the English Tongue”атты еңбегін 1546жылы,кейінгілерін 1550,1555,1556 жылдары жарыққа шығарды.Сондай-ақ.1610-1680 жылдар аралығында бірқатар мақал-мәтелдер жинақтары,атап айтқанда,1612жылы ағылшын шіркеу қызметшісі Thomas Draxe “Bibliotecha Scholastica Instructissima or,a Treasurie of Ancient Adagie,and Sententious Proverbs”,1639 жылы пастор Дж.Кларктың( John Clarke) “Paroemiologia Anglo-Latina”,1640жылы Дж, Хербергтің “Outlandish Proverbs” атты және т.б.еңбектер жарық көрді.

Ағылшын тілі мақал-мәтелдерін ғылыми тұрғыдан арнайы, жан-жақты қарастырған зерттеу жұмыстарының бар екендігі мәлім.Мысалы

Л. И. Швыдкояның ғылыми зерттеуінде мақалдар мен афоризмдер "клише" деген атаумен бір топқа біріктіріліп,олардың синонимдік қатары берілгген,С.И.Вяльцеваның ағылшын мақал-мәтелдерін стильдік,ал Э.Ахундованың зерттеуі синтаксистік ерекшеліктері тұрғысынан талдауға арналған.Ағылшын ьілінің тұрақты тіркестерін зерттеу жұмыстары ғалым А.В.Кунин есімімен тығыз байланысты.Ол өзінің “Курс английского языка”, “Курс фразеологии своременного английского языка” тәрізді көлемді ғылыми еңбектерімен “Англо-русский фразеологический словарь ” сөздігі т.б. арқылы ағылшын тілі табиғатының кейбір өзгеге беймәлім тұстарын айқындап,жалпы тіл ғылымына елеулі үлес қосты және салғастырмалы негіздегі ізденістерге бағыт-бағдар берді.Мақал-мәтелдердің басқа тілдік бірліктермен салыстыра алғанда өзіндік ерекшеліктерін,күрделілігін,мән-мазмұнының тереңдігін айқын көрсететін тұстардың бірі-аударма жұмысы.Кейбір жалпыхалықтық универсалдық сипатқа ие түрлерін есепке алмағанда,әдетте,мақал-мәтелдер бір тілден екінші тілге тікелей аударылмайды.Бір тілден екінші тілге тәржімелеу барысында мағынасы мен тіркес құрамындағы сыңарлары дәлме-дәл келетін теңбе-тең баламасы немесе контекстік мағынасы сәйкес эквиваленті қолданылуы мүмкін.Әсіресе,ілеспесе аудармада шапшаңдық,жинақылық қажет.Осы мақсатқа негізделген,практикалық мәні бар жұмыстарының бірі- Т.Баймаханова,Н.Өтешева,Н.Байтөлеевалардың құрастыруымен жарық көрген “Английские пословицы и поговорки и их эквиваленты в русском и казахском языках” атты еңбек.Жұмыста мақал-мәтелдер он мағыналық топқа бөлініп,олардың орыс және қазақ тілдеріндегі баламалары берілген.Алайда,ағылшын ММ-дердінің қазақ тілінде баламалары бола тұра,тікелей аударылған тұстары да баршылық.

Ақын-жазушы, саясаткерлердің ұғымды, үйлесімді айтылған қысқа, әрі нұсқа, айшықты сөздерінің де ағылшын тілінің сөздік қорын байытуға едәуір үлес қосқаны нақтыланды.Мысалы: The customer is always right(Әрқашан тұтынушынікі дұрыс) тіркесінің Еуропадағы ең үлкен сауда орталықтарының бірі Сэлфриджезді ашқан Г.Селфриджге тиесілілігі жөнінде деректер бар.Себебеі,оның барлық дүкендерінде The customer is always right(Әрқашан тұтынушынікі дұрыс) деген қатаң қағида қалыптасқан.Көпшілік көңілінен шыққан осы сөз кейіннен халық арасында жиі айтылып,дістүрлі қолданысқа енген.

Қазақ және ағылшын паремиологизмдерінің түпдеректеріне қатысты негізгі айырма мынада:Қазақ ММ-дерінің негізгі бұлағы діни ағым,қасиетті кітаптан тараған ұлағатты сөздер болып табылады және Шекспир сынды ұлы тұлғалардың айшықты,мәнді сөз үлгілері ерекше орын алады.
Ағылшын зерттеушілері аталмыш тіркестің қазіргі заман ағымына сай келіп тұрғанымен,көненің көзі екендігін ескертеді және оның алғашқы қолданысын біздің жыл санауымыз бойынша 320жылдардағы Теопрастус жазбаларымен ұштастырады.
"Тһеrе іs а timе оf еvеrуthing (с.с.а.: Әр нәрсенің өз уақыты бар)
Қазақша баламасы: Сабапқы ине сәтімен. 
Бұл ағылшын мақалы қасиетті кітап Інжілдің “ То еvеrуthing there is a season,and a time to every purpose under the heaven” (Аспан астында әр нәрсенің,әр мақсаттың өз мерзімі бар) деген өсиет,өнегелерінен ықтималдық,тұрақты қалыпқа енген.
Қазақ және ағылшын тілдерінде ақша-қаражат жайлы мақал-мәтелдер де кездеседі.
Мысалы, 
“Таке саrе оf реnсе аnd the роunds will take care of themselves”(с.с.а..:Пэнсті үнемдеп ұстасаң,фунт өз-өзінен үнемдейді)Теңге тиыннан өсер,Жылқы құлыннан өсер;Береке тиыннан.
Ағылшын тілі мақал-мәтелдерінің алтын қорынан ауа-райына, аспан денелеріне, табиғат құбылыстарына ұатысты мақал-мәтелдерді жиі кездестіруге болады.
Ағылшын тілінде халық арасында жиі қолданылатын 
"Маnnеrs takе the man"(с.с.а:Адамды адам ететін оның әдептілігі)тұлғасы ыұшам,алайда мәні зор тілдік орам,орта ғасырда орын алған қағида,дәстүрлерге.заман талабына байланысты қалыптасқан.Әсіресе,XIV Англияда мәдениеттіліктің негізгі шарттарына,өзін-өзі ұстау ережелеріне баса назар аударылып,мүлтіксіз орындалуы талап етілді.Әдептілік,ізеттілік ережелерін қамтитын арнайы жинақтар шығарыла бастады.Уақыт өте келе осы ұстанымдардың бірқатары жалпыхалықтық мақал-мәтелге айналып,кеңінен қолданыс тапты.
Мысалы,
 Good manness make the a man
(Адамды адам ететін оның әдептілігі);
If you sit by worhier man than thyself art one,Suffer him first to touch the meat(Егер өзіңнен салауаттырақ адаммен дастархандас болсаң,одан үлгі ал,яғни соған қарап ас іш)т.б.
"Жалғыз қаздың үні шықпас, Жалғыз қыздың мұңы шықпас" деген мақал қазақтың әдет-ғұрпына,өмір салтына байланысты тілде қалыптасқан деп ойлаймыз.Өзара қарым-қатынасын жекжат болып нығайтқысы келген адамдардың балаларын атастырып,күйеу жігіт қайтыс болса,әмеңгерлікпен туған бауырының,болмаса жас ерекшелігіне қарамай туыстарының біріне қосуы тәрізді мәселелер ата дәстүрі бойынша шешімін табатын.Балғын жас қыздардың тіпті әкесінен үлкен қарт кісілерге тұрмысқа шығуға мәжбүр болуының негізгі себептері,қыз әкесінің сіңірі шыұұан кедйлігі,не жетім қыздың жалғыздығы екендігін көптеген мұражай деректері дәлелдейді.Жоғарыда келтірілген мақалдың шығуына мұның шаға алмай,тағдырдың дегеніне көнген арулардың қайғы-қасіреті себеп болған тәрізді.
Діни мифологиялық наным-сенімге байланысты ММ-дердің этнолингвистикалық уәжі. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі наным-сенімге байланысты мақал-мәтелдер де кездеседі.Мысалы,ағылшын тіліндегі 
"God helps those Who help themself"(с.с.а..:Өзіне өзі көмектескендерге Құдай да жәрдемдеседі)тіркесінің шығуы төркінің біздің жыл санауымызға дейінгі 570жылы жазылған "Геракл және күймеші" атты Эзоптың аңыз әңгімесімен байланыстырамыз.Мифтік әңгіменің жалпы мазмұнына келер болсақ,күймесі батпаққа батып тұрып қалған күймеші оны шығаруға талпыныс жасамастан,көмекке құдіретті де күшті Гераклды шандырады.Адамның бұл қылығына қатты ашуланған Геракл:"күйменің доңғалағының артына иығынды тіреп итер де,өгізіңді алға айда" дейді және алдағы уақытта еш әрекет қылмастан өзін шақыруға тыйым салды.Осы ой түйіні XVII ғ. дейінгі әдебиеттерде әр түрлі жолдармен берілген.Мыcалы, Дж.Барэт "An Atyearie"(1580) атты еңбегінде:"God helps those on their anaire,which are industrious"(с.с.а.:Құдай еңбек сүйгіштерге көмектеседі) десе,Дж.Херберт "Jacula Ptudentum" деген шығармасында "Help thyself,and God will help thee"(с.с.а.:Өзіңе өзің көмектес,сонда сондай да жәрдем береді) деп,сәл түрлендіре қолданған.Қазіргі уақытта тұрақты қолданысқа ие "God help those,who help themself" мақалы алғаш рет 1736жылы Б.Франклиннің "Poor Richard's Almanack" атты еңбегінде қолданылады.

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі наным-сенімге,оның ішінде, жаратқан ие,Алла тағалаға қатысты ММ-дерді салғастыра зерттей отырып,олардың семанитикалық жағынан өзара сәйкес келетіндігі анықталады.ММ-дер арқылы берілетін ойдың өзара өзектесіп,астасып келу себебін әртектес тілдер өкілдерінің өмір сабағының,ғасырлар бойғы тіршілікте көзі жетіп,көкейіне түйген тәжірибе жиынтығының ұқсастығымен ұштастырамыз.



Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А.В.Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын ұстанады,алайда,аталмыш тұрақты тұлғалардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып,оларды "коммуникативтік фразеологиялық бірліктер" деп атап,жеке қарауды ұсынады.

Осы жоғарыда аталған тұжырымға қарсы пікірді ұстанушы белгілі ғалымдар-Н.Н.Амосова,Ф.М.Бабкин,В.П.Жухов,М.Нагиев,М.А. Филипповская, А.Н. Кожин т.б. Мақал-мәтелдерді фразеология саласынан тыс қарайтын ғалымдардың көпшілігі оларды ауыз әдебиетінің зертету нысаны қатарына жатқызады.Ал осы бағыттағы көлемді зертеулерімен танымал ғалым Н.Н.Амосова "мақал-мәтелдерді фразеология қорына жатқызуға болмайды,олар мазмұны жағынан да,сөйлемде атқаратын қызметі тұрғысынан да фразеологиялық бірліктердің белгілеріне жауап бермейді" деген пікір ұсынады.

Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік бірлестіктер табиғатының кейбір қырларын айқындауға зор еңбек сіңірген ғалым Г.Д.Пермяков аталмыш тұрақты тұлғалардың тілші ғалымдар тарапынан да,әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін ескертеді.

Осы келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне сүйенер болсақ,мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы,тіркес тиянақтылығы,мағына тұтастығы,қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологизмедер қатарына қосып,осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді.

Мақал-мәтелдер – ауыз халық шығармашылығының кең таралған жанры.Мақал-мәтелдердің пайда болуының уақыты белгісіз,бірақ дұрыс:мақалдар да,мәтелдер де көне заманда пайда болған,содан бері тарихының бұкіл бойында халыққа ілеседі.Мақал-мәтелдердің тұрақтылығына және еске алушылығына жететін көмегімен құралдарға да көңіл аударылады.Сондай құралдардың бірі-айқын немесе ассонансты ұйқас:

Little strokes tell great oaks

A stitch in time saves nine

Мақал-мәтелдердің кәдімгі балансталған формасы ең жиі пайдаланылатын тәсіл, мысалы: 
More haste, less speed 
Easy come, easy go 
Like father, like son. 

Қысқалылық еске алынатын айтулардың маңызды аспектісі болып табылады.Тек ең көп емес мақал-мәтелдер көпсөзді,олардың көпшілігі бес сөзден тұрады.
Boys will be boys. 
Dead men tell no tales. 
Better late than never. 
Practice makes perfect. 

Тіл туралы ғылымда мақал-мәтелдергежалпы қабылданған көзқарас құрылған жоқ.Кейде мақал-мәтелдер астында өмірдің әр түрлі құбылыстарын бейнелейтін және аяқталған сөйлемнің формасымен ие болатын мерген бейнелі нақыл сөздер түсіндіріледі.Мақалдар аяқталған пікірді белгілейді.

Мәтелмен мақалдан ақыл қорытындысының бітімсіздігімен айырылатын қысқа бейнелі нақыл сөздерді атайды.

Ұқсас анықтама барлық түсіндірме сөздіктерінде де, көптеген арнайы баптарда да,зерттеулерде де кездесуі мүмкін.

Фразеология бойынша бөлек жұмыстарда мақалдың мәтелден басты айырмашылығы: мақал жалпы пікіоді түсіндіреді,мәтел-пікірді жиілік мінезінде.Осы лингвистердің пікірі бойынша тек қана мақалдар емес,және де мәтелдер аяқталған сөйлем формасынмен ие бола алады.
Мәтел сондай құрылыстың тұрақты сөйлемі болып саналады,мақал сияқты,бірақ дидактикалық мазмұнынан айырылған.
Көбінесе мәтелдер ретінде мынандай сөйлемшелер келтіріледі: 
When pigs can fly.  When two Sundays come together.
When hell freezes over.  the Dutch have taken Holland
.



Мақал мен мәтелдің ұқсастығы мен айырмашылығы.

Мақал-мәтелдер құрылысы жағынан сырттай ұқсас болып келгенімен, олардың мазмұнды түйіндеуінде, ойды шешуінде өзіндік ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мен ерекшеліктер мақал-мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да ба

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!